Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрмыс-салт ертегілеріндегі дəстүрлі сарындардың көрінісі

Тамыры тереңде жатқан тұрмыс-салт ертегілерінің түп төркінін тек қана көне замандарда пайда болған тұрмыстық аңыздармен жəне жекелеген мифтермен байланыстырсақ, толық қамти алмаған болар едік. Қалыптасқан дəстүрдің аясында көптеген жаңа сюжеттер, үй жануарларының ерекшеліктеріне байланысты əңгімелер туындағаны анық. Ертеде малшылар мен аңшылардың жануарларды, аң мен құстарды қадағалай зерделеуінің нəтижесінде таңқалдырар түрлі əрекеттерді баяндайтын əдемі, ұғынуға жеңіл аңыздар пайда болды. Олар ондаған ғасырлар бойына ауыздан ауызға көшу арқылы сұрыптаудан, өңдеуден өтіп халықтық мұраға айналды. Мəселен, самұрық бейнесінің көптеген ертегілерде кездесіп, бірсарынды оқиға иірімді шеңберінде көрінетіндігі соның айғағы. Мұндай сипаттар ауыз əдебиетінің қайым замандағы түрлеріне жатады. Осы орайда Е.Мелетинский қарғаны тіліне тиек етеді [1]. Мұндай мазмұнда айтылатын фольклорлық туындыларға оңтүстік-батыс Африка тайпаларының ертегілері де жатады [2].

Көне ертегілік сарындардың басым бөлігі ертедегі халықтардың тұрмыс-салтымен тығыз байланыста туған. Сөйтіп, ертегілердің көптеген түрлеріне өзінің əсерін тигізген, сюжетін байытып, тартымдылығын арттырған. Олай болса, мұндай сипаттың тұрмыс-салт ертегілерін айналып өтуі мүмкін емес еді. Əлем халықтарына кеңінен тараған «Алтын қыз» («Золушка») ертегісінде көрініс беретін көне сарын — күндестік мəселесі. Адамзат тарихындағы осы жағдай мүмкін матриархат дəуірінде қалыптасқан шығар, бірақ өзінің өзегін жоймай ертегілердің оқиға желісін жандандыруға айрықша əсерін тигізгені хақ. Осы сипат қазақ фольклорында «Ақбілек қыз — Тұрғын бала» ертегісінің сюжетіне негізгі арқау болған. Ойымыз түсінікті болу үшін ертегіге назар салып көрелік.

Бұл ноғайлы ханның қыздары Қанікей, Тінікей Бөген кəпірден қыз алды деп, қастық ойлап, Ақборыққа күндес болады, егерде бала тапса, оған залал келтірмекші болып, мыстан кемпірге сөйлесіп қояды.

Бөген батырдың əйеліне құтты болсын айтамыз деп, Қырымның қырық батыры келеді. Əлденеше күн қонақ болғаннан кейін, қайтуларына таянғанда, қырық батыр былай дейді: «Бөген батыр Еділ-Жайық бойында ит салып, құс жүгіртелік, бізбен бірге жүр», — дейді, батырлардың көңілдерін қимай, Бөген еріп кетеді [3].

Мəтінде үш түрлі мəселе анық аңғарылып тұр. Біріншісі, күндестік. Бірақ себебі басқа. «Алтын қызды» күндестіктің қазығы өгей шал болса, бұл ертегіде өзге елдің қызына батырдың үйленуі. Яғни, күндестік ертегінің оқиғасының өрбуіне негіз болып тұр. Жəне мұндай деталь əлем халықтарының ертегілеріне тəн құбылыс та, көнеден келе жатқан сарын екендігі көрінеді. Күндестік бар жерде өш алу да бар. Ертегіні тыңдайық.

