Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дербес компьютердің сыртқы құрылғыларын анықтау ерекшеліктері

Қоғамды ақпараттандыру процесінде алдымен білім беру саласын ақпараттандыру көзделген. Білім беру саласын ақпараттандыру — білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл шаралардың арқасында ақпаратты-оқу, экспериментті-зерттеушілік қызметтерін, ақпаратты өңдеу бойынша əр түрлі қызмет түрлерін, білімді табу іскерлігін қалыптастыру, оқушының интеллектуалды потенциалын дамытуға бағытталған оқытудың əдістемелік жүйелерін құру іске асады.

Қазақстан Республикасының Президентінің білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы елді əлемдегі дамыған елдердің қатарына шығу жолындағы маңызды қадамымен ұсынылады.

Білім беруді ақпараттандыру — ақпараттық қоғам өміріне оқушыларды дайындау, республиканың біртұтас ақпараттық-оқыту кеңістігін ұйымдастыру, əлемдік ақпараттық кеңістікке ену сияқты міндеттері бар көп аспектілі мəселе. Сонымен қатар берілген мəселенің өзіндік мəні бар. Ақпараттандыру негізінен білім берудің қайта қалыптасу құралдарының маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады. Білім беру шегінде прагматикалық тар мамандандырылған — түбірлі пəнаралық білім алуға, синергетика мен педагогикалық кибернетикаға негізделген жаңа əдістеме идеяларын таратуға берілетін бағдарламаларды қайта қарастыру жүргізіледі.

Ақпараттандырудың соңынан білім беруге бағдарланған индустрияның мақсаты пайда болады: компьютерлерді, жинақтамаларды, шығын материалдарын, периферийлік құрылғыларды, телекоммуникациялық жабдықтарды, жөндеу мен сервистік қызмет көрсетулер жүйесін дамытуды өндіру. Психология мен педагогиканың ақпараттық адамға əсер етуімен, дамытуға арналған ақпараттық технологияны қолданумен, балаларды оқытуға мен тəрбиелеуге, білім беруді ақпараттандыру кезіндегі заң шығаруды философиялық жəне құқықтық ойлау негізінде қазақстандық қоғамының ақпараттық фазаға ауысуының басындағы əсер етумен байланысты жаңа бағыттарға сұраныс пайда болады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» мамандығы бойынша білімгерлердің «Компьютер сəулеті» пəні бойынша білімін жетілдіру мақсатында арнайы курс оқу үдерісіне енгізілген. Осы арнайы курстың тақырыптары бойынша зертханалық жұмыстар жасалды. Біз бір зертханалық жұмыс мазмұнын келтіріп отырмыз.

Бұл мақалада дербес компьютердің негізгі құрылғылары қарастырылады. Арнайы курстың мазмұнын жетілдіру мақсатында дербес компьютердің құрылғыларын екі тəсілмен анықтауға болады.

Зертханалық жұмыс 4 сағатқа арналған: 2 сағаты қысқаша теориялық білімдерін қалыптастыруға, қалған 2 сағаты компьютерде өз бетімен жұмыс істеуге арналған. Зертханалық жұмысты тапсыру бақылау сұрақтары арқылы жəне дербес компьютердің конфигурацияларын анықтап, əр білімгер өзінің «ДК толтыру қағазымен» анықталады. Зертханалық есептеменің мазмұны:

  1. Дербес компьютердің сыртқы құрылғыларын мынадай тəсілдермен анықтап, кестені толтыру. BIOS, msinfo32 жəне «Мой компьютер» арқылы орындау (кестені қара).
  2. Кестені «Дербес компьютердің конфигурациясы» кесте бойынша толтырамыз.
  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Зертханалық жұмысты орындауда білімгерлердің өткен тақырыптарды есіне түсіру мақсатында қысқаша теориялық негіздері беріледі.

Принтерлер ақпараттың қатты тасымалдауына шығаруға арналған, көп жағдайларда олар қағазға шығарылады [1]. Принтердің үлгісінің көптеген түрі бар, оларды қызмет принципіне, интерфейсіне, өндіргіштігіне функционалды мүмкіндіктеріне байланысты өзгертеді.

Мұнда басқа бірнеше инеден құралған матрицаның баспа торабында енгізудің көмегімен жасалған. Қағаз валының көмегімен принтерге енеді. Қағазбен баспа торабының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лентаны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады, баспа торабында орналасқан инелерді электромагнит басқарады. Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке əріптердің белгіленуінің т.б. кодтары сақталады. Бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені, қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды.

Ең бірінші бүріккіш принтер «Hewlett Packard» фирмасы шығарды. Қызмет принципі матрицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына капиллярлы шашыратқыш жəне сия резервуары орналасқан.

Орташа енгізілген саны 16-дан 64-ке дейін, бірақ шашыратқыш саны қара сия үшін 300-ге дейінгі үлгілер бар, ал түрлі-түсті де 416-ға дейін. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді (картридж), оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш принтерлер картридждерді ақ-қара жəне түрлі-түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Лазерлі принтер фирмасы «Hewlett-Packard (HP)» HP OfficeJet G55 (принтер/сканер/копир). Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Сапасы фотографикалыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппараттардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сəулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді жəне барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боя- латын (ұнтақтың) қабаты себіледі (тонер). Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүктелерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді жəне оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан заряд- талып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден таза- ланып жаңадан қолданылады [2].

