Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі таңда ұлттық патриотизмді қалыптастыру мəселесі

Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты — ата-бабалардың үлгі-өнегесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тəуелсіздікке, дербестікке ұмтылысы. Бұл алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тəрбие — ұрпақ үшін күрес құралы. Қазақ өмірі — тəрбие оқулығы.

Біздің халқымыз ерте заманнан бері бала тəрбиесіне ерекше мəн беріп, жас жеткіншектің нағыз адам болуына өз қамқорлығын жасаған. Сондықтан «Баланы жастан» деген нақыл сөз қалдырған. Жас баланы жастайынан өз ана тілінде сөйлетіп, таза сөйлеуге, еңбекке, кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға үйретуде халық педагогикасының алатын орны ерекше. Сондықтан да мектеп өзінің тəрбие жұмысын атқаруда, оқу үдерісі барысында өзге жол іздемей-ақ халық педагогикасына бой бұруы ке- рек. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, эстетикалық тəрбие жұмысы оқушының өмірінде маңызды рөл атқарады. Себебі эстетикалық тəрбие əр баланың бойында өмірлік белсенді позиция қалыптастыруда, ел алдындағы, ата-ана алдындағы борышына саналы қарауға зор ықпал жасайды. Эстетикалық тəрбие жоғарыда айтылған салт-дəстүр, тіл өнері негізінде жүргізілген уақытта ғана оқушыға үлкен əсер етеді.

Е.М.Фрадлиннің айтуынша, «заманауи дүниетаным аясындағы патриотизм маңызды негіздік ұстаным мен қоғамның рухани мəдениеті құндылығы болып табылады, бұдан адам мен қоғам, азамат пен мемлекет, жеке тұлға мен оның макроəлеуметтік ортасы, жеке жəне қоғамдық мүдде арақатынасы жиынтық түрде көрініс табады. Дамыған патриоттық сана адаммен қашанда сөздің кең мағынасында əлеуметтік категория болып табылатын оның Отаны, Атамекені арасындағы жоғары дəрежедегі ортақтық, тұтастықты өз бойында тұтады. Тарихтың барлық кезеңдерінде патриотизм адамдардың қоғамға қатысты парызын, өз мемлекетіне қатысты азаматтық борыштарын атқарушылыққа деген қатынасымен тікелей байланысты болған» [1].

Патриоттық тəрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік əрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.

Патриоттық тəрбиеде тұлға үшін барынша жақын əрі мейлінше маңызды қоршаған əлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мəнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады.

Қазақстандық патриотизм идеялары барынша бай болса да, қоғамдық ұйымдар, ұлттық бірлестіктер интернационалистік жəне патриоттық тəрбие берудің қазіргі кезеңге сай келетін пəрменді концепциясымен əзірше қаруланбағанын мойындаған жөн.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеологиялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз — қазақстандық отансүйгіштікке тəрбиелеу, əрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді, — делінген [2].

«Отанды сүю от басынан басталады» деп ұққан ата-бабаларымыз отансүйгіштік қасиетті ата-ана, ауыл-аймақтың, елінің намысын қорғауды өз ұрпақтарына бірінші парыз ретінде ұқтырып өсірді.

«Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Туған жерге ту тігу — елім деген азаматтың борышы» дегенді өздерінің ұл-қызының санасына үнемі сіңіріп отырған. «Ер намысы — ел намысы», «Ер — намыстың құлы», «Арың үшін алысу — азаматтық», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген елжандылық ұрандар халқымыздың мəңгілік тəрбие қағидасына айналды. Ерлік дегеніміз ұлттық тəрбие тағылымының, салт-дəстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің негізгі тұтқасы болып саналады.

Баланы туа салысымен ерлік рухта тəрбиелеу, еңбекке, елін, жерін, ана тілін сүюге баулу бесік жырынан бастап бүкіл ауыз əдебиетінің өнегелі өсиеті болып табылады. Еңбек пен ерлікті, ел мен жерді пір тұтқан бабаларымыз ғасырлар бойы ерліктің ерен үлгісін көрсетіп бақты. Оған айқын мысал, Құлтегін, Тоныкөктердің ерлік дəстүрінен бастап, ХVIII ғасырдағы Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, тағы басқа батырлардың тəрбиесіне назар аударсақ, айқын байқаймыз. Мысалы, З.Сəнік, Б.Садықанның «Қаракерей Қабанбай» атты еңбегінде Ерасылдың балалық шағынан бастап батырдың жеке тұлғасын қалыптастыруда ата-ананың, ағайын-тумалардың əлеуметтік ортаның игі ықпал еткенін көреміз [3].

