Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сегіз қырлы, бір сырлы телегей дарын иесі Құлтума ақын туралы құнды зерттеу *

Қазіргі кезде, егемендігіміз нығайған тұста, əдебиетіміз бен мəдениетіміздің кешегісі мен бүгінгісін мейлінше əділдікпен, шынайы шығармашылық парасат тұрғысынан пайымдау уақыты туған шақта, əдеби мұраларымызды байыппен саралап, тереңдей зерттеп, ақиқаттың алақанына салу қажеттігі алға тартылып отыр. Замана міндеттерінің бірі — бұрын-соңғы əр түрлі дəрежеде зерттелген мəселелерге, қаламгер шығармашылығына қайта айналып соғып, оларға жаңа заманның, тəуелсіз ой-парасаттың тұрғысынан лайықты бағасын беру. Осы келелі міндеттерді шешуде қол жеткізілген бір құндылық — туғанына 175 жыл толуына орайластырылып шығарылған белгілі ғалым, қаламгер, академик Рашит Əл-Каренидің (Кареновтің) «Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу Құлтума ақын» атты ғылыми-əдеби монографиясы [1].

Монографияда кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған қазақ жұртының тарихы мен тағдырын, тəлімі мен тəрбиесін, даналығы мен даладай көңілін сиқыр сөзге ұштастырып жырлаған Құлтума Өтемісұлы туралы өзекті ойлар кең көлемде, мол мұрағат деректер негізінде, ғылыми тұрғыда дəйекті зерттеліп жазылған.

«Ер есімі ел есінде» демекші, қазақта бағасын ұлылардың қатарынан баяғыда алған қадірменді бабаларымыз қаншама. Ел ұйытқысын сақтау үшін кіндік қаны тамған қасиетті отанын қара бұлттай төнген алакөз жаулардан қасықтай қаны қалғанша қорғаған батырларды, ағайын-жұрт арасында ауызбіршілік пен ынтымақты ту етіп көтерген би-шешендер мен ақын-жырауларды, өнер адамдарын халық əрқашан құрметтеген, ардақтаған, қастерлеген.

Əрбір өнер туындыларының өз шебері, жасаушы өнерпаздары болатыны, ешбір өнер туындысының көктен даяр күйінде түспейтіні əркімге ақиқат. Сондай-ақ қазақ поэзиясын жасаушылар да өз халқының арасында туып-өскен елінің талантты перзенттері. Əр тұста ағаштан түйін түйіп, қыш пен тасқа ою ойып, мəрмəрден мүсін салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген, тіл құдіретін игерген асыл сөз шеберлері болған. Оларды халық əр түрлі атаулармен атап, қадірлеген. Солардың ішінде қазақ ауыз əдебиетінің айтыс жанрының жақұттай жарқыраған жұлдызы Құлтума ақынның тұрары хақ. Құлтума Өтемісұлының есімі қазақ əдебиеті тарихында төкпе ақын, əйгілі əнші, дарынды композитор ретінде ерекше аталады. Ол — Біржан сал мектебінен тағылым алып, оның өнерін əрі қарай жалғастырғандардың бірі.

Ақын Құлтуманың шығармашылығы жөнінде жеткілікті деңгейде терең деуге болатын зерттеулер көп емес. Бұдан Құлтума ақынның мұрасы мүлде елеусіз қалды деген ұғым тумаса керек. Ақынның өмірі мен өлендерін таныстыруға, талдауға арналған мақалалар кейінгі жылдары көбірек жарық көре бастады.

Құлтуманың творчествосын (шығармаларын) барынша қадағалап, жинастырып, зор еңбек еткен адам — академик Ахмет Жұбанов. Оның бұл ретте үлкен зерттеушілік жасағанын атап айтқан жөн.

А.Жұбанов өзінің көп жылдар бойында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нəтижесі — «Заманама бұлбұлдары» атты кітабында, əнші Қосымжан Бабақов туралы берілген əңгімесінде, Құлтумаға байланысты мынадай қызық деректер келтірген: «Қосымжан Бабақов берген Құлтуманың, Біржанның, Ғазездің, Қапаштың, Ақан серінің əндерін осы жолдардың авторы да Латиф Хамидимен бірігіп жазған «Абай» атты операсында пайдаланды... Қосымжан шын мəнісінде əннің, оның тарихының шежіресі, мұрағаты болатын. Қайта біз өзіміздің əлі де арылып болмаған надандығымыздан оның көптеген асыл əндерін, əдемі əн айналасындағы əңгімелерін жаза алмай қалдық. Соның өзінде де ол осы жолдардың авторына Құлтуманың, Қапаштын, Балуан Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Ғазездің, Ыбырайдың, Біржанның, Ақанның біз естімеген көптеген əндерімен қатар, олардың өмірбаяндарына, өлеңдеріне қатысты талай деректер беріп кетті. Кеңестік музыка зерттеу ғылымы үшін ол үлкен қолқабыс деп қарау керек» [2].

