Білім беру қызметінде тəрбиелеу міндетін атқару əр түрлі əдістердің көмегімен орындалады. Қазіргі отандық педагогикада тəрбиелеуді басқару əдістері тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы жеке тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған сабақтастық ретінде қарастырылады. Тəрбиелеудің ықпалынан туындаған əдістің таңдауы тəрбиешінің тəрбиеленушімен қатар, басқа да себептердің арақатынасымен жəне тəрбиелеу үрдісінің мағынасымен түсіндіріледі.
Тəрбиені басқару үрдісі өте күрделі əрі қарама-қайшылыққа толы болғандықтан, ұстаздық əсердің сансыз тəсілдерін топтастыруда бірыңғай мағыналық негізді табу қиын. Бұдан тəрбиелеу үрдісінің бір немесе бірнеше жағын негізгі сапасына қарай жіктеп алынатындығы белгілі болғандығы аян.
Тəрбиені басқарудың əдістерін сипаттағанда оның бағыттылығы мен ұйымдастыру түрін, мазмұнын ажыратып алу қажет. Басқару əдісінің мазмұны басқарушы əсерінің басқару нысанына тəн жалпы заңдарға сүйене отырып, қалай қолданатынымен анықталады [1, 2].
«Əдіс» сөзі грек тілінінен (methodos) аударғанда белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданған тəсілдер деген мағынаны білдіреді. Тəрбиені басқару əдісінің бағыты түптеп келгенде тəрбиелеу үрдісінің нысаны, яғни, адамдар болып табылады. Бірақ басқару нысаны күрделі əрі көпқырлы болғандықтан, оған қолданатын тəсілдер де əр түрлі болды.
Студенттердің тəрбиесін басқару əдісінің басты сипаты жоғары оқу орнында білім беру үрдісінде қолданылып, жүзеге асатын ұйымдастыру түрі болып табылады. В.Л.Марищуктің [3] пікірі бойынша, бұл олардың түрлерінің көпқырлылығы тəрбие жұмысын басқару əдістерінің əсерлілігін
жылдамдатуына жағдай жасайтынын нақтылайды. Басқарудың нақты əдістерінде мазмұн, бағыттылық пен ұйымдастыру түрлері белгілі бір үлгіде өзара əрекеттесіп, үйлесім табады деп түйеді В.В.Миронов, С.С.Драчев жəне И.М.Сидоркевич [4].
Соған байланысты жоғары оқу орнында тəрбие үрдісін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың келесі əдістерін анықтауға болады:
- ұйымдық-əкімшілік, нақты деректі нұсқаулыққа негізделген;
- экономикалық, экономикалық ынталандыруға сүйенген;
- əлеуметтік жəне əлеуметтік-психологиялық, студент жастардың əлеуметтік белсенділігін жоғарлату мақсатында қолданылған;
- тəрбие жұмысының өздігінен реттей алатын бір түрі сияқты өзін-өзі басқару əдісі.
Басқару əсерінің барлық əдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі жəне кешенді. Негізгі əдіске басқару əдістерінің шарттары мен стратегиялық тапсырмалардың (мысалы, жоғары оқу орнында басқару əдістерінің даму жүйесі сəйкестеніп, нақты бір белгілері бойынша мазмұнды көрініс тапқаны жатады. Əлеуметтік басқарудың күрделі немесе кешенді əдістері негізгі əдістердің жиынтығынан тұрады.
Басқарудың əлеуметтік-жеке тұлғалық əдісі, біріншіден, əлеуметтік міндеттерді алға тарта отырып, тəрбиелеу мақсатына жетудегі тəсілімен, студенттердің өмір сапасының жоғарлауы мен қанағаттануы жəне олардың əлеуметтік кемелденуімен, əлеуметтік мəртебесінің нығаюымен, сондай- ақ тағы басқаға байланысты.
