Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Шипагерлік баян» идеялары

 «Шипагерлік баян» — тəлімдік-тəрбиелік еңбек, халықтың педагогика бастауының қайнар көзі. Расында да, ғұламаның еңбегі аз сөзге көп мағына сыйғызған, көп тарихи деректерді, толып жатқан аңыз-əңгімелерді, талай-талай этнонимдерді, мақал-мəтелдермен ой-түйген халықтық асыл мұрасы екені шындық. Ол халықтың өзі жөніндегі нəрселерін, халықтық ой-зердесімен түсіндірген. Сол заманғы басқа да ғалымдар секілді адам тəрбиесін дін ілімімен ұштастырып отырса да, имандылық идеялары діни шеңберден əлдеқайда кең ұғымды қамтыған. Ғалым ислам дініне, оның қасиетті кітабы Құран Кəрімге адамгершілік пен имандылықтың нағыз қайнар көзі ретінде қарап, өзінің жас ұрпақтарына қояр негізгі талап-тілектерін ондағы діни қағидалар мен ережелерге сүйене отырып жүргізеді.

Тəлім-тəрбиелік ойлардың қайнар көзі «Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегін бүгінгі ғылыми педагогикамен терезесі тең түсіп, үндесіп жатқан жетекші педагогикалық идеяларды жас ұрпақ тəрбиесіне ұсынуға болады. Сонымен қатар «Шипагерлік баяндағы» отбасы тəрбиесінің өміршеңдігі, халықтық педагогиканың мұраттарымен үйлесім табуы еңбекті тек танымдық тұрғыдан ғана емес, тəрбие тұғырнамасы ретінде үйренуге міндеттейді. Сондықтан жоғарыда аталған ғалымның пайымдауларын, бір жағынан, баға жетпес рухани құндылық ретінде санасақ, екіншіден, ұрпақ тəрбиесінде басшылыққа алатын өмірлік қағидаларды топтаған жəдігерлік дүниелер деп танығанымыз жөн.

Мəселен, «Шипагерлік баян» еңбегінен 100-ден астам мақал-мəтелдерді кездестіруге болады. Ұлы ғалым-бабамыз көп ғасырлық халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға толы екенін байқаған. Сондықтан ол өзінің əрбір пайымдауын халықтың өз түсінігімен, даналығымен түйіндеген. Ірі-ірі кесек ойларды «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болған мақал-мəтелмен қанаттастырған. Ғалым мақал-мəтелдердегі адамгершілік-этикалық идеяларды, ойдың асыл інжу-маржандарын осы мақал-мəтелдерден алып отырғандығын айтуға болады.

Сонымен қатар сол кездегі дана ойшылдарының бəріне тəн ақындық өнерде ғұлама-ғалымның бойынан табылған дегенді баса айтқымыз келеді. Өлең жолдарының негізгі идеялары адамды тəрбиелеуге негізделген. Біз бүгінгі күні оның өлеңдерін баға жетпес тағылымы мол дүние деп қарастыруымыз керек.

Ғұлама-ғалым орта ғасыр ойшылдары сияқты ақындық өнерден де кенде қалмаған. Дала ойшылының өлеңіндегі өміршең пафос — оның педагогикалық идеяларындағы адами құндылықтар жүйесін құрайтын адамзат өмірінің мəңгілігі, өлмес мəдени мұралармен қатар, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өсиет-аманаттан құралған. Айрықша айтып өтетініміз оның:

Қалмады ұрпақ, Өтейбойдақ аяндалды,

Мені өшірмес «Шипагерлік баян» қалды.

Бұ да менің ұрпағым жөн білгенге

Қағазбенен жалғасқан аян қалды, — деген өлең жолдары «Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегіне темірқазық, алтын бастау болды.

«Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегінде көптеген өлеңдер бар. Олардың тақырыптары да алуан түрлі. Мүшел жас, отбасы, ұрпақ мəселесі туралы да айтқан өлеңдері ортағасыр ойшылы Жүсіп Баласағұнидің пайымдауларымен мазмұндас болып келеді.

Жарақсызға аунағанмен не пайда?

Жарандыға қауышлық ең пайда.

Құдай жұпты қылған оған жазуда,

Ұйып қалса — бала деген қалайда, —

деген бəйіт осыдан шыққан деп жазады ғұлама [1; 124].

Мына бір жыр жолдарының Абай өлеңдерімен соншама үндесіп кететіндігі Абай мұрасының өзіне дейінгі қазақ поэзиясымен сабақтастығын танытады.

