Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұғыры биік тұлға

Адамзат баласының тарихи жолына зер салсақ, əлемдегі бірде-бір ел басқамен экономикалық, интеграциялық байланысқа түспей тұра алмайтынын көреміз. Экономиканың тиімді салаларын айрықша дамыту үшін озық технологияға негізделетін түрлі аппарат, жабдық т.б. өзгеден сатып алуға болады, ал, өз еліңде игеріліп, əбден сенімге енген өнімді немесе технологиялық тұрғыдан жетілген жабдықтарды өзге елге сатуға болады. Бұрын да солай болған, ал, қазіргі нарық заманында тіпті дамуда, болашақта да солай болатыны анық. Демек, олқы тұсыңды толықтыру үшін қаржы керек, ол болса, бəрін де сатып алуға болады.

Сонымен қатар тағы бір шындықтың бетін аша кетейік, ол — адам болмысы үшін қажетті ұлттық рухты ешқандай ақшаға сатып ала алмайтындығың. Сірə, бұл жайт адам-пенденің сəби кезіңде анасының ақ сүтімен, қоршаған ортасының тəлім-тағылымымен, жан дүниесіне сіңген табиғи ұлтшылдығымен түсіндірілсе керек. Ал, шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ат жалын тартып мінгенге дейінгі аралықта болмысына берік ұя салған əлгі қасиет, сипат сол азаматтың өмір бойы адастырмас Құбыланама-Темірқазығы болары айдан анық.

Бұл жерде экономист-ғалымның дəл осы ғылым саласына сіңірген ұланғайыр еңбегін, соған орай қол жеткізген қыруар марапаттарын айтудың қажеті болмас, себебі экономика саласы даңғайыр ғалымының сол тараптағы өлшеусіз үлесін жіктеп, талдауға өреміз жете қоймас

Біздің айтпағымыз, осынау тұғыры биік азаматтың ұлттық руханият саласына сіңірген еңбегіне байланысты.

Бірден басын ашып айтайық, Рəшит Саттарұлы өз мамандығына орай, экономика саласының ірі ғалымы ретінде өзін өзгеге таныта алды, ал, сол сала бойынша ірі компания, фирма т.б. алпауыт қызметтердің басшысы деген лауазымды қызметте болса да, ел аузына ілігер жақсы жағынан көрінер еді, алайда ол дəріс оқитын ұстаздық қызметті таңдады, Ұлы Мəртебелі Студентке қызмет етуді, ел болашағының ертеңгі уақыттағы үкілі үміттеріне ғалым ретінде, азамат ретінде, ұлт руханиятына ерекше ден қойған тұлға ретінде тəлім-тəрбие беретін экономист-ғалым өз саласына қатысты іргелі еңбектерін жарияламай-ақ, ұлт руханиятының жоқшысы ретіндегі жазған еңбектерімен де ел жадынан берік орын алуға тиісті-тін. Алайда осынау тұлғалы азаматтың мақтау, марапат үшін еңбектенбегеніне бəс тіге аламыз.

