Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəди Бəпиұлының мəдени мұрасы жəне азаматтық ұстанымы

Еліміз егемендік алып, тəуелсіз ел болғалы қазақ əдебиеті өткен тарихымыздың еленбей қалған тұстарын зерделеп, ақтаңдақ беттерін ашып, бүгінгі күн тұрғысынан талдауға қол жеткізді. Бұл үрдісті дамытуда қазіргі қазақ прозасының алар орны ерекше. Егер ұлттық əдебиетіміздің тарихында ХХ ғасырдың 60-жылдарынан басталатын кезеңді ерекше бір өнімді кезеңге жатқызамыз. Сол кезеңдегі əдеби үрдістің басым бөлшегін тарихи сипаттағы шығармалар құрайды екен. Алайда шамалы уақыт болса да санада пайда болған сілкініс пен серпіліс өз жемісін берді.

Қазақ қаламгерлері өз шығармалары арқылы ұзақ мерзім бойы салтанат құрған ұлттық болмысқа, ұлттық болмыс аясындағы салт-дəстүр, əдет-ғұрыпқа зерделеу жүргізді. Белгілі бір тарихи оқиға, құбылысты бейнелегенде оны сол тұстағы қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттардан, рухани өмір санасынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Уақыт өткен сайын халқына қадірі мол ерекше тұлғаларға деген ықылас-ынтаның арта түсуі заңды құбылыс.

Қазақ сал-серілерінің соңғы тұяғы аталған, ақын, əнші, композитор, сері, əрі батыр, əрі шешен Мəди Бəпиұлының тарихты таразылаған, əдебиетке жаңаша көзқараспен зерделеген ұрпақ үшін орны ерекше. Ешкімге ұқсамайтын Мəдидің өр тұлғасы, өжеттігі, халық ортасынан табылар тектілігі мен парасаттылығы жазушы Ə.Əбішевтің «Найзағай», «Жаралы сұңқар» романдарында сомдалған. Бұл ретте Мəди Бəпиұлы жайлы мұрағат материалдарын қарап, зерттеп жүрген ғалым З.Тайшыбай былай дейді: «Жасынан өжет, бірбеткей əрі сері Мəдиді Қақабай өз баурына тартқысы келгені де рас. Бірақ Мəдидің қарсы шабар өрлігін, сауыққой серілігін ағасы ұнатпай, төмен ұстап, тізгіндегісі келген. Ел ішінде дəл Қақабайдай болмаса да, бір кісідей беделді, сыйлы азаматтың бірі Мəди екені де мəлім. Бұл арада сонау Құрманғазы мен Шернияз, Ақан сері мен Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ пен Иманжүсіп тағдырларын еске алсақ та артық болмас. Бұлардың əрқайсысы қазіргі түсінігімізге сыймайтын ерекше мінездің адамдары, азаткерлік дəстүрдің туын көтерген даланың дүлділ тұлғалары еді» [1; 156].

Тарихи тұлға Мəдидегі көркем туындыда азамат, күрескер, ақын, сазгер ретінде қалыптасу үрдісі баяндалған «Шырқай салған əнімен табиғатты тамсандырып келе жатқан Мəди...» [2; 87].

Мəдидің кескін-келбеті, сөзі, жүріс-тұрысы да сəнді. Бір көрген адам өзіне сұрақ қойып, таң қалдырады. Бұл кім? деген əр сұрақ көркем туындыда Мəди образын толықтырып, басқа қырынан көрсетеді.

«Апыр-ау, жүзінен нұр, тілінен бал тамған бұл кім болды екен?» [2; 87].

Жауынгер, ер жүрек Мəди ағайын арасындағы алауыздықтан жапа шекті. «Тағдырдың қаңбағы болған оның енді қай шығанға қарай домалары белгісіз, өзінің нендей ойға бекінгені де белгісіз, əйтеуір жаралы жолбарыстай ашынып, айдынданып алыпты, жалындырмаса жауына жалынатын түрі жоқ» [2; 88].

