Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Салық мəдениетін қалыптастырудың тарихи-педагогикалық аспектілері

Қазіргі еліміздегі əлеуметтік-экономикалық өзгерістер жастардың жоғарғы деңгейдегі экономикалық мəдениетін талап етуде. Осыған орай экономикалық мəдениеттің бір бөлігі ретінде салық мəдениетін қалыптастыру кезек күттірмес мəселеге айналуда, ол арнайы құжаттарда да белгіленген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында «заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жəне өзге де міндетті төлемдерді төлеу əркімнің борышы əрі міндеті болып табылады» деп көрсетілген.

Салық мəдениетін қалыптастыру мəселесінің зерттелуін тарихи деректерінен бастасақ, сонау Əмір Темір (1333) басқа деректерде (1336) заманынан бастауға болады. «Темір жарғысының» маңызды элементі — экономикалық мəселелер. Ол негізінде объективті көрсеткіші бар салық салу жүйесін жасап шығарды.

Темірдің салық жинау принципі: ауқатты салық төлеуші мемлекетті байытады деген. Сондықтан да ол жер өңдеу ісіне, кедейленген жер иесіне қатты көңіл бөлді, жер өңдейтін құрал-саймандар бөлді, арықтың, жолдың дұрыс күйде болуын қадағалады, көпірлер, керуен сарайлары салынды, саяхатшылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Демек, сонау заманнан бастап, салық жүйесінің қалыптасуына негіз салынған [1].

Салықтар — бұл ертеде пайда болған, мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер. Салық мəселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас ХVІІ–ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дəлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» (1662), Д.Рикардо «Салық салу жəне саяси экономияның басталуы» (1817), А.Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу» (1776) [2].

А.Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі.

Ф.Аквинский (1226–1274) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады.

К.Маркс: «Салық — бұл меншік, жанұя, тəртіп жəне дінмен қатар жүретін бесінші құдай», —деп анықтады.

АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері жəне ғалымы Бенджамин Франклин (1706–1790) «бұл өмірде ешқандай нəрсеге толық сенімді болуға болмайды, тек өлім мен салықтан басқа құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.

Шарль Монтескье (1689–1755) ризықтың қанша бөлетін бодандардан тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен негіздеген.

Өркениеттің одан əрі қауіпсіз жəне тұрақты даму үрдісінің перспективалы бағытына білімге негізделген даму жатады. Яғни əлемнің түкпір-түкпіріндегі жəне жеке елдердің дамудың тарихи тəжірибесі мен ерекшеліктерін көрсететін жеке əрі жалпы жаһандық білімнің үнемді, ұтымды дамуы мен тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Өзінің тəуелсіздігін жəне дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, əрі күшті қаржылық база қажет. Яғни дербес мемлекет болған жəне белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде салық мəдениеті елеулі орын алады.

Экономикалық білім беруде жоғары сынып білім алушыларындың салық мəдениетін қалыптастыруда «салық», «салық жүйесі», «салық кодексі», «салық салу», «салықтық бақылау» т.б. ұғымдарды білу қажет.

Салықтар — экономикадағы ең қарама-қайшылықты сұрақтардың бірі. «Сіз жəне сіздің жанұяңыз қандай негізгі салықтар төлейді?», «Үкімет неге салықтар жинайды?», «Салықтарды кімдер төлеуі керек?». Біздің барлығымыз қазіргі қоғам үкімет салықтарсыз ештеңе істей алмайтындығын толық түсінгенімізбен, оларды төлегіміз келмейді. Алайда, жоғарыда Бенджамин Франклин айтқандай, біз олардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз [2].

Жастарға экономикалық білім мен тəрбие берудің мəнділігі Қазақстанда социалистік құрылыстың алғашқы жылдарында-ақ мойындалған болатын.

Заман талабы Қазақстандағы экономикалық факторлардың өркендеуіне байланысты экономикалық білім мен тəрбие беру үрдісі кең көлемде зерттеліп келеді.