Мүшел тектеп құшқаны он екі жыл,

Он үш жастық қосылғы мерзеттік қыр.

Мақұл хат атауымен аталғанмен,

Түпкілігі пенделік мінездік сыр.

Кейбіреулер шенеуді шелдей көріп,

Елді арбап, кеудесін көрсетіп жүр.

Миың болса басыңда көзің жеткіз,

Ата-баба атына келтірме кір, — дейді [1; 174]. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының табиғи ақындық қуаты, суреткерлік қасиеті ешкімге ұқсамайды. Оның көзі қырағы, қиядағыны шалады, қиырдағыны көреді. Табиғаттың тылсым сырларын жүрегімен сезінеді. Сөйтіп, көрген-білгенін сезімталдықпен жырлай білетін сыршыл ақын екендігіне дау жоқ.

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса, басқа дəулет құралмаған.

Басыңа таудай ауыр қайғы түссе,

Несібі жазып қойған бір Алладан,

Десе [1; 113], енді бірде оның өлеңінен жырдың табиғаттай тазалығы мен мөлдірлігін, киелі сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіне білетін ғұламаның болмысын, зерделігін танимыз. Ғұламаның өлеңіндегі ойлылық, парасаттылық, образдылық осының дəлелі.

Ел — білім дəулетінің қайнары екен,

Шипа-ем зəруатының айдары екен.

Ұстанып, қадіріңе жетіп жия білсең,

Ұстазсыз ұстаз боларлық пайдалы екен,

дейді [1; 20]. Ғалым дүниені тануға, өмірді өзгертуге адамның күйі, ақылы жетеді деген зор үмітпен өмір сүрді. Бұл ретте ғалым көп жүкті өнер-білімге артты. Нəзік жанды ақынның тілі де сұлу көркем. Ешкімнің аузына түсе бермейтін қанатты теңеулер. Ғұлама-ғалымдарға тəн қасиет ойшылдық, ізгі ниет, жағымды қоғамдық көзқарас дейтін болсақ, Өтейбойдақ бабамызда мұның бəрі де бар. Заман туғызған данышпан ғалым халықтың жан саулығымен қатар, тəн саулығын қатар алып жүрген. Ғалым ел ішіндегі ақын-жыраулардың өнерлеріне де тəнті болғанға ұқсайды. Ол мына өлеңді ел аузынан жазып алып, еңбегіне қосқан:

Зығыпырандай сарғайдым, қарап сенің жолыңа,

Неге тудың, анашым, тартатын бұл сорыма.

Іші-бауырым езіліп, елжірейді амал не?

Түскенім ғой ағайының қасіретті торына, —

деген еді күйікті біреу атын ұмытып қалыппын, — деп жазды [1; 120].

Республикамызда қазіргі күні рухани салада жүріп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістері нəтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, өткеннің тарихынан бізге жеткен тəлім-тəрбиелік мол мұраларын болашақ ұрпақты тəрбиелеуге пайдаланудың мүмкіндігі туып отыр.Ұлы тұлғалардың мұраларын оқыту арқылы адамды тəрбиелеу болып табылатынын білеміз.

«Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегін зерделегенімізде ғалымның бала тəрбиесіне, жалпы адам тəрбиесіне терең мəн беріп, оның сəтті қағидалары мен ережелерін халықтың тəрбиелік дəстүрінде топтастырғанын анықтадық. Оны мынадай топтарға бөліп айтуға болады: «Сүйінші», «Көз тию», «Бата», «Ат тергеу», «Сегіз ат сабылтқы», «Қазақ ырымдары», «Тыйым сөздер», «Жеті ата», «Жеті күн», «Жеті қазына» т.б.

Ө.Тілеуқабылұлы тыйым сөздерінің де мəн-мағынасын ашады. Тіпті оның тыйым сөздерінде ойшылдығы мен шипагерлігі біртұтас ажырату қиын. Дүниені философиялық жолмен тану принциптерін көруге болады. Ойдың шипагерлік құдіретімен жасалған идеясының тағылымын бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Мысалы, ол он үштегіні, отыз үйден тыйым болуы сияқты елдің салт- жоралғысын есте сақтаған шарт десе, енді бірде əрбір пендеге істейтін пайдалы істі істеу, пайдасызына жоламау, басыңа пəле болмақ деп тыйым жасаған [1; 115]. Ғалым ханға осы ұлттық құндылықтарды еңбекке қосуды жөн деп санағанын айтады. Ислам діні өзінің Алла жаратқан қасиетімен тыйым тоқсан бірді жеуден тыйым, сексен бесті жеуден тыйым, һарам мен һалалды айқындап, шектеп тектеуімен, есіркеп ауызға алынбайтын көнергіге айналыпты, тіпті ұмыт болыпты. Өзімде есте түсіріп маңдыта алмадым. Бірақ менің есімнен кетпеген шипагерлікте кем болса толықтық толымы бос қалатындық тудыратын жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау, он екіден айырылмауды қосуды жөн көрдім [1; 113].

