Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіптік-шаруашылық өлеңдердегі синкретизм

Синкретизм кең мағынасында — əр түрлі мəдени шығармашылықтың алғашқы даму үрдісіне қатысты оның жіктелмеу құбылысы. Көбіне-көп бұл термин ғылым мен өнердің əр саласында тарихи дамуды айғақтау үшін қолданылады. А.Н.Веселовский анықтауынша: «Синкретизм — сочетание ритмованных, орхестических движений с песней-музыкой и элементами слова» [1].

Бұл құбылыс өнердегі тек пен түр, жанрлардың жəне олардың жанрлық түрлерінің əу баста бөлінбей, бірлікте болғанын білдіреді. Қоғамның дамуы, ондағы күрделі өзгерістер, қоғамдық сананың ықпалынан синкретизм өзінің универсалды характерін жоғалтты. Өнер əр түрлі тармақталып, сала-салаға бөлініп дами бастады. Тек қана фольклор ғана ұзақ уақыт өзінің синкреттік қасиетін жаңа форма таба отырып сақтады. Алғашында поэзия, музыка жəне би өнерлерінің антикалық эстетикада бірге, бүтін болғаны туралы Платон өз еңбектерінде жазды. Көне дəуір эстетикасында синкреттік түрдегі терминдер өнерде белгілі болған, Грецияда — «хорей», Индияда —«сангит», Қытайда «юз» деп аталған. Музыка, поэзия жəне би өнерлерінің бірлікте болғаны туралы идеяны ағылшын ағартушысы Дж.Браун негіздеді. Оның пікірінше, өнердің бірлікте болған кезеңінде халыққа эстетикалық ықпалы орасан болды, оның тармақталып, даралануы оның маңызын белгілі мөлшерде əлсіретті.

Қазақ ауыз əдебиетінде саны шексіз өлең-жырлар синкретизм құбылысының өміршеңдігіне жарқын мысал бола алады. Күнделікті күнкөріс, тіршілік тауқыметімен аң аулап, төрт түлік малын бағып, көшіп-қонып жүрген сара жолды қазақ қауымдастығының ауызша шығарған өлең- жырларында шек жоқ. Соның ішінде байырғы батырлық эпостарға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен үйлену салт жырларынан бастап, халықтың күнделікті күнкөріс тіршілігінен, еңбегінен туған өлеңдер де, сондай-ақ ел тұрмысын, оның қуанышы мен күйінішін суреттейтін лирикалық қара өлең, тарихи өлеңдер де көп тараған. Халықтың шаруа кəсібінен, еңбегінен туған аңшылық, төрт түлік жайлы өлеңдері мен наурыз жырлары барлық өлең тобының ішіндегі ең көне түрлері. Халық өзін қоршаған жанды-жансыз дүниеге, оның жұмбақ та жат, сырлы сипатына таңданып, табынудан туған ұғым-нанымдары мол. Сондай түсініктен сөз бен музыканың сиқырлы құдіретіне сенуден өлеңдер туған.

«Сонау көне замандардан бізге жеткен қара сөздер мен өлең жұрнақтары бізге не айтады?... Сол кездердің өзінде-ақ барлық өнердің туа бастағанын айтады. Жалғыз тілі ғана емес, жайлаған жерлері де, шаруашылық түрлері, əдет-ғұрпы, салт-санасы халқымыздың ой-сезімдерінің белгілі дəрежеде тым жоғары болғандығын айтады» [2]. Заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповтың осы сөзінде үлкен мəн бар сияқты. Шындап келгенде, көненің көзі — фольклорлық мұралардың халықтық сананың көрінісі ретінде өмірге келетіндігін, жүрген жер, кешкен тірлігінен елеулі мағлұмат беретіндігін білдіреді.

Көшпелі өмір салтын жүргізген ата-бабаларымыз өзіне ең қажетті де ыңғайлы өнер түрлерін таңдаған. Отырықшы халықтан тым өзгеше өмір сүру жағдайы қазақ халқына поэзия мен музыканы алдыңғы орынға қоюына ықпал жасады. Өлең халықтың рухани күшіне айналған. Шығыстың отырықшы халықтары мен Еуропа халықтарына қарағанда қазақтың халық əндері де айырықша үйлесімділігімен көзге түседі.

