Еліміздегі жастардың арасында футболдың үлкен танымалдығына байланысты онымен тұрақты шұғылдану нəтижесінде ұлдар мен қыздар ағзасындағы болатын морфологиялық жəне функционалық өзгерістерін жан-жақты білу аса маңызды.
Осы мəселеге бірқатар зерттеулер арналған (В.В.Гориневская, Т.А.Цветаева, Г.И.Цинцадзе, Р.Е.Мотылянская, И.Н.Преображенский, Ю.Ф.Буйлин, А.И.Головина). Алайда көптеген аталған зерттеу жұмыстарында сол кездегі жаттығу жүктемелер мөлшері жəне жылдамдығы аз болған. Көптеген жылдардағы зерттеулерде бірқатар жұмыстарда мəселенің жекелеген жақтары қамтылған. Жүргізілген зерттеулерде футбол ерекшелігі, соның ішінде ұзын бойлы ойыншыларды таңдауда да көрсетілмеген.
Футбол секциясына əдетте ұзын бойлы жасөспірімдер қабылданады. Алайда бойдың өсу қарқындылығы кезінде (13–17 жас) көбіне дененің өсуі мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы арасындағы айырмашылық байқалады (Е.Феер, Н.П.Лихачева, В.Г.Штефко, А.А.Хорьков, М.С.Маслов, С.П.Летунов, Е.Мотылянская, В.В.Зодиев, К.Шольтен, Г.Ностиц). Осыған байланысты спорт тəжірибесі үшін маңызды сұрақ туындайды: бұл құбылыс жас футболшылар арасында байқалған жəне олардың денесінің өсу жылдамдығына байланысты жасөспірімдер үшін жаттығу жүктемелерін сараптау қажет.
Осы мəселелерді шешу үшін біз бірқатар жылдар бойы дененің өсуі мен жүрек-қан жəне дем алу жүйелерінің дамуы арасындағы қатынасқа зерттеулер жүргіздік. Қазіргі жұмыста футболмен тұрақты шұғылданатын 15–16 жастағы жасөспірімдерде бірқатар функционалдық көрсеткіштер мен дене дамуына ұзақ бақылу нəтижесі көрсетілген. Əсіресе түрлі сипаттағы жəне қарқындығына тəн жүктемелері бойы ұзын жасөспірімдердің организмінің бейімделу қабілетіне ерекше көңіл бөлінген [1].
Бақылау 3 жыл бойы жүргізілген. 112 адамға бақылау жүргізілген: футбол секциясында тұрақты шұғылданған 87 жасөспірімге (негізгі (тəжірибелі) топ; спорт секцияларында шұғылданбайтын — 42 адамға.
Жасөспірімдердің дене тəрбиесін дамыту келесі негізгі көрсеткіштермен көрсетіледі: бойы, салмағы, кеуде клеткасының шеңбері (дем алу, дем шығару, жай тұру жағдайында), өкпенің өмірлік сыйымдылығы, күш көрсеткіштері, иықтың шеңбері (тыныш жəне кернеулі жағдайда), білек сүйектері, мықын, тілерсек; антропометриялық нүктесі, үстіңгі, жоғары кеуделі, иықты, жоғары сан жілігі, саусақтың диаметрлері: иықты, көлденең жəне жамбас диаметрі; май қыртыстары, жаурын асты.
Функционалдық жағынан анықталғаны: жүректің шекарасы, шудың болуы, тонның дыбыстығы, кеуде клеткасын шолу рентгеноскопия, демалуды ұстап көру (өлшенген күш түскенге дейін, күш түскеннен соң 20 рет отырып тұру). Сонымен қатар жалпы клиникалық қан алу жүргізілді. Қойылған міндеттерге сəйкес дене қасиеттері дамуының динамикасын зерттегенде негізгі күш дененің өсуі мен жасөспірімдердегі спортпен шұғылданатын жəне шұғылданбайтын басқа да антропометриялық көрсеткіштер арасындағы коррелятивті байланысты айыруға бағытталған.
