Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір дауыстылардың сипаты

Ғылымда «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» дейтін белгілі көне түркі тілінде 8 дауысты фонема болса (а, е, ы, і, о, у, ө, ү) [1; 35], қазіргі түркі тілдеріндегі дыбыстарға да қатысты ортақтықтармен қатар ерекшеліктері де бар. Ортақтық түбі бір түркі тілінің тектестігін көрсетсе, ол сөздің белгілі бір деңгейіндегі дыбыстардың өзгеріске түспей сақталуы ретінде көрініп, айырмашылығын дыбыстық сəйкестіктердің сипатымен, үндестік заңына қатысты ерекшеліктерімен, кейбір тілдердің өздеріне ғана тəн ішкі табиғатымен байланыстыруға болады.

А дыбысы түркі тілдерінің басым көпшілігінде сөздің барлық деңгейінде ортақ сипатта қолданылады. А дыбысына қатысты түркі тілдеріндегі ерекшеліктерді ашық-қысаң дауыстылардың сəйкестігімен, өзбек, башқұрт, татар тілдеріндегі а-ның о-ға жақын естілуімен көрсетуге болады.

Түркі тілдеріндегі құрамында а дауыстысы бар сөздерге өзбек тілінде о сəйкес келеді. Өзбек тіліндегі о-ны айтқанда, тіл а фонемасын айтқандағыдан да əрі қарай жиырылады. Тілдің ұшы астынғы тіске тимей, төменгі иек мейлінше төмен түседі, яғни о — тіл арты, ашық, езулік фонема. Ауыздың кең ашылуынан жасалатын ашық о қатар келген дауыссыздардың əсерінен екі түрлі мəнде айтылады: қ, ғ, х дауыссыздарымен қатар келгенде тіл арты, басқа дауыссыздармен қатар келгенде тіл алды мəніне ие болады.

Өзбек тіліндегі о, басқа түркі тілдеріне қарағанда, өзіндік ерекшелігі бар фонема. Ерiндiк мəнде айтылатын о өзбек тiлiмен қоса, татар, башқұрт тiлдерiнде кездескенiмен, өзбек тiлiнде ғана фонологиялық мəнi бар [2; 39]. Сөз буындарының жуан-жіңішкелігін талғамайтын, қазақ тіліндегі а немесе ə-ге сəйкес келіп тұрған о фонемасы туралы түркі тілдерін зерттеген ғалымдар пікірі əр түрлі. Айталық, кей ғалымдар өзбек тіліндегі а езулігінің еріндікке айналуын өзбек халқының құрамына орта ғасырларда иран тектес халықтардың сіңісіп кетуінің тигізген əсері деп қараса [3; 27], кей зерттеушілер а-ның ашық о-ға айналуын өзбек тілінің өзіндік ерекшелігімен байланыстырады [4]. Ал өзбек тілінің грамматикасын зерттеген ғалым А.Н.Кононов о фонемасының пайда болуын тарихи жалғыз а-ның екi фонемаға, яғни а, о фонемаларына бөлiнуiмен байланыстырады [5]. В.В.Решетов дауысты фонемалардың санының азаюы конвергенция құбылысы деп атап көрсете келiп: «Второй процесс, происходивший в истории фонем литературного узбекского языка, привел к увеличению количества гласных фонем нижнего подъема в результате дивергенции типично тюркского задне- рядного а. В ряду гласных нижнего подъема появился широкий гласный (о)», — деп өзбек тiлiндегi о-ның пайда болуына өз пiкiрiн келтiредi [6; 118]. А.М.Щербак: «И все же объяснить воз- никновение огубленности а влиянием одних комбинаторно-позиционных условий очень трудно, так как огубленность а, например, в узбекском языке развилась и в тех случаях, когда ни фонетическое окружение, ни позиция в слове не способствовали этому. Примечательно так же, что при наличии одинаковых возможностей огубления широких и узких гласных под влиянием окружающих звуков и одинаковой реализации этих возможностей в общетюркском масштабе устойчивое и более или менее регулярное огубление прослеживается только в небольшой группе тюркских языков», — деп өз көзқарасын бiлдiредi [2; 41]. Яғни өзбек тiлiндегi о фонемасының пайда болуына байланысты екi түрлi пiкiр бар дедiк. Бiр топ ғалымдар бұл құбылысты субстрат теориясы десе, екiншi топтағылар өзбек тiлi дамуының iшкi заңдылықтарының əсерi деп қарайды. Бiз бұл тұрғыда бiрiншi көзқарас дұрыс болар деп жорамалдаймыз. Мысалдар: ата–ота, апа–опа, бала–бола, алма–олма, құлақ–қулоқ, нəзік–нозик, қағаз–қоғоз, сақал–соқол т.б.

