Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қырғыз тіліндегі екінші дəрежелі созылыңқы дауыстылар

Туыстас түркі тілдерінің сөздік құрамдарында олардың арасындағы жақындықты көрсететін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ұқсастықтармен қоса, əрқайсысының өзіне тəн айырмашылықтары да айқын байқалып отырады. Осындай ерекшеліктердің бірі созылыңқы дауыстыларға қатысты болып келеді. Жалпы, дауыстылардың созылыңқы айтылуын ғалымдар түркі тілдерінің бəріне емес, алтай, қырғыз, гагауз, түрікмен, тува, хакас, шор, якут тілдеріне ғана тəн құбылыс екенін жазады [1; 29]. Мұның өзінде де якут, түркімен тілдеріндегі созылыңқы дауыстылар байырғы түркі тілдерінің ортақ тілінен қалған жұрнағы, яғни «бірінші» немесе «алғашқы» созылыңқылар болса, қырғыз, шор, гагауз, тува тілдеріндегі созылыңқылар белгілі бір дыбыстық тіркестердің ықшамдалуы нəтижесінде пайда болған «екінші» созылыңқы дыбыстар деп қарастырылады [2]. Яғни «алғашқы» созылыңқылар жалпытүркiлiк құбылыс ретiнде саналады да,«екiншi» дəрежелi созылыңқылар түркi тiлдерiнiң бергi даму кездерiнде пайда болған.

Түркі тілдерінің көне дəуірлерінде созылыңқы дауыстылардың болған-болмағанына қатысты пікірлерге көңіл аударсақ, М.Қашқаридің сөздігіндегі созылыңқы а-ның қос дыбыс арқылы (аат, аач) берілгенін [3; 160], сонымен қатар дауыстылардың мұндай түрінің диахрониясы туралы М.Томанов: «Орхон-Енисей ескерткіштерінде, одан кейінгі Махмуд Қашқаридің «Диуанында» созылыңқы дауыстылардың айрықша белгілермен белгіленуі олардың кейін пайда болғанын дəлелдейді,» — деп жазған пікірлерін кездестіреміз [1; 29]. Яғни шығу табиғаты жағынан созылыңқы дауыстылар жалаң дауыстылардан кейін пайда болғаны белгілі. Ал А.Т.Биишев өз еңбегiнде П.М.Мелиоранский, К.Фой, А.Габэн, В.В.Радлов, В.Гренбек, И.Бенцинг пiкiрлерi мен көзқарастарын келтiре келе, созылыңқы дауыстылардың руникалық ескерткiштерде, ұйғыр, манихей, араб жазбаларында белгiленуi, сондай-ақ көне созылыңқылықтың iзi түрiк, чуваш тiлдерiнде кездесуi, якут, түрiкмен т.б. түркi тiлдерiнде созылыңқы дауыстылардың болуы «алғашқы» созылыңқылардың барлығы болмаса да, көптеген түркi тiлдерiне тəн екендiгiн айта келе: «Даже в том случае, если «первичные» долгие гласные когда-то были представлены исключительно во всех тюркских языках, то в более ранний период они могли возникнуть и в результате различных фонетических процессов, сходных с теми, которые образуют ныне вторичную долготу», — деп қорытындылайды [4; 61].

Созылыңқы дыбыстар бар тілдерде аталған дыбыстардың саны 8 немесе 9 болып келеді де, бұл тілдерде дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаңға қосымша қысқа жəне созылыңқы болып та бөлінеді. Атап айтсақ, алтай, тува, шор, якут тілдерінде 16 дауысты (8 қысқа, 8 созылыңқы), гагауз, хақас тілдерінде 17 дауысты (9 қысқа, 8 созылыңқы), түрікмен тілінде 18 дауысты (9 қысқа, 9 созылыңқы), қырғыз тілінде 14 дауысты (8 қысқа, 6 созылыңқы) дыбыс бар. Бұған қосымша якут тілінде басқа түркі тілдерінен ерекшелейтін белгі ретінде екі дауыстыдан тұратын дифтонг дыбыстар бар.