Дене қасиеттерінің дамуы тəжірибелі топқа (əр 6 ай сайын) алты рет тексеру жəне бақылау тобы үшін (бір жыл өткен соң) үш дүркін тексеру жолымен жүргізілді.
Бақылау нəтижесінде келесілер белгілі болды.
Алғашқы тексеріс кезінде тұрғандағы орташа бойы төмендегідей болды:
- тəжірибелі топта М-169,480 ± 0,680,
c-6,736 ± 0,480;
- бақылау тобында М-159,960 ± 1,200,
с-8,970 ± 0,850.
Келтірілген салыстырулардан бойдың өсу мəліметі тəжірибелі жəне бақылау топтарында бақылау тобындағы жасөспірімнің орташа бойынан тəжірибелі топтағы жасөспірімнің орташа бойы едəуір төмен (9,32 см) екені байқалған. Бой өсу көрсеткішінің белгіленген айырмашылығы биік бойлы жасөспірімнің бірінші кезекті шұғылданушыларының жасанды таңдау факторымен түсіндіріледі. Алайда негізгі топтағы жасөспірімдердің орташа бойын алғаш тексерген кезде бақылау тобындағы жасөспірімдердің орташа бойынан жоғары болады, осының бəрі футболмен шұғылданудың жағымды əсерін куəландырады (1-кесте).
Қорытынды тексеріс кезінде бір жыл өткен соң екі топтағы бойдың өсуі тең болады, негізгі топта — 2,46 см, бақылау — 2,18 см 15–17 жастағыларда екі топта да бойлары тез өседі, 17–18 жаста футболмен шұғылданатындар бойы бақылау тобындағы жасөсіпірімге қарағанда тез өседі (2-кесте).
2-кестеден байқалғандай, тұрған бойын өлшегенде футболшыларда алғашқы 6 айда (3,68 см) бақылау басталғанда байқалғаны осы 1,5 жылда негізгі топтағы бойдың өсуі 7,22 см құрайды, ал бақылау тобында — 3,08 см.
Егер 15 жəне 16 жаста 180 см жоғары болса, ол 5 футболшыда болады, осы спортшыларды қорытынды тексергенде 17 жəне 18 жастардағыларда, яғни 2,5 жыл өткен соң) бойы 180 см 40-тай футболшыда, 190 см жоғары — 3, 195 см жоғарыны 5 футболшыдан көруге болады.
Бойдың өсуі салмақтың да өзгеруіне байланысты. Алайда осы көрсеткіштер арасында тікелей тең көбіне бола бермейді. Сондықтан дене тəрбиесінің жекелеген маңызды көрсеткіштері арасындағы өзара қарым-қатынас көрсететін корреляцияны табу қызығушылық тудырады [2].
Дене салмағының тəжірибелі жəне бақылау топтарында өзгеруіне жəне осы қорытындыларды талдауды салыстыру бойдың өсуі, алғашқы тексерістің өзінде негізгі топтың бақылау тобынан ерекшелігін көрсетті.
Динамикалық дəрігерлік тексеріс кезінде бой мен салмақтың өсуін салыстырғанда негізгі жəне бақылау топтарында салмақ көрсеткіші сияқты бой көрсеткіші үшін де бірдей өзгерістер барын көрсетеді.
Салмақ пен бойдың өсуі корреляциясының коэффициентін шығарған кезде алғашқы тексерісте екі топта да байланыстың орташа деңгейі белгіленген, ал 1,5 жыл өткен соң жəне біздің бақылауымыз аяқталғанға дейін бақылау тобындағы дене тəрбиесін дамытудың екі негізгі көрсеткіштері арасында коррелятивті байланыс барын көрсетеді, ал негізгі топта — орташа байланыс. Мұны футболдың ерекшелігі деп түсіндіруге болады, өйткені футболға ойыншыларды таңдаған кезде ұзын бойлыларға көп көңіл бөлінеді.
