Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т.шонанұлының латын əліпбиіне қосқан үлестері

XIX ғасырдың басында КСРО-ның алдында тез арада сауатсыздықты жою мəселесі тұрды. Ол кезде Кеңестер Одағы құрамындағы кейбір халықтар мен шағын этностардың жазу жүйелері толық қалыптаса қоймаған еді. Олардың арасында бірнеше түркі халықтарымен бірге қазақ халқы да болды. Алғашқы кезеңде жазба тілі қалыптаспаған халықтарға латын жазуына негізінде əліпбилер түзу идеясы таралып сөз бола бастаса, кейіннен КСРО-ның құрамындағы барлық түркі халықтарын бірыңғай жазу жүйесіне көшіру мəселесі қолға алынып, барлық түркі халықтарының латиницаға көшуі талап етіле бастады.

Латын əліпбиіне көшу туралы əңгіме Қазақстанда 1923 жылдың аяғында Мəскеу, Орынбор, Ташкент тəрізді ірі қалалардағы зиялы азаматтар мен сол жерлерде білім алып жүрген қазақ жастары тарапынан көтерілді. Бұл мəселенің көтерілуінің негізгі себебі, сол кезде Кеңес Одағының жүргізіп отырған саясытына орай, КСРО құрамындағы барлық түркі халықтарында латын жазуына өту жайы сөз бола бастаған еді, сондай-ақ өркениетті Еуропа елдерінің латын жазуын қолдануы, Түркия латын əліпбиіне көшуі де себепші болды. Олар өз ойларын баспасөзде жариялап, араб жазулы қазақ əліпбиін ауыстыру жөнінде Қырғыз (қазақ) білімпаздарының 1924 жылы жазда болатын тұңғыш съезінде талқылауды ұсынды.

1927 жылы Қызылорда қаласында «Жаңа əліпбишілер қозғалысы» (ЖƏҚ) құрылды. Осы жылдың жазында Жалпыодақтық жаңа түркі əліпбиі Орталық Комитетінің бастығы Агамалыоғлы Қазақстанға келіп, латын əліпбиіне көшу мəселелері жөнінде кеңес өткізді. Ал 19 қарашада Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Қазақ жаңа əліпбиінің Орталық Комитеті құрылып, төрағалыққа Н.Нұрмақов, мүшелікке Т.Шонанұлы, К.Тоқтабаев, О.Жандосов, Ə.Байділдин, Ə.Ермеков, Ғ.Тоғжанов, Б.Малдыбаев, тағы басқалар бекітілді [1].

Үкімет тарапынан Арнайы комитет құрылуы латын əліпбиін халық арасында насихаттау ісін жандандыра түсті. Қазақстанның барлық аймақтарында «Жаңа əліпбишілер қозғалысының» бөлімшелері құрылып, ЖƏҚ-тың жарғысы жəне латын əліпбиіне көшудің жоспары бекітілді. Жаңа түркі əліпбиі Комитетінің екінші пленумы 1928 жылы 7–12 қаңтар аралығында Ташкент шаһарында өткізілді. Бұл мəжілісті Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Якутия жəне Солтүстік Кавказ республикаларындағы жаңа əліпбиге өту процесінің барысы жайлы баяндамалар тыңдалды [2].

Үшінші пленум 1928 жылы «Жаңа əліпбиге» қатысты барлық республикалардың интеллигенция өкілдерінің қатысуымен өткізіліп, осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстардың қорытындылары талқыға салынды жəне латын əліпбиіне көшудің нақты бағдарламасын жасау көзделді.

