Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əбіш Кекілбаевтің шығармашылығы арқылы патриоттыққа тəрбиелеу

Көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым Ə.Кекілбаев өз шығармаларында қазақ рухын асқақтата отырып, жастардың туған жерін, елін, Отанын сүюге шақыратын патриоттық тəрбие мəселесіне ерекше мəн берді. ҚР «Білім туралы» Заңында, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тəрбие бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР азаматтарына патриоттық тəрбие берудің 2006–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жастарымыздың өз Отанына аялы көзқарасын, туған жерге сүйіспеншілігін, халқының салт-дəстүрлеріне сыйлы қатынасын, батырларына құрмет сезімін тəрбиелеу басты міндет ретінде анықталған.

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі — «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тəрбиелеу» екендігі көрсетілген [1].

ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тəрбие бағдарламасында стратегиялық бағдарлы тұлғалық ойлардың шығармашылық түрлерін қалыптастыратын, ҚР халықтары арасында бейбітшілік пен татулықты орнатуға қабілетті, қоғамды ізгілікті адамгершілік тұрғыдан жаңартудың əлеуметтік- экономикалық міндеттерін жүзеге асыруға жəрдемін тигізетін жаңа тұрпатты азамат тəрбиелеудің қажеттілігі негізделіп, білім беру ұйымдарында патриоттық тəрбие берудің мақсаты мен міндеттері айқындалады [2].

ҚР білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында негізгі міндеттің бірі ретінде «қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мəдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тəрбиелеу» атап көрсетілген [3].

Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тəрбие берудің 2006–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың бойында жоғарғы патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тəрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тəрбиелеу мақсатында əзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері:

  • азаматтардың мақсатты топтарының бойында байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық жəне тұлғааралық өзара түсіністіктік сезім қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық алғы шарттары мен шаралар жүйесін құру;
  • тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен оның азаматтарының өзара іс-қимылын, атап айтқанда, қазақстандық патриотизмді, төзімділікті адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жөніндегі кешенді іс-шараларды өткізу кезінде қамтамасыз ету;
  • өркениетті азаматтық жəне тұлғааралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен əлеуметтік алғы шарттар жасау болып табылады.

Мемлекеттік бағдарлама азаматтардың Отанның мүддесіне жасампаздық қызмет атқаруды, мемлекетті нығайту, оның ұлттық мүдделерін қорғау мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет маңызды қасиеттерін дамытуға арналған [4].

Ресми құжаттарда көрсетілгеніндей, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жастарға патриоттық тəрбие берудің тиімділігін жетілдірудің маңыздылығы артып отыр. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, қазіргі таңда Ə.Кекілбаев шығармашылығының жастарға патриоттық тəрбие беруде алатын орны ерекше. Ал оны арнайы зерттеу пəні ретінде қарастыру өте көкейкесті мəселе болмақ. Академик Серік Қирабаев Ə.Кекілбаев шығармаларының арқауы болған тақырыптарды былай суреттеп береді: «Оның жазғандары — қазақ өмірі, халқының тағдыры, оның көргені мен басынан кешкені, кешегісі мен бүгінгісі, солардың бір-бірімен сабақтастығы. Жазушы суреттеуінде қазақ елі, оның тіршілігі — жалпы адамзат тіршілігінен бөлек, оқшау өмір емес, соның бір бөлігі. Оның тарихы да, рухани өмірі де əлемдік өркениетпен байланыста. Халықтың сол ұзақ өмірінің бүгінгі қорытындысы — қазақтардың тəуелсіздігі болса, Əбіш мұрат еткен шындықтың өзі де сол екенін оның шығармашылық жолын танып барып түсінеміз. Жазушының соңғы жылдары көркем əдебиеттен бір мезгіл қолын босатып, көсемсөзге ауысуында да тарих ұсынған осы бір жетістіктің сырын көсіліп айтып түсіндіру ниеті жатыр. Оның көсемсөзі халықпен бетпе-бет отырып тілдесуге, заман талабын дəлелдеп ұғындыруға, бүгінгі бар тіршілігімізді егемендікті баянды етуге бағыттауға үйретеді. Елдің ел болуға əркімнің қосар үлесін нақтылауға құрылады» [5].

