Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ығысу құбылысы жəне грамматикалық синкреттену

Сөйлем құрамындағы анықтауыш мүшелердің əдепкі толықтауыштардың орнына жұмсалу реті жайлы қабыса байланысқан тіркестерге қатысы ілгерідегі жұмыста егжей-тегжейлі сөз болып, сонымен қатар тілдегі ығысу құбылысының əсерінен анықтауыштың толықтауыш орнына жұмсалуының матаса байланысқан тіркестерден де көрінетіндігі айтылған болатын. Бұл бойынша, ығысуға тиіс сөз — матаса байланысқан тіркестің басыңқы сыңарындағы көмекші сөз. Осындағы ығысудың басты себебі көмекші сөздердің жеке тұрғанда семантикалық мағына бермейтіндігінде болса керек. Екіншіден, матасуда мекендік мəн көрсеткішіне ие болатын көмекші сөздердің сол сияқты мекендік мəні бағыныңқы сыңарда да болуы, сөз жоқ, оның (көмекші сөздің) ығысуына негіз болады.

Толымсыз құрылыстағы анықтауыштардың толықтауыш орнына жұмсалуы кей жағдайларда қабысуды меңгеруге жақындатса, толықтауыштың қызметін көмекші сөздердің түсірілуінен атқаратын анықтауышты матасудың бұл түрінде де тіркес меңгеруге өтеді. Алайда меңгеріле байланысып тұрған тіркестегі бағыныңқы сөз толықтауыш тұлғасынан бұрын анықтауыш тұлғасында болатыны байқалып тұрады. Айталық, Алушының сұрағына жығылмай, оны өзінің айтқанына көндіріп үйреткен өктем мінез саудагер күні-түні дүкенінен шықпаса да, айтқаны орындалып жататын (Ə.Кекілбаев) деген сөйлемдегі «дүкенінен» сөзіне əрі толықтауыштың, əрі пысықтауыштың сұрақтарын қоюға болады. Мұның себебі «ішінен» сөзінің түсірілуінде (бағыныңқы сыңардың грамматикалық тұлғасы бойынша бағамдағанда). Егер сөйлемнің əдепкі жоспардағы құрылысы мен қабылданғандағы толымды түріне зер салсақ, аралық мүше (толықтауыш- пысықтауыш) қызметіндегі сөз ілік формасына ауысып, кəдімгі күрделі пысықтауыш болып шығады. Сөз саптау үлгісі бойынша жоспардағы əдепкі сөйлем (мұнан былай. — ЖƏС) жəне қабылданған сөйлем (мұнан былай. — ҚС) Алушының (қойған) сұрағына жығылмай, оны өзінің айтқан (сөзіне) көндіріп үйреткен өктем мінез саудагер (Махмұт немесе адам) күні-түні дүкенінің ішінен шықпаса да, айтқан (сөзі) орындалып жататын. «Бұл етістік (шық-. — Ж.Б.) меңгерген сөздер объектілік- мекендік мағынада синкреттенеді», — деген зерттеуші Т.Жүкеев дəл осы тұста ығысу құбылысын жəне сол арқылы пайда болатын толымсыз құрылыстағы сөйлем мүшелерінің бір түрден екінші түрге осылайша ауысып отыратындығын назардан тыс қалдырса керек [1; 16].

Есіктен кіріп келгенде, сасқалақтап орнынан көтерілді (Ə.Кекілбаев). Бұл мысалдағы «кір-» етістігі жоғарыдағы тіркестен өзі қатысып тұрған тіркесті ерекшелейді: есіктің сыртынан кіру. Мұндай қолданыс ешқандай логикаға сыймайды. Сондықтан «есік» сөзінде конкретті мекендік мағына болмаса да, ойша қоюға болатын «бері» үстеуі оның пысықтауыштық сипатын арттыра түседі. Шындығында, əр уақытта да «кіру» етістігі қолданылған жағдайда «неден?» деп  емес, «қайдан?» деп сұрақ қойылады. Осындай сипаттарына қарай шығыс септікті сөздердің бəрі бірдей анықтауыштың ауысқан түрі еместігі байқалады.

Жалпы анықтауыш мүшелердің толықтауыштық тұлғада жұмсалуы ілік тұлғалы сөздермен тіркесетін көмекші сөздердің ығысуынан келіп шығатындығына тағы біраз мысалдар келтіруге болады. Бұл кейбір барыс тұлғалы сөздерге де қатысты.

