Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ халық педагогикасы арқылы қыз балаларын тəрбиелеу нобайы

Ұлттық тəрбиенің зерттелуі мен жүзеге асуындағы басты əдіснамалық мəселенің бірі — жалпы адамзаттық жəне ұлттық ерекшеліктерді үйлестіріп отыру. Бұл мəселеде ұлттық шектелушілік дұрыс емес. Əрбір ұлттың қыз бала тəрбиелеуде ескіден келе жатқан жолы бар. Ұлт тəрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқандықтан, əрбір тəрбиеші, сөз жоқ, əр ұлттың қыз баласы өз ұлтының намысын ойлайтын болғандықтан, тəрбиеші қыз баланы сол ұлт тəрбиесімен тəрбиелеуге міндетті.

Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Ұлттық тəрбиенің қарама-қайшылығы мен қиындығының бір түйіні осында. Соған орай барлық ұлттың ар-ожданын тең құрметтей отырып, ортақ Отанымыздың рухын жан-жақты тереңдету тəрбиесі пайдалы. Бұл белгілі мерзімде жаңа оқу- тəрбие үдерісі арқылы қалыптасады. Сондықтан ұлттық тəрбиенің талап ететін өзіндік қажетті заңдылықтары бар.

Ендеше, ұлттық тəрбиенің аса қажетті кезеңі əрі оның іргетасын нығыздай түсудің көкейкестілігі де осымен байланысты. Ұлттық тəрбиенің топтастырылу жүйесіне келсек, бұл мəселе оның əдіснамалық негізділігіне тікелей қатысты. Оның қалыптасу табиғаты мен оған ықпал жасайтын тарихи-əлеуметтік, оқу-тəрбиелік т.б. факторларды анықтау басты талапқа жатады. Қазақстан Республикасында қазақ ұлтының ұлттық бірегейленуі жүріп жатқаны мəлім. Бұл тарихи міндетті жүзеге асыруға ұлттық тəрбие зор ықпал етеді. Ол үшін халқымыздың тарихи жетістігі мен мақтанышын арқау етіп, бүгінгі қоғам жағдайымен үйлестіре жүргізілген тəрбие ғана пəрменді болмақ.

Бүгінгі күні қыздарымызды қазақ халқының ұлттық дəстүрлері негізінде тəрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туындады. Мұндай жағдайда қыз балаларымызды өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мəдениетімен, əдет-ғұрып дəстүрлерімен тереңірек танысу қажеттігі бірінші орында тұрады. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тəн ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыру мүмкін емес. Тəрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға қарап, тəрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп айтуға себеп болмайды деген заңдылық осыдан туындайды.

Мектептердің бастауыш білім беру сатысынан бастап ұлттық тəлім-тəрбие берудің қайнар көзі əдет-ғұрып, салт-дəстүр, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты этностық ерекшеліктеріміздің психологиялық мəнін зерттеп, өзіндік қайталанбас белгілерін, көлеңкелі жақтарын қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Салт-дəстүрлердің қоғамдағы маңызы жайлы біраз ғалымдардың (С.Қ.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Қ.Қ.Шалғынбаева, Р.Дүйсембінова, С.С.Қоңырбаева) еңбегінде талданған [1–7]. Бұл ғалымдардың берген ғылыми бағалары, пайдалану жолдарына байланысты ұсыныстары біздің зерттеу еңбегіміз үшін маңызы зор.

