Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

1940–50-жылдары əдеби мұраны игерудегі ізденістер

1940–50-жылдары қазақ əдебиеттану ғылымы маркстік-лениндік əдіснама қағидалары мен кеңестік идеология қыспағында болса да, əдебиетіміздің тарихын, теориясын, фольклорын зерттеуде, əдеби көркем сынын қалыптастыруда жетістіктерге жетті.

Əдеби мұраны ғылыми тұрғыда игерудегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ХХ ғасыр басынан бастап əдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, əдеби сынды тудыруда ғылымдық жəне эстетикалық биіктіктерге ұмтылды. 20-жылдары əдеби мұра керек пе, жоқ па деген мəселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, əдеби мұраны игеруде «бірыңғай ағым теориясының» оң бағытын пайдаланып, оны жинау, жариялау, ғылыми тұрғыда бағалау, дəуір талабына сай пайдалану, творчестволық үйрену секілді өзекті проблемаларды шешіп алды. Ал 30-жылдары «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалындағы қателіктерге ұшырай отырса да, қазақ əдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу жəне дəуірге бөлу секілді келелі мəселелерге батыл бара білді. Сонымен қатар осы уақыт аралығы қазақ əдебиеттану ғылымы үшін ғылыми- зерттеу əдіснамасын меңгеру, идеялық, шығармашылық принциптерді игеру кезеңі де болды. Ұлттық əдебиеттану ғылымының туу дəуіріне тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мəдениет орындарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, зерттеу институттарының ашылуы т.б. əдеби- мəдени іс-шаралар əдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, қызыл империяның құрылғаннан бастап қолға алған қанды қырғыны, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік əдіснаманың тапшылдық, партиялылық қағидалары кері əсер етті. Атап айтқанда, «ұлтшылдық-алашшылдарға» қарсы күрес қазақ əдебиеттануының ізашарларын, 37- жыл зұлматы тəжірибесі қалыптасып қалған əдебиетші-ғалым мамандарды, бүкіл ұлт зиялыларын түгелге жуық жазықсыз жазалап, қуғын-сүргінге ұшыратты, ғылыми жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, орны толмас құрбандықтарға бара отырса да қазақ əдебиеттану ғылымы соғысқа дейінгі 1900–40-жылдар аралығында туу дəуірін аяқтады.

Кеңестік идеология мен маркстік-лениндік əдіснама қағидалары құрсауына ұшыраған қазақ əдебиеттануы 40-жылдары бұрынғы ізденістерін жалғастыра отырып, біршама жетістікке қол жеткізді. Қазақ əдебиет тарихын дəуірлеуде, жеке ақын-жазушылар шығармашылығын монографиялық тұрғыда зерттеуде əдебиет теориясының мəселелерінде көңіл аударарлық соны қадамдар жасады. Бірақ партиялық қаулы-қарарлар ұлттық мүддеге сай бағыт алған ғылыми- зерттеушілік ой-пікірге тағы да тоқтау салды, көрнекті əдебиетші-ғалымдарды қуғынға ұшыратты. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, қазақ əдебиеттануының ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына еш мүмкіндік бермеді. Маркстік-лениндік əдіснаманың əдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидалары, оның «тұрпайы социологизмді» ұтымды пайдаланып отырған саясаты, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады. Əйтсе де кеңестік дəуірдегі əдебиетті тексерудегі зерттеулер мен монографиялардың көбеюі, қазақ əдебиеті тарихының көп томдығының шығуы, əдебиет теориясы мен əдебиет сынының зерттеу нысанасына алынуы, төңкерістен бұрынғы əдебиет тарихының ежелгі дəуірден бері зерттеле бастауы, тағы да басқа өзекті де көкейкесті мəселелерді шешіп алуы, қазақ əдебиеттануының қалыптасу дəуірінде қол жеткізген табыстары болды [1; 45]. Ұлт əдебиеті тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға дейінгі жетістікке жетуі қалыптасу дəуірі үшін аз табыс емес еді. Біз мұны маркстік-лениндік əдіснама мен тоқырау заманындағы идеологиялық қатал бақылауда болғандығын ескере отырып айтып отырмыз.