Өзбек тіліндегі о фонемасының басқа түркі тілдеріндегі а-ға сəйкес келуімен қатар бірқатар сөздер өзбек тілінде де а езулігімен айтылып, салыстырып отырған тілдер арасында да байқалады. Яғни қазақ, қырғыз тілдеріндегі а өзбек тілінде де а фонемасына сəйкес келеді: амал–амал, анық– аниқ, ақылды–ақлли, талап–талаб, қалың–калин, қайшы–кайчы т.б.

Татар, башқұрт тілдерінде де басқа түркі тілдеріндегі а дыбысы о-ға жақын естілетін тұстары бар: қара-қ[ао]ра, ат-[ао]т т.б.

М.Томанов бұл туралы: «Дыбыстау мен сапасы жағынан а фонемасы қазіргі қазақ, алтай, əзербайжан, балқар, қарайым, қырғыз, қарақалпақ, құмық, түрік, түрікмен, ұйғыр, хақас, шор тілдерінде бірыңғай бір-біріне жақын дəрежеде. Айырмашылық башқұрт, татар жəне өзбек тілдерінде кездеседі. Башқұрт пен татар тілдеріндегі а фонемасы, басқа тілдермен салыстырғанда, біршама «жасық» о-ға жақын естіледі» [3; 40].

Жалпытүркілік а дыбысының кейбір тілдерде еріндік сипатта айтылуы немесе а мен ы арасындағыдай естілуінен басқа кейбір тілдерде ы дыбысына сəйкестігі де орын алған. Оған тува, якут, чуваш тілдерін жатқызуға болады [7; 57].

Алайда бұл сияқты сəйкестіктер түркі тілдерінде кездескенімен, олардың себебі əлі күнге дейін түсіндірілмей келеді. Бұл туралы А.М.Щербак: «Появление ы на месте а невозможно объяснить ни характером вокализма непервых слогов, ни особенностями непосредственного фонетического окру- жения: изменение а в ы наблюдается в начале слова, после любых согласных и перед любыми со- гласными, независимо от качества гласных последующего слога», — дейді [2; 145]. А-ы сəйкестігінің басқа түркі тілдерінде кездесуі туралы ғалымдар пікірін келтіре отырып, С.Бизақов бұл алмасулардың сөз варианттарының қалыптасуына негіз болып қазақ тілінде де орын алғандығы ретінде таяз/тайыз, айқара/айқыра, айырмасы/айырымы, мағана/мағына т.б. сияқты сөздерді мысалға алады [8].

Чуваш тілінде басқа түркі тілдеріндегі а-ның ы-ға сəйкестігімен қоса, у дыбысына да сəйкестігі бар екендігі қазақ–чуваш тілдерін салыстыруда алма–улма, бар–пур, бас–пус, жан–чун, қара–хура, сат–сут, сақал–сухал, туп–тап, тарт–турт т.б. [7; 68].

Қазақ тілінде ə дыбысы сөздің басқы буындарына қарағанда, соңғы буындарында сирек кездеседі, сонымен бірге бұл фонема кейбір сөздер құрамында а графемасымен таңбаланады: əн, сəн, кітап [кітəп] т.б. Қазақ тілінде ə-нің сирек кездесуінің басты себебі ретінде кей ғалымдар ə-нің қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланыстырады [9]. А.Байтұрсынов та қазақ тіліндегі дауысты фонемалардың таңбасы ретінде ə-ні енгізбеген [10]. І.Кеңесбаев: «…һар, һаріф т.б. сөздердегі һ фонемасы біздің тілімізде кейде нульге айналады. Осының салдарынан һа тізбегі ə фонемасын тудырған болу керек», — деп [9; 230], ə дыбысының фонема ретінде қазақ тіліне бертін кезде пайда болғандығын айтады. М.Томанов V–VІІІ ғасырлар жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да бұл фонема кездеспейтінін өзінің тіл тарихына байланысты еңбегінде жазады [1; 45].

