Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі алғашқы іс қағаздарындағы терминдік атаулар

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу заман талабына сай жүргізілуі үшін ресми жəне іс қағаздары терминдерінің қалыптасу тарихын, қазіргі тілімізде берілу барысын, жасалу жолдары мен тəсілдерін, қолданылу ерекшеліктерін анықтау қажеттілігін туындатты.

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халық тарихымен, іс қағаздарын қатынас құралы ретінде қолданған қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігі даусыз. Сондықтан қазақ іс қағаздар тілінің тарихын зерттеуде зерттеушілер екі принципті басшылыққа алады. Бірінші принцип — қазақ іс қағаздар тілінің тарихын, оны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз байланыста, бірлікте қарау принципі. Өйткені тілдің дамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық, мəдени өміріндегі өзгерістерге байланысты болады. Екінші принцип — қазақ іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді, тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі.

Зерттеушілер қазақ əдеби тіліндегі ресми стильдің қалыптасу кезеңі мен оның түрлері туралы əр түрлі пікірлерді ұстанады. Кейбір тілші-ғалымдардың пікірінше, қазақ қаламгерлері ХVІ ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба əдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты.

Қазақ тілші-ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, қазақ əдеби тілі тарихында іс қағаздарының алғашқы үлгілері ертерек кезеңде, XVIII ғасырдың II жартысы мен XIX ғасырдың I жартысында, одан кейінгі үлгілері XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Ол — қазақтың хан, сұлтан, старшындарының Орыс империясының əкімшілік орындарына жазған құжаттары мен өзара жазысқан хаттары. XVIII ғасырдың II жартысындағы ресми қағаздар ресей мұрағаттарында сақталған. Олардың тілі мен сөздік құрамы түркі халықтарына ортақ болған (елші, бітім, ғарызнама, мағлұмнама, ағланнама, Тəукенің «Жеті жарғысы» т.б.).

Белгілі ғалым Р.Сыздықованың көрсетуінше, ресми іс қағаздары стилі қазақ тілінде ертеде қалыптаса бастаған, қазақ хан-сұлтандарының орыс əкімшілік орындарымен жазысқан көптеген хаттары, арыздары мен мəлімдемелері XVIII ғасырдан бастап архивтерде сақталған. Солардың кейбірі (1785–1828 жылдары аралығында жазылған қазақтың хан, сұлтан, старшиналарының хаттарын) тарихшы М.П.Вяткиннің «Материалы по истории Казахской ССР» деген кітабында жарияланды. Сонымен бірге архивтер мен кітапханалардың сирек қорында біраз ресми құжаттар үлгілерін табуға болады [1; 33].

ХVІІІ–ХІХ ғасырларда қолданылған ресми қағаздардың стильдік ерекше белгілеріне Р.Ғ.Сыздықова, біріншіден, ғизатлу, хурматлу (уважаемый), мархабатлу (милостивый, всемилостивый), сағадатлу (блаженный), биік мартабалу (высокостепенный), ғинайатлу (всеблагий), құдратлу (всемогущий), шафағатлу (милосердный) тəрізді сын есімдерді жатқызады. Екіншіден, бұл құжаттардағы сөздердің басым көпшілігі қазақ тілінікі емес, ортаазиялық əдеби тіл мен татар тілдерінікі деген тұжырым жасайды [1; 167–173].

Зерттеушілердің айтуынша, «... қазақша ресми іс қағаздары стилі екі түрлі арнадан сусындады. Оның бірі — сонау көне дəуірлерден бермен қарай үзілмей келе жатқан хан жарлықтары жəне басқа да ресми құжаттар үлгілері. Сонымен қатар ХІХ ғасырда қазақ жерінің Ресей мемлекеті қол астына кіруіне байланысты орыс əкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары мен қатынас қағаздары қазақшаға аударылып, қазақ ішіне тарады» [1; 114,115].

