Жас жеткіншектердің қазіргі жағдайда қалыптасуы күрт өзгеріс заманға сəйкес болуда. Əлеуметтік жəне экономикалық қатынастардың жаңа легімен бірге адам білімінің басты бөлігі ретінде экологиялық жəне ақпараттық білім қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:
«2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқу моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кəсіптік жəне техникалық білім беру кəсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы тиіс. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» [1], — деп атап көрсетуіне сай, қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында келешек маманның ақпаратты зерттей білуі мен ақпараттық мəдениетін қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін жетілдіруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Бүгінде ақпараттық технологиялар саласының заманауи жетістіктерінің негізінде білім беруді ақпараттандырудың озық тенденциялары байқалуда. Ақпараттандыру проблемалары ашық білім берудің объективті заңды сипаттамасы болып отыр.
Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы нəтижесінде əр елдің тұрғындары планетамыздың кез келген нүктесінен нақты уақыт мезетінде де бір-бірімен ақпарат алмаса алады. Н.Винердің «Нақты өмір сүру — дұрыс ақпаратты қолданып өмір сүру» деген тұжырымы осы уақытқа сай айтылғандай.
Кəсіби салаға ақпараттың қарқынды əсері жағдайында əр келешек маман ақпараттың кез келген түрімен жеткілікті дəрежеде жетік жұмыс істей алуы: оны алу, жинақтау, сақтау, кодтау жəне бұрынғы негізінде жаңа сапалы ақпарат алу, оны тасымалдау жəне практикалық қолдана білуі қажет. Ақпаратты зерттеу жəне ол жөнінде мəліметтерді білу келешек маманға жоғары деңгейде біліктілік, білімді құрылымды ету үшін берік фундамент жасайды, дереу өзгеріп отырған өмірде бағытты анықтау мүмкіндіктерін беріп, кез келген қызмет саласын оңай игеуіне жағдай туғызады, өзінің кəсіби қызметі мəселелеріне ауқымды көзқарас тудыруға ықпалын тигізеді.
Əр адамның компьютерлік сауаттылығы мен дербес компьютерді практикалық қолдану тəжірибесі болуы қажет екені баршаға мəлім.
Көптеген зерттеушілер (С.Г.Антонова, М.Г.Вохрышева, И.И.Горлова [2–4]) мамандардың ақпараттық мəдениеті мен оны зерттей білуінде екі құрылымдық деңгейді бөліп көрсетуге болатынын айтады. Олар мазмұнды жəне функционалды.
Мазмұнды деңгей адамның мəдени саласына қатысты ақпарат көздерін білу, өз санасының ақпараттық-мəдени өрісіне қоғам айналымындағы құнды идеяларды енгізу жəне кəсіби білімі жөніндегі ақпараттандырылған болуды қамтиды. Ол жоғары оқу орындарында оқылатын пəндер жиынтығымен анықталады. Жүргізілетін пəндерді анықтауда жүйе болуы қажет екенін білеміз. Олардың өзара интегралды байланысы ескеріліп, нақты белгіленген міндеттерді атқару блоктарға бөлумен анықталады. Блоктардың тиімді қатынасы жалпы білім беру мен кəсіби даярлықты гармоникалық реттелуіне əкеледі. Қазіргі кредитттік технология бойынша жоғары оқу орындарының бағдарламаларын талдауда келесі циклдарды бөлетіні мəлім: Жалпы білім беру пəндері (ЖБП); Базалық пəндер (БП); Кəсіптену пəндері (КП), олар өз ішінде міндетті жəне таңдау бойынша компонент болып жоспарланады.
Бұл пəндер циклы мамандарға өз қызмет сферасында шектеліп қана қоймай, интегралды тенденциялардың даму мен өздігінше «əмбебап ақпаратты-мəдениетін» қалыптастыруға жағдай жасайды. Оның өзгеріп отырған жағдайларға байланысты бейімділігін, икемділігін, өзінің кəсіби міндеттерінен тыс функциялар орындай алуына мүмкіндік береді [3].
Осы мəселені ары қарай жалғастыра отырып, америка социологы Д.Янкелович қоғамның қазіргі даму кезеңін «тұлғаның өзін-өзі іске асыруы» жəне адам мақсаты бірінші орынға шығып, өзін-өзі жетілдіруі негізгі орында екенін атап көрсетеді. Белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру, субъектінің спецификасын ескеретін барлық процестердің белсенді мүшесі болатын келешек маманның ақпараттық мəдениетін жетілдірудің гуманитарлық аспектісін күшейтуге алғы шарт болатыны айғақ.