Дегенмен ə-нің байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін əке, əже, жəне сияқты сөздерді мысалға алуымызға болады. Осыған орай ə фонемасының түркі тілдеріне араб, иран тілінен енбегені, оның төл дыбысымыз екені туралы А.Ысқақов өзінің «Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау» деген еңбегінде жазады. Ғалым қазақ тілінің көне бір, екі буынды сөздерінен мысал келтіре отырып, қазіргі кей түркі тілдерінде қосымша құрамында да сақталғанына мысал келтіреді, əрі ə дыбысы көне түркілік жуан дауысты а дыбысының жіңішке сыңары болғандығы туралы өз топшылауын айта келіп: «…ə дыбысы қазіргі түркі тілдерінің кейбіреулерінде біржолата жоғалып кеткенімен, кейбір түркі тілдерінде, мысалы: татар, ұйғыр, т.б. тілдерде əлі күнге дейін сөздің барлық буынында қолданылады. Ал қазақ тілінде тек бірінші буында ғана сақталып қалған байырғы дыбыс екеніне ешбір күмəн болмасқа тиіс»,— дейді [11]. Мұндай пікірді С.Мырзабековтің де еңбектерінен кездестіруге болады.

Қазіргі түркі тілдерінде ə дыбысы қазақ тілінен басқа татар, ұйғыр, əзербайжан, башқұрт, түрікмен тілдерінде кездеседі жəне алғашқы үш тілде түбір құрамында да, қосымшаларда да актив қолданылуымен ерекшеленеді. Мысалы: сөйлəп бирдə-сөйлеп берді, бара бирə-бара бере, иртəн- ертең, тəрəзə-терезе, тəкə-теке, калəм-қалам т.б. (татар); кəл-кел, кəт-кет, бəр-бер, вəтəн-отан,йəр-жер, əт-ет, сəксəн-сексен, дəрəх-терек, келимəн-келемін, сөйлимə-сөйлеме т.б. (ұйғыр); сенин өлкəн-сенің өлкең, көрүрсəн-көрерсің, нə əкəрсəн, ону бичəрсəн-не ексең, соны орарсың т.б. (əзербайжан); минəн зур-менен зор, менəн биргə-менімен бірге, əтəс-əтеш, сəғəт-сағат, кəрəк-керек, мəктəп-мектеп (башқұрт); кəтмəн-кетпен, кəсе-кесе, гөрə-көр, нəче-неше, əдик-етік (түрікмен).

Татар, башқұрт тілдерінде ə фонемасы басқа түркі тілдеріндегі а дыбысына сəйкес (бəйлə-байла, əйлəн-айнал, əйт-айт, чəч-шаш т.б.) болуымен қатар, орыс, араб, парсы тілдерінен енген сөздердің құрамындағы кейбір дыбыстардың орнына да (кəрзинə, тəлинкə, шəл, сəлəм, бəхет, қалəм т.б.) қолданылады.

Кейбір түркі тілдерінде ə-ні таңбалайтын арнайы əріп жоқ болғанымен, ғалымдар пiкiрiне қарасақ, диалектiлерде ə фонемасының орын алатын тұстары бар. Н.З.Гаджиева қырғыз əдеби тiлiндегi сегiз фонемаға қоса, сөздiң барлық буынында кездесетiн қырғыз тiлiнiң оңтүстiк говорындағы ə-нi тоғызыншы фонема деп көрсетедi [12; 146]. Ф.Г.Исхаков əзербайжан, түрiкмен, ұйғыр, татар, башқұрт, қазақ тiлдерiнде дербес фонема ретiнде саналатын ə-нiң өзбек тiлiнiң сингармониялық говорларында кездесетiнiн айтады [12; 70]. Ал В.В.Решетов өзбек əлiпбиiнде орын алмағанымен, ə-нi дербес фонема екендiгiн айта келе: «Гласный а в современной узбекской орфоэпии имеет различные оттенки, некоторые из которых по сути дела являются самостоятельными фонема- ми. Помимо а, сюда относится и гласный [ə], являющий не оттенком, а вполне самостоятельной фо- немой с широким диапазоном употребления, но не нашедшей отражения в узбекском алфавите. Глас- ный [ə] в литературном узбекском языке употребляется очень широко и в любом звуковом окруже- нии, даже в непосредственном соседстве с глубокозаднеязычными согласными қ, ғ, х: адаб [əдəп], ука [үкə], санамоқ [сəнəмоқ], қилдилар [қълдълəр], қиламан [қылəмəн]» [6; 140].

