Кез келген мемлекеттің көліктік саясатының маңызды аспектісі — жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын үнемі жетілдіру.
Өз ерекшелігіне қарай автомобиль көлігі адамдардың өмірі, денсаулығы жəне мүлкі үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Бір миллион жолаушы-километрге келетін қаза болғандар саны бойынша бұл көлік түрі теңіз немесе өзен көлігінен 12 есе, теміржол көлігінен 3 есе жəне əуе көлігінен 1,5 есе қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтеріне сүйенсек, халық өлімі себептерінің ішінде жол-көлік апаттары (ЖКА) дүниежүзінде онкологиялық жəне жүрек-тамыр ауруларынан кейін үшінші орын алады. 34 жасқа дейінгі адамдардың қаза болу себебі ЖКА болады. Түрлі халықаралық зерттеулерге сəйкес, ЖКА пайда болуы үш негізгі себеппен байланыстырылады: адамдық фактор, жол жағдайы, көлік құралының техникалық жағдайы.
Дамушы елдерде «көлік құралдары» жəне «жол жəне оның маңайы» сияқты факторлардың үлесін сарапшылар дүние жүзінің дамыған елдеріне қарағанда жоғарырақ бағалайды. Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарындағы жағдай ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатыр. Жол статистикасы көрсеткендей, ЖКА күнделікті 10–12 адам қаза тауып, 40 адамнан астамы ауыр жарақат алады. Көлік құралдарының əр мыңдығына орташа есеппен 61 ЖКА келеді.
Қазақстанда ЖКА зардаптарының жоғары ауыртпалығы орын алатындығы қиындатады. Республикада əр 100 жарақаттанғандардың 20 қаза болады, ал дүниежүзінің басқа елдерінде бұл көрсеткіш анағұрлым төмен. Осылайша, АҚШ-та 100 жарақаттанғандар ішінен — 1,3 адам; Англияда 1,7; Германияда — 2,2; Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде 4,5 адам қаза болады. Қазақстан Республикасындағы халық тығыздығының төмендігін жəне төмен автомобильдендіру деңгейін ескерсек, ұсынылған мəліметтер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды мəселелер баршылығын көрсетеді [1].
Жол-көлік статистика талдауы көрсеткендей, ЖКА үш бөлігі республиканың қалалары мен елді мекендерінде орын алады, ал түнгі жəне кешкі уақытқа барлық жол апаттарының 65 % келеді. ЖКА жалпы санының ішінде бір бөлігінен астамын сенімді жүргізу дағдылары жоқ жас жүргізушілер құрайды.
Жол статистикасына сүйенсек, ЖКА салдарынан адамдық фактор басым болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы, шамамен бірдей жылжымалы құрам пайдаланылатын, ал халық менталитеті ұқсас болатын ресейлік жағдайдан өзгеше деп есептеу негізсіз. Ал жолдарында жоғарғы тəртіппен жəне мəдениетпен анағұрлым жетілген техника пайдаланылатын дүниежүзінің дамыған елдерінен жақсырақ жағдайға таласу мүлде мүмкін емес.
Іс жүзінде Қазақстандағы автомобиль жолдары жағдайының нашарлауы, жол факторының ЖКА пайда болуына əсер етуінің төмендеуіне септігін тигізбейді. Сонымен қатар жүргізушілер біліктілігінің төмен деңгейі басым орын алады. Сол себептен туындайтын ЖКА пайызы ең жоғары. Осыдан кейін Жол қозғалысы ережелерін бұзу, ең алдымен жол қиылысынан өту, оның ішінде бағдаршамның рұқсат етілмейтін сигналдарына өту, дұрыс маневр жасамау, жоғары жылдамдықпен жүру жəне т.б. орын алады. Жəне де көпшілік апаттар саны жүргізушілердің мас күйінен жасалады.
