Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі поэзиядағы замана шындығы Ақын Нұрлан Оразалин туралы сөз

Қазақ өлеңінің сан ғасырлық тарихында үзілмей келе жатқан дəстүр — замана тынысын кең ауқымда көрсету, дəуір тудырған оқиғалар мен өзгерістерді айту, бейнелілік пен көркемдіктің ара жігі ажырамас бірлігі, ерлік пен өрліктің, батырлық пен батылдықтың буындас жүйесі замана сынынан сүрінбей өтіп, біздің уақытымызға өзінің бар-болмысын барынша сақтай жетті.

«Қобыланды батыр» бастаған батырлар галереясы Алпамыспен астасып, Ер Тарғын мен Қамбарға, Қарасай-Қази мен Орақ-Мамайға, Қырымның қырық батырына, одан қала берді ерлік пен махаббаттың телқоңыр туындылары Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлуға, Қыз-Жібек пен Төлегенге, олардан кейін туған ғашықтық дастандар мен лиро-эпостық жырларға көшті.

ХV–XVIII ғасырларға тізгін үзбей жеткен қазақтың қаһарман да көшелі жырлары одан кейінгі замандарда Қазтуған мен Асан Қайғыға, Доспамбет пен Шалкиізге, Жиембет пен Марғасқаға, Ақтамберді мен Тəтіқараға, Үмбетей мен Бұқарға, одан берідегі ақындар көшіне жетіп, ғасырдан ғасырға озып, қазақ жырын биік қияларға əлі жетелеп келеді. Көңілі таза көшпенділер поэзиясы ортағасырлық жыраулық поэзияның ең озық үлгілері болды.

Осы кезеңдегі ақындардың сөз саптауы, жыр төгуі батырлық пен жыраулықтың өзара тіндес рухынан болса, одан кейінгі ақындардың, Шал, Көтеш, тағы басқалардың жырлары жаңа ырғақ, қара өлең стиліндегі кəнігі жырларға келіп иек артады. «Қазақ даласындағы азаттықшыл ақыл-ойдың бас сардарларының санатында айбынды ақын Махамбет алдымен ауызға ілінеді. Оның жан-жүректі түгел баурап алатын өжет те өктем жырлары əлі күнге дейін сай-сүйегіңді сырқыратар бостандық дұғасындай пəрменді естіледі. Олар күні кешеге дейін бізді Елдікке, Теңдікке, Бостандыққа шақырып келсе, енді соларды мəңгілік баянды ететін Бірлікке, өркениеттік Өрелілік пен рухани Кемелдікке шақырады», — деп жазды белгілі жазушы Əбіш Кекілбаев [1].

Осы арман мен мақсат бүгінгі күнде дейін қазақ сөз өнеріне мəңгілік мұрат, өлмес дəстүр болып жетті. Өзінің кемел туындыларымен кеңес əдебиетінің алдыңғы қатарында болған қазақ поэзиясы қай кезеңде де ата-баба арманының аңсарын бір сəтке де ұмытқан жоқ.

Оны замана көштерінде толқын-толқын болып келген əр кезеңдегі поэзиялық көрнекті шығармалардан жазбай көреміз. «Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны əсемдік арналарды негіздеп, əсіресе Еуропа, орыс əдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды», — деп жазады академик Рымғали Нұрғали [2].

«Қазіргі қазақ поэзиясына оқыған, білімді ақындар келе бастады» деген пікір туған кезеңнен бастап, қазақ поэзиясы түр, мазмұн, тақырып, идея мен ой жағынан биік белеске көтеріле бастады. Жалпы, қазақ поэзиясының бүгінгі шыққан асқары ТМД елдері əдебиетінің алдыңғы қатардағы авангарды десек, артық айтқандық емес. Қазақ поэзиясы — осылайша мəңгілік мектеп қалыптастырған поэзия.

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің қай-қайсысы да осы мектептен өсіп шықты. Осы мектептің тарихи сабағын алды, үйренді, үлгі алды. Тек қана үйреніп, үлгі алып қойған жоқ, бұрынғы бар мектепті одан əрі тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан барынша кемелдендірді.

«Көркем əдебиет — өмір оқулығы» деген Чернышевский анықтамасы осы ойға дөп келеді. Өйткені əдебиет адамның ақыл-ойын түзейді, қалыптастырады, адамға өмірдің сан-қилы бояуы мен реңін түсіндіреді, сол арқылы адамды жақсыға, жаңаға, асыл мұраттарға үндейді. Сол себепті де, əр ақын өз оқырманының ұстазы, тəлімгері, қажет болатын болса, шынайы досы, шыншыл жолдасы. «Жазушы мен сыншы халықтың эстетикалық талғамын арттыруда бірдей жауапты» деп академик, сыншы Серік Қирабаев жазғандай, көркемсөз иесі көңілдегі көрікті ойын көпке жеткізуде ешқашан жауапкершілік сезімін төмендетпеуі тиіс [3].