«Е фонемасы қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі негізде қалыптасқан: таза түркілік е, орыс тілі арқылы енген сөздер құрамындағы е», — деп М.Томанов атап көрсеткендей [3; 41], қазіргі түркі тілдерінде е дыбысының і, ə, и дыбыстарына сəйкестіктері орын алған.

Е-і сəйкестіктері көне жазба ескерткіштерінде де (біс–бес, іл–ел) кездесетін тұстарын ескерсек, бұл сəйкестік қазіргі тілдерге де тəн екендігі көрінеді. Оны татар-қазақ тілдерін салыстыру арқылы көруге болады: бүген–бүгін, көзсез–көзсіз, без–біз, сез–сіз, тел–тіл т.б.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі кел, кес, тер сөздерінің кил, кис, тир түрінде қолданысы хақас, татар, башқұрт тілдерінде кездесіп, басқа түркі тілдерінен, көне түркі тілінен ерекше сипатта көрінеді. Сонымен қатар тува тілінде е фонемасының көмей арқылы айтылатын вариантының фонемалық мəн алуы басқа түркі тілдерінде кездеспейді [3; 42].

Е дыбысының ə дыбысына сəйкестігінің татар (сөйлəп торалар-сөйлеп тұра береді, бара бирə- бара бере), башқұрт (минəн зур-менен зор, минəн бергə-менімен бірге, дүнəн-дөнен) тілдерімен қоса қырғыз тілінде де көрінісі бар: нерсе (нəрсе), дептер (дəптер), кесiп (кəсiп), тен (тəн) т.б.

Түркі тілдерінде е жіңішке дауыстылар қатарына жататындықтан, құрамында басқа жіңішке дауыстылар бар сөздерде кездеседі. Ал өзбек тілінде ерекшеленеді. Басқа түркі тілдерінде тіл алды дауыстыларымен ғана қатар тұра алатын э/е/ өзбек тілінде ғана барлық дауысты дыбыстармен қатар келеді. Мысалдар: еркек–эркак, кеме–кема, тізе–тизза, тілек–тилак т.б. Əрине, бұның басты себебі өзбек тілінде дауыстылардың жуан-жіңішке болып бөлінбеуіне да байланысты болса керек.

Ы дыбысы түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданылғанымен, қарлұқ тобындағы тілдерде ерекшеленетіні белгілі.

Өзбек тілінде басқа түркі тілдеріндегі ы-ның дəл өзіндей дыбыс жоқ. Кей сөздердің құрамындағы жоғары-қысаң и дауыстысы қазақ, қырғыз тіліндегі ы-ға жақын естіледі: билади [билады] (біледі), мактабдами? [мактаптамы] (мектепте ме?), гаплашдим [гаплашдым] (сөйлестім), қишлоққа [қышлоққа] (ауылға) т.б. Дегенмен де қазақ тіліндегі ы-ның нақты көрінісі өзбек тілінде жоқ. Бұл туралы Ф.Г.Исхаков: «Фонема ы во всех тюркских языках, за исключением лишь современ- ного узбекского и уйгурского, в которых ы и и уже совпали в одну фонему, произносящуюся как и»,— дейді [7; 47].

Ы дыбысының ортақ түркілік сипатына қарағанда чуваш тілінде аталған дыбыстың басқа тілдердегідей қысаң емес, ашық дəрежеде айтылуы орын алған. Ал якут тілінде басқа түркі тілдерімен салыстырғанда а-ы немесе ы-а сəйкестіктері де кездеседі: ый–ай, ыт–ат, ақата–əкесі, аата–аты т.б.