Жазба тілі қалыптаспаған немесе жазу жүйесі болғанымен сол тілдің дыбыстық ерекшеліктерін толық қамти алмайтын əліпбилерді қолданып жүрген түркі халықтарында латын жазулы жүйеге өту дау-дамайсыз іске асырылды. Ал ана тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне, табиғатына сай араб əліпбиінен реформаланған, тілдік қажеттілікті толық өтей алатын төл əліпбиі бар қазақ халқында бұл мəселе үлкен айтыс-тартыс туғызды. Республикада латын əліпбиіне көшу жайлы үгіт-насихат шараларының ұлғаюы қазақ зиялылары арасындағы айтысты күшейте түсті. Араб жазуын қолданушылар «қазіргі қолданып жүрген əліпбиіміз ана тіліміздің ерекшеліктерін толық қамти алады, əрі осы жазумен жазба тіліміз қалыптасып қалды, осы жазумен жазылған көптеген əдеби-ғылыми құндылықтарымызбен кейінгі ұрпақ таныса алмайтын болады» деген сияқты т.б. ой- пікірлерін алға тартса, латын жазуын қолдаушы Т.Шонанұлы, Н.Төреқұлов, Ə.Ермеков, Ғ.Тоғжанов, Н.Нұрмақов, Т.Тоқтабаев, О.Жандосов, Б.Малдыбаевтар «латын жазуын оқып-үйрену жеңіл, баспа ісінде қолдануға ыңғайлы, өркениетті елдердің бəрі латын əліпбиін қолданады» деген тəрізді т.б. дəлелдерін келтірді. «Латыншылар» мен «арабшылар» арасындағы айтыс қызған кезде бұл іске Қазақстан Компартиясы өлкелік Комитеті араласып билікті өз қолына алды [1].

1929 жылы Қазақ АССР өлкелік атқару Комитетінің ІV сессиясында латын əліпбиіне көшу туралы шешім қабылданды. Бүкіл Кеңестер Одағы бойынша Орталық атқару Комитеті Президиумының 1929 жылы 7 тамыздағы қаулысымен заңды түрде бекітілді. Кеңес өкіметі сол кезде бұл ағым туралы «латындастыру — күншығыстағы революция» деп баға береді. Мұндай мақалалар қатарында латын жазулы түркі əліпбилерінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы да сөз болды.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында 1930 жылы 11 маусымда Қазақстанда Орталық атқару Комитетінің қаулысымен жаңа қазақ əліпбиіне бас əріптер бекітілсе, 1938 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің жəне Қазақ Кеңестік халық комитетінің (ҚазСовнарком) қаулысымен əліпби құрамына жаңадан бес əріп (в, й, ф, ю, я) қосылып, соған байланысты емлегеде толықтырулар енгізіліп, кейбір дыбыстардың таңбалары өзгерді.

Латын жазулы қазақ əліпбиінде сонымен барлығы 32 əріп болды [3]. Бес-алты жылға созылған үлкен айтыс-тартыспен, дау-дамаймен келген латын əліпбиі халқымызға он бір жылдай ғана уақыт қызмет етті.

Алғашқы кезеңде жазба тілі қалыптаспаған халықтарға латын жазуына негізінде əліпбилер түзу идеясы таралып сөз бола бастаса, кейіннен КСРО-ның құрамындағы барлық түркі халықтарын бірыңғай жазу жүйесіне көшіру мəселесі қолға алынып, барлық түркі халықтарының латиницаға көшуі талап етіле бастады.

Латынға көшу оны оқыту ісіне лайықтап, сауат ашу оқулықтарын жасап, оқыту мəселелеріне қызу араласқандардың бірі Т.Шонанұлы болды.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін елдің əл-ауқаты, еңсесін көтеру үшін оны рухани-мəдени жағынан да жетілдіріп, олардың сауатын ашу керек болды. Соған байланысты сол тұстағы қазақ зиялылары сауат ашу оқулықтары мен оқу құралдарын жазу ісіне белсене ат салысты. Бастауыш сынып педагогикасы мен əдістемесін терең меңгерген Т.Шонанұлының игі істері қазақ балаларының сауат ашып, тəлім-тəрбие алуына орасан зор ықпал етті. Т.Шонанұлы бастауыш сыныптарға жəне жаңа сауаттанып келе жатқан ересектерге арнап əліппелер жазды. Балалардың сауат ашу мəселесі жөніндегі ғалымның еңбектері жаңаша қырынан көрініп, оқу-ағарту ісінің жетістігі болып саналды. Ғалым 1920 жылдардың ортасында А.Байтұрсыновпен бірлесіп «Оқу құралын» (нұсқалық) жазды.