Профессор Б.Əбілқасымовтың «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі» деген монографиясының «Ресми іс қағаздары үлгілері жəне олардың тілдік сипаттамасы» деген тарауында баспа бетінде жарияланып, көпшілікке тараған құжаттардың тіл ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Ғалым əкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтарына қатысты материалдарының алғашқылары болып саналатын «1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті қазақ əкімдеріне жолдаған қатынас қағазын», «1890 жылдың 29 майында 1071 нөмірлі Далалық генерал- губернатордың қыр облыстарының бастықтарына жолдаған жарлығын» алып, олардың тілдік ерекшеліктерін талдаған. Сонымен қатар бұл еңбегінде «Қазақша заң жинақтары мен ережелері» (1885 жылда шыққан) деген тақырыпшада ресми құжаттың лексикасын, грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген. Бұл құжаттың айрықша құндылығы ретінде ғалым құжаттың жазылуына Абай Құнанбаевтың қатысуын атап өтеді [2].

Бұл кезде əкімшілік орындарының түрліше бұйрық-жарлықтары (повеления, приказы, указы) ярлұқ, əмір ярлұқ, фарман түрінде кездеседі, қазақша бұйрық сөзі əлі жоқ. Мұның біріншісі түркі тілдерінде ежелден келе жатқан ярұқ-ярлұқ-жарығ (жеті жарғы) жарлық сөзі де, екіншісі осы мағынаны білдіретін араб сөзі, бұл көбінесе хан, сұлтан, қазылар тарапынан берілетін указ дегенге сай келеді. Фарман сөзі пəрмен түрінде халық тіліне де енсе керек: Патшадан пəрмен болған соң («Қамбар»), бұл сөзді Н.И.Ильминский де сөздігіне (1861) пəрмен — повеление деп енгізген [1; 230].

XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің жергілікті əкімшіліктерінің жарлық-бұйрықтары мен нұсқау-хаттары, əр түрлі қатынас қағаздары, заңдар мен ережелер сияқты ресми құжаттар қазақ тіліне аударылып, мерзімді баспасөз бетінде жарияланып отырды. Кейбір ережелер (мысалы, 1885 ж. Қарамола съезінде қабылданған Заң ережесінің 1886 ж. қазанда жарық көруі) жеке кітапша болып та басылды.

Басылып шыққан ресми құжаттардың басым көпшілігі, сол сияқты қолжазба түрінде сақталған хаттар араб графикасымен жазылған. Бұл жағдай олардың орфографиясында түркі əдеби тіл дəстүрінің толық сақталуын, қазақ тіліне тəн дыбыстық заңдылықтарын еленбеуіне, жарыспалылыққа, яғни қазақша-«түрікше» екі варианттылыққа мүмкіндік берді. Қазақ жазба əдеби тілінің қалыптасу дəуіріндегі ресми қағаздары дəстүрін негізге ала отырып дамыды жəне орыс тіліндегі ресми қағаздары стилінің кейбір элементтерімен толықты.

Р.Сыздықованың айтуынша, «Орта Азия жазба тіл элементтерін молырақ пайдалану — бұл стильді өзгелерден айыратын басты белгі. Мұнда стандарттық күштірек сақталады. Əсіресе бұлардың емлесінде, сөз таңдауында, морфологиялық тұлға-тəсілдерді пайдалануында, тіпті синтаксистік құрылымында да «түркілік» сипат айқын көрінеді». Лексика мен грамматика саласындағы бұл белгілер осы стильді құрайтын нұсқалардың бірінде толық сақталса, бірінде бірен-саран кездеседі. Мұндай ауытқулар аудармашының кім, қай ұлттың (татар, қазақ, башқұрт) өкілі болғандығына, оның білім дəрежесіне, əсіресе саяси-идеялық көзқарасына байланысты болса керек.