Сөздің əр шеніндегі ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың бірінің орнына бірі қолданылуы — салыстырып отырған тілдерде кездесетін басты ерекшеліктің бірі. Бұл сəйкестіктерге түркі тілдеріндегі ы-а, а-ы түріндегі сəйкестіктерді жатқызуға болады: арқылы-орқали, тысқары-ташқари (қазақ-өзбек), жаңа-жаңы, жалаңаш-жылаңаш, (қазақ-қырғыз), ылтан-алтын, тыра- тары, тымар-тамыр, пыл-бал (чуваш-қазақ), қалың-қылың, хырын-қарын (тува-қазақ) т.б.

Қазақ, өзбек тілдеріндегі дауысты дыбыстарға қатысты дыбыс алмасуларына ы-у түріндегі дыбыс сəйкестігін де айтуға болады. Қатар келген ерін фонемасының əсерінен ы-ның у-ға айналуы өзбек тілінен басқа əзербайжан, түрік тілдерінде де кездеседі [13]. Бұндай ерекшеліктің қырғыз тіліне де қатысты екенін төмендегі мысалдар арқылы дəлелдеуге болады: мысық–мушук, ұйқы–уйку, тұмсық–тумшук, тырна–турна, бұйрық–буйрук т.б.

Қазақ тіліндегі ы дыбысына қатысты болып отырған бұл ерекшеліктер түркі тілдері тарихымен тығыз байланысты екендігін тіл тарихы материалдарынан көруге болады. Қазақ, қырғыз, өзбек тілдеріндегі ы-у сəйкестігін ы дыбысының тарихымен байланыстырсақ, қазіргі қазақ тіліндегі ы дыбысының көне түркі тарихына қатысты у /ұ/-ы немесе у-ұ-ы болып шығады [1; 48].

Қазақ тілінде көсемшенің -а, -е, -й жұрнағынан кейін жалғанған жіктік жалғаудың -ды, -ді, -ты,-ті құрамындағы -ы, -і кей кезде ауызекі сөйлеудің орфоэпиялық заңдылықтарына сəйкес естілмей қалады, бірақ орфографиялық ереже бойынша жазылуда сақталады. Мысалы: барады — [барад], келеді — [келед], айтады — [айтад]. Осы етістіктің келер шағының үшінші жағына қатысты жалғау қырғыз тілінде қазақ тіліндегідей -ды, -ді, -ты, -ті, түрінде емес, жалғауы арқылы беріледі, яғни қазақ тіліндегідей емес, -ы, -і қолданылмайды. Бұл жалғаудың көпше түрі қырғыз тілінде -ышат,-ишет, -ушат, -ушет болып келеді. Мысалы: айтқым келеді — айткым келет, барсам болады- барсам болат, істегім келеді — иштегим келет, таныссам болады екен — танышсам болат эле, олар хат жазысады — алар кат жазышат, сағат сегізде басталады — саат сегизде башталат т.б.

Қазақ тілінде сөз басында үнді р, л дауыссыздары келсе, олардың алдынан дауысты дыбыс естіліп тұрады, бірақ жазуда еленбейді (лақтыр — ылақтыр, рақым — ырақым, лас — ылас).

Бұл қолданыс түркі негіз тілінде р, л дауыссыздарының сөз ортасы мен аяғында кездесіп, сөз басында қолданылмауына байланыстырылып жүр [1; 62]. Ал қазақ тіліндегі р мен л-дан басталатын сөздерді қырғыз тіліндегі қолданысымен салыстырсақ, орфографияда да ы, и түсірілмей қолданылатынын көреміз. Бұл туралы И.А.Батманов: «В киргизских словах р в начале слова не упо- треблялся. Обычно все заимствуемые арабско-иранские слова с начальным р протезировались узким гласным ы, у: уруксат, ыракмат», — дейді [14]. Бұл қазақ жəне қырғыз тілдеріндегі ұқсастықтарды көрсетеді, екі тіл табиғатының жақындығы байқалады, ортақ түркiлiк ұқсастық көзге түседi, тек қырғыз тілінде қазақ тіліндегідей емес, орфографияда сақталады: рахмет–ыракмат, рас–ырас, рахат–ыракат, лақ–улак, лай–ылай т.б.