1929 жылы Т.Шонанұлының «Жаңалық», «Жаңа əліппе», «Жаңа арна» атты латын əліпбиіндегі əліппелері жарыққа шығып, қолданыс тапты. Əліпби орыс дыбыстарымен бірнеше рет толықтырылды. 1935 жылы шыққан Т.Шонанұлы мен М.Жолдыбаевтың бірлескен авторлықта шығарған «Əліпбиі» жарық көріп, бірнеше жыл ұрпақтардың сауатын ашты. Ғалымның А.Байтұрсыновтың жолын əрі қарай жалғастырып, бірқатар əдістемелік еңбектер де жазғаны белгілі болып отыр. Атап айтқанда, 1930 жылы «Сауаттан», 1931 жылы «Орыстар үшін қазақша əліппе», 1933 жылы С.Жиенбайұлы мен Ғ.Бегалыұлымен бірлескен авторлықта орыс мектептері үшін «Қазақ тілінің оқу құралы», 1935 жылы «Бастауыш мектептердегі қазақ тілінің əдісі» атты құнды еңбектері əдістемелік еңбектер қатарынан көрінеді.

Т.Шонанұлының қазақ халқын сауатсыздықтан арылту жолында көп еңбек етіп, оларға жүйелі білім беруді мақсат етті. Бұл бағытта педагог-ғалым бастауыш мектептегі оқу бағдарламасын жасаумен көп шұғылданды. Баланы оқытқанда лайық əдістерді қолданып, көбірек жазып-оқуға дағдыландыруды дұрыс деп санаған ғалым «жеңілден-ауырға, оңайдан-қиынға, жақыннан-алысқа көшіледі» деп оқытудың талаптарын оқулық жазу ісінде басты назарда ұстайды [4].

Осы айтқан талаптарын өзі «Жаңалық» (1931) оқу құралында қолдана білді. Онда баланы ойлануға жетелейтін сюжетті суреттер мен түрлі мағынадағы мақал-мəтелдер, оқу-білім үйрену, тазалық, гигиеналық талаптар туралы кеңестер кеңінен берілген. Мысалы: «Кітапты күт!» деген айдармен берілген талапта: «Кітап — адамның досы!», «Кітапты жыртпа, кірлетпе!», «Оқи білмегендерге кітапты естіртіп оқы!» деген ережелер бар.

«Саулық сақта!» деген тақырыпта: «Ауыздан сүйме, аузыңнан сүйгізбе», «Басқа адамның орамалымен беті-қолыңды сүртпе», «Басқа адаммен бір аяқтан, бір қасықпен ас ішпе!» деген жеке бас гигиенасының талаптары бар. Бұл тəрбиелік мəні бар сөздердің сол кездегі балалар үшін қаншалықты зор екені талас тудырмайды. Сонымен қатар бұл əліппеде мұғалімдерге арналған хабарландыру үлгілері, шағын əңгімелер, ай, күн, жыл аттары, ауа райы күнтізбесі туралы айтылып, оны қалай толтыру үлгісі де баяндалған.

Т.Шонанұлы «Əліппеде» оқу-жазумен бірге есеп шығаруды да ескерген. Онда сандардың таңбалану үлгілері, логикалық ойлауға берілген қарапайым есептер, ауызша есептеуге берілген есептер бар.

