Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

С.Жүнісов қолданысындағы теңеулердің функционалдық топтарға жіктелінуі

Əдебиет өнер шеберлері ішіндегі аса дарындыларының бірі жазушы Сəкен Жүнісов қаламынан туған шығармалар халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Сондай туындының бірі — халық жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналған, тың игерудің қуанышы мен қасіретін барынша терең қатпарларға бойлап көрсете білген, қаламгердің батыл қалпын танытқан «Жапандағы жалғыз үй» романы. Осы көркем туындыда С.Жүнісов қолданған тілдің бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдарының ішіндегі ең пəрмендісі — теңеулерді функционалдық топтарға бөле отырып, жазушының сөз қолдану шеберлігіне талдау жүргізсек.

Қай ақын-жазушы болмасын өз шығармасында көріктеу тəсілі ретінде теңеуді қолданады. Бірақ əр ақын-жазушының дара тілдік-көркемдік стилі теңеуді жасауынан, эстетикалық талғамына сай қолданысынан көрініс береді.

Теңеудің көмегімен адамдар өзін қоршаған əлемді танып-біледі: заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды айқындайды, олардың өзара ұқсас жəне айырма қасиеттеріне үңіледі. Теңеу таным құралы болумен қатар, эстетикалық категориялардың да бірі болып табылады. Адамның көркемдік танымының аса қуатты құралдарының бірі теңеуді өз шығармасында жазушы əдеби персонаждардың портреттерін жасауда, табиғат көріністерін суреттеуде, кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-əрекеттерін сипаттауда, басқа да толып жатқан жағдаяттарды баяндауда ұтымды стильдік тəсіл ретінде мейлінше мол қолданады. Шығарманың идеялық мазмұнымен ұштасып, оның көркемдік өресімен ұласып жататын, сəтімен табылып, шебер қиюласып тұратын, шығарманың тілі, сол тілдің көркем түйіні — теңеу.

«Теңеу» терминін қазақ филологиясында алғаш қолданып, ғылыми анықтама берген қазақ тіл білімінің, əдебиеттану ғылымының негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ғалым: «Көріктеу нəрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нəрсенің бернесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нəрсені белгілі нəрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз» [1], — дейді. А.Байтұрсынұлы теңеудің суреттеу қасиетіне баса назар аударып, белгісіздеу нəрсені белгілі нəрсеге теңеу арқылы нақтылап, көрнектеп беру деген тұжырым жасайды. Ғалымның бұл пікірін академик Қ.Жұмалиев те жоққа шығармайды [2]. Профессор А.И.Ефимов: «Теңеу деп суреттеліп отырған тұлғаларды, бейнелерді, оқиғаларды,көріністерді көп жағдайда оқырманға жақсы таныс образдармен салыстыру деп санаймыз» [3], — дейді. Ол теңеуде көбінесе белгісіз нəрсенің белгілі, оқырманға таныс образға салыстырылатынына көңіл аударған. А.Байтұрсынұлы да, Қ.Жұмалиев те теңеуге анықтама бергенде оған тəн сипаттарды алған.