ХIX ғасырдың II-жартысында жарық көрген қазақша үлгілерде ресми-іс қағаздар стиліне өзіндік ерекшеліктер (кейбір стандарт сөздер мен тұрақты тұлғалар, баяндау формасы мен стилі) қалыптасып, тұрақтала түсті. Осы стиль көлемінде заң, əкімшілік терминдері қалыптаса бастады. Бірақ мұнда терминология саласында да, грамматикалық тұлға-тəсілдерді пайдалануда да нормалау үдерісі əлсіз болды.

Сонымен, зерттеушілердің көрсетуінше, «... қазақша ресми іс қағаздары стилі екі түрлі арнадан сусындады. Оның бірі — сонау көне дəуірлерден үзілмей келе жатқан хан жарлықтары жəне де басқа да ресми құжаттар үлгілері. Сонымен қатар XIX ғасырда қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруіне байланысты орыс əкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары мен қатынас қағаздары қазақшаға аударылып, қазақ ішіне тарады».

19 ғасырдың II-жартысында қазақ тілінде ресми қағаздары стилі (ресми қаулы-қарарлар) біршама дамыды. Оған патша үкіметінің түрлі əкімшілік, заң, əскери орындарының бұйрық- жарлықтары, ереже-нұсқаулары мерзімді баспасөз беттерінде («Түркістан уəлаяты газеті» мен «Дала уəлаяты газетінде») қазақ тіліне аударылып, жариялануы ресми қағаздар тілі мен стилінің одан əрі дамып қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз. Газеттердің бетінде жарлық, тіркеу, шағым, фарманнама, хыйсаб, хыйсаб дəптері тəрізді терминдер мен лексикалық топтарды кездестіруге болады.

Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар болып табылатын «Түркістан уəлəяті газеті» мен «Дала уəлаятының газеті» əскери губернаторлардың бұйрықтарын жариялап тұрған. Алғашқы газеттер тілінен ХІХ ғасырдың II-жартысында қазақ тілінің қоғамның барлық жағын суреттей алатын тұрақты сөздік қорының болғаны байқалады. Бұл кезде əлеуметтік-саяси ұғымдарды атайтын сөз топтары қалыптасты. Олардың біразы терминдік сипатқа ие болды. Ол үшін байырғы сөздерге жұрнақ жалғап жаңа сөз жасау тəсілі қолданылған.

Мысалы: сол кезде патша əкімшілігінің приказ, распоряжение деген қағаз атауларын қазақша беру үшін бұрынғы бұйрық жəне жарлық сөздерін жаңа мағына үстеп, оларды əкімшілік терминіне көтерген. Зерттеуші Б.Əбілқасымовтың айтуына қарағанда, «ТУГ» бұл ұғымның екеуін де бұйрық сөзімен білдірген. Ал «Дала уəлаяты газетінің» алғашқы жылдағы нөмірлерінде орыс тіліндегі приказ, распоряжение деген сөздер қазақ тіліне бір ғана араб сөзімен фарманнама деп аударылса, кейін бұл сөздің орнына қазақтың өз сөздерін пайдаланып, приказды бұйрық, распоряжениені жарлық деп дифференциялап аударатын болған.

Сол сияқты орыстағы волость сөзі көп уақыт газетте ел деп аударылып беріліп келген, тек 1900 жылдардан былай қарай болыс сөзімен ауыстырылған, ал ел бұдан кең ұғымды қамтитын сөз ретінде (мысалы, қазақ елі) қолданылатын болған. Ал, «Түркістан уəлаятының газетінде» приказ, распоряжениенің екеуі де бұйрық сөзімен, волость сөзі болұс түрінде берілген.

Негізгі сөздік қорға жататын кейбір сөздердің газет материалдарында берген мағынасы қазіргі əдеби тіліміздегі мағынасымен бірдей емес. Мəселен, қауым деген сөз газетте қазіргі тіліміздегі қоғам дегеннің орнына (орыс тіліндегі общество деген сөздің баламасы ретінде) қолданылған. Қазнаны һəм жер шаруасын басқаратын министерстволар хабар алыбды, Түркістанның шаруа қауымы һəм императорски русски технишески бөлменің қауымы Ташкент шаһарында шаруа һəм өнер іс турасынан бистафка ашады деген («Дала уəлəяты газеті». — 1896. — № 49).