Бұл уақытта батырлар жүрмекші болып, Бөгенді ертіп, қырық бір батыр Еділ-Жайыққа келеді. Қырық бір батырдың иті қаңқылдап, құстары саңқылдап, мəз. Бөген кетерінде еліне:

«Əйелім бала тапса, сүйінші сұрап Ақ Жайыққа келерсің», — деп тапсырады. Батыр мəз-мейрам болып жүре береді. Бөген кеткен соң, көп кешікпей, Ақборық толғатып бір ұл, бір қыз табады. Ұлының атын Тұрғын, қызының атын Ақбілек қояды. Мұны Қанікей, Тінікей естіп, Ақборыққа ақ аюдың мұрын терісін иіскетіп талдырып тастап, екі баланың орнына екі иттің күшігін салып мыстан кемпірді шақырып алып, екі баланың екеуін де жоқ ет деп, екі қоржын бас ділдə береді. Бұл сөзді кемпір естіген соң, қолына темір таяқ алып, аяғына темір етік киіп, екі баланы арқалап жүріп кете береді. Темір таяқтан тебендей, темір етіктен теңгедей қалғанда, екі баланы бетпақтың шөліндегі, жолаушының жолындағы сексен күндік шөлде жатқан қырық құлаш шыңырауға салып, кемпір кейін қайтты.

Бұл уақытта қатының күшік тапты деп айта алмай, қалай естіртудің амалын таба алмай, ноғайлы руы сеңдей соғылады. Əйтсе де көп уақыт өтпей-ақ, бір адам Бөген батырға хабар салуға барады. Бұл уақытта батыр елден хабар болмады деп, асып-сасып, құс салып, ит жүгіртуге көңілінің қошы келмей жүрген кез еді. Сол кезде ауылдан хабарға барған кісіге жолықты. Бөген батыр амандасып болуға шыдамай: «Аман ба?» — деп сұрады. Хабаршының сөзі:

Елдің амандығы құрысын! Кешегі бір күндегі Бақтың асқан кезінде, Бірнеше жыл жол жүріп, Көріп алған көріктің, Сүйіп алған тектің, Соғысып алған Ақборығың, Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, Қос қара мойнақ күшік тапты, — деп хабар берді. Бұл уақытта батыр не боларын білмей, қасында жүрген қырық батырды шақырды, бұлар келген соң: Ай, жігіттер, кешегі Ақборық қос қара мойнақ ит тауыпты, соны дарға асып, я болмаса Құла су деген дариядағы аралға апарып, екі күшігімен тастаңыз», — деп бұйрық береді. Батыр айтқан соң, амал бар ма, қырық батыр Ақборықты тауып алып, дарға асуға қимай, Құла суындағы аралға екі күшігімен əкеліп тастап, кері қайтты.

Ендігі хабар бұдан үш күн бұрын мыстан кемпірдің шыңырауға келіп тастаған екі баланың жайынан.

Жирен көл мен қырық құлаш шыңыраудың екі арасы сексен күндік жер екен. Бірақ бұл шыңырау болса керек. Кемпір тастағаннан кейін, үш күннен соң, қырық нарға жүк артқан керуендер жүгін түсірмей жатып, шыңырауға қауға салады, бұл салған қауғаны екі бала жұлып алып қала береді. Сонымен қырық қауғасын салса да керуендер су алып іше алмай шөлдеп өлер болады.

Көп керуеннің ішіндегі бір молдасы келіп: «Мені құдыққа сал, болса да шөлдеп өлетін болдық қой», — деп беліне арқан байлатып құдыққа түсті. Бұл уақытта құдықтың түбіне жақындағанда, қауғаның үстінде томпиып отырған екі баланы көрді. Молданы бала көре салып, басын жұлып алайын деп, тұра ұмтылып еді, қасындағы қарындасы адам екенін біліп жібермеді.

Екі баланың сөзі:

– Су керек болса, бізді жарық дүниеге шығарып, түрлі олжа бер, — дейді. Молда олжа мен жарық дүниеге шығарам деп уəдесін береді. Молда арқанды сілкіп, екі баланы құшақтастырып, қауғаны жинап, далаға шығады. Балаларға көйлек, дамбал беріп, қалашылар əбден тынығып алып, екі күннен кейін көше бастайды. Бала еріп кетеді. Балаға берем деген сыйлығын үш күнге шейін бермей əуре етеді. Бұл уақытта бала сыйлық бермейтінін біліп ашуланады, кірешілер неге ашуланасың деп ұра бастайды. Тегі батырдың тұқымы болғандықтан, Тұрғын бала қорлыққа шыдамай, қалашылардың қолындағы қырық нарын, сексен тай жүкпен, шыңыраудың басында қалған қарындасы Ақбілекке келеді. Келгеннен соң, жүкті ақтарып киініп алады. Қабырғадан жақ, жыңғылдан шыңғақ оқ жасап құлан-бұлан атып, күн көріп жата береді [3].

