Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зат есімдердің тіркесімділігі мен семантикалық валенттілігі

Сөздің контекстуалдық байланысы, түрлі сөз таптарының семантикалық жəне синтаксистік деңгейдегі тіркесімділігі мен валенттілігі сөз таптарын синтагматикалық тұрғыдан қарастыруда аса маңызды рөл атқарады. Валенттілік теориясындағы өзекті мəселелердің бірі — валенттіліктің сөз таптарына қатысты анықталуы. Жалпы лингвистикалық зерттеулердің басым көпшілігінде, оның ішінде неміс грамматикасында валенттілік құбылысы синтаксистік тұрғыдан етістікпен байланысты қарастырылып, нəтижесінде басқа сөз таптарының валенттілік сипаты назардан тыс қалды. Алайда сөз таптарының ішінде зат есім, сын есім, үстеулердің валенттілік құбылысымен байланысы, валенттілік теориясындағы орны, валенттілік құрылымы туралы мəселелердің зерттелуі Б.А. Адмони, О.И. Москальская, О. Бехагель, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

Қазақ тіл білімінде сөз таптары жүйесінде лексика-семантикалық жəне грамматикалық сипатымен ерекшеленетіні — зат есімдер. Қазіргі тілтанымдағы күрделі мəселелердің бірі валенттілік теориясын əрбір сөз табы тұрғысынан зерттеу негізінде валенттілік құбылысының маңызды мəселелерін айқындау болса, зат есімдердің тіркесімділігі мен валенттілік қасиеттерінің өз алдына жеке зерттеу нысанына алынуы да осы мəселелердің қатарынан маңызды орын алады.

Сөз таптарының ішінде зат есімдердің етістікпен қарым-қатынасы олардың семантикалық сипатымен байланысты. Етістік қимылды білдірсе, зат есім зат, құбылыс атауларын білдіреді. Кез келген қимыл белгілі бір субъектіге бағытталады немесе субъект арқылы жүзеге асады. Бұл орайда зат есімдер етістіктің жанындағы барлық бос орындарды иеленіп, осы қасиеті арқылы белсенді валенттілікке ие болады. Етістіктермен қарым-қатынасындағы осындай сипатына қарай зат есімдер əмбебап валенттілік сипатымен ерекшеленеді. Дүниедегі заттар мен құбылыстарға зат есімдер арқылы ат беріледі. Соның негізінде бізді қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстар, деректі- дерексіз ұғымдар зат есімдермен белгіленіп, зат есімдермен аталады. Бірақ затқа ат беру оның сипатын толық аша алмайды. Атаумен бірге оны бағалау, өзі тектес басқа заттардан ерекшелендіретін сын-сипатын, сапасын, қасиетін көрсету қажет. Мысалы: «аспаннан су тамшылары түрінде жерге түсетін атмосфералық ылғал, жауын-шашын» [1; 267] деген мағынаны білдіретін жаңбыр зат есімі бірде қатты, бірде баяу жауу сипатына қарай өзара ерекшеленеді. Атмосфералық ылғалдың бұл түрінің əр түрлі белгілері арқылы оның анықтаушы сөздермен төмендегідей тіркесімділіктері қалыптасады: қалың жаңбыр, ақ жаңбыр, күзгі жаңбыр, түнгі жаңбыр, соқыр жаңбыр, жылы жаңбыр т.б. Бұл мысалдардан зат есімге тəуелді, оған бағынышты сөздердің (сын есімдер) заттың айрықша белгілерін толықтыруға ықпал ететіндігі байқалады. Анықтаушы — анықталушы құрылымдағы зат есімнің сын есімдердің белгілі бір түрлерімен тіркесімділігі олардың арасындағы мағыналық үйлесімділік негізінде жүзеге асады.

Сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы сөздердің арасында екі жақты байланыс болады. Біріншіден, олар белгілі бір грамматикалық формалар арқылы тіркессе, екіншіден, тіркесімділікке түскен сөздер семантикалық жағынан да байланысады. М. Оразов «егер бұл екі байланыстың біреуі жоқ болса, не сөйлемдегі айтылатын ой толық жеткізілмейді, не мүлде түсініксіз бір нəрсе болып шығады» [2; 194] деп, сөздердің грамматикалық жəне семантикалық байланыстарын тең дəрежеде қарастырады. Зат есімдердің басқа сөз таптарымен тіркесімділігіндегі семантикалық валенттілігін анықтауда олардың валенттілік құрылымындағы сөздердің мағынасы мен формасына ерекше назар аударылады. Бұл жағдайда тілдік норманың да маңызын ескеру қажет. Мысалы, үркек ат, тебеген жылқы, сүзеген сиыр, қабаған ит т.б. Үрку тек атқа, биеге ғана тəн қасиет емес, сиырға да, қойға да, түйеге де тəн қасиет. Бірақ үркек сиыр, үркек қой деп айтпаймыз [2; 195].

Сол сияқты ғаламзат есімдерінің ішінде өсімдік атауларын білдіретін жусан, алма, сарымсақ, пияз сөздері сын есімдер тобындағы кез келген сөзбен тіркесімге түспейді. Мысалы: ащы сын есімі жусан, сарымсақ, пияз зат есімдерімен тіркескенімен, алма зат есімімен лексикалық тіркесімділікке түсе алмайды. Керісінше, алманың ащы дəмін сипаттау үшін алма зат есімі қышқыл сын есімімен мағыналық жағынан байланысып, валенттілік қатынаста бола алады. Сондай-ақ ащы сөзінің антонимі тəтті сын есімі бұл топтағы алма зат есімімен ғана тіркесе алады. Бұдан жалпы сөздердің семантикалық байланысының лексикалық тіркесімділіктегі маңыздылығы көрінеді. «Сөз тіркестерінің компоненттері өзара байланысу үшін олардың ортақ семалары болу керек не біріне-бірі қарсы келетін семалары болмау керек» [2; 196] деген тұжырымға сүйенсек, жусан, сарымсақ, пияз сөздерінің ащы сын есімімен семантикалық байланысы олардың арасындағы ортақ сема арқылы жүзеге асырылады. Жусан — ащы дəмді шөп; сарымсақ — ащы дəмді бақша дақылы; пияз — тағамды дəмдендіретін аса пайдалы бақша дақылы [1; 313,676,713]. Ащы — 1. тұзы күшті, тұзы көп; дəмі ауызды қуыратын, жағымсыз; 3. құлаққа жағымсыз, жанға жайсыз; 4. жусан, ермен тəрізді ащы шөп [1; 77]. Ащы сын есімін жусан зат есімімен байланыстырып тұрған оның төртінші семасы болса, сарымсақ, пияз зат есімдерімен байланыстырып тұрған екінші семасы.

Зат есімдердің синтаксистік, семантикалық жəне коммуникативтік деңгейлердегі валенттілік əлеуетіне қарай А.В. Пыриков үш түрін бөліп көрсетеді: 1) синтаксистік-облигаторлық (міндетті);

2) семантикалық-облигаторлық; 3) коммуникативтік, немесе ситуативтік-облигаторлық [3; 94,95]. Бұл топтардың барлығы зат есімдердің сөйлем құрамындағы актанттарының қызметіне қатысты анықталады. Синтаксистік-облигаторлық зат есімдер əр сөйлемді оның грамматикалығы/аграммати- калығы тұрғысынан, семантикалық-облигаторлық зат есімдер контекстегі сыңарлардың семантикалық белгілерінің тіркесімділігі тұрғысынан, ал коммуникативтік-облигаторлық зат есімдер сөйлеушінің коммуникативтік ыңғайына қарай сипаттайды. Сөз таптарының валенттілік əлеуетін синтаксистік, семантикалық жəне прагматикалық тұрғыдан зерттеу тіл біліміндегі валенттілік теориясының өзекті мəселелерінің бірі болып табылады.