Əдеби мұра, оның ішінде халық ауыз əдебиеті туралы əр түрлі пікірлер мен көзқарастарды бір арнаға салу 1924 жылғы қазақ білімпаздары бірінші съезінің күн тəртібіндегі өзекті мəселелердің бірі болған еді. Съезде 1917–1924 жылдар аралығында халық шығармашылығының үлгілерін жинау, жариялау жұмыстары қорытындылана келе, оның алдағы уақыттағы қызметіне бағыт-бағдар берілді.

«Халық ауыз əдебиетін қалай, қайтып жəне кімдер жинау керек?» деген мəселелермен қоса, жаңа дəуірдегі қазақ фольклорының да шығармаларын жинау, оларды басып шығару, жеке халық ақындарының өлеңдер жинағын шығару сияқты проблемалық мəселелер терең сөз болды. Съезге жиналғандардың «бірыңғай ағым теориясы» мен «тұрпайы социологизм» бағытындағы көзқарасты жақтаушылар болып екіге бөлінуі əдеби мұра туралы айтыс-тартысты ерекше күшейте түсті. Мəдени мұраға ғылыми тұрғыдан қарау бұрмаланып, қазақтың халық ауыз əдебиетінің үлгілерін жинауды бір жүйеге салу туралы шешім тұжырымдалмай қалды. Алайда съездің əдеби мұра жөніндегі көзқарастағы бір қателікке, яғни «халық ауыз əдебиеті құриды, жаңа дəуірде оның дамуына ешбір мүмкіндік жоқ» деген пікірге қатты тойтарыс берілді.

Съезде сөйлеген Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов, тағы басқалар сөздерінде ауыз əдебиеті үлгілерін жинау ісімен қатар, оны ғылыми тұрғыдан талдау, жариялау, тексеру жайы да əңгіме болды. Халық шығармаларын жинаушыларға арналған үлгі-нұсқа кітаптар жазу, жаппай жинаушылыққа тежеу қоймай, осы игі іспен арнаулы маман адамдар шұғылдануы, қоғамдық жəне мəдениет ұйымдары жетекшілік, қамқорлық көрсету қажеттігі терең əңгімеленіп, қазақ əдебиеттану ғылымының тууына себепші болған үлкен бір міндет анықталды. Ол фольклорлық мұраны жинау, жариялау, кітап етіп шығаруды жүйелі арнаға салу арқылы əдебиеттану ғылымында халық творчествосын əдеби-теориялық ғылыми тексеру, зерттеу жұмысын жүргізу үшін база жасап беру міндеті еді.

Əдеби-мəдени мұраны жинау, жариялау үлкен білімділікті, ғылыми дəлдікті, қажымас еңбекшілікті талап ететінін ескерсек, халық əдебиеті үлгілерінің бай қорын жасау жұмысы ғылыми- эстетикалық қажеттілікке айналды. Осының нəтижесінде əдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік көзқараспен пікір айту мəнді арнаға бағыт алды. Əдеби-тарихи сипаттағы ой-пікір ұштала түсіп, ұлттық əдебиеттің тарихын зерттеу проблемасы дəуір талабы алға тартқан көркемдік міндеттермен іштей бірлік табуға ұмтылды. Жаңа мəн, өзгеше сипат алып дами бастады.

1920-жылдардың аяғы — 30-жылдардың басында халық əдебиетін жинау, жариялау, зерттеу мақсатындағы С.Сейфулиннің, С.Мұқановтың, А.Байтасовтың, Ə.Тəжібаевтың, Ж.Т.Тілепбергеновтің т.б ғалымдардың мақалалары жарық көрді. Осы кезендегі жинаушылық сипаттың басым болуына байланысты бұл мақалалар халықтың ескі əдебиет мұраларын халықтың игілігіне жарату, рухани байлығына айналдыру міндеттерін көтере отырып, ол үшін көп болып кірісуге шақырды. Дəуір талабына сай үн қосып, əдеби мұраны шығаруға атсалысқан бірталай үлгілерді жариялаған, мақалалар жазған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың көзқарастары идеологиялық күрес барысында дұрыс сараланбай айтыс-тартыс туғызды. «Ұлтшылдардың мақалаларында əрқашан