Қазақ тіліндегі теңеуді арнайы зерттеген профессор Т.Қоңыров: «...теңеу — көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі. Сондықтан да теңеуді таным құралы ретінде философияда, стильдік əдіс ретінде əдебиеттану ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді» [4; 3],— дейді. Көркем шығармалардағы теңеулер автор тілінің ұлттық нақышын ғана танытып қоймайды, сонымен бірге өзіндік қолтаңбасын да айқындай түседі. Өйткені теңеудің басты қасиетінің өзі тосындығы, жаңалығы əрі бейнелілігі болып табылады. Осы арқылы теңеу өз алдына жаңа көркем бейне жасауды мақсат етіп қояды. «Əдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы əдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі — теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық əсері күшейе түседі» [5], — дейді академик З.Қабдолов. Ғалым теңеуді əдеби тілдің көріктеу құралы деп қарап, бір заттың не құбылыстың ерекше белгілерін екінші затпен, құбылыспен салыстыра суреттегенде, ол туралы оқырман түсінігі айқын да терең болатынына тоқталып, эстетикалық əсерлілігіне баса назар аударған. И.В.Гутаровтың теңеу туралы пікірі де осы көзқарасқа жақындау: «Теңеу дегеніміз — суреттеуді неғұрлым көрнекі ету мақсатымен бір затты, ұғымды күйі басқа бір заттармен, ұғымдармен салыстыруға негізделген көркемдеу тəсілі» [6]. Лингвистикалық əдебиеттердің теңеуге берілген анықтамаларында оның басты ерекшелігі аталып көрсетіледі де, көріктеу құралы ретіндегі эстетикалық əсері тілге тиек етілмейді. А.Т.Рубайло өз еңбегінде: «Түр-түсі, қасиеті мен мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас құбылыстарды біріне-бірін тікелей салыстыруды теңеу дейді» [7; 27], — десе, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова «Лингвистикалық сөздіктерінде»: «Олардың ортақ белгілері негізінде бір затты басқа затқа ұқсатудан тұратын троп» [8], — дейді. В.В.Одинцов: «Сравнение — стилистический прием, основанный на образной трансформации грамматически оформленного сопоставления» [9], — дейді. Тілдегі бейнелеу құралдарының мағыналық негізін зерттеген орыс ғалымы А.И.Федоров: «Теңеулердің бейнелілік мəнісі бір-біріне жақын немесе біртектес белгілері бар екі немесе одан да көп затты, құбылысты, əрекетті, сапаны салыстыруға негізделеді» [10], — деп, теңеулердің біртектес белгілері негізінде тек заттар мен құбылыстар ғана емес, əрекет пен сапа да салыстырылатынына көңіл аудартады. Жоғарыда айтып кеткен қазақ тіл білімінде теңеулерді арнайы зерттеген ғалым Т.Қоңыров теңеуге мынадай ғылыми анықтама береді: «Теңеу дегеніміз — ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нəрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нəрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын əрі стильдік тəсіл, əрі таным құралы» [4; 7].

Теңеуге байланысты маңызды мəселелердің бірі — оның семантикалық құрылымында. Ғалымдардың барлығы да теңеудің семантикалық мəні, поэтикалық ерекшелігі бір затты немесе құбылысты екінші бір затқа немесе құбылысқа салыстыру екенін атап көрсетеді.

Қазақ теңеулері сезім мүшелерімен қарым-қатынасына қарай бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Бұл топтар теңеулердің нақты мағынасынан, олардың сыртқы дүниемен қарым- қатынасынан келіп туады. Осы тұрғыдан қазақ теңеулерін ғалым Т.Қоңыров мынадай топтарға жіктеп қарастырады: 1) көру теңеулері; 2) есту теңеулері; 3) дəм сезімі теңеулері; 4) тері сезімі теңеулері; 5) иіс сезімі теңеулері; 6) сезім-күй теңеулері [4; 403].

С.Жүнісов те аталмыш шығармасында көру теңеулерін өте ұтымды қолдана білген. Сезім мүшелерінің бастысы — көз. Адам көз арқылы дүниедегі сан түрлі заттар мен құбылыстардың түрін көріп, олардың толып жатқан белгілерін біліп-таниды. Осының нəтижесінде адам санасында белгілі бір ұғымдар қалыптасады. Көзге көрінген түр-түсімен танылған заттар мен құбылыстар образ болып қызмет атқарып, көру теңеулерінің жүйесін құрайды. Д.С.Лихачев көру теңеулерінде бір-біріне теңелетін заттар мен құбылыстардың сыртқы ұқсастықтарына баса назар аударылады дейді [11; 194]. Сыртқы ұқсастық — салыстырылып отырған заттар мен құбылыстардың формаларының, кескінінің түр-түстері, олардың қимыл-қозғалыстарының, кеңістікте орналасу тəртібінің ұқсастықтары. Осындай ұқсастықтар негізінде көру теңеулері жасалады. Сөйтіп, олар шындық өмірдің бейнелі суретін көз алдымызға елестетеді. А.Т.Рубайло көру теңеулерін предметтік-суретті теңеулер деп атайды [7; 31]. Себебі көру теңеулері шын мəнінде дүниедегі заттар мен құбылыстардың ұқсас

белгілерін негізге ала отырып, олардың ұқсастығының нақты суретін жасайды. Сондықтан көру теңеулері өмірдегі шындыққа негізделеді, сонымен қатар бейнелі ой, əсерлі сезімді бейнелейді.

Жазушы С.Жүнісов көру теңеулерін қолданғанда заттардың үш түрлі белгісін негізге алған. Біріншісі — заттардың формасы; екіншісі — олардың қимыл-əрекеті; үшіншісі — заттардың түр-түсі, бояуы. Бұл белгілердің барлығы дерлік көз арқылы қабылданады. Сондықтан олар көру теңеулерінің жасалуына ұйытқы болады да, суреттеліп отырған зат пен құбылыстың көркемдік-бейнелілік қыры ашылады. Осылайша, А.Т.Рубайло атағандай, предметтік-суретті [7], немесе əшекейлі-кестелі, теңеулер [4; 405] дүниеге келеді.