Валенттілік теориясында зат есімдердің лексика-грамматикалық топтарының факультативтік жəне синтаксистік міндетті актанттары сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Зат есім актанттарының синтаксистік міндеттілігі немесе облигаторлығы олардың анықтауыш қызметіндегі валенттілік-байланыстырушылық қызметімен анықталады. Соның негізінде зат есімдерді валенттілік құрылымына қарай бірвалентті, еківалентті, үшвалентті деп бөліп қарастыратын пікірлер де бар [3; 96]. Осы пікірді негізге ала отырып, қазақ тіліндегі зат есімдердің де валенттілік құрылымын актанттарының санына қарай анықтауға болады. Мысалы: ғылыми жаңалық, саяси жаңалық, мəдени жаңалық, жақсы жаңалық тіркесімділігіндегі қоғам не адам өміріндегі өзгеріске қатысты ұғымды білдіретін жаңалық зат есімі сын есімдердің ішіндегі шектеулі сөздермен ғана мағыналық жағынан үйлесімділік тауып, соның негізінде тіркесімділік байланысқа түседі.

Сын есім — зат есім үлгісіндегі тіркесімділікте сын есімдер зат есімнің актантты қызметінде оның валенттілік құрылымын толықтырып тұрады. Заттың сындық белгісі сын есімдер арқылы анықталғанмен, кез келген сын есім зат есіммен байланыспайды. Тек өзі тіркесетін зат есімнің мағынасымен, оның бір семасымен ортақтығы, ұштастығы бар сын есімдер ғана зат есімдермен тіркесімділікке түсіп, соның негізінде зат есімнің валенттілік құрылымында актант қызметінде қолданылады. Мысалы: ақ көгершін, көк көгершін тіркесімділігінде көгершін зат есімі түсті білдіретін сын есімдер қатарындағы ақ, көк сөздерімен ғана семантикалық байланысы негізінде тіркеседі. Ал заттың түсін білдіретін басқа сын есімдердің зат есімнің құс атауларын білдіретін тақырыптық тобындағы көгершін сөзімен мағыналық байланысының болмауы олардың арасындағы синтагматикалық қатынасқа да əсер етеді.

Есімше тұлғалы етістіктер де анықтауыш қызметінде зат есімдердің актанттары ретінде қолданылады. Мысалы: оқыған адам, барар жер, айтылған сөз т.б. Бірақ сын есімдер мен есімшелердің актант қызметіндегі қолданысының зат есімдердің валенттілік əлеуетіне ықпалы бірдей деңгейде болмайды. Зат есімдердің сын есімдермен тіркесімділігінде, яғни зат есімнің актанты сын есімнен болған жағдайда, зат есімдер белсенді валенттілік сипатқа ие болады. Ал актанттары есімше тұлғалы етістіктерден болған зат есімдердің валенттілік əлеуеті бəсең болады.

Валенттілік теориясындағы өзекті мəселелердің бірі валенттілік түрлерінің аражігін анықтаумен байланысты. Тілдің ғылыми сипатында «валенттілік» ұғымы негізгі екі бағытта түсіндіріледі: 1) мағынаның басқа мағыналармен қарым-қатынасы; 2) тілдің бір деңгейдегі бірліктерінің тіркесімділік қабілеті [3; 29]. Бірінші бағытты С.Д. Кацнельсон, В. Бондцио, К.Э. Зоммерфельдт, С.М. Кибардина, тағы басқалар, екінші бағытты М.Д. Степанова, В.Г. Адмони, Г. Хельбиг, В. Шенкель, тағы басқа зерттеушілер қолдайды. «Валенттілік» ұғымына қатысты бағыттардың даму барысында аталған құбылысты сипаттайтын семантикалық жəне синтаксистік бағыттар өз алдына жеке бөлініп шықты. Екі бағытта да тіл бірліктерінің сөйлеу бірлігі ретіндегі комбинаторлық мүмкіндіктері негізге алынады. С.М. Кибардинаның пікірінше, валенттілік теориясында сөздің тіл бірлігі ретіндегі қасиеті əлеуетті валенттілікте, ал сөйлеу бірлігі ретіндегі қасиеті іске асырылған (реализацияланған) валенттілікте беріледі [4]. Бұл тұжырымның негізінде сөздің əрі тіл бірлігі, əрі сөйлеу бірлігі ретіндегі сипатын оның валенттілік қатынастағы қолданысымен байланысты айқындауға болады.