Ə.Кекілбаев шығармашылығының басты тақырыбы болған тіл тазалығы мен рух биіктігін сақтау мəселесі тəуелсіздік тақырыбымен сабақтасып, өзара үндестік тауып жатады. «Сыннан өткен дəстүрлерін ұмытып, меридиан бойымен көшіп-қонып үйреншікті шаруашылығына қажетті ұлан- ғайыр өрістері мен табиғи суаттарынан ада болған қазақ ауылы ғасырлап қалыптасқан өзін-өзі асырау, өзін-өзі сақтау иммунитеттерін де біртіндеп жоғалта бастады. Таптық интернационализм мен социалистік гуманизм қазақтардың ұлттық қасиеттерінен — тілін де, дінін де, тарихын да, дəстүрлі ұлттық құрылымын да емес, көпіртіп көп айтыла беретін атадан балаға ауысып келе жатқан мал баққыштығын ғана мейлінше қолдап бағыпты», — деп жазады ғалым [6]. Мұны айтқанда ол бүгінгі тақсіреттің тек бүгіннен өрбімегенін, оның бəріне тек өзіміз ғана немесе тек бүгінгі ұрпақ қана айыпты емес екенін, бірақ одан тездетіп құтылуды тек өзіміз ғана — тек бүгінгі ұрпақ қана жүзеге асыра алатындығымызды түсінуіміз үшін айтады. Бүгінгі тоқтап қалған өндіріс, тұралап қалған тұрмыс, азып жатқан тəрбие, арып жатқан мəдениет үшін жап-жас тəуелсіздігіміздің титтей де кінəсі жоқ екенін ұғындыру үшін айтады.

Елбасының «Қазақстан–2030» Стратегиялық бағдарламасында еліміздің символы ретінде Барыстың не үшін таңдалғанын Ə.Кекілбаев асқақ патриоттық сезіммен былайша түсіндіріп береді: «Президент Барыстың бейнесін кездейсоқ алып отырған жоқ. Жұлындай жұтынған ортаазиялық Барыс... Оның гносеологиялық тұрғыдағы арғы тегі біздің бабаларымыздың дүниетанымына, адамгершілік мұраттарына барып ұласады. Барыс — сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мəжбүр етеді. Өзінше дербес, тəкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып- бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар. Ешқашан қапия қалмайтын аса сезімтал, айбынды қасиетке ие...

Бұл метафора біздің мемлекет ретінде қандай қасиеттерді қалайтынымызды көрсетеді. Біздің қазіргі дүниеде өзімізбен-өзіміз томаға-тұйық болуға да, сондай-ақ өзгелерге ұқсаймыз деп өзіндік қадір-қасиетінен жұрдай айрылып қалуға да тырыспайтынымызды, жан-жағымызбен жарастықты қарым-қатынаста өмір сүргіміз келетіндігін айқын көрсетеді. Күшімізге кəміл сене отырып, өзгелерге ұстамды бола алу саяси мінез-құлқымыздың мақсаты мен мəні болмақшы. Ондай байсалдылық бізді өзгелердің алдында құлдай жорғалаудан да, кеудемсоқтық даңғазалықтан да сақтай алады. Сондай-ақ өзімізге-өзіміз тамсанатын немесе жоқтан өзгеге бола өзімізді-өзіміз жерден алып, жерге салатын ерсі қылықтарға да ұрындырмайды» [6]. Стратегиялық мақсаттарды нақ осылай түсіндіре білу халықты үлкен іске ұйыту, міндеттердің мəнін ашу үшін айрықша қажет. Əбіш Кекілбайұлының осындай ерен қасиеті Президент саясатын халыққа жеткізу ісінде жан-жақты қолданыс тауып келеді. Бұл тұрғыда оның Елбасы болмысын халыққа танытуы өзінше қызықты [6].

