Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ балалар əдебиетіндегі жетім балалар тағдыры тақырыбы

Қай дəуірді алсақ та, жырауларды сөйлеткен, ақын-жазушылардың қолдарына қалам ұстатқан тақырыптың бірі — қорғансыз жетімдер өмірі. Бұл тақырып əлем əдебиетінде үлкен орынға ие. Дат жазушысы, ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің бір ғана «Шырпы сатқан қыз» деп аталатын ертегі- əңгімесін мысалға алсақ жеткілікті. Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері», «Дэвид Копперфилд», француз жазушысы Виктор Гюгоның «Аластатылғандар» тəрізді көлемді шығармалары жəне американ жазушысы Джек Лондонның «Жолдан тайған», орыс қаламгерлері А.Чеховтың «Ванька», «Ұйқы келеді», А.М.Горькийдің «Жетімек», А.С.Серафимовичтің «Торғай түн» əңгімелері деп жəне жалғастыра беруге болады. Ал, қазақ əдебиетінде балалар өміріне арналып жазылған шығармалар, олардың ішінде панасыз балалар жайындағы туындылар дегенде М.Əуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», С.Дөнентаевтың «Көркемтай», Қ.Кемеңгерұлының «Жетім қыз», «Момынтай» əңгімелері бірден еске түседі.

М.Əуезов 1921 жылы 24 жасында «баяндалу əдісі жағынан еуропалық əдебиет үлгісінде жазылған» (Р.Нұрғали) «Қорғансыздың күні» əңгімесін туғызды. «Мұхтар азамат ретінде де, қаламгер ретінде де тез ер жеткен. Алғашқы əңгімесі «Қорғансыздың күнінен» үлкен талант, терең мəдениет үлгісін көреміз. Мұның бірнеше себебі бар еді: 1. Ол — ғасырлар бойы жиналған қазақ халқының əдеби-мəдени қазыналарын жете игерді. 2. Халқына сөзімен, жазуымен қызмет етуді өмірлік мақсат етті. 3. Əлеуметтік аренаға революция заманында шықты. 4. Əлем əдебиеті, орыс əдебиеті классикасынан сабақ алды» [1]. Бұндай қорытындыны жалғыз Мұхтарға ғана емес, қазақ қаламгерлерінің көпшілігіне қатысты айтуға негіз бар. Қазақ əдебиетінің қай кезеңі жазушысы болмасын əлем əдебиетінен тағылым алды.

Жетім балалар тағдыры, қорғансыздар өмірі əлем жазушыларын ұдайы толғандырған тақырып болғандығын əлемдік көркем əдебиет тарихы жақсы танытады. Бұл əсіресе ХІХ ғасырда ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс шығармаларынан бастау алып, кейіннен əдебиетте жиі жазылатын тақырыпқа айналды. Əдетте, қаламгер бала жайында жазса, өз балалық шағын жазады, бала кезде көргені мен білгенін, түйсінгені мен сезінгенін оқырман талқысына салады. Мəселен, отбасының кедейшілікке ұшырау салдарынан балалық шағында жүдеу тіршілік кешкен Чарльз Диккенс өз өмірін

«Оливер Твистің басынан кешкендері» (1838), «Дэвид Копперфилд» (1849) шығармаларында ХІХ ғасырдағы Англия қоғамы мен тірлігі аясында көрсетсе, тағы бір кемеңгер туындыгер, Диккенстің замандасы, француз жазушысы Виктор Гюго болса жүріп өткен жолын «Аластатылғандар» (1862) романында бірнеше жандар тағдыры тоғысында көркем суреттейді. Франциядағы 1848 жылғы буржуазиялық революциядан кейін Гюго республика қорғаушыларының қатарында болғандықтан қуғындалып, 19 жыл каторгада болады. Осы 19 жыл романның бас кейіпкері Жан Вальжанның ширек ғасырға жуық өмірін құрайды. Атақты жазушының «Париж ана құдайы соборы» (1831) романы 1830 жылғы Июль революциясы оқиғаларына қатысты жауап ретінде жазылса, 1848 жылғы буржуазиялық революция «Аластатылғандарды» жазуға түрткі болған.

Жазушы бала туралы жазса, өз балалық шағы естеліктерін ғана басшылыққа алады деген тағы да дұрыстыққа жатпайды. Байқағыштық, бақылағыштық қасиет қаламгерге мол жеміс берері сөзсіз. Виктор Гюго романында жетім балалар Козетта мен Гавроштың азапты өмірі қаншалықты асқан шынайылылықпен бейнеленсе, соншалықты шыншылдықпен А.П.Чеховтың «Ванькасындағы» Ванька Жуков, «Ұйқы келедісіндегі» Варька, А.С.Серафимовичтің «Торғай түніндегі» Васяның жадау тіршілігі суреттеледі.