Осы технология бойынша оқыту, И.С.Якиманскаяның айтуы бойынша, студенттер программалық материалдарды тек меңгеріп қана қоймайды, сонымен қоса олардың танымдық қызметін ұйымдастыруды да көздейді. Басқаша айтқанда, студенттер оқу пəндерін ғана емес, метабілімді де меңгерулері қажет. Бұрынғы оқушы — қазіргі студенттердің метабілімдерінің болмауы ғалымдар мен практик-педагогтарды алаңдатады. Г.Л.Смолян жəне К.Б.Шошников [5] жазғандай, «мамандыққа үйрету белгілі деп есептелінеді, атап айтқанда, олар: оқу курстарының барлығы, практикалық жəне лабороториялық жұмыстар, мотивациялық даярлық жəне т.б. Алайда жеке меңгерулеріне бағытталған интегралдық қызмет схемасы да, жоспары да жоқ».
Мамандар үшін жаңа білімді жүйелі жəне саналы іздеуге бағыттарды анықтау ақпаратты зерттеу мен ақпараттық мəдениетінің функционалды деңгейін қалыптастыру мəселесіне терең үңілуге əкеледі. Білім алушылардың ақпаратты зерттей білуі мен ақпараттық мəдениетінің функционалды деңгейі тұлғаның оперативті бағытына байланысты. Функционалдық деңгейі келешек маманға қажетті келесідей біліктілікті жетілдіруді көздейді: керекті ақпаратты ала білу; ақпараттың қайнар көздерін іздеудің тиімді жолдарын табу; қайнар көздердің қажеттісін алып, талдай білу; алынған ақпараттарды рационалды қолдана білу; өзінің ақпараттық қажеттіліктерін қалыптастыра жəне ақпараттық мүмкіндіктерін адекватты анықтай білу.
Мамандарды дайындаудың сапалы деңгейін арттыруда осындай жəне тағы да басқа біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тиімсіз уақытты қысқартады, оперативтілігін арттырады, ақпарат пен білім алудың дəлдігі мен толықтығын анықтайды. Осы негізде оқу үрдісіне қолдануға қатысты басты роль атқаратын қазіргі ақпараттық оқу құралдары:
- құрамында электрондық оқулықтар, тренажерлер, лабораториялық практикумдар компьютерлік оқу бағдарламалары мен үйретуші бағдарламалар;
- оптикалық дисктерде, видеотехникаларда, дербес компьютерлерде қолданыспен құрылған мультимедиатехнология базаларындағы үйретуші жүйелер;
- əр түрлі пəн аймағында қолданылатын интеллектуалды жəне үйретуші эксперттік жүйелер;
- білім саласы бойынша үлестірілген берілгендер базасы.
Оқу барысында құрамында электронды пошта, телеконференциялар, локалды жəне аймақтық байланыс желілері бар қазіргі телекоммуникациялар, орталықтандырылған жəне үлестірілген баспа жүйелері, электронды кітапханалар басты орында болуы керек.
Алайда жаңа ақпараттық технологиялар мен оқу құралдарын пайдалану маман дайындауда нақты пəндік бағыттан ажыратылмауы тиіс.
Нақты физикалық құбылыстарды компьютермен, электронды модельдік бейнелеулермен ауыстыру мүмкін емес. Ақпаратты қолдануға ыңғайлы жағдайлар болғанда ғана, ақпараттық орта тиімді болады. Ал ол үшін маман мен ақпараттық жүйе арақатынасында қолайлы жағдайлар жасалуы қажет. Сонымен, кез келген процесті тудыру үшін қызмет жүйесіне негізгі компонент болып адам факторы енеді. Бұл факторды оқып-үйрену маманның ақпаратты зерттей білуі мен ақпараттық мəдениетінің мазмұндық жəне функционалдық деңгейде негізделуімен тікелей байланысты.
Компьютерлік технологияның əр жерге таралуына байланысты барлық маман өкілдері компьютерді жетік білуі талап етіледі. Ақпаратты қабылдау мен өңдеу, оны басқару шараларын шешуде қолдану жəне жүзеге асыру, оның нəтижесін тексеру жəне болжам жасау мəселелері негізгі талап болып табылады. Бұл жағдайда сигналдар түрінде түскен ақпараттарды мамандар еске сақтап, түсініп өңдеу үшін, ұзақ уақыт назарын аудару үшін жедел еске сақтау мен логикалық ойлау қабілетінің болуы қажет.
