Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

VІІІ–ХVІІІ ғасырлардағы отбасы тəрбиесіне қатысты тағылымдық мұралардың студенттерді отбасылық өмірге дайындаудағы ролі

Əр заманның өзіне тəн əлеуметтік-педагогикалық ұрпақ тəрбиелеу мүмкіндігі болды. Оны ешкім жоққа шығармақ емес. Əркім өз баласына жеке тəрбие беруі отбасында орын алғанымен, халық болып қалыптасқан ділінде ұрпақ қамын көп болып ойлау жəне соған əрекет ету болды. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» қағидасы тегіннен тегін шықпағаны белгілі. Аузы дуалы абыз, сөзі өтімді шешен, данышпан-даналардың өзі əрқайсысы бір мектеп рөлін атқарды. Тыңдаған жан сөзін өміріне, тəрбиеге үлгі етті. Сол сияқты заманында тағылымды ойымен артына із қалдырған тарихта өткен «дала педагогтарының» мұраларына ғылыми шолу жасағанды жөн көрдік.

Орта ғасырда қазақ жерінде тайпалық, рулық дəуір болды. Ежелгі түркі жазба ескерткіштері — қазақ тарихына да ортақ түркі қағанаты билік құрған дəуірінен қалған тағылымды, тарихи мұра. Шамамен VІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Йоллығ тегін — тас жазбалардың авторы (бір зерттеулерде Білге қағанның ұлы, екінші бір зерттеулерде туысқаны делінген). Күллі түркі елінің бас қағаны болып тарихта қалған Білге қағанның ықпалымен тасқа қашап жазылып, Күлтегіннің құрметіне қойылған ескерткіш. Йоллығ тегін түркілер тарихын олардың саяси майданға шыққан кезі — VІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни Түркі қағанатын құрған заманнан бергі 200 жылдық тарихты ескерткішке сыйдырады. Орхон-Енисей жазбалары — «Күлтегін» ескерткіші мазмұны жағынан екі бөлімге саяды. Бірінші бөлімі: түркі халқының тарихы жайында болса, екінші бөлім: мемлекет тарихының негізгі бөлімі — халыққа бағышталған өсиет іспеттес. Тас жазулардағы халықты ел қорғау мен жер қорғауға, адами жақсы мінез-құлық, əрекеттерге баулу тарапынан айтылған сөздердің тағылымдық-танымдық, тəлім-тəрбиелік мəні зор.

Тастағы жазуларда тарихта аты қалған Білге, Күлтегін, Тоныкөк сықылды батырлардың ерлігі баяндалады. Осы батырлардың арқасында Түрік қағанаты халықтың отбасына бірігуіне мүмкіндік жасады, отбасылық қарым-қатынас реттелді, ел тұрмысы түзелді дегенді суреттейді:

Ол кезде құл — құлды болған еді, күң — күңді болған еді. Інісі ағасын білмес еді, ұлы əкесін білмес еді. Білге қаған өзі туралы баяндай келіп, əке-шешесі Елтеріс қаған пен Елбілге туралы əкем қағанды, шешем қатынды деп атайды. Бұл сол кездегі лауазымды атаулар. Қаған — хан ретіндегі ел басқарушы болса, əйел (хатұн) — қағанның əйелдеріне берілетін дəреже болса керек. Тағы бір ескерерлік жайт, отбасындағы əйелдердің өз атаулары, яғни өз рөлдері, болғандығын байқаймыз:

Шешем, (онан) соңғы аналар, жеңгелерім, келіндерім, ханымдар... [1]. Осы орайда қытай тарихында қазаққа қатысты деректерді көптеп келтіруге болатындығын білеміз. Əйелдер атауына қатысты мəліметтерді де көптеп кездестіреміз. Қыз (гиасы) — ханша дегеннің орнында қолданылатын сөз. Ежелден хан-ханша, тегін-тектілердің қыздары «қыз» деп аталып, қара халықтың қыздары «қырқын» делінген [2]. Сондай-ақ, «ата-тек» ұғымы да сол кезде болғандығынан, Адам баласы үстіне (билік жүргізу үшін) ата-тегім Бумын қаған, Істеми қаған отырған деген жолдардан байқаймыз.