Семантикалық жəне синтаксистік валенттіліктер тілдің синтаксистік жəне семантикалық деңгейлерінде бір-бірінен ажыратылады. Валенттілік теориясындағы семантикалық бағыттың өкілдерінің бірі В. Бондцио валенттілікті семемалардың қасиеті ретінде қарастырып, оның тек семантикалық талдау жолымен ғана анықталатындығын атап көрсетеді [3; 30]. Сондықтан зат есімдер валенттілік құрылымдағы актант сөздермен ортақ семалары болған жағдайда ғана семантикалық валенттілік сипатқа ие болады.

М. Оразов қазақ тіліндегі зат есімдердің арасындағы синтагматикалық байланысты олардың байланысу формасы мен синтаксистік қызметтеріне де байланысты түсіндіреді [2; 197]. Сөйлем құрамында сөз тіркесінің бір сыңары қызметіндегі зат есімдердің басқа сөздермен синтагматикалық байланысы арқылы олардың валенттілік қасиеті анықталады. Жалпы сөз тіркесінің тіл білімінде синтаксистік бірлік ретінде қарастырылатындығы белгілі. Валенттілік теориясының қалыптасуы, валенттілік мəселесінің тіл деңгейлері тұрғысынан зерттелуі тіл білімі салаларындағы бірліктердің де жаңа қырынан қарастырылуына ықпал етті. Соның бірі — сөз тіркестері. Синтаксистік бірлік ретінде, сөз тіркестері кем дегенде екі сөздің синтаксистік байланысы арқылы қалыптасады. Сөз таптары — сөз тіркесінің ең негізгі бірлігі. Сөз тіркесінің есімді, етістікті болып бөлінуі басыңқы сыңардағы сөз таптарына байланысты. Бірақ сөз таптары сөз тіркесінің бағыныңқы немесе басыңқы сыңары ретінде ғана қолданылмайды. Сонымен қатар сөз тіркесі сыңарларын байланыстырушы құрал ретінде жұмсалады. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысы олардың сыртқы формасына қатысты анықталса, семантикалық байланысы сөз тіркесі құрамындағы сөз таптарының арасындағы мағыналық ортақтыққа негізделеді. Сөз таптарының валенттілік байланысын анықтауда олардың сөз тіркесі құрамындағы осы қызметі, яғни байланыс құралы ретіндегі қызметі негізге алынады.

Сөз таптарының ішінде сын есім, есімшелермен қатар сан есім, есімдік, үстеу сөздер зат есімнің валенттілік құрылымында валенттілік байланыстың сол жақ сыңары қызметінде жиі қолданылады. Зат есімдердің сол жақ валенттілігінде бұл сөз таптары препозициядағы бағыныңқы сөздің орнында тұрады. Ал зат есімдер валенттілікке тірек сөз қызметінде жұмсалады. Ғалым Ч.К.Найманова ағылшын, қырғыз жəне орыс тіліндегі зат есімдердің басқа сөз таптарымен сол жақ валентілігінің мынадай үлгілерін көрсетеді: 1) Agj+N (сын есім+зат есім); 2) Prn+N (есімдік+зат есім); 3) Num + N (сан есім+зат есім) [5; 101-106].

Қазақ тіліндегі зат есімдердің де валенттілік құрылымын осы үлгі негізінде мынадай түрлерге бөлуге болады: сын есім — зат есім, сан есім — зат есім, есімдік — зат есім, үстеу — зат есім, есімше — зат есім.