Екіншіден, жаңа туған баланы шөлге апарып тастап, орнына иттің күшігін салу да көнеден қалыптасқан, кең тараған оқиға иірімі. Ауыз əдебиетінің көптеген жанрларында кездеседі. Сонымен қатар шөлге тасталған балалар қандай қиыншылық болмасын бəрін жеңіп, ержетіп шығуы да дəстүрлі сарын. Үшіншіден, ертегінің соңындағы əділдіктің үстемдік құрып, қара ниетті кейіпкерлердің жазаға ұшырауы қалыпты жағдай.

Ақборық келгеннен кейін, мына жағынан Тұрғын, қарындасы Ақбілек, əйелі Тəпелтес, үлкен көш керуеннен олар да келеді. Бөген баласы, əйелі келгеннен соң, көңілі тасып, бүкіл ноғайлы еліндегі халықты шақырып, сансыз мал сойып, отыз үй тігіп, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, алтын қабақты аттырып, ноғайлы елін қызыққа баттырады. Мыстан кемпірді халық алдында дарға асып өлтіреді. Оған қосылып, дұшпандық қылған ханның қызы Қанікей мен Тінікейдің жұрт алдында бетіне күйе жағылып, айыптары əшкереленеді. Бұның үстіне, өзінің жолдастары — Қырымның атақты қырық батырын қонақ етіп, үш айдың жүзі болғанда, тойының аяғы тарқап бітеді. Бөген баласы табылғаннан кейін көңілі тасып, əлденеше жыл қайғылы жүргенін ұмытып, Тұрғынға үй тігіп, еншісін беріп, дүниеден армансыз болып өтеді [3].

Міне, біз бір ғана ертегінің бойынан көне дəуірде пайда болып, қалыптасқан төрт түрлі сарынның қолданыс тапқандығының куəсі болдық.

Келесі бір көне сарындардың бірі — жануарлардың өзге жаратылысқа айналуы. Бұл жайында зерттеуші-ғалым Г.Н.Потанин жан-жақты айтқан болатын. Мəселен, буряттардың этиологиялық аңызында байдың қызы əке-шешісінің тойымсыздығына қатты қапаланып, көкекке келіп көмек сұрайды, нəтижесінде малы жабайы аңға айналып кетеді [4]. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді, бірақ қажет деп таппадық. Бұл да мал шаруашылығына негізделіп, тұрмыс-салттың аясында алынған детальдар болып табылады.

Келесі бір керемет көрініс, нақыл, шешен сөздердің қолданылуы. Ақиқатында нақыл сөздер фольклордың дамуына, өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан. Сондай-ақ оның қайнар көзі арғысы мифте, бергісі көне ертегілерде жатыр. Айтылған нақылдардан көне дəуірдегі тұрмыс-салтты да аңғаруға болады. Белгілі бір тайпаның немесе ортаның ұғым-түсінігі, қабылдауы, ісі, қарым- қатынасы да осы шешендік үлгілерден байқалады. Сондықтан оларды ертегілерден алып тастау не бөліп алу мүмкін емес.

Ертегілердегі шешендік шығарманың маңыздылығын арттыру үшін қолданылса, оқиға мифтік аңыздардан алынуы мүмкін. Сөйтіп, оларды үндестіру үшін түрлі детальдар, иірімдер пайдаланылады. Мəселен, тұрмыс-салт ертегілерінің шоқтығы биік туындысы «Аяз би» ертегісіндегі хан қызының жұмбағы мен Жаманның оны шешуі аса жоғары деңгейдегі тапқырлықтың көрінісі. Немесе «Торғай мен адам» ертегісіне назар аударып көрелік.

