Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жауынгерлік өнердің дамуындағы ұлттық ойындардың рөлі

Қазақ халқы — материалдық (қазба байлық) мұраға қоса мəдени-рухани қазынаға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындарды бүгінгі замандастарымыз бен жас ұрпақтарымыздың оқып- үйірене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық бол- мысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білуіне, дəстүрлер жалғастығын өрістете отырып, өткен мен бүгінін байланыстыра білуіне септігін тигізбек.

Қазіргі тарихи ғалымдардың дəлелдеуі бойынша, күні бүгін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласы жаратылған күннен, демек Қазақстан жеріне қалыптасқан алғашқы қауымдастық құрлыстан басталады.

Міне, бізге жетіп ойыналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі аламан бəйге, əр түрлі құмалақ ойындар, садақ ату, қараиге (найза лақтыру), күрес, сайыс, тағы басқалар шамамен 5000 жыл бұрын ойналғаны жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей: «... бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтар арасында тарағанға ұқсайды»,— дейді.

Бұл пікірді растап, италия саяхатшысы Марко Поло Жетісу бойына жасаған сапарында көрген

«Қызбөрі» ойыны да Қазақстан аумағындағы тайпалардың пайда болған кезінде, яғни таптық қатынаспен бірге, туындағаны, жайлы жазады. Ұлттық ойындар халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты туып, дамып отырғандығына қазақ халқының ұлттық ойындармен таныса отырып көзім əбден жетті [1].

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Əуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше ерекше мағыналары болған», — деп тегіннен тегін айтпаса керек [2].

Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мəнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған жəне халықтың дəстүрлі шаруашылық-мəдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған. Əрине, ойын өнер ретінде əдебиет пен мəдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.

Ұлттық ойындар балалардың батылдық, ептілік, ұйымшылдық, жауапкершілік, төзімділік, халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік тəрізді жақсы қасиеттерін дамытады.

Ұлттық ойындарды екі топқа бөлуге болады. Олар қимыл-қозғалыс жəне спорттық элементтері бар ойындар.

Басқа халықтар сияқты, қазақтардың да ұлттық ойындарының пайда болуы мен даму тарихы тым əріден басталады. Оның тұрмыс-тіршілігінде салт, ғұрып, дəстүрлеріне байланысты жиын- тойлар, басқосулар ерекше рөл атқарған. Оларға үйлену тойы, жас нəрестенің дүниеге келуі, жауды жеңуге байланысты той-думандар мен басқада көптеген ұлттық мерекелерді жатқызуға болады. Осындай жиындарда бəйге, күрес, сайыс, көкпар сияқты түрлі ұлттық ойындар өткізілді.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының ішіндегі ең көп тараған ат спорт ойындары екені сөзсіз. Бəйгі — қазақтың ат спорт түрлерінің ішіндегі халық арасына ең көп тараған түрлерінің бірі.

Бəйгі алысқа шабатын — аламан, жақын жерге шабатын ұшқыр бəйге болып бөлінеді. Бəйгінің бір ерекшелігі — ойлы-қырлы, дөңесі бар жерлермен өткізілетіндігінде.

Қыз қуу — бұл ұлттық спорт ойындарының ең қызықты əрі өз ерекшелігі бар ойын түрі. Ол дене жаттығу ретінде біздің дəуірімізден бұрын пайда болған. Алғашқы кезде оның соғыстық маңызы болған. Қыз жауынгерлерге бірсыпыра шарттар қойылған. Олардың бірі — ат жарыстыру. Егер жауынгер ұтылып қалса, ол қызға үйлене алмайтын болған. Өте ертедегі кейбір əдеттер ХХI ғасырға дейін ұмытылмай келген.

Ұлттық ат ойыны, аламан бəйге алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастаған, жеке меншік үстем еткен, тонаудың құралына айналған соғыстар шыға бастаған кезде пайда болды деп жорамалданады [3].

Тарихи əдебиетте соғыстың бір түрі қарулы атты жасақтың шабуылы — аламан деп аталады. Шабуылға қатысушы Жауынгер аламан аталған. Ол жақсы қару-жарағымен бірге, салт жүруді жете білуге тиіс болған. Аламандықтың бейнесі ретінде ат спорт жарыстары — аламан бəйге қалыптасып дамиды. Оның мақсаты ұрысқа епті, қиындыққа төзімді аламандарды-жауынгерлерді тəрбиелеу еді.

Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың негізгі кəсіптерінің бірі — аңшылық, келе- келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен ролін анықтайды. Осыдан барып тайпа аңға шығарда жасаған «дайындық жаттығулары негізінде «қараиге» ойны пайда болады. Бұндай ойындарды бала кезінен ойындардың арқасында көшпелі тайпалалардың əскерлері соғысқа мықты, төзімді, найза лақтырғанда мерген кесек батыр тұлғалы болып келді, олар жекпе-жекте жауларын оңайлықпен дес бермеген.

Қамшы — қорғануға, қарсыласын алып жығуға арналған суық қару. Қамшыгерлік — қорғана білетін жəне жауын жайратып салатын машық (мамандық).

Қамшы — əркімнің қолында жүретін жабдық жəне елеусіз суық қару. Бірақ қолында қамшы жүргенімен, оны қару ретінде пайдалану көрінгеннің қолынан келе бермейді. Қамшылы адам — сырттай қарағанда қарулы адам. Ал қамшыгерлер өздерін «елеусіз қаруға иемін» деп санайды. Халықтың салт-заңында қамшыгерлердің қарапайым адамды қамшымен ұруына тыйым салынған [4].

Бұл спорттық ат ойындарының қайсысы болмасын жігіттердің күштілігін, қайраттылығын, ат үстіндегі шеберлігін байқатады.

Ат ойындарының тəрбиелік маңызы мұнымен ғана шектеліп қойған жоқ. Көшпелі халықтың белгілі бір жүйеге келтірілген тұрақты бір армиясы, əскери құрал-жабдықтарын арнайы жасайтын кəсіпорындары болмағанын біздер тарих пен халық ауыз əдебиетінен жақсы білеміз. Демек көшпелі халықтың өз алдына дербестігін қорғап қалуы бес жастағы баладан сексендегі қарияға дейін ат құлағында ойнайтын қанына сіңген жауынгерлік қасиетінен болған десек, ешбір қателеспейміз. Дəлірек айтқанда, кезіндегі əскерлердің соғыс тəсілдері мен айласы тек ат үстінде жүріп, садақпен көздегенін мүлт жібермеуінде, қылыштасып жəне найзаласып білуінде болған.

Міне, күні бүгінгі біздерге жеткен толып жатқан батырлар жырлары мен эпостар осыны жырлайды. Тіпті садақ, қылыш, найзаны былай қойғанда, қазақтың алты, сегіз, он екі өрімді қамшысы да соғыс қаруы болған. Ол өзінің қарсы келген ат үстіндегі жуан емес, тіпті оның астындағы атының маңдайынан қамшымен ұрып құлатып отырған.

Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңдері мен этнографиясы, ойын-сауықтары мен мəдениеті жайындағы деректер ХІІІ–ХVІІІ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақ жерінде болған Еуропа саяхатшылары еңбегінде жинақталған. Оны алғаш Еуропа жұртшылығына таныстырған италия саяхатшылары Плано Карпини пен Марко Поло, Вильгельм Рубруктер екенін білеміз.

Қазақтың ұлттық ойындарының көбі əскери-қолданбалы жаттығу түрінде қалыптасып дамыған, атап айтқанда: күрес, сайыс, садақ ату, қараигi (найза лақтыру), теңге алу, қыз қуу, аламан бəйге т.б.

Жиһангер Марко Поло: күрес өнері сақ елінде өркендеп, өсіп, əскери-қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын жəне жігіттермен бірге қыздардың да күрескенін жазған [5].

Рим папасы Иннокентий IV тапсырмасымен монах Плано Карпани 1243 жылы Ватиканнан шығып, 1246 жылы Қарақорымға Күйiк қаһанға жеткен едi. Карпани тек қазақ жерiнiң өзiмен түстене-жастана жүрiп отырып бiр жылдан астам уақыт сапар шектi. Осы сапар жайлы жолжазбаларында ол көшпендiлердiң сол кездегi тұрмыс-салты туралы жан-жақты мол мəлiметтер қалдырды. «Жiгiттерi шетiнен мерген, нысанаға алғандарын қалт жiбермейдi», — дей келе Карпани, — Балаларын екi-үш жасында атқа отырғызады, қыздары мен əйелдерi де атта жақсы шабады.