Мысалы, Кешқұрым қызды бөлмесіне шақырып ап, ақыл айтатын (Ə.Кекілбаев) сөйлемінде де матасудың екінші сыңары маңызсыз. Сондықтан «ішіне» сөзіндегі жалғау меншіктік анықтауышқа қосылып, оны актуалдандырып тұр. Себебі ЖƏС пен ҚС-дағы «бөлме» сөзі қайтадан ілік тұлғасын қабылдайтындығы байқалады: Кешқұрым қызды бөлмесінің ішіне шақырып ап, ақыл айтатын. Бұл орайда «бөлмесінің ішіне» синтагмасы да — күрделі пысықтауыш.

Енді мына сөйлеммен салыстырып көрейік: Қалың ағаштың арасын сирек қондырылған сықсима шамдардың сұйқылт жарығында тəлтіректеп келе жатқан мас кісідей қисалаңдаған рабайсыз көлеңке əлгі абажа қақпаның алдына келгенде, бойын тіктеп ала қояр-ды (Ə.Кекілбаев). Алайда мұндағы «қақпа» сөзі «үй», «дүкен», «бөлме» тəрізді сөздерге қарағанда мекендік жағынан абстрактілі: қақпаның (жаны, қасы, алды т.б.). Оның мекендік мəнін нақтылайтын — осындай көмекші сөздер. Сонысына қарай сөйлемдегі «қақпаның» сөзі анықтауыштық тұлғасына қарамастан, синтетикалық тəсіл арқылы байланысқан күрделі пысықтауыш болады. Ал егер «алдына» сөзін түсіріп, «қақпаға келгенде» тіркесі түрінде қарайтын болсақ, бағыныңқы сөз синкреттенеді.

Сол сияқты, Тас тротуарға шырт еткізіп бір түкіріп, алысырақтағы автобус аялдамасына қарай жүгіре жөнелер-ді (Ə.Кекілбаев) деген сөйлемде де «тротуарға бір түкіріп» тіркесі ЖƏС пен ҚС бойынша, «тротуардың үстіне бір түкіріп» түрінде келеді де, синкретті сөз таза пысықтауыштық сипатқа өтеді.

Ал Москваға жиналысқа кетті (Ə.Кекілбаев) деген сөйлемдегі синкреттіліктің толымсыздыққа еш қатысы жоқ. Себебі мұндағы толымсыздық бастауыштың түсірілуінен ғана байқалады.

Анықтауыш тұлғалы басыңқы сыңардың кей жағдайларда толықтауыштық тұлғаға жатыс септік жалғауымен де өтетіні бар.

Бұрын плащында тасыр салып билеп жүрген ерке тамшылар енді əлденеден естері кете қорқып, көп түтекке ыршып түсіп, безіп бара жатқандай (Ə.Кекілбаев). Қабылданған немесе жоспардағы əдепкі сөйлем тұрғысынан қарағанда, тіркес «плащында билеп жүрген»  емес, «плащының үстінде билеп жүрген» түрінде болады. Сөйтіп толымдыға айналған тіркестегі бағыныңқы сыңар пысықтауыш ретінде танылады.

Алайда «Ауылда тұрамын», «Қалада тұрамын» дегендердегі «ауыл», «қала» сөздерінің мекендік мəні конкретті болатындықтан, оларға көмекші сөздері бей-берекет тіркестіре беруге келмейді. Яғни мұндай сөйлемдерге құрылысы жағынан анықтауыш қажет емес. Болған күнде де, ол — сапалық жағынан ғана анықтайды. Ал жоғарыдағы «плащында» сөзіне мұндай анықтаушы көмекші сөз қажет. Себебі онда нақты мекен (етегі, арқасы т.б.) белгісіз болып тұрады.

Мұны сөйлем мүшелерінің синкреттілігін арнайы зерттеген Т.Жүкеев те қуаттайды. Мəселен, зерттеуші Ерік етігін шешіп тастап, пеш түбіндегі (неде? — қайда?) орындықта арқасын қыздырып маужырап отыр (О.Бөкеев) деген сөйлемді талдай келе, ондағы меңгеріле байланысқан екінші тіркестің бағыныңқы сыңарының синкреттенуі жайлы былайша түсіндіреді: «...жатыс септігінде тұрған орындық зат есімінде заттық мағынамен қатар, көлемдік мағына да жарыса көрініс тауып тұр. Бұл мысалда көлемдік (мекендік) мағынаның жарыса көрініс беруі үш факторға байланысты: біріншіден, орындық сөзінің мағынасына байланысты. Орындық — кісі отыруға арналған үй жиһазының бір түрі. Бұл зат есімнің жаралуында мекендік мағына табиғи бекіген. Екіншіден, орындық сөзінен кейін жатыс септікті үсті деген көмекші есімнің түсіп қалуы байқалады. Көмекші есімді қалпына келтіріп айтсақ,... жоғарыдағы ерекшеленген мүше тек мекен пысықтауыш болады. Осы аналитикалық сөз формасының (орындықтың үстінде) құрамындағы үсті көмекші есімінің ықшамдалуының арқасында бұрынғы пысықтауыш мүше толықтауышпен синкреттенген.