Əлем жəне орыс əдебиетінің осынау ықпал-əсері қазақ жазушыларының ХХ ғасырдың 20- жылдары жазылған шығармаларының өн бойынан байқалып тұрғандығын нақты мысалдар негізінде сөз етпес бұрын, осынау туындылардың жазылу кезеңдері жөніне де тоқталған жөн. Бұл сөз Р.Нұрғалидың «Мұхтар əлеуметтік аренаға революция заманында шықты» дегенінен таратылмақшы. Өйткені жоғарыда аттары аталған қазақ қаламгерлері революцияны бастан кешірді, туындыларының көпшілігі сол кезеңнен кейін туды.

Əлемдік əдебиет тарихы беттерін парақтай отырып, жетімдер, қорғансыз балалар тақырыбындағы шығармалардың революциялық оқиғалар қарсаңында немесе революциядан соң туғандығын аңдадық. Бұл тақырыпты өмірдің өзі туғызды. Қорғансыздар мен панасыздардың көбеюі туғызды. Орыс жəне қазақ əдебиеті мысалында түсіндірер болсақ, А.П.Чеховтың «Ванька» (1886),

«Ұйқы келеді» (1888), А.М.Горькийдің «Жетімек» (1899) атты əңгімелері революциядан бұрын жазылса, М.Əуезовтің «Қорғансыздың күні» (1921), «Жетім» (1925), С.Дөнентаевтың «Көркемтай» (1924), Қ.Кемеңгерұлының «Жетім қыз» (1924), «Момынтай» (1925) əңгімелері революциядан кейін дүниеге келді.

Төңкерістен бұрын жазылған туындыларда қорғансыз жандардың көрген қорлығы көрсетілсе, төңкерістен кейін жарыққа шыққандарында жаңа биліктің, екінші бір үстемдіктің нəтижесінде бейбақ жетімдердің бостандық алуы, теңдікке жетуі суреттеледі де коммунистер билігі жағдайындағы өзгеше қоғам — социалистік қоғамға сенім артылады.

М.Əуезовтің «Жетім» əңгімесі (1925) алғашқы рет «Таң» журналының 1925 жылғы бірінші санында «Қайғылы жетім» деген атпен басылады. Кейінгі жинақтарда «Жетім» деген атпен жарияланады. «Жетім» əңгімесіндегі басты кейіпкер — жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген, бала психологиясы көрініс тапқан. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан. Əуезовтің суреткерлік болмыс-бітімі əңгімеде ерекше көрінеді. Ондағы көркемдік идеялық ізденістер, бейнелеу тəсілдері, басты тұлғаның жан жүйесін ашудағы деталь, портрет, пейзаж, ішкі монолог, ой ағыстары, тілдік- стильдік құбылыстар, композициялық үйлесім өз орындарында қолданылуымен ерекшеленеді.

Əңгіме үш салт аттының түн қараңғылығында қалың таудың ішіне бет алуын баяндаудан басталады. «Қара барқыт тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай жарығымен күңгірт даланы əлденеге үміттендіріп тұрған сияқты» [2; 212]. Əлдене — жетім бала Қасымның өмір мен өлім арасындағы халі. «Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы əнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткеңдей болды» [2; 212]. Жүргіншілердің түнгі сапары мен жетім бала халін байланыстырып тұрған құбылыс бірнешеу. Олар: түнгі аспанның түксиген қатал қабағы, көз жасын төгуге дайын табиғат ажары жəне жауын қарсаңындағы нажағайлы аспан көрінісі. Тағы бір құбылыс — əнші жігіттің зарлы əні. «Əн кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты»[2; 213]. Батқан күн мен бейуақ жетім баланың басына түскен халді сездіріп тұрғандай.

Əңгімеде сюжеттік екі линия бар. Бірі — түнгі жолаушылардың өз сапарында ағашқа жабысып, қатып тұрған баланы көруі. Түнгі сапар мен баланы көру аралығында екінші сюжеттік линия өрілген. Қасымның əке-шешесі, əжесі өлгеннен кейінгі бүкіл өмірі көз алдымыздан тізбектеліп өтеді. Жүргіншілер көзімен бағамдасақ, қас-қағым сəт. Адам өмірі — ұзынды-қысқалы жол. Дүниеге келісімен өз ықтиярынсыз өлмекке бет алады. Демек, жалғыз-аяқ жолмен əке-шешесінің бейітіне бет алған бала да ықтиярсыз. «Жүрегін қорқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жетімді түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді» [2; 213].

