Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Физикалық күйді білдіретін сын есімдердің етістік сөздермен тіркескендегі семантикалық валенттілігі

Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық топтағы сөздердің семантикалық жəне грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Сөз тіркестерінің табиғатын құрылымдық (структуралық) жəне семантикалық аспектіде зерттеудің қажеттілігі мына мəселемен байланысты: сөздің байланысуында оның тұлғалық жағы ғана емес, сөздің ішкі мағынасы да маңызды роль атқарады. Яғни сөз тіркесінің құрамындағы сөздер мағына жағынан бір-бірімен байланысты болғанда ғана өзара тіркесе алады. Бұл жөнінде Л.Теньер былай деп жазады: «Синтаксической связи без связи семантической не существует» [1].

Жалпы сөздердің мағыналық, тұлғалық байланыстары сол сөздердің тіркесу қабілеттерін танытады. Басқалай айтсақ, сөздердің мағыналық, тұлғалық даму өрісі сөз тіркесі арқылы айқындалады. Бұл жөнінде С.Исаев былай дейді: «Сөздердің семантикалық сыйымдылығының ұлғаюы, жаңа мағыналық реңктерді білдіруі сол сөздердің тіркесімділігінің артып, жаңа сөздермен байланысқа түсуімен тікелей байланысты болып, сөз тіркестерінің қатарын көбейтіп отырады» [2].

Қазақ тіл білімінде «валенттілік» терминін алғашқылардың бірі болып қолданып, аз да болса кеңінен ашып көрсетуге тырысқан ғалым М.Оразов екені белгілі. Ол «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер» атты еңбегінде валенттілік теориясына тоқталады. Мəселен, валенттілік теориясы бойынша сөздер екінші бір сөзбен байланысқанда белгілі бір мағыналық жəне тұлғалық сыбайластығы жағынан ғана байланысатынын айта келіп, мынадай мысал келтіреді, амал-əрекет етістіктері сабақты етістік болғандықтан, өзі байланысқан сөздің табыс септігінде тұруын талап етеді. Бұл топтағы сөздердің табыс септікті сөзді талап етуі оның сыртқы валенттілігі деп аталып жүр десе, сонымен бірге олар мағыналық жағынан да байланысып жатулары керек дейді [3]. Сонда ғалым «валенттілік» терминін сөздердің сөйлем құрамында келіп, басқа сөздермен байланысу мүмкіндігін айтады.

Көптеген жарық көрген грамматикалық еңбектерде де сын есімдер сөз тіркесінен гөрі сөйлем мүшелері ыңғайында көбірек сөз болғанын байқадық. Сын есімдердің сөз тіркесін құраудағы ерекшеліктері жөнінде жүйелі түрде алғаш рет баяндалуы М.Балақаевтың 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығымен байланысты.

Алайда сын есімдердің семантикалық валенттілік құбылысын тілді танушы ғалымдардың назарынан тыс қалды деуге болмайды. Қазақ тіліндегі синтаксистік бірліктерді талдау барысында мамандар бұл мəселеге жол-жөнекей соғып отырады.

Мұның объективті себебі де бар, тілдің синтаксистік құрылысы байланысқа негізделеді. Ал синтаксистік байланыс бар жерде, валенттілік мəселесін айналып өту мүмкін емес. Міне, осы себептерге орай қазақ тіл білімінің синтаксис мамандары өз еңбектерінде семантикалық валенттілік мəселесіне азды-көпті тоқталып өтеді де, көбінесе таза синтаксистік тұрғыдан келеді.

Бұл орайда М.Балақаев, Ж.Шəкенов, Р.Əмір, Е.Ағманов, Т.Сайрамбаев, А.Əблақов, Ф.Оразбаева, тағы басқа ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Мəселен, М.Балақаев «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, сөз тіркесінің құрамында кем дегенде екі толық лексикалық мағынасы бар сөздердің тіркесу қабілеті болу керек деп көрсеткен.

Ғалым еңбегінде сын есімдердің грамматикалық жақтан тіркесу қабілетін баса көрсетіп, ал оның семантикалық тіркесу қабілеті жағын ашып көрсетпейді. Мəселен, сын есімдер — заттың əр түрлі сындық, сапасын білдіретін сөздер. Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы əр алуан болатындықтан, олар əр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, сараң əйел) т.б. білдіреді [4].

Көріп отырғанымыздай, ғалым М.Балақаев сын есімді сөз тіркестерінің синтаксистік құрылысы жағынан ғана тоқталады. Ал семантикалық валенттілік мəселесіне жол-жөнекей тоқталып өтетінін байқаймыз.

Сөздердің тіркесімділігі тілдік категория ретінде сөз семантикасымен тікелей байланысты. Жалпы тіл ғылымында ғалымдар валенттілік мəселесіне əр қилы əрі жалпы тоқталып өтеді. Ал қазақ тіл білімінде тілдегі валенттілік мəселесі, əсіресе семантикалық валенттілік осы күнге дейін зерттеудің арнайы нысанына айналмай отыр.