Құлтуманың «Шабыт шақыру», «Бір ақынға», «Термелер», «Билер жөнінде», «Өмір туралы», «Қарттық жөнінде» деген белгілі термелері, өлеңдері, нақылдары əр жылдары шыққан «Бес ғасыр жырлайды» [3], «Жеті ғасыр жырлайды» [4], «Шешендік шиырлары» [5], «Беташар: Той-томалақ кітабы» [6; 199,200] деген жинақтарда жарияланды.

Бізге жеткен осы бір азғантай ғана мұралар мөлдірлігімен, таза тілімен, дүниені, болмысты образды ойлар арқылы бейнелеуімен, ақындық ойлау жүйесінің ассоциациялық байланыстарға жүгіну шеберлігімен, поэзиялық лексикасымен ерекшеленеді.

Автор аталмыш еңбегін «Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу Құлтума ақын» деп атауы да сондықтан болар. Ақынның шығармашылық туындылары тақырыбы жағынан алғанда, моральдық-эстетикалық сипаты күшті, ал əлеуметтік қырынан қарастырғанда, өз заманының қара нардай шөгіп жатқан қырсықтарына қарсылық жасайды. Халықтың қанын сорған ел билеушілерінің іс-əрекетін аяусыз суреттейді.

Автордың пайымдауынша, ақынның ғибратты, парасатты ойға құрылған нақыл-термелерінде мағыналы, сұлу тіршілік кешуге үндеушілік бар. Ақын өз шығармаларында жақсы адамның «аты арып, тоны тозбайтынын», яғни халықтың этикалық кодексін алға тартады.

Автордың зерттеп көрсеткеніндей, XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде Құлтума ақынның қазақ əдебиетінде алатын орны алабөтен. Ақ жаңбырдай ақтарылған ақпа ақынның телегей- теңіздей бұрқанған талантына өз тұстастары да, кейінгі ақын-жыраулар да бас иген. Əрі ақын, əрі əнші, əрі композитор Құлтума Өтемісұлы — сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі болған.

Монографияда ақынның айтыс-қағыстары, өлең-жырлары, музыкалық шығармалары халқымыздың өнерін, даналығын танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл мұра, əдеби қазына екендігі жоғары пафоспен паш етілген.

Автордың байқағанындай, қазақ əдебиеті мен өнерінің тарихында өздерінің ерекше шығармашылық қырларымен көзге түсетін бір топ ақын-композиторлар бар. Олар: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ т.б.

Қазақтың бұрын-соңғы сал, сері ақындарының дəстүрін жалғастырып, поэзия мен музыканы шебер ұштастыра біліп, оны жаңа көркемдік мазмұнымен толықтыру да, қалың бұқараның ой- армандарын білдіретін өршіл сарындармен байланыстыру да бұл ақындардың шығармашылық дүниесінен мол табылады. Солардың қатарында тұрғандардың бірі, белгілі айтыс ақыны — атақты Құлтума Өтемісұлы. Өкінішке орай, қазақтың XIX ғасырдың екінші жартысында жəне XX ғасырдың басында жасаған əйгілі ақындарының бірі, сазгер əрі əнші Құлтума күні бүгінге дейін əдебиет тарихының шежірелі жинағынан қалыс қалып келген еді. Мұның басты себебі — тоталитарлық жүйе негізіндегі, өткен мұраға деген теріс көзқарас нəтижесінде, ақын мұрасының жөнді жинастырылмай қалуы болатын. Сондықтан автор ардақты өнер иесінің мерейтойына орай біздің заманға жеткен азды-көпті мұрасын бөліп-жармай, тұтасымен жариялауды жөн көріпті. Халқымыздың өткен ғасырлардағы əдебиет əлеміне көз салсақ, бірқатар жыр дүниелері ежелгі жыраулық, ақындық дəстүрде танылса, біразы əнші-ақындығымен, əнші-жыршылығымен бой көрсетеді. Кейбіреулері тұтқиылда қолма-қол өлең сайысына түсер айтыскерлігімен танылады.