Өткен замандағы қазақ көшпелілерінің негізгі кəсібі мал өсіру (мал шаруашылығы) болды. Мал шаруашылығындағы төрт түліктің өсіп-өнуін қамтамасыз етуде қазақтардың дүниетанымдық негізінде түрлі наным-сенімдер мен ғұрыптық, магиялық тəсілдер арқылы көбейту əдістері өзге де рəсімдердің дəстүрлі жиынтығын құрады. Олардың əрқайсысының құрылымдық жағынан өзіндік айқын белгілері жəне семантикасы да қалыптасты.

Көшпелі ел дəстүріндегі төрт түлік малдың өсіп-өніп, көбеюі үшін жасалынатын қадамның бірі— малға ен салу. Ен, таңба салынған соң кесілген құлақтарды жинап, үстіне ақ тамызып құмырсқаның илеуіне тастау ырымы болған. Бұл ырымнан «малымыз құмырсқадай быжынаған көп болсын» деген ойдан туған. Қойдың түлігін сойғанда бастың жағын бөліп, тісін қағу əдетке айналған. Тісті қақпаса «мал басы кемиді» деп ырымдалғанға ұқсайды. Қазақ үшін ең алғаш туған төл — көгенбасының терісі де, жүні де киелілер қатарына саналып, оларды фетишистік қасиеті барға балап, балалардың мойнына тағатын болған. Егер тұмса туған тоқтылар қозысын алмай қойса, қойды бөлек байлап, қасына тек қозысын қалдырып қойған. Фольклор негізіндегі «телудің» сарындарына мысал келтірелік:

Пүшəйт, қойым, пүшəйт.

Пүшəйт, қойым, пүшəйт.

Өзіңнен туған қозы ғой,

Пүшəйт, қойым, пүшəйт.

Пүшəйт, қойым, пүшəйт.

«Пүшəйт» — одағай сөзі, негізінен малды айдағанда айтылатын сөз. Осы мысалдың белгілі ырғақпен, əуенмен айтылғаны айдан анық көрініп тұр. Тағы бір мысал:

Қой баласы қоңырым,

Ұя бұзбас момыным.

Шопан ата түлігім –

Қошақаным, қайдасың?

Пүшəйт, пүшəйт!

Немесе ешкінің төліне арналған

Жүнін жұлса бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар –

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре-шөре! —

сияқты өлеңдер қазақ тұрмысындағы төрт түлікке арналған «Бес ешкі» аңызынан алынған [3; 27].

Төрт түлікке арналған өлеңнің негізгі мақсаты — мал басын көбейту, шаруашылық жағдайын жайлы ету, мал басын табиғаттың дүлей күштерінен, ауру-індеттен, жыртқыш аңнан сақтау сияқты тілектерден көрініс беріп отырады. Негізінен мұндай өлеңдер Шопан ата, Зеңгі баба, Сексек ата, Ойсыл қара, Қамбар ата сияқты сақтаушыларға бағышталған.

Мəселен, мамыр айының басында ел көктеуден жайлауға көшкенде құлыншақтар қарақұлақ болып, бие біткеннің бəрі төлдейді. Асау құлындарды ноқталап, желіге байлап болғаннан кейін марқа қозының еті мен қысқы соғымнан қалған сүр ет, ежегей, құрт, бауырсақ, сары май толтырылған дастарқан жайылады. Ауыл-аймақ бас қосып, ас ішіп, тамаша жасайды. Осы кезде:

Жылқышы ата Қамбар,

Құдай істі оңғар.

Құру-құру, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Болмай өссін қашаған,

Қыдыр дарысын, бақ қарап,

Жебей берсін жасаған.

Құлынымыз бəйгілі,

Болсын жүйрік əйгілі.

Кеңейе берсін желіміз,

Тыныш болсын еліміз... [4].

Қазақ халқында «Қара өлең — нағашы атам, мен оның жиені едім» деген сөздің астарында екі ауыз өлең құрамайтын қазақ баласы жоқ дегенді білдірсе керек.

Төрт түлікті ауру-сырқаудан сақтау үшін көп еңбек еткен. Жылқыда болатын ауруларды бірде ақбас, бірде қутаяқ деп, тағы бірде аяққа түскен қан деп атаған. Халық өлеңдерінде мал бағумен айналысқан ел өмірінің осы ерекшеліктерін:

Қан түссе аяғына ат сүріншек,

Келгенде жиырма беске қыз еріншек, —деп жақсы айтқан.