Көптеген ірі қалаларда газданудың деңгейі рұқсат етілген шамадан ондаған есе жəне де үлкен қалалардың магистральдарындағы шуылдар рұқсат етілетін шектерден асып түседі. Бұдан басқа қоғамды автомобильдендіру орасан зор энергетикалық жəне шикізаттық қорларды, біршама елеулі жер ауданын жəне т.б. талап етеді.
Автомобильдендірудің дамуымен жол қозғалысына автомобильдердің неғұрлым үлкен саны жəне халықтың көпшілігі қатыстырылады, ал бұл ЖКА-ның санының көбеюіне, олардың зардаптарының ауырлығының, қауіптіліктің зияндарының жəне деңгейінің өсуіне əкеледі. Бұл жерде неғұрлым аса күрделі, зор адамдық жəне материалдық қорларды талап ететін болып жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың кешені табылады. Жол қозғалысының қауіпсіздігінің мəселесін шешудің күрделілігі автомобиль көліктерінің халық шаруашылығының саласы ретінде, тек қана оның құрамдас бөлімі болып табылатындығында жатыр. Бүтіндей алғанда бұл мемлекеттік мəселе, оны шешу көптеген жағдайларда автомобиль жолдарының сапасымен, оларды реттеудің техникалық құралдарымен жарақтандырумен, жүргізушілер кадрлерін даярлау деңгейімен жəне бүтін бірқатар факторларымен анықталады.
Жол қауіпсіздігінің мəселесін шешудің күрделілігін ескертетін маңызды фактор болып автомобиль көліктерінің жолдың барлық көрсеткіштеріне сəйкес жеткіліксіз қамтамасыз етілгендігі табылады. Бұл тұста автомобильдер паркінің саны мен көше-жол торабының ұзындығының аралығындағы үзілулер (алшақтық) ұлғаяды. Егер автомобильдер паркі жылына шамамен 10 % ұлғайса, онда жолдардың ұзындығының өсуі 1 %-дан аспайды. Мұның салдары болып жол қозғалысының сығылушылығының тұрақты үнемі ұлғаюы, демек ЖКА-на жиі ұласатын қақтығысу жағдайларының сипатын көп жағдайларда алып жүретін жол қозғалысына қатысушылардың өзара əрекеттесулерінің жəне тікелей түйісулерінің күрт жиілеуі табылады [2].
Қозғалыс қауіпсіздігінің мəселесін шешу 3 фактордан тəуелді болады:
- əлеуметтік, адам əрекеттерімен байланысқан (жүргізушімен, жаяулармен, автомобиль көліктерінің кəсіби қызметкерлерімен, жол полициясымен, жол шаруашылығымен);
- көлік құралдарын жəне жол полициясының техникалық құралдарымен қоса автомобиль жолдарын конструкциялық жетілдіру;
- қоршаған ортаның жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты, қозғалыс қауіпсіздігінің жəне оны басқарудың құрылымын, қозғалыс қауіпсіздігінің заңдық-құқықтық аспектілерін қоса алғанда жəне басқалары [3].
Осындай басты мəселелерді шешуде кешендік, мемлекеттік жақындап келулер қажет жəне бұл факторлардың барлығы шындығында басты факторлар болып табылады, сонда да басымдылықты əлеуметтік факторға беру керек. Жол қозғалысының қауіпсіздігі бəрінен бұрын əлеуметтік саясаттың объектісі болып табылады, өйткені бұл еліміздің азаматтарының өмірі жəне денсаулықтары, ал қалған барлық аспектілерді тек қана жүйелерді қамтамасыз етушілер ретінде қарастыру қажет.
Жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату үшін көптеген шаралар кешенін жүзеге асыру қажет. Олардың маңызды бөлігі автомобильдер конструкциясының дамуымен, ең алдымен тежеу жүйелерін жетілдірумен, сонымен қатар автомобильдерді арнайы жабдықтармен, мысалы, қауіпсіздік белдіктерімен, жұмсақ аспап панелімен, қуатжұтушы рульдік колонкасымен, ауа қауіпсіздік қапшықтарымен жəне т.б. жабдықтармен байланысты болады. Сондай-ақ жолдарда қозғалыс тəртібін жоғарылатудың жəне қозғалыс қауіпсіздігін жүргізушілер арасында мектептерде насихаттаудың маңызы зор болады.