Тəрбиені басқарудың əлеуметтік-жеке тұлғалық əдісінің негізгісі болып, тəрбиені дамыту жүйесінде аймақтық жəне республикалық деңгейдегі ірі əлеуметтік жобаларды орындауда кешенді болып та қолданылады. Тəрбиені дамытудың республикалық бағдарламасының талдауы 2010 жылға дейінгі кезеңде басқарудың əлеуметтік-жеке тұлғалық əдісі əлеуметтік менеджменттің жалпы құрылымында басымдылық танытып, басқару əсерінің басқа əдістерінің барлықтарына даму жолдарын көрсететінін айғақтайды. Бұл экономикалық ынталандырумен қатар кəсіптік білім беру жүйесінде студент жастар, оқытушылар мен профессорлар құрамына қамқорлық жасауда, əлеуметтік бəсекелестік пен əлеуметтік сапаның əсеріне, үлкен əлеуметтік қамқорлықпен шығармашылық еңбекті ынталандыруда кеңінен қолданылады.
Тəрбиелеу жүйесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару əдістері əлеуметтік нормалау, əлеуметтік реттеу, моральдық ынталандыру əдістерінің күрделі спектрін көрсетеді. Жоғары оқу орнының тəрбиелеу жүйесінде əлеуметтік қалыптасу əдістері білім беру үрдісінің қатысушыларының əлеуметтік арақатынасын əр түрлі əлеуметтік бағдарламалар мен əлеуметтік қалыптарға арналған зерттемелерді қолданып, ретке келтіруіне мүмкіндік жасайды.
Жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін басқаруда қолданылатын нақты əлеуметтік қалыптау əдістеріне жоғары оқу орнында студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының құқықтары мен міндеттері мазмұндалған жарғы, еңбек тəртібінің ішкі ережелері, оқу этикетінің бірлескен ережелері, тəрбие əсерінің үлгілері жатады.
Əлеуметтік реттеу əдістері түрлі оқу ұжымдарының, студенттік ұйымдардың, студенттік топтардың, оқытушылар мен жоғары оқу орнының басқа да қызметкерлерінің мақсаттары мен міндеттерін реттеу арқылы əлеуметтік қарым-қатынасты тəртіпке келтіруде қолданылады. Оларға өзара міндеттемелер мен түрлі келісім-шарттардың түрлері, кəсіби білім беру жүйесінің əлеуметтік сақтандыру келісім-шарттары, əлеуметтік қажеттіліктерді, соның ішінде спорт пен дене шынықтырумен айналысудың шараларын қанағаттандыру арқылы бөлу жатады.
Моральды ынталандыру əдістері тəрбиелеу міндетін атқаруда белгілі бір жетістікке жеткен спортшы-студенттерді, жаттықтырушыларды, спорт бойынша нұсқаушыларды, студенттерді, оқытушыларды, түрлі байқауларға қатысқан жеңімпаздарды, басқару аппараттары мен əкімшілік- шаруашылық қызметкерлерін мадақтау үшін қолданылады.
Жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін басқарудың əлеуметтік-психологиялық əдістері студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасу, даму үрдістері мен олардың өз арасында болып жатқан үрдістерге əлеуметтік-психологиялық тəсілдерінің əсер етуін қамтамасыз етеді. Көрсетілген əдістер ресми немесе бейресми топтардан тұратын ұжымдарда əлеуметтік-психологиялық механизмнің қолданылуына, жеке тұлғаның мəртебесі мен рөліне, өзара байланыс жүйесіне, əлеуметтік қажеттіліктер мен басқа да əлеуметтік-психологиялық факторларға негізделген.
Бірінші топқа студенттің жеке тұлғасына тікелей əсер ете алатын сипаттағы мотивация əдісі кіреді. Оларға нандыру, жұқтыру, сендіру, үгіттеу технологиялары мен əдістерін жатқызуға болады. Екінші топты мотивацияның ырықсыз өктемдеу əдісі құрайды. Бұл ретте мəжбүрлеу немесе
мəжбүрлікке əкелу əрекетінің мүмкіншілігі туралы сөз болып отыр. Билік мотивациясының əдісі адам қажеттілігінің қанағаттануы төмендеп кете ме деген қауіп-қатерге құралған. Оның басқа басты сипаттамасы таңдау еркінің жоқтығынан деп қарастырылады. Бұл əдіске бұйрықтар, жарлықтар, қаулылар жəне басқа да деректік нұсқаулар жатады. Əдетте бұл басқару қызметінің беделді субъекті тарапынан белсенді іске асады.