Олардың жылқы түлегiне деген сүйiспеншiлiгi мен көзқарастары ерекше, басқа мал түлiктерiн де жақсы күтедi, ер-тұрман мен ат əбзелдерiн əшекейлеуге ерекше назар аударады, əйелдерi садақты жiгiттерден кем тартпайды, еркектерiнiң қару-жарақ жасау мен малға қараудан басқа жұмыстары жоқ.

Кейде аң аулайды. Бiр ғажабы, олардың еңбектеген балаларынан бастап еңкейген қарттарына дейiн шетiнен аңкөс, əрi мерген. Əсiресе ат үстiнде ұзақ жүрудегi шыдамдылықтарына таң қалмасқа болмайды, мұнда да əйелдерi ерлерiнен бiрде-бiр кем түспейдi», — деп жазады.

«Садақ, оның кермесі, жебесі, — дейді Ф. Энгельс, — сол кездің өзінде-ақ ең күрделі қару болып, алды бұл қаруды ойлап шығару, ұзақ уақыт жинақталған тəжірибенің, өткір ақыл ой күшінің болғандығын көрсетеді, олай болса, жұрттың сонымен қатар толып жатқан басқа өнерлерді де білгендігін көрсетеді»», — деп айтқан [6].

Ұлттық ойын садақ ату (жамбы ату) алғашқы да əскери қолданбалы өнерде мергендікке машықтану мақсатында қалыптасып дамыса, бүгінде ұлттық спорт ойыны бағытында дамып отыр.

Ата-баба дəстүрi арқылы қанымызга сiңген күрес, сайыс, найзаласу, садақ ату, бетпе-бет келген қарсыласының жанды жерiне соға бiлу көшпелi өмiрде дене тəрбиесiнiң күрделi болғанын бiлдiредi.

Тартыс — қарусыз айқас өнерi. Қарусыз айқас шығыс халқына тəн жəне танымал өнер. Қазақ қарусыз айқаса бiлген. Қарусыз айқасу элементтерi ат үстiнде отырудан, асауды бұғалық лақтырып ұстаудан, қойды қуалап ұстаудан, малды пышақсыз реп союдан, бұқаны мүйiзiнен ұстап ұрып құлатудан, шалғы тартудан, қол диiрмен тартудан, малдас құрып отырудан құрылады, солар арқылы ширатылады.

Біз ұлттық ойындарымыздың қалыптасып даму тарихын зерттеп саралай келе, қазақ халқының жауынгерлік өнерінің дамуы мен жетілуінде ұлттық ойындардың маңызы өте зор болған деген қорытынды жасауымызға мүмкіндік туды.

Олай деп сенімді түрде айтуымызға қазақ халқының ұлттық ойындарының қолданбалы — дене тəрбиесіне жатуымен қатар əскери-қолданбалы өнер ретінде халық арасында əскери өнердің элементеріне машықтануға мүмкіндік тудырып отырған.

Қазақ даласында əр түрлі қызық той-думандар ұйымдастырылып өткізіліп отырғандығы, онда халықтың көңілін көтеру үшін көптеген ұлттық ойындар ойыналғандығын білеміз.

Бұл, бір жағынан, халықтың көңілін көтеру болса, екінші жағынан — палуандар күресінде алып күш иесі анықталса, жамбы атуда мергендік сыналса, көкпар жəне сайыс ойындарында ат үстінгегі шеберліктерімен күштіліктері сынға түссе, қыз қуу мен теңге ілуде ат құлағында ойнайтын ептіліктері анықталған, бəйгеде аттың жүйірігін таңдауға мүмкіндік беріп отырған.

 Ұлттық ойындардың жауынгерлік өнердің дамуындағы қызметі К е с т е  

   Біз осы алынған нəтижелерімізді саралай келе (кестенi қара) ұлттық ойындардың қайсысы қандай жауынгерлік өнердің дамуында қандай рөлін атқаратынын анықтауымызға мүмкіндік алдық.

Бұл дегенміз қазақ даласында жауынгерлік өнерге машықтануға болатын дала мектебінің болғандығына айқын дəлел. Осындай ұлттық ойындарды үнемі жылдық төрт мезгілінде бірдей дамытуға болатыны, əрі азаматтарымыздың əрдайым өздерінің əскери машықтарын ойын-сауық барысында əрдайым жетілдіріп, шыңдауларына мүмкіндік болып отырғанының негізі.