«бірыңғай ағым теориясының» жүйесі жатады» деген қате пікірлердің орын алуы нигилистік көзқарасты шамадан тыс күшейтіп жіберді. С.Мұқановтың 1927 жылы «Менің қорытынды пікірім» атты мақаласына сол кездегі ұлтшылдыққа қарсы күрес лейтмотиві арқау болып, Абай творчествосы жəне халық əдебиеті туралы да өзінің бұрынғы айтқан пікірлеріне қарама-қайшы шықты.

Фольклорлық шығармаларға нигилистік пікірде қарап, «кімнен үлгі аламыз» деген мəселеде «ұлтшылдар» жинап-насихаттап отырғандықтан, «халық əдебиеті бізге жат, одан үлгі алар ештеңе жоқ» деп тарихи сабақтастық пен дəстүрлікті жоққа шығарады. Нигилистік көзқарастың өрістеуіне тек қана пролеткультшылдық пен əсіре солақайшылдық əсер етіп қойған жоқ. Сонымен қатар «ұлтшыл»деп танылған ақын-жазушылардың əдеби-мұраны игеруде жүргізген жұмыстары қатты əсер етті.

Жаңа дəуірдің əдебиетін тудыру мəселесі, оның идеялық-творчестволық бағыты қандай болуға тиіс, ол қандай көркемдік əдіспен өркендеуі керек деген проблемалар 1920-жылдардың орта шеніңде анық бой көрсетті. Оның сөз болуы, бір жағынан, фольклорлық мұраға да қатысты болды.

«Кімнен үлгі аламыз?» деген кезеңдік сауалға жауап беру барысында дəстүр мен жаңашылдықтың тарихи сабақтастығы кең сөз болды. Оларда ғылыми-зерттеушілік сипат жетпей жатқанымен, мəдени мұра туралы лениндік қағиданың ықпалында айтылғанымен, фольклорлық үлгілер мен атақты ақын-жыраулардың классикалық мұрасын əділ бағалау, одан үлгі алу, үйрену жолын насихаттау саласында бірталай ізденістер болды.

Сөзіміз дəлелді болуы үшін белгілі қоғам жəне ұлт қайраткері, сыншы, əдебиетші С.Сəдуақасовтың «Əдебиет туралы» мақаласындағы əдеби мұраға деген көзқарасына тоқтала кетелік. Автор нигилистік бағытты сынай отырып: «Ескіден қалған мұраға біз ие боламыз ба, жоқ болмаймыз ба? Бұл — үлкен негізгі мəселенің бірі. Біздің көбіміз (мен біз дегенде коммунист сыншыларды айтамын) бұл мəселеге əлі үстірт қарап жүрміз», — деп «қазақ əдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын дəуірге жеткен жоқ» деген пікірге қарсы шығады. Бұл жөнінде Қ.Кемеңгеров: «Ауызша айтылып жүрген халық əдебиеті көшпелі шаруаның, рулық қоғамның айнасы болды. Ұзақ заманның ішінде халық əдебиеті кемеліне жетті», — деп білген болатын. С.Сəдуақасов осы ойды жалғастыра отырып: «Қазақ əдебиеті өткенінен де, қазіргі халінен де үлгі-тəжірибе ала алады, өзінен-өзі үлгі алатын дəуірге əбден жетті. Тегінде өзінен-өзі үлгі ала алмайтын əдебиет болуға тиіс емес. Өткенді ұмытып, өткеннің бəрін мансұқ қылып тастағанда, жаңа қайдан өспекші? Сондықтан біз ескі мұрадан жерімейміз. Ескі мұраның жарайтынын аламыз, жарамайтыны қалады», — деп кең орын теуіп келе жатқан маркстік- лениндік методологияның талаптарына сай ғылыми жаңаша тұжырым білдірді.

