Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ө.Тұрманжанов өлең-жырларындағы дəстүр жалғастығы

Ө.Тұрманжанов — І.Жансүгіров дəстүрін жалғастырушы ақын. Бұл ретте Жансүгіровтің қимыл- қозғалысқа, бояуға толы динамикалы «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдерін еске түсірсек те жеткілікті. Ө.Тұрманжанов өлеңдерінде де сəбиге тəн бала тілі, асқақ сезім, романтизм, лиризм бар. «Тамаша ғой қыс деген», «Əн салайық айналып», «Балқаш көлге барайық», «Көк гүлдерді жұлмаңдар», «Жасыбайдың үңгірі» өлеңдері балаларға арнау түрінде жазылған. Автор «Тамаша ғой қыс деген» өлеңінде қыс тамашасын шаңғы тебу қызығымен байланыстырады. Алғашқы шумағында қыстың шұнақ аязын алға тартады. Бірақ «қызыл шұнақ аяз» ықшам киінген шаңғышы балаға бұйым емес. Кейінгі үш шумағы шаңғымен сырғыған баланың қимыл-қозғалысы мен оның физиологиялық, эмоциялық өзгеріске түсу жайын баяндайды.

Ақын қыстың бір ғана қызығын айтып отыр. Өлеңін қыстың қызығына балаларды ынтық ете аяқтайды.

Балалар-ау, балалар!

Мұнан қызық не болар?

Қыстың да бар қызығы,

Жылында бір оралар.

М.Дулатов «Мектепке», «Мектептен», І.Жансүгіровтің «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдерінде балаларды оқуға шақыруды мақсат етсе, Ө.Тұрманжанов жырларында спортпен шұғылдануды, салауатты өмір салтын сақтауды жəне табиғат-Ананы аялауды міндеттейтін сыңай байқалады, тілек білдіру, бұйыру мағынасында келеді. Мəселен, «Балқаш көлге барайық» өлеңі балаларды Балқаш көліне қызықтыру мақсатын көздейді. Бірінші бөлімде «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» көлге бару, екінші бөлімде көлдің сан қызығын көру тілек етіледі. Əн сап, өлең айту, сөйтіп ауылға қайту — қызықпен өткен уақыт жемісі. Бұйрықтық мағына «Көк гүлдерді жұлмаңдар» өлеңінде айқын.

Балалар-ау, балалар!

Көк гүлдерді жұлмаңдар!

Көбелекті қумаңдар!

Көбелекті қусаңдар,

Қуып жетіп ұрмаңдар!

Автор байқауынша, гүл мен көбелек — егіз ұғымдар. «Гүлдің досы — көбелек, доссыз өмір не керек?» деп өлеңін түйіндейді автор. Достық тақырыбы табиғат аясындағы құбылыс төңірегінен алыстамай ашылған.

Ө.Тұрманжанов фольклорлық тақырып пен сюжеттерді де шығармашылықпен пайдаланған.

«Фольклорлық тақырып, желі, сюжетті пайдалану, ауыз əдебиетін шығармашылық күшті қуатпен меңгеру — Ө.Тұрманжанов əдеби мұрасының басты ерекшелігі» [1]. «Баласын сүю» атты халық өлеңінде қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, қабан, қасқыр, ит, мысықтың баласын қалай сүйетіндігі айтылса, Ө.Тұрманжанов «Төрт түліктің төлдерін сүюі» өлеңінде солардың төртеуін ғана, атап айтсақ, жылқы, ешкі, қой, сиырды таңдайды. Халық өлеңінде «жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп», Тұрманжанов өлеңінде «Жылқы сүйер құлынын «жүйрігім» деп» келеді. Алғашқы өзгешелік осы. «Ешкі сүйер баласын «лағым» деп, тастан-тасқа (жардан-жарға) секірген «шұнағым» деп, қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, ештеңені (қулық-сұмдық) білмейтін «момыным» деп, сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, қараңғыда баспаған (баспайтын) «қорқағым» деп келетін жолдарда жақша ішінде көрсетілгендерден басқа айырмашылық жоқ. Бірақ авторлық өлеңде төрт түлік сипаты толықтырылып беріледі. Бұның бір себебі өлеңнің төрт түлікке ғана арналғандығынан болса керек.