Жастарды патриоттыққа тəрбиелеуде басты мəселелердің бірі олардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Ə.Кекілбаев ұлтымыздың, ұлттар мен ұлыстардың бас бейнесі болып табылатын тіл мəселесіне ерекше көңіл бөліп, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп жүрген айтулы азаматтарымыздың бірі жəне бірегейі екендігі баршаға мəлім. Оның «Бүгінде мемлекеттік тіліміздің адымын аштырмай тұрған — осы заманғы ақыл-ойдың биігіне көтеріліп алған өрелі элитаның өз деңгейінен қарағанда кенде жатқан байырғы тілді қомсынғандығы емес, кешегі бодандық сана бүгін əр нəрсеге бір құмартқан əуені сипатқа ауысып, утилитарлық пайдакүнемдіктің тығырығына тіреліп, өздерімен қоса бүкіл ұлттық сананы да сол тұйыққа қамап, шығарғысы келмейтін салбөксе самарқаулықтан. Тоғышарлық индивидуализмнің ұлттық даму мүдделері мен рухани елжандылық мұраттарына дес бергісі келмейтін кертартпалығы «жаны ашымастың қасында басым ауырмас» дейтін безбүйректікке мойын ұсынушылықтан. Олай дейтініміз тарихтың талай қараң су алған жылдарында да əлемдік саясат пен философияның, көсем ой мен көркем ойдың, ғылым мен техниканың, мемлекеттік іс пен құқықтың талай саңлағын ұлттық оқырманның алдында сандуғаштай сайрата алған қазақ тілі тəуелсіз заманымызда мемлекеттік тіл атқарар қай міндетті де ұршықтай үйіріп əкете аларына еш күмəнданбауға болады» деген келелі ойлары өскелең ұрпақты өзінің туған тілін құрметтеуге, оның болашағына сенімділіктерін арттыруға тəрбиелейді [7].

Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі — рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық жəне этнографиялық ерекшеліктеріне, басқаларына өзгеше, əрі ерекше тарихи ұлттық дəстүрге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу жəне оларды міндетті түрде жастардың санасына сіңіре білу қажет. Туған жердің табиғаты да патриоттық тəрбиенің басты құралы болып табылады. Жазушы Ə.Кекілбаев əңгіме болып отырған шығармасын жердің табиғат суреттемесіне зейін қоюдан бастайды.

Еліңді, өмір сүрген жеріңнің табиғат жаратылысындағы сұлулықты көре біліп, оны сезіне, оған сүйсіне білу кереметтің кереметі деп айтуға əбден болады.

Жазушының өз шығармашылығында табиғат жаратылысындағы сұлулықты, əдемілікті сөзбен суреттеп, оны адамның сезім-санасына жеткізуінің өзі қандай тамаша десеңізші!

Сөзіміз дəлелді болу үшін жазушының өз сөзінен үзінді келтіргеніміз нақтырақ болар деп,

«Ерлікке — тағзым, елжандылықтан — тағылым» атты əңгімесінен алынған мына бір үзіндіге зер салайық:

«Əлеумет!

Айналаңа қараңызшы... Асқар тау, саумал ауа, көк майса — бəрі-бəрі: өс, өн, өрбі, мейірлен, шаттан дейтіндей ғой» [8].