Ел тəуелсіздігі жолындағы күресте жеңіліс табуын отбасында əке мен ағаның берген тағылымын, ерлігін, өсиетін орындамағандықтан, көретіндігі жырда анық жазылған:

Соңындағы інісі ағасындай болмады. Ұлдары əкесіндей болмады деген жолдар бар. Отбасындағы қарым-қатынастың мемлекетке ықпалының тікелей екендігін ... Інілі-ағалының дауласқандығынан,... түркі халқы елдігін жойды, қағандығынан айырылды — деп, күйзеле баяндайды. Қазақ үшін намысқа тиюдің үлкені — оң жақта əлпештеп отырған қызының жау қолында кетуі, өмірін жалғастыратын ұлдың жатқа құл ретінде бодан болуының отбасына үлкен қайғы əкелетіндігіне қиналғандығын жырда:

Тауғаш халқына бек ұлдары құл болды,

Пəк қыздары күң болды, —

деп қалдырған [3]. Демек, отбасында ардақтап, қыз баланы пəк күйінде сақтау, оның күңдікке емес, еркін де бақытты өмірге лайықты екендігін айқын аңғартады. Менің ағам мені адам етті..., деп-ақ туысқандық сыйластық, қарым-қатынас, үлкенді тыңдаудың отбасында, əулетте қалыптасқанын, ағаның рөлінің жоғары екендігін байқатады.

Тəңірлік дінге иланушы халықтың атынан Білге қаған өз жұртына өсиет айтады: Тағдырды тəңірі жасар, Адам баласы өлу үшін туады... Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда еш нəрседен мұқтаждық көрмейсің... [4]. «Отан отбасынан басталады» деген бүгінгі қағидамызды тереңірек тамырлатып көрсетіп тұрғандай.

Отбасында мұқтаждық көрмеу, ұл-қызыңның жат қолында қор болмауы, ата-ана сыйлап, үлкеннен өнеге алып, өз халқыңмен бірге туған Отан аясында болу, бақытты ғұмыр кешу — қай заманда да адамзаттың басты арманы. Жырдан осындай гуманизмге өмірін арнаған батырлардың тарихи өсиетіне қанық боламыз. Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай. Жұқа қалыңдаса, оны тек алып бүктейді. Жіңішке жуандаса, оны тек алып үзеді. Қазақ үшін «тек», «тектілік» ұғымы отбасы тəрбиесінің негізгі өзегі болмақ. Бұл мысалдан соң, «тек» сөзі тамырының тереңде екендігін аңғарамыз.

«Орхон-Енисей ескерткіштері» — тағылымдық халық мұрасының бірегейі. Тарихта өткен бабалардың ұрпақ қамы үшін күресіп, келешегі үшін дұрыс өсиет айта алатындығына тəнті боласыз.

Адами асыл қасиеттерді дəріптейтін елдің ұрпағы болу — мақтаныш қана емес, ұлт тəрбиесінің қайнар көзі.

Қорқыт бабаның ІХ ғасырда өмір сүргені жөнінде тарихи деректер бар. Басты дерек бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы» — қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жазба ескерткіші һəм тəлімдік мəні жоғары ұстаздық ұлағаты. «Қорқыт — жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ жəне қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VІІІ–ІХ ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан», — дейді əдебиетші-ғалым Н.Келімбетов [1; 65].

Қазақ халқының бұрын тəңірлік діннің ықпалында болғанын осы Қорқыттың нақыл сөздерінен де кездестіреміз. Себебі көрнекті ойшыл сөздерінде «Алла» мен «тəңір» сөздері теңдей қолданылған.

Қорқыт бабаның нақылдарының ішінде жалпы адамзатты тəрбиелейтін ғақлиятты сөйлемдер көп-ақ. Біз отбасындағы бала тəрбиесі қатыстысын ғана алдық.

Адамның басты парызы — артына ұрпақ қалдыру. Үйленіп, отау құрғаннан кейінгі мəселе — өмірге бала əкеліп, бала тəрбиелеу. Өз қанынан жаратылмаған баланың тəрбиеге көндігуінің ойдағыдай болмайтындығы заңды. Ал, аталық текті жалғастыратын ұлдың болмауы — адамның аты өшкенмен бірдей. «Өзіңнен тумай ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бəлки, ол тəрбиелеген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас», — деп өмір шындығын айтады.

Отбасы педагогикасының ғұмырлық маңызын, қыз бала тəрбиесі мен ер бала тəрбиесіне жауапты ата-ананың рөлін, тəрбиенің ұрпақ сабақтастығындағы нəтижесін тұжырымды сөйлемдермен түйіндейді.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дəм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала — екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол — отбасының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң. Ақылсыз балаға ата дəулетінен қайран жоқ....Атаның атын былғаған ақылсыз баланың əке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

Бұл жердегі «тегін қуу» дегенді атаның қанымен берілген генетикалық ерекшелікті жоғалтпай, жақсы қасиеттерін дамытып, жақсы істерімен көріну дегенге саяды.