Біз бұдан ұрпақ тəрбиесіндегі отбасы, Отанының, өскен ортасының əсерінің орасан зор екенін байқаймыз. Ер елдің ық жағынан панасы, қорғаны деп бағалаған ата-бабамыз «ерлікті тəрбиеден туады» деп ұққан. «Батыр», «ер» деген ұғымдар үнемі қатар қолданылып келген.

«Батыр дегеніміз (араб жəне иран тілдерінде баһадүр) — жауынгершілік кездер мен əскери жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ. Ал батырлық жеке адамдарға тəн патриоттық қасиет» деп берілген анықтамаларды негізге ала отырып, батырлық, батыр, ер, ерлік жəне ұлттық жауынгерлік дəстүр оның ерекшеліктеріне, ерлік тəрбиесіне педагогикалық тұрғыда түсініктеме берілді. Батырлық — соғыс жағдайында соғыс тəсілдерін жетік меңгеріп, ірі жағдайларда жауынгерлердің ерекше көзге түсуі.

Батырлықтың ерекше белгісі соғыс жағдайында көрінеді. Батыр — соғыс өнеріне, стратегиясына жетік, ірі шайқастарды жеке ерлігімен де, өзіне қарасты əскери топты басқара білумен де көзге түсіп, халық таныған адам. Батырдың бар ғұмыры ел қорғауға, жорыққа бағышталады.

Жүзжылдықтар бойы қалыптасқан тəрбие дəстүрлеріне орай, батыстың дарашылдық үлгісі қазақстандық қоғамда тамыр жая алмады. Қазіргі заманғы дүниеде əрбір елдің өз ұлттық мүдделерін, өзіндік ерекшелігін қорғауы — бұл мемлекеттік саясат пен халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан дерексіз қоғам тұлғасын бағдар ететін тəрбие жеткілікті тиімді емес. Бұндай тəрбие нəтижесінде қара басының мүдделерін күйттеуші дерексіз «азаматтық қоғам» өкілдері шығады. Сол себепті бүгінде біз қоғамды осындай дəрежеге жеткізбеуіміздің жолын іздеуіміз қажет.

Осыған орай ғалым Жұмабек Кенжалиннің əділ атап кеткеніндей: «Қазақстандық патриотизм жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі əлеуметтік əділетсіздік, принципсіздік орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар жойылады. Ал ондай сезімі, отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр болатынын тарих дəлелдеп отыр. Сондықтан, біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмнің дəстүршілдік жəне жаңашылдық сыпатына айрықша назар аударып отырған абзал».

Ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті — бұл, сондай-ақ, тұлғаның рухани-өнегелік жəне саяси- əлеуметтік əлеуетінің тəжірибе жүзіндегі көрінісі.

Өкінішке орай, тəрбие жұмысында «ұлттықты» — жалпыадамзаттықтың игілігіне жұмыс істейтін факторға айналдыру мүмкіндіктері əлі де əлсіз пайдаланылуда. Ал, онсыз жалпыадамзаттық құндылықтардың өздерінің ұлттық қатынастар жүйесіндегі дамуы мен тəжірибе жүзіне асуы үйлестігіне жету қиын. Ал ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті іс жүзінде жалпыадамзаттық типті ұлтаралық қатынастардың ұдайы өндірісінің маңызды шарты ретінде көріне алады жəне көрінуге тиісті де.

Қазақ халқының дəстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тəрбие əлеуметтендіру үдерісін тұлғаға дəл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының əлеуметтік дүниенің ғылымына, мəдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.