Қазақ тіліндегі і қысаңы сөздегi л, р сонорынан бұрын жəне сөздің екпінсіз позициясында редукция басқышымен айтылады: білім [блім], піскен [пскен], білек [блек] т.б. Өзбек тілінде де қатаң дауыссыздар ортасында (киши [кши], пишир [пшир]). Сондай-ақ р, л, з дауыссыздарынан кейін де и- дің естілуі баяулайды: кир [кр], бироқ [броқ], билан [блəн], бир [бр] т.б.

Қазақ тіліндегі и əрпі қазақтың төл сөздерінің құрамында кездескенде ый (қисық, жыми), ій (ти, би), ұй (мұқит, оқи), үй (түкси, дүние) дыбыстарынша естіліп, и графемасы арқылы таңбаланады. Ал қырғыз, өзбек тілдеріндегі ий дыбыстық тіркесі қазақ тілінде и түрінде де кездеседі. Қазақ тіліндегі і дыбысы қырғыз тіліндегі и, сондай-ақ қазақ тіліндегі ы, і өзбек тіліндегі и дыбысы қолданылатын тұстарға сəйкес болғандықтан, бұл жерде таңбалық айырмашылық қана көрінеді: ине [ійне]-ийне, игілік [ійгілік]-ийгилик, дидар [дійдар]- дийдор, қиын [қыйын] қийин т.б.

О дыбысы қазақ тілінде көбіне сөздің бас буындарында қолданылады. О дауыстысы сөз басында қолданылса, алдынан дəнекер дыбыс естіліп, дифтонгоид сапада айтылады: отыз [уотұз], орман [уорман], орын [уорұн] т.б.

О, ө дыбыстарының сипатын жалпы түркі тілдерімен салыстыру барысында өзбек, татар, башқұрт тілдері ерекшеленетінін көруге болады. Ө дыбысы о-ның жіңішке сыңары болғанымен, өзбек əдеби тілінде, татар, башқұрт, чуваш тілдерінде орын алмаған.

Қазақ тіліндегі о фонемасына өзбек тіліндегі еріндік жартылай қысаң фонема у сəйкес келеді. Өзбек тіліндегі қ, ғ, х дауыссыздарынан кейін келген у қазақ тіліндегі тіл арты о-ға жақын естіледі: қул (қол), хужалиқ (қожалық), қурғон (қорған) т.б. Өзбек тiлiндегi у фонемасының артикуляциясы туралы А.Махмудовтың еңбегiнде: «Рот открыт меньше, чем при произношении о. Губы напряжены, сильно отделены от зубов и вытянуты вперед: между ними образуется овальное отверствие», — деп көрсетедi [15].

Өзбек тіліндегі у дауыстысы к, г, х дауыссыздарынан кейін қазақ, қырғыз тіліндегі жіңішке ө дыбысына жақын айтылады: гузал [гөзəл] (əдемі), курпа [көрпə] (көрпе), куркам [көркəм] (көркем) т.б.

Бұл тілдегі у қазақ, қырғыз тілдеріндегі ө-ге сəйкес келгенімен, сөз соңында кездеспейді, яғни сөздің тек басқы буындарында ғана қолданылады.

Түркілік о фонемасының қазіргі түркі тілдерінде сақталуымен қатар, кей тілдердегі көрінісі барлық уақытта бірдей еместігін айта келіп, М.Томанов өзбек тіліндегі о фонемасының ерекшелігі туралы: «Өзбек əдеби тілінде о типтес екі түрлі фонема бары белгілі: басқа түркі тілдеріндегі а дыбысына сəйкес келетін, о-дан гөрі «ашық» айтылатын (от, борат, бор) жəне басқа тілдердердегі о (кейде ө) дыбысына сəйкес келетін, бірақ одан қысаң айтылатын о. Соңғы о фонемасы айтылуда у-ға жақын естіледі. Акустикалық жағынан өзбек тілінде о дыбысы у мен о-ның арасынан естіледі. Оны дыбыстағанда ауыз қуысы у дыбысын айтқандағыдай, бірақ ілгері қарай жүйткіген жағдайда болады», — дейді [3; 43]. Яғни қазақ тіліндегі жуан о мен жіңішке ө өзбек тілінде бір ғана у арқылы беріледі. Өзбек əдеби тілінде сингармонизм заңдылығының сақталмауына сəйкес у бірнеше жуан жəне жіңішке дауысты дыбыстардың қызметін атқарады. Мысалы: қол–қул, ойын–уйин, өзге–узга, көп–куп, қоңырау–қунғироқ, көмір–көмүр–кумир т.б.