Мысалы: Сол кезде дөңгелек столды жағалай, қағаз қиып ойнап отырған, қарындары жалтыраған кішкентай жетімек інілерім таудан құлаған қойтастай отырған орындарынан есікке қарай домалай жүгірді [12; 65]. Бұл сөйлемдегі образдың қимыл-əрекеті предметтің қимыл- əрекетімен салыстырылып, жалпы теңеу динамикалық сипатқа ие болады да, суреттелміш қимыл- əрекеттің əшекейлі-кестелі суреті жасалады. Кішкентай балалардың қимылдары эмоциялы бояумен көмкеріліп, экспрессивті əсермен суырылып, бейнелене, көріктене түседі. Мұндағы теңеудің образы да, предметі де деректі, конкретті нəрселер, сондықтан предметтің қимылы образдың деректі, конкретті қимылына ұқсатылып, соның нəтижесінде предметтің қимылы да конкреттілік сипатқа ие болып тұр. Бұлар көзбен көруге болатын қимылдар болғандықтан, көру теңеулеріне конкреттілік сипат негіз болады деген тұжырыммен келісуге болады.

Көру теңеулерінің жасалуына заттардың түр-түсі, бояуы себеп болады. Мысалы: Балқыған темірдей қып-қызыл қи шоғына тесіле қарап, ұзақ ойға түсті [12; 23]. Агашка Япишкина қабығы жаңа аршыған жұп-жұмыр кескен қайыңдай етпесінен түсіп жатыр [12; 92]. Сілтідей тынған аспан астында əлі де болса жазғы ақ бұлттар шөгіп, ақ омырау қаздардай мамырлап жатыр [12; 219]. Шабындық жер жүнін қырыққан сарық қойдың терісіндей сарғыш тартқан [12; 219]. Бұл сөйлемдерде заттың түр-түсі жай хабарланып тұрған жоқ, сонымен бірге сол бояудың түсі айқындалып, сол арқылы предметтің реңі көріктеніп тұр.

Есту теңеулері адамның есту қабілетінің негізінде адамдар мен жан-жануарлардың, табиғат құбылыстары мен басқа заттардың шығаратын дыбыстарын негізге ала отырып жасалады. Бұл теңеулер суреттеліп отырған заттың қандай дыбыс шығарғанын, ол дыбыстың қандай дыбысқа ұқсайтынын бейнелеп көрсетеді, сол арқылы дыбыс шығарушы объектінің (предметтің) ішкі мəніне үңіледі. Яғни есту теңеулерінде предмет пен образдың «ішкі ұқсастығына» көбірек көңіл аударылады. Д.С.Лихачевтің пайымдауынша, есту теңеулері предметтің «мінез-құлқын», «рухани» құнын, қоғамдық маңызын бейнелеп, көркемдеп суреттеп көрсетеді [11; 196]. Бұған көз жеткізу үшін мысалдарға жүгінейік: Не істерін білмей мең-зең боп тұрғанда əлдекімнің күмістей сыңғырлаған күлкісі келді құлағына [12; 191]. Бахалов қоңырауды құлағымның ішіне салып жібергендей аспан асты шыңылдап тұр [12; 225]. Таң атысымен азынаған ызғырық жел бетегені тамырымен суырардай уілдеп, тынымсыз соғады [12; 182]. Шуақты дала сілтідей тынып, түймедей бұлты жоқ кіршіксіз көк аспан да жапан түзде жол жиегінде отырған əке мен балаға мейірлене қарап тұрған секілді [12; 188]. Табаға май құймай қуырғандай шытырлап, бетіндегі бидайлар шегірткеше шырт- шырт секіреді [12; 235].

Предметтің шығарған дыбысын тыңдаушыға естірту үшін, естіртіп қоймай, оның сезіміне əсер ету үшін белгілі бір дыбыстың иесі болып табылатын зат теңеуге образ болып қолданылады да, предметтің шығарған дыбысы осы образдың шығаруға тиісті дыбысына ұқсатылады, соның нəтижесінде суреттеліп отырған предмет оқырманға жаңа «мінез-құлқымен» немесе өзінің «табиғи қасиетімен» танылады. Осы дыбыс арқылы предметтің ішкі мəні ашылады.

