Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің сыни ойлау қабілеттерін ағылшын тілі сабағында дамытудың тиімді амалдары

 Соңғы 10 жыл ішіндегі қоғамның барлық салаларындағы оңды өзгерістер, соның ішінде шетел тілінде білім беру аясында дүниежүзілік қоғамдастықтағы елдермен жаңа қарым-қатынастардың орнауына байланысты шетел тілдеріне деген қызығушылықтың арта түсуі байқалады. XXI ғасыр жан-жақты зерделі, дарынды тұлғаларды қалыптастыруда білім беру мəселесі мемлекетіміздің басты назарында білім мен ғылымның дамуына оңтайлы əсер ету үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену білім беруді одан əрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап бүкіл əдістемелік жүйеге жаңа талаптар қоюда.

Мəдениаралық қарым-қатынастың белсенді субъектісі ретінде халықаралық қатынастар жағдайында жоғары деңгейлі өзара түсіністік пен өзара əрекетті қамтамасыз ететін құзыр-қабілеті бар жаңа формациядағы мамандарды даярлау мақсатын шешуде жаңа əдістемелік тəсілдерді қолдану қажет. Осыған байланысты қазіргі жоғары мектептегі білім беру жүйесінде көкейтесті мəселелердің бірі — жазу мен оқуда студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.

Философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан осы мəселені зерттеумен айналысатын бірқатар шетелдік ғалымдарды атап кетуді жөн көріп отырмыз, олар: Эдвард де Боно, Дж.Дьюи, М.Липман, Д.Халперн, Д.Клустер, Р.Х.Джонсон, П.Фрейре, Дж.Стил, К.Меридит, Ч.Темпл. Ресейлік ғалымдары ішінде білім беру процесінде студенттер мен оқытушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту қажеттілігі мен мүмкіндіктерін В.А.Болотов, А.В.Коржуев, Г.Б.Сорина, Д.М.Шəкірова, Л.И.Шрагина жəне тағы басқалар кеңінен насихаттауда.

Аталған авторлардың еңбектеріне жасалған сараптама сын тұрғысынан ойлау үрдісіне берілген нақты бір анықтама əлі де жоқ.

Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамаларының көбінің негізінде құндылықтар мен амалдар жайында күрделі шешімдерді қабылдаудағы ақылға қонымды, сараланған қатынас жатыр. Р.Эннис сыни тұрғыдан ойлауды «не істеп, неге сену керектігі жөніндегі ой елегінен өткен шешімдерді қабылдау» деп анықтайды [1].

Америка философы əрі педагогі Дж.Дьюи сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мəселемен айналысқанда ғана пайда болады деп есептейді. «Жағдаятқа немесе құбылысқа байланысты қойылатын негізгі сұрақ осы құбылыстың қандай мəселелерден туындайтындығы туралы болмақ»[2].

Дж.Дьюи сын тұрғысынан ойлауды адам санасының келіп түскен ақпараттың тұрақталып қалған идеяларды түсіну, жаңа идеяларды тудыру немесе түрлі мəселелерді шешу үшін өңдеу үрдісі деп сипаттайды [3].

Түйіндей келе, сын тұрғысынан ойлау студенттердің рефлексивті-бағалау іс-əрекет түрінің іскерліктері мен дағдыларын игеру негізінде жатыр. Берілген іс-əрекет философия, педагогика мен психология ғылымдарында адамның туғаннан пайда болған, үнемі даму үстінде жүретін, өмірлік маңызы бар адам іс-əрекетінің ерекше түрі деп анықталған. Сыни ойлау іскерліктерін белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі ұғымдарды анықтап алу өте маңызды. Олар рефлексия — сын-сыншылдық өзін-өзі сынау — аргументтеу — дəлелдеме — бағалау — өзін-өзі бағалау — баға белгілеу пайымы [4].

Жоғарыда аталған ұғымдарды талдау негізінде сыни ойлау қабілеттерін тəжірибе жүзінде асыруға мүмкіндік беретін іскерліктерді анықтадық.