Қасымның Иса деген ағайыны мен оның əйелі Қадишадан көрмеген қорлығы жоқ. Иса Қасымның əке-шешесінен қалған отыз шақты қой мен он шақты қараны өз малындай бауырына басты. Жетім бала өмірінен гөрі оның көрген түсі ажарлы. «Қасым ұйықтаса, бақытқа жеткендей болып, өзін алдына алып сүйіп уатып, көзін сүртіп жүрген əке-шешелерін көруші еді». Ганс Христиан Андерсеннің «Шырпы сатқан қыз» əңгімесінде де бейшара жетім қыз шырпы жаққан сайын əжесімен кездесіп, таңғажайып хал кешпеуші ме еді...

«Көркемтай» əңгімесіндегі Көркемтайдың көңіліне аз ғана уақыт жұбаныш Нағима болған болса, Қасымның жылағанда жұбататын ондай жанашыры да болмайды. Көрші-қолаң мүсіркеуден ары аспайды. «Маңайындағы көрші қатындар, сенімсіз топас шалдар: — Бала, малыңа ие болуға жарамайсың!.. Əй, сені Иса жейді ғой. Сенің малыңды құртады ғой. Ие бол! — деген сөздерді айтқыштап қоятын» [2; 215]. Көркемтай жылап молаға қашып, шешесінің бейітін құшақтап мұңын шағатын болса, Қасымда ондай мүмкіндік жоқ. Моланың шалғайда, қыстау маңында қалуынан бара алмаушы еді.

«Қасымға бұдан соңғы бір қайғы болып малды қарастыру, қозы бағу шықты. Аздан соң өзге балалар «тілазар, кəпір, бармайды» деген атпен құтылып қалатын болып, Иса мен Қадишаның бейілді қабағына ырза болатын күйге келген Қасым тезек теретін болды. Малдан кешке келіп сүрініп-жығылғанда болмаса Қасымға бостандық, еркіншілік жоқ еді. Кейде Иса өз балаларын: «Олардың малы жоқ, малдың иесі — Қасым» деп қойып, олардың еріншектігіне өзі құрық беріп, Қасымның бишаралығын ашық арамдықпен қақпай ғылып та қояды» [3; 216].

Көркемтай құр жылай беруші еді. Қасым ашық қарсылық көрсетеді. Оны бұған ширықтырған жоғарыда көрген қорлығы. «Мен жетім емеспін бе? Менің малыма тигенің обал емес пе?» — деп жұрттан естіген сөзді айтуы — алғашқы қарсылық, ашу-ызаның сыртқа шығуы. Келесісі — əке- шешесінің басына мал сойып апарып, құран оқытпақшы болуы. Иса мен Қадиша малды сойғызбай қояды. Соңғысы — өзін төніп келген Исаны тізеден қара таспен ұруы. Жетім баланың қолынан келгені — осы.

Əңгіме соңында ағашқа сүйеніп қатып тұрған балаға үш жолаушы кез болады. ««Қайғылы жетімнің» соңы: «Бұл Қасым еді. Бірақ қазіргі халді Қасым жетімдіктен, қайғы-зардан, ойын кернеген ызадан құтылған. Ол өлген екен» деп бітеді. Ал «Қараш-Қараш» жинағындағы «Жетімде» бұл үзінді:

«Ол — өлік. Бірақ денесі əлі түгел мұздап та болған жоқ екен...» деп аяқталады. Бірінші үзінді Қасымның өлімі оны өмір қыспағынан құтқаратын бірден-бір жол дегенді білдіретіндей. Үзіндінің соңғы редакциясында бұл жай біраз басқа тұрғыдан мегзелген. Қасым əлі құрып жығылып, жартылай өлік қалпында талып жатқанымен, оның денесі əлі түгел мұздап та болмаған. Сол мезетте үш салт атты жолаушы да жетіп Қасымды орталарына алады. Осы түйінде əңгіменің оптимистік əуені сезілгендей.