Осы бір жолдарды оқығанның өзінде қаншама ой-толғаныстар көз алдыңнан жылжыған бұлт сияқты өтіп жатады. Еліне, жеріне деген сүйсіну, табиғат сұлулығын көру, таңдану, жүрек сыздатар əсерлер кімді болса да толқытады. Осы бір ретімен берілген шағын ғана сөйлемдерге көңіл қойсақ, жазушының көз алдындағы көріп тұрған табиғатқа деген таңдануын оқыған жұрт көрмесе де, ол жерді білмесе де, өзінше суреттеп, өз жерінің табиғатының суреттемесін өзінше салыстыра, əсем табиғат көріністерін көруге, көз алдына елестетуге, оны көкірегіне түюге талпынады. Көкірек көзі ояу көпшіліктің ұлтжандылық сезімін оятып, көңілін көркем сезімге бөлейді.

Тағы бір жолдарға назар аударайық: «... осынша ғажайып сұлулықты қызықтауға, жомарт табиғаттың мынау шарасынан асып, шалқып-төгіліп жатқан шарапаты мен рахатын тамашалауға емес, тағзым етіп, тағылым алуға келіп тұрмыз» [8]. Табиғат сұлулығын көру, сезіну, оған сүйсіну эстетикалық тəрбиеге негіз болса, сол сұлулыққа, əсемдікке тəрбиелеудің патриоттық тəрбие мен сабақтастығы жоғарыда келтірілген сөйлемнің соңғы жолдарынан айқын аңғарылады. Жазушының «... тамашалауға емес, тағзым етіп, тағылым алуға келіп тұрмыз» [8] деген ой толғанысы дəл қазіргі кезеңге, бүгінгі заманға, осы заманның адамдарына, жалпы қай-қайсымызға болса да, ой салмай қоймайды.

Бүгінгі ұрпақтың, еліміздің ертеңі — жастардың елін, жерін сүюі, тарихи, мəдени мұраларды, салт-дəстүрін қадірлеп, сақтауы да өткенге тағзым етіп, одан тағылым алудан басталады. Патриоттық тəрбиенің бастауы да осында.

Адам баласының, табиғат əсемдігі болсын, адам бойындағы көркемдігі мен жақсылықтары болсын, сонымен бірге қоғамдағы, ортадағы болып жатқан жетістіктер мен тиімділіктерді де көре біліп, оны қызықтай білуінің өзі де — үлкен эстетика. Бұдан адамның патриоттық сезімі оянады. Əсемдік пен жақсылықты сезінбеген, оны түсініп түйсінбеген адамның бойында патриоттық сезім де болмайды. Ұлтжандылық, елжандылық сезім жоқ жерде патриоттық сезімнің болуы да мүмкін емес, ол тек тас бауыр, қара бастың, күнделікті ішіп-жеудің қамы ғана болады да қояды. Бұдан біздің ұғарымыз, табиғат сұлулығын суреттей отырып, ел мен жерді осындай көркем суреттемелер мен əдемі сөздер арқылы беріп, сол арқылы тілдің байлығын, тілдің тазалығын, тілдің əсемдігін көрсетіп қана қоймай, сұлулық арқылы адам жүрегіне еліне, жеріне, ана тіліне деген сезімнің орнығуына ықпал етеді.

Жазушының əр сөзін алып, оған зейін қойсақ, əсем табиғатты көріп, оған сүйсінгендігіңді ұғынып, оны қорғаудың, аялаудың жолын іздеу қажеттігін, елдің жастарын отансүйгіштікке тəрбиелеу міндеттерін аңғару қиын емес.

Автор «... көркем табиғатты қызықтау үшін емес» дей келіп, бұл жерге не үшін келгендігін айтып, ойын əрі қарай толғап, жалғап кетеді. «... тағзым етіп, тағылым алуға» [8] келіп тұрғандығын ескерте отырып, не үшін келгендерін əрі қарай дамытып түсіндіреді: «бірақ бəріміздің де бойымызды кернеп тұрған — солардың қаны, ойымызды тербеп тұрған — солардың арманы, жадымыздағы солардың өсиеті, жанымыздағы — солардың қасиеті. Бəлкім, тіпті талайымыздың бет-əлпетімізде де солардың дидары тұрған шығар. Ендеше, екі дүниеде де мейманасы асып, нұры тасыды деген осы болады» [8] деп ой түйінін жасайды.