Патриотизмді қалыптастыру — бұл мемлекеттік міндет, қоғамның əлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста алып қарастырылатын қоғамдық қатынастардың мəні мен құндылықтарын зерделеу тəсілі ретінде көрінеді. Патриотизмді тəрбиелеу — бұл тұлғаның, елдің, оның мəдениетінің бірегейлігі, əлеуметтің, халықтың əлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мəні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары əлеуметтік белсенділігін діттейді, өйткені оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел, жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

Ата-бабаларымызға, қазақ халқының дарынына, оның Қазақстанның мақтанышы ғана емес, əлемдік өркениеттің игілігіне айналған жасампаз еңбегі мен өнеріне сүйсінушілік, құрмет сезімдерін тəрбиелеу ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін қалыптастырудың басты алғышарттарының бірі болып табылады [4].

Жалпы əлеуметтік тұрақтылықты, ең əуелі, саяси тұрақтылықты негізгі қызметтерін сатылы түрде, бірізді атқаратын саяси жүйе қамтамасыз етеді. Ал, бұл оның туындайтын мəселелер мен қайшылықтарды дер кезінде анықтап, оларды шешудің сəйкес шараларын қабылдайтындығын білдіреді. Сондықтан қоғам тұрақтылығын өз іс-қызметінде тек заңдар мен басқа да нормативтік актілерге сүйенетін мемлекет «жоғарыдан» қамтамасыз етеді. Осы арқылы жүйенің қызмет ету қарқындылығы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда барша саяси билік субъектілерінің қызмет- қайраткерлігін бақылау зор маңызға ие болады.

Алайда тұрақтылық, оның ішінде саяси тұрақтылық, қоғам демократиялығының дамуына қарай, азаматтардың жүзеге асыратын шынайы саясаты, саяси басшылығының дұрыстығы негізінде билік органдарына деген сенімінің күшеюіне қарай едəуір нығайып, мейлінше тұрақты бола түседі. Бұл жағдайда тұрақтандарушы сана патриоттық санамен «қабысып», қоғам дамуы мен нығаюының күшті тұрақтандырушы факторы маңызын иеленеді.

Жоғары да айтылып кеткендей, дəл осы патриотизм қоғамның саяси бірігуіне, ынтымақтасуына немесе, керісінше, саяси жіктелуіне, бөлінісіне əкеле алады. Ақпараттық-бағдарлық тұрғыда дəл осы патриоттық көзқарастар əрекет етуші саяси жүйе туралы саналы білімді бойына тұтып, осыған байланысты адамдар мінез-құлқының саяси бағыттаушысы болып табылады. Дəл осы патриотизм адамның өз Отанында үстемдік ететін саяси билік жүйесін қолдауының немесе, керісінше, оған қарсы болып күресуінің негізгі себептерінің біріне айналады.

Осылайша, кеңінен ұғынылатын патриотизмнің саяси рөлі саяси қатынастарды тікелей реттеушілігінен көрінеді. Қоғамның саяси-əлеуметтік құбылысы ретіндегі патриотизм саяси билікке тікелей ықпал етеді; ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; саяси жəне саяси-əскери тұрақтылыққа қолдау жасайды; қоғамның саяси мəдениетін қалыптастырады жəне т.б.

Шынайы патриотизмді жаңғырту — Қазақстанды жаңғыртуға жасалған қадам. Дəл осы патриотизм халықтың рухани игілігі, қоғамдық сана мен қоғамдық жəне мемлекеттік жүйелер тұғырының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, олардың тіршілік əрекеті мен тиімді қызметінің рухани-өнегелік негізін құрайды.

Қазақстанда жаңа əлеуметтік құрылым орнықты. Қоғам тепе-тең əрі ұзақ мерзімді тұрақтылық күйіне енді. Бұл өзгерістер бұқаралық сананың жəне, сəйкесінше, патриоттық сананың ішкі феномендік құрылымдарының біржола түрленуіне алып келді. Бұқаралық та, патриоттық та сана иесі Қазақстан халқы болып табылады. Қазақстан халқы — тарих пен мемлекеттің өзегі, жəне де бұқаралық сана мен мінез-құлық субъектісі ретінде ол жаңа сапалық сипатта танылды. Іс жүзінде салыстырмалы тұрақтылыққа, экономикалық өрлеуге, билік үстемдігін бекітуге қол жеткізілді.

Осылай қазақстандық қоғам тұрақтылығының қуатты факторы ретіндегі патриотизмнің саяси- əлеуметтік маңызы аса зор. Оның біріктіруші, тұтастырушы, тұрақтандырушы роліне ешкім күмəн келтірмесі анық. Бұған қоса оның осы тұтастырушы, тұрақтандырушы маңызына күллі тарихи даму барысы айғақ бола алады.