Қазақ халқының дəстүрлері негізінде қыз баланың ұлттық келбетін қалыптастыру нобайын жасауда келесі қоғамдық талаптар ескерілді. Оларға:

  • қоғамның қазіргі дағдарыстан шығу — жаңару мен даму кезеңінде болып жатқан саяси- экономикалық, мəдени-əлеуметтік жəне т.б. өзгерістердің, ұрпақ тəрбиесіндегі жаңа бетбұрыстардың, білім жəне тəрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігіне көңіл бөлу;
  • қазіргі мектептің оқу-тəрбие үдерісінде қазақ халқының қыз тəрбиесіндегі тəжірибесін тəрбие құралы ретінде пайдалану арқылы оқушы қыздардың бірегей дүниетанымын, адамгершілік көзқарасын қалыптастыруды жүзеге асыру, халқының əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін білуге үйрету, отбасының ұйытқысы, болашақ ана, ұлтының тұтқасы ретінде сезінуге тəрбиелеу;
  • өркениетті қоғамға сай білімді, іскер, шығармашыл, өз еркімен жауапты шешім қабылдай алатын, оның салдарларын болжай білетін, ынтымақтастыққа икемді, белсенді, елінің тағдырына, салт-дəстүрлеріне, əдет-ғұрпына үлкен жауапкершілікпен қарайтын қыз тұлғасын тəрбиелеу.

Негізгі өлшемдер мен көрсеткіштерін анықтағанда қыз балалардың тəрбиелілігін қазақ халқының дəстүрлі тəрбиесі негізінде қалыптастырудың деңгейлерін, жас ерекшеліктерін, қазақ халқының салт-дəстүрінен хабардар болуын ескере отырып, еліміздің білім жəне тəрбие саласындағы талаптарын басшылыққа алып, қыз балалардың тəрбиелілігін қазақ халқының дəстүрлі тəрбие негізінде қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын, меңгеру жолдарын анықтау жəне қалыптастыруда тəрбие құралы ретінде пайдаланудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызы ретінде қарастырдық.

Сондықтан біз қыз балаларды қазақ халқының дəстүрлі тəрбиесі негізінде тəрбиелеуді жоғарыда аталған қоғам талаптарын ескере отырып, тəрбиелеудің төрт компонентін бөліп алдық: танымдық, эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, іс-əрекеттік. Сонымен қатар осы компоненттерді анықтаудың өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық. Негізгі өлшемдер мен көрсеткіштерін анықтағанда қазақ халық педагогикасының дəстүрлі қыздар тəрбиесі түрлері негізінде қалыптастырудың деңгейлерін, жас ерекшеліктерін, қазақ халқының салт-дəстүрінен хабардар болуын ескере отырып, еліміздің білім жəне тəрбие саласындағы талаптарын басшылыққа алып, қазақ халқының дəстүрлі қыздар тəрбиесі түрлері негізінде қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын, меңгеру жолдарын анықтау жəне қалыптастыруда тəрбие құралы ретінде пайдаланудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызы ретінде қарастырдық. Қазақ халық педагогикасының дəстүрлі қыздар тəрбиесі түрлерін пайдалануға кəсіби даярлықты нығайтуды талап етеді. Олай болса, осы талапқа сай бағдармалар жасап, арнайы курстар мен əр түрлі жұмыс формаларын ұйымдастыру керек. Біз осы мəселелердің шешімін табу жолында, зерттеу кезеңінде, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің нобайын (моделін) жасадық. Қазақ халық педагогикасының қыздарды тəрбиелеудегі дəстүрлі түрлері көп қырлы тəрбие үдерісі əр түрлі формалар мен əдіс тəсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру моделі танымдық, эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, іс-əрекеттік компоненттердің бірлігінде байқалады жəне мынадай көрсеткіштермен, өлшемдермен сипатталады. Алдымен нобайды құрастыру үшін оның болжап отырған нəтижесінің бейнесін сипаттау қажет. Сондықтан осы нəтижені өлшейтін қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыруға қойылатын талаптарға сəйкес жəне ерекшеліктерін ескеру арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері анықталды (кестені қара).

Танымдық компонент қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне жағымды қарым- қатынасымен анықталады. Белгіленген компоненттің көрсеткіштері мыналар: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне қызығушылығы; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін өз өмірінде қолдануға деген қажеттілік; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін бүгінгі күнге үйлестіріп, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсініктерін саралап, дамытудағы маңызын түсінуі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін қолдануға талпынысы.