Қазақ совет əдебиетінің бет-бағдары туралы толымды пікір айта бастаған сын мақалалар мен əдеби мұраны игеру, зерттеуге байланысты əдебиет тарихын жазу проблемасын көтере бастаған ғылыми сипаттағы осы мақалалардың əдеби-теориялық жəне əдеби-тарихилық талдаулар жасауға ұмтылуынан қазақ əдебиеттану ғылымының туу кезеңі жалғаса түскенін байқаймыз.

Қазақ əдебиеттану ғылымының даму кезеңінде жəне əдеби мұраны игеру мəселесінде 1959 жылдың 15–19 маусымында Қазақстан Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институты өткізген ғылыми-теориялық конференцияның алар орны ерекше.

Конференция С.Бəйішевтің кіріспе сөзімен ашылып, негізгі баяндамаларды Е.Ысмайылов, М.Базарбаев, Н.Смирнова, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев жасады. Қосымша баяндамаларды М.Дүйсенов, М.Қаратаев, С.Сейітов, Т.Сыдықов, С.Талжанов, Х.Сүйіншəлиев, З.Ахметов, Ə.Дербісалин, Н.Қарашевалар сөз алса, жарыссөзде бірнеше баяндама тыңдалды.

Қазақ əдебиеті сынының проблемалық мəселелерін əдеби мұраны игеру, зерттеу арналарымен тығыз бірлікте алуымыздың өзіндік себептері де бар. Сын тұтас əдебиеттануда мақсат-міндетіне сай қордаланған жəне шешімін табуды қажет ететін мəселелерден тысқары қала алмайды. Əдеби өркендеудің бел-белестеріндегі көркемдік дамудағы дəстүр жəне жаңашылдық, тарихи сабақтастық тұрғысынан айқындап алмайынша, сөз өнерінің табиғатына тəн үрдісті екшеуде қиындықтардың тууы да заңды. Сондықтан да əдеби мұра мəселесіне арналған конференцияда əдебиет тарихында айрықша аталатын ақындар шығармашылығына баяндамашылардың баса назар аударуы еш таңданыс туғызбайды. Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев баяндамаларының өзегі ХVІІІ- ХІХ жəне ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының мəселелері болды.

Қ.Жұмалиев 1950–51-жылдар басындағы қаулы-қарарлар зардабын дұрыс түсіндіріп, оның негізгі себептеріне үңіледі. «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы əдебиет өкілдерінің Махамбеттен басқа бірде- бірі жеке тексерілмейді. Олардың творчествосындағы заңды байланыстар айтылмайды. Басқалары сөз арасында аталады да, əдебиет тарихы деп тек бір ғана ақынды ұсынады» [2; 93]. Ал Ы.Дүйсенбаев ХІХ ғасыр əдебиетінің тарихына шолу жасай отырып, «көрнекті мəдениет қайраткерлерінің, егер ол шын мəнінде сондай болса, реакцияшыл екенсің деп тарихтан шығарып тастауға болмайды, ол ақын өзінің тиісті бағасын алып, белгілі бір көлемде зерттелуге тиіс» деген назар аударалық пікір айтқанымен [2; 113], Шортанбай, Дулат, Мұрат, Кердері Əбубəкір сынды ақындар мұрасын бағалауға саяси өлшеммен қарауымыз керек дей отырып, пікір қайшылығына ұрынған.