Автомобильдендірудің жағымсыз зардаптарын төмендету маңызды болып табылады. Олардың ішінен ең күрделісі жəне бастысы — бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі. Оны қазіргі заман жағдайларында шешу тек қана «адам–автомобиль–жол–орта» жүйесінің өзара əрекеттесулерінің барлық кешенін есепке алып, жүйелі пайдалана отырып, инженерлік жақын- даулардың деңгейінде мүмкін болады [2].
Көліктерді одан əрі қарай дамыту жəне жетілдіру ұйымдастырудың, жоспарлаудың жəне тасымалдау процестерін орындаудың үдемелі əдістерін меңгерген инженерлік-техникалық қызметкер мамандарын даярлауды талап етеді.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы кезеңінде өндірісті басқаруды жетілдірудің, инженерлік- техникалық қызметкерлердің өздерінің еңбегінің нəтижелері үшін жауапкершіліктерін арттыру сұрақтарының, олардың белсенділіктерін, шығармашылық ынталарын дамытудың ерекше мəні бар. Бұл талаптар толықтай автомобиль көліктеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жатады.
Қоғамды автомобильдендіру — бұл дамудың неғұрлым ерекше жəне ажырамас бөлімдерінің бірі, ал жол қозғалысы — бұл кешендік мəселе, автомобильді жəне жол қозғалысын жетілдіру мəселелерін шешу автокөліктердің қоғам жəне адамдар үшін екі жақты мəнді нəтижесінде пайда болатын көптеген сұрақтардан құралады. Осы мəселелерді шешуде жоғары оқу орындарында көлік мамандарын даярлау жүзеге асырылуда.
Мысалы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Тасымалдауды,қозғалысты ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша оқитын студенттер
«Қозғалыс қауіпсіздігі жəне жол полиция қызметтері» пəнін меңгеруде. Пəн тасымалдауды, қозғалысты жəне көлікті пайдалану мамандарын даярлауда басты рол атқарады.
Берілген курс екі бөлімнен тұрады:
- қозғалыс қауіпсіздігі қызметі;
- жол полиция қызметі.
Қозғалыс қауіпсіздігі қызметін оқытудың негізгі мақсаты — болашақ мамандарға автокөлік кəсіпорындардағы көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстар мен іс-шараларды ұйымдастыру жайлы студенттердің білімін қалыптастыру.
Қауіпсіздік қызметінің негізгі міндеті — жол-көлік оқиғаларының алдын алу жəне болдырмау бойынша профилактикалық шараларды дайындау жəне жүзеге асыру жолдарын үйрету.
Пəнді оқу барысында студенттерде қозғалыс қауіпсіздігі қызметтері жайлы түсініктері қалыптасады:
- қауіпсіздік қызметінің орындайтын функцияларымен танысады;
- жүргізушілермен жұмыс істеу тəсілдерін үйренеді;
- қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басқарушы құжаттармен танысады;
- қоғамдық ұйымдардың жұмысымен танысады;
- жол полиция басқармасымен бірігіп орындайтын іс-шараларды үйренеді;
- сəйкес құжаттарды ресімдеуді үйренеді;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша автокөлік кəсіпорындарында орындалатын іс- шаралардың жоспарын құруды үйренеді;
- жол-көлік оқиғаларынан балаларды сақтау жəне жолда жүру ережелерін насихаттауды жүзеге асыру жолдарын қарастырады.
Студенттер айтылған курстың теориялық бөлімін оқу барысында автокөліктіктегі қауіпсіздік қызметінің құрылымы, жол-көлік оқиғаларын қызметтік тексеруді, жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша профилактикалық шараларды, автокөлік кəсіпорындардағы көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тəсілдері мен бағыттарын қарастырады, қозғалыс қауіпсіздігіне əсер етуші факторлар жəне оларды оңтайландыру жолдарын оқып-үйренеді.
