Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Қабанбай батыр» жырының көркемдік мəселелері

18 ғасырдағы қазақ халқының елі мен жерін қорғауда өшпес ерліктің өнегесін қалдырып, халқы құрметтеп Қабанбай, Дарабоз, Хан батыры атандырған ірі қолбасшы, жасақтың бас сардары, тарихи тұлға Қаракерей Қабанбай батыр еді. Халқымыздың ерлік шежіресіне байланысты немесе «Ақтабан шұбырынды...» кезіндегі зұлмат пен нəубет қатар келген тұстағы тарихқа үңілген қаламгерлер мен тарихшылар назарынан Қабанбай батыр тысқары қалмаған. «Айтуларға қарағанда, Қабанбай жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Бұл ұрыстардың көбінде батыр жеңіспен оралып, елдің алқауына бөленген. Ел алдындағы ерлігін еске алып, Абылай хан өзінің айтқан серті бойынша оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген» [1; 38], — дейді Шыңжаң өлкесінің тарихшылары батырға қатысты шығарылған еңбектерінде. Академик М.Қозыбаев: «Абылай ханның даналығы мен көрегендігі осы бір дала демократиясы мен хандық диктатураны бір жүйеге сая білді. Бөгенбай батыр бастаған, Қабанбай қостаған жаужүрек батырлар Абылайдың семсер ұстаған қолы болса, Бұқар мен Төле би бастаған шешендер мен көрегендер тобы Абылайдың сезімтал жүрегі болды» [2; 31], — деп жазады.

Əйгілі батыр Қабанбай батыр туралы Құрманғали Халидидан бастап, сандаған тарихшы ғалымдар пікірлері баршылық. Сол ғалымдардың көбінесе басшылыққа алатыны, деректер мен дəйектер іздейтіні Қабанбай туралы ел айтқан аңыз, өлең, жырлар болатын. Батырдың көзін көрген Бұқар жырау, Ақтанберді, Тəттіқара, Үмбетей жыраулар толғауларында да Қабанбай есімі елдің жоқтаушысы, ерліктің ерен тұлғасы ретінде сипатталады. Сондай-ақ ел аузында аңыз əңгіме арқауына айналған батырдың ерліктері, жекпе-жектері, астындағы тұлпары Қубас аты жайындағы қарасөз үлгілері бірте-бірте көлемді эпикалық жырларға ұласқаны зерделенген [3]. Қазіргі зерттеулердің нəтижесінде «Қабанбай батыр» жырының 17 нұсқасы белгілі екендігі нақтыланып, эпикалық мұраның поэтикалық болмыс-бітімі сараланған [4; 84]. Батырдың ерлік ісін көрсетуге қатысты жырдың көптеген нұсқасының оқиғалары бір арнаға тоғысып, кейбір кісі есімдеріне байланысты айырмашылықтары болмаса, Қабанбайдың ерлігіне қойылған ескерткіш деуге тұрарлық екендігі ғалымдар тарапынан өз дəлелін тапқан.

Жырдағы оқиғалар үш ірі қақтығыс төңірегіне топтасады:

  • Қабанбай мен жау батыры;
  • Қабанбай мен Дəулетбай;
  • Қайта айналып шапқан жау.

Бұл нұсқалардың құрылысына өзек болған. Жырдың басталуы əр түрлі болып келеді. Мысалы:

Қазақта бұдан бұрын болып өткен,

Сөйлейтін Қаракерей Қабанбайдан.

(Сағымбаев М. нұсқасы. Қаракерей Қабанбай. 1933 ж. Көлемі 620 жол).

 ... Халыққа батыр едің тиген пайдаң,

Абырой бірдей болған ақыл айлаң.

Үш жүзде ұран болып, даңқың шығып

Аруағың естілетін анадайдан.

(Əлібеков Қ. Қабанбай батыр. 1974 ж. жазылған нұсқасы. Көлемі 580 жол).

 Базардан бақша-бақша бөз келеді,

Атқан оқ ажалдыға кез болады.

Жамағат құлақ салып сөз тыңдасаң,

Азырақ Қабанбайдан сөз келеді.

(Мергенбаев Б. Қабанбай туралы жыр. Қолжазбада Бұқардың жыры деген сөз де бар. Көлемі 694 жол. Қара сөзбен басталатын нұсқа).

 Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,

Басынан Арқаұлының күн шалғаным,

Жиылса Арғын, Найман, өңкей қазақ

Сөз еді ер Қабанбай ұйғарғаным.

(Ахметов Е. Қабанбай батыр. Көлемі 1120 жол).

 Бұл нұсқаның басталуы Ш.Кəрібаев, Е.Қайырбеков нұсқаларымен үндеседі.

Бір қисса сөз бастайын Қабанбайдан,

Шын батыр болмаса да сөз шығар қайдан.

Соғысқан қазақ-қалмақ заманында

Ерлігі жұртқа мəлім жарық айдан.

(Мағзиев Т. Қабанбай батыр. 1977 ж. тапсырған. Көлемі 1150 жол).

Жырды айтушылардың алғашқы шабыт шақырып, тыдаушыны өзіне бейімдеуі осылай басталған[3; 94].

Қабекең сан соғыста ерлік еткен,

Өтседе талай заман бізге жеткен.

Қабекең бір жорықта жүргенде

Қалмақ кеп бір руын шауып кеткен.

Қос аттап күндіз-түні тынбай шауып,

Тездетіп Қабекеңе хабар еткен.

Орта жүз, арғын-найман алысыңды,

Қалайша жауға берсін арысыңды.

Батырдың Қабанбайдай заманында,

Дұшпанға беріп пе еді намысыңды.

Естіп бұл хабарды Ер Қабанбай

Қайғырды қалам ба деп кек алалмай.

Қайғылы ер Қабанбай дегенді естіп,

Мұрыннан іздеп кепті ер Боранбай.

Ер жақтап келіп жатыр батыр қалмай,

Ұлы күш бола алама жұрт жиылмай.

Бас қосты тамам батыр дегенді естіп,

Келіпті Қанжығалы қарт Бөгембай... [5; 183], —

деп жалғаса береді. Бұл баяндаулардан байқағанымыз, қалмақтың қарсы келіп, қазаққа шабуыл жасағанына Қабанбай батырдың тосылмағаны, оның жанына рулас батырлардың — ер Боранбай, қарт Бөгембай, батыр Барақ, ер Баймұрат, Еркінқожа, Бердіқожа, ер Дəулетбай, ер Жəнібектердің жиналуы сөз болады. Яғни, оқырмандарды «батырлық өлшемі — ерлік, елдіктің өлшемі — бірлік» екендігін дəлелдеу болатын [4; 48].

Қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс Алакөл маңында болғаны белгілі. Жырдың көп нұсқаларында Қабанбайдың жекпе-жекке шығатыны қырғыз болса, кей нұсқаларында қалмақ делініп отырғанын байқаймыз. Бұның себеп-салдарын фольклортанушы-ғалымдар Б.Əбілқасымов [6], З.Сəнік [1], Б.Рақымовтар [3–5] түсіндірген еді. Жырда:

... Батырлар асығуда тез жетуге Кейінгі елден шыққан күнін санап.

Жүрісі ұлы дүбір той секілді,

Əн салған екі-екіден өңшең манап.

Жол жүріп бір ай болды деген кезде,

Жақындап Алакөлге келді таяп.

Қалың қол жолда жүрді бір ай қатты,

Қамшылап астарында мінген атты.

Жетті де Алакөлге қосын тігіп,

Табжылмай ат семіртіп бір ай жатты.

Ап жүрген азық-түлік қор таусылып

Бескүндей тамақ таппай қарап қапты [5; 184], —деп бейнеленеді.

«Жекпе-жекке» шыққан қазақ пен қалмақ күресінде:

... Тигізбей Əтеке де қағып қалды,

Дұшпанға бұ да батыр жол бермеген.

Қылса да қандай қайрат болар емес,

Қайраты артық екен өзге ерден.

Əтеке қайта оралып шоқпар ұрды,

Көрмейді ер Барақты адам ғұрлы.

Шоқпардың зардабынан басы айналып,

Шыдамай батыр Барақ атын бұрды [5; 186].

Қалмақтың Əтеке батырына əлі келмеген Барақ батырдың беті қайтады. Енді бұл Əтеке батырға қарсы шайқасқа Дəулетбай батыр шығады.

Дəулетбай орай тауып найза салды,

Əтеке тигізбестен қағып қалды.

Неғылсақапы кетпеу жан таласып,

Істеп жүр соғыстағы барша амалды.

Қабекең қарап тұр ет артын байқап,

Əтеке Дəулетбайды қалды шайқап.