Жазушының көңіл түкпіріндегі көрікті ойлары, жиналған жұрттың жүрегіне ұялатқан жанды сөздері, табиғат жаратылысындағы көркемдікке деген əркімнің (жиылған халықтың) жүрегіндегі сұлу сезімдер, сол табиғат келбетін қорғауға, аялауға мүдделі етеді. Себебі сен сол жерде тұрасың, сол жерде өмір сүресің, соның көгін көктеп, ауасын, суын жұтасың, байлығын тұтасың, енді келдің де оған сүйсіну ниетін туғызасың, кешегі мен бүгінгіні еске түсіресің. Міне, жоғарыдағы берілген бір шумақ үзіндіден ұлтына жанашырлық сезімі барлар қаншама сезімділік, танымдылық, тағылымдылық алып, еліне, жеріне, халқына деген патриоттық сезімге бөленері анық.

Енді бір тұста жазушы ойын тағы да былай жалғастырады: «Қайсыбірі осы арада шəйт болған, қайсыбіріне кейін басқа арадан топырақ бұйырған қасиетті бабаларымыздың аруақтарының алдында солардың ерліктерінің арқасында аман қалып, өсіп-өніп, он миллионнан асып отырған азғантай ұрпақтың атынан бас иіп, тағзым етеміз» [8]. Бұл жерде сол бабалардың қайраты мен жігерін, өжеттілігін, батырлығын бүгінгі таңдағы қол жеткен жетістік, нəтижелерімен ұштастыра отырып,

«егемендік алған еліміз бен тəуелсіз болған мемлекетіміздің тамырын тереңге тартқан телегей тарихымыздың ең бір мағыналы тарауының да осы арадан бастау алатынын» атап көрсетеді. Келе жатқан ұрпақтарға ескертіп, басы өзі, соңы халқы болып бас иеді. Осы бір жарты беттік үзінді қаншама тарихты, қаншама ерлікті, қаншама батырларды көз алдыңа алып келіп, тарихты білетіндеріне елестетіп, білмегендеріне ескертеді.

Талай күрес пен шайқастардағы батырларды табиғаттың алып көкжал күштеріне теңейді.

Үзіндіден мына сөйлемдерге зейін қояйық: «...сондағы атамекен қамы үшін, ата жұрттың бағы үшін, арыстан болып алысып, жолбарыс боп жұлысқан алты жүз сайып қырандардың арқасында»... [8] деп келеді, бұдан біз бүгін де еркіндікте, бейбітшілікте өмір сүріп, ел қатарлы жаңа өмірге ұмтылыс жасап келе жатқанымызды еске түсіріп, өмір жалғасып жатқандығын, сол ертедегі бабалардың ерліктері мен өжеттіліктерінің арқасында бүгінде ұрпақ жалғасуда, жалғасады да деген арманды ойға тоқытады.

Ə.Кекілбаевтың шығармашылығындағы ой-толғаныстар халқымыздың тарихынан тағылым беріп, жастар мен жалпы қауымның патриоттық сезімін оятады. Бабаларымыздың ерлігінен сыр шертер мұндай мазмұнды, маңызды əңгімелер оны оқыған адамдардың ойын жүйелеуге, жинақтауға көмектеседі жəне қорытынды жасауға бейімдеп отырады. Себебі əнгіменің мазмұнына қарап, түйдек- түйдек үзінділерін жеке бөліп алып, талдасаңыз, əр бөлігінің мазмұн-мəні ерекше тарихтың бір-бір тұтас көрінісіне ойыңды бағыттап, қорытындылап тұрғандай сезімде боласыз.

Халықтың алдында тұрған міндеттерді танытуда өз əдіс-тəсілдерін тауып, оны жас буынның санасына жеткізе білген. Мұның да патриоттыққа тəрбиелеудің бірден-бір жолы екендігін айта кету артық емес.