Өткен заманда бір саятшы тор құрып қойса, торына бір кішкене торғай түсіп қалыпты.

Торғайды адам қолына ұстап, үйіне апара жатса, торғай тілге келіп, былай депті:

  • Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң, құсастықпен өлемін. Онан да еркіме қоя бер, еркін кең дүниеге жібер, мен сізге екі ауыз өсиет айтайын, — депті.
  • Кəне, əңгімеңді айт, — депті адам.
  • Жарайды, бір ауызын қолыңда, бір ауызын жерге түскен соң айтайын. Өйткені қос қолдап ұстап тұрғанда өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, — депті торғай. Аңшы босатыпты.
  • Бірінші — өткен іске өкінбе; екінші көзбен көрмей сенбе! — депті. Торғай анадай жерге қонып отырып: — Сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді, — дейді. Адам қонып тұрған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. Торғай əр жерге ұшып-қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң, адамға былай дейді: «Менің жаңа айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сияды? Бұл бір. Екінші — мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе, — деп ұшып кетіпті [5].

Шындығында, «Өткен іске өкінбе», «Көзбен көрмей сенбе» деген нақылдардың маңызы зор, адамды өмір сүру тəсіліне үйрететін, ерекше қолданыстар. Бұл да көнеден келе жатқан сарындардың санатына жатады.

Келесі бір сарындардың бірі — жалғыз көзді дəудің бейнеленуі. Анығында аталмыш бейне қиял- ғажайып ертегілерде жиі кезігеді. Сонымен қатар оның өзегі мифтік аңыздарда жатыр, атауы — циклоп. Ол алып денелі, өте əлді, дүлей күштің иесі, санасы шамалы, пішіні адамға ұқсас болып суреттеледі. Жалғыз көзді дəуге байланысты қалыптасқан сарын, оның адам етін жегісі келіп, түрлі тəсілдермен қолға түсіреді де, өзі сол адамнан жеңіліс табады, нақтырақ айтқанда, не өледі, не қашып құтылады, не сол адамға құл болады.

Тұрмыс-салт ертегілерінде сирек те болса аталмыш бейне кездесіп отырады. Мəселен, «Айлакер бала» ертегісін алып қаралық.

Бірнеше күн ұзақ жол жүріп, қарны ашып шаршаған бала итмұрны өт пейтін қалың орманға келеді. Орман ішін дию-перілер мекендейді екен.

  • Ей, адамзат баласы, қайда барасың, сені ажал айдап келді ме бұл жерге? — деп ақырады дию-перілер.

Сонда бала оларға:

  • Қайда барарымды қайтесің, күшті болсаң, күш сынасуға мен дайынмын, кел бері! — дейді.
  • Е, сынасақ, сынасайық, өзің де қан түртіп тұрған бала екенсің, келсең, кел! — дейді олар.
  • Кімде-кім мынау жатқан үлкен қара тасты қысып майын шығарса, сонымызға қалғанымыз бағынышты болайық.
  • Жарайды. Дию-перілер алма-кезек тасты қысып-қысып май шығара алмаған соң, кезекті балаға береді. Бала қолын уқалаған болып қойнындағы майға жанышқан талқанды сығып-сығып, майын алақанына жұқтырып алады да, дəу қара тасты қысып-қысып, міне, мен тастан май шығардым деп, енді сендер маған бағыныштысыңдар, — дейді бала. Мұны көрген дию-перілер баланың күші басым екен деп ойлайды. Олар баланы үйлеріне қонаққа алып барып, үлкен сый-құрмет көрсетеді. Дию-перілер баладан қауіптенеді [6].

Ертегіде жалғыз көзді дəуді əрі аңғал, əрі ақымақ бейне ретінде суреттеген. Шығарманың мақсаты дəулерді қатыстыра отырып, адам баласының қандай қиыншылық болмасын, барлығынан да құтылып шыға алатындығын, өйткені ақыл иесі адам екендігін көрсетуге арналған.