Ешкі малына арналған халық өлеңі көлемді. «Ешкі қойды бастаған, қойды артына тастаған ешкі деген жануар» деп басталады. Ө.Тұрманжановтың «Ешкі деген жануар» өлеңі шағын.

Қос мүйізі қылтылдап,

Қылшық жүні жылтылдап,

Тұяқтары сыртылдап,

Бүйректері бұлтылдап,

Қой бастаған қутыңдап

Ешкі деген жануар.

Автор ешкінің қой бастайтын қасиетін аңғартуды мұрат тұтқан тəрізді. Жалпы, ешкі жайындағы өлеңдер Ө.Тұрманжановта бірнешеу. «Ешкім, ешкім, егіз тап» өлеңі «Бөбектің тілегі» атты халық өлеңі үлгісін еске түсіреді. Халық өлеңінде «Тоқтышағым, тоғыз тап, саулық қойым, сегіз тап, сегізін де семіз тап!» делінсе, авторлық өлеңде «Ешкім, ешкім, егіз тап, егіздете семіз тап, тоқтым, тоқтым, тоғыз тап, тоғызын да егіз тап!» деп келеді. Өлеңдерде түлік атауларының орындары ауысқан. Халық өлеңінде бие мен сиырға айтылатын тілек («құла бием, құлын тап», «əукем, алып бұзау тап») Ө.Тұрманжановта жоқ. «Ешкім, ешкім, егіз тап» өлеңінде ақынның күтетін нəтижесі төмендегідей:

Төлге толсын қорамыз,

Сүтке толсын шарамыз.

Қазан-қазан сүт қайнап,

Қаймақ жейтін боламыз.

Халық өлеңі жануарға бұйыру түрінде келеді. Мұндай сипат — халықтың арнау-тілек өлеңдерінің еншісі. Авторлық өлеңдерде арнау, тілек балаларға қатысты жиі қолданылған. «Ақ ешкіні баптап бақ» өлеңінде «еңбек түбі — зейнет» деген ой бар. Ақ қаймақ пе ақ қолғап ешкіден. Түбіт беретін — күтім көрген ешкі. Ақ қолғап тоқып берген əжеге ықылас үлкен.

Түлік төлдеріне арналған өлеңдер халық өлеңдері арасында да кездеседі. Мысалы, «Торы құлын» атты халық өлеңі «жағы қалақтай», «мойны садақтай», «жүні құндыздай», «жалы жібектей»,«саны білектей», «көзі моншақтай», «құйрығы шашақтай» құлынды көз алдыңа əкеледі, құлынның жансыз суреті ендігі сəтте қимылдай бастағандай көрінеді. Бірте-бірте құлынның қимыл-қозғалысы үдейді. Ноқта-желіні, киім-теріні ернімен емеді, езгілеп береді. Айнала шабады. Ақыр соңында

«Енесін емер еді, еркелеп тебер еді». Халық өлеңі 5–6 аралас буынға құрылған. Өлең үшінші жақта айтылады. Ө.Тұрманжановтың «Құлыншақ» өлеңінің халық өлеңінен бірнеше өзгешелігі бар. Біріншіден, 7 буынды болып келген. Екіншіден, екінші жақта айтылады, яғни қаратпа сөзге құрылады. Үшіншіден, өлеңге бала кейіпкер қатысады, нақтырақ айтсақ, тілегімен қатысады.

Желдей жүйрік құлыншақ,

Құстай ұшқыр құлыншақ,

Қалсын халық ойланып

Берші маған бəйге алып.

Ұқсастығы, халық өлеңі де, авторлық өлең де түлік төлін бірдей мінездейді. Ө.Тұрманжановтың «қамыс құлақ», «күміс тұяқ», «жібек жалды», «бөкен санды» құлыншағы — халық өлеңіндегі құлыншақпен егіз. Авторлық өлең көлем жағынан ұтылған. Халық өлеңі жиырма алты жолдан тұрады. Ө.Тұрманжанов болса, құлын сипаттамасын тоғыз жол, екі шумаққа сыйғызған. «Қошақан» өлеңі бұдан сəл өзгеше. Бала кейіпкер қошақанды əңгімеге тартады.