М.Əуезовтің «Жетім» əңгімесінің С.Дөнентаевтың «Көркемтай» əңгімесімен сабақтасуы бір шетін жайдың ұшығын танытқандай. Қос əңгіме мазмұн мен форма жағынан ұқсас. Əңгімелердегі трагедиялық шешім де бірдей деуге болады. Бұған Əуезовтің Дөнентаевқа ұстаздық етуі себеп болуы мүмкін. 1924–1930-жылдар арасында С.Дөнентаевтың шығармашылық қызметі аса өнімді болады. Семей қаласындағы мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. «Əрбір адамның өмірінде оңтайлы сəттер болады десек, Сəбиттің 1919 жылы Мұхтар Əуезовтен орыс тілін оқуы, 1921–1922 жылдары Қаныш Сəтбаевпен бірге халық соты болып қызмет істеуі — қызықты өмірбаян беттері» [3; 32]. Демек, Мұхтардың Сəбит əңгімесіне ақыл-кеңес қосуы да ғажап емес.

«Оның «Көркемтай» аталатын жалғыз көркем əңгімесінің де жетім бала өмірінен жазылуы ақынның өзін-өзі балалар əдебиетіне тəрбиелемек əрекетін аңғартқандай» [3; 34]. Өйткені балалар əдебиеті тұрмақ бұл тұста қазақ əдебиетінің өзі қанатын кеңге жая қоймаған еді.

«Прозалық шығармаларының ішінде идеялы-көркемдік жағынан елеулісі — «Көркемтай» əңгімесі. Бұл Сəбиттің 1916 жылы жазатын «Өгей ұл» атты сюжетті өлеңімен тақырыптас, үндес сияқты. Осы кезде жазылған (1924.) Мұхтар Əуезовтың «Жетім» атты əңгімесімен де ұқсастығы жоқ емес. Бəрінде де жетім балалар дүниеқоңыз жауыз ағайындарының қорлығын көріп, аянышты тұрмысты басынан кешіп, ақыры өледі» [4; 20], — дейді Е.Исмаилов Сəбит Дөнентаевтың 1957 жылы жарық көрген кітабының алғысөзінде. Е.Исмаилов бұл жерде Əуезов əңгімесінің жазылу мерзімін, біздің білуімізше, жаңсақ көрсеткен.

«Көркемтай» əңгімесі Орынбор қаласында шығып тұрған «Жас қазақ» журналының № 4–6 сандарында 1924 жылы басылған. Əңгіме аяғына «Жетім» деп қол қойылған. Автор əңгіме басынан- ақ Көркемтайдың ана махаббатына бөленіп өсіп келе жатқан жас жеткіншек екендігін білдіреді. Жазушы Көркемтай өмірінде болатын кейінгі келеңсіз жайттарды тағдырдың қатал соққысы ретінде сипаттайды. Көркемтай — қайырымсыздық құрбаны. Əмеңгерлікпен Көркемтайдың шешесін əйелдікке алған Ысқақ — мейірімсіздік дəнін егуші басты жан. Баласы үшін əлденеше рет таяқ жеп, басы жарылған шеше шарасыздығы Көркемтай басында ауыртпалықтың болмай қоймайтындығын аңғартады. Ысқақтың тепкісінен көз ашпаған шеше өлімі бұл ауыртпалықтың келуін тездетеді.

Күзгі ауылдың көңілсіз күйі шешесінен айрылғалы жылға жақындаған Көркемтай көңіл-күйімен ұштастырыла суреттеледі. Ысқақтың шешесі жататын кереуеттің аяқ жағында ескі көрпеге оранып, басын бүркеп, домаланған Көркемтай жатысы оның шешесі өлгеннен кейінгі сүреңсіз, сұрқай өмірін көрсетеді. Бір үйлі жанның ішіндегі қайырымдысы — Ысқақтың келіні Нағима. Бірақ Ысқақтардан қаймығатын жас келін Нағиманың жан жылуы Көркемтай үшін білте шамның жарығындай-ақ. Көркемтай үйінің қораларын Ысқақтың бұзуы, тайынан үйреткен көк бестісін алып қоюы — жетім бала қайғысын қалыңдата түседі. Білте шамның соңғы жарығы Нағиманың Ысқақ үйінен кетуімен бірге өшеді. «Нағима кеткеннің артынан Көркемтайдың қайғысы бұрынғысының үстіне екі есе болып жамалды, бұрынғыдан да жаман хияли болды. Күн-түн демей беті ауған жаққа кетіп қалған күндері болды. Қыстың қақап тұрған аязды кештерінде талай рет ауыл адамдары далада қаңғып жүргеннен алып келіп үйіне қондырып жіберіп жүрді. Кейде жұмсақ көңілді біреулері Ысқақтың үйіне ұрысып тапсырып кетуші еді» [4; 52]. Қайғы, бірінші жағынан, қысқы суық, екінші жағынан, Көркемтайды дертті етті. Көктемгі мамыр айының көркем күні тек Көркемтайға ғана қуаныш сыйламады. Дерт қысқан Көркемтай көк моланың бір бұрышында бүктүсіп жата берді. «Анадайдан өткір көзімен қарап құйрығын қыймылдатып, аштық жылы аштан өліп қалған адамдардың етін жеп дəндеген байғұтандар отыр»[4; 54]. Автор бұл жерде ашаршылық жылдардың қасіретті шындығын ашып отыр. Батқан күнмен бірге Көркемтайдың да демі үзіле берді.