Есту теңеулері əр түрлі мағыналарда жұмсалады. Мысалы: Ауылнайлыққа сайланбай тұрып-ақ көрінген жерде тілі мен жағына сүйеніп, сары масаша ызыңдаған нағыз заржақ шолақ белсендінің өзі еді [12; 186]. Əкесінің даусы көрден шыққандай тап қасынан күңгірлейді [12; 192]. Бұл теңеулерді жазушы кейіпкерлерінің жағымсыз мінез-құлқын көрсету мақсатында қолданып тұр. Белгілі заттың шығаратын дыбысы арқылы суреттелміш предметтің мəні ашылады. Мұндағы ызыңдау, күңгірлеу дыбыстары арқылы суреттелміш адамдар өздерінің ұнамсыз мінез-құлқымен танылады. Ал мына есту теңеулері бір топ заттардың бірігіп шығаратын дыбыстарын негізге ала отырып, предметтің (ол да бір топ заттың) жан дүниесіндегі сан түрлі тебіреністерінің сыртқа шыққан көрінісін суреттейді: Артындағылары шешесінің етегінен тартып қыңқылдайтын балаларша əлгі адамға қайта-қайта өз мұқтаждарын айтып қояды... [12; 193]. Біреу жалғызынан, біреу туысынан, енді бірі əкесінен айрылып, артта қалған қатын-қалаш ботадай боздап қоштасатын [12; 402]. Құндақтағы сəбидей мен де егілем [12; 148].

Есту теңеулерінің басты құралы — дыбыс. Əдеттегі жай дыбыс теңеулік конструкцияның бір мүшесіне айналып, сол арқылы предметті суреттеп, сипаттауда пəрменді бейнелеу тəсілі ретінде жұмсалады. Теңеулердің эмоционалды-экспрессивті сапасы осы дыбыстарға тікелей байланысты.

Тері сезімі теңеулерін бірнеше мағыналық топтарға бөліп қарауға болады [4; 409], олар: а) ауырлық пен жеңілдікті білдіретін тері сезімі теңеулері; ə) қаттылық пен жұмсақтықты білдіретін тері сезімі теңеулері; б) суықтық пен ыстықтықты білдіретін тері сезімі теңеулері.

Ауырлық пен жеңілдікті білдіретін тері сезімі теңеулері: Жүні түбіттей үлпілдеген сап-сары уыз балапанды алақанына салып үлбіреткендей, бауырына қысқан жұп-жұмыр əйелді босатар емес [12; 174]. Мойны былқылдаған жаңа туған нəрестені ұстағандай үлбірете көтеріп, шұңқырға салды да, бетін топырақпен жауып, бұзау бас былғары етігінің өкшесімен нығарлап тепкілей бастады [12; 176]. Маңайдағы жусан иісі, баланың еңбегіндей былқылдаған жер иісі — бəрі, бəрі таныс [12; 5].

Қаттылық пен жұмсақтық ұғымдарын білдіретін тері сезімі теңеулері: Не ойлап, не қойғанын өзі де білмейді: жаңа əкесі тастап кеткен тырнауыштың басын басып қалып, сабы маңдайына сақ ете қалғандай мең-зең [12; 42]. Үрпек бас бала астына кірпі тастай бергендей селк етіп, көзі шарасынан шықты [12; 78]. Кешқұрым самалға бетіңді төсеп, батысқа қарасаң батар күннің астында бетегенің үстімен қалықтап бара жатқан жібектей созылған ұзын ақ жіптерді көресің [12; 209]. Қалың ішіктің салақтаған ұзын жеңінен қолын шығара алмай, қорбаңдап жатқан əлгі жолаушыдан бөтелкені алып, аузын алақанымен басып тұрып, шоқпардай күсті қолымен түбінен бір қойғанда тығын атып шығып қолына келді... [12; 9]. Келтірілген мысалдардан байқап отырғанымыздай, жұмсақтық ұғымына жібек образ болып қызмет етсе, қаттылық ұғымына тырнауыштың басы, кірпі образ болып жұмсалып тұр. Яғни мұнда конкретті заттардың қаттылығы мен жұмсақтығы конкретті нəрселердің қаттылығы мен жұмсақтығына теңеліп, ақырында белгілі бір бейнелі де көркем, əсерлі де сезімді, тартымды да татымды теңеулік конструкциялар дүниеге келген.