Себебі көмекші есімдер кеңістік мағынаны білдіріп, өзі тіркескен сөзді көбінесе пысықтауыш етеді. Көмекші есім ықшамдалған жағдайда оның құрамындағы септік жалғауы алдыңғы есім сөзге ауысады да, оның (көмекші есімнің алдындағы сөз) мекендік мағынасы əлсірейді. Нəтижесінде толықтауыштық мағына мен пысықтауыштық мағына синкреттенеді. Сондай-ақ Ол төсекте отыр. Ол төсектен тұрды деген сөйлемдердегі төсекте, төсектен деген синкретті мүшелер төсектің үстінде, төсектің үстінен деген сөз формаларының ықшамдалуы арқылы пайда болғандығын байқаймыз. Үшіншіден, меңгеруші отыр етістігі — мағынасы жағынан статикалық етістік. Етістіктің бұл мағынасы да мекендік мағынаны күшейте түседі» [2]. Алайда меңгеруші етістіктің статикалылығы бағыныңқы сөздің мекендік мəнін күшейтетіндігі түбегейлі тұжырым болмаса керек. Мысалы, атта отыр тіркесіндегі бағыныңқы сөзге еш уақытта да қайда? деп сұрақ қоя алмаймыз. Сондықтан бұл тұста адресанттың контекст пен жағдаят ыңғайына қарай кодталған хабарындағы интенцияны адресаттың «жазбай тану» қажеттігі негізгі деп саналуға тиіс, яғни ол үшін коммуникативтік актіге түсушілердің (қаламгер мен оқырман) өзара бақылаушылық қызметі маңызды болмақ.

Сонымен, толықтауыш пен пысықтауыш мүшелерінің синкреттенуіне кей жағдайда сөйлемнің толымсыздығы себеп болып жатады. Байқағанымыздай, бұл екі сөйлем мүшесінің ара-жігін ажыратуда меншіктік анықтауыш тұлғасының қызметі ерекше. Синкретті сөзге мұндай ілік жалғауын үстейтін сөздер — көмекші есімдер. Сөйлемдердің осындай синтаксистік құрылысын ықшамдағанда, адресант ығысқан көмекші есімдердің толықтауыш тұлғасындағы барыс, шығыс, жатыс жалғауларын анықтауыш тұлғасындағы сөзге қосатын болған. Қазіргі грамматикалық талдауларда мұндай синкретті мүшелер сөйлемдегі хабарды мұқият танып, сұрақты дұрыс қоя білумен толықтауыш жəне пысықтауыш болып ажыратылып жүр. Түптен келгенде, сөйлемдегі хабарды мұқият тану деген — адресант интенциясын дұрыс тану. Сонда ғана адресат хабарды толымды етіп қабылдайды да, синкретті мүшені толықтауыш не пысықтауыш деп ажырата алушылық мүмкіндігіне ие болады. Мұнан кез келген сөйлемді таза лингвистикалық емес, сонымен бірге психологиялық тұрғыдан да қарау қажет екендігі келіп шығады. «Сөйлеу, сөйлеу процестерін, сөйлегенді қабылдау, түсіну жағдайларын психологияның қатынасынсыз шешу мүмкін емес. Сөз мағынасындағы алуан түрлі құбылыстар, сөздердің келтірінді мағыналарында қолданылуы т.б. психологияның ассоциация заңына негізделеді» [3].

Енді көмектес септікті толықтауыш пен пысықтауыш синкреттенуіне тоқталып көрейік.

Қолда бар тілдік материалдарды психолингвистикалық тұрғыда талдау арқылы синкреттіліктің бұл түріне де сөйлем толымсыздығының əсер етпей қоймағандығы анықталды. Алайда бұл тұста мəселе тек көмекші сөздердің түсірілуінде емес. Онда да көмекші сөз болатын — атау тұлғалы сөздермен байланысатын арқылы септеулік шылауы.