Қорқыт заманынан қазаққа мұра болып қалыптасқан діл — кез келген отбасының қонақ күтуге дайын болуы. Арнайы болсын, кездейсоқ болсын қазақ отбасылық несібемізде қонақтың бөлінбеген еншісі бар деген түсінікпен жүреді. Осыны дəстүрлі ұстанған үйге қонақ үйір, дəстүр сақтамайтын үйге ешкім жоламайды. Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық — деуі, қалыптасқан талапты орындаған адамның адамдар арасында беделінің де жоқтығын, өзінің де жоқ есебінде екенін аңғартады.

Өз заманының ойшылы адамзаттық талап — мұсылмандық талап, ата-ана талабы — ұрпақ талабы екендігін жəне оны орындаған жандардың құрметке лайықты екендігін: Тізелерін бүгіп, намаз оқыған ерлі-зайыпты жұбайларға — құрмет! Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға — құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп тойғызған асыл аналарға — құрмет! Солар үшін ақ отау тіккен аға-інілерге құрмет! Некелі сағатта куəлік еткендерге, жаңа туған ұлға — құрмет! — деп білдіреді.

Ұлдың кімнен туғанын ана білер — деп табиғи шындықты айтушы абыз, əйелдер жайлы көбірек тоқталып айтқанда, ананың адамзат арасындағы орнын, отбасындағы мəйекті маңыздың əйел арқылы ұйитынын білгендіктен, Əйел төрт түрлі болады: Оның бірі — ниеті құрыған əйел, екіншісі — ынсапсыз əйел, үшіншісі — үйдің құты болған əйел, төртіншісі — кесір əйел. Əйел біткеннің ең жаманы осы,— депті Қорқыт [5].

«Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен үндес, сарындас болып келетін хикаялар көп кездеседі. Ана мен бала арасындағы махаббат, əйел-ананы зор құрмет тұту, бала тəрбиесіне мəн беру, жұбайлық өмірдің салтына адалдық сияқты отбасы тəрбиесінің маңызды мəселелері оқиғаның негізгі өзегі болады. Қорқыт баба — өзін қоршаған орта-отбасылардың жанашыры һəм ұлағатты ақылшысы. Өз ғақлиятты хикаяларымен, нақыл сөздерімен, жырларымен отбасындағы жұбайлық өмірге бағыт береді, тəрбиелейді.

«Салар Қазанның үйін жау шапқаны жайындағы жырда» ар-намыс жолында жан пида дегенді айтады. Əдебиетші-ғалым, профессор Н.Келімбетов жырдағы оғыз халқын: Ең бастысы — ар- намысты тірі тұрғанда қолдан бермеуге жан салатынын аңғарамыз. Əсіресе ананың ар-намысына дақ түсіруден қатты қорқатын болған [1; 71], — деп баға береді.

Сол сияқты «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Қам-Бураұлы Бамсы Бəйрек жөніндегі жырларында» да осы сықылды тағылымды ойлар жетерлік. «Қаңлы қожаұлы Қан-Тұралы жайындағы жырдың» негізгі тақырыбы — əке-шешенің мұрагер баласын үйлендіріп, оған жаңа отау тігуі деуге болады. Қалыңдық іздеудегі талабы оғыз еліне сай келмейді. Батырлығы, күш-қуаты еркектен кем түспейтін жар іздеу — көне заманғы матриархат үстемдік етіп тұрған кезден қалған элемент болса керек. Қыздың да өзін ұнатқан жігітін жан-жақты сынап көруі де соған саяды. Əйтпесе оғыз-қыпшақ елінің əйелді құрметтеу сипатынан шыққан өнеге əдеби туындыға арқау болуы мүмкін.

«Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы жыры» қазақ жастарын жұбайлық өмірге даярлау оқулығына арналған дидактикалық материал іспеттес. ІХ ғасырда Қорқыт өмір сүрген кезеңдегі отбасыларға үлгі боларлық жұбайлар сүйіспеншілігі, қамқорлығы, бірі үшін екіншісінің жанын беруге даярлығы — бүгінгі күн жастарының махаббат тəрбиесіне өнегелік сипаты басым [5].