Мұндағы шаруа қауымы орысшадағы общество сельского хозяйства, технически бөлменің қауымы отделение технического общества дегеннің орнына қолданылып тұр. Соңғысында сөздердің орын ауыстырудан тіркестің мағынасы бұзылып тұр. Қауым сөзінің обществоның орнына қолданылуы.

Сондай-ақ қауым сөзі тағы бір жерде орыстың публичный деген сөзіне балама ретінде қолданылған: публичная библиотека — көп қауымға тиісті кітабхана («Дала уəлаятының газеті». — 1896. — № 3). Қазіргі əдеби тілімізде қауымның жоғарыдағы мағыналарын қоғам, көпшілік деген сөздер береді де, ол қауымның мағынасы ол кездегіден едəуір тарылып, белгілі бір стильде ғана бұқара, көпшілік деген мағыналарда қолданылып жүр [3].

Бұл дəуірдегі баспасөзден біз сот істерімен байланысты қалыптаса бастаған заң терминдерін көптеп кездестіруге болады. Ең бастысы, юриспруденциямен байланысты лексикада қазақтың бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздерінің термин ретінде көбірек пайдаланылуы назар аудартады. Оның себебі ол кезде біраз уақыт азаматтың соттармен қатар дəстүрлі билер сотының қатар өмір сүруінде болуы керек. Сондықтан билер сотында қалыптасқан терминдер азаматтық сот істерінде де кеңінен қолданылған, мысалы: қуғыншы, жоқшы, жауапкер, жазакер, қорғаушы, куəгер, жаза, билік.

20 ғасырдың басындағы іс қағаздары, негізінен, аударма материалдар болып келеді. Бұл кездегі іс қағаздары стилі XIX ғасырдың II-жартысына қарағанда дамып жетіле түсті. Дегенмен, Б.Əбілқасымовтың көрсетуінше, «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақша іс қағаздарының тілінде көне түркі əдеби тілдік дəстүрлі грамматикалық формалар мен сөз өрнектері көп уақыт бойы сақталып келді. Олар уақыт озған сайын, қазақ арасынан шыққан оқыған интеллигенттердің саны көбеюімен байланысты өзгеріске ұшырап, ондағы өзге тілдік элементтер халықтық формалармен алмастырыла бастады».

ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздары тілінің лексикалық ерекшеліктері — олардың мəтіндерінен араб-парсы сөздері, көне түркі тілінің жəне орыс тілінің элементтері, диалектизмдер, қазіргі тілде айтылмайтын терминдік атаулар, татар, түркі тілдерінің элементтерінің кездесуі болып табылады. Бұл кездегі əдеби тілде лексикалық жарыспалылық (варианттылық) орын алған (низам/заң/закон; мерзім/уақыт/мезгіл/срок; бап/статья; шығын/расход; айып/штраф; жоба/проект) т.б.

Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар — қазақ əдеби тілінің функционалдық стильдерінің жеке- жеке қалыптасып, сараланып, дами бастаған кезеңі. Бұл дəуірде əдеби тіліміздің лексикасы, төңкерістен бұрынғы күйімен салыстырғанда, жан-жақты толығып, жетіле түскені сөзсіз.

Дегенмен, бұл кезеңдегі ресми стильдің тіліне тəн құбылыс — бір мағынаны, ұғымды атау үшін бірнеше синонимдердің, вариант сөздердің қолданылуы болды: арыз//өтініш; хабарландыру// құлақтандыру; жоспар// план; баға// бəс т.б.