«Рефлексия» ұғымы алғаш рет философияда пайда болып, тұлға санасындағы заттарды ой елегінен өткізу болып саналатын. Рефлексия (лат.тілінде reflexio — артқа оралу) — адамның ішкі психикалық актілер мен қалыптарды, өзін-өзі тану үрдісі. Өзін-өзі тану барысында ғана таным қалыптасатынын жəне оның құрастырушы сипаттамасы ретінде рефлексияның рөлін Л.С.Выготскийдің ерекше атап өтеді [5]. Яғни рефлексия адам санасының өз-өзіне көңіл аудару, өз əрекеттерін ұғыну мен қандай ережелер мен кестелер негізінде осы əрекеттер жұмыс істейтінін жете түсіну. Рефлексияның мақсаты — іс-əрекет мағынасы, типтері, амалдары, мəселелері, оларды шешу амалдары, алынған нəтиже, студенттердің өзара қатынасы, студенттердің оқытушы мен өзара қатынасы, іс-əрекетке қатынасы сияқты негізгі құрамдас бөліктерін анықтау, ұғыну, еске түсіру болып табылады.

Сын жəне сыншылдық — өз бетінше өз сенімін қорғау жəне қарсы пікірге жауап таба білу; жаңа ақпаратты талдай білу іскерліктерінде байқалады. «Сыншылдық» ұғымының негізінде «баға», сонымен қатар диалектикалық ойлау кірігеді. Бұл дегеніміз ғылыми əдістерді, логика қағилалары мен ережелерін ғылыми түрде қолдану болып табылады.

Өзін-өзі сынау сынмен тікелей байланысты болғанымен, төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар: өзіндік пікірді, сыни баға берумен түзетуден өзін-өзі бағалау жəне түзетудегі дəлелдемелерді талдай білу іскерліктерден тұрады жəне тұлғаның бойында тапқырлық, білуге құмарлық, аңғарғыштық, емін-еркіндік, батылдық, өнегелілік сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Бағалау жəне өзіне-өзі баға беру мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру жəне іс-əрекет жоспарын, мақсат-міндеттерін жəне соңғы нəтижені салыстыру өзіндік қателесу мен үйлесімділік себеп- салдарын талдау, жұмыс ақауларын жоюға бағытталған шешімдерді қабылдай білу іскерліктерден тұрады.

Бағаны белгілеу пайымы — өзіндік жəне өзге адамның пікірін нақтылау, жалпылау салыстыру, қарсы қойып салыстыру əрекеттер жиынтығы.

Адамдардың сынауға жəне өзін-өзі сынауға ұмтылысы жоғары болғанымен, тəжірибе жүзінде бұл білімдерді қолданудағы қажетті іскерлік пен дағдылардың болмауы шалағай сыншылдыққа əкелуі мүмкін. Сын мен шалағай сыншылдықтың айырмашылығы ойдың логика тұрғысынан дұрыс берілуінде жатыр.

Студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастырудың қажеттілігі аталмыш қабілеттің өздігінен пайда болу мəселесі көптеген ғалымдар мен ұстаздарды толғандыруда. Сыни ойлау, əрине, адам өмірінің логикасымен қалыптасады жəне жеке бас қасиеттеріне, əлеуметтік ортасына, тəрбиеге байланысты. Сыни ойлау қабілетін қалыптастыру ХХІ ғасыр педагогтарының алдында тұрған алдынғы қатарлы міндеттерінің бірі болуы керек. Қазіргі таңда жоғарғы мектеп оқытушысы ойлауды қалыптастыру тəсілдері мен оқыту технологиясына қажетті түрде көңіл бөлмеуде (кестені қара).

 Тұлғаның қасиеттерінің сын тұрғысынан ойлаудың негізгі ұғымдары мен іскерліктерінің өзара байланысы К е с т е

 Сыни ойлауды қалыптастыру — студенттердің интеллектуалдық іскерліктерін мақсатты түрде дамыту жəне танымдық ізденіс үрдістеріне оқыту. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатының негізінде, Р.В.Полдің пайымдауынша, студенттердің өзіндік пікірі мен құнды бағдарларының маңыздылығы мен дұрыстығын ұғыну — өзіндік табиғи бейімділігін жете түсіну [6].

