Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шəкəрім өлеңдері мен қазіргі қазақ поэзиясындағы құрылымдық үндестіктер

Шəкəрім поэзиясында қазақтың дəстүрлі поэзиясында бұрын-соңды кездеспеген өзіндік болмысымен ерекшеленетін, ырғақтық-интонациялық жүйесі соны, үні мен əуені өзгеше өлеңдер баршылық. Бұл өлеңдердің ішкі табиғаты, яғни тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесі, ғана өзгеше емес, сыртқы құрылымдық сипаты да жаңа. Абай поэзиясының ішкі-сыртқы əлемін жүрегімен ұғып, терең түсінген ақын ұлы дананың ізімен кете бермей, өзіндік соқпағын салуды мақсат еткендігін ақынның осы «мінезі дара» өлеңдері байқатады. Шəкəрімнің Абайдан үйреніп, оның өлеңдерінен ұғынған басты сабағы — өлеңнің ішкі табиғатына сай сыртқы пішінін табу, ішкі сарайына сай сыртқы сымбатын салу. Осыған орай Шəкəрім поэзиясындағы бір-біріне ұқсамайтын сан алуан ырғақтық-интонациялық құрылымдар ақынның өлеңнің сыртқы формасына ерекше мəн беріп, өлеңдерін мақсатты түрде сол жүйеге енгізіп отырғандығын дəлелдейді. Оны ақынның ұлы Абаймен өлеңнің пішіні туралы əңгімелері нақтылай түседі. «Бір күні Абай Шəкəрімді шақырып алып: «Осы қазақта алты, жеті, сегіз, он бір буынды шумақтар бар. Тоғыз, он, он екі буынды өлең шумағы болуы мүмкін бе? Ай, ондай болмайтын шығар», — дейді. Шəкəрім ертеңіне тоғыз, он, он екі буынды өлеңге əн шығарып əкеліп, Абайға тыңдатады». Бұл əңгімелер Абай мен Шəкəрімнің өлеңнің ырғақ жүйесіне үлкен мəн беріп, өлеңді түрлендіретін ерекше құрал ретінде бағалағанын байқатады. Сондай-ақ Шəкəрімнің өлең өлшемінің өзгеше мүмкіндігін ашудағы үлкен шеберлігін танытады.

Ақын үшін өлең құрылымы несімен маңызды? Ақынның тың құрылымдарымен құрылған өлеңдері несімен ерекшеленеді? Осы сұрақтарға жауап іздеу барысында Шəкəрім Абай дəстүрін жалғастырушы ғана емес, жаңа, өзінен кейінгі əдебиетке із салушы, жаңа əдебиеттің бетін айқындаушы ретінде танылады. Шəкəрім мен қазіргі қазақ ақындарының өлең құрылымына қояр ортақ талаптарының молдығы байқалады. Қай кезде болмасын, өлеңнің тақырыптық-мазмұндық ерекшелігіне дөп түсетін ырғақтық-интонациялық өрісін шын мəніндегі шебер ақындар ғана таба алған. Өлеңнің сырын танытып, мінезін ашатын кілт ретінде түрлі ырғақтық кестелер М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, Ұ.Есдəулет, Е.Раушанов, Г.Салықбай сынды талантты ақындардың поэзиясында үлкен орын алады.

Ақын үшін өлең құрылымы — ішкі ойды жеткізуші, сөздің терең сырын ашушы. Сондықтан жаңа құрылымдық жүйеге негізделген өлеңдерінен жанды, құнарлы интонациялық леп байқалады. Сондай өлеңнің бірі «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де... » деген жолдардан басталады. Бұл құрылымдық жүйеге аталмыш өлеңінен өзге «Əбдіғали бауырыма» жəне «Ойдан шығарылған бар түрлі əндерім» деген өлеңдері енеді. Бұл өлеңдердің құрылымдық ерекшелігін өлеңнің мазмұнына, ішкі сырына бойламай ашу мүмкін емес. «Қорқыт, Қожа Хафиз...» өлеңінде ақын өз ойымен əңгіме өрбітсе, «Əбдіғали бауырыма» өлеңінде жақын адамға амандық, сəлем хаты айтылады. «Ойдан шығарылған бар түрлі əндерім» өлеңінде əнді тыңдаушы мен салушыға кеңестер береді. Үш өлеңінде де осы ойлар көркемдегіш құралдарсыз, образдылық үстейтін фигураларсыз, поэзияға тəн пафоссыз беріледі. Сондықтан бұл өлеңдерде ақынның барынша табиғилыққа ұмтылысы байқалады. Ойды ырғақ пен интонацияны түрлендіріп, жанды жеткізу арқылы өлеңді көркем, шынайы, əсерлі етеді.

Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де,

Осы əніне салып келді де,

Үш қайтара мұны сайратып,

Деді: «Көкейіңе енді ме?

Бұл əнге мынау жырды сал

Əні мен сөзін ұғып ал!

Ойыңмен қоштасар

Мезгілің таяу

Жыр жазбасаң, тартар ой,

Күннен-күнге жалқауланып баяу» [1; 183].

Өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесі дəстүрлі қазақ өлеңінде бұрын кездеспеген. Ұзынды- қысқалы тармақтарды өзара сабақтастыратын соңғы бунақтардың үш буындылығы мен ұйқасушы сөздер. Бұл өлеңдердің құрылымы жаңа, дегенмен, оның ырғақтық негізі жыраулардың толғау үлгісімен үндес. Шəкəрім ескі жыраулардың дəстүрін ерекше жоғары бағалағаны «Ескі ақындық» өлеңінен белгілі. Шəкəрім толғаулардың осындай құрылымдық жүйесін жаңғыртып, жаңа дəуірге лайықтап, ұмыт қалмауын құнттаған. Шəкəрім поэзиясындағы осы «табиғилық, шынайылық» үрдісі қазіргі поэзияның да негізгі бағытына айналған. Толғаулар суырып салып айтылып, түрлі эмоционалдық-экспрессивті реңкке ие болса, Шəкəрім де өз өлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесін айтылу мəнеріне жақындатып, өлеңдегі ойды шынайы, пафоссыз беруге тырысады. Ақын өлеңдері айтылу мəнері бірнеше түрленіп, эмоционалдық бояуы қанық болып, ішкі логикалық өріске сай шыққан. Осы құрылымдық жүйедегі үш өлең көркемдік ерекшелігімен бағаланбайды, ойдың өз мəнеріне сай жандылығымен, ырғақ жүйесінің құнарлылығымен, жалпы шынайылығымен құнды.

Қала. Үй.

Балкон.

Көңіл кəсібі уайым ба?

Тірлікке ой да сүйкім бермейді,

Сүйкім бермейді ойын да.

 Көше. Тастақ жол. Сұрғылт жер, сұр-ақ көкжиек.

Бұлттар өріп жүр.

Сықсиды сұп-сұр бір бұлт жел сұрап, О, өз басыңа көрінгір! [2].

Ақын Т.Ешенұлының өлеңі Шəкəрімнің өлеңдерімен үндестігі өз тақырыбына сай түрін тауып, біте қайнасып, тұтасып, бір бүтін бола білуінде. Мұнда тіршілік атаулыдан жырақтап, оны бір сəт сырттан баққан лирикалық кейіпкердің жан дүниесі алақанға салғандай айқын. Ұйқысыз қала тұрғынының көзіне тас көше, сұрғылт жер мен сұр бұлттың түсуі лирикалық кейіпкердің өмірдің ьсүрең тірлігінен шаршаған жан дүниесін аз сөзбен ырғақтық-интонациялық жүйесін түрлендіру арқылы шынайы, дəл көрсеткен. Қозғаған мəселені сырттан сұлу сөзбен көмкеріп, көркемдемей, сөзге сəуле түсіру арқылы, сөздің тереңіңе бойлау арқылы, құрылымдық жүйесін түрлендіріп, сөзге сай мəнер табу арқылы жеткізу қазіргі ақындардың басты позициясына айналған.