Қ.Кемеңгерұлының «Жетім қыз» əңгімесіне шешесінен жастай айырылған жетім қыздың аянышты өмірі арқау болған. Əңгіме бес жолаушының С. қаласынан Шыңғыстың асуына баратын қара жолымен келе жатқанынан басталады. Ат шалдыруға тоқтасқан жолаушыларға бір қыз бала кездеседі.

«Шайдың буы бұрқырап, дастарқан жайылып жатыр. Дастарқаннан тайып шыққан көзі ауыл жақ бетте жиырма қадам бойында сүзек аурудан жаңа тұрғандай өңі қазылған, шілдеде тұрған қаймақтай жұқа, қабағын төңкерген, шыңыраудай терең мұңды көзімен дастарқанға үйме төбе болып жатқан бауырсақ, қант, етті сүзген 7–8 жастар шамасындағы қызға түсті. Қыздың үстінде сауыншының киіміндей сауысталған, боршалаған, еттей жырымдалған түйе көйлек, басында жабағыдай ұйысқан айдар, аяғы шаң-топырақтан былғарыланып, суықтан жарылған ағаштай тілімденіп кеткен. Екі аяғы сынып қалғандай салбырап, қол терісі қапшықтанып, жапырағы ағаштай сыйдиып құр сүйегі, тарау- тарау тамыры көрінеді» [5, 260].

Бұл суреттеменің В.Гюгоның «Аластатылғандар» романындағы жетім қыз Козеттаны сипаттайтын үзіндімен үндестігі бар. «Козетта была худенькая, бледная девочка, на вид лет шести, хотя ей шел восьмой год. Ее большие глаза, окруженные синевой, казались почти тусклыми от постоянных слез. Уголки рта были опущены с тем выражением привычного страданья, которое бывает у приговоренных к смерти и у безнадежно больных. Руки ее, как предугадала мать,«потрескались от мороза». При свете, падавшем на Козетту и подчеркивавшем ее ужасающую худобу, отчетливо были видны ее торчащие кости. Ее постоянно знобило, и от этого у нее образовалась привычка плотно сдвигать колени. Ее одежда представляла собой лохмотья, которые летом возбуждали сострадание, а зимой внушали ужас. Ее прикрывала дырявая холстина; ни лоскутка шерсти! Там и сям просвечивало голое тело, на котором можно было разглядеть синие или черные пятна — следы прикосновения хозяйской длани. Тонкие ножки покраснели от холода» [6], деп суреттеледі Козетта.

Сырт көзге осыншама аянышты көрінген екі жас кейіпкер қыздың өмірі де адам шошырлық. Шешеден жастай айырылған, ана махаббатын көре алмаған бейкүнə сəбилердің өмірі де сол жетімдіктің салдарынан сүреңсіз күйде өтуде. Таңның атысы, күннің батысы тізе бүкпей тыпырлап еңбек ететін олар өмірлерінде қарындары тойып тамақ ішіп көрген емес.

«Жетім» əңгімесінде бейнет — қыздыкі де, рақат — өгей шеше мен оның балаларынікі. Өз үйінен ұрты толып тамақ ішпейтін бейшараға көршілерден сұрап алатын құрт, бауырсағы да бұйырмайтын. Себебі өгей шеше тілеп алған тамағын да, өз балаларына тартып алып береді. Асып- төгілген мол дастарқанға сүзіле қарауы — осының салдары. Мұны сезген Дарабек қызды шақырып бір уыс бауырсақ, бір шағым қант береді де, баланы сөзге тартады. Ол өз шешесінен ерте айрылғанын, өгей шешесі тамаққа жарытпайтынын жыламсырап отырып айтып береді. Əңгімесін

«біз» деп көпше түрде айтқаны болмаса, өзімен бірге туған бауыры да жоқ екен. Қыздың қант пен өзі жуынған сабынның не екенін білмей таңырқап қарағаны Дарабекке қатты батады. Қыздың қол- аяғының сонша тілімденуі — сабын көрмегенінің айғағы. Қошке əңгімесінде қызға жанашырлық танытқан жан Дарабек болса, Гюго шығармасында Жан Вальжан жанашырлығы жетім қызға оның арманына айналған қуыршағын алып берумен ғана шектелмейді, оны қатігез қожайындар шеңгелінен құтқаруына ұласады.