«Арқылы септеулігі зат есім, қимыл атауымен тіркесіп, істің, қимылдың амалын, не арқылы іске асқанын білдіреді» [4].

Осы секілді пікір М.Серғалиевте де бар: «Тілімізде бұл шылаудың соншалықты мол ұшырасатынына сай синоним болу сəттері де жиі кездеседі. Бұған синоним болушы конструкциялар объектінің ішіндегі құралдық мағынада жұмсалады....Көмектес септігінің жалғауы да арқылы-ның қызметінде жүре алады» [5].

Арғы жағаға көпірмен өтесіңдер сөйлеміндегі «көпірмен өтесіңдер» деген меңгерудің бағыныңқы сөзіне немен? жəне қалай? деп те сұрақ қоюға болады. Бұл — синкреттіліктің белгісі. Өйткені сөйлем толымсыз. Ығысқан сөз — арқылы септеулік шылауы. Сөйлемге ондағы хабардың декодталуы тұрғысынан ой жүгіртсек, ығысқан арқылы шылауы оп-оңай-ақ табылады. Демек, тіркестегі объектілік қатынастың ішінде құралдық мағына айқын аңғарылып тұр. Мұндай құралдық мағынада жұмсалатын сөздер көбіне-көп басыңқы сыңардағы етістікте баяндалатын əрекеттің орындалу тəсілін көрсете алу қабілетіне қарай актуалданады да, əдіс-тəсілді білдіретін сөз маңызсызданып, сөйлем құрылысынан ығысады. Мұнан да гөрі көз жеткізе түсу үшін хабардың декодталуына назар аударайық: (тіркес түрінде) көпір арқылы өтесіңдер. Басыңқы сөздің пысықтауышқа айналғандығы дау туғызбас деп ойлаймыз. Яғни сөйлемді толықтыру барысында аралық мүшені бір жақты еттік. Дəл осындай құбылысқа телефонмен сөйлесті, хатпен деген тіркестер де мысал бола алады. Бұл арада аталған септеуліктің көмектес тұлғалы меңгерудің барлығына бірдей қатысты емес екендігін айту керек. Айталық, бормен жазды тіркесіндегі бағыныңқыға арқылы септеулігінің еш қатысы жоқ. Себебі бордың өзімен жазуға болады, ал көпірдің өзімен өтуге келмейді, көпір арқылы өтуге болады, сондай-ақ телефонның өзімен сөйлесуге келмейді, бірақ телефон арқылы сөйлесуге болады. Сонда, мұндай жағдайда арқылы септеулігімен жасалған аналитикалық сөз формасының қандай да бір əрекеттің орындалу тəсіліне тікелей қатысы болмай, жанама, яғни, дəнекерлік қызметте ғана жұмсалатындығы аңғарылады. Қысқаша баяндағанда, субъектінің əрекеті синкреттеніп тұрған объектінің өзіне емес, өзге бір келесі объектіге бағытталуға тиіс.

Енді бір сөйлемдерде құралдық мағынадағы сөздер əрекеттің орындалу əдісі мен тəсілін өзі арқылы беруге бейім келеді, яғни құралдық мағынадағы сөздің атауынан-ақ оның əрекетті қалай жүзеге асыратынын білуге болады. Осыған байланысты баяндауышты сипаттаушы сөз ығысады да, құрал атауы санада əрі əрекет, əрі зат ұғымдарын қоса бейнелейтін сөз ретінде бекиді. Бір сөзбен айтқанда, ол актуализатор қызметін атқарады.

Мысалы, Бұл жақта ағашты балтамен бұтайды деген жалпылама жақты сөйлемдегі «балта» сөзінде құралдық ұғыммен бірге (шабу) қимылдық ұғым да бар. Хабарды қабылдауда бұл сөздің осындай қасиеті міндетті түрде ескеріледі. Ол қасиет — қос ұғымды бір формамен кодтау қасиеті. Мұндайда адресант сөздің кодтай алушылық мүмкіншілігіне қарай хабарды толымсыз сөйлеммен береді. Себебі код «кілті» коммуникативтік актіге түсушілерге ортақ. Сонда ҚС Бұл жақта ағашты балтамен шауып бұтайды түрінде декодталады да, ондағы «шауып» сөзінің контекстке еш қатысы болмай қалады. Сонымен толымсыз күйінде талдауда «балтамен» сөзі — синкретті сөз, ал толымды етіп талдауда — толықтауыш мүше. Себебі екі бірдей ұғымды бір бойына сыйдырған сөздегі қосалқы пысықтауыштық мағына «шауып» көсемшесіне ауысады да, «балтамен» сөзі ондай қосымша грамматикалық қызметтен ажырап, қалған толықтауыштық мағынаны еншілейді. Сол сияқты жəне бір мысал: Ол бес əріпті ауызбен (ауызбен дауыстап. — Ж.Б.) айтып жатудың ешқандай қажеті жоқ (Ə.Кекілбаев). Ал -п, -ып, -іп, -а, -е, -й көсемшелерінің жеке тұрғанда көбінесе синтаксистік қызметі пысықтауыш болатыны белгілі [4; 529]. Осы секілді тағы бір мысал: Таспен (...) ұстап алдым (ықшамдалған сөйлем, мұнан былай — ЫС) — Таспен ұрып ұстап алдым (ҚС) немесе Қайықпен (...) өттім (ЫС) — Қайықпен жүзіп өттім (ҚС) т.б.