Сигналдар қабылданып, қажетті əрекеттер мен манипуляциялар жасалуы үшін көзбен көріп қабылдаудың да маңызы зор. Таныс жүйемен ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін қандай да бір эмоционалдық төзімділік талап етіледі.
Қазіргі маман тек өз мамандығы бойынша білімдермен шектеліп қана қоймай, заман талабына сай кəсіпкерлік қызмет негіздерімен де таныс болуы керек.
Адамдармен жұмыс істеу негізінен олардың арасындағы өзара қатынастар, ақпарат алмасу мен пікірлесулеріне байланысты. Сондықтан маман өзінің кəсіби функциясын орындау барысында өзара түсіністікке жету, келісімдерге келе білу жоғары тиімді еңбектің кепілі болып табылады.
Аталмыш мəселе төңірегінде 050109 — «Математика» мамандығы бойынша бітіруші түлектердің квалификациялық сипаттамаларына талдау жасап, келешек маманның келесі түрдегі кəсіби мақсат-міндеттерін атап өтуді жөн көрдік.
050109 — «Математика» мамандығы бойынша бітірген түлекке «математика бакалавры» академиялық дəрежесі беріліп, түлектердің біліктігі жəне лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. № 273-П бүйрығымен бекітілген
«Жетекшілердің, мамандардың жəне басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сəйкес анықталады [6].
Аталған мамандық бойынша бітіруші бакалаврдың біліктілік сипаттамасына тоқталатын болсақ, оның кəсіби қызметінің саласы:
- білім;
- ғылым.
Бітірушілердің кəсіби қызметінің объектісі:
- орта, бастауыш жəне орта кəсіптік оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу орталықтары;
- мемлекеттік басқару органдары;
- өз жұмысында математикалық əдістерді қолданатын əр түрлі жеке меншік ұйымдары бола алады.
Кəсіби қызметінің пəні:
- оқу-тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру жəне жүргізу, педагогикалық білім беру мəселелері бойынша тəжірибелі-эксперименталды жəне ғылыми-зерттеушілік жұмыстар;
- алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды игеру жəне енгізу;
- жастардың кəсіби қалыптасуы, тұлғаның негізгі белгілерін тəрбиелеу жəне дамыту;
- оқу орындарындағы ұйымдастыру қызметтерін орындау;
- оқу-əдістемелік құжаттарын жасау;
- жастарды оқытудың əдістері мен формаларын жетілдіру. Кəсіби қызметтің түрлері:
- білім беру;
- ғылыми-зерттеу;
- əлеуметтік-педагогикалық;
- ұйымдастыру-тəрбиелеу;
- мəдени-ағартушылық. Кəсіби қызметінің функциясы:
- жаратылыстану ғылымдардағы, техникадағы процестер жəне құбылыстардың математикалық үлгілерін өңдеу;
- программалық кешендерді жасау;
- білім беру саласында оқыту;
- математиканы қолданатын облыстардағы, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Кəсіби қызметтің типтік міндеттері:
- отандық жəне əлемдік стандарттың талаптарына сəйкес білім беру сапасының деңгейін арттыру;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияны меңгеру жəне оны практикада жүзеге асыру;
- математикалық білім негіздерін, əлемді тану методологиясын, нақтылық құбылыстарын оқыту;
- ғылым əдістерінің, тəжірибелік біліктіліктерінің мазмұнын игеру;
- жалпы білім беру мен дене тəрбиесін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылардың математикалық ойлауын, қабілетін жəне көзқарасын сомдау;
- математикалық үлгілер жəне табиғи ғылымдардың есептерін шешуге арналған программалық кешендерді жасау;
- математикалық үлгілер жəне экономикалық есептерді шешуге арналған программалық кешендерді жасау;
- ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған математикалық үлгілер жəне программалық кешендерді жасау.
Кəсіби қызметінің бағыттары: білім беру концепциясының, ғылыми-теориялық білім жəне кəсіби біліктіліктің талаптарын жүзеге асыру; алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені жəне жеке тəжірибені тарату; жаңа педагогикалық жене ақпараттық технологияларды үйрету жəне енгізу.