Қ.Кемеңгерұлының осы əңгімесі мен М.Əуезовтің «Қорғансыздың күнінің» ұқсастығы жоқ емес. М.Əуезов өз əңгімесін 1921 жылы жазса, Қ.Кемеңгерұлы 1924 жылы жазған. Екі əңгімеге де қорғансыздар өмірі арқау болған. Біріншісінде, Қазан төңкерісіне дейінгі кезең оқиғасы суреттелсе, екіншісінің оқиғасы төңкерістен кейін ілгері баса алмай отырған қазақ өмірінен алынған. Мұндағы бір ұқсастық — екі əңгіменің де пейзаждан басталуы. Табиғатты суреттеуде М.Əуезов алдына жан салмаса, Қ.Кемеңгерұлы пейзажды өз шеберлігімен жеткізе білген. Екінші бір ұқсастық — əңгімелерге арқау болған жолаушылардың С. қаласынан шығатын қара жолмен келе жатуы. Басталуында əлгіндей ұқсастықтар болғанымен, Қошке əңгімесін өз бетінше басқа жағдайда өрбітеді. Оқиға желісінің екі түрлі болуы — уақыттың бір-біріне сай келмеуі. Екеуі екі түрлі шешім тапқан. Бірінші əңгіме қорғансыз бейкүнə Ғазизаның Ақан болыстың адам төзбес қорлығына шыдай алмай, өз басын еріксіз өлімге тігуімен аяқталады. Екінші, Қошке Кемеңгерұлы əңгімесі саналы азаматтардың жетім қыздың болашақ өміріне араласа бастауымен аяқталған. Əңгімедегі Дарабектің ойы — қайткен күнде дəрменсіз жанға пана болу.

Жоғарыда Қошкенің де пейзажға тəп-тəуір көңіл бөлгенін айтып өттік. «Алысқа салған көз кесенің бетіндей тап-тақыр тасқа түседі. Аяқ астында шала үйітілген құйқадай тырбық бетеге, қадау- қадау жерлерде ыстықтан үйездеген үйірлі жылқыдай топты ши. Бір түптегі шидің кейбіреуі сексенге келген кемпірдей бүгілген, сафарға салған сүйектей бозарған, кейбіреуі бурылданған, кейбір жаңа өспірімдері бойы биік, күн жақтағылардың көлеңкесіне бастарын тығып, тіршілікке бет алған» [5; 259].

Бұдан туатын ой — пейзажға ерекше өте-мөте көңіл бөлу — жиырмасыншы жылдар прозасына тəн ерекшелік. Пейзажды əр жазушы өз шеберлігіне қарай пайдаланады.

Табиғатты өтіп жатқан оқиғамен параллель суреттеу жақсы көрініс таппақ. Мысалы, өз əңгімесінде Қошке табиғат көрінісін не үшін суреттеген? Жазушының табиғат суреттеудегі мақсаты не? Жазушы табиғатты еріккеннен не сөз таппағаннан суреттеп отырған жоқ. Табиғат неге соншалықты ұсқынсыз? Топ-топ болып өскен шидің өзі шала үйтілген құйқадай, енді біреулері сексенге келген кемпірдей. Қаламгер бұл жерде сол шилердің ұсқынсыздығы мен жетім қыздың аянышты өмірін психологиялық параллелизммен көрсетіп отыр. Егер табиғатты мол байлығымен шалқыта суреттесе, ол жетім қыз өміріне қарама-қарсы басы артық суреттеу болып шығар еді. Қошке пейзажы — белгілі мақсатпен алынған, өз орнын тапқан жақсы көрініс. Дұрыс қолданылған пейзаж— көркемдіктің бір белгісі.