«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — ұран» дегендей, халқымыздың қадір тұтар дастандары, шежіре жырлары бүгінгі ұрпаққа берер өнегеден кенде емес. Ол — тағылым айнасы, халық мұрасына саналған тұлғалар сипаты. Жұмыр жерді мекен еткен жұрттың қай-қайсысы болмасын, өз батырларын өздерінше сипаттап, өз тарихына айналдырғаны жөн. Əр халық батырнамасында ата- бабасының ерліктерін мақтан тұтқан. Ерлікке табынып, батырлықты дəріптеген елде батырларды тəрбиелеу, қалыптастыру мектептері дүниеге келген. Халқымыздың салтында бұлшық ойнату, дойыр үйіру, сым темір бұрау, шынжыр үзу, тас жару, дүз майыру, кісен бұзу, қанжар, қылыш шабу, найза түйреу, жебе тарту т.б. сияқты өнерлер кеңінен өріс алған, одан əрі сарбаз жасақтау, сарбаз басын дайындау мектептері де болған. Дастандардан білетініміздей, батырлар аңғал келеді. Кемеңгер халық оларды түрлі дайындықтардан өткізудің қамын ежелгі замандарда-ақ мұқият ескеріп отырса да, еш уақытта алыс-жақын жұртқа көз алартып, басқыншылық жасаудан атын аулақ арқандаған. Өзіне тиіскендерге дойырын да ойната білген, азбын деп тайынбай, мыңға жалғыз баратын «жеке», «дара», жалғыз қара» атанған батырлар көп шыққан. Бұның бəрінің айнытпас кепілдігін ұлы сахара ата жұрттың тарихы ертелі-кеш молынан бере алған.

Ежелгі қиса, ескі күй де соны айтады. Солардың алуан-алуан құпиялы сырларына үңіле отырып, тарихқа əйгілі батырлардың сымбаттарын сомдап, еліміздің айнасы етіп, бүгінгі ұрпаққа уағыздау керек, яғни өз ұлтымыздың тарихын, əдебиет-мəдениетін, əдет-ғұрпын жете білу — барлығыңызға ортақ іс демекпіз.

Бұл түсініктердің барлығын Ə.Кекілбаев шығармаларының мазмұнынан кездестіре аламыз. Жоғарыдағы дəстүрлерді əр мектеп өздерінше жеткізсе, Ə.Кекілбаевтің өмірді ұрпаққа жеткізу бағыты, барысы сөз өнерінің көркемдігімен, қазақ сөзінің мəнділігін, байлығын барынша шығармашылықпен қолдану арқылы беріледі. Ондағы қоғамды, тарихты, əдебиетті, мəдениетті жазуда қазақтың барлық сөз болмысы тұтастықта қолданылып, ой жүйелері өте əдемі келтіріліп, тізбектеліп, бір ой мен бір ой сабақтасып жатады. Қай əңгімесін алсаңыз да, суреттеулермен көмкеріліп тұрады. Соны оқи отырып, «шіркін, қазақтың сөз байлығы, сөз көркемдігі жəне ертедегі қазақы тұрмыс-салтымыз неткен əдемі еді» деп сүйсінуден шаршамайсыз.

Қорытындылай келе, Ə.Кекілбаев өмірдің өз суретін дəлдікпен шындық қалпында беретіндігіне көз жеткізілуде. Тұрмыс болмыстың қыр-сырларына ерекше мəн беріп, тіршілік суреттемелерін нақты жағдайда бірде əсерлі, бірде мұңды жайттармен жазады. Оқырмандарына кейде тура, көбінде астарлы бағытта ой салып отырады.

Мысалы, «...Бəлкім, тіпті талайымыздың бет əлпетімізде де солардың дидары тұрған шығар» [2] деп келуінде де біраз астарлы ой бары аңғарылып-ақ тұрады.

