Желілік технологияларды бəсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға жəне оның мүмкіндіктерін əлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мəнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жəне ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Аталған бағыттарды дамыту үшін мамандардың біліктілігін жоғарлату қажет.
Мамандардың біліктілігін жоғарлату кез келген қоғамның экономикалық, əлеуметтік прогресінің жəне адам капиталы дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның маңыздылығы Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да айтылған [1]: «Техникалық жəне кəсіптік білім беруді реформалау техникалық жəне қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыс қажеттілігімен, Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуын іске асыру жөнінде қарқынды ауқымының артуы- мен, мəселелердің күрделігіне байланысты ғаламдық жəне білім экономикасына ақпаратты технологияның ұғынушы əсерімен өту жағдайларда жəне еңбектің ішкі мен сыртқы нарықтарда бəсекелестіктің артуымен туындалды. Бағдарлама адам ресурстарын дамыту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет саласының ұмтылыс жобалары үшін бəсекеге қабілетті күрделі құзыреттерімен жəне іргелі білімдермен кадрларды даярлайтын техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін құру жөнінде мемлекет өткізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады».
Қазіргі кездегі ақпараттық бағыттағы маман келесі талаптарға сай болуы керек: алған білімін желілік технологияларға тасымалдай алуы жəне пəндік облыстар бойынша ақпараттық ресурстар қалыптастыруы; білім берудің аймақтық қайнар көздеріне жол аша білуі, қазіргі таңдағы ақпараттық- технологиялық процестерді басқара білуі; білімді өз бетінше алу жəне жаңашыл технологиялар облы- сында біліктілікті жоғарлату дағдыларына ие болуы; ғылыми зерттеулерді жүргізудің əдістерін білуі; ұжымда жұмыс істей алуға, əр түрлі өзгерістерге бейімделуге, əлеуметтік тұтастылыққа қалыптаса алуы; демократиялық қоғам шарттарында өмірге деген қажетті құндылықтарды ажырата білуі, азаматтық жəне əлеуметтік борыштарға ие болуы керек.
Барлық аталған талаптарды оқу жоспарларында, əдістемелік материалдарда, білім беру əдістері мен құрал-жабдықтарында жүзеге асыру қажет. Кез келген мамандықтың оқу жоспары əр түрлі облыстарда мамандану мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей, еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне сай біліктілігін жоғарлатуға сілтемелер жасайтындай, білім беру қызметін көрсету нарығында талап ететін шарттардан құралатындай болуы керек. Нақты мамандықтар əрқашанда мақсаттарымен, қызметімен, сапалылығымен, білімділігімен, мақсатқа жету критерийлерімен, ақпараттық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Біздің елдегі маманданған білім беру стандарттары еңбек объектісі мен шығармашылық затына бекітілген маманның квалификациялық моделінің негізінде құрылған. Қазіргі таңда квалификациялық модельден компетенттік модельге өту тенденциясы байқалуда. «Компетенттік» ұғымы атқаратын қызметтерінің жəне шешетін проблемаларының күрделілік деңгейімен анықталатын қандай да бір əлеуметтік-маманданған мəртебедегі тұлғалардың білімі, дағдысы жəне іскерлігінің өлшемі ретінде түсіндіріледі.
Маманданған білім беруде компетенция базалық жəне маманданған болып бөлінеді. Маманданған компетенцияны арттыруда желілік технологияларды қолдануға бағытталу айқын көрінуде. Мысал ретінде дүние жүзінің барлық елдерін қамтып отырған ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларын, ішінара алғанда экономикада, ғылымда, білім беруде, мəдениетте, демалысты ұйымдастыруда пайдаланылып отырған əлемдік Интернет желісін алуға болады. Сарапшылардың айтуынша, 2010 жылға қарай əлемде Интернетті пайдаланушылар саны 2 млрд. адамнан асатын көрінеді.