Сондай-ақ Қошкеге тəн тағы бір ерекшелік — жансызға жан бітіріп, бейнелі сөйлеуі. Оның «түбіттей жұқа бұлтты шымылдықтай серпе тастауы», «күн сəулесінің құлындай ойнақтауы», «жер жүзінің маңдайын иіскеуі мен сексенге келген кемпірдей бүгілген жəне сафарға салған сүйектей бозарған шилері» — осының дəлелі. Жазушылардың өзінше өрнек салуы əрқайсысының жеке талантынан туындайды.

Қошке Кемеңгерұлының осы тақырыпта жазылған келесі əңгімесі — «Момынтай». Момынтай қозы бағуға жарағанша туысқан атасы Байтоқтың баласы Құдайбергенді ойнатып, құрт, бауырсағын тауып жеп күнелтеді. Уақыт өте қозы бағуға жарайды. «Жадырап күн жылынған соң қазақтың асыға күтетін айт мейрамы да келді. Үлкен айт күні қой бағуға бала қойшылардың əкелері шықты. Бəйшешектей түрленген, қызылды-жасылды əдемі киініп, жүйрік, жорға көрнекті аттарын мініп айттасып, қыз-келіншекпен əзіл қағысып, айттық алысып, құмарларынан шығып жүр»[5; 238].

Міне, осындай думаннан сырт қалғанына Момынтай көңдіге алар емес. Осыған дейін əкесінің жоқтығын дəл осылай сезінбеген де болар. Егер əкесі болса, бүгін Момынтай да ауылда айттап жүрер еді. Ойын баласы шыдамы таусылып, тамақ ішуге ауылға ерте келіп қалады. Момынтайдың қойы белдің астына түсіп кетіп, қалтарыста аңдыған қасқырға тап болады.

Қара бұлттай түнерген бай бүркіттей түйіліп, Момынтайды анадайдан «Иттің баласы-ай. Айт сенің не теңің еді? Ойбай-ай! Қанша қойды арам қатырдың» деп, жуан ақ таяқтың астына алады.

«Момынтай өзін жазықты тауып, арқасын қисаңдатып, таяқтан қорғанып, үңдемей қозғала берді.

«Құлқының қураған антұрған, аштан өлейін деп жүрген жоқ едің. Аузыңнан ақ айрылған жоқ еді!» деп, таяқты тулаққа тускен сабаудай шатырлатып, Момынтайды ұрып жатқанда таяқ шарт етіп қақ айырылды. Қарсы лəм-мим дерлік Момынтайда шама бар ма? «Тек шыбын-шіркей болып еңірей берді. Ендігəрі қойға ие болайын» деп жалына берді. Таяқ сынған соң, бай жұдырықпен тепкіге түсті, айдаладағы өлімтікке қонған құзғындай жұлмалай берді. Момынтай соққының күштілігінен шамасы келмей талықсып кетті. Бай да ұрудан шаршап, аң қуған иттей ентігіп, жынданғандай аузы көпіріп үйіне қарай аяңдады» [5; 242].

Өлшеулі ғұмырдың төрт жылын қозы бағумен өткізген Момынтай қозыға мінемін деп, бай атасынан талай таяқ жейді. Ащы таяқ балауыздай жұмсақ етіне тигенде енді қозыға мінбеспін дегенімен, ұмытшақ жас жүрегі таяқты сынғанша жегізеді де.

Жазылу мерзімі жағынан бұл əңгіме М.Əуезовтің «Жетім» əңгімесімен қатар. Екеуі де 1925 жылы жарық көрді. Əуезов, Дөнентаев жəне Кемеңгерұлы əңгімелерінде көрсетілетін бір тақырып, бір шындық, бір тағдыр. Ол — жетім-жесір қорғансыз жандардың сол қоғамдағы теңсіздігі, қорлығы.

Тақырыбы, идеясы бір болғанымен оқиға желісі мен шешімі екі түрлі. Ұқсастық — Қасым, Көркемтай жəне Момынтайдың өмір тіршілігінде.

Қасым мен Көркемтай — əке-шеше, ата-əже — бəрінен түгел айырылған тұлдыр жетімдер. Момынтай əкеден айырылғанымен, анасының аялы алақанын медеу етеді. Қасымға қарағанда оның сүйеніші де, тірегі де бар. Бірақ үшеуі де дəрменсіз, қорғансыз жандар.