Конференцияда Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің тақырыптық, жанрлық бағыт-бағдарын айқындауды басты мақсат еткен. Əсіресе «қазақтың ХХ ғасыр басындағы демократ ақын, жазушылары өздерінің революциядан бұрынғы шығармаларын сыншыл-реализм əдісімен жазды; реалдық өмірді, халық өмірін көрсете білді» деген пікірі аталған дəуір əдебиетін зерттеудің ғылыми проблемасын көтеруімен құнды болды [2; 141]. Қосымша баяндамалар жасаушылар да əдебиет тарихының түйінді жайттеріне қатысты мəселелерді талқыға салды. Бұл ретте С.Талжановтың «Шортанбай Қанайұлы», Х.Сүйіншəлиевтің «Дулат ақын мұрасынан», З.Ахметовтың

«Ш.Бөкеевтің творчествосын зерттеу туралы» атты баяндамалары сол кездегі даулы мəселелерді көтеруімен жəне оған қатысты пікір алысуға қозғау салды. Бұл əдеби сында осы күрделі мəселе туралы қордаланып қалған, яғни кешелері сын өзі жоққа шығарған көптеген жеке ақын-жазушылар туралы жаңаша сипатта пікір білдіруге қадам жасауға əкелді. С.Талжанов Шортанбай шығармашылығын талдауға ақын өмір сүрген заман ағымы тұрғысынан үңіледі. Патшаның отарлау саясатының қазақтың əлеуметтік өміріне тигізген зардабын ашық айтып, халық мүддесін көздеген ақындар наразылығын Шортанбай мұрасы арқылы ашуда байыпты ой-пікір түйеді. Ғалым Шортанбайдың шығармашылық тұлғасын ашуға объективтілікпен бара білген. Ақын шеберлігіне, дүниетанымына ақиқат биігінен үңілуі де соны айқындайды. Патшаның отарлау саясатына қарсылығын ашық айтып, оның мұрасын əділ бағалау керектігіне назар аударады. Мұндай батыл ізденіс Х.Сүйіншəлиевтің Дулат шығармашылығына қатысты баяндамасына тəн. Бірақ ол конференцияға қатысушылар тарапынан қолдау таппай, сынға ұшырады. Əсіресе Дулат ақын реализмін, əлеуметтік сарынын байыптаулардағы пікірлері бүгінгі ғылыми-зерттеушілік бағыттағы ізденістермен үндесіп жатқанын ашық айту қажет.

Өз кезегінде З.Ахметов Шəңгерей Бөкеев шығармашылығына талдау жасап, ақынның көркемдік ізденісін, сөз өнеріне тəн ерекшелікті терең ашып көрсетеді. Ақын поэзиясындағы қайшылықты айта отырып, оның поэзиясының көркемдік сипатын теориялық негізде саралайды. «Шəңгерей сыршыл лириканы, суреттеу бейнелеу тəсілін дамыта түсті» деген байламы ақынның шығармашылық даралығын байыптауымен құнды [2; 213]. Міне, əдеби мұраны ғылыми негізді игеру, зерттеу мəселесінде конференцияда көтерілген осындай батыл пікірлер əдебиеттану ғылымында, жалпы ғылыми-зерттеушілік, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірде қолдау таба бермеді. Мысалы, жарыссөзде сөз алған М.Хасенов «Дулаттың шығармаларын тереңінен зерттеуге Х.Сүйіншəлиевтің өрісі жетпеген. Сондықтан мақтаймын деп жамандап алды», — деп Х.Сүйіншəлиевтің Дулат ақынның халықтық мүддені көздеуші деген пікірін терістейді [2; 267]. Басқа ғалымдарды айтпағанда, қорытынды сөз сөйлеген М.Əуезов «Шортанбай, Мұрат, Дулаттардың бəрі бірдей «анау ақауы»,«мынау кемшіні», ол — пұл міні бола тұрса да «жақсы ақын» дейтін болсақ, тағы да бірыңғай ағын- арнасына түсеміз. Ал, бұған бізге тарих та, партия да бірде-бір рұқсат етпейді. Солары шексіз дұрыс, ол біздің ғылымның ырысы», — деп сол кездегі саяси-идеологиялық талаптың тар шеңберінен шыға алмады [2; 355]. Алайда бұл сол кезеңдегі саясаттың ызғарының бір сипатынан еді.

Қазіргі əдебиеттану ғылымында аталған конференция жетістіктер мен кемшіліктер жаңаша сара- ланып жатқан «жаңғыру» кезіндегі бұл үлкен əңгіме біраз ілгері басу болды. Оны ұйымдастырған, əрі оған белсене қатысқан əдебиетшілер қауымы шындықты орнатуға атсалысты» деген тұрғыдан бағалануда.