Қошақан-ау, қошақан!

Гүл берейін, жейсің бе?

Гүлімді жеп қолымнан,

Рақымет дейсің бе?

Лирикалық кейіпкер бұл жолы да өз тілегін батыл жеткізеді:

Күз болған соң қолғапқа

Берші жұмсақ жүніңді.

Ө.Тұрманжановтың төрт шумақтан тұратын «Əукім, əукім, ақ бұзау» өлеңі де сиыр төлінің келешектегі пайдасын ескертеді. Өлең түгелдей тілекке құрылған. Ақ бұзауды күтетін, шөп салып, суаратын, асты-үстін қарап, тазалайтын баланың еңбегі қоса-қабат айтылады. Автор бұзаудың үркек мінезін дəл береді.

Едіреймей танауың

Ене қойшы қораңа.

Одырайып қарауың

Ескі досқа бола ма?!

Негізгі тілек — бұзаудың сүтті сиырға айналуы.

Əукім, əукім, ақ бұзау!

Ертерек өс, құтты бол!

Өзгелерден өзің дəу

Сиыр бол да, сүтті бол!

Халық өлеңдерінің қаратпа сөзге құрылатын түрі — арнау-тілек өлеңі. Халықтың арнау-тілек өлеңдері табиғат құбылыстарына жəне хайуанаттарға арналған болып екіге бөлінеді. Ө.Тұрманжановта да осылардың екеуі де бар. «Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбыр», «Қанатты гүл» өлеңдері — осының дəлелі. Ерекшелігі — көлемінде. Біріншісі — үш шумақ өлең. Екіншісі отыз шақты жолдан тұрады. «Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбырда» автор көңілі шартарапты кезеді. Халық өлеңіндегідей арық суының мол, өсімдік-шөптің көп болуымен шектелмейді.

Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жадырасын, жер тойсын.

Төгілген соң жерге нұр

Егін салсын, ел тойсын.

Авторлық өлеңге ел егіні, гүл жапырағы, жеміс түйіні қосылады. Автор жаз бұлбұлының сайрағанын, қозы-лақтың ойнағанын қалайды. «Қанатты гүл» өлеңі сюжетке өрілген. Гүл терген бірбөбек көбелекті гүл екен деп «Жан бітті ме гүлге» деп шошып қалады. Көбелекке деген жүрекжарды тілегін бірден білдіреді.

Ұстап алсам, қыспаймын,

Жұмсақ қана ұстаймын.

Қанатыңа тимеймін,

Бұл қанатты гүл деймін.

Халық өлеңдерінің ішінде жеткіншектер поэзиясына жататын қызықтама деген өлең түрі бар. Сюжеттік баяндауға құрылады. Ө.Тұрманжановтың халық өлеңі ізімен жазылған «Түлкі, түлкі, түлкішек» өлеңінде көп өзгешелік жоқ. Ешкі сүтіне қатысты «Сүтін қайда қоясың?» деген сұраққа

«Ішіп алып тоямын» деген жауап қатыстырылады. Авторлық қызықтамада лақ орнына қозы сойылады. Оны түлкішек тал басына қояды. Сұрақ-жауап ары қарай төмендегіше жалғасады:

- Құс жеп кетсе, қайтесің?

- Тал түбіне қоямын.

- Ит жеп кетсе, қайтесің?

- Жолына қақпан құрамын,

- Ұстап алып ұрамын.

Осылайша, оптимистік сарында аяқталады. Өлең жеткіншекті белсенді іс-əрекетке шақырады. Ө.Тұрманжанов мазақтамалары да жетерлік. «Тəмпиген Қасым», «Ей, кір бала, кір бала»өлеңдеріндегі буын саны біркелкі емес. «Тəмпиген Қасым» мазақтамасының бірінші шумағында Қасымның əрекеті баяндалады.

Қолына ап тарақ, Айнаға қарап,

Тарады басын Тəмпиген Қасым.

Екінші шумақта осы əрекетінен зиян шеккен Қасым сипатталады.