Кеуде клеткаларының ауқымын өлшеу қорытындысын салыстырғанда (тыныш тұрғанда) бойдың өсуін анықтау қорытындысымен, алғашқы 1,5 жылда тəжірибелі топта бақылау басталғаннан бастап бақылау тобындағы жасөспірімге қарағанда бойы өсуімен қатар, кеуде де өседі (3-кесте).
Келесі жылы екі топта да екеуі бірдей өсетіні байқалады. Екеуінің өсуі екі топта да алғашқы бақылауда орташа байланыспен сипатталады.
Қорытынды тексеріс кезінде дене тəрбиесінің талдап отырған көрсеткіштері арасындағы коррелятивті байланыс тəжірибелі топта төменгі байланыспен, ал бақылау тобында орташа байланыспен сипатталады [3].
Айтылғандар негізінде кеуде клеткасын дамытуға ықпал ететін, түрлі арнаулы жаттығуларды пайдаланып, қарқынды бойы өскен жасөспірім арнаулы дем алу жаттығуларын, затпен жəне затсыз гимнастикалық жаттығуларды, кросс, секіру жаттығуларын, шаңғы спортын жəне т.б. орындаған.
Сабақтың дайындық бөлігінде кеуде клеткасын дамытуға қабілетті гимнастикалық жаттығулар енгізілуі қажет (затсыз жəне затпен). Қорытынды бөлігінде дем алу жаттығулары жалпы дене даярлығы бойынша жаттығулар арасында кросс, секіру жаттығулары, шаңғы тебу. Дененің қарқынды өсуі үшін жасөспірімдер жүгіруден, секіруден жəне шаңғы тебуден арнаулы нормативті талаптар жасап, ұсыныс беруге болады.
Жоғарыда айтылғандар кеуде клеткасы мен бойдың өсуі жас футболшыларда өкпе, дем алу аппаратының функционалдық жағдайында көрінбеді. Өйткені бақылау мерзімінде өкпенің өмірлік сыйымдылығы (ӨӨС) негізгі топта едəуір ұлғайды (1322 см3), ал бақылау тобында (538 см3) тұрған бойының өсуі мен өкпенің өмірлік сыйымдылығының арасындағы корреляция коэффициенті орташа байланыспен сипатталады.
Бақылау мерзімі бойы қол саусақтарының күшін бақылау жəне тəжірибелі топта стандық динамометріне бақылау тобына қарағанда едəуір өсті.
Аяқ-қолдар негізгі бұлшық ет топтарын дамыту туралы ерекше ұсыныс беретін йық, кеуде, мықын жəне тізені өлшеген кезде олардың екі топта да ұлғайғанын көрсетеді.
Футболшылардың қолы мен аяғының ұзындығы, бойының ұзындығы сияқты біздің бастапқы бақылауымыздан бастап бастапқы жағдайынан асып түсті: қолдың ұзындығы — 4,50 см, аяқтың ұзындығы — 6,62 см. Тəжірибелі топтағы бақылаудың барлық кезінде қолдың ұзындығы — 3,50 см, аяқтың ұзындығы — 5,30, бақылау тобында қолдың ұзындығы — 2,97 см, аяқтың ұзындығы — 2,20 см.
Сонымен, футболмен шұғылданатын жасөспірімдерде бақылау тобындағыларға қарағанда аяқтары ұзын, алайда аяқтарының өсуі оларда негізінен денесімен тең өседі.
Екі топтағы жасөспірімдерде кеуде клеткасы мен ішкі органдарын клиникалық тексергенде ешқандай патологиялық өзгерістер байқалмаған.