Бүгінгі қазақ поэзиясының қай өкілі жөнінде де əңгіме қозғағанда, жалпы қазақ өлеңінің арғы дəуірден бастау алатын көне соқпағы мен сартап сүрлеуін шолу ретінде болса да еске түсіру — қазақ жырының мəңгілік қуаты мен құнарының қайдан шығып, қалай жеткенін аз да болса еске түсіру. Қай заманда да қаламгердің халық алдындағы, өз уақыты алдындағы үлкен жауапкершілігін сезінуі қажеттігін еске салу. «Қолына қалам ұстаған зиялы қауым М.Əуезов шығармашылығынан нəр алып, Мұхаңдай халқы мен Отаны алдындағы жауапкершіліктен таймауы тиіс, өз елі мен халқының болашағына қызмет істеуі керек» дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев [4].

60-шы жылдардың басында əдеби-мəдени тарихымызда «жылымық» кезеңдер деген атаумен енген тұста қазақ əдебиетіне, соның ішінде қазақ поэзиясына бір шоғыр аса талантты толқын келіп қосылды.

Сағи Жиенбаевтың, Тұманбай Молдағалиевтің, Қадыр Мырза Əлидің, Жұмекен Нəжімеденовтің, Төлеген Айбергеновтің, Мұқағали Мақатаевтың, Шəміл Мұқамеджановтың, Бекен Əбдіразақовтың, Мұхтар Шахановтың, оларға ілесе, соғыстан соң туғандар деген атпен əдебиет тарихына енген келесі толқын Жарасхан Əбдірашевтің, Кеңшілік Мырзабековтің, Темірхан Медетбековтің, Иранбек Оразбаевтың, Серік Тұрғынбековтің, Тынышбай Рахимовтың, Исрайыл Сапарбаевтың, Күлəш Ахметованың, Жұматай Жақыпбаевтың, олардың ізін ала еңсе тіктей бастаған елуінші жылы туған түлектердің, бір шоғыр талантты ақындардың, одан кейінгі арқалы дүбірмен 60-шы жылдары туған ақындар дүниеге келген 60-шы жылдары өмір есігін ашқан жас, дарынды толқынның, одан берідегі 70–80-жылдардағы дүбірлі топтың, тіпті күні кешегі, тəуелсіздік ту көтерген кезеңде туу туралы куəліктерін алған балауса балғын толқынның өкілдері уақыт төрешілік жасауға қамданған бүгінгі ақындық-аламан бəйгіде құйрық-жалы тістесіп, қазақ даласын қуатты жырдың дүсірімен оятып, жыр көрігін қыздырып келеді. Қазіргі қазақ поэзиясының, жалпы дəстүрлі, классикалық қазақ жырының əдебиетке 70-ші жылдары келген талантты толқындарының ішінде өз үні, өзіндік поэтикалық бояуы, өзіне тəн айту машығы мен жеткізу тəсілі бар дарынды ақындарымыздың бірі — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Оразалин.

Бұл зерттеу еңбекте ақын Нұрлан Оразалин поэзиясындағы замана шындығы мен сол сарынды берудегі ақынның тақырыптық-көркемдік ізденістері сөз болды. Ақынның уақыт тынысын көрсетудегі өзіндің тəсілі мен көркемдік тұрғыдан алған тақырыбын игерудегі ізденістері басты назарға алынды.

Ақын жəне заман. Ақын жəне ақиқат. Осынау телқоңыр терең ұғымдардың астарында көп сыр, көшелі пайым жатыр. Оны оқырман өлеңдерден тапса, ғылыми сараптамада ол жетістіктер қаламгердің болмысы мен бітімін, оның өлең көкжиегіндегі өзіндік орнын бағамдау мақсат болады.

Біздер, қалқам, өлең атты елденбіз, Жауыннанбыз…

Қайғыданбыз… Желденбіз…

Мəңгіліктің үрлеп мəңгі майданын,

Ғасырлардың қойнауынан келгенбіз.

 Жүрегімен күндіз-түні от өрген,

Кермекті артық көретұғын шекерден.

Қалқам, біздер өлең атты елденбіз,

Ақындықтың ауыр жүгін көтерген.