«Кебенек іші мың арып, мың семірерлік, жаныңды алса да, сырыңнан айырылма», «ырзықсыз пенде болмас, даяр асың малыңнан айырылма», «шыбын жаның шыққанша, намысыңнан айырылма» деген сияқты он екіден айырылмау мен жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау сияқты т.б. халықтық түйін тұжырымдар қазірде жастарды имандылыққа тəрбиелеу кезінде кəдеге асары сөзсіз.

«Шипагерлік баянда» ешуақытта бағасын жоғалтпайтын құндылықтар қатарына он екіден айырылмау, жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспауды жатқызуға болады. Қазақ халқы бұл асыл дүниелерге ерекше мəн беріп келген. Ғалымның осы шарттарының мəнін ашып, оның имандылық ғибраттарымен үндестігін дəлелдеуге тырысып көрелік. Мысалы, ғалым жетіге тиіспеуді былай сараптайды:

Көктемде көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу;

Көктемде көбеймелі жорғаламаларға тиіспеу;

Көктемде көрінген қорғалағыштарға тиіспеу;

Көктемде көз ашпаған шикілікке тиіспеу;

Қай-қашан да қонжатқа (қонаққа) тиіспеу;

Қай-қашан да көршіге тиіспеу;

Қай-қашан да елшіге тиіспеу.

Көктемде көктеп келе жатқан жас өсімдіктерге, көбейетін бауырмен жорғалайтындарға, ұшып жүрген құстарға, жас балапандарға тиіспеу туралы шартты, қазақтың көкті жұлма деген сөздерімен сəйкес келсе, оның көршіге, қонаққа, елшіге тиіспе деген тыйым сөздері «құдайы көрші», «көршіңмен туысыңдай сыйлас», «құдайы қонақ», «үйіңе қонақ келсе, құт келеді» т.б. нақыл сөздерімен байланысқан. Мұның барлығы адамзаттың үнемі есте сақтайтын имандылық ережесіндей.

«Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегіне ғұламаның атап кеткен «жетіге тиіспеу», «қырық бірге жұғыспау», «он екіден айырылмау» принциптерін енгізу арқылы жас ұрпақты имандылыққа, ата-баба салтын ұмытпауға шақырғандай əсер тудыратыны шындық. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы басқа да дала ойшылдары сияқты адам өміріндегі рухани тəрбиенің маңызын бірінші орынға қояды. Оған жоғарыда аталған «жетіге тиіспеу», «қырық бірге жұғыспау», «он екіден айырылмау» атты тұжырым қағидалары дəлел бола алады.

Ал, енді «қырық бірге жұғыспауды» ғұлама-ғалым имандылықтың шарықтау шегіне дейін көтеріп, оны сақтауға баршаны шақырғандай болады. Өзің шығар төрге, киесі бар далаға, түтін ұшар шаңыраққа, ырыс келер босағаға, парақұмар ыласқа т.б. жұғыспа дейді. Ондағысы өзінен кейінгі ұрпаққа ізгілік, имандылық пен тектілік, парасаттық, кісілік сияқты адами құндылықтар рухында тəрбие беру.

«Он екіден айырылмау» шарты уағыздаған имандылық тəрбиесіне байланысты ұстанымдар, бір жағынан, ислам дінінің, екінші жағынан, көшпелі түркі халықтарының моральдық талаптарына негізделгенін байқау қиын емес. Мəселен, ақылыңнан, ел бастайтын көсеміңнен, шыбын жаның шыққанша намысыңнан, көппен көрерсің еліңнен, болмашыға өкпелеп досыңнан айырылма деген жолдар қазіргі күні де мəн-мағынасын жоймағандығымен құнды.