Түркі тілдеріндегі созылыңқы дыбыстар жəне олардың сипатын басқа түркі тілдерімен салыстыру ретінде зерттеушілер [3; 161–163] төмендегідей мысалдарды келтіреді:

түрікмен: баар, аат, аач, дииш, оот, өөт, дааш; якут: баар, аат, аас, тиис, уот, үөс, таас; əзербайжан: вар, ад, ач, диш, од, өд, даш; алтай: паар, ат, ач, тиш, от, өт, таш; башқұрт: бар, ат, ас, теш, ут, үт, таш;

қазақ: бар, ат, аш, тіс, от, өт, тас; қарақалпақ: бар, ат, аш, тис, от, өт, тас; қырғыз: бар, ат, ач, тиш, от, өт, таш; құмық: бар, ат, ач, тиш, от, өт, таш; ноғай: бар, ат, аш, тіс, от, оьт, таш; татар: бар, ат, ач, теш, ут, үт, таш;

тува: паар, ат, аш, тииш, от, өт, даш; өзбек: бор, от, оч, тиш, ут, ут, тош; ұйғыр: бар, ат, ач, тиш, от, өт, таш; хақас: пар, ат, ас, тіс, от, өөт, тас; чуваш: пур, йат, выса, шы, вут, ват, чул; шор: пар, ат, аш, тиш, от, өт.

Қырғыз, алтай, хақас, шор, тува, гагауз тілдеріндегі созылыңқылар — əр тілдің фонетикалық ерекшеліктеріне сай пайда болған «соңғы» созылыңқы дыбыстар болса, якут, түрікмен тілдерінде созылыңқылар «алғашқылардың» қатарына жатқанымен, бұл тілдерде де фонетикалық ішкі заңдылығына сай дамыған «соңғы» созылыңқылар да бар: уу-су, суон-жуан, уол-ұл, быар-бауыр, дуур-тұр т.б. [3; 164].

Түрікмен, якут тілдеріндегі созылыңқы дауыстармен келетін сөздерге басқа түркі тілдеріндегі қысқа созылыңқылардың сəйкес келуі «алғашқы» созылыңқылардың тарихи дамуына байланысты ерекшелікті көрсетеді. Мысалы: дааг-тау, аай-ай, саан-сан, маал-мал, оон-он, боор-бор, бөөри-бөрі, гөөк-көк, дыыз-тізе, ыыз-із, иис-іс, иил-ел т.б. (түрікмен); саас-жаз, хаар-қар, хаан-қан, тиис-тіс, хаал-қал т.б. (якут). Сонымен қатар якут тілінде екі дауыстының қатар келуі арқылы жасалатын созылыңқы дауыстыларға ұқсас келетін дифтонг дыбыстар да бар. Олар басқа түркі тілдеріндегі қысқа дауыстыларға сəйкес келеді: биэс-бес, буол-бол, уон-он, суол-жол, күөл-көл, уот-от, түөс-төс, улуу-ұлы, асыы-ащы, үөр-үйір, суон-жуан, бүөр-бүйір, күөх-көк, быар-бауыр, быа-бау т.б. [3; 193].