Эмоционалды-мотивациялық компонент қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі бойынша білімдерінің жүйелілігі мен көлемділігінің бірлігінен құралады. Белгіленген компоненттің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасының қыздар тəрбиесі жайлы мазмұнын түсінуі, бір-бірінен ажырата алуы, сипаттама бере білуі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің мазмұнын білуі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиесіне байланысты ұғымдарының қалыптасуы.

Мазмұндық компонент қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі жайлы ойдың негізгі сапа-қасиеттерінің қалыптасуын көрсетеді. Бұл компоненттің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі жайлы ойларды (талдау, жинақтау жəне т.б.) меңгеруі; қазақ халық педагогикасындағы арқылы танымдық үдерістерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау) дамуы; қазақ халық педагогикасындағы қыздардың тəрбиелілігінің тереңдігінің, тұрақтылығының, саналылығының, дербестілігінің қалыптасуы.

Іс-əрекеттік компонент қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі саласынан адамгершілік қарым-қатынастық дағдысы, ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуынан тұрады. Бұл компоненттің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі жолдары мен тəсілдерін меңгеруі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің мазмұнын өзгелерге насихаттап, жеткізе білуі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің адамгершілік қарым- қатынастағы құндылығына баға бере білуі, ұлттық мінез-құлықтың көрінуі. Сонымен қатар қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі бойынша оқушы қыздардың білім деңгейлері де анықталған.

Танымдық компонент бойынша өлшемдерінің жоғары деңгейлерінің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне қызығушылығы байқалады, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін өз өмірінде қолдануға деген қажеттілігі қалыптасқан, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін бүгінгі күнге үйлестіріп, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой- ождан туралы түсініктерін саралап, дамытудағы маңызын түсінуі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін қолдануға талпынысы белсенді, орта деңгейлерінің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне деген қызығушылығы кейде байқалады, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне деген қажеттілігі ішінара, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін бүгінгі күнге лайықтап дамытудағы маңызын түсінеді, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін қолдануға талпынады; төмен деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне қызығушылығы байқалмайды, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесіне деген қажеттілігі нашар, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін бүгінгі күнге лайықтап дамытудағы маңызын түсінбейді, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін қолдануға талпынбайды.

Эмоционалды-мотивациялық компонент бойынша жоғары деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің мазмұнын терең түсінеді, бір-бірінен нақты ажырата алады, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің жолдары мен тəсілдерін жетік біледі, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиесі жайлы ұғымдары толық қалыптасқан, қазақ халық педагогикасының қыздар тəрбиесінің мазмұнын жетік біледі; орта деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін түсінуі үстірт, бір-бірінен ажыратуда шатасады, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің құралдары мен тəсілдерінің кейбіреулерін ғана біледі; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиесіне байланысты ұғымдарының қалыптасуы жеткіліксіз; қазақ халық педагогикасының қыздар тəрбиесінің мазмұны жөніндегі мағлұматтары шамалы; төменгі деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін терең түсінбейді, бір-бірінен ажырата алмайды; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі жолдары мен тəсілдерінен хабарсыз; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиесі жайлы ұғымдары қалыптаспаған; қазақ халық педагогикасының қыздар тəрбиесінің мазмұнын білмейді.

Мазмұндық компонент бойынша жоғары деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы танымдық үдерістердің дамуы бірқалыпты; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиелілігінің тереңдігі, тұрақтылығы, саналылығы, дербестілігі қалыптасқан; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы іс- əрекеттерінің тəсілдерін жетік меңгерген; орта деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы танымдық үдерістердің дамуы біркелкі емес; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиелілігінің тереңдігі, тұрақтылығы, саналылығы, дербестілігі қалыптасуы жеткілікті емес; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы іс-əрекеттері тəсілдерінің кейбіреулерін меңгерген; төмен деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы танымдық процестердің дамуы нашар; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы қыздар тəрбиелілігінің тереңдігі, тұрақтылығы, саналылығы, дербестілігі қалыптаспаған; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесі арқылы іс- əрекеттерінің тəсілдерін меңгермеген.