Яғни өзбек тіліндегі у-дың қазақ, қырғыз тілдеріндегі о, ө дыбыстарына сəйкес келгенімен де, бұл тілдегі у дыбысы у-ға жақын естіледі. Қазақ, қырғыз тілдеріндегі о мен ө-ні айтқанда, өзбек тіліндегі у-ға қарағанда, еріннің дөңгеленуі басым. Ал өзбек тiлiнiң сингармониялық говорларында ө кездесе бередi [7; 90].

Қазақ, қырғыз тілдеріндегі о жуан, ал ө жіңішке сөздермен қатар келіп, сөз мағынасын ажыратады да, графикалық тұрғыдан ерекшеленеді, ал өзбек тілінде екеуі бір ғана у-мен таңбаланады. Мысалы: ор (шөп ору) — ур, өр (шаш өру)- ур, от (от жағу)- ут, өт (өтіп кету)- ут, бол (тез бол)-бул, бөл (екіге бөл)-бул т.б.

Қазақ немесе көптеген түркі тілдерінде о, ө дыбыстарының сипаты татар, башқұрт тілдерінде у, ү түрінде болып келеді де, қыпшақ-бұлғар топшасындағы тілдердің фонетикасына байланысты ерекшелік ретінде көрінеді: муйын–мойын, йул–жол, йуқ–жоқ, күз–көз, күк–көк, туғыз–тоғыз т.б.

Ал о дыбысының чуваш əдеби тіліндегі ерекшелігін зерттеушілер төмендегі сипатта көрсетеді: Басқа түркі тілдеріндегі о дыбысы чуваш тілінде у сул-йол, сук-йоқ, хул-қол), ву (вунна-он, вут-от, вучах-очақ, вута-отын), ва (вал-ол, ватар-отыз), вы (выран-орын, выр-ор) түріндегі сəйкестіктер ретінде орын тапқан [7; 89].

О, ө дыбыстарының басқа дыбыстарға қарағанда қазақ тіліндегі ерекшелігі ерін үндестігіне байланысты. Қазақ тілінде о, ө орфоэпиялық норма бойынша ғана сөздің барлық деңгейінде қолданылады. Ал түркі тілдерінің ішінде қырғыз, алтай тілдері ерін үндестігін күшті сақтайтын тілдер болғандықтан, барлық буында қолданыла береді жəне бұл орфографияда да сақталады.

Қазақ тіліндегі жуан о -қор, -қой, -ғой қосымшалары құрамында келгенде, соңғы буындарда да кездеседі (мансапқор, əуесқой, даңғой). Қырғыз тілінде о, ө буын талғамай, қосымшалар құрамында да қолданылады (қолдор, өкүлдөр, топтор, көчөлөр) т.б. Бұл қырғыз тілінде лабиалды сингармонизмнің тілдік, құрылымдық деңгейде сақталғанына жəне оның күштілігіне байланысты болған ерекшелік көрінеді.

Қазақ тіліндегі ұ дыбысына көптеген тілдердегі қысаң ерiндік у дыбысы сəйкес келеді. «Көне түркі тілінде сөздің басқы буынында айтылған у дыбысы қазақ, т.б. қыпшақ тілдерінде қысқа айтылатын о мен у немесе у мен ы арасында естілетін жуан дауыстыға ауысқан. V–VІІІ ғасырлар жазбалары тілінде: қул (құл), уйа (ұя), уруш (ұрыс), қулақ (құлақ), қулач (құлаш) т.б. Бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі сөз басында айтылатын ұ-ның арғы түбі көне түркілік осы позициядағы у дыбысы болады», — деген М.Томановтың пікіріне қарасақ [1; 48], бұндай сəйкестік қазақ тілін бірталай түркі тілдерімен салыстырғанда да байқалады. Көне тілдегі у-дың ұ-ға өтуі қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай, татар тілдерінде бар [2; 151].