Сонымен бірге оқулықта «Лото» ойындары, белгілі ақындардың шығармаларынан үзінділер берілген. Т.Шонанұлының жаңа əліппесі сол заманның уақыт талабына сай жазылған, мазмұны сан қырлы оқулықтардың қатарынан саналды. Əліппе танымдық, əрі тəлімдік маңызы жағынан сол кездегі ғалымдар арасында аса жоғары бағаланды. Сондай-ақ «Əліппе» оқулығын жазу барысында ол көптеген өзге ел əліппелерін, оның жазылу барысын «Араб əліппесінің тарихы», «Латын əліппесі туралы», «Татар жаңа əліппесі», «Орыс емлесімен əліппесін өзгерту мəселесі» атты мақалаларында дəлелдеп көрсетті [5–8]. Осындай қыруар зерттеу жұмыстары арқасында ғалым қазақ əліппесін жазба жұмысын сəтті жүзеге асырды деп айтуымызға болады.

Телжан Шонанұлы Қазақ білімпаздарының съезіндегі: «У мен и дауыссыз деудің қисыны қалай болса, дауысты деудің де қисыны солай, мұның үстіне у мен и-ді созып айтуға келмейтінін қоссақ, оларды дауыссыз дыбыс деудің дəлелі басым болып шығады. Бір дыбыс болып естілетін ұзын у мен и-ді бір əріппен жазатын болсақ — жазу жеңілденеді», — деп айтқан дəлелді ойы қазақ əліпбиіндегі бүгінгі күні еске алатын өзекті мəселелерінің бірі [9].

Т.Шонанұлы сонымен қатар емле, тіл дамыту, қазақ тілін оқыту əдістемесі мəселелеріне де А.Байтұрсыновпен бірге атсалысты. Оның «Орыстарға қазақ тілін үйрету жайында», «Ересектерді сауаттандыру əдісі», «Дауыстап оқытудың əдісі» атты ғылыми-əдістемелік мақалалары сол кездегі оқытудың өзекті мəселелеріне арналса да, қазірге дейін маңызын жоймаған көкейкесті мəселелер.

Əр кезеңдердегі сауат ашу əдістемесінің тарихын зерттеу барысында қолымызға тиген Т.Шонанұлы мен М.Жолдыбаевтың 1935 жылғы латын əліпбиіндегі «Əліппе» оқулығына талдау жасалды. Əліпбидің 3–7 беттері əліппеге дейінгі кезеңге берілген. Онда мектептің, оқу құралдарының мазмұнды жəне жеке суреттері берілген. Мазмұнды суретке қарап балалар сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдерден қысқа əңгіме құрастырылады. Əліппе кезеңіне көшпес бұрын баланың партада қалай дұрыс отыру керектігі көрсетілген. Бүгінгі күнгі əліппелерде мұндай суреттер берілмейтін болды жəне баланың еркін отыруына жағдай жасайды. Еркін отыру психологиялық жағынан дұрыс болғанмен, баланың дене тұрқының дұрыс дамып жетілуіне кері əсері де ескерілуі керек.

Əліппеге дейінгі кезеңде жазу дəптеріне көлбей жазылған əріп элементтері, оларды бір-бірімен қосып жазу үлгілері берілген.

Əліппе кезеңі баланың партада жазу жазып отырған суреті жəне оның астында бас əріптермен жазылған «бала» (BALA) деген сөзден басталған. Бұл сөзді Т.Шонанұлы балаға ең жақын, оқуға ең оңай сөз деп ойлағаннан алған болу керек. Төменгі жақта l əрпінің жазбаша үлгісі кішкене жолға жазып көрсетілген. Балалар бұл күні осы бір сөзді оқиды жəне үлгіге қарап, дəптерге жазып үйренеді. Балаларға артық материалдар берілмеген, яғни алғашқы сабақты жеңілден бастаған.

Əліппенің дыбыстан басталмай, bаlа сөзінен басталуы алдымен дыбыспен таныспай, керісінше, сөз ұғымымен танысып, материалдар «сөз — буын — дыбыс» ретімен берілгені көрінеді. Ал А.Байтұрсынов əлібйінде алғашқы сабақта бірден сөзден емес, үш əріптен (а, р, з) басталады да, бірақ алғашқы күні осы əріптермен таныстыру мақсатын көздейді, келесі сабақтарда осы үш əріптен буындар, сөздер құрастырыла бастайды [9].