                                                                                                                                   К е с т е 

 Қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері жəне көрсеткіштері

 Іс-əрекеттік компонент бойынша жоғарғы деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің құралдары мен тəсілдерін жетік меңгерген; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің мазмұнын өзгелерге насихаттауда, жеткізуде белсенділік танытады; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің адамгершілік қарым-қатынастағы құндылығына баға береді; ұлттық мінез-құлық бар; орта деңгейдің көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің құралдары мен тəсілдерінің кейбіреулерін меңгерген; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің мазмұнын өзгелерге жеткізуге талпынады; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің адамгершілік қарым-қатынастағы құндылығына баға бере алады; ұлттық мінез-құлықтың көрінісі бар; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін өз бетінше мұғалімнің көмегімен қолдана алады; төменгі деңгей көрсеткіштері: қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің құралдар мен тəсілдерін меңгермеген, қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің мазмұнын насихаттауды, жеткізуді қажет емес деп санайды,қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесінің адамгершілік қарым-қатынастағы құндылығына баға бере алмайды; ұлттық мінез-құлықтың көрінісі жоқ; қазақ халық педагогикасындағы қыздар тəрбиесін өз бетінше қолдана алмайды.

Көрсетілген өлшемдер қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру үдерісінің нəтижесін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы үдерістің бір құрылымдық компоненті ретінде қарастыра отырып, қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастырудың нобайы құрылды (сур. қара).

 Сур. Қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру нобайы

                                Сур. Қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру нобайы

Суретке сəйкес қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастырудың мақсатын жүзеге асыра отырып, білім беру жүйесінде қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастырудың жүйесін құрастыру негізгі міндет болып табылады. Бұл міндет қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастырудың төрт компонентін жүзеге асыруды көздейді.

Ғылыми негіздерден қазақ қыздарының ұлттық келбеті қаланады. Сонымен бұл нобай қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыруды айқындауға жол ашады. Демек, қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастырудың нобайы қыздардың табиғатпен біртұтастық сезімін ұштауға, дəстүрлерден тағылымдық алу шеберлігін шыңдауға меңгерген тəрбиесінен рухани құндылықтарды игеруіне мүмкіндіктер береді.

Бұл нобайда қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастырудың бүгінгімен жалғасуын ескеру қажеттілігі зерттеу барысында байқалды. Мұнымен бірге оның қағидасын, адамның өзін-өзі тануын, рухани құндылықтарды қалыптастыруын, имандылығының терең болуын қамтамасыз етуіне рөлі ашылды.

Нобайдан шығарар қорытындымыз:

  • қыз тəрбиесіне байланысты дəстүр, салт, əдет-ғұрыптардың жаңаруы;
  • халық санасында сақталған қыз тəрбиесінің озық дəстүр, салт-ғұрыптардың қайта жаңғырығуы;
  • қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру амалының сұрыпталуы.

Қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру нобайы оның даму тарихына байланысты құрылды.

Қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру толыққанды тəжірибеде қолдану мақсатында біздер тəрбие үдерісіндегі ұлттық келбетті құрдық. Ата- ана баласын өнегелі сөзімен, жеке басының үлгісімен тəрбиелейді. Оның азаматтық келбеті, мінез- құлқы отбасындағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балада үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-əрекетіне електеушілік басым. Қазақ халқы қыз бала тəрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Тəрбие тірегі — халық мұрасы. Өйткені халықтық педагогика — белгілі бір ұлт өкілдерінің, əдебиеттің, мəдениеттің т.б. ежелден жинақталған, толығынан сақталған келер ұрпаққа қалдырған бай қазынасы. Бұны жас ұрпаққа жеткізу, əдет-ғұрып, салт-дəстүрді жаңғыртып, үздіксіз білім беру жүйесінде қыз балалардың бойында қалыптастырып тəрбиелеу — тəрбие саласындағы қызметкерлердің міндеті.