Осындай салиқалы саралаудан кейін, Ө.Тілеуқабылұлы мынадай қорытындыға келеді: «Алла жаратқан адам пендесі көнсең де, көнбесең де басыңа келетін, сенсең де, сенбесең де рақатқа бөленбегің шарт. Соның жолы бұраңдаған қисық, түзу өтетін өмірлеуді алла жазбаған»

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы тоқсан жылдық өмірінің сексен жылына таяу өмірінде бөктерме қабын бөктеріп, теңгерме қабын теңденіп, шөнтек-шонтайлары мен местерін салпаңдатып, қаңғып жаһан кезіп, жаһанкез атанып, шипагерлікпен шұғылданып, əйел алып, бала сүюді ұмытып, күллі қазақ даласын, орыс даласын аралап, көрмегенді көріп, тартпауға тиісті азапты əдейі тартып жүріп, 1050 түрлі шипа емді қамтыған осы «Шипагерлік баяны» кітабын жазып қалдырған [1].

Сайын дала төсінде мал-жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп- қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс-шығыс елдеріне қарағанда жазу-сызу мəдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз əдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым- қатынас, ел басынан өткен қилы-қилы кезеңдерді, жақсы-жаман жағдаяттарды ой-сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мəңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды [2]. Барша қазақ мəдениетінің теңдесі жоқ қазынасын бір басына жинаған «Шипагерлік баян» халқымыздың мақтанышына айналуы керек. Арада талай ғасыр өтсе де ұрпақтан ұрпаққа таралып, танымдық мəнін, тəрбиелік мазмұнын əсте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша мəнге ие болып отыр.

«Шипагерлік баян» ғылымнамалық еңбегі — ХV ғасырдың төл туындысы. Ортағасырлық қазақ ойшылдарының көшбасысы саналатын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ғылыми қауымға «Шипагерлік баян» кітабы арқылы соңғы он бір жылда ғана танымал бола бастады. Қазақ хандығы құрыла бастаған тұста ғұмыр кешкен ұлы бабамыздан жеткен 30 баспа табақ көлеміндегі қолжазба ғана. Оның 5–6 томды қамтитын басқа қолжазбалары 1968 жылы Қытай елінде болған мəдени төңкерістің кесірінен отқа жағылып кеткен. Осыдан он бес ғасырдан астам бұрын жазылған «Шипагерлік баян» бізге несімен құнды? Ең бірінші, философиялық, психологиялық ойларымен, даналық кеңестерімен қымбат. Ғұлама еңбегіндегі педагогикалық жəне психологиялық тұрғыда айтылатын ой-пікірлері мол.

Сайын даланың əл-Фараби, Йассауи, Өтейбойдақ сияқты ұлдары əлем тарихына өз аттарын мəңгіге жазып кетті.

«Тарих өткен шақ туралы білімдердің жинағы ғана емес, тарих — ойлау жүйесі, қазіргі əлемде өз жағдайыңды нақтырақ түсінуге бастайтын жол», — деп жазады, Ж.О.Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқу бағдарламасында [3].

Екіншіден, тəлім-тəрбиелік адами құндылықтарымен бағалы. «Шипагерлік баяндағы» тəлім- тəрбиелік ой-пікірлердің негізгі өзегі — жастарды имандылыққа тəрбиелеу мəселесі. Бұл кітап діни уағыздар, мақал-мəтелдер мен түйінді ой-тұжырымдар арқылы беріледі. Адам өміріндегі ғылымның, оқу-білімнің маңызын көрсетеді. «Шипагерлік баян» — медицина жөніндегі үлкен ғылымнамалық ұлы еңбек. Оның ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп, тек қана шипагерліктің шын мəніне жету үшін оған астрономияны, философияны, психологияны, этнографияны, ұлттық салт- сананы, тарихты тығыз ұштастыра білуінде. Ол əлеуметтік-этникалық, педагогикалық, психологиялық мəні орасан зор мұра.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының артына қалдырып кеткен рухани мұрасының астары өте терең. Ұлт тəрбиесі, дені сау ұрпақ қамы ғалым еңбегінің түпқазығы болған. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ұрпақтың денінің саулығына жəне оның тəрбиесіне тигізер келеңсіз, орынсыз жағдайларды нысанаға алған. Осыған рухани наразылық танытып, күн ілгері дабыл қақты. Оның еңбегі сонысымен құнды. Ғұлама-ғалым ұрпақтың өнегесіздігін, тəрбиенің теріс жақтарын мысалға алады. Бұны бізге ғалымның «жаманнан жирену» ұғымын есепке ала отырып, тəрбие ісінде пайдалануға болады. Сонымен қатар осыдан бес ғасыр бұрынғы еңбектің бүгінгі өмірмен өзектестігіне назар аударылды. Ғалым дінді таяныш қылды. «Шипагерлік баянның» халықтық педагогиканың мұраттарымен үйлесім табуы олардың шығармаларын тек танымдық тұрғыдан ғана емес, тəрбие тұғырнамасы ретінде үйренуге міндеттейді. Сондықтан «Шипагерлік баянда» аталған мұраларды, бір жағынан, баға жетпес рухани құндылық ретінде санасақ, екіншіден, ұрпақ тəрбиесінде басшылыққа алатын өмірлік қағидаларды топтаған жəдігерлік дүниелер деп танығанымыз жөн. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының қазақ халқының «ген» тазалығы жөнінде əлем өркениетіне қосқан үлкен үлесі ерекше бағалануы қажет.