Кəсіби қызметінің мазмұны:
- нормативті міндетті психологиялық-педагогикалық, математикалық пəндерді, математиканы оқытудың əдістемелерін игеру;
- педагогикалық, басқару қызметтерінің ғылыми негізін игеру;
- педагогикалық ғылымдар жəне практиканың талаптары деңгейінде оқу-тəрбиелік процестерді ұйымдастыру;
- оқушы ата-аналарымен жұмыс, мектептен тыс тəрбие мекемелерімен байланыс;
- əріптестермен ғылыми жəне əдістемелік пікір алмасу;
- білім беруді дамыту концепциясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру.
Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын төмендегідей талаптарын ескереміз.
Жалпы білімділікке қойылатын талаптар əлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарындағы ғылыми білімнің белгілі бір деңгейін меңгеру, педагогикалық мəселелерді талдау жəне шешу, əлеуметтік маңызды мөселелер мен процестерді ғылыми талдау қабілетінен, кəсіптік жəне əлеуметтік іс-əрекеттердің əр түрінде математикалық ғылым əдістерін қолдана білу іскерлігінен тұрады.
Əлеуметтік-этикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптар:
- адамның адамға, қоршаған ортаға, қоғамға, арақатынасын реттейтін этикалық жəне құқықтық нормаларды жəне оларды экологиялық жəне əлеуметтік жобаларды өндеу барысында есепке ала білу;
- адамға қоғамдық өмірдегі нормалар мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін əлеуметтік дағдыларды игеру;
- танымдық мəселелерді жəне өз көзқарасын анықтауда өз бетімен шешу үшін жеткілікті білім деңгейін меңгеру.
Экономикалық жəне ұйымдастыру-басқарушылық құзыреттілігіне қойылатын талаптар экономикалық, психологиялық жəне арнаулы пəндер бойынша белгілі бір деңгейдегі ғылыми негіздері болып, оны əр түрлі мəселелерде ұйымдастыру істерінде қолданылуымен анықталады.
Кəсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар:
- қазіргі білім беру технологияларын пайдалана отырып, жаңа білімді ала білу;
- ғылыми негізде өз еңбегін ұйымдастыра білу;
- өзінің кəсіби қызметі шеңберінде қолданатын ақпараттарды өңдеу жəне сақтау, жинаудың компьютерлік əдістерін меңгеру;
- өз болашақ мамандығының əлеуметтік мəнін, өз қызметінің нақты саласын анықтайтын мəселелерін түсіну жəне олардың өзара байланысын білімнің біртұтас жүйесінде көру;
- кəсіби саладағы жобалық жұмысқа бейім əр түрлі құбылыстарды болжауға арналған үлгілерді құрастырып, оларды іске асыра алу;
- индивид, тұлға, қызмет субъектісі ретінде адам туралы кешенді білімінің бар болуы;
- оқыту, тəрбие беру жəне қарым-қатынас ортасында қолданбалы сипаттағы мəселелерді шешудегі психологиялық факторлардың ролін түсіну;
- өз мамандық шеңберінде психологиялық проблематиканы көре білу;
- логикалық, топологиялық жəне алгебралық құрылымдар, евклидтік емес геометриялық жүйелер, гуманитарлық зерттеулердегі математиканың ролі туралы түсініктің болуы;
- есептеу техникаларының мүмкіндіктерін білу мен кəсіби есептерді шешу үшін оларды қолдана білу тəжірибесінің болуы.
Кəсіптендіру пəндері бойынша білімділікке қойылатын талаптар:
- математиканың қарапайым есептерін зерттеуде аппаратты жəне əдісті дұрыс таңдай білу;
- алгоритмдеу тілдерін жəне программалау əдістерін білу;
- математикалық пəндердің тарихи даму тəжірибесін, математикалық білім реформалары, математиканың даму заңдылықтары мен негізгі фактілерін білу;
- математиканы оқыту əдістемесі мен теориясын, ақиқатты танудың ғылыми əдістемелерін, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды білу.
Бұл міндеттерді шешу үшін келешек маманның ақпараттық мəдени деңгейі жоғары болуы керек.
Ол келесі түрдегі білім, іскерлік жəне дағдылармен сипатталады.