Шығырмашылық жəне сыни ойлауды қалыптастыра алу мен оларды оқыту іскерлігі педагогтың кəсіби біліктілігінің деңгейін анықтайды. Педагогтың өз студенттерін сыни ойлауды оқыту жетістіктері, жаңа ақпаратты дұрыс ұғынып, оны есте сақтау, талдау іскерліктерінің көрсеткіші студенттердің өнімді іс-əрекет жасауына тікелей байланысты. Осылайша, сыни ойлау — педагогтың кəсіби біліктілігінің құрамдас бөлігі. Себебі бұл ойлаудың түрі əлеуметтік құндылығы жағынан ерекше, жұрт алдында пікірталаста топтық міндеттерді шешуде толығымен байқалады.

Ендігі кезекте студенттердің сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған практикалық құндылығы бар əдістер мен əдістемелерге тоқталып өтуге жөн көріп отырмыз. Педагогикалық жұмыстың маңызды құрылымдық бірлігі «əдіс» ұғымы болып келеді. Əдіс — көзделген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тəсілдері, тəртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген əдістерді саналы түрде қолдану — жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты [7]. Объективті шындықты практикалық жəне теориялық игеру операцияларының жиынтығы. Нақты жағдайда қажетті əдісті қолдану үшін педагогикалық ықпалды бағыттау субъектісін немесе объектісін, қандай нəтиже мен қалай оған жету жолдарын анықтап алу қажет. Əдістердің рөлі мен орнын анықтайтын классификацияның үш деңгейі белгілі:

Субъективті деңгейде əдісті қолданудағы субъекттің өзіндік пікірі мен шешімімен негізделеді. Іс-əрекет субъектісі ретінде: мамандар (олар əрекет, ықпал жасау жəне өзара əрекеттесудің сыртқы əдістерін қолданады), адамның өзі (өзіндік жұмыс, өзіндік əрекеттер), маман немесе педагогикалық ықпал жасалатын тұлға (маман мен адамның өзінің біріккен əрекеттері).

Функционалды деңгейде белгілі əдістің қолдануын ұйғарады. Функционалды əдістер ішінара негізгі жəне қосалқы деп екіге бөлінеді.

Негізгі функционалды əдістер — алдыға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған іс-əрекеттер, оларды жүзеге асыру əдістері.

Қосалқы функционалды əдістер — іс-əрекеттерді жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыруда қолданылатын əдістер.

Пəндік деңгейде əдісті жүзеге асыру тəсілін ұйғарады. Əрбір əдіс оны жүзеге асырудың белгілі амалын, əдістің функционалды мүмкіндіктерін көрсететін, яғни өзіндік пəндік, ортаға ие. Оларға практикалық əдістер тобы — жаттығулар, жаттықтырушы тапсырмалар, ойындар жəне т.б.; ықпал жасау əдістер тобы — сендіру əдістері, ақпараттық əдістер; іс-əрекетті ұйымдастыру əдістер тобы — басқару, бақылау əдістері, жағдаяттық орталарды жасау əдістері; ынталандыру əдістер тобы — марапаттау, əдісі, көндіру əдістері, бақылау əдістері.

Студенттердің сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған шетелдік жəне отандық ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген, сонымен қатар біздің шетел тілдер мамандарын даярлау үрдісінде, оқыту тəжірибемізде орын тапқан оқу мен жазу барысында бірқатар тиімді əдістерді қолдану үлгісін беруді ұйғардық.

Аутентивті материал негізінде жазба тілде сыни ойлауды дамытудың əдістерін, сонымен қатар шетел тілді оқытудың интерактивті əдістемесі қолданыс тапқан сабақтың моделін мысал ретінде қарастырайық. Берілген сабақ білім беру жүйесіндегі көкейтесті мəселелерінің бірі — «Home Education» тақырыбы бойынша жоғары курс студенттеріне арнайы əзірленген. Болжаулы топ студенттерінің интерактивті формат негізінде жұмыс істеу, Интернет ресурстарын қолдану жəне слайд-шоу арқылы презентация жасау іскерліктері мен білімдерінің жеткілікті деңгейі бар. Тапсырмаларды əзірлеуде студенттердің жеке бас қасиеттері мен топ, жұп болып жұмыс істей білу іскерліктері ескерілді. Берілген сабақ студенттерің кəсіби бағытталған аутентивті мəтіндермен жұмыс істеуге, ақпаратқа сараптама жəне талдау жасауға, сын тұрғысынан бағалауға, сонымен қатар мотивациялық деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

Сабақ барысында қолданылатын негізгі тəсілдер — мақаланың атауына қарай, онда берілетін ақпараттың құндылығына болжау жасау, «Ми шабуылы», «Концептуалдық кесте», тақырыптық ассоциация, диспут, өз-өзіне жəне өз əрекетіне сыни баға беру.