Қашса құтылып, қуса жететін жүйрік ат міну мал бағып, кəсіп қылған көшпелі елдің əрбір ер азаматының арманы болған. Төмендегі халық өлеңі сондай қиялдан туса керек.

Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,

Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе.

Ішінен бір жорғаны ұстап мініп,

Аулына Қамажайдың барып жүрсе.

Одан қала берді мына өлең назар аударыңыз:

Біздің Бипыл жүр ме екен аман-есен,

Бейнетімді ұмытам соны көрсем...

Жылқы бағып жарың жүр құба жонда,

Жаным Бипыл, ұмытпа, мені десең.

Күндіз-түні мал соңында жүріп қажып-талған жылқышы жігіт өзінің сүйген жарына осылайша шағынады.

Мал шаруашылығынан өзге аңшылық, саятшылыққа қатысты қазақ өлеңдері баршылық. Қазақ аңшылық жайлы ойды «Ақ боз ат», «Көк жендет», «Ақсақ құлан», «Ақ серкеш», «Əупілдек», «Боз жорға», «Бұлбұл», «Көкек», тағы басқа əндерін айту арқылы білдірген.

ХІ ғасырдың өзінде түркі тайпаларының ішінен шыққан аңшылар бүркіт салып, тазы итке із кестіріп, түлкі, қоян аулаған. Мысалы, Махмуд Қашқари атақты «Диуани лұғат ат-түрік» жинағында:

CaoJri barib guslatu Taiojan yzyb tuslatu Tilki, tonuz taslatu

Ardam bila oojlalim [4; 14], —деген өлең шумағын келтіреді. (Жігіттер бүркіт ұстап, құс аулайды. Түлкі мен доңызды таспен ұрып, тазымен қуалайды).

Бақсылықтан бізге жеткен аңшылық сарыны былайша жырланады:

Ақ тұйғыным, бопам-ай!

Томағаң сенің күмістен,

Аяқ бауың жібектен,

Екіде бірдей баршын құс,

Бауырың шұбар, аршын құс,

Құйту-құйту, сары құс!

Жеген жемің бəрі дұс!

Темір қанат қара құс.

Бұл — аңшылықты кəсіп қылған қазақтың ең ертедегі тіршілігінен қалған жұрнақтар.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға, —

деп ұлы Абай жырлағандай, аңшы үшін қансонардың маңызы тым жоғары болған. Құсбегілердің қансонар десе аузының суы құрып, аспаннан қар тілейтін кездері де болады. Ертеде саят десе ішкен асын жерге қоятын бір құсбегі сол күні қайтыс болған атасымен өлген атан түйесіне де қарамай:

Атам өлсе қойылар,

Атан өлсе сойылар.

Бүгінгідей қансонар

Іздесем қайдан табылар, —деп аттанып кетіпті [5].

Ертедегі аңшылық өмірінен елес беретін көркемдік құралдар кез келген өлеңнен табылады. Тіпті бертінгі уақытта туған

Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,

Ұясы жануардың желге қарсы.

Көрген соң, сəулем, сені тұра алмадым,

Талғынған балапандай жемге қарсы.

 немесе

Ой, Ардақ, сен ақ қоян секектеген,

Қасымда бір қазым бар жетектеген.

Халық өлеңі ішкі жан тебіренісімен қатар күнделікті тіршілігінің айнасы болғанында күмəн жоқ.

Қазақтың балық аулауға байланысты əдет-ғұрып, жора-жосындары зерттеуде кенже қалып отыр. Балық аулау   үрдісіне      қатысты   əдебиеттер       баршылық. Көшпенділер  үнемі құрлықта  өмір сүргендіктен, судан қорыққан. Түнде бұлаққа, құдыққа барғанда су иесі Сүлейменге сыйынған. Зайсан-Ертіс балықшылары балық аулар алдында Сүлейменге тəу етеді:

Су ішінде Сүлеймен,

Судан балық тілеймін.

Алабұға, майбас,

Қармағыма жармас.

Қабандай қап балық,

Қармағымды тарт балық [6].

Балықты судан алып шыққанда «Үйіріңмен үш тоғыз» деп, балықтың желкесінен тоқпақпен ұрады.

Сыр балықшылары Қармақшы ата жайындағы аңыздарды аузынан тастамайды, Қармақшы атаға тəу етеді. Қармақшы ата мазары Сырдарияның жағасында тұр. Бұл жайт Сыр елі ежелден балық кəсіпшілігінің аймағы екенін дəлелдейді. «Балық жесең Сырға бар, қымыз ішсең қырға бар» деген мəтел бекерден-бекер айтылмаған.