Маңдайда-ақ шашы,

Тап-таза басы.

Тараймын деп шашын

Тырнатты басын.

Халық тақпағының бірі «Торғай». «Торғай, торғай, тоқылдақ» деп басталатын тақпақ Ө.Тұрманжановта да бар. Авторлық тақпақ 23 жолдан тұрады. Торғай Тұрымтайдан, Мысықбайдан, Күшікбайдан, Нүсіпбайдан қорқады. Торғайды жəбірлеушілердің əрқайсысының мінездемесі қоса берілген. Торғайға лирикалық кейіпкер іш тартады.

Торғай, торғай, торықпа,

Бəрінен де қорықпа,

Тары себем жолыңа,

Қона ғой келіп қолыма.

«Қасқырдың қойшыларға айтқаны» деп аталатын халық өлеңі он тоғыз жолдан тұрады. Аралас буынды өлең. Өлең өзінің атауына сай. Мазмұны қасқырдың бала қойшыға, төрт қойшыға, үш қойшыға, екі қойшыға айтқан тілегіне жəне атты қошы, түйелі қойшы, өгізді қойшыны мінездеуге құрылған. Ө.Тұрманжановтың «Қасқыр мен қойшы бала» өлеңі қасқыр мен қойшының айтысынан тұрады. Формасы жағынан «Ұл мен қыз», «Бала мен шіл» айтыстарын еске салады.

Қасқыр:

Бала қойшы, бала қойшы!

Асық ойнап қала қойшы.

Малыңды ойға сала қойшы,

Ауылыңа бара қойшы.

Автор халық өлеңінен алдыңғы екі жолды ғана алған жəне оған аздаған өзгеріс енгізген. Бірақ қасқыр ішкі ойын бала қойшыға сездіргісі келмейді, «бір тоқтыңды бере қойшы» демейді. Бала қойшыға қасқырдың ойы белгілі. Сондықтан алдауға көнбейді.

Бала қойшы:

Қарғадайдан қозы баққам,

Малсақтықпен елге жаққам.

Балалық қып асық атпан,

Малды тастап ойын бақпан.

«Қойыңа қарауыл қып мені қалдыр» деген қасқыр сөзін естіп бала қойшы ашуға мінеді.

Қойшы бала ашуланды,

Тау жаңғыртып аттан салды.

Ат ойнатып жігіт келді,

Қасқыр қашып зытып берді.

Боталы түйе, қос лақты қос ешкі, төрт қозылы екі қой, шұнақ құлақ бес ешкі барлығы нешеу?

«Ойлап тап?» атты халық өлеңі осыны жасырады. Ө.Тұрманжановтың «Нешеуі қызыл, нешеуі ақ?» өлеңі барынша күрделендірілген. Бір жағынан, есепке ұқсайды.

Бесеуі қызыл, бесеуі ақ,

Оң қалтамда он алма.

Жетеуі қызыл, жетеуі ақ,

Сол қалтамда толы алма.

Нешеуі қызыл, нешеуі ақ?

Тапқыш болсаң, ойлап тап?

Қызылын берсем қыздарға.

Автор бұнымен тынбайды, «Қызылын қыздарға, ағын ұлдарға береді». «Қызылы қанша қызға жетеді, ағы қанша ұлға жетеді?» деген сауал тастайды.

Қызылы нешеу, қыз нешеу?

Ағы нешеу, ұл нешеу? —

деп аяқталады өлең. Бұның жауабы өлеңнің бірінші бөлімінде беріліп қойған. Он екі қызыл алма, демек, он екі қыз. Он екі ақ алма — он екі ұл.

Ө.Тұрманжановтың жыраулар поэзиясы дəстүрінде туған «Мұрап болғым келеді» өлеңі «қуат»,«шуақ», «шырақ», «бұлақ», «суат», «тұрақ», «пырақ» «мұрат» жəне «мұрап» сөздерінің мəн-маңызы мен қуатын түсіндіреді.

Қартайғанда анама Қуат болғым келеді.

Бақшадағы балаға Шуақ болғым келеді.

Өлеңде есім сөзбен тіркесіп келетін күрделі етістік əр жол сайын қайталанып отырады. Бұл сипаты жəне 7 буынды өлең өлшемі өлеңге ойнақылық дарытқан.