Шəкəрім қазақтың дəстүрлі өлшемдерінде аса сирек қолданылатын, болмаса мүлдем қолданылмаған өлшемдерге шығарған өлеңдері арқылы барлық өлшеммен өлеңдер кестелеу мүмкіндігін көрсетті. Ақынның тоғыз буынды, он буынды, он екі буынды өлеңдері ізденіс ретінде бірді-екілі өлеңдермен шектеліп қалып қойса, қазіргі поэзияда бұл өлшемдер дəстүрлі 7–8, 11 буынды өлшемдермен қатар еркін қолданыста жүр. Тоғыз, он, он екі буынды өлшемдермен халық ауыз əдебиетінің тақпақ, санамақ сынды шағын жанрлары ғана өрнектелетін-ді. Ал Шəкəрім бұл өлшемдермен тұтас өлеңдер жазып байқады. Бұл өлеңдердің кейбірі келісті, сұлу мəнер тудырса, кейбірінің ырғақтық-интонациялық жүйесі жатық емес, оқыс.

Ақынның көп өлеңдерінде дəстүрлі қазақ өлеңінде бұрын-соңды сабақтаспаған 9 буынды өлшеммен 8 буынды өлшем, 8 буынды өлшем мен 6 буынды өлшем құрылымдық жүйе жасап, жаңа интонация тудырады. Шəкəрімнің тоғыз буынды өлшемді сегіз буынды өлшеммен сабақтастырып, біртұтас ырғақтық жүйе жасау тəжірибесі «Анадан алғаш туғанымда» өлеңінен көрінеді.

Анадан алғаш туғанымда

Жыладым неге дыбыстап,

Кіндікті кесіп қинағанда

Анамнан кеттім алыстап [1; 105].

Тоғыз буынды 3+2+4 өрнегі мен сегіз буынды өлшемнің 3+2+3 өрнегі еркін сабақтасып, біртұтас, жатық, жеңіл мəнер тудырады. Ақын Ұ.Есдəулет бұл өрнекті «Ақтабан шұбырынды» өлеңінде үш тармақты шумаққа негіз етіп алады. Өлеңін бірыңғай 4+2+3 өрнекті тоғыз буынды өлшемге құрады. Бұл ырғақ айнымай үш рет қайталанып, өзара ұйқас арқылы байланысқандықтан, мəнері жеңіл, ширақ. Тасымалдану арқылы жеке тармақ ретінде бөлініп шыққан соңғы үш буынды бунақ өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесін құнарландырып, əрі өзі де логикалық екпінді иеленіп тұр.

Бақ дегенім сорға айналды,

Тақ дегенім көрге айналды,

Көкірегіме шер байланды толайым [3; 92].

Ақынның «Ескі қаламен қоштасу» өлеңінде тоғыз буынды өлшемнің 3+3+3 өрнегін жасайды. Бұл ырғақтық өрнек те келісті, жатық, толқынды, сұлу мəнер тудырады. Тоғыз буынды 1–2 тармақтарда ақынның қимас сезімі толқынды, келісті мəнермен жеткізілсе, алты буынды 3–4 тармақтарда ой өрісінің өзге арнаға ауысуына байланысты ырғақтық-интонациялық өзгеріске ұшырайды. Яғни қимастық сезімінен туындайтын үкілеген үміті қысқа, нақты мəнермен беріледі. Ақын үмітінің сенімсіздігін сездіргісі келгендей, екпін салмай, жай айтып кеткендей əсер қалдырады.

Бақытты\\ сəттей боп\\ қас-қағым, Алматым,\\ сенде өтті\\ жас шағым. Ұмытпас мені де,Медеуім, Тастағым.

 Арманға құшақты ашып көп Өртенгем мен дағы ғашық боп, Жұлдыздан шашуын Тұратын шашып көк [3; 49].

Қазіргі поэзияда тоғыз буынды өлшеммен тұтас өлеңдер көп жазылып, оның түрлі кестесі көрініп жүр. Ақын Ұлықбек Есдəулеттің «Балға» атты өлеңі тұтасымен тоғыз буынды өлшемнің 6+3, 4+2+3 сияқты əрқилы өрнектердің өрімінен туған мəнер шымыр да, сұлу.

Көкірегімде \\ дүрсілдеген Балғам-ды Аллатағаладан\\ алғам-ды,

Қара төске \\қарсы\\ салғам-ды Жалпағынан\\ жаншып\\ жалғанды [3; 158].