Созылыңқы дыбыстар көп жағдайда сөздің мағынасын өзгертуге əсер ететіні белгілі, яғни қысқа дауыстымен берілген сөз бен созылыңқы дыбыспен берілген сөз мағына жағынан ажыратылады. Қазақ тілінде көп жағдайда омоним сөздерді контекст арқылы ажыратсақ, созылыңқы дыбыс бар тілдерде бұлар сол дыбыстарға қатысты ерекшеленуі мүмкін. Мысалдар: ал-ал, аал-ауыл, дага-таға, дагаа-тауық, ол-ол, оол-ұл, дүн-түн, дүүн-кеше, мэң-мең, мээң-менің, бер-бер, бээр-беру, хары-жасы, харыы-жауабы т.б. (тува); аак-ақ (сын есім), ак-ақ (етістік), аач-аш (сын есім), ач-аш (етістік), дааш- тас, даш-алыс, оот-от, от-от (шөп), өөл-дымқыл, өл-өл, пиил-күрек, пил-піл, сыыгыр-ысқырық, сыгыр-сиыр, гуурт-құрт, гурт-құрт, бииз-біз (зат есім), биз-біз (есімдік) т.б. (түрікмен); ыыт-жібер, ыт-ит, биил-бел, бил-біл, хаас-қаз, қас, хас-қанша, таас-тас, тас-тыс, киир-кір, кир-кемір т.б. (якут); аач-ағаш, аач-аш (сын есім), ач-аш (етістік), ааз-ауыз, аз-аз, дүүн-той, дүн-кеше, саат-сағат, сат-сат, уур-бақыт, ур-ұр, аала-жыла, ала-ала т.б. (гагауз).

Созылыңқы дыбыстар түбір сөздің құрамында ғана емес, қосымшаларда да кездеседі. Қосымшалардың құрамында келуі көп жағдайда тəуелдік жалғауға, барыс септігінің жалғауына, көсемше, есімше жұрнақтарына сəйкес келуі мүмкін. Мысалы: табак (табақ) — табаам, табааң, үлүг (үлес) — үлүүм, үлүүң, үлүү, балык (балық) — балыым, балыың, балыы, кижи-кісі, кижээ-кісіге, бол-бол, бооп-болып, кел-кел, кээп-келіп (тува); азах (аяқ) — азаам (аяғым), мылтых (мылтық) — мылтиим, одынъ-отын, одиим-отыным, киме-кеме, кимее-кемеге, кізі-кісі, кізее-кісіге, пас-жаз, паспаан-жазбаған, киспе-кеспе, киспеен-кеспеген, тап-тап, таап-тауып, сағ-сау, саап-сауып т.б. (хақас); ата-ата, атаанын-атаның, атааны-атаны, атаа-атаға, көче-көше, көчее-көшеге, көчəəм- көшем, атааныз-атаңыз, гарры-кəрі, гаррыраак-кəрірек т.б. (түрікмен); бар-бар, барыы-бару, кэл- кел, кэлии-келу, икки-екі, иккилии-екіден, ағыс-сегіз, ағыстыы-сегізден, суон-жуан, соноо-жуандау, аға-əке, ағалаах-əкелі, кыыс-қыз, кыыстаах-қызды т.б. (якут) [3; 161–174].

Қырғыз тіліндегі созылыңқы дыбыстар да созылыңқылардың ішіндегі «соңғы» деген түріне жатады. Бұлар синхронды түрде фонемалық қасиетке ие, яғни сөздерді мағына жағынан ажыратады. Мысалы: ор-ор, оор-ауыр, кече-кеш, кечээ-кеше, ара-ара (екі үйдің арасы), ара-араа (құрал), бор-бор, боор-бауыр, эр-еркек, ээр-ер тоқым, ток-тоқ, тоок-тауық т.б. Бұлай деуіміз созылыңқы дауыстылар қырғыз тілінде диахронды тұрғыдан қарастырғанда ешқандай фонологиялық мағынасы жоқ фонетикалық құбылыстардың нəтижесі болып табылғандығында жатыр. Олардың шығу тегін түркітанушы-ғалымдар «соңғы» созылыңқылық деп қарастыратынын жоғарыда айтып кеттік. Мысалы: тоо (қырғ.), тау (қаз.) <тағ (көне түркі); боо (қырғ.), бау (қаз.) < бағ (көне түркі).