Қазақ тіліндегі ұ дыбысының көне түркілік у дыбысымен ортақ дыбыс екендігі қазақ немесе басқа түркі тілдерінің тарихына қатысты мəліметтерден көрінеді.

Қазіргі түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліндегі ұ дыбысына ұқсас дыбыс татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ тілдерінде орын алған. Татар, башқұрт тілдерінде о, ноғай тілінде у, қазақ тілінде ұ əрпімен таңбаланатын бұл дыбыстың аталған тілдердегі сипаты ұқсас екендігін төмендегі мысалдардан көрінеді:

Қазақ: ұзақ, ұзын, ұста, ұшқын, құлақ, мұрын, құлын. Башқұрт: озак, озон, оста, оскон, колак, морон, колон. Ноғай: узак, узын, уста, ушкын, кулак, бурын, кулын. Татар: озак, озын, оста, очкын, колак, борын, колын.

Ү дыбысы ұ дыбысының жіңішке сыңары екені белгілі. Көне түркі тілінде у-дың қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі ұ болса, көне түркілік ү дыбысы біраз қыпшақ тілдерінде сақталып қалған. Қазақ тіліндегі ү башқұрт, татар тілдерінде ө, ноғай тілінде уь арқылы таңбаланады. Мысалдар:

Қазақ: күн, түн, күміс, түлкі, күлкі. Башқұрт: көн, төн, көмөш, төлкө, көлкө. Ноғай: куьн, туьн, куьмис, туьлки, куьлки. Татар: көн, төн, көмеш, төлке, көлке.

Қазіргі түркі тілдеріне тарихи-салыстырмалы зерттеу жүргізу арқылы түркі тілдерінің фонетикасы мен сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы жөнінде мағлұмат алуға болады жəне бұл зерттеулер олардың тектестігін дəлелдейтін ұқсастықпен қатар өзгешеліктерін де көрсетеді.

Қазіргі түркі тілдерінің дауысты дыбыстарын, бір жағынан, өзара салыстыра отырып, ескі мұраларға да назар аударуға, олардың даму, қалыптасуына шолу жасауға болады. Сол арқылы əрбір тілдің фонетикасындағы, ұқсастықпен қатар кейбір өзгешеліктер анықталады. Ол өзгешеліктердің көпшілігі əрбір ұлт тілінің қалыптасу, даму кезеңдерінде пайда болғандығы байқалады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Томанов М. Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 264 б.
  2. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. — Л.: Наука, 1970. — 204 с.
  3. Томанов М. Түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Қазақ ун-тi, 1992. — 190 б.
  4. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. — М.: Наука, —С. 10.
  5. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. — М.-Л.: Изд. АН СССР, 1963. — С.
  6. Решетов В.В. Узбекский язык. — Ч. 1. Введение. — Ташкент: Учпедгиз, 1959. — 360 с.
  7. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. — Ч. 1. Фонетика. — М.: Изд. АН СССР, 1955. — 334 с.
  8. Бизақов С. Тiлдiк норма жəне варианттылық. — Алматы: Ғылым, 1997. — 42-б.
  9. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазiргi қазақ тiлi. Лексика. Фонетика. — Алматы: Мектеп, 1962. — 107 б.
  10. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1989. — 146-б.
  11. Ысқақов А. Қазақ тiлiнiң фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. — Алматы: РБК, 1999. — 52-б.
  12. Гаджиева Н.З. Проблемы тюркской ареальной лингвистики. — М.: Наука, 1975. — 303 с.
  13. Севортян Э.В. Материалы к сравнительной фонетике турецкого, азербайджанского и узбекского литературных языков //Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. — Ч. 1. Фонетика. — М.: Изд. АН СССР, 1955. — С. 39.
  14. Батманов И.А. Современный киргизский язык. — Фрунзе: Изд. АН СССР, 1963. 
  15. Махмудов А. Гласные узбекского языка. — Ташкент: Фан, 1968. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.