Қазақстандық патриотизмнің негізі — ежелгі ұлттық салт-дəстүр, əдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дəуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыларға қазақ күресін де жатқызуға болады, себебі оқушыларды қазақ спорты, оның ішінде қазақ күресі арқылы патриотизмге тəрбиелеу мəселелеріне қатысты қорытындылар мен тікелей мектеп практикасындағы бапкерлердің іс-тəжірибелерінің нəтижелеріне сүйене отырып, біз орта мектептерінде қазақ күресі арқылы патриотизмге тəрбилеу — оқушылардың нақты іс-əрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп тұжырымдадық. Патриотизмге тəрбиелеу үдерісінің танымдық мəнін естен шығаруға болмағанмен, бұл іс əрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болғандықтан, оқытушылар жаттығу барысында, біріншіден, терең патриотизм — Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспеншілік; екіншіден — халықтар достығы идеясын ұстану жəне насихаттауға ынталанады. Себебі адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тəжірибесімен үндесіп жатуы тиіс.

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тəуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-əлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны жəне бұдан былай да мəңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың əрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тəуелсіздігін қорғауға жəне материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті «қазақстандық патриотизм» ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тəрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм — Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

Патриоттық қасиет, өзін елінің азаматымын деп сезіне білу, туған жерімен жəне халқымен тұтастығын түйсіну адамның мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең жоғарғы күш деп айтсақ, ақиқаттан аулақ кетпейміз.

«Патриотизм» ұғымы елдің тұтастығын қамтуға қызмет етеді жəне қоғамдық құрылысына, оның саяси мекемелеріне құрметті, өзін қоршаған ортаға халықтың ықыласы мен пейілін қамтиды [5].

Қазақстандық патриотизм қазақ халқына да, сол тəрізді, Қазақстан бірден-бір Отаны болып табылатын басқа халықтарға да тəн екендігін атап өткен жөн. Əлбетте, қазақстандық патриотизм қазақ патриотизмінен бастау алады, алайда ол Қазақстанның құрамына жаңадан еніп отырған басқа халықтарды да шарпиды. Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға болады.

Отаншылдық сезім адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-əлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мəдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ə.Назарбаев патриотизмді «əр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама- қайшылық туғызбау» деп белгілеген.

Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ «патриотизм» ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан «патриотизм», «қазақстандық патриотизм» деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тəрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан əдіс-тəсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма? — деген көптеген мəселелер туындап отыр.

Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мəселелердің бірі екені даусыз.

Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін əр ұлттар мен ұлыстар тек өз мəдениетін ғана танып-білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір- бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мəдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып-білуі шарт.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық тəрбиені қалыптастыруда ана тілі пəндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор [6].

Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік, қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық жəне мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бəрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз — Қазақстанда тұрып жатқан əр ұлттың мəдениеті, салт-дəстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз — ол Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дəлірек айтсақ, «идеология (идея жəне логия) — таптар мен əлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, құқықтық, философиялық, моральдік, эстетикалық жəне діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы» — деп, негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мəдениетінде, қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дəстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тəрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім əркімде əр кезеңде оянып, кейін кəмелетке келгенде біржола буыны қатып, тəжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар əсерімен қалыптасады.

Патриоттық сезім тұлғада тəрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тəрбиелеу мəселелерін зерттеген ғалымдардың біразының ғылыми-педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тəжірибелерін зерттеп бақылау нəтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тəрбиелеудің бағыттары төмендегідей мəселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; əр түрлі пəндерді оқытуда жəне тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тəрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тəжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.

Демек, патриотизм — қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.

Профессор Р.Б.Əбсаттаровтың атап көрсеткеніндей, «қазақстандық патриотизм тəрбиесі — бұл адамға оның бойында белгілі бір патриоттық көзқарастарды, пікір-пайымдарды, нормалар мен принциптерді қалыптастыру, сондай-ақ оны сол көзқарастар мен принциптерге сəйкес іс-əрекетке бағыттау мақсатымен əсер ету жүйесі. Патриоттық ұстанымдардың беріктігі айқын мақсатқа жетелейді, қазақстандық азаматқа ұлттық өмірге тар өріс аясынан тыс ұстаным тұрғысынан қарауға жəне қарапайым адамды екіұдай күйге түсіретін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді [7]. Сондықтан бүгінгі таңда біздің бүкіл патриоттық тəрбие жұмысымыздың міндеті — қазақстандық патриотизмді əрбір азаматтың өмірлік серігіне айналдыру.

