Қазақстан Республикасы толық егемен, тəуелсіз мемлекет мəртебесін алып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Енді қазіргі кезеңде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Өзін-өзі қорғай алмайтын мемлекет тəуелсіздігін сақтап қала алмайды. Осыған байланысты жастарды Отанымызды қорғауға дайындаудағы басты міндет жалпы білім беретін орта мектептердегі «Алғашқы əскери дайындық» пəнінің берілу деңгейімен тікелей байланысты [1].
Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларына отансүйгіштік тəрбие беруді кешенді, терең жүргізу мəселесі кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, əр қырынан қарастырылады.
Осыған орай жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тəрбие үрдісінде түрлі тəрбие міндеттерін шешуде отансүйгіштік тəрбиені пайдалану мəселесі бойынша да маңызды ғылыми мағлұматтар бар. Алайда оқушылардың алғашқы əскери дайындық пəнін жүргізу барысында, оқу-тəрбие үрдісінде кешенді пайдалану мəселесін арнайы педагогикалық еңбектерде əлі көрініс таппаған.
Өкінішке орай, бұл жалпы білім беретін орта мектептің іс-тəжірибесін де бастауыш, орта жəне жоғары сынып оқушыларына отансүйгіштік тəрбие беруде ұлттық рухани мұраны пайдаланудың бірегей жүйесінің жоқтығын дəлелдейді. Ғылыми əдебиеттерге жəне мектептерде оқытылатын жаратылыстану, гуманитарлық пəндердің оқу бағдарламаларына, оқулықтарына жасалған талдаулар мен тəжірибелі мұғалімдердің пікір-көзқарастары педагогика ғылымында зерттеу мəселесінің күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғанын айғақтайды. Дене тəрбиесі мен спорт құралдарын қолдану арқылы оқушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қызмет етуге даярлаумен қатар
«Алғашқы əскери дайындық» пəнінің жаттықтыру оқыту үрдісін сапалы деңгейде өткізуге сын қойылуда.
Президенттік сынақ тапсыру оқушылардан қозғалыс əрекетін жақсы игеруді қажет етіп, оның жоғары назарын, шапшаң ойының қозуын жəне дене қасиеттерінің дамығанын талаптайды. Демек, оқушыларды отансүйгіштікке, əскери қызметке даярлау мен тəрбиелеу қажеттілігі мен олардың жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тəрбие үрдісінде жеткіліксіз пайдаланылуы бүгінгі қоғам дамуының талабына сай. Қазіргі таңда бұл мəселесінің көкейтестілігі оқушылардың алғашқы əскери дайындық сабақтарында педагогикалық оқыту негізінде əскер қызыметіне даярлаудың себебі болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Елімізге бойында ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дамыған, егеменді елімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салаутты азаматтар қажет», — деп, жас ұрпақ бойындағы ұлттық патриотизмді қалыптастыру ісінің ел өміріндегі маңызына айрықша көңіл бөлген болатын.
Қазіргі таңда егеменді елімізде нарықтық экономика жағдайында жүргізіліп жатқан білім саласындағы түбегейлі өзгерістер тереңдей түсуде. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім мен тəрбие саласында соны соқпақтар туғызып, жаңа белестерге шығарары, толымды табыстарға жеткізері сөзсіз.
Жан-жақты білімді, іскер маман, өз Отаның қорғауға лайық азаматтарды даярлауда мектептегі алғашқы əскери дайындық пəнінің қосар ролі зор [1].
Сондықтан оқушыларды халықаралық жарысқа қатысуы кез келген мемлекет үшін үлкен бедел. Онда жеңгендер үшін Мемлекеттік Ту көтеріліп, Əнұран орындалады. Бірақ мұндай құрметке бөлену үшін қиямет-қайым ұзақ жолдан өтуің керек. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары ұстаздардан тəлім-тəрбие алып, шеберлік шыңдауға тиісті. «Алғашқы əскери дайындық» пəніне жүктелетін міндет жеңіл емес, өйткені ел қорғаушы жастардың денсаулығы мықты, барынша білімді, жан-жақты дамыған жас болуы тиіс.
Алғашқы əскери дайындық пəнінің бағдарламасында оқушыларды спорттық бағытта, дене бітімі жағынан шыңдалу дағдыларының қалыптасуы көбірек көзделген. Осыған орай мектептегі дене тəрбиесі пəнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың ұлттық жəне Президенттік сынамалар тапсыруына, спорт кештері мен жарыстарының жиі ұйымдастырылып, өткізуіне тырысамыз. Əскери дайындықты ұйымдастырушы ретінде əр түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Өйткені осындай тəрбиелік шаралар оқушылардың осы пəнге ынтасын арттырып, белсенділігін көтереді.
Оқушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
- тактикалық даярлық бойынша мылтық ату орнын таңдай білу, жертөлені əзірлеу;
- ұрыс даласына жүгіру жəне жорғалау;
- саптық даярлық бойынша сапта тұра білу жəне бір орында немесе адымдау кезінде жан- жағына бұрыла білу;
- азаматтық қорғаныс бойынша тыныс алу мүшелерін жəне теріні қорғайтын жеке адамды қорғау құралдарын пайдалану білу.
Дегенмен, алғашқы əскери дайындық мұғалімдері шəкірттерге спорттық дайындықпен қоса өз Отанын мақтан тұта білетіндей, патриоттық, интернационалдық достық тəрбие беріп, жеңіске жету үшін қайсарлық танытып, спорттағы жағымсыз көріністерге қарсы тұра алатындай үлгі-өнеге дарыту міндетін атқарады. Спорт еш уақытта өзімен-өзі шектеліп, жеке-дара өмір сүрмейді. Оқушылар ұжымда, мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірісте, спорт секциясында тəрбиеленеді. Мұнда олар өзге əріптестерімен, өзге ұжымдармен өзара іштей бəсекелесіп, спорттық жағынан алғанда тайталасып, өте қиын психологиялық өткелдерден өтеді.
Ұлы жазушымыз М.Əуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегеніндей, болашақ ел қорғар ұлдарымыздың қазір мектеп партасында отырғанын ескерсек, олардың болашақтары қандай, алғашқы əскери дайындық пəнін қандай деңгейде беріп жүрміз деген сұрақ туындайды. Əрбір жас ұланның өз ұстазына немесе үлгілі үлкендерге еліктейтіні рас екендігі белгілі.
Алғашқы əскери дайындық сабағында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлт мəдениетін, ұлттық рухты, елжандылықты санасына сіңіруміз керек. Əр оқушының жүрегі өз елім, жерім, Отаным деп соқса ғана жастарымыздың бойына ұлттық салт-дəстүрімізбен қалыптасқан инабаттылық, адамгершілік, қайсар, өжеттік сияқты қасиетті таба аламыз.
Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тəрбиесінің маңызы «Отанды сүю отбасынан басталады» «Еліңді сүйсең ерлік істейсің»; «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі»; «Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді»; «Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны»; «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» сияқты мақал-мəтелдерден көрінеді. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғамыз. Əскери ойындар баланың ептілігімен, шыңдалуымен қатар, оның ақыл-ойын да дамытады [2].
Сонымен, осы ретте «Алғашқы əскери дайындық» пəні Қазақстан Республикасының азаматтары Қарулы Күштер қатарында əскери қызмет етуде дайындық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, ол барлық жалпы білім беретін орта мектептерде міндетті мемлекеттік пəн болып енгізілген.
Міне, нақ осы жерде олардың өзара жолдастығы, достығы, қарсыласын тануы, құрметтеуі, тіл табысуы, өз мектебі, ауылының абырой-беделі жолындағы патриоттылығы берік, ерік-жігері, тəртіптілігі, бір сөзбен айтканда, азаматтық болмысы қалыптасады. Əскери тəртіп негізі ер балалардың табиғатына тəн. Олардың бойында Отан алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруымыз керек.
Сондықтан да ұстаздың адамгершілігі жоғары болғаны абзал. Ол өзінің білік-білімін арттырып, идеялық деңгейін, көзқарасын, іс-тəжірибесін жетілдіріп отыруға тиіс.
Қазақстан — бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған жері. Бүгінде Қазақстанды бүкіл əлем жұртшылығы кеңінен танып отыр. Жаңа XXI ғасыр табалдырықтан аттап, жаңа дəуір туып жатыр. Əр дəуірдің өз міндеттері бар. Ел Президентіміз осы жаңа мыңжылдықта алыс болашақты — 2030 жылға дейін еліміздің болашағын қандай күйде көргісі келетінін айқындап, бізге ұсынып отыр. Біздің əрқайсымыз бүгінгі күннің мəселесімен өмір сүріп қана қоймай, алдағы міндеттерді де шешу жолын ойластыруымыз керек.
Алғашқы əскери дайындық сабағында оқушылармен қажеттілік туындаса, келесі іс-шаралар қолданылады:
- жеке-дара əңгімелесу;
- ақыл-кеңес беру;
- сынып алдында дəріс оқу;
- баспасөзде жарияланған қызықты материалдарды оқып беру;
- көрнекі құралдарды тиімді пайдалану;
- тəлім-тəрбие беру жəне т.б. [3].
Міне, осындай іс-шаралардың бəрі, тұтастай алғанда, жеткіншектердің, жастардың бойында берік идеялық сенім тудырады, көзқарасын қалыптастырады, рухани байлығын арттырып, жігерін жетілдіріп, спорттық табандылығын, қайсарлығын қайрайды. Ол өзінің іс-əрекетінің маңызды да мəнділігін терең ұғынады.