ІХ ғасырда Қорқыт бабамызбен қатар білім мен ғылым жолына өзіндік із салып шығыстың ұлы ойшылы атанған отырарлық Əбу Насыр əл-Фараби ойшыл дана бабамыз ғылымның сан саласына теориялық білімнің негізін қалады. Тəрбие мен білім, педагогика мен психология, сондай-ақ əдістеменің теориялық-тəжірибелік мəселелерін қарастыру əйгілі ғалымның ғылыми- философиясының құрамдас бөлігі болды. Фараби адамның өсіп-жетілуінде əдет пен дағдының маңыздылығын жəне оның тəрбиеші мен ұстаздың ұстанымы мен табандылығы арқылы жүзеге асатынын айтады. Дана ойшылдың тұжырымында ұстаз бен жұртқа танымал басшы бойында туа біткен он екі қасиеті бар, алты жүре бара қалыптасатын қасиеттерді меңгерген адам — нағыз тəрбиеші.

Отбасы тəрбиесіндегі əке-шешенің əрекеті ел басқарған басшының қызметіндей жауапты, ықпалды да нəтижелі болатындығын, «Мұның өзі отбасы басшыларының, балалар мен жасөспірімдер ұстаздарының арасында болып отыратын жағдай тəрізді. Отбасы басшысының отбасы мүшелерінің тəрбиешісі де, оқытушысы, балалар мен жас өрендер ұстазының оларға тəрбиешісі де оқытушысы болатыны сияқты əкім де халықтардың тəрбиешісі мен оқытушысы»? — деп салыстырмалы баға берген. Қала əкіміне қарата айтылғанмен, отбасында бала тəрбиелеуші ата-ананың педагогикалық рөлін көтеріп, оның жан-жақтылықты керек ететіндігіне баса маңыз береді.

Əл-Фараби адамзаттың басынан өтетін түрлі мінез кеселдері, шектен тыс құмарлық қуып, нəпсіге берілушіліктің (арақ, наша, темекі, құмар ойындарына əуестік, көзге шөп салушылық пен жезөкшелік т.б.) кесірінен отбасының шайқалуы немесе сезімнің жетіспеушілігінен адами мүмкіндіктердің тоқырауға ұшырауы, мысалы, жігіттердің сүрбойдақ боп үйленбей жүруі мен қыздардың тұрмыс құрмай отырып қалушылығы сезімнің дұрыс дамымауы немесе нəпсіге берілушіліктен екендігін, «Рақатты шамамен пайдалану, нəпсіге ұстамдылық жасау арқылы келеді: ішіп-жемге, əйел жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайық қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті əрекеттер туады», — деп көрсетеді. «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактатында: ...Үй белгілі бір бөлшектерден жəне бірлестіктерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен əйелі; қожайыны мен қызметшісі; əке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, кімде-кім оларды бір-бірімен біріктіріп, сөйтіп олар əр түрлі əрекетке қатысып, бір мақсатқа жету үшін, үйді əр түрлі игілікпен толтырса, кімді-кім бұл игілікті сақтау үшін, бір-біріне көмектесуі үшін олардың бəрінің арасында байланыс орнатса, ол адам үйдің билеушісі жəне əкімі болады. Оны «қожайын» деп атайды, қалада əкім қандай болса, ол үйде сондай болады — деп, «шағын мемлекеттің» иесі — «отағаның» отбасын басқарудағы рөлін анықтап берген [6].

Қазіргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Шығыс Түркістан мен Орта Азияның талай жылдар төңірегін билеп тұрған Қарахан əулеттері мемлекетінің бір орталығы болып саналатын Баласағұн (Құз Орла) шаһарда өмір сүрген ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері, ХІ ғасырдың өкілі (1015–1016 ж. туылған) Хас-Хаджиб атанған Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегі — дүние əдебиеттің алғашқысы ғана емес, моральдық кодекс іспеттес тағылымды мұра. Мағынасы «Құт əкелетін білім» деп аталатын тəлім-тəрбиелік ой-толғамдарға негізделген бұл шығармаға — отбасы тəрбиесіне арналған оқулық ретінде қарауға болады. Себебі бала мінез- құлқының үлгілі тəрбиеден туындайтыны, жақсы бала — жақсы тəрбиенің кепілі екендігі, өзің білімдар болып, балаңды да білім мен өмірлік əдет-дағдыларға бейімдеу қажеттігі жəне ол ата- ананың парызы екендігі тұжырымды айтылады. Қыз бала мен ер баланың тəрбиесінің ерекшелігі жəне оларды болашақ жұбайлық өмірге даярлаудағы əке мен шешенің біліктілігі қандай болуы қажеттігін ата-анаға салмақ арта айтады.

Жүсіп Баласағұни шығармасы филологиялық қана емес, педагогикалық маңызының да жоғарылығымен талай педагогикалық ғылыми-зерттеулер мен ғылыми еңбектерде, оқулықтарда дидактикалық материал ретінде қарастырылып жүр. Əркім өз зерттеу нысанасы тұрғысынан қарастыруы заңды.