Үшінші топтың негізгі мазмұны жеке тұлғаның белгілі бір нұсқамен сыртқы жағдайды құрауға итермелейтін, жанама ынталандыруға бағытталған əдісті құрайды. Сонымен қатар ынталандырудың маңызды сəті жеке тұлғаны кез келген жағдай өзгерте алмайтынын, тек ішкі талабы оянғанда ғана көрінетінін көрсетеді. Бұл жағдайда жеке тұлға субъектінің мақсаты тəрбиелеу əсеріне сай болып, барлық қажетті шарттарды қамтыған əрекетке таңдау жасайды. Əдістің көрсетілген тобы көбіне басқару мəдениетінің икемді түрі əлеуметтік-жеке тұлғалықпен сəйкестенеді жəне студенттермен тəрбие жұмысын жасауда тəжірибеге белсенді түрде енгізуді қажет деп тапқан пікірімізбен ұштасады, яғни бір жерден шығады.
Ағымдағы көрсетілген əдіс топтарының субъектіні тəрбиелеу үрдісінің нақты тəжірибелік қызметте қаншалықты қолданысқа енгенін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қызмет деңгейі əр түрлі 312 сұхбат берушілер қатысты. Сауалнаманың қорытындысы сұрақ жүргізілгендердің 31,3 % өздерінің тəжірибелік əдістің екінші тобын, яғни билік мотивациясын, сұхбат берушілердің 28,3 % өз таңдауының негізінде шешім қабылдауда орындаушылардың белсенділігін ынталандыратын əдістің үшінші тобын; ал сұраққа жауап берушілердің 23,1 % өздерінің басқару қызметінің тəжірибесінде нандыру, жұқтыру, сендіру, үгіттеу жəне үлгіге алу əдістері мен тəсілдерін қолдайтындарын көрсетті.
Қорытынды нəтижесі жоғары оқу орнында тəрбиелеу жұмысын басқарудың тəжірибесінде қолданылған түрлі əдістер мен технологиялардың жалпы көрінісін айқын етті. Сонымен қатар басқарудың иерархиялық дəрежесі бойынша сұрақ жүргізгендерді дифференциялау əдісінде көрсетілген топтардың қолданатын ерекшеліктерінің қатары бар екенін айғақтайды. Университет басшылығы, сондай-ақ жоғары оқу орнының басқару аппаратының субъектілері өз қызметтерінде əдістің билік мотивациясын қолданатынын (55,8 %), ал оқытушылар құрамы өз бағаларына сай көбіне жағдай туғызуда студенттің жеке таңдауына мүмкіндік жасайтын əдіске сүйенеді (63,5 %).
Алынған нəтиже жоғары оқу орнында тəрбие үрдісін басқарудың əкімшіл-əміршіл əдістері мен түрлерінің əсері басқару қызметінің нысандарына басымдық танытатынын дəлелдейді. Əсіресе бұл заңдылық билік өкілдігіне құқық берушіліктің ең жоғарғы деңгейінде көрнекті байқалады.
Тəрбиелеу қызметінде қолданылатын басқару əдісінің ең маңызды сипаттамасы студенттерді берілген тапсырманы орындауда қалай ынталандыратыны болып табылады. Тəрбие еңбегін ынталандыруды бөлуде кеңінен тарағаны материалдық пен адамгершілік (моральдық) қасиет болып есептеледі. Бұл жерде өлшем есебінде қажеттілік түрі енеді. Материалдық ынталандыруға қаржылай сыйақының түрлі көріністері (жалақы, сыйақы), сонымен қатар берілетін түрлі жеңілдіктер жатады, ал адамгершілік (материалдық) ынталандыруға ордендер, медальдар, құрмет атақтары жəне грамоталармен марапаттау болып табылады.