Қазан төңкерісінен кейін, 1920 жылғы 4 қазанда, ҚазАССР-інің құрылуына байланысты, Қазақстан дербестік алып, мəдениеті мен əдебиетінің дамуына жол ашылды. 1921 жылғы ақпанның 2- сіндегі «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде орыс, қазақ тілдерін қолдану туралы» № 19 декреті бойынша қазақ тілі орыс тілінің шылауына тіркелді (ҚырАССР Орталық Атқару комитеті, халық Комиссарлар Кеңесі Декретінің № 1 жинағы, 174–175-б.).

1923 жылы қараша айында «Тіл туралы» қабылданған тұңғыш Декретте қазақ тілі орыс тілімен қатар мемлекеттік дəрежеге ие болып, мемлекет тілі болып жарияланды. Декретте көрсетілгендей, мемлекеттік жəне қоғамдық мекемелерде, ұйымдарда іс қағаздарын орыс тілімен бірге қырғыз (қазақ) тілінде де жүргізу көзделді. Бұған байланысты ана тіліміздің қолданылу аясы біраз кеңейді. Қазақ тілінің бұрынғыдай тек сөйлесуде ғана емес, қоғамдық- əлеуметтік қызметі де жан-жақты дамып, арта түсуіне жағдай туды, ол күнделікті саяси, мəдени, ғылыми, үгіт-насихат жұмыстарында, оқу- ағарту ісінде кең қолданыла бастады.

Архивте сақталған құжаттарға сүйенсек, қазақ тілін жақсарту жөнінде 16, орыс тілі жөнінде 15, іс қағазын қазақ тіліне көшіру жөнінде 18, орыс жəне қазақ тілдерінде қатар жүргізу туралы 3 қаулы қабылданыпты. Алайда қазақ тілінде орыс тілімен қатар іс қағаздарын жүргізу жұмысы бірнеше рет қолға алынса да, бұл салада жұмыстар істелсе де, тиімді нəтиже шықпағаны мəлім. Бұған ашаршылық, тəркілеу, қуғын-сүргін кезеңі, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, демографиялық ахуалдың ауытқуы сияқты ауыртпалықтардың салқыны тигені аян.

Зерттеушілер қазақ тілінде термин жасаудың алғашқы кезеңін ХІХ ғасырдың II-жартысынан бастайды. Ш.Құрманбайұлының айтуынша, жалпы термин шығармашылығының, оның ішінде қазақ лексикасы терминденуінің «алғашқы кезеңін» осы сөз болып отырған уақыт аралығындағы термин жасау процесіне тəн ерекшеліктерден білуге болады [4].

Осы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы термин мəселесін сөз еткен ғалымдардың «терминология», «ғылыми терминологияның элементтері», «ғылыми стиль» демей, «жартылай ғылыми стиль», немесе «ғылыми термин», деп атамай «терминдік мəнде жасалған» деулерінде үлкен мəн жатыр. Өйткені термин нағыз толық мəніндегі ғылыми термин ретінде қолданылуы үшін оның өмір сүру ортасы, ғылыми терминология, қалыптасқан ғылыми стиль болуы шарт. Қарастырылып отырған кезеңде бұлардың енді-енді ғана орнығып келе жатқанын ескерсек, ғалымдардың шындықтан ауытқымай əр ұғымды өз атымен атауда мақсат еткені байқалады.

Зерттеушілердің айтуынша, жалпыхалықтық тілдегі жекелеген сөздер терминдік мəнде жұмсалып, орыс тіліндегі термин сөздердің баламасы ретінде қолданыла бастағанымен, бұл тұста терминдену термин шығармашылығының дербес тəсілі ретінде таныла қойған жоқ.

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қоғамда болған жаңа құбылыс, жаңа құрылыс, жаңа қарым-қатынас жаңа ұғымдарды туғызды. Бұл жаңа ұғымдарды белгілеу үшін жаңа атаулар қажет болды. Ресми іс қағаздары лексикасының құрамы жаңа ұғым, қолданыстарды белгілеу үшін жаңа атаулармен, жаңа терминдік тіркестермен толыға бастады. Олар ана тіліміздің байырғы сөздері негізінде жасалды (бұйрық, заң, қаулы, қарар, нұсқау, іс жүргізу, жиналыс, келісім, құлақтандыру, хабарландыру, шешім, шығыс, есеп, кіріс, мекеме, арыз, жергіліктендіру т.б.) жəне орыс тілінен тікелей терминдер мен лексикалық топтар (протокол, акт, архив, адрес, журнал, вексель, секретарь, комиссия, бригада, ведомость т.б.) қабылданды.