Сабақ оқу кезеңдеріне бөлінген. Сабақтың соңғы кезеңінде берілген мəтін бойынша мəселені талқылау.Үй жұмысы — Интернет ресурстарын қолдану арқылы компьютерлік презентация жасау.

 I.      Greeting.

OUTLINE

  1. Warm-up activity: to practice idioms on knowledge and

Introduction: The three most common basic metaphors for knowledge are:

  • Knowledge is Light.
  • Knowledge is Territory.
  • Knowledge is a Path.

These metaphors are shared by many languages. Light enables us to see, and therefore know, but dark- ness makes seeing and knowing difficult or impossible.

We also conceive of knowledge as a territory. We come to know a piece of land by walking across it. As we do, we either create or find a path which we can explore it and by which we can get to our destination again.

III. Brain-storming. In your native language, do knowledge and ignorance correspond to light and darkness? If so can you think of a few expressions that demonstrate the correspondence? Translate them and share them in groups of three or four.

Task 1: I’m going to hand out you the flash cards with idioms given in the sentences; you should try to guess their meaning from the content (group work).

Set of examples:

  1. see the light — come to understand and to
  2. see it in a whole new light — interpret or understand something in a very different
  3. it dawned on me — understanding came to
  4. plain as day — obvious, very
  5. beyond the shadow of a doubt — having certain
  6. shed some light on — clarify, make something
  7. be in the dark — be ignorant or uninformed of
  8. cover a lot of ground — learn a lot of information, teach a lot of
  9. a blanket statement — a broad generalization, usually not justified in this
  10. as far as I can tell — in my knowledge.
  11. get something across — make something understood.
  12. along the same lines — in a similar way, displaying similar
  13. beat around the bush — avoid coming to the point, approach indirectly when
  14. jump to conclusions –make fast and unwarranted
  15. come straight to the point — say what you mean, without digression or unnecessary
  16. on the right track — correct so far, following the correct line of

Task 2: Working with the article: George Bush’s secret army (Newsweek,5/2004)

  1. Before reading the article students should discuss the following questions:
  2. What might be the text about?
  3. What kind of new information you expect to find?
  4. While reading to summarize each passage using the clue words or
  5. After reading to fill the table given below. Group

  What new I have learnt from the text?

New words and phrases for me

Advantages and disadvantages of home education

Perspectives of the given type of education in our country

Why the article is so called?

IV. Self-evaluating.

 My participation in the lesson

My feelings and emotions during the lesson

My difficulties

Valuable thoughts for me from the lesson

Қорыта келгенде, болашақ мамандарды даярлауда шетел тілін үйрету үрдісінде сын тұрғысынан ойлау əдістерін қолдану олардың кəсіби құзыреттілігін арттырудың бірден бір амалы. Себебі студенттердің сыни ойлау қабілеті дамыту арқылы олардың жалпы өрісін кеңейту, жаңа ақпаратпен жұмыс істеу барысында оған талдау, сараптама жүргізу, өзіне қажетті материалды іріктеп алу, өз- өзіне жəне өз ісіне баға беру сияқты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Dewey J. (1916). Education and Democracy. — New York: Macmillan. — Р.
  2. Dewey How we think: Restatement of the relation of reflective thinking to the educative process. — Boston: D.C.Heath, 1933. — Р. 530.
  3. Paul R.W. Critical Thinking. — Soһoma State University, 1990. — Р.
  4. Шакирова Д.М., Сигбатуллина И.Ф., Сулейманов Д.Ш. Мышление, интеллект, одаренность: вопросы теории и технологии / Под ред. М.И.Махмутова. — Казань: Центр инновационных технологий,
  5. Выготский Л.С. Динамика и структура личности подростка: Хрест. по возрастной и педагогической психологии. — М.: Педагогика, 1982. — С. 138–142.
  6. Педагогика жəне психология: Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. басқ. А.Құ- сайынов. — Алматы: Мектеп, 2002. — 256-б.
  7. Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Перемена. — 2001. — № 4. — С. 36–40.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.