Желілік технологиялар біздің өміріміздің қай саласы болмасын əсер етеді. Прогреске, дамуға тосқауыл қоюшы, баяулатушы — тек қана білім. Интернет-экономикаға бағытталған қазіргі технологиялық қауымдастық ақпараттық, əсіресе желілік технологиялар саласындағы жоғары дайындықты мамандарға зəру. Мұнда колледждер, университеттер курстарында алынған теориялық білімдер ғана жеткілікті болмайды, сонымен бірге тұрақты түрде жаңарып тұратын желілік телекоммуникациялық жабдықтарын жасаудың, орнатудың жəне пайдаланудың практикалық дағдыларын білу өте маңызды.
Осы қарқынды дамудағы индустрия саласындағы өте көп бос орындар көптеген телекоммуникациялық жабдықтарды жасайтын өндіруші компанияларды мамандардың біліктілігін арттыратын жəне оларды қайта даярлайтын өзіндік құрылымдарды жасауға итермелейді.
Білім беру саласында:
- желілердің сенімді жұмыс істеуі оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жəне мультимедиалық, интерактивтік құралдарды табысты қолданудың қажетті шарты болады. Сондықтан оқытушыларға желілік технологияларды білу, компьютерлік желілерді құру жəне жұмыс істеу негіздерін білу қажет;
- колледждердің ақпараттық мамандықтарының түлектері компьютерлік желілер саласындағы біліктіліктері мен дағдылары оларды бəсекелес етеді;
- қарапайым қолданушылар үй желісін құрып, оған əр түрлі құрылғыларды (мысалы, Bluetooth, IP-телефон, модем т.с.с.) қосып, оларды баптап жəне пайдаланып өзінің кəсіптілігін жоғарлата алады. Желілік технологиялар бойынша семинарлар сериясынан 1993 жылы апробациядан өткен «CiscoNetwork Academy» білім бағдарламасы өсіп шықты.
Мультимедиалық технологияларды сəтті үйлестірудің, оқытудың теориялық жəне əдістемелік жақтарын дұрыс пайдаланудың жəне «Cisco Systems» компаниясының қаржылық мүмкіншіліктерін қолданудың нəтижесінде «Cisco Systems» компаниясын IT-технологиясы аумағында қашықтықтан оқыту жүйесінде көшбасшылық рольге шығарды.
Бағдарламаның қызметі 170 елге тарады; 10000-нан астам академияларда оқыту əлемнің тоғыз тілінде жүргізіледі. 450000 оқушы орта, техникалық мектептерде, колледждерде, институттарда, уни- верситеттерде жəне басқа да бүкіл дүние жүзі бойынша білім жəне қоғамдық ұйымдарда құрылған академияларда оқиды.
Cisco Network Academy бағдарламасының міндеттері келесідей:
- колледж оқушыларына, студенттерге берілгендерді тарату желілерін жобалау, жасау жəне оған қызмет көрсету саласында мамандық беру;
- оқытушылардың біліктілігін жоғарлату;
- қарапайым қолданушылар үй желісін құру жəне қолдау үшін жеткілікті негізгі білім беру. Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер желілік индустриядағы сертификациялық білім стандарттары талаптарына сай квалификациялық емтихандарды тапсыруға жеткілікті ақпараттар көлемі мен тəжірибелік дағдыларды алып шығады.
Бірінші төрт семестр (280 сағ) аумағындағы бағдарлама Cisco Sertified Network Assosiate (CCNA) Cisco сертификациялық бағдарламасы құрамында сертификациялаудың бастауыш деңгейіне емтихан тапсыру үшін дайындайды. CCNA бағдарламасының екі нұсқасы бар: CCNA Discovery жəне CCNA Exploration.
Келесі төрт семестр Cisco Sertified Network Professional (CSNP) Cisco сертификациялық бағдарламасы құрамында сертификациялаудың екінші деңгейіне емтихан тапсыру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
Академиялардың үш түрі бар:
- Cisco академиялық оқу орталықтары (САТС).
- Аумақтық академиялар.
- Локалдық (жергілікті) академиялар.