Практикалық сабақтарда студенттер көліктегі қауіпсіздік қызметінің жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша негізгі шаралардың əдістемесін, оларды жүзеге асыру тəсілдерін үйренеді. Көлік құралдарын пайдалану барысындағы қауіпсіздік шараларын дайындау жəне жүзеге асыру бағыттары мен тəсілдерін, жол-көлік оқиғаларын болдырмау шаралары бойынша мəселерді қарастырады.
Пəннің жол полиция қызметі бөлімін оқытудың негізгі мақсаты — болашақ мамандарға, құқық қорғау ұйымдарының қызметімен таныстыру, жол полиция қызметі бойынша нормативтік актілерді көлік заңдарын, жолда жүру ережелерін үйрету.
Жол полициясының негізгі міндеттері жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында арнайы бақылау, қадағалау жəне рұқсат ету функцияларын, сондай-ақ автомобиль жолдарында қоғамдық тəртiптi сақтау, адамдар мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам жəне мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық жəне өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу мен жолын кесу жөнiндегі атқарушы жəне басқарушы функцияларды жүзеге асырады.
Жол полициясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне Заңдарын, ҚР Президентi мен Үкiметінің кесiмдерiн, ҚР-ның халықаралық шарттарын, өзге де нормативтiк- құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Жол полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен олардың салдары ауыртпалығын төмендету мақсатында өз қызметiн министрлiктермен жəне ведомстволармен, жергiлiктi атқарушы органдармен, заңды жəне жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырады [4].
Пəнді оқу барысында студенттерде жол полициясы қызметі жайлы түсініктері қалыптасады:
- жолда жүру ережелерін;
- жолдағы күзет қызметі инспекторының құқықтары мен міндеттерін;
- ҚР Заңдарын;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы ҚР Заңдарын;
- жол полиция қызметі бойынша нормативтік актілерді;
- жол полициясында қолданылатын, сонымен қатар автожүргізуші құқықтарын қорғау үшін құжаттардың нұсқаларын оқып үйренеді.
Студенттер курстың теориялық бөлімін оқу барысында Жол қозғалысы қауіпсіздігі (ЖҚҚ) заңдарын, ЖҚҚ қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік қарау мен бақылауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу, соттағы істерге жəне шешімдерге шағымданулары туралы ҚР заңдарын, ҚР ІІМ-нің жолдық-күзет пен жол полициясы қызметтерінің нұсқауларын, ҚР автомотокөліктік құралдарды (АКҚ) жəне олардың тіркемелерін мемлекеттік техникалық байқаудан (МТБ) өткізу ережелерін, біліктілік емтихандарын тапсыру ережелері жəне жүргізуші куəліктерін беру туралы, ҚР əкімшілікті құқық бұзу заңдарын оқып үйренеді.
Практикалық сабақтарда студенттер жол полиция басқармасының құрылымын, жол полициясына қатысты нормативтік құжаттарды толтыруды, жол белгілерінің жəне жол таңбаларының орналасуын, реттеушінің сигналдарын, маневр жасау, теміржол жолдары арқылы қозғалысты, қозғалыс жылдамдығын, үйрену үшін жүруді жəне басқа да құжаттарды рəсімдеуді үйренеді.
Тасымалдауды жəне жол қозғалысын ұйымдастыру маманның еңбек ету үрдісінде көліктегі қауіпсіздік қызметі жəне жол полициясының қызметі жайлы білімі функционалдық қажеттілігі болып табылады, ол автокөлік саласында тиімді еңбек ету үшін, мемлекетіміздің қозғалыс қауіпсіздігі жəне тұрғындарға сапалы көліктік қызмет көрсету саласындағы саясатын түсінуі үшін қажет.