Зерттеушілер қырғыз тіліндегі созылыңқы аа дыбысының этимологиясын ага, аңа, айа дыбыстарының қосындысына сəйкестендіреді (багатур-баатыр, сагадаг-саадаг, маңыра-маара т.б.) [5; 22; 6]. Ал кей сөздердегi созылыңқы аа тiптi түрікмен тiлiндегi «алғашқы» созылыңқыға ұқсастығы байқалады: аары, таны [3; 200]. Созылыңқы аа қазақ тіліндегі а, ə дыбыстарына сəйкестік ретінде көрінеді: саамай-самай, санаа-сана, ураан-ұран, талаа-дала, калаа-қала, саал-сəл, маалим- мəлім, даам-дəм, баары-бəрі, аалам-əлем, тааныш-таныс т.б. бұл жерде айта кететін бір жағдай — созылыңқы дыбыстардың басқа тілден (араб, иран) енген сөздерге қатыстылығы. Қырғыз тілімен қоса, кейбір түркі тілдерінде басқа тілден енген сөздер құрамындағы кейбір дыбыстардың созылыңқыға айналып кетуі орын алған.

Қырғыз тіліндегі созылыңқы аа дыбысының қолданылуына кей жағдайда қазақ тіліндегі ғ дыбысының сəйкес келетін орындары болатынын байқауға болады. Бұл созылыңқының шығу тарихын кей сөздерде ғ-ның түсіп қалуымен байланысты қаралады [5; 22]: саа-сағ, саам-сағым, маал- ар.mahall [3; 200]. Қазақ тілімен салыстырғанда, бұған қатысты баа-баға, саат-сағат, маалымат- мағлұмат, маано-мағына т.б. сияқты сөздерді мысалға алуға болады.

Бұл сөздердің өзбек тіліндегі қолданысында созылыңқы айтылу байқалады. Мұның себебін өзбек тілінің зерттеушісі А.Н.Кононов бұл тілдегі екінші дəрежелі созылыңқылардың болуы тəжік, араб, парсы тілдерінен енген сөздерде кездесіп, ол орфографияда дауысты дыбыс пен ъ (жуандық белгі), сондай-ақ х арқылы белгіленетінін айтады: феъл (фа: л), таъсир (та: сир), шахар (ша: ар), сонымен қатар дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуы в, п (б) дауыссыздарының түсiп қалуында да байқалады: сув (су:), уқув (оқу:), совуқ (со: уқ), топиб (то: п-тауп) [7]. Сөйлеу тiлiнде а дауыстының созылыңқы түрде айтылуы ескi өзбек тiлiнде де бар [8].

Қазақ тіліндегі мен, сен, ол жіктеу есімдіктеріне барыс септігінің қосымшасы жалғанғанда маған, саған, оған түрінде қолданылса, қырғыз тілінде мага, сага, ага түрінде беріледі. Ал осы сөздердің қырғыз диалектісіндегі қолданылысында екі дауыстының арасындағы г түсіп қалып, сөздің созылыңқы түрде айтылатылуы байқалады: мага-маа, сага-саа, ага-аа [6; 130].

Қазіргі қазақ тіліндегі у көне түркі тілінде қолданылған уғ дыбыс тіркесі негізінде қалыптасқан [9; 46]. Қырғыз тіліндегі созылыңқы оо туралы М.Томанов: «О дыбысы а+ғ дыбыс тіркесінің орнына айтылады. Əзербайжан, түрік, түрікмен, өзбек, ұйғыр тілдерінде осы сипатта кездеседі, ал көне жазбаларда жүйелі түрде қолданылған. Қазақ, құмық, ноғай, татар, башқұрт тілдерінде -ау түрінде айтылады,» — деп [1; 35] жəне «Қазіргі қырғыз тілінде көне түркі тіліндегі ғ, г дауыссыздарының дауыстылармен тіркесі тек созылыңқы дауысты болып естіледі. Бұл заңдылық ол тілде сырттан енген сөздерге де жайылған. Қырғыз тіліндегі созылыңқылардың қазақ тіліндегі дифтонгілермен бірізділігін мына фактілерден байқауға болады:

Көне түркі тілі               Қырғыз тілі               Қазақ тілі йоған, суғ, бағ                                   жоон, суу, буу            жуан, су, бу йунғу, ийегін                               жуу, джеен жуу,        жиен

қағур, қуғу                       кууп, куу                      қуып, қу», — деп толықтыра түседі [9; 47].