Бірінші тармақ пен екінші тармақ — он бір буынды өлшемнің тасымалдануынан туған бір бүтін ой жəне ырғақтық-интонациялық бірлік. Өзге үш тармақтың кестесі бірдей, əрі бір дыбыстық үйлесімге негізделгендіктен, мəнерді ширатып, екпін қосып, толғау үлгісінің арынды шабысын сездіреді.

Ақын Жұматай Жақыпбаев поэзиясында тоғыз буынды өлшемдер жиі ұшырайды. 3+3+3 өрнекті тоғыз буынды өлшем өлеңдерінің ішкі сарайына сай келгендіктен, ақын көп өлеңіне ырғақтық негіз етіп алады. Бұл өрнек түрі көбінесе, сыршыл, сұлу сезімді лириканы тербейтіндігі аталған ақындар лирикаларынан көрінеді. Бұл өрнектен туындайтын мəнер жатық, салмақты, келісті, баяу, байыпты.

Айттап кеп\\ көлдегі\\ тал- құмға, Жағаға\\ жантайды\\ күн бүгін.

Жан- жаққа\\ қаранып\\ алдың да, Көк сұйық \\күміске\\ сүңгідің [4].

3+3+3 өрнегі тоғыз буынды өлшемнің аса сұлу мəнерлі өрнегі екендігі даусыз. Осы өрнек ақын Г.Салықбаеваның «Жапырақ жыры» өлеңінде өзге өлшемдермен сабақтасып, біртұтас ырғақтық- интонациялық жүйе құрады. 5–6-9–9 буынды өлшемдер сабақтасып шумақтық күрделі жүйе жасайды. 3+3 өрнекті екінші тармақ 3+3+3 кестелі 4–5 тармақтармен жеңіл, жатық сабақтасады. Өрнектердің бірыңғай үш буынды бунақпен түзілгендіктен, өлең ырғағы жатық, мəнері келісті əрі жұмыр, жеңіл. Бес буынды бірінші тармақ өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесін түрлендіріп, логикалық екпінді иеленіп, əрі эмоционалдық əрін ашып тұр.

Аспан алдады, Алдады\\ мені аспан,

Жел, жеме \\ жанымды \\жұлқылап,

Менсіз де \\өлмейсің \\сен аштан [5; 137].

Он буынды өлшемнің 3+4+3 өрнегіне Шəкəрім үш өлең құрды. Шəкəрімге дейін он буынды өлшемдердің аясы санамақ, жаңылтпаш, мақал-мəтел сынды шағын жанрлардың шеңберінде қалып қойғандығы белгілі. «Тұрақсыз дүние», «Ажалсыз əскер», «Қатындар жас баласын күтеді» сияқты ақынның он буынды өлеңдерінің мəнері тосын. Жатық, бірқалыпты өрбімейтін мəнер мазмұнды шектегендей, өлең бітпей, кілт үзілгендей əсер береді.

Қарумен \\қанша қатты\\ ұрса да Сөзіме\\ жанның əлі \\келмейді.

Бұл дүние \\шыр айналып\\ тұрса да, Ғаскерім\\ қартаймайды,\\ өлмейді [1; 89].

 Бұл өрнете ырғақты тежеп, мəнерді ауырлататын бунақтар сабақтастығы. 3+4+3 өрнекте үш буынды бунақтың ілесуі ауырлатса, төрт буынды бунақтан соң үш буынды бунақтың орналасуы кілт үзілгендей оқыс мəнер тудырады. Бұл он буынды өлшемнің келісті мəнерін ақын Қ.Аманжолов

«Дариға сол қыз» өлеңінде жасай білген. Ақынның 3+2+3+2 өрнекті ырғағында нəзік сезімге толы, лириканың болмысына дөп түсетін еркін, толқынды, ширақ мəнер бар. Қазақ өлең құрылымында 3+2 ырғақтық сабақтастығы ең тығыз сабақтастық. Олардың арасындағы ырғақтық кідіріс тіпті сезілмейді. Сондықтан ақынның бұл ырғақ жүйесінде бұл екі бунақ тұтасып, бір бунақтай болып, бір- бірімен еркін алмасып, жатық мəнер тудырған.