Суықтық пен ыстықтық ұғымын білдіретін теңеулер тері сезімінің қабылдау қасиетіне негізделіп, дүниедегі бір топ заттардың келесі бір топ заттарға ұқсас екенін суреттейді. Бұл ұқсастық — олардың бір-біріне суықты немесе ыстықтық жағынан ұқсастығы. Мысалы: Таң сəріде келген Халел күн көтерілгенше тұяқ серіппей қатып ұйықтап жатыр еді, бетіне мұздай су тигендей тітіркеніп көзін ашып алды [12; 152]. Ішіне мұз тастап жібергендей жүрегі қата қалса да, балаларына сездіргісі келмей, үй шырқын бұзбайын....деп жүрген [12; 175]. Екі көзі жолбарыстың көзіндей от шашады [12; 406]. Ып-ыстық жас темір төске тамған қорғасындай Оспанның кеудесіне құйыла берді [12; 24]. Биік шың басында мəңгі жатқан қарға ыстық күн аунап түсіп арқасын тірегендей, ұзақ жылдар бойы мұз боп қатқан көз жасы ери жөнелді [12; 5]. Суықтық ұғымының образдары көбінесе мұз, тас, аяз, темір болып келсе, ыстықтық ұғымының образдары ретінде күн, от, өрт, шоқ жұмсалады. Өйткені аталған заттардың суық не ыстық болуы — олардың табиғатына тəн қасиеттер. Сондықтан тері сезімі теңеулерінің бұл мағыналық топтарының образдары басқа топтардағыдай тұрақты болып келеді.

Сезім-күй теңеулері. Адам өзін қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, сол ортадағы заттарды, құбылыстарды, олардың өмір сүруінің ішкі-сыртқы заңдылықтарын жəне олардың пайда болуы мен дамуын танып біледі. Адам санасында осы танып білген заттары мен құбылыстары жөнінде сезімдер, қиялдар, пайымдаулар, ой қорытындылары пайда болады. Адамның бұл қабілеті психика деп аталады [13]. Дүниені теңеу арқылы тану — психиканың ісі. Бірақ теңеу дүниеге көркемдік көзбен қарайды. Бір зат пен екінші бір зат салыстырылғанда, оның шын болмысымен қатар көркемдік тұрғыдан болуға тиісті «қасиеттері» де ескеріледі. Яғни көркем теңеулерде бір-біріне ұқсатылатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерімен қатар олардың қосымша қасиеттері де салыстырылады. Осы қосымша белгілер көркемдік танымның құнын арттырады. Заттардың қосымша белгілері өте көп. Ал сезім-күй арқылы бір-біріне теңелген заттар мен құбылыстардың қосымша белгісін жан тебіренісі, ой толқыны арқылы ғана түсінуге болады. Жоғарыда талданған теңеулер сияқты олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, тек ішкі сезім арқылы ғана аңғарылады. Мысалы: Жүрегі тайдай тулап, лүп-лүп етеді. Қанын ішіне тарта қойған ашулы Дерягиннің сондағы түрі атылып келе жатқан ала шұбар жолбарысқа ұқсайды [12; 78]. Ел ол кезде милиция десе, жаны түршігіп, құбыжық көргендей қорқады [12; 183]. Артынан аңшы қуған арланша жалтақтап жүрегі алып ұшқан Қарасайдың қазіргі ойы да ақсақ ойылып келеді [12; 270]. Жүрексіз қалған қуыс кеуде бос бөшкедей дүңк-дүңк етеді [12; 271].

Сезім-күй теңеулері адам психикасының көзге көрінбейтін абстракциялық қызметінің нəтижесінен келіп туындайды. Бұл теңеулерде заттар мен құбылыстардың сыртқы ұқсастығы емес,ішкі ұқсастығына көбірек көңіл аударылады. Соның нəтижесінде суреттелміш заттар мен құбылыстардың ішкі мəні есепке алынады. Образ арқылы предметтің ішкі қасиеті жарық көреді. Мысалы: Қыземшектің етегіндегі жазық жонда кең дастарқанда шашыла жатқан он шақты бауырсақша домаланған тракторлар жер жыртып жүр [12; 85]. Диканың сары табақтай жалпақ беті түгел күліп жаялықтай боп кетті [12; 18]. Содан ба, əйтеуір, жапан түздегі осы жалғыз ағаш қыз бетіндегі жалғыз меңдей жолаушыға нысана, белгі болып тұра беретін [12; 146]. Үй ішінде алай-түлей боран соғып, бүкіл асыл заттармен қоса Агашканы құйындай тік көтеріп, уілдеп тұрған жабусыз пеш мойнынан суырып алып кеткен сияқты [12; 271]. Əтір аралас, жас иіске бойы балқып, ерніне қалампыр араластырып үккен мол насыбай салғандай елтіп, қимылдауға мұршасы жоқ [12; 174].