Мəди қай кезде де бұқара халыққа жақын, өз тектілігін көрсетіп, қай істе болмасын кесіп айтып, нақты шешім қабылдайды. Өзіне тағылған жалған жалаға ар-намысымен қарсы шығып, күреседі, қол байлау болып отырған заманыма налиды: «Мен əруақты бабаларымның əулеті болсам да, кеудесін кек тескен сорлымын. Олар — көп, мен — жалғыз. Намысыма сондайлардың оғы тиген мен бір жаралы жанмын».

Қазақ қоғамында сол кезеңде етек алған саясат туралы М.Дулатов «Қазақ» газетінде былай деп жазады: «Степной положениенің ІV-нші статьясы бойынша Дала уалаятының генерал-губернаторына өкіметке сенімсіз (саяси) һəм мал ұрлаушы қазақтарды бес жылға жер аударуға ерік берілген. Сол себепті Ақмола, Семей облыстарында жер аудару деген нəрсе соңғы жылдары өте күшейіп тұр. Сотқар адам бұзықтыққа салынып, халыққа зиян келтіріп, шаруасын күйзелтетін болса, лайықты жазасын тартпасын деп ешкім ара түспейді. Бірақ өсек байланған адамның ақ-қарасын жете тексеріп, қара болса — кінəсін мойнына аударып, нахақ болса — ақталуы үшін дəлелін көрсетуге жол беру — əділдіктің барып тұрған маңдайы...

Жер аударылған қазақтар ақ болсын, қара болсын, бір-ақ күні өзінің абақтыға жабылып қалғанын біліп қалады. Көбі не үшін екенін де білмеді. Бұлардың біразы жұртқа белгілі, анық болғанымен, көбі дұшпандарының астыртын шағымымен, яки билеушілердің назарында қалумен бақытсыздыққа душар болған нахақтар» [3].

Дəуір талабына өзіндік үн қоса білген əдеби қаһарман — Мəди күрескер ретінде қоғамға ықпал етті. 

Атыңнан айналайын, Қарқаралы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.

Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,

Мен болдым бір қашқын жан Арқадағы.

Он жыл сергелдеңге түсіп, «жалған жала» жабылған Мəдидің тағдырына қоғамдағы саяси жағдай əсерін тигізбей қоймады. 1905 жылы қазақ жерінде де патшаға қарсы наразылылық күшейді.

«Заты Мəдидің «ісінің» шұғыл басталып, бері бірден теріс бұрылуына, əуелдегі бес жыл жер аударудың он жыл қуғын-сүргінге айналып асқынуына Ресей империясындағы саяси жағдайлар тікелей себеп болған. Жалпыға мəлім, Жақып Ақбаевтар 1905 жылы, Ахмет Байтұрсыновтар 1909 жылы ұсталып, қамалып, сотталып жатқан аласапыранға Мəдидің «ісі» де дəл келіп қалған. Сол жылдары қазақтың бүкіл көзі ашық, көкірегі ояу, оқыған, озық азаматтары бір шеті Архангельскі, Якутия, ішкі Ресей аудандарына жер аударылған болатын» [1; 159].

Қазақтың біртуар асыл тұлғаларына қара күйе жағылып, азаттықты аңсаған азаматтар атылып, отаршылдық саясаттың құрбанына айналды.

«Кеңестік коммунистік жүйенің тұсында Ресейдің отаршылдық-озбырлық саясатының сыртқы сұлбасы өзгергенімен, ішкі-пиғыл нитетінің баяғы жыртқыштық қалпымен өзгермегені мəлім. Озбыр жұртыңыз қазақтың рухани əлемін жасаған асыл перзенттері ұлт мақтанышына айналып кетуден қауіптеніп, оларды құстаналаудан, қара күйе жағудан танбады. Біржан сал, Ақан сері жынды, Шəкəрімді банды, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ пен Əсетті қашқын, Иманжүсіп пен Мəдиді қарақшы- барымташы атандырған тексіз тобырды қолдап, кейінгі ұрпаққа теріс ақпарат беруге тырысты. Бір ескертетін жағдай, осылардың ішінде Біржан, Ақан жəне Жаяу Мұсадан басқасы, ата жау жұмсаған жауыздардың қанды қолынан жазым болыпты. Бұл кездейсоқтық емес, жоспарлы зұлым саясаттың «табысы» екендігі баршаға аян» [4; 5].