Мемлекеттің қозғалыс қауіпсіздігінің мəселелерін шешудегі рөлін қарастыра отырып, бұл сұрақтың екі жағын бағалау қажет. Біріншісі — мемлекет өзінің азаматтарын автомобильдендірудің қауіп-қатерлерінен қорғау үшін өзінің еншісінде бар дамыған құралдардың барлығын пайдалануы керек. Екіншісі — қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мемлекеттің талаптарын бұлжытпай орындау қажет екендігін азаматтардың өздерінің түсініп мойындауы, яғни еріксіз көндірудің шараларының жүйесі қажет [5].
Айтылғандарды жалпылай отырып қозғалыс қауіпсіздігінің мəселелерін шешудің негізгі жолдарын бөліп көрсетуге болады:
- қозғалыс қауіпсіздігінің ауқымындағы əрекеттерді жоспарлауды, қаражаттандыруды, үйлестіруді, басқаруды жəне қадағалауды іске асыратын жол қозғалысы қауіпсіздігінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жасау;
- барлық қозғалыс қатысушыларының көліктік мəдениетін көтеру, заңдар шығаруды жетілдіру, жол қозғалысының ережелеріне, көлік құралдарына стандарттарының өзгерулеріне қатысты заңдарды жетілдіру, жанар-жағар майлардан шығатын газдарды шығарып тастаудың нормативтерін жетілдіру, бұзуларды тапқан кезде лауазымды тұлғалардың жəне азаматтардың жауапкершіліктерін арттыру мақсатымен негізделген айыппұлдық жазалау шараларын енгізу;
- қозғалыс қауіпсіздігінің сферасында автокөліктердің барлық кəсіпорнында олардың меншіктілігінің түрлеріне тəуелсіз түрде апаттылықтың алдын алу бойынша шаралардың экономикалық мақсаттарға сəйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен басқарудың экономикалық əдістеріне көшу;
- жүргізушілерді даярлаудың жəне кəсіби таңдап алудың сапасын, оларды төтенше жағдайларда дұрыс мақсаттарға бағытталған əрекеттер жасауға міндетті түрде оқытып үйрете отырумен қоса арттыру;
- автомобильді конструкциялық жетілдіру, бəрінен бұрын оның активтік, пассивтік, апаттан кейінгі жəне экологиялық қауіпсіздігін, оны қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарымен жарақтандыруды жетілдіру;
- автомобиль жолдарын конструкциялық жетілдіру (жол жабуының қажетті сапасын қамтамасыз ету жəне оны пайдалану процесінде сақтау, қалалардың айналасында айналма жолдарды салу, əр деңгейдегі қиылыстарды енгізу, көліктерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу). Апаттылықтың ошақтарын табуға жəне жоюға, жолдардың неғұрлым қауіпті бөліктерін қайта жасауға ерекше көңіл бөлу керек;
- жол-көлік апаттарын талдауды жəне есепке алуды жинақтау жүйелерін, олардың пайда болуларының негізгі себептерінің табу жəне оларды жоюдың тиімді шараларын жасап шығару мақсатымен жақсарту;
- жол-көлік апаттары кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін байланыс жəне хабарлау жүйелерін жетілдіру;
- болашақ көлік мамандарын жоғарғы оқу орындарында даярлауда жан-жақты, дұрыс білімдерін қалыптастыру.
Осылайша, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері тек ғылым мен техниканың түрлі салалары мамандарының біріккен күштерімен шешілуі мүмкін. Бұл шаралардың ешқайсысы жеке алынған жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін түбегейлі жоғарылата алмайды.
Əдебиеттер тізімі
- Интернеттен алынған мəліметтер. http://www.dvd-uko.kz/kaz/prl/21.html
- Клинковштейн Г.И., Афанасьев М.Е. Организация дорожного движения. — М.: Транспорт,
- Сборник рекомендаций и документов по безопасности дорожного движения / Сост. В.Н.Латчук, В.В.Марков, С.К.Ми- ронов. — М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2001. — С.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сəуірдегі № 431 қаулысымен бекітілген ҚР ІІО Жол полиция ережесі.
- Егемен Қазақстан газеті. — 2006. — № 85–86. — 21 сəуір; 2006. — № 224. — 20 қырк.; 2007. — № 7. — 11 қант.