Студенттер тəрбиесін адамгершілік ынталандыру əдістерінің жүйесі мен бағалау əлеуметтік- психологиялық əсерде үлкен орны бар екенін айта кеткен жөн. Оқытушылар мен студенттерге жүргізген сауалнамалар көрсетілген ынталандырудың түрлері көбінесе тəрбиелеу үрдісінің субъектісіне жұмсалған күштер мен тəсілдерде дəлме-дəл əсер етуші болмаса да, алға қойған мақсатқа жетуде айтарлықтай орны бар екенін дəлелдейді. Бұл жағдайды студенттердің қызығушылығы мен қажеттілігінің бағытылығы сипатында, сонымен қатар білім беру қызметінің орныққан ортада өтуіне байланыстыра түсіндіруге болады.
Сонымен, əлеуметтік жəне психологиялық əдіске психология заңдары мен əлеуметтік дамудың объективті заңдарына сүйенетін басқару əсерінің тəсілдерін жатқызуға болады. Бұл жерде əсер етуші нысан жоғары оқу орны деңгейіндегі əлеуметтік жəне психологиялық үрдіс, оның бөлек құрылымдық бөлімшесі немесе нақты студент болып есептеледі.
Жоғарыда атап өткендей, басқару қызметінің нысанына əсер етуде тəрбиелеу үрдісін əлеуметтік- психологиялық басқару əдісінің түрлі тəсілдер мен басқа да əдістер жиынтығын пайдаланады. Осы ретте олардың мазмұны мен сипатын толық талдап қарастыру қажет.
В.И.Кнорингтің [5] пікірінше, басқарудың экономикалық əдісі экономикалық заңдардың талаптарын жүзеге асыру негізінде басқарудың экономикалық мақсаттарына жету тəсілдерін
көрсетеді. Білім беру саласында басқарудың экономикалық əдістерінің əралуандарының ішінен келесі маңызды принциптерге негізделетін экономикалық ынталандыру əдістерін белгілеуге болады:
- жоғары оқу орнында тəрбие үрдісін дамыту мақсатында экономикалық ынталандыру талаптарының өзара келісушілігі мен байланысы;
- студенттермен жасалатын тəрбие жұмысының мазмұнында озық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық ынталандыруды саралау;
- экономикалық ынталандыру мен тəрбиелеу қызметі мотивациясының басқа да əдістерімен үйлесімдігі;
- тəрбиелеу үрдісі субъектілерінің материалдық жауапкершіліктерін қарастыратын экономикалық санкциялар жиынтығында экономикалық ынталандыру əдістерін қолдану.
Ұйымдастыру əкімшіл əдістер билікке, тəртіп пен жауапкершілікке негізделеді. Жоғары кəсіптік білім беру жүйесінде көрсетілген əдістерді пайдаланудың талдауы төменде көрсетілген түрлерде қолданылады:
- нақты бақылау нысанына немесе тұлғасына бағытталған жəне пайда болған жағдайға нақты əсер етуші міндетті сипаты бар тікелей əкімшілік нұсқау;
- студенттер мен оқытушылар қызметін реттейтін, басқарудың бірыңғай түрлерін, əкімшілік əсердің стандартты шартын анықтайтын ережені қалыптастыру;
- ұйымдық-əкімшілік əсерге ұшыраған үрдістерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау жəне енгізу;
- студенттер мен оқытушылар қызметін бақылау жəне қадағалау.