Өңімде\\ ме еді,\\ түсімде\\ ме еді, Көріп ем \\ғой бір\\ армандай \\қызды. Бір нəзік \\сəуле\\ күлімдеп еді.

Сұрапыл \\соғыс\\ соқты да,\\ бұзды [6].

Əр өлшемнің келісті кестесі, өңді өрнегі болатындығы белгілі. Қазіргі қазақ поэзиясында он буынды өлшемнің келісті өрнегі табылып, бұл өлшем көп ақындардың өлеңдерінде жиі қолданылып жүр. Ақын Г.Салықбай поэзиясында 3+2+3+2 өрнегі сегіз буынды өлшеммен сабақтасып, біртұтас ырғақтық-интонациялық жүйе жасап, келісті мəнермен, сырлы, сұлу өлеңге бесік болған жайы бар.

3+2+3+2 тоғыз буынды өрнектің 3+2+3 сегіз буынды өрнекпен сабақтастығы Қасым өлеңінен өзгеше мəнер тудырады. Екі өрнектің сабақтасуы еркін, толқынды əрі жинақы. Бұл сабақтастықтың үш буынды бунақпен құрылуы өлең мəнерін созбай, жинақтап қойған. Өлең мəнері Қасым өлеңінің мəнерінен салмақты.

Жапырақпенен жайым бір еді,

Елсізге мені ерт келіп,

Сайқалсып, сұлу сағым күледі,

Жабыса алмай дерт болып.

....

Жылады жаздың жапырақтары

Құлады бірі шашыма.

Адамның көп қой ақымақтары,

Мен емес соңы, басы да... [5; 96].

Он буынды 3+2+3+2 өрнек пен 3+2+3 сегіз буынды өрнек сабақтастығы етене сабақтасып, біртұтас толқынды, келісті, сұлу мəнерлі өлеңге негіз бола алатындығына Гүлнəрдің өзге көптеген өлеңдері айғақ бола алады. Бұл өрнектердің сабақтастығынан туатын мəнер ақын өлеңдерінің тереңіне сəуле түсіріп, қанат бітіре алатындықтан, яғни ішкі болмысына дөп келгендіктен, Гүлнəрдің өлеңдері ойлы, сезімді.

Ойласам Барша адам

Суға аққан дөңбек Себепке

Кезекке

Тамам жан көнбек

Əлсіз бен күшті тағы себептен,

Кім құтылар кезектен Жамандық,

Жақсылық

Бəрін билеп алған зат,

«Мен білдім, Іс қылдым

Өзім билеп», — дегеніміз тіпті ұят [1; 217].

Шəкəрім поэзиясында мұндай ырғақ жүйесі, өлең кестесі күрделі өлеңдер молынан табылады. Оның кейбірі өлең мазмұнымен тығыз сабақтасып жатса, кейбірінде мақсатты туған формализм басым түсіп жатады. Мұндай түрмен əсіре əуестенушілік мазмұн желісін шектеп, көркемдік сипатын кемітіп, эмоциясы, керісінше, келіспей, мəнері оқыс естілетін жайлар да кездеседі. Шəкəрімнің формализм ықпалынан туған өлеңдерінң тақырыптары үндес болып қана қоймай, мағыналық бірліктер екінші өлеңде өзгеріссіз қайталана береді. Шəкəрімнің «Адамның еркі қайда?» — деп ақылдан сұрағаным», «Ақылдың жауабы» деген екі өлеңінде формализм əсері байқалады.