Мəдиді ашындырған, намысынга тиген ағайынның алауыздығы, жалған жаласы, таныс- тамырлық етек алған əділетсіздік. Мəди жасып, жаншылмады. Əділдік қашанда жеңбейтініне көзі жеткен күрескер өмірінің соңына дейін өз ұлтының рухани көсемі, серісі болды. Ертеңгі күнді алыстан болжаған батыр іштен шыққан жауына сенген жоқ, аштық жайлаған халқының қамын ойлады.

«Е, шырағым, бақытсыз елді қашанда бассыздар билейді, ел сорына да ол да болыс бола қалған- ды. Мені айдалсын деп мөр басқан жеті болыстың бірі, менің өшігерім сол жетеудің ішінен өзімнің ағам Қақабай мен Текеш» [2; 52].

«Адам табиғатына уақыт ағымы мен қоғамдағы ірі өзгерістердің тигізер əсер-ықпалы айрықша. Адам қоғамнан сырт тұруы мүмкін емес. Сондықтан да адамның рухани-психологиялық болмысын дəуір ерекшелігіне сай бағамдау арқылы біз көркем шығармадағы қаһарманның нақты тарихи тұлғасына баға бере аламыз» [5].

Мəдидің ақындығы мен сазгерлігін, əншілігі мен күрескер батыр екендігі, жеке басының адамшылығы, сері мен батырға тəн аңғалдығын, оның өр тұлғасы, болмыс-бітімі айқындап тұрғандай.

Сұрасаң руымды Қаракесек,

Досымнан дұшпаным көп қылған өсек.

Дұшпанның қудалаған жаласынан

Бір күнде қу қара жер болды-ау төсек.

«Жалпы шынайы тарихтағы Мəди тұлғасы өте күрделі, сан қырлы болған. Əр таланттың ғұмырнамасында тектілік, ата-бабадан тамыр тартқан гендік қасиет үлкен роль атқарады десек, бұл жағының арғы атасы əулие тұрпаттас Қаз дауысты Қазыбектен басталатын Мəди тұқым-нəсілі атақты би-сұлтандар Өскенбай, Құнанбайдан алты шынжыр жалғастырған ұлы Абай мен Абылай хан тұқымы Шоқанды еске түсіреді.

Ол əрі əнші, əрі композитор, əрі ақын, əрі халықтың ерке серісі, əрі балуан-жауынгер, ең бастысы — əділетсіздік пен зорлыққа қарсы найза сілтеп, шоқпар ойнатудан күрескер. Қырғи тілді шешендігі, оң қолынан мөрі тамған іскерлігі өз алдына» [6].

Мəдидің кеудесінде жауынан алмаған кегі бар, ол — қара халықтың кегі. Ол қашанда дұшпаннан кек алу жолында күресті. Жазықсыз біреуді шабу үшін де байланған бас жоқ. Ашыққан елді қырғыннан құтқару үшін Түнекбайды шапсақ та, онда елдің кегі бар, ол кек қайтпай кеудедегі шер тарқамайды.

«Мəди туралы деректі немесе көркем туындылармен танысқанда оның жалғыз жортқан жортуылшы емес екеніне көз жеткіземіз. Ол еш уақытта өз серіктестерін жау қолына қалдырмаған. Жиырма екі болыстың ақсақал-қарасақалының арызымен Мəдидің жиырма жеті серігі Қарқаралы абақтысына қамалған екен. Сонда ер Мəди уезге келіп, өзі беріліп, жолдастарын босатып жіберіпті. Текті Мəдидің:

Көп үшін өзім келіп қолға түстім,

Білмеймін не боларын ақырын істің.