Сауытты жыртып етке найза батып,

Шыдамай Дəулетбай ер шықты тайқып [5; 187], — деп келеді өлең жолдары. Бұдан аңғарғанымыз, қалмақтың дес бермес Əтеке батырына тең келер батырдың қарсы тұра білуі еді. Бұл тартысқа түскен «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» Қабанбай батырдың жекпе-жекке шығуы болатын.

... Салған найза сынып жатыр бытырлай,

Қояр емес бірін-бірі жапырмай,

Қан талап екі көзін жұлысып жүр

Арты қалай болар екен, япырмай.

... Екеуі де тайсалатын ер емес,

Біріне өлмей бермес намысты.

Шашақты қолда найза сабы тулы,

Қубас ат шапқан сайын дамытулы.

Көз қыры Қабекеңнің түсіп кетсе,

Сауыттың бас түймесі ағытулы.

Найзаны əдетінше оңдап алды

Дəл көздеп бұғанадан ұрып қалды.

Өкіріп аттан қалмақ құлап түсіп,

Құшақтап қара жерді жатып қалды.

Қансырап аттан қалмақ құлаған соң,

Жібермей астындағы атын алды.

Қабекең əлі мықты боз баладан,

Кəпірді неге қойған бағанадан.

Сүйсініп жауға қылған ерлігіне

Көргендер Қабекеңе болыпты таң [5; 187].

Бұл көріністер батырдың шын мəніндегі күрестегі жеңісінің айғағы! Батыл, ержүрек, қайсар, қарсы келген дұшпанға төтеп бере алатын қазақ батырларына тəн мінез, тəн қасиет. Осы ерліктің еркіндікке апарар бірден бір жолы екенін, сол арқылы аңсаған арманға — егеменділікке, тəуелсіздікке қол жеткізу екендігін батыр саналы ұққан. Жыр оқиғасы тек осы бір жекпе-жектің желеуімен кетпеген. Батырдың ерліктері, астындағы тұлпары, өмірінің соңғы кезеңі, ақырғы айқастары арқылы жырдың оқиғалары дамытыла түскен. Эпикалық шығармада қазақ халқының мекен еткен кеңістік атаулары, батырдың майдандас серіктері, ұрпақтары мен азаттық жолындағы күрестің үзік-үзік елестері жыр сюжетінде енгізіліп отырған.

Ең бастысы, тарихи кезеңнің сыр-сипатын, дəуірдің елесін тап басуымен жыр құнды қазынамыз бола бермек.

«Қаракерей Қабанбайдың есімі əрқашан қазақ елінің есінде. Əрі ұрпақ оны ұмытпауға, қадірлеуге міндетті. Елі бардың ері бар. Сонау Тарбағатайда тау мен тастың қиырында ата жауын қасқая қарсы алып, кеудесін оққа төсеп айқасып, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алды. Түн қатып, толарсақтан қан кешті. Жұртымен бірге қабырғасы қайысты. Ұрпақ үшін дұшпанымен сайысты. Қазақтың рухын биік ұстап, намысын жерге таптатпады. Халқы оны құрметтеп Қабанбай, Дарабоз, Хан батыры деп атады. Бұл қазақ əскерінің қолбасшысы, бас сардары Қабанбай еді. Дүниеден өткен Еділдің, қыпшақ Байбарыстың, ұзын найза Тəуекелдің, еңсегей бойлы ер Есімнің ерлік істерін жалғастырушы Ұлы Даланың тағы бір ірі тұлғасы, ерен батыры еді» [7].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сəнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай: Аңыз, зерттеу, қиссалар. — Алматы: Жазушы,
  2. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. — Алматы: Қазақстан, 1994. — 31-б.
  3. Рақымов Б.С. Тарихи жырлар тағылымы. — Қарағанды: «Болашақ-Баспа»,
  4. Рақымов Б.С. Тарихи эпос табиғаты. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы,
  5. Рақымов Б.С. Қазақ тарихи жырлары: Хрестоматия. — Қарағанды: «Болашақ-Баспа»,
  6. Əбілқасымов Б. Қаракерей Қабанбай батыр // Қазақ тарихи жырларының мəселелері. — Алматы: Ғылым, — 91– 114-б.
  7. Күмісбайұлы Ш. Қаракерей Қабанбай. — Алматы: Аруна, 2006. — 89-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.