Бəрінен де бəрінен Өзім туған жерімде,

Күн қақтаған кебірде Шөліркеген егінге

Су беретін қолынан Мұрап болғым келеді.

«Бар адам арман ететін мұрат болғым келеді» деген екі тармақтың алғашқысы 8 буынды болып келген. Бұның өзі алғашқы əсерге еш көлеңкесін түсірмейді. Буын санын бажайламаса байқалмайтын құбылыс.

К.Ушинскийдің ізімен жазылған «Екі соқа» мысалында Ө.Тұрманжанов орыс педагогы көтерген еңбек мəселесін қайта жаңғыртады. Тот басқан соқаның «жарқырап кеттің қалайша, досым?» деген сұрағына еңбекқор соқа былайша жауап береді:

– Сұрасаң, досым, айтайын шынын,

Еңбекте, — деді, — негізі мұның.

Еңбек мені жаңартқан қайрап,

Сондықтан тұрмын жарқырап, жайнап.

Тот басып сенің қарайғаның —

Еңбексіз кірлеп тозғаны жаның.

Соңғы екі жол — қазақ ақынының қосқаны, өзіндік концепциясы.

Ө.Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар, қиыспас дос құдалар» мысал-поэмасының бас кейіпкерлері — аралар мен құмырсқалар. Ара құмырсқамен құда болғанға дейінгі аралықта бірнеше жəндіктің тіршілігімен танысады. Түрленіп шыққан көбелекке

Сауықшыл екен балаңыз Балаңызға лайық

Басқа бір қыз қараңыз...

дейді. Шаққан жерін қан қылған сары масаны

Тым ерсі екен салтыңыз, 

Қан ғана екен асыңыз,

Қағынған екен жасыңыз, —деп кері қайтарады.

 Тотықұстай түрленген инелікті

Сұлу-ақ екен сыртыңыз,

Жарамсыз екен жұртыңыз

Бұзылған екен құлқыңыз, — деп қабылдамайды. Өрмегін ала жүгірген өрмекшіге

Жалған өнер жарамас,

Арам тамақ, арам ас.

Ондайларға жаны қас,

Қызым саған қарамас...

деп қатты айтады. Аралар құмырсқаның сөзін ұйып тыңдайды. Құмырсқамен құда болуға шешім қабылдайды.

— Тыңдаңдар! — деді, — бəріңіз,

Ей, жарандар, жарандар!

Бері таман қараңдар,

Сөзім енді тым қысқа,

Құдамыз болсын құмырсқа!

Өзіміздей тірлікті,

Ынтымақты, бірлікті,

Өсіп-өнген ел екен,

Ағып жатқан кен екен,

Қолтықтары кең екен,

Бізге нағыз тең екен...

Поэма балаларға арнау сөзбен аяқталады. Өтірік өлең сипаты байқалады.

Бірлік, ынтымақтық тақырыбы — Ө.Тұрманжановтың «Жеке ағаш пен топ ағаш» мысалының арқауы. Топ ағаштан бөлінген жеке ағаштың қайғылы аяқталған тағдырын мысал етеді.

Шарт сынды сонда жеке ағаш,

Шалқайып кеткен қауымнан.

Қатар тұрған көп ағаш

Жеңілмей қалды дауылдан.

«Жекедай» поэмасына Ө.Тұрманжанов «Төрт жігіт — түгел жігіт, жеке жігіт — жүдеу жігіт» деген халық мақалын эпиграф етіп алған екен. Аталас бес жігіт енші алып бөлек шығады. Жаңа қоныс табады. «Көлігім сай, күшім сай, Боламын Жеке-дай», — деп бесінші жігіт төртеуден бөлініп, жеке кетеді. Төрт жігіт қыш құйып, үй салады. Жалғыз жігіттің жұмысы өнбейді. Төртеудің «бізбен бірік» дегеніне көнбейді. Терезесі, есігі орнатылмаған үйде Жекедай қыстап шығады. Төрт жігіт көктемде егін салуға шақыра келеді. Жекедай ермей қояды. Сөйтіп, дəнсіз қалады. Қателігін түсінеді. Кешірім сұрап келген Жекедайды төрт жігіт құшақ жая қарсы алады.