Хас хаджип өзінің оқулық іспеттес «Құт əкелетін білім» кітабында ер адамның əйелге деген көзқарасының дұрыс болуы, өмірлік серік — əйел таңдаудың маңыздылығына мəн беріп, «Қандай əйел алуы керек екендігін айтады». Баласағұнидің «əйел таңдаудағы» əлеуметтік-педагогикалық көзқарастарын реттеп қарастырар болсақ, ер-азамат əйел таңдауды төмендегіше өлшеммен көрсетеді:

  • тегінің таза болуы;
  • қатарың болуы;
  • əлеуметтік жағдайының өзіңнен төмен болуы;
  • бұрын «есік көрмеген» болуы;
  • бұрын еркекпен байланыста болмауы;
  • жаман қылық, жат істен алыс;
  • өзіңді сүйетін болуы;
  • ұяты мол, инабатты болуы;
  • ойы түзу, жүзі жарқын болуы;
  • қылықты болуы;
  • мінезді болуы;
  • зерделі болуы;
  • ардақты болуы.

Осылай айта келіп, жалпы «жар таңдаудағы» көпшілік пікірімен де санасады жəне оған да өз ойын ұсынады. Жұрт негізінен төрт түрлі: «бай қыз», «көрікті қыз», «текті қыз», «ақылды қыз» іздеуді басшылыққа алатынын айтады да оның да кереғар жақтарына ұрынып, опық жеп қалатындығы болатынын ескертеді:

  • Бай əйелді алған адам өмір бойы соған құл болып өтеді.
  • Сұлу əйелді алған күйеуі өмір бойы қарауыл болып өтеді.
  • Үстем сөйлер қолы ұзын тектілер, сен өзіңді құл етуді бек тілер.
  • Ізде, досым, ақылды əйел — парасат, соны тапсаң — төрт құбылаң жарасад. Ақылды əйел көрікті де текті ғой: «Əйел көркі — қылығында» депті ғой!.

Жүсіп Баласағұни отбасы педагогикасына өз заманы талабының деңгейінен ұсыныс айтып, пікір қосады. Бір қарағанда, өркениет талабына қайшылықты болып көрінгенмен, оның да жауабын табуға болады. Отбасында ата мен анаға ер бала мен қыз баланың тəрбиесіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, «Ұлдар мен қыздарды қалай тəрбиелеу керек екендігін айтады». Жалпы өзіңнен бала туылар болса:

  • өз балаңды өз қолыңда өсір;
  • мейіріммен таза тəрбие бер;
  • əдеп, білім, өнер үйрет.
Ұлыңа:
  • бос жүрмесін ақыл бер;
  • білім беріп, оқыт;
  • өмірлік амал үйрет;
  • қолына құс қондыр.
Қызыңды:
  • қадір тұт, көңілін суытпа;
  • үйде ұста;
  • ерлерден бөлек ұста;
  • қыз баланы күту керек;
  • ерге бермей, үйде көп ұстама;
  • тезірек ұзат.

Сондай-ақ ақын қыз тəрбиесіне өте ықтиятты болуды қатаңырақ айтады. Отбасының абыройы қыз арқылы жиналып, қызы арқылы төгілетінін, жат адамдардың көзінен таса етуді, тіпті «ішіп- жегенде» де орны бөлек болғанын қалайды. Бұл жағынан мұсылмандық талаптарға сай келеді. Қыз жолының жіңішке екенін, егер тыйым көрмесе, «арам ағаш өсіріп, у болар жемісінен» татудан сақтандыру мақсатында айтады. Шындығында еркіндікті ерікті түрде меңгерген бүгінгі қыздар арасынан жасан жолға түскендер қаншама. Жəне ондай қыздардың болашақ отбасында бақытты болып кетуіне де күмəн бар. Сондықтан «əйелдің жалғыз жетістігі бар: ол — дақ түспеген ары», — дейді. Ал, жар таңдауда «тектіден» қыз алам дегеннен гөрі, «тегі таза» қыз алған дұрыс деген ой айтады. Бұл — ата-бабасының аты шыққан тəрбиелі жандар болғанынан гөрі, некелі туылған, отбасында тəрбие көрген, əке-шешесі дұрыс адамдар болғанына көбірек мəн беру [4;11].