Ғұлама-ғалымның педагогикалық идеяларындағы ұлттық салт-дəстүрді, ұлттық салт-сананы жəне табиғаттың өз заңы бойынша ой өрбітіп, жалпы əлемді бір-бірінен бөліп жаруға келмейтін біртұтас дене ретінде қарауын баса айтуға тырыстық. Сонымен қатар Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының

«Шипагерлік баян», оның тəлім-тəрбиелік идеялары — баға жетпес құнды мұра. «Шипагерлік баяндағы» жетекші педагогикалық идеялар — ислам діні қағидалары мен қазақ халқының ықылым заманнан бергі жинақтаған тəлім-тəрбиелік дəстүрлердің сабақтастығынан туындаған педагогикалық өсиеттер.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының педагогикалық идеясының түпқазығы — ұрпақ тəрбиесі жəне оқу-білім мəселелері. Оқу-білімді инемен құдық қазғандай деп қажырлық пен сабырлыққа шақырады. Ө.Тілеуқабылұлының ұрпақ тəрбиелеудегі тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерінің негізгі түйіндері сол кездегі дала көшпенділерінің талап-тілегінен, мəселен, жас ұрпақты тəрбиелеудегі баршаға ортақ моральдық норманың далалық кодексі «сегіз қырлы, бір сырлы» ұғымынан туындағаны даусыз. Ғұламаның пайымдауынша, тəрбие адамға туғанынан, үздіксіз берілетін жəне ол бір сəтте толастамайтын құбылыс деп түсініктеме береді.

Ғалым ислам дінінің отбасы тəрбиесіндегі рөлін «Шипагерлік баянда» құнарлы ойлармен береді. Отбасын құру екі адамның ниет тілектерінен болады дейді. Жар таңдау мəселесіне жауапкершілікпен келеді. Жезөкшелік жаман, нəпсілі арам ниетті тыйу, халқымыздың салтында беттен сүйетін, өте- мөте бозбалалар, қыз-келіншектерді зорлықпен бетінен сүйетін жаман ниетті қылықты тыйюды ұсынады. Өкінішке орай, қазір мерез, жүре пайда болған иммунитет жетіспеушілік синдромы (СПИД), сарыаурулардың В жəне С түрлері, тағы басқа көптеген аурулар жыныс жолдары арқылы таралып, көбейіп барады. Мұның негізі отбасы тəрбиесінің дұрыс жолға қойылмауынан туындағаны шындық.

Сондықтан ғұлама-ғалымның денсаулық мəселесін дін тəрбиесімен тұтастықта қарауының мəні тегін емес. Біздің пікірімізше, еңбек авторының осы бағытты ұстануы, оның еңбегінің тəлімдік- тəрбиелік мəнін ерекше арттыра түскендей.

Біз осы уақытқа дейін ғылым мен білімге еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мəн бере бермейміз. Дəлірек айтсақ, осы уақытқа дейін адамзат тарихының парқы мен нарқы негізінен еуропалықтардың талғам-танымы бойынша жазылып келді. Біз де сол талғам-танымнан тəрбие алып өскен ұрпақпыз. Қорыта айтқанда, «Шипагерлік баян» адам баласының ең басты байлығы — денсаулықты сақтауға, сырқаттарды емдеуге ғана бейімделген терең де тарихи ғылымнамалық еңбек қана емес, ол халқының тұрмыс-тіршілігімен, оның рухани байлығымен, халықтық салт-дəстүрімен, терең тыныстаған келер ұрпаққа тəрбиелік мəні зор мұра екені даусыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. — Алматы: Жалын, 1996.
  2. Шешендік шиырлары. — Алматы: Қайнар, 1993. — 3-б.
  3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы // Жоғары білім беретін гуманитарлық жəне жаратылыстану мамандықтарына арналған оқу бағдарламасы. — Астана, 2005. — 5-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.