Егіншілікке байланысты наным-сенімдер мен ғұрыптардың тамыры көне дəстүрлерге кетеді. Олар егіншілік адамзат ұжымының шаруашылық қызметінің маңызды саласы ретінде пайда болған уақытпен қатар өмірге енді. Адам баласының шаруашылық қызметінің тылсым дүниемен байланысты қылып, аграрлық жұмыстың ең құдіреттісі деп танылды. Егіншілік кəсібі отырықшы ирантілді халықтардың арасында пайда болып жəне дамып, Орта Азияда егіншіліктің желеп- жебеушісі жəне егіншілердің тұңғыш үйретушісі болып мифтік кейіпкер қасиетті Бобои Декхан аса құрметтеледі. Түркі халықтары Бобои Декханды өзіне сіңіріп, оны Баба Дайхан, Диқан баба жəне əр түрлі атап кеткен.

Орта Азия халықтары, сонымен қатар қазақтар да құрмет тұтатын басқа бір мифтік кейіпкер, ол— байлық пен табыс сыйлаушы, қайырымды жəне мейірімді адамдардың, еңбекқор жандар мен жолаушылардың қорғаушысы, пірі — Қызыр, қазақша Қыдыр болып саналады.

Егіншілік циклдың бастауы ерте көктем болып табылады. Бүкіл Орта Азия халықтары атап өтетін көктемгі мереке Жаңа жыл — Наурыз қазақтарда да тойланып, малшыларға да, егіншілерге де ортақ мереке болған.

Наурыз мерекесінің мазмұны тек егіншілік ғұрпымен байланысты болмаған. Бірінші кезекте көктемгі мерекенің «өсіп-өну культімен» байланыстылығы шығады [6; 96].

Қазақ халқы Наурызды — Ұлыс күні, Ұлыстың ұлы күні деп атаған. Наурыз парсы тілінде жаңа күн дегенді білдіреді. Бұл күнді халық қуанышпен қарсы алып, оған арнап өлең-жыр шығарған. Құт- берекенің бастауы болар Ұлыс күнінде мəре-сəре болып бар шаруасын қойып той тойлайтын болған.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар [7; 120].

Ұлыс күні шаруа адамдарының еңбек мерекесі болғандықтан, оны ойын-сауық, думанды-қызық тойға айналдырған. Жастар жағы бұл күнгі халықтың ой-сезімін, шаттық қуанышын білдіре өлең айтқан, əн шырқаған. Олар өздерінің өлең-əндерінде жаңа жылға деген тілектерін айтумен қатар, көңіл-күйлерін, жастық шақтың сыр сезімін толғаған.

Есік алды қара су бойлағаным,

Жалғанның қызығына тоймағаным,

Көмілсем де кетер ме көкейімнен,

Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным [8], —

дейтін өлеңдер ерте кезде Ұлыс күні мерекелі қуаныш болғандығын елестетеді.

Наурызда қариялардан бата алуға аса үлкен маңыз берілген. Келесі бір өлеңде:

Ұлыс күні кəрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен [7; 121].

Ұлыс күнін тойлау дəстүрі исламнан бұрын пайда болғандығы мына бір өлеңде жер асты əлемінің жəне зұлымдық құдайы Қайрақанның аталуынан анық байқалады

Шалдар бата беріскен:

Сақтай гөр деп терістен,

Кел, таза бақ, кел десіп,

Ием тілек бер десіп,

Көш, Қайрақан, көш десіп,

Көз көрместей өш десіп [7; 121].

Барлық жерлерде жер жыртуға алқаптан қар кеткеннен кейін кірісетін болған. Бұл мерзімнің уақыты Қазақстанның əр жерлерінде жер бедерлері мен географиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір ай немесе одан да көпке созылған. Дəн егу, дəн себу, тұқым себу жұмыстарын кез келген егінші атқара алмаған. Аса ыждаһаттылықты қажет ететін бұл жұмыс ең тəжірибелі адамға жүктелген. Дəн себуді бастар алдында, себуші егістікте жерағашпен дəн шашқанда қамтитын көлемін сызып алған. Себерде былай деп өлеңдеткен:

Біссіміллəһир-рахманир-рахим.