Жоғары оқу орнында басқарудың ұйымдық-əкімшіл əдісінің ішіндегі ең жиі қолданатын түрлері, студент жастардың тəрбиесі бойынша жалпы тапсырмаларды орындауды тездетуді икемдеу мақсатында, тəрбиені басқарудың құрылымының үрдісіне жұмылдыруға араласатын оперативті жəне басқарушылық тəсілдері болып табылады. Жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін басқарудың ұйымдық-əкімшіл əдісінің негізгілеріне салыстырмалы талдау жүргізгенімізде мынадай үш басты топтардың анықталуына мүмкіндік туды:
- ұйымдық-тұрақтандыру. Бұл əдіске регламенттеу, мөлшерлеу жəне нұсқаушылық жатады;
- жоғары оқу орнында тəрбиелеу жүйесінде бекітілген ұйымдық байланыстардың ағымдағы қолданыстан көрінуі жəне функциялаудың шарттары өзгергенде ішінара түзетулер жүргізетін жарлық əсерінің əдісі;
- тəрбиелеу үрдісінде тəртіп талаптарын сақтау мен оның мүшелерінің жауапкершілік жүйесін қалыптастыратын ұйымдық байланыстың тұрақтылығын қалыпта ұстауға арналған тəртіп əсерінің əдісі.
Жоғары оқу орнындағы тəрбиелеу үрдісін ұйымдық-əкімшіл басқару əдісінің барлық түрі күнделікті өмірде бірін-бірі толықтыра отырып бөлек те, бірге де қолданыла беріледі. Студенттердің тəрбиесін ұйымдық-əкімшілік басқару əдісінің негізінде объективті қолданылатыны басқару механизмі бөлшегін құрайтын ұйымдық байланыс болып табылады.
Соңғы кезде əкімшіл басқаруды, əсіресе əміршіл-əкімшіл басқаруды, кемшіліктері үшін көп сынға алып жүр. Дегенмен, жоғары оқу орнының мəртебесі мен оның ұйымдық құрылуының сипатын есепке алғанда, бұл əдістер өздерін толығымен ақтап шығарады. Осы ретте жоғары оқу орнының барлық ұжымының жұмыстарын реттеп, тəртіпке келтіріп, айқындап беретін тəрбиенің ұйымдық- əкімшіл əсерінің қатысуынсыз ешқандай экономикалық əдістер жасай алмайтынын айта кеткен жөн. Тек ұйымдық-əкімшіл, экономикалық жəне əлеуметтік əдістердің ара-қатынастарының қолайлылығы мен жүйелі қолданылуын анықтау маңызды. Жоғары оқу орнында тəрбиелеу үрдісін басқаруда ұйымдық-əкімшіл əдістері ығысқанда ғана экономикалық əдістің əсер ету аясы кеңи түседі деп қарауға болмайтыны сияқты, басқару тəжірибесінде бұл əдістердің біреуі басым болады деуге болмайды. Бұдан ұйымдық-əкімшілдік əдістерді басшылықтың еркін жəне субъективті тəсілдерін, яғни, əкімшілік етуді теңестіруге болмайды.
Басқарудың тəжірибесінің тиімділігін талдағанда жоғары білім беру жүйесінде ұйымдық- əкімшіл əдіс басқарылатын нысанға бұйрықтар, жарлықтар, оперативті нұсқауларды жазбаша немесе ауызша таратып, олардың орындалуын қадағалап, əкімшіл жүйеде қызметтік тəртіптің тəсілдерін сақтау арқылы тікелей əсер ететінін көрсетеді. Олар еңбек тəртібі мен ұйымдастырудың айқындығын қамтамасыз етеді. Бұл əдістер ережеге айналған, əкімшіл жəне шаруашылық заңдарды, еңбек актілерін құқықтауды тəртіпке салады.
Студенттер тəрбиесінің ұйымдық-əкімшіл əдістері деректік нұсқаулар мен жарлықты орындау міндеттілігінен анық ерекшеленеді. Тəрбие үрдісін əлеуметтік басқару жүйесінің қазіргі таңғы зерттеулері, яғни, олардың басты мақсаттарының бірі басқарылатын жүйенің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар туғызып, басқаратын əдістердің əсерінің арқасында пайда болатын құқықтардың кеңеюі мен түрлі субъектілердің өзін-өзі басқаратын жауапкершіліктерін қалыптастыратынын көрсетеді.