Автордың пайымдауынша, айтыс — қазақ халқына Алланың берген таңғажайып тартуы. Бойына бірнеше өнерді топтастырған синкретті жанрдың табиғаты ауызша жаралып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып келеді. Бұл өнердің тағы бір кереметі — талай азуын айға білеген ұлттардың ауызша қалыптасқан дəстүрлері жаңа заманның қомағай көмейіне жұтылып кетіп жатқанда көштен қалмай, жазу-сызу дамыған ХХ ғасырда да, электронды технология қарыштаған ХХІ ғасырда да өзінің кез келген жағдайға бейімделе алатынын дəлелдеп берді. Оны аман сақтап тұрған тамыры тереңге кеткен ақындық мектептердің іргетасының беріктігі болса керек.

Өткен ғасырларда қазақ даласының əр аймағында дамыған ақындық мектептер болды. Олардың көш басында айтулы айтыс ақындары тұрды. Мəселен, Сүйінбай, Құлмамбет, Майкөт, Жамбылдар бастаған Жетісу ақындарының мектебі; Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Тұрмағамбет, Нартайлар бастаған Сыр сүлейлері мектебі; Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жанақ, Орынбай, Кемпірбайлар бастаған Арқа сал-серілері мен ақындары мектебі; Абыл, Нұрым, Қашаған, Ақтандар бастаған Маңғыстау ақындарының мектебі; Майлықожа, Мəделіқожа, Құлыншақ ақындар бастаған Қаратау ақындары мектебі бабалар мұрасының бүгінде қаймағы бұзылмай жетуінің алтын көпірі бола білді.

Қорғалжын-Теңіз аймағы да ежелден əн мен күйге, өлең-жырға өте бай екені қашаннан белгілі ғой. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырда өмір сүрген атақты ақындар, жыршылар, шежіре таратушылар, имандылықты уағыздаған дастандарды, қиссаларды айтушылар осы маңай тұрғындарының сүйіктілері бола білген. Олар — əрі батыр, əрі ақын Тоқа, ақын-жырау Досмағамбет қожа, Үлебай ақын, күйші-жыршы Бікірдің Ілиясы, майталман ақын Түсіп, атақты суырып салма ақын Шаймерден. Жəне бұл аймақ Мариям Жагорқызы (М.Рекина) мен Рабиға Есімжанова, Қосымжан Бабақов пен Жұмабике Серікбаева сынды саңлақтарды өмірге əкелген өңір.

Бір ерекше айта кететін жайт, ерте кезде ел аралап, талай тойда өлең айтқан, сан айтыста сараман жүйріктікпен жүлде алған ақындардың көбінің-ақ өлеңі хатқа түспей, бірте-бірте ұмытылған ғой. Құлтума мұрасы да дəл осындай халге душар болған. Автордың топшылауынша, бізге жеткені оның ағыл-тегіл төккен жырының жұрнағы ғана болуы мүмкін. Бірақ осының өзінен де айтулы өнер иесінің тіл кестесі, сөз өрнегі танылғандай.

Құрманғазы, Біржан сияқты өмірде қанша қорлық көрсе де өз орындарын сезіп кеткен жандардың бірі осы Құлтума. Бұған ел аузында əнге тіркеп айтып жүрген:

Сұрасаң, менің атым — Құлтума-ды,

Момыннан Құлтумадай ұл тумады.

Қолға алып домбыраны шырқағанда,

Тамсантып, шіркін, көмей бұлтылдады! —

дейтін əншінің өзі салған автопортретіндей, оның асқақ ойын, асқан талантын, асқардай дауысын, асқақ үнін, өмірде анау-мынауға имейтін алтын басын бір шумақ өлеңмен беріп тұрған сөзі дəлел.

Құлтума жас кезінен өлеңдегі көркем сөз ұйқасын, айтылу, естілуін, орындаудағы екпін ырғағын дыбыстың сан алуан толқындарына бағындырған. Оның шығармаларында мағынасыз жолдар, орынды, орынсыз көркем сөздің артық-кем ұйқасы жоқтың қасы. Əрбір сөз орнында, өзіне ғана тəн мағыналық қызметін атқарып, жарастық тапқан. Ақын-композитор адам жанының ең бір түкпірінде жатқан құпия сырларын қозғайтын əдемі, үнді, ойнақы сөздер мен дыбысты шебер мəнерлей біледі. Артистерге тəн сан алуан құбылмалы мінез Құлтуманың өлеңдеріне əсерін тигізбей қоймайды. Оның жүріс-тұрысының шапшаң, түрлі өзгерістерге лезде ұшырауы бірде қайралған қылыштай өткір, кейде қалжың-əзілі аралас, кейде терең философиялық мағынаға тəн жырлардың пайда болуына əкеліп соғады. Ақын поэзиясына өмірдің, адамның жарастықты көркем көріністері, жастықтың нəзік сезім күйлері, сыршылдық тəн.