Халқымыз жасөспірімдердің ержүрек жауынгер болып өсу үшін төмендегідей ойындар ойынатқан:

  • тартыспақ — арқан тарту, садақ тарту, көкпар тарту, аударыспақ т.б.;
  • шабыспақ — қылыштасу, семсерлесу т.б.;
  • тастамақ — арқан тастау, шалма түсіру, бұғау салу т.б.;
  • атыспақ — тас ату, найза лақтыру (қараиге), тұмақ ұру т.б.;
  • алыспақ — белдесу, күресу, жұдырықтасу т.б. [7].

Ұлттық ойындар халық педагогикасының құрамдас бөлімі ретінде, өзін дүниеге əкелушілердің есеюіне, ақыл-ойының жетіліп, өмірге құштарлығының артуына, дене қуатының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып жетіле түсуіне игі əсерін тигізеді. Ұлттық ойындардың осы қызметін жақсы тани білген өркениетті елдер оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, оны жиып-теріп қағаз бетіне түсіріп зерттеу нысанына айналдырып келе жатқаны баршаға аян.

Қазіргі кезде де қазақтың қимыл-қозғалыс, тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой-қиял ұшқырлығына, бірлесіп атқаратын қимылдар үйлестігіне баулитын ойындарды тəрбие жүйесіне енгізілуде. Олар тек дене шынықтыруға ғана емес, жас ұрпақтың, туған халықтың өткен жолын, тарихын, тілін, əдет-ғұрпын жақынырақ білуге де көмектеседі.

Ұлттық ойындар балалардың батылдық, ептілік, ұйымшылдық, жауапкершілік, төзімділік, халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік тəрізді жақсы қасиеттерін дамытады.

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Ұлттық ойындарды өткізу мына кезеңдерден тұрады.

Ойынды байндау

Ұлттық ойындар халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, тот баспайтын, өмірге үздіксіз келіп жататын ұрпақ арқылы жаңара беретін бөлігі болып табылады. Сондықтан оның атқарар қызметінің өрісі кең, салмағы ауыр.

Ол салауатты өмір салтын мұрат тұтқан, елі мен жерінің қамын ойлайтын ұлтжанды, отансүйгіш патриот, адам баласын бауырым деп өзіне тарта білетін, жолдастық пен достықты бағалай алатын, басқадан үйренуді жатсынбайтын жаңа адамды тəрбиелеп қалыптастырудың қуатты құралы.

Ұлттық ойындар – жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын ұлтқа тəн рухани қазына. Ұлтқа тəн дейтініміз, ұлттық ойындары сол ұлттың өсіп жетілу барысында пайда болып, оның мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналып, ұлттық болмысымен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі əсерін тигізетін, ұлттық ерекшеліктің бір қыры болып табылады.

Ұлттық ойындар балалардың батылдық, ептілік, ұйымшылдық, жауапкершілік, төзімділік, халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік тəрізді жақсы қасиеттерін дамытады.

Дене тəрбиесі жұмысы барысында балаларға интернационалдық тəрбие беру мақсатымен тек қазақ халқының ұлттық ойындапры ғана емес, басқа халықтардың ойындарын пайдаланған орынды.

Ұлттық ойындарды ұйымдастыру, өткізу жұмысында, ұстаздардың көңіл бөлетін негізгі кезеңдерінің бірі балалардың ойын тəртібін қатаң сақтауын қадағалау болып табылады. Ойын тəртібін сақтау балаларды адалдыққа тəрбиелейді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тиникеев М. Мир национального спорта. — Алматы: Қайнар, 2001. — 305 с.
  2. Усин Ж. Қазақтың ұлттық ойындарының пайда болуы жəне даму тарихы // Ұлағат. — 2006. — № 5. — 65–70-б.
  3. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Қайнар, 1994. — 144-б.
  4. Жəнібекұлы Р. Қамшыгерлік // Sport kz. — 2006. — 5 қант. — 7-б.
  5. Марко Поло // М.: Госиздат.геогр. лит. — 1955. — С.
  6. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары — шетел ғалымдарының көзімен / Зерде. — 1991. — № 10. — 12–20-б.
  7. Нақыбай Г. Ұлттық ойындарды игерту // Биология жəне салауаттылық негізі. — 2003. — № 3. — 17–21-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.