Жоғары білім беру жүйесіндегі өзін-өзі басқару мəселесін қарастырғанда мынадай бірқатар сұрақтар пайда болады: өзін-өзі басқаруды қалай түсінуге болады жəне студенттер ұйымының тəрбиелеу қызметінде оның ішкі, сыртқы түрлерінің көрінісі қандай? Оқу топтарында өзін-өзі басқарудың даму деңгейі қандай деңгейде?
Қойылған сұрақтардың жауабы қазіргі кездегі студенттер тəрбиесін əлеуметтік-бағдарлап басқару жүйесінің жетілдіру жолдарын кеңінен аша түседі.
Арнаулы əдебиеттерді талдауың нəтижесі бойынша, өзін-өзі басқару басқару қызметінде адамның, ұжымның, ұйымның нысаннан субъектіге айналу жолдары екендігін көрсетеді. Бұл — əрбір қатысушысы тұрақталған өкілдігіне байланысты сұрақтарын шеше алатын басқару ұйымының ерекше нұсқасы. Өзін-өзі басқару бұл мағынада қызмет пен басқаруды біріктіреді, басқаша айтқанда, басқару мүддесінің кəсіби қызметтері біріккен үрдісте тең құқылы субъектілердің арасында əлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың жаңа түрі пайда болады.
С.В.Кошелеваның [6] пікірінше, мұндай қарым-қатынасты «төменнен» бастап жол ашу деп атайды. Өзін-өзі басқарудың тура осы деңгейінде білім беру жүйесінің тəрбие үрдісін басқарудың
«жоғарғы» сатысына шарықтайтын, одан əрі дамыта түсудің бағыты мен тəсілдері шығады. Қазіргі студент жастардың тəрбиесін тиімді басқаруды жетілдіру сұрақтарының шартын əлеуметтік басқарудың нақты қатысушылары ретінде өздерін толық құқылы екенін түсінген студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының шығармашылық қызметтері мен қызығушылығын арттырғанда ғана шеше аламыз.
Ұсынылған механизм жоғары кəсіби білім беру жүйеде əлеуметтік ұйымның түрлі деңгейінде өзін-өзі басқарудың дамуы мен орталықсыздану қарым-қатынасының жоғары деңгейін қарастырады. Сонымен қатар өзін-өзі басқару жоспарлы басқарудың баламасы ретінде емес, жоғары оқу орнының түрлі буындары мен құрылымында білім беру үрдісінде басқару қызметінің барлық қатысушыларын қатыстырып, жандандырушы болып қарастырылады. Өзін-өзі басқаруды демократиялық орталықтандыру түрімен бірдей деп қарастыруға болмайды, өйткені ол орталықтандыру мен демократияның арасындағы сандық балансты өзгертіп қана қоймай, олардың арасындағы жаңа түзілістер мен студент жастардың өзін-өзі басқаруы, өзінің тəрбиесіне деген жаңа рөлін жобалайды.
Студенттермен тəрбие жұмысын жасаудың əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару жағдайда орталықтандыруды қаншалықты күшейту немесе босаңсыту туралы пайымдаудан аулақ болған жөн. Тəрбиені басқаруда орталықтандыру студенттің тұлға ретінде жүйелі де үйлесімді дамуын қамтамасыз ететіндей, ал орталықсыздандыру өзін-өзі басқару принципінде жұмыс істейтін, əр субъектінің басқаруындағы «еркін шешімін» қабылдап жəне жүзеге асыруын көздейтіндей етіп, орталықсыздандыру мен орталықтандыруға тура жол табу өте маңызды.