Келесі бетте ауызша тіл дамытуға, сөйлемдер құрауға мазмұнды сурет берілген. Суретте мұғалім балаларға араны (құрал) көрсетіп тұр, бірнеше бала арамен ағаш кесіп жатыр. Астына аrа деген сөз жазылған. Осы сөз бас əріптермен (АRА) жəне үзік сызықтармен тағы екі рет берілген. Балалар ұмытып қалмасын деп кешегі өткен бала сөзін бүгінгі жаңа аrа сөзіне қосып қайтадан оқуға берген:

АRА; BALA.

Жазуға r əрпінің екі элементі жеке-жеке берілген. А.Байтұрсынов əліппесінде жазу үлгісі берілмейді. Өйткені арабшада баспа əріп болмайды, əріптер тек жазбаша формада болғандықтан, берілген сөздер оқуға да жазуға да қолданыла береді.

Келесі сабақта қол арасы мен бал арасының жеке суреттері көрсетіліп, астына олардың атауын ара деп жеке-жеке жазған. bаlа, аrа, аrа деген сөздер тағы да оқуға берілген. Алдыңғы сабақтағы оқылған сөз ұмытылып қалмас үшін келесі сабақта оқылған сөзге қосып оқыту А.Байтұрсыновтан басталып, қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан əдіс болып табылады. Одан кейінгі сабақта qаlа сөзі берілген. Бұл сабақта балалар bаlа, аrа, qаlа сөздерін оқиды. Осылайша күн сайын бір сөз оқып, үш күнде балалар үш сөзбен танысқанын көреміз. Əліппе кезеңінде Т.Шонанұлының бірден сөз алу себебі балалардың сөздік қорына «сөз» деген ұғымды кіргізіп, оны іс жүзінде үйрету болғандығын байқаймыз.

Енді 12-бетте өтілген balа, аrа, qalа сөздері тұтас оқуға беріліп, одан кейін əр сөздің қатарына сол сөз буынға бөліп оқу үшін арнайы кеспе буынмен құрастырылған (bа lа, а rа, qа lа). Балалардың оқуына жеңіл ашық буынды жəне жалаң буынды сөздер алынғандығы көрінеді. Əдіскер-ғалым сауат ашуда балалардың оқуына ашық, жалаң буындар жеңіл болатындығын сол кездің өзінде көре білген. Кеспе буындардан сөздерді құрастырғаннан кейін сол сөздер буынға бөлініп берілген. Осы бетте өткен сабақтардан оқып үйренген balа, qala, ara сөздері былайша буынға бөлініп берілген:

balа, qala, ara сөздері былайша буынға бөлінуі

  Жазуға q, а дыбыстарының кіші əріптері жəне буыны берілген. Балалар осы сабақта берілген сөздерді буынға бөліп оқуды, əр сөзде неше буын бар екендігін біліп, «буын» деген ұғыммен іс жүзінде танысады.

Ендігі берілген сөздердің қатары ara, qala, qara, аla, balа. Т.Шонанұлы А.Байтұрсыновтың сөз тудыру əдісін əліппе құрауда орынды қолдана білген. Əліппеге сөз алдына жаңа дыбыс қою жəне сөз ішіндегі бір дауыссыз дыбысты өзгерту тəсілдерін қолдану арқылы сөздер құрастырып отырған (аra qarа, qarа — qalа, аla — balа). Осы сөздер буынға бөлініп оқылады. Одан соң bа, qа буындарынан бақа сөзі құрастырылып, оқылады. Бұл сөздер жалаң жəне ашық буындардан тұрады. Оқуға қиындық келтірмейді. Дəптерге b дыбысы мен baqa сөзін жолдың бойына толтырып жазады. Балалар бірте- бірте буынның не екенін іс жүзінде меңгеріп кетеді де, өздерінің сөздік қорына енгізіп, сөйлегенде пайдаланады.

Екінші буындары бірдей сөдерді топтап жазу

 Сөйтіп, балалар «дыбыс», «сөз», «буын» ұғымдарын меңгергендей, «сөйлем» ұғымымен де іс жүзінде танысады.