Қорыта келгенде, халықтардың кəсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын салт-дəстүрдің əр адам өмірінде алатын орны ерекше. Себебі бізге туғаннан бастап ұлттық рəсімдер, салт-дəстүрлер арқылы ұлттық тəрбиені бойымызға қалыптастырады. Халқымыз «Бала тəрбиесі бесіктен басталады» дейді. Сондықтан білім беру жүйесінде қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыру қажет. Оның өзі ана тілін білу, үйрену арқылы жүзеге асырылады. Өйткені ана тілі арқылы ғана адам өз халқының мəдениетіне, тарихына, дəстүріне ұмтылады, ұлттық мінез-құлық пен ой-қабілет ерекшелігін бойына сіңіреді.

Қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы болашақта қазақ қызының ұлттық келбетін сақтау жəне оның уақыт пен кеңістігіне үндес дамып отыру үдерісін тарихи сананың негізінде іске асыру деп түсінеміз. Н.Ə.Назарбаевтың «тамыры жоқ болашақ ұлттық сипатты жойып, дүбəралық күйге ұшыратады» деген [8] философиялық түйінінен байқаймыз.

Сондықтан да қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздар тəрбиесін қалыптастыруды өңдеу қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыру жөнінде жұмыстың мақсаты, міндеттері, мазмұны, формасы, əдістерін, құралдарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ қызының ұлттық келбетін қалыптастыруда келесі нəтижеге қол жеткізуді болжаймыз: қазақ қызына сай ұлттық келбеті қалыптасқан, ана тілін терең білетін, ата-тегі, адалдығы мен пəктігі бойына дарыған, өз ұлты мен жалпыадамзаттық құндылықтарын игерген, ұлттық дəстүрлі тəрбие түрлерін жете меңгерген қыз тұлғасы.

Тұтас педагогикалық үдерістің өзіне тəн компоненттері бар. Олар оқыту мен тəрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен əдістері, сонымен қатар нəтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық үдеріс сонда ғана татымды нəтиже беретіні белгілі.

Біз нобай құру барысында тəрбие үдерісінің ерекшеліктеріне де сүйендік. Тəрбие үдерісі — күрделі динамикалық жүйе. Қазіргі теориялық педагогикада тəрбие үдерісі жүйесінің төмендегідей өлшемдер бойынша құрылған нобайы белгілі: тəрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны,үдерістің жүру шарттары, тəрбиеші мен тəрбиеленушілердің өзара іс-əрекеті, қолданылатын əдістер, формалардың, үдерістің даму сатыларының, т.б. өзара байланысында.

Демек, қазақ халқының дəстүрлі тəрбие түрлері арқылы қыздардың ұлттық келбетін қалыптастыруға жасалған нобай негізінде қазақ қызының ұлттық келбетін тəрбиелеудің нəтижелі болуы тəрбие үдерісінің бірте-бірте өзін-өзі тəрбиелеу үдерісіне ұласуына байланысты болатындығын есепке алу маңызды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тəлім-тəрбиесі: Оқу құралы. — Алматы: Санат, 1995. — 352-б.
  2. Наурызбай Ж.Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников: Автореф. дис. ... д-ра пед. наук. — Алматы, 1997. — 45 с.
  3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. — Алматы: Ғылым, 1998. — 317 с.
  4. Шалғынбаева Қ. Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тəрбиесі: Пед. ғыл. д-ры ...дис. — Алматы, 2006. — 265-б.
  5. Ұзақбаева С.А. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тəрбие: Пед. ғыл. д-ры ... дис. автореф. — Алматы, — 46 с.
  6. Дүйсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын оқу-тəрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері: Пед. ғыл. д-ры ... дис. — Алматы, 2001. — 321-б.
  7. Қоңырбаева С. Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномəдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары. — Алматы, 2008. — 153-б.
  8. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан–2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздіғі жəне əл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы, 1997. — 24-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.