Осылайша, Қазақстан патриоттарының сезімдері мен іс-əрекеттері Отанға (елге, Қазақстанға) жəне оның халқына бағытталған. Патриотизм — бұл саяси идеология, оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады. Бұл өз еңбегімен, жанкешті ерліктерімен елінің беделін арттырып, халқының абыройын асыратын қазақстандық азаматтардың күнделікті өмірінде пайда болады. Бірақ ол Отан мен Қазақстан халқына қауіп төнген сындарлы жағдайларда, əсіресе айшықты əрі қарқынды түрде туындайды. Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, сондай-ақ жауынгерлерді туған өлкені батыл қорғауға, өз халқының, елінің, Атамекенінің егемендігін, «құрмет көрсетіліп, қастерленуі» тиіс шекарамыздың бұзылмауын, қоғамдық құрылыстың мызғымастығын қамтамасыз етуге даярлайтын əскери қызметтегі жасампаз еңбегінен көрінеді.

Терең рухани ой-зерде, биік өнегелі мінез-құлық нəтижесі ретіндегі патриотизм іс жүзіне асыру үдерісінде жаңа сапалы мəнге — Қазақстан мемлекетінің əрбір адал азаматының саяси қызмет- қайраткерлігінің нышанына айналуда. Ол Қазақстанның гүлденуі, қазақстандық азаматтардың əл- ауқаты артуы жолында елімізді инновациялық жəне шығармашылық тұрғыдан өзгертуге ұмтылатын бүкіл саяси институттардың өмірі мен іс-қызметінің өзекті мəселесі болып табылады.

Біздің патриотизмнің белсенді, қайраткер, қарымды қыры адамдардың өз Отанының игілігіне, мемлекеттік билікті нығайтуға бағытталған іс-əрекеттерінен көрінеді, сондықтан тəуелсіз дамыған ел ретіндегі Қазақстанның қайта жаңғыруының саяси-патриоттық нышаны болып табылады.

Осы себепті, күрделі рухани жəне саяси-əлеуметтік құбылыс ретіндегі қазақстандық патриотизм Отанды қорғау, нығайту жəне гүлдендіру жолында онымен ажырамас тұтастығын саналы түрде ұғынатын тұлғаның руханилығы, азаматтығы жəне саяси-əлеуметтік белсенділігінің бірлігі болып табылады. Ал бұл кез келген мемлекеттің түбірлі саяси міндеті екендігі мəлім жайт.

«Ұлттық тағылым» деген ұғым — əр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тəрбие үлгісі, бала тəрбиесіне қолданылатын əдіс-тəсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тəрбие деген сөздің мағынасы əлдеқайда кең. Себебі ол бүкіл ұлтқа тəн қасиеттердің бəрін қамтиды. Оған əлеуметтік, тұрмыстық, шаруашылықтық, салт-сана, əдет-ғұрып, дəстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тəрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды, патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Государственная программа патриотического воспитания граждан Республики Казахстан на 2008–2010 годы. — Астана, — 10 с.
  2. Назарбаев Н.А. Казахстан — 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. —Алматы: Казахстан, 1997. — 176 с.
  1. Сəнік З., Садықан Б. Қаракерей Қабанбай батыр. — Алматы: Жазушы, 1991. — 174 б.
  2. Иманбетов А.Н. Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тəрбие беру: П.ғ.к. ... автореф. —Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. — 30 б.
  1. Қалмырзаев Ə. Қазақстандық патриотизм калай қалыптасады // Егемен Қазақстан. — — 10 қаңт. — № 6. — 2-б.
  2. Жарықбаев Қ., Қалиев С.Қ. Қазақ тəлiм-тəрбие тарихынан. — Алматы: Санат, 1995. — 350 б.
  3. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тəрбие. — Алматы: Бiлiм, 1995. — 232 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.