Адасқанға айып жоқ

Біреу — жалғыз, төртеу — көп.

Қосылайық, толайық.

Бес саусақтай болайық.

Ынтымақ ерге лайық,

Жаңа өмір өстіп құрайық...

Ө.Тұрманжановтың «Төрт өгіз» мысал-поэмасы ынтымақ, бірлік мəселесін көтереді. Ақын ұғымында «төрт» санының қасиеті артық. Ұзақ жылдар бойы қазақ мақал-мəтелдерін жинаған ақынның бұл жерде «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақалды есте ұстағаны анық. Қалыңға кірген өгіздері қасқырдың көзі шалады. Өгіздерге тап береді.

Қасқырға алам деген айласымен,

Төрт өгіз түгел тұрса, болар ма жем?!

Қасқырды қадай соғып қаңсылатты

Төрт батыр сегіз семсер найзасымен.

Қасқыр жолай жолыққан түлкіге халін баяндайды. Залым түлкі өгіздер арасына жік салу қажеттігін айтады. Түлкі ойындағысын іске асырады. «Əрқайсың əр түбекті басқарыңдар, жерге шоғырланып тұрмай бəрің...» дегенді жас өгіз дұрыс көреді. Үш өгізден бөлінген жас өгіз қасқыр мен түлкіге жем болады. Жас өгіздің өкірген үнін естіп үш өгіз қас қаққанша жетіп барады.

Алданған жас өгіздің алды өшін,

Қулардың құрбан болған айласына.

Мысал түйіні төмендегідей:

Не жетсін бірлік пенен ынтымаққа!

Барлық күш — біле-білсек ынтымақта, —

Деп халық жай айтпаған, есте сақта!.

«Жалғыз боп жол тапқанша, көппен адас».

Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш, дəуіт, жылан» поэмасының да көтеретін мəселесі — бірлік. Поэмада қарлығаш пен дəуіттің ынтымағы үлгі етіледі. Дəуіт қарлығаштың балапандарын жалмамақ болған жыланды өлтіреді. Тіршілік иелерінің əдісі де бар, əлсізі де бар. Əлсізге əлдіден қорғану үшін басқамен бірігу керек. Сондықтан поэмасын автор төмендегіше түйіндейді:

Балалар, қашан-дағы бірлік керек!

Əлсізге артық болмас етсек көмек.

Жақсылығың ұмытылмас қашан-дағы,

Игілікке дəнекер болсаң себеп.

Ө.Тұрманжановтың «Шағымпаз сарғалдақ» ертегі-поэмасының оқиғасы «Қотыр торғай» атты халық ертегісінің сюжетін еске түсіреді. «Елден асқан ерке» сарғалдақ қурайды да, теректі де, өлең шөпті де, бұтаны да менсінбейді. Сарғалдақ жантақты ешкіге, ешкіні қасқырға, қасқырды аңшыға, аңшыны тышқанға, тышқанды мысыққа, мысықты кəрі əжеге шағады. Ешқайсысы тыңдай қоймайды. Тек құйын сарғалдақтың сөзін жерге тастамайды. Осыдан кейін барып кері процесс жүреді.

Əже барып мысықты ұрды,

Мысық орнынан ұшып тұрды.

Мысық тышқанға тиді,

Тышқан мергеннің білтесін қиды,

Мерген қасқырды атты,

Қасқыр ешкіге шапты,

Ешкі жантақты жеді

, Сарғалдақ «Рақмет!» деді.

Сөйтіп, сарғалдақ жантақтан осылайша өшін алды.

Ө.Тұрманжановтың «Түлкі мен бөдене» поэмасы халық ертегісі ізімен жазылған. Түлкінің қолына түскен бөдене «Бір жолға қанымды қи, мен де саған көрсетем сый» деп жалынады. Түлкі бөденені қоя береді. Күндердің күнінде аңшы қақпанына түскен түлкіге көмекке бөдене келеді. Содан былай екеуі дос болады. Екеуінің достығы былайғы жұртты таңғалдырады. Бөдене түлкінің үш өтінішін орындайды. Алғашқысында етке тойғызады, екіншісінде күлдіртеді, үшіншісінде қорқытады. Үшінші өтініш олардың достығына сына қағады. Көзін жұмған түлкіні бөдене аңшылардың ортасына əкеледі.