Cisco академиялық оқу орталықтары «Cisco Systems» компаниясы таңдап алған аумақтық акаде- миялар болып табылады. Олар басқа аумақтық академиялардың инструкторларын оқытады, САТС инструкторлары өз кезегінде «Cisco Systems» компаниясында тікелей оқиды.
Аймақтық академиялар жергілікті академияларды құрады жəне оның жұмысына көмектеседі. Олар оқыту бағдарламасы, лабораториялық құралдар жəне жалпы бағдарламаға байланысты мəселелер бойынша жергілікті академиялардың инструкторлары үшін ақпараттардың негізгі көзі бо- лып табылады.
Жергілікті академиялар оқыту процесін жүзеге асырады. Оқытумен шұғылданатын мектептер, колледждер жергілікті академиялар бола алады.
Бүгінгі күні Қазақстанда академиялардың екі түрі — аумақтық жəне жергілікті жұмыс істейді. Алматы, Астана, Шымкент, Атырау жəне Қарағанды қалаларында 26 академия бар. Олардың 4-і аймақтық. «Cisco Systems» компаниясы Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде осы бағдарлама информатика пəндерінің бөлігі болу бағытында жұмыс істеп жатыр.
Cisco желілік академиялары бірнеше бағдарламалар ұсынады [2]. 1-суретте бағдарламалар ката- логы келтірілген бет көрсетілген. Біздің жергілікті академияда оқыту CCNA Discovery бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
CCNA Discovery қашықтықтан, интерактивтік жəне аудиториялық білім беруді қамтитын аралас бағдарлама болып табылады. Бағдарлама оқушыларды желілік технологиялар негіздерімен жəне желілер бойынша маман ретінде жұмыстың бастапқы кезеңінде қолдануға болатын дағдылармен қамтамасыз етеді. Бағдарламаны қазақ тіліне аудару бойынша бастамашылық басталды. Ағылшын- орыс-қазақша сөздік дайындалуда.
CCNA Discovery бағдарламасының ерекшеліктері:
- бағдарлама компьютермен жұмыс істеудің негізгі дағдылары қалыптасқан оқушылар үшін арналған;
- бағдарламаны орта мектептерде, кəсіби-техникалық училищелерде, колледждерде жəне уни- верситеттерде тəуелсіз курс ретінде немесе кең ауқымды курстың бөлігі ретінде қолдануға болады;
- бағдарлама тəжірибеге негізделген желілерді оқып-үйрену үшін өміршеңдігімен, қызметте өсуге бағытталуымен ерекшеленеді;
- бағдарлама желілермен күнделікті жұмысқа бағытталған жəне орта типі бойынша бөлінген желілердің кілтті концепцияларын қамтиды;
- бағдарламаға желілерді орнатуға жаттығулар кірістірілген;
- курстарды оқу процесінде оқушылар алған дағдыларын пайдаланады. Бұл түсінуді жеңілдетеді жəне ақпараттық, коммуникативтік технологиялар жəне оған жақын салаларда қосымша оқуды белсендіреді.
Бағдарламаның мақсаты жəне есептері:
- оқушыларға олардың өмірінде желілердің маңыздылығын түсінуіне көмектесу;
- жабдықтарды қолданып, үй жəне шағын корпоративті желілерді құруды жəне қолдауды үйрету;
- оқушылардың қызығушылығын туғызу жəне мəселені одан əрі оқып білу, желілік техноло- гиялар саласында қызметтік өсуді қамтамасыз ету;
- практикалық тəжірибе алуға көмектесетін интерактивті əдістерді қолдану арқылы оқушыларды бастапқы деңгей жұмыстарына əзірлеу;
- оқушыларға желілік технологиялардың фундаменталды концепцияларын беру;
- жұмыс істеуге жəне сертификациялық емтихандарға дайындау үшін компьютерлер мен желілік құрал-жабдықтарының өзара қарым-қатынас мүмкіншіліктерін ұсыну;
- күнделікті өмірде желілік технологиялардың маңыздылығын көрсету [3]. CCNA Discovery бағдарламасына төрт курс кіреді:
- Үй қолданушылары жəне шағын кəсіпорындар үшін желілер.