Заманында Əбу-Насыр əл-Фараби адамның практикалық іс-əрекетіне үлкен мəн бере отырып, таза еңбектің рөлі мен мазмұнына, тек еңбек қана адамды жануарлар дүниесімен бөліп, оқшау шығаратынын ғылыми тұрғыда дəлелдеді. Адамзат қоғамның өмір сүруіне керекті ең басты жағдай оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінші орынға қоя отырып, осынау маңызды проблемалар төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Сол арқылы қоғамның мəн-мағынасын ашуда ілгері қадам жасады.

Əл-Фараби ілімі тəрбиенің əрбір қоғам кезіндегі (феодализм, капитализм) əлеуметтік мəнін ашып, экономика, адамгершілік, ақыл-ой тəрбиесінің мəселесін қарастырды.

Халқымыздың ғалым-ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтардың еңбектерінде де көрініс тапқан.

Оқушылардың экономикалық тəрбие мəселесіне арналған бірқатар жұмыстарда еңбекке оң көзқарас пен қоғамдық меншікке ұқыптылық арасындағы байланысты қалыптастыру қарастырылды.

Абай өзінің халқына, келер ұрпағына өшпес əдеби мұра қалдырды. Ол жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ұждан қай дəуірде болмасын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нұсқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз-нысаны екені даусыз. Абай жастардың өз алдына шаңырақ көтерген кездерінде шаруашылық-экономикалық есебіне ыждағатты болуы керектігін естеріне салады. Екі жастың да отбасы қаржысын үнемді пайдалануын, адал еңбегінің құнын өмірлік қажетіне жаратуға үндеді. Мақтан үшін артық дүние-мүлікке қызықпай, не болмаса қолпашсөзге қарық болып, қолындағысын орынсыз шашпай үнемшіл болуға үйретті. Үй болған соң, еткен еңбегіне сай жиналған қаражат- қорының болуын мұқият тапсырды. Жастар — өз бақытының қожасы, мұны берік дəстүрге айландыру өз қолында екеніне сенді, жұбайлық өмірді алдын ала даярлықпен бастауына үлкен мəн берді. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге үндеді [3].

Заң ғылымдарының кандидаты Сəкен Өзбекұлының «Нарықтық қатынастар туралы ойлар» деген мақаласында Абайдың нарықтық көзқарастары біршама дұрыс та жан-жақты сараланғандығын көруге болады. Атап айтқанда, ғалым мақаласында былай дейді: «... Абай өз заманының талаптарынан көп алға кетіп, көргендік пікірлермен қазіргі нарықтық қатынастар, бизнесті ұйымдастыру, еркін кəсіпкерлік, капиталдың алғашқы кезеңінде қалыптасуы, меншік құқын иелену, пайдалану, билеу сияқты мəселелерге сол кездің өзінде-ақ жауап іздеген». Абайдың өз дəуірінде айтқан пікірлері бүгінгі заманның талаптарымен ұштасып жатқанын анық аңғарамыз [4].

Ал Абай Құнанбаев еңбектеріне талдау жасап, Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің дамуын зерттеген экономика ғылымдарының докторы, профессор Дүйсенхан Қабдиевтің еңбектерінен аңғарамыз.

«Абай Құнанбаев өзінің творчестволық еңбектерінде көптеген экономикалық мəселелерді көтеріп, оны ағартушылық жəне демократиялық көзқараспен шешіп отырған. Көшпелі халқымыздың шаруашылығын жақсы білетін ол Қазақстанның экономикалық даму болашағы құнды пікірлер айтқан. Бұл пікірлері тарихи жағынан оқшаулау болғанымен, қазақ халқының əлеуметтік- экономикалық пікірлерінің оянуына үлкен үлес қосқан» [3].

Ш.Уəлихановтың еңбектері көп салалы. Ол аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, география, заң, философия салаларына ғана емес, экономика ғылымына да үлкен үлес қосқаны мəлім. Оның күллі еңбектерінің темірқазығы — қоғамның шаруашылық-экономикалық проблемаларына арналған зерттеулері. Бұған «Қазақтардың қонысы туралы», «Мал шаруашылығы — халық байлығы», «Өнеркəсіп жəне сауда», «Өнеркəсіп жəне ақша системасы» сияқты еңбектері жатады.