Рəшит Саттарұлының пешенесіне Тəңірі экономист-ғалымдықпен қатар, Ұлт руханиятындағы кемшін тұстарды толықтыруды жазған-ау деп ойлаймыз. Ұлттық құндылықтардың шын мəніндегі Жоқшысына айналған осынау тұғыры биік тұлғаның еңбектеріне арқау болғандарға тоқталайық. Абай, Кенесары, Əлихан, Абылай, Шерубай, Мəнжі, Таймас, Таңшолақ, Игілік, Байдалы, Наурызбай, Нұрбай, Мағжан, Махамбет, Бекайдар, Қамен, Құлтума, Нұрлан, Тəти, Ахметбек, Шөже, Тауасар, Мінеж Жармұхамедов, Мақсұт Байсейітов, Кəрім Мыңбаев, Мойын баба, Мəшһүр Жүсіп, Қареке баба, Шəкəрім, Сұлтанмахмұт, Бұқар жырау, Орынбай, Міржақып, Мұқағали, Нарманбет, Дулат, Сүйінбай, Шортанбай жырау, Мұстафа Шоқай, Д. Шаймұқанов, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Телжан Шонанұлы, А. Байтұрсынов, Х. Болғанбаев, Х. Досмұхамедұлы, Ж. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, О. Əлжанов, У. Танашев, Ақан сері, С. Мұстафин, С. Асфендияров, Қ. Аманжолов, Ə. Марғұлан, Махмұд Қашқари т.б. оның мерзімді республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жеке мақала, ой-толғам ретінде жарық көрсе, қазақтың шежіресі т.б. газет-журналдарда ғана емес «Қаракелер (Шежіре)», «Мəңгілік құндылықтар саңлақтары — Творцы немеркнущих ценностей» «Əрі көсем, əрі шешен Байдалы би», «Қазақтың үш ұлы көсемі», «Тұғыры биік тұлғалар», «Азаттық батыры Мəнжі батыр», «Жеті атасын білген ер... (Арғыннан шыққан Мойын баба ұрпақтарының шежіресі)», «Көмейінен жыр төгілген Ахметбек ақын», «Алаш азаттығының ақиығы Имам Əлімбеков», «Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу Құлтума ақын», «Аралбай руының шежіресі (Аралбай батыр: Шежіре)», «Ақын-ақ еді (Мақсұт Байсейітовтың поэзиясы хақында)», «Алаштың жыр алыптары. 2 томдық», «Алдаспаны Алаштың ақын Мағжан», «Жұмабек Тəшенов — Алаштың жүз жылда біртуар алып тұлғасы», «Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жиырма көшбасшылары», «Үш жүздің шежіресі жəне Арғын-Алтай тайпасының Қареке-Мұрат рулары: Энциклопедиялық анықтамалық (2 томдық)» сияқты кітаптары арқылы өрісін тауып, кең түрде насихатталды. Ірілі- ұсақты ғылыми-публицистикалық əрі тарихи сипаты басым мақала, еңбектерін айтпағанның өзінде, 2000–2014 жылдар, яғни он төрт жыл ішінде, Р. Кареновтың қаламынан өмірдің өзі алға тартып отырған өзекті мəселелерді арқау еткен он тоғыз көлемді кітабы жарық көрген екен, ал, дəл осы жайттың өзі-ақ көп нəрсені аңғартса керек. Ақиқатын айтсақ, публицистикалық, ғылыми сипатты ықшам еңбек те, арнайы зерттеуді мақсат тұтқан кітап та тарихи-əлеуметтік, қоғамдық-саяси ақиқаттан ауытқымауы қажет. Ғасырлар қойнауындағы шындықтан сыр тартқанда, бүгінгі уақыт биігінен үңілу бар да, сол тұстағы нақты хал-ахуалды бағамдау бар. Міне, мəселеге осы тұрғыдан үңілсек, Рəшит Саттарұлының еңбектерінде де бір тарихи тұлғаның шығармасы екінші бір танымал жанның шығармалары ішіне еніп кетуі т.б. жайттар кездесіп қалатыны жасырын емес. Алайда газет- журнал беттеріндегі сол еңбектерінің азды-көпті кемістіктерін автордың көлемді кітаптарында түзеп, екшеп, толықтырғаны, жекелеген тұстарына нақтылық сипат енгізіп, өзгерткені бірден байқалады. Автордың осынау он тоғыз кітабына ғылыми, монографиялық еңбек деп атау бере бермегені де құптарлық. Оның əрбір мақала, еңбегі, кітаптары түгелдей дерлік танымдық сипатқа ие дер едік. Таным — күрделі ұғым. Ол автордың өз «Мені» арқылы көрініс беріп, уақыт өте келе, көпшіліктің

«Біз» ұғымына айналса ғана, өміршеңдік сипатқа ие болмақ. Автор бұрын ешкім айтпаған, жазбаған проблеманы алғаш көтеріп отыр дегенді де айтқалы отырған жоқпыз. Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар, Ұлы Даланың мəдениеті мен өркениетінің ешкімге ұқсамас даралығын айғақтаған дарабоздар, күні кешегі алаш қайраткерлері, олардың жанкешті еңбегі, биік зияткерлігі т.б. кешегі уақыт аясында да, бүгінгі уақыт аясында да зерттеліп, зерделену үстінде. Алайда қазақ мəдениеті мен жалпы адамзаттық құндылықтар қатарынан ойып тұрып орын алатын руханиятты кешегі тоталитарлық заманда қалайша зымиян саясат тұншықтыруға тырысты. Абай да, асыл текті  Кенесары да, Əлихан мен Əлімхан да — бəрі де патшалық кезеңнің, сол жүйенің кейінгі уақыттағы бірден-бір заңды мұрагері болған кеңестік дəуірдің құрбандығына айналды. XIX ғасырдағы Кавказдың кішкентай ғана елінен шыққан Шəміл мен қазақ ханы Кенесарының тағдырын салыстырсақ та, империяның қазақққа деген шынайы пиғылын жазбай танисыз.

Міне, осыларды зерделей келе, шынайы тарихи тұлғалар мен олар ғұмыр кешкен уақыттың қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттарын кешенді түрде ғылыми, танымдық еңбектер арқауына айналдырудың қаншалықты маңызды екенін аңғарасың. Мұхиттай терең тарихы бар ұлтымыздың шынайы тарихнамасын тəуелсіздік кезеңінің биігінен қайта таразылау қазақтың ұлттық рухын асқақтатады дер едік. Ал, ұлттық рух елжандылыққа бастайды. Білімі де, байлығы да бір басына жетерлік Алаш арыстары сол ұлттық рух үшін күрескенін жадымызда ұстаған абзал. Ендеше, Рəшит Каренов еңбектеріне баға бергенде, мəселеге осы тұрғыдан келгеніміз абзал. Авторды шынайы еңбекқор, ізденгіш, əр тарихи тұлға мен құбылысқа өзіндік көзқарасы бар деп бағаласақ, ірі еңбегі қазақтың сол Ұлттық рухын биіктететін, жігерін жаныған ғалым деп түйіндегеніміз орынды.