Нұрлан Оразалин бұл жырын 1991 жылдың шілдесінде жазған. Осы өлеңді зер салып, зерделеп қарасақ, сөз басында біршама айтылған ақындық тарих пен ақындық эстафета туралы авторлық аннотация бар. Ақын бүгінгі күн мінбесінен сөз алып тұрып, мойнындағы азаматтықтың ауыр жүгін жауапкершілікпен көтеріп келе жатқанын терең сезінген сеніммен серт сөйлеп тұр. Бұл қаламгердің қарабайыр ұраны да, желге шығарған жыр-əні де емес, бұл ақындық азап пен тозаққа, жауапкершілік пен міндетке пейіл берген, пейіл беріп қана қоймай, өлең атты қасиетті өнердің қыр-сырын қапысыз сезінген, ұзақ жылдар бойы əр сəтті теңеу, салиқалы ой үшін маңдай терін сыпырған сарабдал ақынның шын сөзі.

Жалында!

Көз ілеспес көк беренім,

Жалынсыз бықсығанды жек көремін. Озсам да… озбасам да…

Дəл осылай

Мен қалған өмірімді өткеремін, —

деген ақынның алғаусыз сырына қапысыз сенесің [5]. Ақын Нұрлан Оразалин əдебиетке өзінің сыршыл да сезімтал даусымен келген қаламгер. Оның алғашқы өлеңдері, университет қабырғасында жазылған жырлары өзінің ішкі əуез, сырнайдай сыршыл сазымен сол кездің өзінде-ақ өз оқырмандарына жаңылмай жеткен болатын.

Тəңірім нұрын төккенде,

Боянар түске көгал маң.

Жазбаған жырлар көп менде,

Жырлар да көп-ау жоғалған…

 …Жазбаған жырлар көп менде,

Жырлар да көп-ау жоғалған.

Ақын боп туған көктемде,

Ақын боп өлсек жоқ арман, —

деп «Сырнайлы шақтың» шымылдығын ашқан Нұрлан ақын сол алғашқы жыр жинағында-ақ ақындық кредоның мəні мен мақсатын, алыс күндерге сапарының қиындығы мен қызығын, жыр жолындағы жүрдек күндердің жауапкершілігін шын сезінген жас еді. Ақындық сапарын алғаусыз адал сезім мен кіршіксіз сенімге суарған Н.Оразалиннің алғашқы балаң жырлары əсіресе сол кезде жастардың арасында ерекше бір леп танытты.

Талайлар қамығып іздеген,

Бұл шындық күрес пе?

Елес пе?

Шиыры бітпейді бізбенен,

Сеземін, тіршілік — егесте.

 …Бұл шындық… күрес пе?

Елес пе?

Ғасырлар, дəуірлер іздеген.

Сеземін, мəңгілік — егесте,

Сапары бітпейді бізбенен [6; 23].

Замана сапары бір адамның ғұмырымен шектелмейді. Оған талай ұрпақтың тарихы куə. Бірақ əр ұрпақ, əр буын оған тек өзінің ғана қолтаңбасын салады. Өнерімен, өлеңімен, қажет болса, өлімімен. Бəріне ортақ бір ғана қасиет бар, ол — жауапкершілік.

Уақыт, заман алдындағы ақындық жауапкершілікті терең сезіну сол ақынды қайраткер тұлғаға айналдырады. Бірақ оған əуел бастан ақындық азаматтық болмыс іргетас болуы шарт. Жоғарыда үзінді келтірілген жыр, басқа сөзбен айтқанда, ақындық серт пен ақындық анттың поэтикалық тұрғыда көрінуінің бір түрі. Қандай ақын болса да өнер жолын бастарда бата алады, өзіне серт беріп, жүрер жолын айқындап алады. Бұл қазақ поэзиясында ғана емес, жалпыадамзаттық қадам. Тіпті жалпы өнер атаулығы тəн қадам.

«Біздің заманымыз — өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деп ұлт кемеңгері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ақын қай кезеңде де өз заманының кескін-келбетін сомдайды. Ал ол шығармаларында қалай көрінеді, оқырманын қалай иландырып, сендіреді ол да ақынның қалам күшіне, ақындық диапазонының тарлығы мен кеңдігіне, көңіл көзі мен сенім саңлауының айқындығы мен ашықтығына сын.

Кезінде, 70-ші жылдардың басында, ақынның жастар арасында хит ретінде қабылданған, яғни «мода өлең» боп кеңінен таралған «Түнгі ырғақтар» атты өлеңі əлі де оқырман құлағын елең еткізіп, өзінің самал желдей əдемі де жұмсақ, əуенді де ерке ырғағымен жүректі баурайды, көңілді жаулайды:

 Оңымнан соққан жел ме екен,

Солымнан соққан жел ме екен,

Салғырттау жүрген кезімде,

Сабылып қайдан келді екен?