Жүсіп Баласағұни сияқты Махмұд Қашқаридан қалған көрнекті ғылыми еңбек «Диуани лұғат ат- түрк Түркі сөздерінің жинағы» — педагогикалық маңызы ерекше туынды. ХІ ғасырда өмір сүрген, Ыстықкөлге жақын маңдағы Барысхан ауылында дүниеге келіп, Қашқар қаласында оқып, қызмет еткен Махмұд Қашқари «Сөздігінде» əдеп, тəлім-тəрбие, мəдениет мəселесі Қорқыт, əл Фараби, Баласағұни идеяларымен астарласып жатады. Отбасылық тəрбие жəне оның талаптары төмендегіше қарастырылады: Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. Қонақ күту, үйге келген кісіні мейман етіп сыйлау, ғаріп-қасерлерді де тойындырып, қажетін өтеу — ер азаматқа сын екендігі отбасының иесі — ерлерге «Ұлым!» дей отырып, ғибратталады: Қонақ келсе, ер жігіт құт келді деп ұғады, Қонақ келсе, жауыздар тігулі үйін жығады....Дəмді тағам болады өзгеге сый-құрмет қылсаң қонақты, асады даңқың халқыңа...». Туысқан-туған хақында: Дүние-мүлкі үшін құдайына қарамаған, туысқанын тұл етер... Туғаныңның мəртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет.... Бұл ойларды Қашқаридың жұбайлық өмірге даярлық мəселесіне қосқан əлеуметтік-педагогикалық үлесі деуіміз қажет [4; 124].

«Хибатул хақайк» «Ақиқат сыйы» атты өзіндік демократиялық бағыты бар дидактикалық дастан жазған Ахмет Игүнеки (ХІІ ғ.) алдыңғы даналардың ойларына сай адами асыл қасиеттер мен білім- тəлімнің адамзат үшін игілік екенін айта білген ақын. Дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұратын дастанда жамандықтан қашу мен жақсылыққа тəрбиелеуге қалай жетуге болатынын бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақал-мəтелдерге негізделген ұлағатты оймен ұсынады. Əр тұжырымы таратып мақала етуге болатындай Ахмет Игүнеки: Білімді əйел — ер, надан еркек — əйел — дегенде өмірде, отбасы жағдайында өз орнын, өз рөлін білмеген еркектің əйелдің тірлігіне араласуын, өз мəртебесін түсіріп алуын айтады. Ал білім алған, жақсы мен жаманды айыра білетін əйел, отбасында жəне ортада басшылық жасай алатындығын мойындайды. Игүнеки ердің рөлінің төмендемеуін, білім мен ақыл иесі болын қалайды: Ердің көркі — ақыл, сүйектің көркі — май, — деп бейнелі салыстыру жасайды. Отбасының берекесі сыйластықта екенін, сыйластық — əдеп екендігін, үлкен-кішіге сыпайы сөйле, — деп білдіреді [7].

ХІІІ–ХV ғасырларда монғол шапқыншылығына ұшыраған Қазақстан мен Орта Азия мəдениеті мен экономикасы мейлінше құлдырап кеткен еді. Тарихтан белгілі бұл шапқыншылықта бейбіт ел — қазақ жері қанша қарсылық көрсеткеніне қарамастан, монғол əскерінен түгелге жуық жойылып, қалалар қирап, əбден күйзеліске түсті. Басқаны айтпағанда, мəдениеттің ошағы болған, бай кітапханасы бар Отырар қаласы, түгі қалмай жермен-жексен болды. Шыңғыс хан балаларының үлесіне тиген қазақ даласы қарудың күшімен, өзгенің жерін зорлықпен қаратып алу арқылы құрылған Алтын Орда мемлекеті қайта жандана бастады. Біртіндеп Алтын Орда көрші елдермен: Батыс Еуропамен, Мысырмен, Үндістанмен, Кіші Азиямен, Қытаймен экономикалық жəне мəдени байланыс қарым-қатынас жасайтын болды. Соның нəтижесінде Алтын Ордада сəулетті қалалар салынып, түрлі өнер мен əдебиет, ғылым біршама қайта өркендеді.

«Қабуснама» 1082–1083 ж. жазылған туынды. Бұл кезеңдерде Орта Азия мен Иран өлкесінің мейлінше мəдениеті дамып, кемелдене түскен болатын. Мұны Баласағұни ойларымен салыстыра отырып та аңғаруға болады. Алтын Орданың басқа елдермен байланыс жасай бастаған тұсында, қазақ жеріне Каспий теңізінің оңтүстік жағалауын мекендеген Гилан ру-тайпасында (1021–1022 ж.) туылған Кайкаустың «Қабуснамасы» жеткен. Бұл аса бағалы педагогикалық туынды. Кайкаустың 63 жасында өз ұлы Гиланшахқа арнап жазған үгіт-насихат кітабы. Біздің бабаларымыздың бұл кітапты оқығанына «Бұрынғы өткендер араб, парсы, шағатай, татар тілінде сусындаса, бүгінгі ұрпақ ана тілінде оқуға тұңғыш рет мүмкіндік алып отыр», — деген сөздер куə.