Қазақ-қырғыз тілдерінде кездесетін оо-ау, өө-еу сəйкестігі көп сөздердің құрамында орын алып, бұл түбір сөздерге де, қосымшаларға да қатысты болып келеді. Мысалы: белгилөө-белгілеу, бешөө- бесеу, гүлдөө-гүлдеу, чөөгүн-шəугім, дөөр-дəуір, дөө-дəу, төө-түйе, өткөөл-өткел, күйөө-күйеу, жөө- жаяу, сөөк-сүйек т.б.

Қазақ тiлiндегi жинақтау сан есiмiнiң (-ау, -еу) аффиксi қырғыз тiлiнде созылыңқы оо, өө болып келуi де тарихи грамматикаға тəн құбылыс. Бұл қосымшаның қырғыз тiлiнде созылыңқыға айналуы дауыссыз дыбыстың түсiп қалуымен байланыстырылады: агы-оо, эги –өө [10].

Қырғыз тіліндегі созылыңқы ээ дауыстының тарихына байланысты И.А.Батманов: «Образования ээ разъясняются из сочетания гласного с, г, й,» — дей келіп, -ээ — ие — эгə, бээ — бие — бийе, ээр — ер — эгэр, ээк — иек — ияк, нээт — ниет — ният сияқты мысалдарды келтірген [11; 81]. Бұндай сəйкестіктер қазақ тілімен салыстырғанда да көзге түседі: бээ-бие, ээк-иек, жээн-жиен, ээ-ие, мээр- мейір, кээче-кеше т.б.

Қырғыз тіліндегі созылыңқы уу дыбысының пайда болуы көп жағдайда көне түркілік ғ дыбысының сөз құрамынан түсіп қалуымен байланыстырылады (согук — суук, богун — муун) [5; 29]. Н.К.Дмитриев түркі тілдеріндегі созылыңқы дауыстылардың тарихы туралы еңбегінде уу-дың шығуын ув дифтонгісімен немесе уқ//уг тiркесiмен байланыстырады: туу-туғ, буу-буғ, буудай-буғдай, уул-оғул, туура-туғра [3; 199], ал И.А.Батманов бұл туралы: «Долгий уу возникает преимущественно из огу, ог, уг, уб, ув, ов: уул — ұл — уғил, буу — бу — буғ, улуу — ұлы — улуғ, туу — ту — туғ, суу — су — сув, уу — аң — ов,» — деп жоғарыдағы пікірлерді толықтыра түседі [11; 43].

Созылыңқы уу, үү дыбыстары қазақ тілімен салыстырғанда ұ, ұу сəйкестіктері ретінде жəне сын есімнің -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарына, тұйық етістіктің жұрнағына қатысты немесе ерін үндестігіне байланысты көрінеді. Мысалы: буурул-бұрыл, буурчак-бұршақ, аркылуу-арқылы, балалуу- балалы, куурай-қурай, жуун-жуын, жуук-жуық, эптүү-епті, беделдүү-беделді, белгүлүү-белгілі, билимдүү-білімді, тирүү-тірі, кичүү-кіші, келүү-келу, элүү-елу, өчүрүү-өшіру, өсүү-өсу т.б.

Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың қазақ тіліндегі берілу жолдарын салыстырғанымызда, айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Атап айтқанда, созылыңқы дыбыстар түбір сөздің құрамында да, қосымша құрамында да кездесе береді, бірақ кез келген морфологиялық тұлға құрамында айтыла бермейді. Қырғыз тілінің белгілі зерттеушісі И.А.Батманов «Современный киргизский язык» деп аталатын еңбегінде созылыңқы дауыстылардың төмендегідей қосымшалар құрамында кездесетінін көрсеткен:

  • сын есімнің шырай аффиксінің құрамында; -раак//-рээк, -роок//-рээк: сулуураак, жакшыраак;
  • -ып, -іп көсемшесінің құрамындағы қысаң дауысты түбір құрамындағы ашық дауыстымен ұштасып созылыңқы болады: таап (тапып), чаап (чапып);
  • жинақтық сан есімдерді жасайтын тұлға -оо/-өө түрінде дыбысталады: экөө, алтоо;
  • тұйық етістік тұлғасы уу/үү-оо/-өө түрінде айтылады: келүү, жазуу;
  • сын есім жасайтын қосымшалар созылыңқы болады: -луу/-лүү, -дуу/-дүү, -туу/-түү: балалуу, таштуу [11; 44].

Қырғыз тілінің мұндағы тағы бір ерекшелігі — созылыңқы дауыстыларының сөз мағынасын өзгертуге немесе айқындау-ажыратуға қызмет ететіні, яғни дауыстылардың қысқа немесе созылыңқы айтылуы, сөз семантикасына байланысты құбылыс екені. Бұл жерде, қазақ тілімен салыстырғанда, мынадай айырмашылық бірден көзге түседі. Мысалы, қазақ тіліндегі омоним сөздердің мағынасы олардың контексте қолданылуына байланысты ажыратылса, қырғыз тілінде бұл көбіне созылыңқы дыбыстар арқылы айқындалады. Мысалы:

Қырғыз тілі:                   Қазақ тілі:

Маал                                Уақыт

Мал                                  Мал (мал бағу)

Жаа                                   Жау (қар жауды)

Жоо                                   Жау (жау шапты)

Санаа                                 Сана (ой-сана)

Сана                                  Сана (беске дейін сана)

Ара                                    Ара (екі үйдің арасы)

Араа                                  Ара (құрал)

Жак                                   Жақ (үй жақта)

Жаак                                 Жақ (жағы суалу)

Бұл мысалдардан дауыстылардың қысқа немесе созылыңқы айтылуы арқылы сөз мағынасына тигізетін əсерін айқын көрсек, кей жағдайда олардың бұл қызметі байқала да қоймайды, яғни созылыңқы дыбыс тұлғасы бір, мағынасы басқа сөздердің ара жігін айқындау функциясын атқармай да тұрады. Мысалы:

Ачуу — ащы                                  Туура — тура (ет тура)

Ачуу — ашу                                  Туура — тура (тура жол)

Ачуу — ашу (ашу қысу)               Туура — тура (тура сен сияқты) Куу — қу (қу адам)                                     Буу — бу (жіпті бу)

Куу — құрғақ                              Буу — бу (судың буы шығып жатыр) Куу — қу (ол итті қуды)

Түркі тілдеріне байланысты жасаған Н.А.Баскаковтың классификациясында да қырғыз тілі, қазақ немесе басқа қыпшақ тілдері сияқты, Батыс ғұн тілдері қатарына емес, Шығыс ғұн тілдері тобына жатқызылған [12]. Бұл жағынан, яғни созылыңқы дыбыстары болуына байланысты, қырғыз тілі сол Шығыс ғұн тілдері тобына жататын якут, хакас, алтай, тува тілдеріне жақындайды. Жалпы, түркі тілдеріндегі созылыңқы дыбыстар туралы айтылған пікір-деректерді жинақтай, талдай келіп М.Томанов: «Алғашқы созылыңқы дауыстылардың бір-бірімен шектеспейтін, тіпті кейінгі замандарда бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түспеген тілдер құрамында сақталуы түркі негіз тілінің құрамында, əдеттегідей дыбысталатын дауыстылармен қатар, созылыңқы дауыстылар жүйесі болған деген көзқарасқа негіз болып тұр. Дүниеде белгілі көне тілдердің біразында дауыстылар əдеттегідей де жəне созылыңқы да айтылған. Тарихи даму барысында созылыңқы айтылған дауыстылар қысқарып, қысаңдап кетсе, енді бір тілдерде дифтонгілердің қалыптасуына негіз болған,»— деген қорытынды жасайды [1; 39].