Абай мен Шəкəрім өлеңдері айнымалы ырғаққа құрылғанмен, барлық шумақта белгілі ырғақтық жəне ұйқасу реті сақталады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы айнымалы ырғақтарда белгілі бір жүйе жоқ. Абайдың «Сен мені не етесің» жəне Шəкəрімнің «Бұл əн бұрынғы əннен өзгерек» сияқты өлеңдерінің құрылымдық жағынан аса күрделі, аса сұлу өлең қазіргі қазақ поэзиясында жоқ дерлік. Қазіргі поэзиядағы графикалық өлеңдердің барлығы айнымалы ырғаққа құрылмаған, олардың көпшілігінде дəстүрлі 12, 11, 8, 7 буынды өлшемдер екі немесе бірнеше тармаққа жіктеліп, тасымалданып беріледі. Осындай құрылымы қайталанбайтын бірегей өлеңдердің жазылмауы қазіргі ақындардың тарапынан өлеңнің құрылымдық сапасына ерекше мəн берілмеуінен. Қазіргі ақындар үшін өлеңнің ішкі тақырыптық-идеялық, көркемдік бейнелілік сипаты маңызды. Ал Абай мен Шəкəрім өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесін мақсатты түрде түрлендірді. Қазіргі поэзиядағы жаңа құрылымдық кестелер өлеңнің мазмұндық өрісімен бірге пайда болатын, тақырыбы мен идеясына тəуелді, белгілі өлеңмен шектелетін құрылымдар. Сондықтан Абай мен Шəкəрім өлеңдерінің айнымалы ырғақтары белгілі бір қатаң жүйеге енсе, қазіргі ақындар ой мен сезімнің жетегіне ереді. Сол себепті олардың шумақ құрылымы ырғақтық-интонациялық жүйе ретінде əр түрлі сипатта болады.

Айнымалы ырғаққа құрылған өлеңдер нəзік сезімнің сырын терең шертуші ақын Г.Салықбай поэзиясында баршылық. Сан алуан сыры бар сүйген жүрек лүпілін дəл жеткізу үшін сан түрлі мəнер қажет болса, ақын өлеңдеріндегі əр алуан ырғақтық-интонациялық құрылымдар сол ойды құнарлы, сұлу сырымен, өзіндік тербелісімен жеткізу мақсатынан туындаған.

Кеш. Дүние бос.

Жып-жылы жүрегімді мұзға тастадың Жəне қашпадың.

Өш! Хош.

...Кеш.

Дүние — дос.

Мұздың шамасы келмеді! Ештеңе өлмеді.

– Бір, екі, үш, төрт, бес! Алақаныңды тос...

Ақын үзік-үзік, əрі қысқа ой бірліктері арқылы сүйген жанның бір өшіп, қайта оянған үмітіне иек артқан сүйіспеншілік сезімін өзгеше үрдіспен жеткізіп отыр. Алғашқы шумақтағы бос дүние, мұзға тасталған жүрек, өш, хош деген сөздер сүйген жүректің ауыр қасіретін танытса, дос дүние мен шамасы келмеген мұз сүйген жүректің басына орнаған қайғы бұлтын үміт сəулесі сейілткенін жеткізеді. Сезімді сыртынан сипаттамай, жүректің өзін сөйлетіп, сезімнің тамырын ұстатып, көзіне қаратқандай жанды, сезім сырының құбылған сан күйін құнарлы, сəтті көрсеткен.

Шəкəрім он екі буынды өлшеммен «Бостандық таңы атты» өлеңін жазды. Оның өрнегі 3+3+3+3 қазіргі поэзияда жиі қолданылмайды. Ақын Қ.Мырзалиевтің осы ырғақтық-интонациялық жүйеге құрылған өлеңінің мазмұны Шəкəрім өлеңінен мүлдем өзгеше. Шəкəрім өлеңі ұраншыл саяси тақырыпта болса, Қадыр өлеңі махаббат тақырыбын тікелей, емес, жанамалай өтеді. Бозбала жасқа өзі ұғып білген махаббат мəнін ұқтырғысы келген ағаның сөзін арнайды.

Жаман ба\\ жақсы ма\\ біздер де\\ сүйдік қой, Сүйдік қой,\\ көп сырды\\ көңілге\\ түйдік қой.

 Бозбала \\ өзің де\\ ұғасың\\ мұны əлі\\ Сүйгенді\\ ешқашан\\деме сен\\ кінəлі\\

 Одан да \\ жыр оқы, Қыздарға \\ гүл апар,

Жас адам \\ сүймеген\\ күні үшін\\ күнəкəр! [7].