Бұл сөйлемдердегі теңеудің образы да, предметі де конкретті көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын конкретті заттар. Бұлардың өмірде ешқандай ұқсастығы жоқ, бірақ бұлар бір-біріне теңеледі де, олардың арасында ұқсастық пайда болады. Ол ұқсастық олардың ішкі мəніне негізделген. Бұл ұқсастықты тудырып отырған нəрсе əлгі заттардың қосымша белгілері.

Образы конкретті, предметі дерексіз сезім-күй теңеулерінің предметтері абстракциялық ұғымдарды білдіретін нəрселер болады. Ол абстракциялық ұғымдар тікелей адам жан дүниесінің əрқилы сыр-сипатын, толғаныс-тебіренісін, болмыс-бітімін білдіретін ұғымдар болып табылады. Осы жан дүние құбылыстары конкретті заттарға теңеле отырып, көрнекілік сипат алады, соның нəтижесінде олар деректі күйге еніп, айқындала, ашыла түседі. Мысалы: Қайран, мөлдір бұлақтай таза көңіл [12; 40]. Лиза екеуміз өлік шыққан қаралы үйдің адамындай қу тізені құшақтап екі жерде шоқиып қала бердік [12; 222].

С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романындағы теңеулерді функционалдық топтарына қарай көру, есту, тері сезімі, сезім-күй теңеулері деп жіктей келіп, көру теңеулері шын мəнінде дүниедегі заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілерін негізге ала отырып, олардың ұқсастығының конкретті суретін жасайды, сондықтан көру теңеулері өмірдегі шындыққа негізделеді, сонымен қатар бейнелі ой, əсерлі сезімді бейнелейді; есту теңеулерінің басты құралы дыбыс болып табылатындықтан, əдеттегі жай дыбыс теңеулік конструкцияның бір мүшесіне айналып, сол арқылы предметті суреттеп, сипаттауда пəрменді бейнелеу тəсілі ретінде жұмсалады, теңеулердің эмоционалды-экспрессивті сапасы осы дыбыстарға тікелей байланысты; тері сезімі теңеулерінің мағыналық топтарының образдары тұрақты болып келеді, себебі аталған заттардың суық не ыстық, қатты не жұмсақ, ауыр не жеңіл болуы — олардың табиғатына тəн қасиеттер, сезім-күй теңеулерінде өмірде ешқандай ұқсастығы жоқ заттар бір-біріне теңеледі де, олардың арасында ұқсастық пайда болады, ол ұқсастық олардың ішкі мəніне негізделеді, бұл ұқсастықты тудырып отырған нəрсе əлгі заттардың қосымша белгілері деп тұжырымдауға болады.

Сонымен, Сəкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романында теңеулердің небір көрікті де бейнелі түрлерін қолдана білген. Жазушының дүниетанымы, өзіндік көзқарасы теңеулерде көрініс беріп, көркем шығарманы оқып отырған оқырманды елітіп, эстетикалық сұлулық əлемінің есігін ашады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. — Алматы: Атамұра, 2003. — 25-б.
  2. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі. — Алматы, 1960. — 204-б.
  3. Ефимов А.И. Стилистика русского языка. — М.: Просвещение, 1969. — С.
  4. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. — Алматы: Мектеп, 1978. — 192 б.
  5. Қабдолов З. Сөз өнері. — Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. — 212-б.
  6. Гутаров И.В. Основы советского литературоведения. — Минск, 1967. — С.
  7. Рубайло А.Т. Художественные средства языка. — М.,
  8. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. — М.: Просвещение, — С. 459.
  9. Одинцов В.В. Русский язык. — М., 1979. — С.
  10. Федоров А.И. Семантическая основа образных средств языка. — Новосибирск, 1969. — С.
  11. Лихачев Д.С. Поэтика древнерусской литературы. — Л.,
  12. Жүнісов С. Жапандағы жалғыз үй: Роман. Заманай мен Аманай: Повестер. — Алматы: Жазушы, 1990. — 624 б.
  13. Кондаков Н.И. Логический словарь-справочник. — М., 1976. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.