Сын есімдер деректі, дерексіз, адамзат, ғаламзат, жалпы, жалқы зат есімдермен семантикалық үйлесімділік негізінде тіркесімділікке түседі. Мысалы: белгілі ғалым, танымал əнші, өнерлі бала; дөңгелек үстел, ащы жусан, өткір пышақ т.б. Зат есімдердің бір мағыналық тобындағы сөздер сол топтағы басқа зат есімдердің валенттілік байланыстағы сын есімдерімен тіркесімділікке түсе алмайды. Мысалы: өткір пышақ, өткір қылыш, бірақ өткір шоқпар, өткір сойыл емес. Мұндай ерекшеліктер зат есімнің басқа да мағыналық топтарына тəн болып келеді.

Сан есімдердің мағыналық топтарының ішінде есептік, реттік, болжалдық сан есімдер зат есімдермен препозициялық тұрғыдан сол жақ валенттілікте байланысады. Мысалы: бес орын, екінші кітап, жүздеген адам т.б.

Зат есімдердің есімдіктермен валенттілік қатынасында бірқатар есімдіктер зат есімдермен семантикалық байланыста болады. Ч.К.Найманова қырғыз тіліндегі синтаксистік байланыс есімдіктің түріне тəуелді болатындығына назар аударады [5; 105]. Бұл қазақ тіліндегі зат есімдердің валенттілік құрылымының препозициясындағы есімдіктерге де тəн. Мысалы, жіктеу есімдіктері зат есімдермен матасу арқылы, сілтеу, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік, сұрау есімдіктері қабыса байланысады, мысалы: бұл жағдай, ешбір адам, біздің ауыл, барлық оқушы т.б.

Үстеу қимылдың, іс-əрекеттің жай-күйін, амалын, жалпы өту сипатын білдіруіне байланысты негізінен етістіктермен байланысты болады. Соған қарамастан, үстеудің мағыналық топтарының арасында кейбір мөлшер (сонша, мұнша, бірталай, бірқатар, бірен-саран т.с.с.), сын-бейне (қолма- қол, ауызба-ауыз т.с.с.) үстеулері зат есімдермен препозицияда валенттілік байланысқа түседі, мысалы: мұнша уақыт, бірталай жер, бірен-саран адам, қолма-қол айырбас т.б.

Тіл біліміндегі валенттілік теориясында семантикалық валенттілік сөз мағынасының құрамында синтаксистік валенттілікпен өзара тығыз байланыста болып, оның «ішкі мазмұны ретінде өмір сүреді» [2; 199]. Бірақ семантикалық валенттілік мағынаның бір бөлігі ретінде объективтік сипатқа ие болады. Сондықтан сөз таптарының лексикалық синтагматикадағы семантикалық валенттілігі синтаксистік валенттілікпен байланысты анықталады.

Сөз таптарының сөз тіркесі деңгейінде бір- бірімен мағыналық жағынан байланысуына олардың арасындағы синтагматикалық байланыс ерекше ықпал етеді. Зат есімдердің басқа сөз таптарымен лексикалық тіркесімділігіндегі семантикалық валенттілігі тіркесімділіктегі сөздермен ортақ семаларының болуы, яғни, мағыналық сəйкестігі жəне сөз мағынасының объектив дүниемен байланысы негізінде анықталады. Синтагматикалық байланыстағы зат есімдердің синтагматикалық мүмкіндіктері оның валенттілігімен анықталса, осы мүмкіндіктер олардың басқа сөз таптарымен тіркесімділігі негізінде жүзеге асырылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Дайк-пресс,
  2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. — Алматы: Рауан,
  3. Пыриков А.В. Скрытые валентностные свойства основных морфологических классов слов. — Барнаул,
  4. Кибардина С.М. Основы теории валентности. — Вологда, 1979. — С.
  5. Найманова Ч.К. К вопросу о левой валентности существительного в субстантивных словосочетаниях (на материале английского, кыргызского и русского языков) // Вестник ПГУ. — 2005.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.