Біз ғылыми жұмысымызда сын есімді (физикалық күйді сипаттайтын) сөз тіркесінің басыңқы сыңарымен тіркескендегі семантикалық валенттілігін қарастырамыз.

Тіліміздегі сөз тіркестерінің аумақты тобын етістіктер құрайтыны белгілі. Қазақ тіл білімінде етістік, оның əрбір категориялары белгілі дəрежеде жеке-жеке зерттелгендігі айқын. Біріншіден, М.Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер» атты еңбегіндегі етістіктердің лексика- семантикалық тобына түсіндірме сөздіктегі барлық етістіктерді топтастырдық. Екіншіден, сын есімді (физикалық күйді сипаттайтын) сөз тіркесінің етістік сөздермен тіркескендегі семантикалық валенттілігі айқындалды. Үшіншіден, схема түрінде сын есімді (физикалық күйді сипаттайтын) сөз тіркесінің етістік сөздермен тіркескендегі семантикалық валенттілігінің пайыздық көрсеткішінің қорытындысы шығарылды.

Мəселен, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарындағы физикалық күйді білдіретін сын есімдер басыңқы сыңарындағы етістік сөздермен байланысқа түскенде жаңа семалардың пайда болатынын байқадық. Атап айтсақ, физикалық күйді білдіретін қатты сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай мағыналары көрсетілген.

  1. Жұмсақ емес, мықты, берік.
  2. Өте, аса.
  3. Көтеріңкі, күшті, ащы.
  4. Ауысп. Қатыгез.

Біз білеміз, сөздер грамматикалық байланысқа түскенде ғана семантикалық валенттілік анықталады. Ендеше, бағыныңқы сыңарының семантикалық валенттілігін анықтау үшін, басыңқы сыңарының лексика-семантикалық топтарымен байланысуын ескеру қажет.

Осы орайда бағыныңқы сыңарындағы қатты сөзінің басыңқы сыңарындағы етістікті сөз тіркестерінің ішінде М.Оразовтың қазақ тіліндегі етістіктерді лексика-семантикалық топтарға жіктеуіндегі амал-əрекет етістіктері, қалып-сапа етістіктері, сөйлеу, көңіл-күй етістіктерімен ең жиі мағыналық байланысқа түсіп, жаңа семалар жасалатыны байқалды. Яғни, қатты сөзінің сөздікте көрсетілмеген басқа да семалары анықталды.

Мəселен, бағыныңқы сыңарындағы қатты сөзінің басыңқы сыңарының амал-əрекет етістіктерімен тіркескенде бар күшімен, барынша, шүйіле, шұқшия, тым, жиі, талап қою, кеңінен сияқты семалар пайда болды.

  1. Бұл сөзді естірткенде, Байдалы қабағын түкситіп жіберіп, қатты түйілді.(М.Əуезов. Абай жолы. — 157-б.)

 бағыныңқы сыңарындағы қатты сөзінің басыңқы сыңарының амал-əрекет етістіктерімен тіркескенде бар күшімен, барынша, шүйіле, шұқшия, тым, жиі, талап қою, кеңінен сияқты семалар пайда болды.

   бағыныңқы сыңарындағы қатты сөзінің басыңқы сыңарының амал-əрекет етістіктерімен тіркескенде бар күшімен, барынша, шүйіле, шұқшия, тым, жиі, талап қою, кеңінен сияқты семалар пайда болды 

  бағыныңқы сыңарындағы қатты сөзінің басыңқы сыңарының амал-əрекет етістіктерімен тіркескенде бар күшімен, барынша, шүйіле, шұқшия, тым, жиі, талап қою, кеңінен сияқты семалар пайда болды

  Ал бағыныңқы сыңарындағы қатты сөзінің басыңқы сыңарының қалып сапа етістіктерімен тіркескенде танымастай, тым, айқын, ауыр, қинала сияқты семалар пайда болды.

  Қорыта келгенде, бір ғана физикалық күйді білдіретін қатты сөзі басыңқы сыңарының етістікті сөздермен байланысқа түскенде Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілген 12 семасы анықталды. Оны мына схемадан байқауға болады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілген 12 семасы

Сайып келгенде, мысал ретінде бір ғана амал-əрекет етістіктерінің физикалық күйді сипаттайтын сын есімдермен тіркескендегі семантикалық валенттіліктің пайыздық көрсеткішінің қорытындысы төмендегідей болды. Яғни амал-əрекет етістіктерінің физикалық күйді сипаттайтын сын есімдермен тіркеспеуі, валенттілігі жоқ — 77 %, əлсіз I-валенттілікте — 11 %, орташа II- валенттілікте — 9 %, жоғары III–IV-валенттілікте 3 % кездескенін байқадық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. — М., 1988. — С.
  2. Исаев С. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы, 1996. — 287-б.
  3. Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. — Алматы, 1980. — 174-б.
  4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы, 1992. — 53-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.