Шындығына келсек, «конференцияның маркстік-лениндік əдіснаманы, оның əдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларын ғылыми жұмыстарда түпкілікті орнықтыру мүддесін ұстағаны тарихи шындық. Сондықтан оған баға берген уақытта егемендік алғанға дейінгі қазақ əдебиеттануының ұлттық мүддеге тамыр тарта алмаған, өткендегі мұраны тарихи ақиқат тұрғысынан бағалай алмаған кемшіліктерінің барлығы осы конференциядан басталғанына көңіл аудару қажет деп ойлаймыз» деген зерттеуші пікірінің де қисыны жоқ емес [3]. Бұдан қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымында осы конференцияның сол кездегі ғылыми маңызы туралы нақты бір тұжырым жасалмағанын аңғарамыз.

Құрылтайда қазақ əдебиетінің негізгі проблемаларына арналғандықтан да əдеби сынның мəселелері де назардан тыс қалуы мүмкін емес еді. Мəселен, Е.Ысмайыловтың «СОКП ХХІ съезі қарарларына байланысты қазақ əдебиеттану ғылымының негізгі міндеттері» баяндамасының «Сынды өрістетейік» атты екінші тарауы негізінен сол кезеңдегі əдеби сынның жай-күйі мен проблемалық мəселелеріне арналған.

Ғалым «əдебиеттану ғылымында бүгінгі тақырыпқа бет бұру дегеніміз, ең алдымен, қазіргі кеңес əдебиетінің күнделікті творчестволық, теориялық мəселелерімен нақты шұғылдану, əдебиет сынын үнемі дамытып отыру болып табылатынын» орынды атап өтеді.

Сыншы сол тұстағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде кеңінен сөз бола бермеген тың мəселені көтерген. Ол — сынның əдебиеттанудың негізгі саласы екенін байыптауы еді. Сол себепті де ғалым əдебиетші, сыншылардың əдеби сынға биік талап деңгейінен қарау қажеттігін күн тəртібіне өткір қояды.

«Əдеби сын, — деп жазады ғалым, — əдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Сынсыз, пікір та- ласынсыз өмірде жалпы даму жоқ. Сондай-ақ əдебиеттану ғылымы да сын жоқ жерде өрістей алмай- ды» [1; 43].

Қазақ əдеби сынын дəуір талабына сай дамытуға нақты талаптар тұрғысынан келген ғалым əдеби мұраға қатысты даулы мəселелер мен қазақ кеңес əдебиетінің теориялық арналарына байланы- сты іркілістерді де бүкпесіз ортаға салды. «Біздің əдебиетші-ғалымдар, əсіресе орта буындағы əдебиетшілер, əдебиеттің тарихтық, теориялық мəні бар даулы мəселелеріне көп жоламайды», — деп сол тұстағы ғылыми ізденістегі басты олқылықты дұрыс көрсетеді. «Бүгінгі əдебиеттің барлық жаңалықтарын, табыстары мен кемшіліктерін жан-жақты зерттеп, өзінің əділ білімді сындарын жазып отыру — біздің əдебиеттану ғылымының абыройлы міндеті» деп білген ғалым мақсаты эстетикалық сипаты мен теориялық тұрғыдан терең талдаулар жасайтын сынды сапалық деңгейге көтеру болды. Білікті сыншының принципті талаптары əдеби сынның өресінің биіктеуі мен өскелең тенденциясын танытуға септігі тигені анық.

Сөз өнеріндегі дəстүр мен жаңашылдық туралы баяндама жасаған М.Базарбаев көзқарасы əдебиеттанудағы қордаланған өзекті мəселелерді талқыға салуымен назар аудартып қана қоймай, əдеби сынды тың арналарға бастауымен ерекшеленеді [4].