Құлтума Өтемісұлы − өзі жасаған заманның перзенті, өзі өмір сүрген дəуірдің өнерпазы: ақыны, əншісі, композиторы. Өнер адамының өрге жүзуі өз бойындағы творчестволық күшке, өзі өскен ұлттық ортаға, өнер-білім дəнін сепкен жанға рухани азық беріп, ой-қиялын дамытқан туысқан халықтардың озық адамдарының ізгі ықпалдарына тығыз байланысты. Асылы, қазақ топырағындағы озық бұқарашыл идеялардың қарыштай дамуының ең күшті себебі өркениетті елдер мəдени жетістіктерінің арқасы, XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған революцияшыл демократтар идеясына сүйенген орыстың бай классикалық əдебиеті, өнері. Шоқан, Ыбырай, Абайларды туғызған əдеби орта қандай десек, Біржан, Ақан, Құлтума, тағы басқа өнерпаздардың жетістіктері де сол қауымға ұштасады. Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жаршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан, Ақан, Құлтума бастап береді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы əсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі — бəрі сабақтас.

Кезінде Құлтума ақын өз бетімен ізденіп, өнеріне жаңа ырғақ, əуен тауып, оны халқының керегіне жұмсай білді. Көршілес елдер, халықтар өмірімен танысты. Қазақ елінің біраз қалаларында болды. Көп нəрсені көріп білді, құлағына жаңа үн ырғақтары сіңді. Елі-жұртынан бөлініп, қалың қара шаруа тобынан оғаштанған уақыты болған емес. Өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та əсем əн əуендерін қалдырды. Жастық шақтың кеудені керген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығын, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, əсем əуенмен аспандата əндетті. Көптеген сазды, сəнді лирикалар қалдырды.

Құлтума поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз əдебиетінде, музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен кездесіп, сөз сымбаттарын үйреніп, шешендік дəстүрлерін игереді. Төкпе ақындар өнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады.

Қазақтың ақындар айтысы — қазақ халқының өлең өнері мен ақындық шабыт шалымының салтанатты көрінісі. Суырып салма ақындар мен төкпе жыраулардың көп алдындағы нақ майданда өнер көрсететін сахнасы.

Ақындар айтысының мазмұны сан-салалы, онда: салт жырлары, махаббат лирикасы, алма-кезек сайысқан өткір сын, ойнақы əзіл-қалжың, жұмбақ өлең, ата өлең, тау өлең, қара өлең, қайым өлең сияқты өлең түрлерінің бəрі айтылады.

Қазақ арасында айтыстың өрісі өте кең. Ол бала туған шілдехана тойынан бастап, ұлы дүбір мерекелердің бəрін өткізіп отырады. Жастарды сөз өнеріне баулитын жаттығу сипатты айтыстар кең өріс алған. Айтыс — қазақ халқының ақындық өнерінің тамаша дəстүрі жəне ақындыққа баулып шыңдайтын мектеп.

Құлтума Өтемісұлы — аса дарынды айтыс ақыны. Құлтуманың айтыстары мол болуы да мүмкін, алайда бізге жеткендері көп емес.

Ол кезінде Шөже, Орынбай ақындардан тəлім алып, олармен сөз сайысына түскен. Біржан салмен өнер жарыстырып, жақын қарым-қатынаста болған. Біржан сал Құлтумаға ұстаз, жан аямас асыл дос ретінде қазақ əнінің табиғаты мен оның қисапсыз құпия құбылыстары туралы ақыл-кеңестер беріп отырған.

Қолжазба деректеріндегі сипаттауларға жүгінсек, Құлтума ұзын бойлы, жазық маңдайлы, қыр мұрынды, көзі мойылдай қара, кеудесі шалқақ, жарқын жүзді кісі екен. Əн шырқап, өлең төгер алдында ұшар құстай қомданып, дүр сілкініп, өзін сергек, ширақ ұстайтын көрінеді. «Еу, деп» айғайлап алып, есіктен төрге дейінгі аралықта аққан селдей, ескен желдей ақындықтың ырғағына тұтас беріліп, қанаттанып кетеді екен [6; 12].