- Шағын жəне орта кəсіпорындарында жəне Интернет қызметін жабдықтаушыларында жұмыс істеу.
- Кəсіпорындағы маршрутизацияға жəне коммутацияға кіріспе.
- Компьютерлік желілерді құру жəне қолдау.
Үй қолданушылары жəне шағын кəсіпорындар үшін желілер
Курс бастапқы деңгейлі үй желілерінің монтажшысы лауазымында жұмыс істеу үшін қажетті оқушылардың дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар курс желілік техникке, компьютерлік техникке, кабельдер монтажшысына жəне техникалық қолдау қызметінің маманына қажетті кейбір дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бағдарламаға жергілікті желіде жəне Интернетте жұмыс істеу бойынша практикалық нұсқама кіреді. Компьютерлерді орнату, Интернет желісіне қосу, сымсыз құрылғыларды қосу, файлдарға жəне принтерлерге ортақ қатынауды баптау, сонымен қатар ойын консольдарын, сканерлерді жəне камераларды орнату бойынша лабораториялық жұмыстар орындалады.
Шағын жəне орта кəсіпорындарында жəне Интернет қызметін жабдықтаушыларында жұмыс істеу
Бұл курс оқушыларды желілік техниктер, компьютерлік техниктер жəне техникалық қолдау қызметінің мамандары ретінде жұмысқа дайындайды. Курста маршрутизациялау жəне қашықтықтан қатынау, адресациялау жəне қауіпсіздік негіздерінің сипаттамасы қарастырылады. Сонымен қатар курс оқушыларды электрондық пошта қызметін, желідегі кеңістікті жəне аутентификациямен қатынауды ұсынатын серверлермен таныстырады. Оқушылар техникалық қолдау қызметінің қызметкерлеріне қажетті программалық жабдықтармен танысады. Желілік мониторинг жəне ақаулықтарды болдырмау негіздері контексте қарастырылады.
Кəсіпорындағы маршрутизацияға жəне коммутацияға кіріспе
Бұл курс оқушыларды корпоративті желілер үшін жабдықтармен, қосымшалармен жəне хатта- малармен таныстырады. Коммутацияланатын желілерге, IP-телефония талаптарына жəне қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Сонымен қатар курсқа маршрутизациялаудың кеңейтілген хаттамаларының сипаттамасы кіреді, мысалы, шлюздер арасындағы ішкі маршрутизациялаудыңжетілдірілген хаттамасы (EIGRP — Enhanced Interior Gateway Routing Protocol) жəне ең қысқа жолды артық көру хаттамасы (OSPF — Open Shortest Path First). Жабдықтарды орнату, баптау жəне ақаулықтарды болдырмау бойынша практикалық жаттығулар орындалады.
Компьютерлік желілерді құру жəне қолдау
Бұл курс оқушыларды желіні жобалау процестерімен таныстырады. Жобалау процесімен таны- стыру үшін екі мысал қарастырылады: стадионның үлкен корпоративті желісі жəне кинокомпанияның орта желісі. Оқушылар əрбір желіні кеңейту жəне жаңғырту үшін жобалаудың стандартты процесін орындайды. Жобалау процесіне талаптарды жинау, сыналатын нұсқа жəне жо- баны басқару кіреді. Қызмет көрсету мерзімінде жаңарту, нұсқаларды талдау жəне сату алдындағы дайындық кезеңінде жүйені интеграциялау жүргізіледі [4].
«Packet Tracer» программасында орындалатын жаттығуларға жəне лабораториялық сабақтарға қосымша студенттер желіні жетілдіру бойынша ұсыныстарды құру кезінде орындайтын көптеген жазбаша жаттығулар жəне рөлдік ойындар келтірілген. Packet Tracer программасының жұмыс терезесі 2-суретте кескінделген.