Жастар — қоғам болашағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі жəне қоғам соларға тəуелді. Сондай-ақ оқу мен жаттығуға ынталы, жауапты көзқарас қалыптастырғанда ғана алғашқы əскери дайындықты алға қойған елеулі табыстарға жетуге болатынына сенімін арттыру керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық тəрбие беру мəселелері бүгінде көкейкесті мəселе болып отыр.
Міндетті əскери қызметін өтеуге шақырылған жастар жетілдірілген əскери техника мен қаруды пайдалануды өте қысқа мерзім ішінде меңгеруі қажет. Мұндай жауапты міндетті осы пəн бойынша қажетті оқу материалдық базасы толық жасалған жəне техникалық құралдары бар, сабақ берудің озық əдістемесін үздік игерген əскери жетекшілер ғана жүзеге асыра алады. Ондай əскери жетекшілер оқыту мен тəрбие үрдісін ұтымды ұйымдастырады өз тəжірибелерінде. Бір сөзбен айтқанда, олар азаматтық парызын өтейтіндей дəрежеде болуы тиіс.
Қазақ халқының тəрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тəрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады.
Өйткені Отан, халық, «ел», «жер» деген ұғымдар өте ауқымды. Бұған шын мəнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар.
Дегенмен, өскелең ұрпақ ұстазынан өз қабілетін, тəлім-тəрбиелік нəр алып, білік-білімін бүгінгі таңда алда тұрған міндеттерді шешуге жұмылдыра білуі керек. Олар қоршаған ортада, əлемде қандай өзгерістер болып жатқанынан жан-жақты хабар алып, солардың ара жігін ажырата білуі қажет. Саналы түрде қабылданған ақпарат жеке жəне қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге мүмүкіндік тудыратын өмір салтын қалыптастыру мен табиғи факторларды пайдаланудың себеп-салдары болуымен ерекшеленеді.
Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақ тəрбиесіне концептуалдық қадам жасауды қайта ойлану қажеттілігі мен республиканың жоғары оқу орындарының тəрбиелік қызметінің жаңа түрлерін, əдістерін, яғни əр түрлі формаларын, іздестіру мəселесі болып жетілді.
Осыған байланысты жастар патриотизмін қалыптастыруда əлеуметтік-гуманитарлық пəндер циклі маңызды орын алады. Өз елінің тарихын білу, өз мəдениетін құрметтеу ұлттық мақтаныш сезімдерінің алғашқы қадамы болып табылады.
Əскер қатарына келген жас сарбаздармен жəне келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген əскери қызметшілермен үнемі сырласып, əңгімелесіп отырмай болмайды. Мұның жақсы мысалын, өзімізге де тиер пайдасын күнделікті қызметімізде көріп, байқап жүрміз. Сонда сарбаздардың жеке ой-танымын, жауынгерлік қызметті атқаруға деген көңіл-күйлерін, көзқарастарын дер кезінде біліп, əрқайсысын танып-біліп алуға əбден болады. Сарбаз əскери қатал тəртіпке сапта қаздиып тік тұру басталған алғашқы күннен-ақ үйренеді. Əскери жарғы талаптарын орындау бұл үлкен тəрбие болып табылады жəне тəртіп саптан басталады деп айтсақ, дұрыс болар еді [4].
Жоғарыда айтылғандай, «Алғашқы əскери дайындық» пəні бойынша Қарағанды қаласындағы № 86 жалпы білім беретін орта мектепте жүргізіліп жатқан шаралар жүктелетін міндет жеңіл емес, өйткені ел қорғаушы жастардың денсаулығы мықты, барынша білімді, жан-жақты дамыған жас болуы тиіс.
Ендеше еліміздің болашақ қорғаушыларының осы заманғы техника жетістіктері негізінде жасалған озық қарулар мен техникаларды еркін меңгере алатын, елжанды əрі батыл да парасатты болып тəрбиеленуі үшін біздер, яғни олардың ұстаздары да, оқытудың қазіргі жаңа технологиялық əдіс-тəсілдерін жақсы біліп, оларды сабақ пен сабақтан тыс шараларды жүргізу кезінің бəрінде де жүйелі түрде қолдануға тырысқанымыз дұрыс болар еді.
Əдебиеттер тізімі
- Алғашқы əскери дайындық // Республикалық əдістемелік-педагогикалық журнал. — 2006. — № 3 (33).
- Алғашқы əскери дайындық // Республикалық əдістемелік-педагогикалық журнал. — 2008. — № 1 (43).
- Алғашқы əскери дайындық // Республикалық əдістемелік-педагогикалық журнал. — — № 3 (33). 4. Егемен Қазақстан. — 2009. — № 97 (25494). — 12 наур.