Қазақ поэзиясының көркемдік даму деңгейін, ақындық шеберлік қырларын байыптаған ғалым көркем бейне, бейнелеу құралы, əдебиеттің реалистік сипатын дəстүр мен жаңашылдық аясында қарастырған. Бұл ретте С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ə.Тəжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов, Ж.Саин, Қ.Аманжолов, Д.Əбілев, Ə.Сəрсенбаев, Қ.Бекхожин, Ғ.Қайырбеков, Ж.Молдағалиев, С.Мəуленов, Е.Ибрагим сынды ақындардың стильдік ерекшеліктері мен ақындық ізденістеріне де тоқталып, қазақ кеңес поэзиясының өсу жолына шолу жасаған. Сондай-ақ аталған ақындарының поэмаларына талдау жасалып, ақындық шеберлікті көркемдік тұрғыдан дамытудың теориялық мəселелері кең ауқымда қарастырылған. Бұл əдеби сынның бірыңғай кемшілік іздеу сипа- тынан арылып, ғылыми жəне əдеби-теориялық негіздегі талдау жасай отырып, баға беру жолына нақты қадам жасай бастағанын байқатады.

Сонымен қатар қазақ кеңес əдебиетінің көркемдік деңгейі, шығармашылық ізденіс аясы маркстік-лениндік əдіснама талаптарына сай қарастырылуынан социалистік реализм əдісінің теориялық тұрғыдан негізделуі еш таңданыс туғызбасы түсінікті. Конференция баяндамаларында қазақ кеңес əдебиетінің негізгі мəселелеріне баса назар аударылғандықтан, əдеби сынның келелі про- блемалары жеткілікті деңгейде қарастырылмағанын байқаймыз. Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, И.Смирновалардың сынға қатысты жанама пікірлері болмаса, қосымша жəне жарыссөздегі баяндамалар, негізінен, əдебиет тарихына, яғни əдеби, фольклорлық мұра, оны игеру, зерттеу төңірегінде өрбіді. Əрине, мұның өзі түсінікті де. Себебі əдебиет тарихына қатысты дəстүр мен жаңашылдық, тарихи сабақтастық, көркемдік əдіс арналарына байланысты бір шешімге келмейінше, бұл бағыттағы сыншылдық-эстетикалық ізденіс аясын бағамдау қиындықтар тудыраты- ны мəлім. Осындай олқы тұстарына қарамастан, конференцияның əдебиеттанудағы маңызын мына мəселелерден айқын аңғарамыз: фольклорлық мұра, төңкеріске дейінгі əдебиет тарихын дəуірлерге бөле отырып, басты проблемаларын шешіп алудағы батыл қадамдарын айтпағанда, қазақ əдебиетін теориялық тұрғыдан зерттеуге көбірек назар аудару, көркемдік əдіс, дəстүр мен жаңашылдық, жанрлық даму жəне қалыптасу жолдары, стиль мен көркемдік шеберлік мəселелеріне сай тексеру, əдебиеттің социалистік мазмұны мен ұлттық сипатын, идеялық-шығармалық жəне социалистік реализмнің принциптеріне сай өсу жолын жаңа талапта қарастыру мəселелері сол кезеңнің əдебиеттануы мен сын тұрғысынан алғанда аз да болса ілгерілеу болғаны сөзсіз.

Қорыта келгенде, 1950-жылдардың соңында қазақ əдеби сыны «жылымық» кезеңінің бар мүмкіндігін тиімді пайдалана отырып, жеке басқа табынудан туындаған басты кемшіліктер мен негізгі олқылықтардан арылуға бет алды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Смағұлов Ж.Қ. Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихы. — Алматы, 1999. — 137 б.
  2. Əдеби мұра жəне оны зерттеу: Қазақ əдебиетінің негізгі проблемаларына арнал. ғыл.-теор. конф. материалдары /Алматы, 1959, 15–19 маусым. — Алматы, 1961. — 376 б.
  3. 40–50 жəне 60-жылдардағы қазақ əдебиеті. — 2-кіт. — Алматы, 1998. — 219-б.
  4. Дəрімбетов Б. Тазару. Əдеби сын. — Алматы: Жазушы,1991. — 69-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.