Осы жерде зерттеуші Т.Жүкеевтің еңбегіне тоқтала кетсек, онда «бұл септіктегі есім сөздер сөйлемде объектілік-амалдық, объектілік-себептік мағыналарда синкреттенеді. Мысалы: Екі күнді əбігерлі (немен? қалай?) дайындықпен өткізді (О.Бөкеев).

Кейде бұл септіктегі сөзде объектілік мағына мен себептік мағына түйіседі. Мысалы: Шынында, Игілік осы үйді үлкен (немен? — не себепті?) есеппен жасатып еді (Ғ.Мүсірепов)» делінген [1; 16].

Автордың синкреттілік құбылысын түсіндіруде бағыныңқыны меңгеретін етістікке көңіл бөлуі орынды. Десек те, синкреттенудің көмектес тұлғасына қатысты түрі объектілік-себептік мағына тудыратындығы күмəнды. Мəселен, жоғарыдағы екі сөйлемнің синкреттенуінде объектілік-амалдық мағына ғана бар сыңайлы.

Біздің ойымызша, олар — Екі күнді əбігерлі дайындықпен (жанталаса) өткізді жəне Шынында, Игілік осы үйді үлкен есеппен (ойлай) жасатып еді түрінде жоспарланған толымсыз сөйлемдер. Ал «есеп» сөзіне ассоциациялық өрісіндегі «ой» сөзі жақын тұратындығын ескерсек, толымсыз құрылыстағы бұл синкреттілік объектілік-амалдық мағына береді. Оған адресат ретінде өзіміз қабылдаған хабардың мазмұны дəлел деп ойлаймыз.

Ғалым Ə.Хасеновтің пікірінше, «септіктер категориясына тəн ерекшеліктің бірі — мотивациялануы. Əр септік əр түрлі қатынасты — заттың затқа немесе заттың белгілі бір процеске қатыстылығын айқындайды» [6]. Мəселеге осы қырынан келгенде, сөйлемдегі толымсыздықтың нəтижесінен септік тұлғаларының бірден екінші түрге өтуінің мағыналық қатынасқа түрліше əсер етіп, синкреттілікке негіз болуы — заңды құбылыс. Егер қабылданған хабардың мазмұнына сүйенетін болсақ, мұндай ауысулардың, Т.Сайрамбаев айтқандай, «уақытша» (сөз саптау мен қабылдаудың арасындағы өлшем бойынша) екеніне толық көз жеткізген боламыз.

«Көсемше өзгермейтін форма екені, əрі қимылды, іс-əрекетті қимылға қатысты, соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз» [7].

Дегенмен сөйлем мүшелерінің синкреттенуіне себеп болатын тілдегі үнем заңдылығынан кеп шығатын ығысу құбылысы деп нақты кесіп-пішіп айтудан аулақпыз. Негізгі мақсат — бұл мəселеге ығысу құбылысының қандай да бір қатысы бар екендігін ғана көрсету.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Жүкеев Т.Б. Қазақ тіліндегі пысықтауыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылыстар: Филол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Астана, 2005. — 28 б.
  2. Жүкеев Т.Б. Қазақ тіліндегі пысықтауыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылыстар: Филол. ғыл. канд. ... дис.10.02.02. — Қарағанды, 2005. — 43-б.
  3. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі: Оқулық. — Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының РБК, 1999. — 89-б.
  4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. — Астана, 2002.
  5. Серғалиев М. Синтаксис мəселелері: Монография. — Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. — 83-б.
  6. Хасенов Ə. Тіл біліміне кіріспе. — Алматы: Рауан, 1990. — 111-б.
  7. Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. — Өңд., толық., 2-бас. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. — 34, 35-б.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.