Қазақ тілінің құнарлы сөздерін бойға сіңіріп, ана тіліміздің байлығын, терең сырларын қалам ұшымен, сана күшімен бұрқырата жазуы тіл құдіретін жандандыра отырып əрі оқырмандарын тамсандыра түседі. Жазушы бүкіл шығармашылығының өзегіндегі адам өмірін үнемі халық тағдырымен, ұлттың өткенімен сабақтастықта беріп отырады.

Ə.Кекілбаевтің шығармашылығын оқу, оны қарау, тамсану өз алдына, жазушының əр еңбегіндегі əр əңгіменің əр сөзін, əр сөйлемін жəне əр бөлігін, əр азат жолын жеке-жеке қарап, оған ой жүгіртсеңіз, қаншама өмір тарихы, қаншама сөз байлығының көркемдігін, суреттемелерін ғылыми негізде зерттеуге болады, қаншама ғылыми зерттеулерге жұмыс жүргізуге бағыттап тұрады. Мысалы, біздің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі диссертациялық кеңесте «Əбіш Кекілбаев шығармаларындағы окказионалдық қолданыстар» тақырыбында жəне Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (бұрынғы ҚазПИ-де) «Ə.Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті атаулардың лингвомəдени сипаты» атты кандидаттық диссертациялар қорғалды. Жақында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте Əбіш Кекілбайұлының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ə.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар жəне көркемдік жинақтау» атты докторлық диссертация қорғалды. Диссертацияда қаламгердің жарты ғасырлық шығармашылығы түгел қамтылып, жинақталған туындылардың көркемдік сапасы мен жазушы шеберлігіне баға берілді. Диссертация авторы — Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің доценті Жанбибі Дүйсенбаева. Бұл зерттеу жұмысына ғылыми кеңесшілік еткен белгілі əдебиеттанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Əбдезұлы. Ресми сарапшылары — Д.Ысқақұлы, Б.Ыбырайым жəне Р.Тұрысбек. Диссертацияны сарапшылар қазақ əдебиеттану саласына қосылған сүбелі еңбек деп бағалап отыр.

Жазушы шығармаларын педагогикалық жақтан қарастыратын болсақ, эстетикалық, патриоттық, еңбек, адамгершілік, сонымен бірге ұлтжандылық, елжандылық, отансүйгіштік, т.б. тəрбие түрлеріне қарай жан-жақты зерттеп қарастыруға болады, ал тілдік жағынан келетін болсақ, тілдің қыр-сырын ашу өз алдына болса, əдебиеттің бүкіл көркемдік сыр-сипатын, образдық бейнелерді, пейзаждық суреттемелерді т.б. ғылыми тұрғыда сараптап талдауға əбден болар еді. Қандай салаға қалай қалам тартса да, Əбекең шығармаларын жан-жақты зерттеуге жол ашыла берері анық.

Сондықтан алдағы уақытта да жазушы шығармашылығын тек лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, тарихи, философиялық, танымдық, психологиялық т.с.с. қырларынан тереңдете зерттейтін ғылыми еңбектердің жазылатынына сеніміміз мол.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. — Алматы: Юрист, 2007. — 196 б.
  2. ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тəрбие бағдарламасы. — Алматы, 2000. — 21 б.
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Орталық Қазақстан. — 2004. — 28 қазан. — 4–7-б.
  4. Государственная программа патриотического воспитания граждан Республики Казахстан на 2008–2010 годы. —Астана, 2008. — 10 с.
  5. Қирабаев С. Суреткер // Егемен Қазақстан. — 2009. — 24 шілде. — 5, 6-б.
  6. http://www.kekilbaev.kz/index.php
  7. Кекілбай Ə. Тіл жəне тəуелсіздік. — Астана: Ер-Дəулет, 2007. — 296-б.
  8. Кекілбаев Ə. Шығармалар жинағы. 2 т. — Т. 1. Роман жəне повестер. — Алматы: Жазушы, 1989. — 400 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.