 Жалын боп жалап өтті не,

Өртеніп кетсем, не дермін?!

Жасын боп түнде көк тіле,

Жарқ ете түссе, не етермін?!

 Оңымнан соққан жел ме деп,

Солымнен соққан жел ме деп,

Созылып жатқан белдермен,

Қашар ма едім өрмелеп?!

 Қуанып, толқып сол шақта,

Көзімнің жасы моншақтап,

Жығылар ма едім кеудеңе,

Тығылар ма едім кеудеңе,

Кеудеңе сенің жан сақтап?!

 Оңымнан соққан жел ме деп?!

Солымнан соққан жел ме деп?! [6; 132].

Осы өлеңнің ішкі музыкасы, əуені мен ырғағы ақынның бұдан кейінгі күллі поэзиясының негізгі сазды желісіне айналды. Жалпы өлең өзінің ішкі дауыс əлемінсіз, сөздің сазы мен сұлу ырғағысыз жүрекке жете бермейді. Тіпті қара сөздің өзінде ішкі ырғақ, тылсым музыка барын талай əдебиет зерттеушілері де, атақты ақындар да сан рет айтып, сан рет жазған.

Өмірге мынау

Өле бір ғашық болмасаң –

Өлең де, жыр да, болмас əн.

Өзегің талған кезде егер,

Шалғынды кешіп,

Шашаны шыққа малмасаң;

Аязда, қарда тоңбасаң,

Жауында ойға шомбасаң,

Сүймесең желді,

Мінбесең жүйрік, Көрмесең тауды, даланы,

Бұрқылдап ізде жолда шаң –

Өмірге мынау

Өле бір ғашық болмасаң…[6; 65].

Поэзияның күші мен құдіреті де осында, ол өмірге құштарлық, ғашық болу. Өмірдің мəні мен мазмұнын тереңнен түсінуге, байыптап түйсінуге, барлап сүйсінуге негізделген. Ақынның заман алдындағы, қоғам алдындағы, керек десеңіз өзінің ар-ұжданы алдындағы жауапкершілігі мен міндеті оның ақындық көркемдік қуаты мен ақындық шеберлігіне тікелей тəуелді. Сондықтан да жалпы оқырман қауым, немесе əдеби орта шартты түрде ақындарды жақсы немесе, нашар ақын, не болмаса таланты, талантсыз ақын деп бөліп жатады. Ақынды жас ақын, қарт ақын деп бөлу де тым шартты. Ақын сезімге келгенде қашанда жас, көңілге келгенде қашанда ояу, ақыл-ойға келгенде əрқашан қарт-қария. Өйткені ол — адам жанының бағбаны, адам көңілінің айнасы, уақыт жанының ыстық- суығын, ауа райын көрсетіп тұратын баға-барометрі.

«Асылы, лирикалық шығарма ақынның көңіл-күйіне құрылады дегенбіз; ақын онда өзін, өз сезімі мен сырын жырға айналдырады, өзі туралы сөйлейді. Ал, «ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке «мені» туралы айтса, ол — жалпы көпшілік туралы — бүкіл Адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы Адам баласына тəн қасиеттің бəрі бар» деп В.Белинский жазғандай [7], ақын өзінің басындағы мұң мен сырды айтып отырғандай көрінгенмен, ол мұң мен сыр оқырманға да жат емес, тіпті кейде оның ішкі жан дүниесімен тереңнен қабысып, алыстан табысып, ақын мен оқырман арасындағы рухани байланыс телепатиялық байланысқа жетеді.

Демек, Нұрлан Оразалин — өз заманының болмыс-бітімін шынайы зерделеген, дəуір тынысын өзіндік тақырыптық-көркемдік шеберлікпен көрсеткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Кекілбаев Ə. Шандоз. — Атырау: Атырау-баспа, 2003. — 367-б.
  2. Нұрғали Р. Əуезов жəне Алаш. — Алматы: Санат, 1997. — 102-б.
  3. Қирабаев С. Уақыт жəне қаламгер. — Алматы: Жазушы, 1973. — 82-б.
  4. Назарбаев Н. Қалың елім, қазағым. — Алматы: Өнер, 1998. — 278-б.
  5. Оразалин Н. Қоздағы шоқ. — Алматы: Атамұра, 2008. — 1-т. — 23-б.
  6. Оразалин Н. Таңдамалы үш томдық туындылар. — Алматы: Жазушы,
  7. Белинский В. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1987. — 37-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.