Іс қағаздары терминдері де лексикалық қордың басқа стильдік топтарының құрамындағы атаулар сияқты жаңа сөздермен толығып не болмаса терминдік мəнінен ажырап, қолданыстан шығып қалып отырады. Яғни бұл саладағы терминдер құрамында да сөздердің көнеруі (архаизм сөздерге айналуы) жəне жаңа қолданыстардың (неологизмдердің) пайда болуы — заңды құбылыс. Мұндай өзгерістерге əр түрлі тарихи əлеуметтік оқиғалар, бұл оқиғаға берілген əр қилы баға мен қоғамдық пікірлер түрткі болады. Бір кезде адамдар арасындағы қатынасты жүйелі түрде жүргізуші, əділет нормасын сақтап қорғаушы, қылмыстыға жазалау үкімін шығаратындар билер болғаны белгілі. Ол кезде би сөзі құқық қорғау ұйымының қызметкері дегенді білдірсе, кейін осы мағынаны «сот» атауы атқара бастағанда, би сөзі архаизмденіп, оның қызметін атқарып отырған сөз (сот) термин құрамына енді. Сөйтіп, заң терминдері құрамында неологизм пайда болды.

Қазіргі ресми іс қағаздар тілінде жиі кездесетін ұйымдасу етістігі 1920–30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде ұйысу, ұйымдастыру түрінде қолданылған екен. Мысалы, партия ұйымдастырушы, ұйымдастырушылар, бірте-бірте ұйымдастырып, милитсия ұйыстырылды т.б. Бұл кезеңдегі орыс тіліндегі организация термині ұя деп алынған. Организовать етістігінің ұйыстыру түрінде аударылуы да осыған байланысты. Организация атауының баламасы ретінде алынған ұя сөзі əдеби тілімізге сіңіп кете алмады. Оның орнына бірте-бірте ұйым термині орныға бастады. Осыған байланысты ұйысу етістігі де, организация атауының ұйым түрінде аталуымен байланысты ұйымдастыру болып қалыптасып кетті. Яғни 1920–30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде организовать етістігінің алдымен ұйыстыру делінуі, кейіннен ұйымдастыру түрінде алыну себебі, организация сөзінің əуелі ұя формасында, одан кейін өзгеріп, ұйым болып қолданылуына байланысты.

Қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылатын тапсырма сөзі ол кезде тапсырыс түрінде де қолданылып отырған. Мысалы, тапсырыс берген, тапсырысты орындау, бұдан кейінгі тапсырыс т.б. Бұл кезеңдегі -ыс, -іс, қосымшасының қолданылуы функционалдық стильдердің қай-қайсысында да кең етек алған [5].

Қазақ əдеби тіліндегі іс қағаздар стиліне грамматикалық ерекшеліктер де тəн болып келеді. Іс қағаздар стилінің грамматикалық ерекшеліктері туралы айтқан кезде, оның морфологиялық сипаты туралы мардымды тілдік фактілердің өте аз екенін ескерткіміз келеді. Морфологиялық көрсеткіштер тілдің басқа салаларының элементтері сияқты стилистикалық бояуға ие бола алмайды, стилистикалық қызмет атқаруда сирек кездеседі. Морфологиялық категориялар əдеби тілдің функционалдық стильдерінде бейтарап сипатта келеді. Функционалдық стильдердің барлығы морфологиялық формаларды қанша қолданса да, оларға айдар тағып, сол стильдің морфологиялық ерекшелігі деп айту өте қиын. Дегенмен, іс қағаздар стиліне тəн бірлі-жарым морфологиялық ерекшеліктердің бар екендігін іс қағаздар құжаттардың тілін зерттеу барысында көз жеткізуге болады.