Құлтума Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Ақан сері, Балуан Шолақ, Əздембай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Кемпірбай, Иман Жүсіп, Ағаш Аяқ, Сабырбай, Шашубай сияқты əнші, ақын, сал-серілермен қарым-қатынаста болған. Ол қазақ даласының түкпір-түкпірін аралай жүріп, Сыр бойында да кеңінен танылады. Осы жерде əйгілі ақын қыпшақ Ырысбаймен айтысқанда оны жеңіп шығады.

Ақын заман жайын сөз еткенде, ел басшыларының əділетсіздігі мен парақорлығын, момынды аунатып жеген қорқау, қомағайлығын бүкпей, ашық айтады. Халық қамын ойлайтын ерлер болмайынша ел-жұрттың алдағы күні қараң деген қорытындыға келеді. Бұған «Базыл болысқа» деген өлеңіндегі пікірлері жарқын дəлел:

Біз енді қайда барып сыя аламыз.

Сынған бір шам үстіне пияламыз.

Бұл күнде тұрымтайдай сиқымыз жоқ,

Төсекте босқа отырып буланамыз.

«Осы шал тамақ аңдып келді ме?» деп Айтуға аз нəрсені ұяламыз.

Қарапайым халық ортасынан шығып, кедейлердің ауыр тұрмысын сезініп өскен Құлтума парақор билер мен пасық байларға қарсылығын уытты мысқыл мен ащы шындыққа толы сатиралық өлеңдерінде айқын білдіреді.

Автордың аталмыш кітабында Құлтума ақынның өмір мұраты, заман бейнесі, тебірене жырлаған шығармалары, əрқилы нақылдары, толғаулары, айтыстары сегіз тарауға топтастырылған.

Алғашқы тарауларда Құлтума ақынның ата-тегі, өмір сүрген жылдары, жастық шағы, айтыс ақыны ретінде таныла бастауы, атап айтқанда, Құлтуманың Ырысбай ақынмен айтысы, Намаз ақынмен кездесуі, Асаубай шешенмен қақтығысуы, Исабек ақынмен айтысуы, Құлтума мен Қожабай арасындағы сөз сайысы жайлы жазылған.

Ортаңғы тарауларда Құлтума ақынның халық арасына кең тарап кеткен нақыл-термелері, бəйіттері, толғаулары беріліп, Құлтуманың əнші, домбырашы, композитор ретіндегі бейнесі суреттелген.

Ұлытау өңірін мекендеген, Бағаналылардан (Найман руы) шыққан əрі шешен, əрі би Ерден батырдың тұлғасын Құлтума ақынның өшпестей өлеңмен сомдауына арнайы тарау арналған.

Кітаптың соңғы тарауларында Құлтуманың өз тұсындағы білікті, қадірлі кісілермен қарым- қатынаста болуы жайлы жазылып, ақын талантын мадақ еткен мəнді сөздер, жанды куəліктер келтірілген.

Сөйтіп ұзақ жылдар бойы айтылмаған «үнсіз» жылдарды кешіп өткен Құлтума ақын алдымызға қайта жарқырап келді. «Өлген тірілді, өшкен жанды» демекші, Тəуелсіздікке қол жеткізіп отырған таңда Құлтума ақынның жалынды өлендері қайта оқылып, ұлтымыз ардақты ұлының есімін мақтан ететін болдық.

Тұтастай алғанда, көрнекті ғалым Рашит Əл-Каренидің (Кареновтің) «Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу Құлтума ақын» атты кітабы əдебиетіміздің заманауи талаптарынан туындайтын өзекті тақырыпқа жазылған еңбек деп бағалауға болады. Бұл еңбек əйгілі айтыс ақыны Құлтума Өтемісұлының мұрасын танып, бағалау барысында өзінің деректерімен де, ой-түйіндерімен де оқушы қауымға азды- көпті көмегін, пайдасын тигізер деген үміттеміз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Каренов (Əл-Карени) Р.С. Ойы ұшқыр, өлеңі сұлу Құлтума ақын. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. — 176 б.
  2. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 335, 336-б.
  3. Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары: Үш томдық. — 2-т. / Құраст. М.Байділдаев, М.Мағауин. — Алматы: Жазушы, 1984. — 232-238-б.
  4. Жеті ғасыр жырлайды: Екі томдық. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 2004. — 50-55-б.
  5. Шешендік шиырлары: шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы / Құраст. І.Есхожин. — Алматы: Қайнар, 1993. — 225, 226-б. Беташар: Той-томалақ кітабы / Құраст., алғы сөзін жаз. Ж.Дəуренбеков. — Алматы: Өнер

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.