Басқаша айтқанда, субъектінің басқару құқығын мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар ғана емес, жоғары оқу орнының құрылымына кіретін студенттер ұжымы мен əлеуметтік топтарды мойындауы туралы сөз болып тұр. «Түзу» демократиялық принциптер басқару сұрақтарын қоспағанда өз мүмкіндіктеріне қарай барлық шешімге шамасы жете бермейді. Қорыта келгенде, жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелерін (факультет, кафедра, оқу тобы, спорттық бөлім) басқару деңгейіне бөлгенде өзін-өзі басқару тиімді болуы мүмкін белгілі бір міндеттер пайда болады.
Бұл тəсіл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі тəрбие үрдісінде басшылыққа алынған тактика мен стратегиясында қамтылды, онда дене шынықтыру-спорт қызметтерін қоса есептегенде студенттер тəрбиесін басқарудың озық түрлері туып, жан-жақты дамуына жол ашылды. Осы жағдайда демократиялық орталықтандыру принципі демократиялық басқару қағидасына айналып, идеалды түрде өзін-өзі басқаруға сəйкестенді.
Дене шынықтыру жəне спорттық ұйымда студенттердің өзін-өзі басқару сипатында жаңа əлеуметтік-экономикалық шарттары əр студенттің жеке экономикалық жəне əлеуметтік қызығушылығы жоғары оқу орнындағы басқарудың тиімділігіне тəуелді болғандықтан, студенттердің өзі-өзі басқаруын жетілдіріп, дамуын тездетеді. Ұжымдық, материалдық жəне адамгершілік (моральдық) қызығушылық студенттер ұйымының басқарылатын барлық субъектілерін
білім берудің түрлі аспектерін, дене шынықтыру жəне спорт, шаруашылық қызметтерін талқылауға қатысқанда, ұжым болып басқару шешімін қабылдап, жүзеге асыруда бағдарланады.
Студент ұжымында өзін-өзі басқару тек басқару субъектілерінің дербес шешім қабылдауымен шектеліп қана қоймай, оны міндетті түрде орындаумен қарастырылады. Сонымен қатар əр студент қабылданған шешімнің орындалуына өзі жеке жауапкершілік алады, бұл оқу, дене шынықтыру жəне спорт, ұйымдық-шаруашылық сияқты жоғары басқару органдарында белгілі бір дербестікті көрсетеді, яғни əр түрлі сұрақтар бойынша (бұл жерде өзін-өзі басқару туралы емес, басқаруға қатысу мағынасында болып тұр) өздігінен шешім қабылдауға үлесті болу, ал басқа жағынан, басқару нысаны мен субъектісінің қосылу базасына толық дербестік.
Сонымен, жоғарыда келтірілген ұстанымдардың барлығы студент жастардың тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқарудың түрлі əдістерін қолдану мүмкіндіктері көп мəселелердің өзін- өзі басқаруларын дамытуда шешілетін болғандықтан, студенттер ұжымының өзін-өзі басқаруларымен тығыз байланысты деген қорытындыға келдік.
Сонымен қатар осы зерттеуде мəселенің шешімін табу үшін, дене шынықтыру-спорт қызметі барысында студенттерге тəрбиелік əсерінің сипатын толық аша түсу маңызды болады, бұл жағдай кəсіби білім алу мен жан-жақты тəрбиелеу міндеттерін шешу мақсатында студенттерге психология- педагогикалық əсердің барлық түрін қамтуға мүмкіндік туғызады.
Əдебиеттер тізімі
- Берг А.И. Управление, информация, интеллект. — М.: Мысль, 1976. — 383 с.
- Глухов В.В. Основы менеджмента: Учебник. — Минск: Изд-во БГЭУ, 1996. — С. 18–26.
- Марищук В.Л. Теории и концепции обучения. — Л.: ВДКИФК, 1980. — 25 с.
- Миронов В.В., Драчев С.С., Сидоркевич И.М. Менеджмент в физкультурно-спортивных объединениях и организациях.— СПб.: Изд-во СПбГУ, 2000. — 112 с.
- Кноринг В.И. Искусство управления: Учебник — М.: БЕК, 1997. — С. 36–39.
- Кошелева С.В. Психологические основы управления персоналом. — М.: Владос, 2002. — 245 с.