Əрине, мақала көлемі кеңінен көсілуімізге мүмкіндік бере бермейді. Алайда Рəшит аға Кареновтің он тоғыз кітабындағы негізгі өзекті мəселелерге аз да болса, тоқталсақ, көп нəрсеге көзіміз жетеді. Ол, бəрінен бұрын, қазақ шежіресінің түзілуіне ерекше еңбек сіңірген автор. Ол кешегі патшаның отаршылдық саясаты нəтижесінде тəуелсіздік идеясын жасқанбай көтеріп, қарағайдың қарсы біткен бұтағындай қайсарлық көрсеткен танымал тұлғаларды өз көзқарасы тұрғысынан зерттеп, зерделеп əрі насихаттап жүрген тұғыры биік азамат.

Ол — кешегі дəуірде өте сирек кездесетін құбылыс — ел тəуелсіздігі үшін жанын қиған аса биік зияткерліктің, асқақ мəдениеттің иелері, бір басына саясаткер, қайраткер ұғымдарымен қатар, тарихшы, журналист, философ, педагог, лингвист, əдебиеттанушы ұғымдарын сіңірген, сөйтіп, ұлт мақтанышына айналған Ə. Бөкейханов бастаған Алаш арыстарын зерттеген ғалым.

Ол — бүгінгі тəуелсіздігіміздің іргетасын қалаған, тағдырлары трагедияға толы Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, Ж. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Ə. Ермеков, Х. Ғаббасов, Ж. Ақбаев, Ж. Аймауытов, Р. Мəрсеков, Т. Шонанов, У. Танашев, Х. Болғанбаев, Қ.Кемеңгеров, И. Əлімбеков, О. Əлжанов, С. Мұстафин (автордың «Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жиырма көшбасшылары» атты кітабындағы ірі тұлғалар) сияқты халық мақтанышына айналған танымал тұлғалардың бергі уақыттағы ізбасары, қайсар азамат Ж. Тəшеновке өз еңбегі (зерттеу кітабы) арқылы еңселі ескерткіш соққан автор. Бір ерекшелігі, Р. Каренов айтулы би, атақты ақын, сұңғыла тұлға, сарабдал саясаткер т.б. туралы зерттеу еңбектерінде қазақтың ұлттық кескін-келбеті мен болмыс-бітімін басты назарда ұстайды жəне, ең бастысы, сол ұлы тұлғалардың еңбегін тəуелсіздікке қол жеткізген қазіргі уақытымыздың биігінен саралап, баға береді. Автор кітаптарына енгізген танымал ұлы тұлғалардың əрқайсына жеке-жеке қалың кітап арнауға болар еді. Соны түйсінген автор əр тарихи тұлғаның ел тарихында алатын орны мен сіңірген еңбегіне қысқа да нұсқа тоқталып, толымды түйін жасаған.

Қазіргі жастар кітап оқымайды дегенді жиі айтамыз. Тіпті «Мəдени мұра» бағдарламасымен шыққан дүниелердің өзі тек кітапхаларға ғана таратылады. Кітаптан гөрі, басқа нəрселермен көбірек айналысатын (зиянды ақпараттар ағымы, ғаламтор т.б.) жас буын үшін Р. Кареновтың біз жоғарыда көрсеткен еңбектері əрі түсінікті, əрі анықтамалық сипаты басым, əрі қолжетімді болғандықтан, оқушы мен студент үшін (жалпы оқырман жұртшылықты айтпағанның өзінде) аса қажетті құндылық дер едік.

Рəшит аға Каренов — елін қорғап, жанын қиған Шерубай, Мəнжі батырлар мен ердің құнын екі- ақ ауыз сөзбен шешкен Байдалы т.б. билер, сондай-ақ қазақтың асқаралы тұлғалары Таймас, Игілік би, репрессияға ұшыраған Ахметбек, ұлттың ұлы ақындары, алаш қайраткерлері туралы толғамды ой-пікірлерін өз танымы аясында ортаға салып келе жатқан азамат. Ұлы тұлғалар ғұмырын зерттеу оны тұғыры биік зерттеушіге айналдырғанын баса айтқымыз келеді. Ал, осынау ізденіс, түптеп келгенде, автор еңбектеріндегі ұлттың тектілігі мен зияткерлігінен, биік рухы мен ешкімге ұқсай бермес бай тарихы мен өзгеше болмысынан бастау алғанын айту парыз дер едік.

Р.С. Каренов биылғы жылдың қазан айында жетпіс жасқа толмақ. Абзал ағаның өз еңбектері арқылы жас ұрпақ болмысына сіңіруге бағытталған тағылымы мен тəліміне қызғанып емес, қызығып қарайтынымыз рас.

Тұғыры биік азаматты мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс, отбасына береке-бірлік тілейміз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.