Ал нақты қырғыз тіліндегі созылыңқылардың өзіндік даму тарихы жөнінде К.Дыйқанов:

«Созылыңқы ээ, уу, өө, оо дыбыстарының пайда болуы көне түркі тілінде қолданылған ғ, г, к, қ, ң сияқты дыбыстардың түсіп қалуы нəтижесінде пайда болған (бугдай-буудай, огул-уул, кичиг-кичүү, тириг-тирүү, ириг-ирүү),» — деп ой түйеді [13]. Яғни қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылар екінші созылыңқылықтың негізінде пайда болған. Мұны түркітанушы ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп кеткен болатын: «…указанные два процесса имеют между собой преемственную связь, но отделены друг от друга очень большим промежутком времени: возникновение «первичных» относится к общетюркской эпохе, а переход -з->-й — и отсюда образование вторичной долготы — явление срав- нительно новое, свойственное далеко не всем тюркским языкам» [4; 66]. Демек, бұлардың жоғарыда М.Томанов зерттеуінде келтірілген алғашқы созылыңқыларға еш қатысы жоқ деуге болады.

Өзбек тіліндегі сөздер құрамындағы дауысты дыбыстардың қатар келуін қазақ тілімен салыстырғанда бірінші байқалатын ерекшелік сөз ортасындағы ғ дыбысының түсіп қалуынан көрінеді. Қазақ тілімен салыстыра алып отырған мысалдардың көбі араб-парсы тілдерінен енген сөздер болғанымен, олардың дыбыстық сипатына байланысты ерекшеліктер болып табылады. Мыса- лы: воқеа-оқиға, жамоат-жамағат, саот-сағат, таом-тағам т.б.

Қарлұқ тобына енетін ұйғыр тіліндегі қос дауыстының қатар келуі өзбек тіліне ұқсас құбылыс. Т.Талипов ұйғыр тіліндегі аа, əə, ии қос дауыстысына араб-иран тілдерінен енген тəбии, тəəллуз, са- ат сөздерін келтіре отырып: «В этих словах двугласные аа, əə, ии в качественном и количественном отношениях почти ничем не отличаются от долгих гласных аа, əə, ии киргизского, азербайжанского и других тюркских языков, где краткость и долгота имеют фонематические значения», — деп ерекшелігін айқындай түседі [14].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Томанов М. Түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Қазақ ун-тi баспасы, 1992. — 190 б.
  2. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. — М.: Наука, —С. 11, 12.
  3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. — Ч. 1. Фонетика. — М.: Изд. АН СССР, 1955. — 334 с.
  4. Биишев А. «Первичные» долгие гласные в тюркских языках. — Уфа, 1963. — 127 с.
  5. Кыргыз адабий тилинин грамматикасы. — Фрунзе: Илим, 1980. — 538 б.
  6. Сартбаев К. Түрк тилдеринин салыштырма грамматикасы. — Фрунзе, 1962. — 130-б.
  7. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. — М.-Л.: Изд. АН СССР, 1963. 
  8. Умаров Э.А. Словари староузбекского языка и вопросы фонетики. — Ташкент: Фан, 1994. — С.
  9. Томанов М. Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 264 б.
  10. Ахматов Т.К. Звуковой строй современного киргизского литературного языка. — Фрунзе: Мектеп, 1968. 
  11. Батманов И.А. Современный киргизский язык. — Фрунзе: Изд. АН СССР, 1963. — 165 с.
  12. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. — М.: Высш. шк., 1969. — С.
  13. Дыйканов К. Кыргыз тили таблица түрүндө. — Алматы: Қайнар, 1989. — 117–123-б.
  14. Талипов Т. Гласные звуки уйгурского и казахского языков. — Алма-Ата: Наука, 1968. 

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.