Ерім деп еркелеткен, еркінсіткен

Қайран ел, көзден жас боп бір-бір ұштың, —

деп толғанғаны да шын оқиғаны дəлелдей түсетін тəрізді» [6].

Адам қоғамнан тысқары дами алмайды. Ұлттық мүдде үшін күрескен Мəди тұлғасы ұлттық мінез-құлықты дара сипатымен көрсете алды. Халық ортасында Мəдидің күрескерлік рухы, азаматтық тұлғасы қалыптасты. Мəди тағдыры — қазақ ұлтының тағдыры. Қазақ халқының жарқын болашағын ойлаған күрескер, сері Мəди парасаттылығы, жан əлемі қазақ қоғамындағы орын алған өнер адамдарының тағдырына ұқсас сыр шертеді. Образ қоғамдағы адам проблемасын туғызды.

«Адам болмысы дегенде оның табиғаттан шығу тегі, қоғамдық өмірі жəне жеке даму туралы мəселелер жиынтығы еске түседі. Бұл мəселелер өмірдің өзі тəрізді əрі көне, əрі жаңа. Ұрпақтар үздіксіз өзгереді, ол əрбір тарихи заман қоғамдық өмірдің мəн-мағынасын өз ұғымымен болашаққа жеткізеді. Əр дəуірдің өкілдері мынадай маңызды да, мəңгі сұрақтарға жауап беруге тырысады:

«Адам дегеніміз не?... Адам не істей алады? Ол не істеуі керек? Не үшін өмір сүреді?» [7].

Мəди жанының тазалығы — өнер адамдарының болмысында кездесетін табиғи құбылыс. Ағайынның жаласынан жапа шеккен Мəди өр мінезімен, батылдығымен бір кезеңнің шындығын дəріптейтін кесек тұлға. Оның кеудесін кек кернеді, жаралы сұңқар қанатын самғап алысқа ұша алмай назаланды.

«Кек... кек!.. Тірлікте салар ұранымның да, өлерде айтар иманымның да аты — кек. Көкте де құдай, жерде де құдай, əр құдайдың қолында алуан түрлі бұғау бар. Сол бұғаулардың бірінен соң бірі қармап əнімді де, сəнімді де жалмапты. Мына бір сырқаттың қырсығынан əлім де қалмай барады. Жаралы сұңқар самғап өскен аспанын аңсап, мен айқаспен өткен күндерім мен түндерімді аңсаймын. Арман көп, дəрменім жоқ» [2; 331].

Ұлттық руханиятта өзіндік рөлі бар Уақыт, Адам, Қоғам категориялары тұрғысында Мəдидің ұлттық болмысы ұры-барымташы, немесе қолы кісендеулі қылмыскер, емес, тарих қойнауынан ғасырдан ғасырға жарқырап көрінетін ұлт мақтанышына айналды. Ғылыми деректер мен мақалаларда Мəди жайлы пікірлер, ғылыми тұжырымдар жаңа заман еншісінде таразыланып əділдігін көрсетіп отыр.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тайшыбай З. Атыңнан айналайын, Қарқаралы // Жұлдыз. — 2006. — №
  2. Əбішев Ə. Бес томдық шығармалар жинағы. — Т. 5. Найзағай: Роман. Жаралы сұңқар: Повесть. — Алматы: Жазушы, 1983. — 476 б.
  3. Дулатов М. Жер аудару // Қазақ. — 1913. — №
  4. Балташұлы Е. Мəдитанудың кейбір мəселелері // Орталық Қазақстан. — 2005. — 9 шілде.
  5. Жарылғапов Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мəселелері: Оқу құралы. —Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. — 163-б.
  6. Омарбекұлы М. Қазақ нояндарының соңғы тұяғы // Орталық Қазақстан. — 2005. — 2 шілде.
  7. Молдабеков М. Адам құпиясы жəне қабілеті // Ақиқат. — 1993. — № 3. — 22-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.