Я, Диқан баба! Құрт-құмырсқа,

Жан-жануардан қалғаның менікі.

Я, құдая! Ауадан жаудыр, жерден ендір!

Бала-шағаның ризығын өзін жеткір!

Жаратушы мен Диқан бабаға сыйыну одан да қысқарақ түрде болған

Биссимилəһир... Көптің несібесіне,

Диқан баба жолына.

Халқымыз егіс алқабын ежелден келе жатқан құралдары — қол қауға мен атп, сондай-ақ шығырдың көмегімен суарған. «Бұл — мың бір бөлек ағаш бөліктерінен құралған, қатар-қатар түзілген, айналатын немесе қозғалатын бірнеше дөңгелектен тұратын, су көтергіш құрал, есте жоқ ескі заманда, Əлі Шынар деген бір кісі жасап, бұл құралдың толықтай іс қозғалысын, бір немесе екі өгіздің күшімен жүзеге асырған. Халық Əлі Шынарды еске алып, оның рухына бағыштап дұға оқып, соқа мен кетпенді қолға алатын болған. Егіншілер мерекелерді зор қуанышпен қарсы алып, сол себептен «өз тұрмыстарында Құдайға жəне түсініктері бойынша Құдай мен олардың арасын жалғастырушы Əлі Шынардың атына құрбандық шалу мерекелерін атаусыз қалдырмаған». Бұл нанымдары төмендегі өлең жолдарында көрініс тапқан:

Шығырдың шын атасы — Əлі Шынар,

Шынарға сыйынбасаң шығыр сынар.

Əліге Шынар менен шын сыйынсаң,

Қашан да Тəңірі оңғарып, ісің тынар [9].

Қазақтың қара өлең ұйқасына құрылған халық туындысы ырғақпен айтылғандығы айдан анық.

Адамдардың ықылым замандағы сəбилік санасы қоршаған ортадағы түрлі құбылыстардың сырын белгілі бір күштермен байланыстырды, осындай наным-сенімнен бұл күштердің бірін мейірлендіретін, енді бірінен қорғайтын, сақтандыратын түрлі іс-əрекеттер пайда болды да, бұл əрекеттерден ғұрып пайда болды. Бұл ғұрыптар бірде сөз арқылы, бірде сөз бен іс-əрекеттің бірге атқарылуы арқылы, кейде тек іс-əрекеттің өзі арқылы атқарылумен ерекшеленеді.

Фольклор туындыларының əдеби шығармалардан ауызша туып, ауызша тарап, ауызша өмір сүруімен, көп нұсқалы болып келуімен, синкреттілігімен жəне мəтіннен мəтінге көшіп жүретін белгілі бір тұрақтылықтардың болуымен ерекшеленетіні белгілі. Сонымен əр түрлі кəсіп пен шарушылыққа қатысты қазақ өлеңдері əндетіліп, мəнерленіп, енді бірде тақпақтана, əуезбен айтылатынын байқауға болады. Ырғақты қара сөз үлгісінде де, он бір буынды қара өлең, 7–8 буынды үлгіде кездеседі. Кəсіптік-шаруашылық өлеңдердің əсерлілік қуатын, эмоциялық-психологиялық əсер күшін арттыратын суреткерлік құралдар молынан кездеседі. О баста өмір қажеттіліктерінен туып, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттаған кəсіптік-шаруашылық өлеңдерінен көрініс тапқан.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Веселовский А.Н. Тарихи поэтикадан үш тарау. — М., 1889, — 263-б.
  2. Мүсірепов Ғ. Өнер алды — қызыл тіл. — Алматы, 1986. — 12-б.
  3. Үмбеталина З. Қазақ ауыз əдебиетіндегі бата сөз жанры: Канд. дис... автореф. — Алматы, 2001. — 79-б.
  4. Уахатов Б. Алтын бастау. — Алматы: Рауан, 1993. — 79-б.
  5. Сауыржанұлы Т. Саятшылық. — Өлгий, 1974. — 97-б.
  6. Қазақ халқының дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары. — 1-т. — Алматы: Арыс, 2005. — 124-б.
  7. Қазақ əдебиетінің тарихы. — Алматы, 1948.
  8. Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. — 1932. — 88-б.
  9. Сейдалин Т.А. О развитии хлебопашества по бассейну р.Тургай // ЗООИРГО. — 1870. — Вып. 1. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.