Түрлі-түсті баспа кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі-түсті тонердің арала- стыруы құрылады. Əр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі. Түрлі-түсті лазерлі принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі электронды құрал болып табылады. Атақты принтер өңдipеуші фирмалар: Hewlett-Packard (АҚШ), Epson (Жапония), Canon, Lexmark.

Сканер — компьютерге бір түсті немесе түрлі-түсті бейнeлерді, графикалық жəне текстік ақпаратты есептеуге мүмкіндік беретін құрал. Сканерді тексті немесе графикалық бейнені ары қарай жасау үшін компьютерге енгізу қажеттілігі кезінде туады.

 Сканердің негізгі қызметі — CCD-матрица (Charge Coupled Device — зарядталған байланысы бар құрылғы) немесе PMT (фотомножитель). CCD-матрица — сыртқы шиеленіс қатысуымен жарыққа əсер ететін диод жиынтығы. Матрицаның сапасы бейнелерді тану сапасына тəуелді. Арзан үлгілер түстің ба- рын, жоқтығын таниды, күрделі үлгілер — сұрғылт түсті, ал өте күрделісіне барлық түстер жатады. Сканерленетін объект ксенондық лампамен немесе светодиодтар жиынтығы арқылы жарықтанады. Жарықталған сəуле айна немесе линза жүйелерінің көмегімен CCD-матрицасына беріледі. Жарықтық жəне сыртқы шиеленіс ықпалы бетінің ауыстырылуына жəне əр түрлі элементарлы фрагменттің бейнесінің қарқындылығына байланысты өзгеретін матрица аналогты сигналды тудырады. Сигнал цифрланып, компьютердің есіне берілетін аналогты-цифрлі жаңғыртуға береді.

Сканерленетін əдісімен ажыратылатын оригинал санына жəне оптикалық жүйе сапасына сəйкес көптеген сканердің үлгілері бар. Ауыстырылу əдісіне байланысты сканерлер планшетті, барабанды жəне қолды болып бөлінеді.

Сканер кез келген объектіні жеке нүктелер пикселдер жиынтығы деп қарастырады. Пикселдің тығыздығы (саны бірлік көлемге) сканердің шешуші қабілеттілігі деп аталады жəне dpi-да өлшенеді (dpi— дюймдағы нүкте). Пикселдер бейнені құра отырып, қатар бойынша орналасады. Сканерлеу процесі қатар бойынша жүреді жəне барлық қатар бір уақытта сканерленеді. Жай сканерлеудің шешуші қабілеттігі 600–1200 dpi-ді құрайды. Бейне нүктелерінің жанында орналасқан математикалық құру параметрлерінен қолдану программалық жолға жетудегі интерполяционды шешуші қабілеттікте үлкен мағына көрсетіледі [3].

Сканерленген материалдың сапасы оптикалық шешуші қабілетке байланысты: фотожиынтық ма- шинасында басылатын көркем суреттерде шешуші қабілет 1200–1400 dpi-ді құру керек. Лазерлі немесе бүріккіш принтердегі суреттерді шығару үшін 300–600 dpi, суретті монитор экранында көру үшін — 72– 150, тексті тану үшін 200–400 dpi қажет.

  Дербес компьютердің конфигурациясы (мысал үшін) К е с т е

Түстердің көрсету тереңділігі оригиналды цифрлы формаға құру кезінде кез келген сурет пикселі туралы мəлімет сақтайды. Жай сканерлер түстің барын не жоғын анықтайды да нəтижелі сурет ақ-қара түсті болады. Пикселдерді көрсету үшін 1 разрядтың өзі жеткілікті қара түс пен ақ түс арасында сұрғылт түсті беру үшін ең аз, дегенде 4 (16 түс) немесе 8 разряд (256 түс) керек. Қазіргі көптеген түрлі-түсті ска- нерлер 48 разрядты түсті ұсынады жəне суретті сапалы түрде сканерлеуге болады. Негізгі сканер өңдіруші фирмалар Hewlett-Packard, Epson, Canon, Mustek болып табылады.

Дисплей (монитор) — деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол ақпаратты шығарудың ең таны- мал құрылғысы болып табылады [4].

Монитор экранындағы кескін вакуумдық қолбаға тығындалған, өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сəулеге түсіру, яғни сəуле арқылы қарап байқау, нəтижесінде пайда болады. Түрлі-түсті кескінді алуы үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл, жасыл жəне көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті) жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сəуле экранда бір нүктеге тоғысып, кескін анық көрінуі үшін люминоформның алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқа — панелін қояды. Монитордың бір бөлігі вертикалдық сыммен жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та, қанық əрі жарық болуын күшейтеді [5].

Бұл мақалада «Компьютерлік сəулет» пəнін толықтыру мақсатында қолданылатын кейбір мəселелер келтірілді. Жалпы арнайы курс 2 кредитті қамтиды. Дəріс материалдарына 1 кредит, зертханалық жұмысқа 1, өзіндік жұмысқа 1 кредит бөлінген.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне-, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық окулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дəстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Балакай В.Г. Интегральные схемы аналогово-цифровых преобразователей. — М.: Энергия, 2004. — 300 с.
  2. Мураховский В., Евсеев Г. Железо ПК.— М.:ТехБук, 2003.— 688 с.
  3. Трасковский А.В. Секреты BIOS. — СПб.: БХВ-Петербург, 2004. — 400 с.
  4. Васильев Станислав, Вонг Адриан. Полные настройки BIOS. 3dnews.ru/cpu/bios.
  5. Якусеевич В.В. BIOS Setup. Полное руководство.— М.: Альтекс-А, 2007. — 250 с.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.