Олардың көбінің жүрек соғысы таза екені байқалады. Алайда кейбір жасөспірімдерде тəжірибелі жəне бақылау тобында тондары естілмейтін, ал көбіне дені сау спортшыларда кездеседі. Тəжірибелі топта 6 жағдайда жəне бақылау тобында 4 жағдайда жүректерінің үстінде систоликалық шу байқалған. Олар жұмсақ, дем алу алдындағы сипатта болады. Дененің қозғалған кезде жай естілген немесе жоғалып кеткен, тіпті қатты демалғанда жоғалып кеткен. Көптеген мамандар (Б.А.Ивановский, С.П.Летунов, Р.Е.Мотылянская, В.А.Макаров, Е.С.Степанова, К.Х.Штутгарт) мұндай шуды функционалды деп санайды. Динамикалық бақылау кезінде қан талдаудың морфологиялық элементтеріне талдау жасаған кезде қанның екі топта да функционалдық суретінің бірқатар жақсарғанын, эритроциттердің, гемоглобинің, эозинофилдердің жəне лимфоциттердің ұлғайғанын көрсетеді. Алайда қанның функционалдық жақсаруы көбіне тəжірибелі топта жақсы көрінген.
Екі топта да футболшыларда (жоғары жəне орташа бойлыларында) дем алу уақыты ұлғайған, онда күш түсіру мөлшері жəне спирометр көрсеткіші мен кеуде клеткасына жасаған экскурсиядан олардың уақытының ұлғайғанын көреміз. Бақылау тобында, сондай-ақ дем алу уақытын ұлғайтуда бірқатар тенденция байқалған, алайда бұл айырмашылық статистикалық түрде нақты емес.
Жоғарыдағы баяндалғандарды ескеріп, төмендегідей қорытынды шығаруға болады. Футболшылардың тұрақты жаттығуларының əсерінен дене тəрбиесінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі, салмағы, өкпе өмірлік сыйымдылығы, кеуде клеткасына жасаған экскурсия, қолмен жасалған динамометрия, иықтың, шынтақтың, санның, тізенің периметрі 15 жəне 16 жастағы жасөспірімдерде спортпен шұғылданбайтын осы жастағы жасөспірімдерге қарағанда жақсы дамиды.
Тəжірибелі жəне бақылау топтарында бой мен денесінің жекелеген антропометриялық нүктелері арасындағы байланыстың жоғары деңгейі байқалған. Яғни, екі топтағы жасөспірімдердің дамуы антропометриялық көрсеткіштері бойынша тең болуда (денесінің қарқынды өсуіне қарамастан).
Бақыланып жүрген футболшыларды динамикалық тексерген кезде бойының өсуінен кеуде клеткасының қалып қойғаны байқалады, салыстыру бойынша тұрғандағы динамометриясының көрсеткіші төмен болады, сондықтан педагогтар оған қатты көңіл бөлулері керек. Атап айтқанда, футболдан жаттығу кезінде бойы жақсы өсіп келе жатқан жасөспірімге жан-жақты денеге күш түсіретін жаттығулар жасатуы керек, олардың кеуде клеткасының арқасының майысуына жол бермейтін бұлшық еттерінің дамуына көп көңіл аударған жөн [4].
Талдаудан байқалғандай, футболмен тұрақты шұғылданатын жасөспірімнің жүрек қан тамырлары мен дем алу жүйелері жақсы дамыған. Екі топтың футболшылары арасында да айырмашылық бар.
Əдебиеттер тізімі
- Бабушкин Г.Д. Исследование навыков психической саморегуляции «Материал страховских чтений». — Саратов: СГПИ, 1996. — С. 149–151.
- Голомазов С. Футбол. Закономерность игры и тенденции развития техники. — М., 1197. — С. 43–47.
- Горбунов Г.Д. Психопедагогика спорта. — М.: ФиС, 1986. — 207 с.
- Киселев Ю.Я. Некоторые психологические аспекты оптимизации спортивной деятельности / Психологические проблемы предсоревновательной подготовки квалифицированных спортсменов: Сб. науч. тр. — Л.: ЛНИИФК, — С. 5–25.