Интерактивті оқыту материалдары сайтта орналасқан. Оқыту курсының интерфейсі электрондық оқулықтарға қойылатын талаптарға сай құрылған. Жұмыс аймағы 2 бөліктен тұрады. Сол жақ бөлікте теориялық материалдар келтірілген. Ал сол жақ графикалық, мультимедиалық материалдарды үлестіру үшін арналған. Əрбір курс бойынша материалдар тараулардан тұрады. Тараулар тақырыптарға бөлінген. Ал тақырыптар тақырыпшалардан тұрады. Тақырыптың немесе тақырыпшаның (көлеміне байланысты) жаттығулар келтірілген. Дағдыларды қалыптастыру үшін тəжірибелік жəне лабораториялық жұмыстар ұсынылған. Əрбір тақырып соңында оқушы өзін-өзі тексеру үшін арналған тестілік тапсырмаларды орындау қажет.
Оқулық бойынша навигация ыңғайлы түрде ұйымдастырылған. Ағымдағы беттен курстың құрылымын көруге, керекті терминді іздеуге, глоссарийді пайдалануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар бет мазмұнын ағылшын тілінде көруге болады.
Тарауды оқып болған соң оқушылар тарау бойынша on-line режимінде тест тапсырады. Тест тапсыру үшін 1 сағ уақыт беріледі. Тест аяқталуына дейін қалған уақыт Web-бетте көрсетіліп тұрады. Тесттер түрі — ашық. Тек бір дұрыс жауабы бар сұрақтар 2 балмен бағаланады. Екі немесе үш дұрыс жауаптары болатын сұрақтар сəйкесінші 2 немесе 3 балмен бағаланады. Тест нəтижесінде жалпы балл саны, жиналған балл саны жəне жиналған балл санының пайызы көрсетіледі. Егерде тест сұрақтарына жауап беру кезінде байланыс үзілсе, сайт серверінде оқушы жауап беріп үлгерген сұрақтардың жауаптары сақталады.
Кейбір жағдайларда практикалық жəне лабораториялық жұмыстарды лабораториялық жабдықтарда орындауға мүмкіншілік болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда оқушы «Cisco Systems» компаниясы құрған «Packet Tracer» программасын қолдануға болады. Бұл программа — желінің прототипін құру үшін қолдануға болатын модельдеу құралы. «Packet Tracer» программасы желілік технологияларды құруға, оларды құрылғылар арасында пакеттер жіберу арқылы тестілеуге жəне желіде қолданылатын хаттамалардың əрекеттестігін бақылауға мүмкіндік береді.
Əрбір курсты аяқтағаннан соң оқушы нəтижелік лабораториялық жұмыс орындайды жəне нəтижелік тест тапсырады. Сонан соң оқушыға курсты аяқтау туралы сертификат беріледі.
Төрт курсты аяқтаған соң сертификациялық емтиханды тапсыруға болады. Қазіргі кезде сертификалық емтиханды Алматы, Астана қалаларында арнайы PearsonVue тестілеу орталықтарында тапсыруға болады.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2008 жылдың қазан айында жергілікті академия ашылды. Қазіргі кезде бұл академияда 12 инструкторлар осы бағдарлама бойынша оқытады, жергілікті академияда 100-ден астам студенттер бар. Биылғы жылы аймақтық ака- демия статусын алу жоспарлануда.
Сонымен, желілік технологиялар саласында мамандардың біліктілігін жоғарлату білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, мемлекеттің, бизнестің, қызмет саласының ұмтылыс жобалары үшін бəсекеге қабілетті күрделі құзыреттерімен жəне іргелі білімді кадрларды даярлайды.
Əдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
- http://cisco.netacad.net
- Аmаtо Vito. Cisco Networking Essentials. — Vol. 1 // Curriculum Development Team. Worldwide Education. — Cisco Press, 2000. — 512
- Todd Lammle. CCNA Cisco Certified Network Associate Study Guide Second Edition. — SYBEX Inc., 2000. — 535