Түлкі олардан əрең дегенде қашып құтылады. Поэмада бөдене құйрығының шолақ болу себебін түсіндіруге құрылған этимологиялық сипат бар.

– Өстіп қорқыт деп пе ем, жауыз? —

Деп түлкі оған салды ауыз.

Түлкі ап қалды құйрық етті,

Бөдене ұшып безіп кетті.

Бар оқиға сол-ақ екен.

Бөдене өстіп шолақ екен.

«Күле-күле тамашаға, кездесті олар оңашада» деп қайталанатын жолдар поэмаға ойнақылық дарытқан.

Ө.Тұрманжановтың «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы — ауру арыстан туралы хикая» поэмасы ел ертегісі ізімен жазылған. Қарны ашқан арыстан түлкіге бұғы етін жегісі келетінін білдіреді. Түлкі бұғының осал жерін дөп басады. Арыстан аң біткеннің ішінен бұғыны патша қоюды дұрыс санап отыр деп жеткізеді. Бұғы арыстан тырнағынан əрең аман қалады. Түлкіні енді маңына жолатпастай болады. Бірақ тілі майда түлкі бұғыны тағы да алдай бастайды. Ашулы арыстан енді қасқырды патша етпекші дейді. Одан да өзің патша бол дегенді айтады. Сөйтіп, түлкі бұғыны екінші рет көндіреді. Бұғының жерге түскен миы түлкіге бұйырады. Арыстан бұғы миын жеуге ниет етеді. Ертегі-поэма авторы төмендегідей тұжырым жасайды:

Əзəзіл адамды алдап кəсіп етер,

Еңбексіз тілін жалдап нəсіп етер.

Опасыз өмір сүрген өтірікші,

Алдынан əділдіктің қашып өтер.

Ө.Тұрманжановтың «Ана өсиеті» өлеңі адамзатқа жасалатын жақсылық мəнісін түсіндіруге құрылған. Автор ойынша, жол үстіндегі тікеннің өзін алып тастау — келесі адамға еткен үлкен жақсылығың. Жақсы іс — көпке үлгі. Соңғы шумақта ақын жақсы үлгі-өнегенің құдіретті күшін баян етеді.

Бұл еңбегің қалмас-ты босқа, бекер,

Соны көрген соңғы жас солай етер,

Жақсы үлгіні жалпы жұрт дəстүр жасап,

Жол тазарып, жолаушы жылдам өтер.

Өлең халықтың «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»,«Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген қанатты сөздеріндегі ойды жалғастырады.

«Фольклорлық балалар поэзиясы өзінің таусылмас нəрімен бүгінгі қазақ балалар поэзиясына да нəр беріп келеді. Балаларға арналған халық өлеңдері балалар поэзиясының бастау-бұлағы болумен бірге, оған ақындар əр кезеңде қайыра соғып үйреніп, шығармашылық қуат алып отырады» [2]. Ал, Ө.Тұрманжановтың балаларға арналған өлең-жырларынан жаңа сипатқа, жаңаша мазмұнға ие болған арнау-тілек, төрт түлік өлеңдері, ертегі, мысал, сұрамақ, қызықтама, мазақтама, тақпақ тəрізді фольклорлық жанрларды жəне олармен қоса жаңарған жыраулық поэзия үлгілерін де көруге болады. Ө.Тұрманжанов ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері дəстүрлерін де шығармашылықпен жалғастырды. Демек, ақын поэзиясының дамуына өзінің алдындағы ақындар поэзиясы мен халық ауыз əдебиеті шығармалары өздерінің сан алуан тақырып, бай мазмұн, көркемдік өрнек жəне тəрбиелік қуатымен кең арна ашқан.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. — Алматы: Өркениет, 2003. — 58-б.
  2. Іслəмжанұлы К. Рухани уыз. — Алматы: Ана тілі, 1995. — 128-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.