Мамандық бойынша бакалаврдың түйінді құзыреттеріне қойылатын талаптар:
түсінігі болуы:
- əлемнің ғылыми, философиялық жəне діни келбеті туралы, адамзат білімінің формасының жан-жақтылығы туралы;
- Жер эволюциясындағы адамның орны жəне қызметінің қоршаған ортаға əсері туралы;
- Қазақстан Республикасындағы саяси процестер туралы;
- кəсіби қызметіндегі жалпыланған міндеттер туралы;
білуі керек:
- Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық жүйе негіздерін;
- кəсіби қызметі шеңберіндегі құқықтық жəне этикалық нормаларды;
- оқыту мен дамыту арасындағы мəселелерді шешудің негізгі бағыттарын;
- оқу қызметінің құрылымы мен функцияларын, оқытуды ұйымдастыру принциптерін;
- мектептер мен бастауыш жəне орта кəсіби мекемелеріндегі тəрбие жұмыстарының негізін;
- математикалық анализ, кешенді талдау, аналитикалық геометрия жəне сызықтық алгебра, дифференциалдық теңдеулер, компьютерлік технология, ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика, математиканы оқытудың теориясы мен əдістемесі сияқты математикалық пəндер негіздерін;
- негізгі математикалық ұғымдар жəне теоремалардың дəл тұжырымын жəне олардың қолданылу облысын;
- қазіргі программалау тілдерін жəне қолданбалы программалар пакеттерін;
- əр түрлі қызмет саласында математикалық үлгілер құру жəне құрылған математикалық үлгілерді іске асыруды;
- интеллектуалды меншікті қорғаудың реті мен əдістерін, тіршілік əрекетінің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын;
істей білуі керек:
- тарихи өткен құндылықтарға қатысты сұрақтар бойынша өз көзқарасын білдіруді жəне негіздеуді;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені талдауды, жалпылауды жəне таратуды;
- дайындық профилі жəне соған жақын сұрақтар бойынша арнайы əдебиеттерді іріктей білуді жəне əдістемелік жұмысты;
- математиканы оқыту əдістемесін, педагогика жəне психология саласында негізгі зерттеу əдістері бойынша теориялық білімдерді жүйелеуді;
- есептің математикалық үлгісін зерттеу əдісі мен құралын дұрыс таңдауды;
- қиын теоремалар мен тұжырымдардың негізгі дəлелдеу кезеңдерін талдауды;
дағдысы болу керек:
- педагогикалық процесті ұйымдастыру тəсілі мен талдау;
- зерттеушілік жұмыстар;
- өзінің кəсіби қызметі шеңберінде қолданатын ақпараттарды өңдеу жəне сақтау, жинақтаудың компьютерлік əдістері;
- математика, математиканы оқыту əдістері, педагогика жəне психология сұрақтарын жетік білу керек.
Сонымен, 050109 — «Математика» мамандығының квалификациялық сипаттамаларын мысалға ала отырып, келешек мамандардың кəсіби қызметіне ақпаратты зерттей білу мен ақпараттық мəдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуының маңыздылығы мен оның бөлінбейтін бөлшегі ретіндегі талаптарына көз жеткіземіз. Бұл түйінді мəселені шешудің бірден-бір жолы ретінде ақпараттану ғылымының жетістіктерін кез келген мамандық бойынша оқылатын «Қазіргі жаратылыстану концепциясы» курсында қолдануды айтуға болады. Пəнаралық байланыс негізінде туындаған бұл ғылымның ақпаратты зерттеу мəселесіндегі жетістіктерін оқу үрдісінде қолдану келешек маманды заманауи талаптарына сай даярлауда мол мүмкіндіктер береді.
Əдебиеттер тізімі
- Назарбаев Н.Ə. Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы / Егемен Қазақстан. — 2010. — 30 қаңт. — № 33–35.
- Антонова С.Г. Информационная культура специалиста: Гуманитарные основания // Проблемы информационной куль- туры: Сб. ст. — М., 1994. — С. 110–117.
- Вохрышева М.Г. Информационная культура в системе культурологического образования специалиста // Проблемы ин- формационной культуры: Сб. ст. — М.,
- Горлова И.И. Формирование информационной культуры личности как непрерывный процесс в системе «Школа– училище–вуз» // Информационная культура специалиста: Гуманитарные проблемы: Межвуз. науч. конф., Краснодар– Новороссийск, 23–25 сент. 1993 г.: Тез. докл. — Краснодар, 1993. — С. 388–390.
- Смолян Г.Л., Шошников К.Б. Феномен персональных ЭВМ: философско-методологический аспект // Вопросы филосо- фии. — 1996. — № 6. — С. 42–55.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. — Астана, 2006. — 16-б.