«Қабуснамада» 44 тараудан, яғни, 44 тақырыптан, тұратын көлемде тағылымдық насихат айтылады. Жиырма алтыншы тарауда «Үйлену туралы» тəлімдік ойлар бар. Кайкаус өз перзентіне қандай əйел алу қажеттігін айтқанда төмендегі өлшемдерді ұсынады:

  • тəрбиелі;
  • табиғаты таза;
  • жан-дүниесі пəк;
  • өзіңе дос;
  • уақытты бағалайтын;
  • дүние-малды жақсы сақтайтын;
  • көргенді;
  • көрікті;
  • үй-ішін тəртіптеп ұстай білетін;
  • көршілерге азарсыз;
  • балиғатқа жасы жеткен;
  • басқа ру, басқа тайпа, жат елден ал. Қандай əйелге үйленбеген жақсы:
  • жұрттан асқан сұлу болмасын;
  • дəрежесі өзіңнен жоғары болмасын;
  • бай болмасын;
  • бойжетпеген өте жас қыз алмау керек;
  • бала таппайтын тұл əйел болмасын.

Сондай-ақ əйеліңді жақсы құрметтеу, перзентіңді тəртіпті тəрбиелеп өсіру — сенің қолыңдағы іс немесе білімді əйелдің іс-əрекетіне тыйым салушы болма. Егер қызғаншақтық жасамасаң, кемсінбесең, жарың саған ата-анаңнан да мейірімді болады. Саған одан дос кісі болмайды деген пікір айтады. Əйелді қызғанудың да жөні бар, қызғанбаған жасықтарды ер жігіт деуге бола ма деген сынды ойлар айта келіп, тапқан табысыңның бəрін əйелдің алақанына салып, оның қолына қарап отырар болсаң, өз тапқаныңды өзің жұмсай алмасаң — қайратсыздық, шарасыздық.

«Перзентті тəрбиелеу туралы» тарауда перзент көрсең:

  • жақсы ат қою;
  • мейірімді тəрбиешіге тапсыру;
  • есейген соң, өнеркəсіпке үйрету;

Ер бала болса:

  • өзің қай өнерді білсең, бірінші балаңа үйрет;
  • дене шынықтыру;
  • суда жүзу;
  • атқа міну;
  • ат үстінде найзаласу, бұғалық тастау;
  • доп ойнау;
  • ұстаз қолымен жазала;
  • өнер-əдеп, білім үйрет. Қызың болса:
  • таза тəбет тəрбиешілерге тапсыр;
  • үлкейген соң мұғалімге тапсыр;
  • оған мейірім-шапағат жаса;
  • қолыңа не түссе, алдымен қызыңа бер;
  • жағдайын түзет;
  • тезірек теңіне қос;
  • ерге шықпаған болса, бойдаққа бер;
  • кəнизаққа ұқсатып сатпа;
  • қызыңның қадір-құрметін көтере бер.

Күйеу балаң:

  • сүйкімді болсын, қызыңды көріксіз адамға берме;
  • жүзі де, сөзі де таза болсын;
  • намысты, қожалықты билейтін кісі болсын;
  • дəрежесі, қызмет бабы сенен төмен болсын;
  • ол сенен пайдалансын;
  • сен күйеу балаңнан пайдаланба;
  • күйеу балаңнан көп нəрсе талап етпе;
  • қызыңның да қайғы-қасіретінен құтыласың дейді.

Жоғары лауазымдағы адамдар перзентіне: əдеп пен тəрбие мирас етсін. Қарапайым қатардағы халық перзентіне: өнеркəсіп үйретсін.

Кайкаус ер адамға қажетті ойларды оның ішінде отбасылық тəрбиеге ықпалды мəселелерді, ер мен əйелдің қарым-қатынасы жөнінде «Ата-ананы құрметтеу туралы», «Мал, дүние жинау туралы»,«Үй, жер сатып алу туралы», «Қарттық жəне жігіттік туралы», «Махаббат жəне оның дəстүрлері туралы», «Жыныс қатынасы. Оның пайда, зияны туралы», «Дос таңдау туралы» т.б. айта отырып, ер азаматтың қоғамдық-əлеуметтік рөлінің төмендемеуіне ақыл-кеңес береді. «Қабуснама» педагогикалық ойларының көрнекілігі тұрғысынан шығыс мəдениетінің қазақ мəдениетіне ықпалды үлгісі деп атауға болады [8].