Қоғам дамуы арқылы тіл де дамиды. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық салаларына бірдей тəн емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріс, өріске онша көне бермейді. Ал оның қайсыбір қатпарлары жаңалыққа иін беріп, жаңа мағыналық ұғым-түсініктер əкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткішінің бірі оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады.

Іс қағаздарының негізгі қызметтерінің бірі — қоғамдық сана, оның ішінде құқықтық сана қалыптастыру. Кез келген іс қағазының заңдық күші бар, кез келген іс қағазындағы мəлімет заңдық күші бар құжаттар негізінде беріледі. Заңға байланысты сөздер іс қағаздарының барлық түрлерінде дерлік кездеседі. Дегенмен, іс қағаздарының сипаты мен мазмұнына қарай олардың қолданылу жиілігінің деңгейі де əр түрлі болады.

Сонымен, ресми стильдегі іс қағаздарының негізгі қызметі — басқару, ақпарат беру, қарым- қатынас құралы болу. Сондықтан іс қағаздарында бұл қызметтерді жүзеге асыратын лексиканың негізгі бөлігі қоғамдық-саяси лексика болып табылады. Іс қағаздары жанрларының түрлілігіне қарай ондағы қоғамдық-саяси лексиканың қолданылу жиілігі бірдей деңгейде болмайды. Іс қағаздар тілінде жиі қолданылатындары: əлеуметтік топ атаулары, өндіріс пен ауыл шаруашылығына байланысты атаулар, əскери атақтар мен түрлі қызмет атаулары, мемлекеттік басқару органдары, министрліктер, ведомостволар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары т.б. атаулар. Себебі кез келген іс қағазының құжат ретінде танылуының өзі оның заңдық негізінде жатыр дейді мамандар.

Тілдің терминологиялық лексикасы екі жолмен жасалатыны мəлім. Оның бірі — ұлттық тілден жасалған терминдер де, екіншісі — өзге халықтың тілінен қабылданған терминдер қатары. Іс қағаздары терминдерін қалыптастырудың үш жолы бар деп есептейді зерттеушілер: біріншісі — халықаралық терминдер, екіншісі — аударма арқылы енген терминдер, үшіншісі — терминдік сипаттағы сөздер ресми стильде, сонымен қатар публицистикалық стильде қолданылып, екінші жағынан, мағыналық стильдік реңкті иеленетін, бірінің орнына бірі қолданылатын терминдік сөздер.

Іс қағаздары терминдерінің ішінде қазақша бір сөз бірнеше ұғымдарға атау болып жүргенін, немесе, керісінше, шетелдік бір термин бірнеше вариантпен қолданылатынын да кездестіруге болады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген іс қағаздары терминдері мен терминдік тіркестері — қазақ тілінде бұрыннан қолданылып жүрген сөздерге қосымша қосу, біріктіру, тіркестіру арқылы жасалған сөздер. Сонымен қатар ресми тілде бір компонентті жəне көп компонентті, яғни бірлескен сөздер тіркесінен тұратын, терминдер жиі кездеседі.

Іс қағаздары терминдерінің жасалу жолдарын мен берілу тəсілдерін қарастыра отырып, олардың, негізінен, қазақтың төл сөздерінен жасалғанын анықтадық. Өйткені қазақ тілінің сөздік қорының термин жасаудағы, əсіресе тіліміздегі байырғы сөздердің термин жасаудағы мүмкіндіктерінің шексіз екендігі даусыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 319-б.
  2. Əбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. — Алматы: Ғылым, 1982. — 224-б.
  3. Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. — Алматы: Ғылым, 1971. — 228-б.
  4. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты. — Астана: Елорда, 2002. — 122-б.
  5. Исаев С. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1996. — 53-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.