Көне дəуірде қалыптасып дəстүрге айналған мотивтердің бірі — əйел адамды ақылды етіп көрсету. Мұндай сарындардың өзегі ананы құрметтеу, сыйлау, жас ұрпақты соған тəрбиелеу мəселесіне орай туындаған тəрізді. Сарынның көнеден келе жатқандығына бір дəлел Ұмай ана жəне Аю батыр» деп аталатын мифте Ұмай ана кейпінде жақсылық əрекеттерді жасаушы болып бейнеленген. «Осы кезде үңгірге құс бейнесінде ұшып кірген Ұмай ақ шашты анаға айналады да, қу шөпшекті құшақтап əкеліп салып, жеңімен желпіп, отты маздатып жібереді [6]. Немесе:

Ұмай ана толқын шашың төгіліп, Түстің көктен алтын садақ иіліп. Жаңа туған сəбилерді шошытпа, Ұмай ана, қойныңа сал, жарылқа [6].

Яғни, тығырықтан жол табатында, қиыншылықты жеңетін де — əйел. Осы сарын тұрмыс-салт ертегілерінде де кездесіп отырады. Қазақ халқында «Сұмырай келсе су құриды» деген мақал бар. Осының негізінде туындаған «Сұмырай хан» ертегісінде, рұқсатсыз су алған адамды өлім жазасына кесіп отырған ханды Райхан деген жас қыз жеңіп шығады. Ертегіге назар аударып көрелік:

Хан қызға келісіп, сол елге 250 жасқа келген бір қария бар еді, соны алғызыпты да сұрақтарын айта беріпті.

  • Əкем айтушы еді, «Адамның алдынан қара мысық кесіп өтсе, жаман ырым» деп, кеше дардан қайтып келе жатқанымда алдымнан бір қара мысық кесіп өтті, сонда бұл қандай ырым болады?
  • Тақсыр, мысықтың алдынан, не артынан өткені адам үшін еш ырым емес, ал қаптесер мен тарақ құйрық үшін жаман-ақ ырым.
  • Өзің тігінші екенсің, менің денемнің ауыр, етімнің семіз екенін де көріп отырсың. Маған қандай түсті киім кию ұнайды деп білесің?
  • Мысалы, қоянға ақ, түлкіге қызыл, құндызға күрең жарасады. Семізден шошқа семіз олардың қарасы да, ағы да, ала-құла теңбелі де өздеріне жарасып тұрады ғой. «Байға тай мінсе де жарасады» дегендей, тақсыр, сізге қандай түсті киім кисеңіз де, хандығыңызға жарасып тұрады дер едім.
  • Əкемнің тағы бір сөзі есіме түсті, «Ер адамның алдынан бос шелек ұстаған əйел кездессе — жаман ырым», — деуші еді о кісі. Біраздан бері қайда барсам, алдымнан бос шелек арқалаған əйелдер кездесетін болды, ол қандай ырым?
  • Менің əкем «Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар», — деуші еді. Бірақ қазіргі жағдайда сіздің əкеңіз білгір адам екен, тақсыр! Ол шелектерді кептірген өзіңіз ғой [5]. Сонымен, біз ертегілердегі көне сарындардың қолданылу аясына орай бірнеше түрлеріне тоқталып өттік. Түйіндей келгенде айтарымыз, көне сарындардың тұрмыс-салт ертегілеріндегі алатын орны айрықша əрі маңызды. Шығарманың тəрбиелік мəнін арттыруға ерекше үлес қосқан саласы болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мелетинский Е. Герой волшебной сказки. Происхождение образа. — М.: Наука, 1963. — 273 с.
  2. Котлар С. О некоторых героях фольклора Африки южнее Сахары. — М.: Наука, 1970. — 221 с.
  3. Ертегілер. Қазақ халық əдебиеті: Көп томдық. — 4-т. / Жауапты шығарушы А.Айдашев. — Алматы: Жазушы,1989.— 304 б.
  4. Потанин Г.Н. Очерки Северо-западной Монголии. — Вып. 2. — М.: Наука, 1983. — 227 с.
  5. Қазақ ертегілері. — Алматы: Көшпенділер, 2003. — 392 б.
  6. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. — Алматы: Аруна, 2007. — 256 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.