Тарихи қазақ жерін Жошыхан билеген тұста Ақ Орданың төңірегінде дүниеге келген Реванди Хорезмидің (ХІІІ ғ.) Сырдария жағасындағы Сығанақта жазған «Мұхаббат-наме» атты шығармасы — кезінде ел басқарған Өзбек ханның баласы, Алтын Орданың билеушісі (бір зерттеулерде Алтын Орда ханы Жəнібектің əкімдерінің бірі деп айтылады) Мұхаммед Қожабекке арналған туынды. Дастан жас жігіттің сүйген қызына жазған сүйіспеншілік хаттарынан тұрады. Бұл дастанның ерекшелігі адами асыл сезім – махаббатты сезіну, сүйіспеншілікті қадір тұту, дүниенің барлық қызығынан артық ақыл- парасатты қастерлеу, жақсы дəстүр мен салтты жаңғырту, адамгершілік пен қанағатты дəріптеу, жастық пен махаббат психологиясы жөнінде көптеген тəлім-тəрбиелік ойлар бар. Дастанға жігіттің қызға жазған 11 хаты негізі болады. «Мұхаббат-наменің» негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін ұмытуға болмайды. «Мұхаббат-наме» дастаны жігіттің қызға деген сүйіспеншілігі мейлінше зор шабытпен жырланады, осы өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды, шығарманың бас кейіпкері сүйгені үшін қандай нəрсеге де бас тігуге даяр екендігін өлең тілімен жеткізеді. Сенсіз маған жұмақтың қажеті жоқ....Сенсіз жерде өмірдің сəні бола ма?! — деу арқылы бұл дүниенің қызығын «о дүниенің» барлық рақатынан жоғары қояды.

Жалпы алғанда, «Мұхаббат-наме» əдеби, тарихи тұрғыдан ғана маңызды емес, сұлулықты бағалай білу — эстетикалық санаға, жастарды махаббатқа тəрбиелейтін тамаша тəрбие құралы. Сезім тазалығы — ар тазалығы, сүйгеніңе қандай жағдайда да жақсылық тілеу — биік адамгершілік. Дастан осыған тəрбиелейді.

Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұрған кезде, оның астанасы Сарай қаласында өмір сүрген Сайф Сараи (ХІVғ.) түркі тіліне парсы ақыны Маслахаддин Саадидің (Н.Келімбетов Сағди Ширазидің деген) «Гүлстан» дастанын «Гүлстан бит-турки» («Түркіше Гүлстан») деп атаған еркін аудармасы. Сайф Сараи арқылы «Түркіше Гүлстан» қазақ жеріне ұлағатты ғақлия ретінде тарады. Шығыс ғұламасының ғибратты ойы қазақ жеріндегі ұрпақ тəрбиесіне айтарлықтай үлес қосты деп айтуға болады. Көптеген тəлімдік ойлардың мақал-мəтелге күйінде біздің сөзіміздің мəйегіне, тəрбие құралына айналғанын байқаймыз.

Қоғамның дамуы барысында тарихи жинақталған тағылымды мұралар ұмытылмақ емес. Ұлттың рухы, ділі, діні, психологиясы тəрбие арқылы қалыптасады. Оған алғашқы тəрбиенің қайнар көзі — отбасы болмақ. Отбасылық өмірге, жұбайлық өмірге тəрбиелеуде өз ұлтымыздың салып кеткен жолы бар. Ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып, əлеуметтендірудің барлық құралдарын пайдалануымыз қажет. Ал, тарихи тағылымды шығармалар біздің ұрпақ тəрбиесінің тарихына іргетас болып қаланары анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  • Келімбетов Н. Ежелгі дəуір əдебиеті. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 34–61-б.
  • Көне дəуір күмбірі. Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер // Жалын. — 2003. — № 7. — 16-б.
  • Гумилев Л.Н. Көне түріктер. — Алматы: Білім, 1994. — 53-б.
  • Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы. — 1-т. — Алматы: Рауан,
  • Қорқыт ата кітабы. — Алматы: Жазушы, 1986. — 192 б.
  • Əл-Фараби. Философиялық трактаттар. — Алматы: Ғылым, 1973. — 32–117-б.
  • Ахмет Иүгінеки. Ақиқат сыйы / Қазақшаға ауд. Ə.Құрышжанов. — Алматы: Ғылым, 1975. — 52–63-б.
  • Кайкаус. Қабуснама / Өзб. ауд. Т.Айнабеков. — Алматы: Балауса, 1992. — 82-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.