Шоқан еңбектерінде өнеркəсіп пен сауда мəселелеріне де елеулі орын берілген. Шаруашылық феодалдық-отаршылдық шырмауында болуының салдарынан Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда өнеркəсіп өте баяу дамығаны мəлім. Патша өкіметі өнеркəсіптің өркендеуіне əдейі кедергі келтіріп отырды. Бұл енді Ресейдің қосымша шикізат базасы деп есептеді. Қазақ халқының экономикалық жағынан дамуы Шоқанның негізгі арманы болды, бірақ ол арманы тек біздің заманымызда ғана жүзеге аса бастады.

Шоқан еңбектерінде патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген экономикалық саясатына айтылған құнды сын пікірлер де кездеседі.

ХІХ ғасырдың орта кезінде əр жүздің қазақтары Ресейге əр түрлі салықтар төлеп келді. Мысалы, кіші жүздіктер жыл сайын түндік басына 1 сом 50 тиыннан күміс ақша есебімен үй салығы төлесе, ал орта жүздіктер əр жүз мал басынан бір мал төлеп отырды. Ал кейбір жерлерде көлік беру салығын деген түрлері де болды. Бұл салықтардың түрімен бірге салмағы да ауырлай түсті. Мысалы, 1822 жылы «Сібір қазақтарының уставы» бойынша салық жоғарылап, əр жылқыдан 18 сом, сиырдан 8 сом, қой-ешкіден 1 сом күміс жиналатын болған [5].

Ғалым Шоқан өзінің салық туралы мақалаларында мұндай жайлардың заңсыз екенін дəлелдейді. Əсіресе ешбір заңға симайтын «көлік міну салығына» қарсы шыққан. «Қазақтардың көлік міну салығында ешқандай тəртіп болмайтын», — деп көрсетті ол. Шенеуніктердің көпшілігі қазірдің өзінде бір сапар үстінде 40–60 жылқы алады жəне иелеріне ештеңе төлемейді. Кейбір жалға алған аттарды қайтармай кетуі де жиі кездеседі». Патша шенеуніктерінің осындай бассыздық пиғылдарын көрсете келіп, Шоқан өкімет орындарынан олардың жолсыздық істерін қатаң жазалауды талап етеді.

Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тəрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіру тұрғысынан бағалады. Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмірін мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, еңбекпен айналысуға үндеді. Оқу-ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық қазақ жастарына кəсіптік мамандық беру мəселесін көтере білді. Ол қазақ халқының шаруашылық-экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мəн берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин еңбектерінің, идеяларының оқушыларға экономикалық білім беруде маңызы зор. Ол еңбектерінде жастарды сабырлыққа, əдептілікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке үйрете отырып, тəрбиелеуді мақсат еткенін көреміз.

Ы.Алтынсариннің көлемі шағын əңгімелерінде еңбек, байлық, кəсіпкерлікті үйрену, баюдың жолдары нақты мысалмен түсінікті жазылған. Оның «Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең табылады», «Білімнің пайдасы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Петр патшаның тергелгені», «Мұжық пен жасауыл», «Жомарт», «Сараңдық пен жинақылық» деген т.б. əлеуметтік-экономикалық тəрбиесі зор шығармалар болып табылады [6].

Əлемдегі көптеген экономист-ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең жəне терең зерттелген. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен əлеуметтік хал-ахуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару əдістері ретінде қолданылады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу əр түрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі — негізгі бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының салықтық мəдениетінің бар болып саналатындығы баршаға мəлім. Қабылданған салықтық құқықтық заңдардың іске асырылуы кəсіби білім мен салық мəдениеттіне тікелей байланысты деуге болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Темір, Дəуір, Тұлға, Əрекеттері. — М.: Наука, 1992. — 112 б.
  2. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А. Экономикалық ілімдер тарихы: Оқулық. Алматы: Фолиант, 2006. — 256 б.
  3. Қабдиев Д.К. Абай и современность // Экономика и бизнес. — 1996. — №
  4. Абай. Қара сөздер. — Алматы: Ғылым, 1990. — 24–26-б.
  5. Елеусізов М. Шоқанның экономикалық көзқарасынан // Ақиқат. — 1995. — № 6. — 63–65-б.
  6. Сыдықов Ə.С. Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен қызметі. — Алматы: Ғылым, 1969. — 246 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.