Т.Шонанұлы əліппесінің басқа əліппелерден бір ерекшелігі, дыбыстық талдау жасағанда алдымен дыбысты танытуға алынған сөз буынға бөлініп беріледі, сонан соң дыбыстарға ажыратылады (44-бет). Оны кестемен былайша беріп отырады:

Дыбысты танытуға алынған сөздің буынға бөлінуі

 Мұны əліппенің жетістігі деуге де болады. Себебі балалар сөзде қанша буын, əр буында қанша дыбыс барын іс жүзінде көзбен көріп меңгереді.

Тағы бір ескеретін нəрсе, бұл оқулықта дыбыстық талдауға өтілген дыбыстардан тұратын сөз алынады. Бұл да əліппенің артықшылығын көрсетеді.

Дегенмен əліппеде кемшіліктер де кездеседі. Атап айтқанда, Т.Шонанұлы əліппесінде А.Байтұрсынов жəне қазіргі əліппелердегідей алдымен жеке дыбыстар өтіліп барып, дыбыстан — буын, буыннан — сөз, сөзден сөйлем құрастырылмайды, керісінше, əліппе кезеңі бірден бала деген сөзді оқытудан басталады да, осылайша қатарынан күн сайын жаңа сөз қосылып беріліп отырады, біртіндеп сөздерді буынға бөледі, 30-бетке дейін осылайша бірден ішінде жаңа дыбысы бар сөз беріледі. Е дыбысына келгеннен кейін ғана сол дыбыстан басталатын сөзге дыбыстық талдау жасалып, өтілетін дыбыс таңбасы баспаша, жазбаша көрсетіле бастайды. Оған дейін дыбыстық талдау болмайды. Е дыбысын өткенге дейін оқуға берілген сөздер, сөйлемдерді жазуда тек бас əріптер қолданылады, кіші əріптер мүлде жазылмайды. Тек ə дыбысын өткен күні сөздер мен мəтіндерді жазғанда бас əріптермен қатар кіші əріптер де қолданылып қазіргі əліппелердегідей болып жазылады. Т.Шонанұлының əліппесінің қысқа өмір сүруінің де сыры осында болса керек. Дегенмен ғалымның сауат ашудағы, əліппе оқулығын құрастырудағы еңбегін атаусыз қалдыруға болмайды.

Еліміз араб əліпбиінен латын графикасына негізделген əліпбиге көшіп, сауатсыздықты жоюда, сауат ашуда едəуір жетістіктерге жетті. Ондағы əрбір əріп өзінің жеке тұрғандағы қалпын сақтайды жəне қазақтың байырғы сөздерін дұрыс жазуға мүмкіндік берді. Өкінішке орай, Кеңес тұсындағы «əр түрлі саясатқа» байланысты бұл əліпбидің ғұмыры да ұзақ болмай, небəрі он шақты жылдай ғана қолданыста болды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ижанов З. Əліпби туралы архив не дейді? // Қазақ əдебиеті. — 2000. — №
  2. Мусаев К.М. Языки и письменности народов Евразии. — Алматы, 1992. — 27, 28-б.
  3. Kenesbaev S. Əlippe. — Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1940. — 50-б
  4. Шонанұлы Т., Жолдыбаев М. Əlippe. — Алматы: Қазақстан,— 1935. — 69-б.
  5. Шонанұлы Т. Араб əліппесінің тарихы // Еңбекші қазақ. — 1926. — №
  6. Шонанұлы Т. Латын əліппесі туралы // Еңбекші қазақ. — 1926. — №
  7. Шонанұлы Т. Татар жаңа əліппесі // Жаңа мектеп. — 1925. — №
  8. Шонанұлы Т. Орыс емлесімен əліппесін өзгерту мəселесі // Жаңа мектеп. — 1929. — №
  9. Сарыбаев Ш. Телжан Шонанұлы // Ана тілі. — 1994. — 4 шілде.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.