Шəкəрім мен Қадыр өлеңіндегі үндестік сол — екеуінің қаратпа мəнде айтылуы, яғни Шəкəрім халыққа арнаса, Қадыр жас жанға ақыл-кеңес береді. Яғни бұл өлшемнің ырғағының жатықтығы, бунақтардың еркін сабақтасуы, соған сай мəнерінің нақты, байыпты, салмақты болуы осындай тақырып пен идеяны жеткізуге оңтайлы.

Сонымен, Шəкəрім мен қазіргі ақындардың өлеңге, оның құрылымдық жүйесіне деген көзқарастары ұқсас. Шəкəрім өлең құрылымына немқұрайды қарамай, керісінше, өлеңнің ішкі сарайын ашатын кілт ретінде қараған. Өлеңнің көркемдік қуатын əдемі сөз кестесінен іздемей, ырғақтық-интонациялық жүйесінен іздеген. Оның жаңаша өрнектелген жүйеге негізделген өлеңдері сөзге сараң, ой мен сезімге бай, интонациясы құнарлы болып келетіні де осыған байланысты.

«Түр мазмұнның көрінісі болғандықтан, олардың бір-бірімен байланысының мызғымастығы соншалық түрді мазмұннан бөліп қарау мазмұнды жоқ ету, керісінше, мазмұнды түрден бөліп алу түрді жоқ ету» деген Белинский пікірі қазіргі поэзияға қатысты алғанда көп ақындардың шығармашылығы зерттелгенде өлеңдердің тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесімен шектеліп, ырғақтық-интонациялық жүйесі назардан тыс қалғандықтан, ақынның шын шеберлігі танылмай, өлеңдердің нағыз бағасы берілмей, оның көркемдік əлемі тұтасымен тексерілмей сыңаржақ зерттеулер жүргізілген еңбектерге қаратып айтылғандай. Ал поэзиялық шығарма адамның сезіміне тікелей бағытталғандықтан, оның эмоционалдық-экспрессивті сипатын айқындайтын ырғақтық- интонациялық жүйесіне мəн бермеу шығарма туралы маңызды ойды айтпау деген сөз. Сондықтан мазмұн мен түрді өлеңнің қос қанатындай тең көрген Абай мен Шəкəрім, олардан кейінгі жəне қазіргі поэияның озық өкілдерінің шығармашылығын ғылыми сүзгіден өткізгенде ырғақтық- интонациялық жүйесін мойындап, маңызды мəн берілмесе, ақын таланты толық түрде ашылмайды.

Қорыта айтқанда, Шəкəрім ақынның өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесіне берген маңызды орнын қазіргі қазақ поэзиясының бетке ұстар майталмандары М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, Қ.Мырзалиев, Е.Раушанов, Ұ.Есдəулет, Г.Салықбай сынды ақындар да мойындап, өлеңнің ырғақтық- интонациялық жүйесіне көркемдік жүкті ерекше артып жүргені байқалады. Сондықтан олардың өлеңдері мазмұнды, көркем ғана емес, жанды, шынайы, сезімді. Өлеңнің түрлі өрнегі арқылы ішкі сырын бар болмысымен жарқырата ашып көрсету нағыз шебер ақындардың жолы екендігіне қазақ əдебиетінің бастауында тұрған Абай мен Шəкəрім жəне қазақ əдебиетінің əр кезеңінің көшбасында тұрған біртуар қаламгерлер мен жоғарыда аталып өткен бүгінгі əдебиеттің озық өкілдерінің шығармашылығы дəлел.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Шəкəрім. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар мен қара сөздер. — Алматы: Жазушы,
  2. Ешенұлы Т. — Қазақ əдебиеті. — 2003. — № 4. — 24 қаңт. — 5-б.
  3. Есдəулет Ұ. Киіз кітап. Ел мен жер жырлары. — Алматы: Жазушы,
  4. Жақыпбаев Ж. Лəйлə. — Алматы: Атамұра, 2002. — 48-б.
  5. Салықбай Г. Аспандағы аңсарым. — Алматы: Жазушы,
  6. Аманжолов Қ. Нұрлы дүние. — Алматы: Жалын, 1978. — 114-б.
  7. Қадыр Мырза Əли. Көкейкесті. Өлеңдер мен толғаулар. — Алматы: Атамұра, 2003. — 38-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.