Бір қызығы, аталмыш əңгімелерді үш түрлі қалам иесі туғызанымен, олардағы оқиғалар бірінен екіншісіне жалғасып жатқандай. М.Əуезовтің «Қорғансыздың күні» мен «Жетім» əңгімелеріне арқау болған оқиға басқаларына қарағанда ілгеріректегі жайды көрсетеді. Ғазиза, Қасым жəне Көркемтайды өлімге итерген — қорлық өмір. Бір мезгілде жазылғанымен, М.Əуезов əңгімесіне кеңеске дейінгі уақиға арқау болса, Қ.Кемеңгерұлы əңгімесінде кеңестен кейінгі жағдай баяндалады. Əуезов, Дөнентаев əңгімелері трагедиялық халмен, яғни кейіпкерлерінің өліміміен, аяқталатын болса, Момынтай анық күреске шыққалы тұр. «Момынтай көр тұрмыстан, қол-аяғын байлаған құлдықтан құтылды, жарық дүниеге шықты, адамшылыққа қадам басты. Келешекте қандай адам болғанын тұрмыс көрсетер» [5; 242]. Жетімге де күн туды. Дарабек секілді ел азаматтары — енді оларға арқа сүйер тауы болмақ. Момынтайды оқуға əкеткен де халықтан шыққан азаматтар. Қасым, Ғазиза жəне Көркемтай көре алмай кеткен күнге Момынтай жетіп отыр. Əңгімелердің араларында осындай жалғастық бар.

Қаламгерлердің кешкен заманына орай жазушылық мүдделерінің бір болуына қарамастан, Əуезов шындық өмірді боямалаудан саналы түрде бас тартқан тəрізді. Қаламгер туындыларында жаңа өкіметті əспеттеу мүмкіндігі бола тұра, бұл мүмкіндік пайдаланылмаған. Жаңа билік əділеттілігіне деген тамсанушылық, ризашылық сияқты сезім, эмоциялық реңк байқалмайды.

Шығарма кейіпкерлеріне арналған жандардың мұншалықты ұсақталып, жүрек мейірімінен айырылу себебі неде? Жауап тағы біреу. Пендешілік ниеттің үстемдік алуынан, əлсізге күш көрсетуді кəдімгі өмірдің қалыпты ісі, заңы деп таныған пенделердің пасық ой түюінен.

Əлем əдебиетінен нəр алған қазақ жазушылары жоғарыдағы шығармаларында өмір шындығын көркем бейнелеп, Г.Х.Андрсен, Ч.Диккенс, В.Гюго, Джек Лондон, А.М.Горький, А.С.Серафимович сомдаған кейіпкерлерді қазақ арасынан көре білді жəне көрсете білді. Джек Лондонның тіс жуғыш щеткасын ұстамаған Джониі мен Кемеңгерұлының сабын көрмеген кейпкері жетім қызды өмірде болмаған, қиялдан туған кейіпкер деп ешкім айта алмас. А.С.Серафимовичтің Васясы мен Андрейкасы көрген азапты тірлікті Кемеңгерұлы кейіпкерлері де бастарынан кешірді. Бұлар ес жиып, етек жапқаннан еңбекке араласты. Васяның Кирилден, Андрейканың Агафон қарттан, Момынтайдың Байтоқ атасынан жеген ащы да ауыр таяқтары олардың көкіректеріне шер болып байланады.

Қазақ жазушылары əлем əдебиетінің озық шеберлерінен көркем шығармаға тəн реалистік (шыншылдық) пен халықшылдық үлгіні үйреніп қана қоймай, өз топырақтарында ұлттық бояумен өрнегін салып, ары қарай дамыта түсті. Шығармада Қасым мен Көркемтайға балық аулатып, Момынтайға фабрика, зауыт цехында жұмыс істетсе, балық аулау мен ауыл өнеркəсібі кеш дамыған қазақ халқы үшін қандай тұрпайы болмақ. Сондықтан да М.Əуезов, С.Дөнентаев, Қ.Кемеңгерұлы өзінің шығармаларына қазақ «қазақ» болғалы кəсіп етіп келе жатқан мал шаруашылығын арқау етті. Қасым, Көркемтай, Момынтайлар қой соңында. Əңгіме бірінде атадан келе жатқан «əмеңгерлік» көрініс тапса, екіншісінде қазақ халқының айт мейрамы жан-жақты көркем суреттелген. Бұл əңгімелердің құдіреттілігі — оқиғаларының шынайылылығында.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Нұрғали Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. — Астана: Күлтегін, 2002. — 247-б.
  2. Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — 1-т. — Алматы: Жазушы, 1979. — 456 б.
  3. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. — 2-т. — Астана: Таным, 2003. — 360 б.
  4. Дөнентаев С. Шығармалар. — Алматы: Қаз. мемл. көркем əдебиет баспасы, 1957. — 463 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.