Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық процесте жанама дәлелдемелерді қолдану ерекшеліктері

Жанама дәлелдемелердің өз сипаты бойынша да, пайда болуының қайнар көздері бойынша да, өзінің іс жүргізушілік нысандары бойынша да, жинақтау әдістері бойынша да тікелей дәлелдемелерден айырмашылығы жоқ. Олар тек дәлелдеу пәнімен байланысы бойынша ғана ажыратылады.

Заң әдебиеттерінде жанама дәлелдемелердің тікелей дәледемелерден ажыратудың бір белгісі ретінде жанама дәлелдемелерге қарағанда тікелей дәледемелер дәлелденетін мән-жайлардың кең шеңберін анықтайтындығы жөнінде көзқарастар айтылған. Мұндай пікірлер тек сыртқы белгілерге ғана негізделген: дәлелдеу пәніне кіретін жекелеген фактілер егер тікелей дәлелдеменің шынайылығы күмән тудырмайтын болса бір ғана тікелей дәлелдемемен анықталуы мүмкін; осы фактіні жанама дәлелдемелер арқылы дәлелдеу үшін жанама дәлелдемелердің жиынтығы қажет. Сыртқы белгілеріне қарай, шынында да, жанама дәлелдемелер тікелей дәлелдемелерге қарағанда дәлелденетін мән-жайлардың аз ғана көлемін анықтайды: бір фактіні анықтауда бір ғана тікелей дәлелдеменің орнына бірнеше жанама дәлелдемелер қолданылады. Шын мәнінде бір жанама дәлелдеме дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың ешқайсысын да сөзсіз анықтай алмайды. Бұл мақсатқа жету айғақтар жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады. Егер қандай да бір мән-жай үш жанама дәлелдеме арқылы анықталатын болса олардың әрқайсысының мән-жайдың «үштен бірін» анықтайды деген сөз емес: ізделінетін мән-жайды тұтастай алғандағы айғақтардың жиынтығы ғана анықтай алады, ал әрбір жеке алынған жанама дәлелдеме өз бетінше ешқандай мән-жайды анықтай алмайды. Бұл әрбір жанама дәлелдеменің дәлелдеу пәнімен байланысы осы дәлелдеменің басқаларымен байланысының жүйесіне толық талдау жасау арқылы анықталуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі.

Мұндай байланыс тікелей дәлелдемелердің дәлелдеу пәнімен байланысына қарағанда жасырын сипатта болады. Жанама дәлелдемелерді қолданудың бірінші ерекшелігі мынада: дәлелдеу процесінде әрбір жаңадан анықталатын аралық фактінің тергелетін қылмыспен байланысы, тіпті осы байланыстың болуының өзі жайлы тек болжам жасауға ғана болады. Басқа дәлелдемелер арқылы бұл байланысты шынайы анықтағанға дейін берілген фактінің қылмыспен байланысының немесе байланыстардың өзге де сипаттарының болмау мүмкіндігін де болжауымыз керек.

Іс бойынша бірнеше тергеу болжамдарын құру мен оларды тексеру қажеттілігі де осымен түсіндіріледі. Олармен жиынтығында алғашқы аралық фактінің дәлелдеу пәнімен байланысының шын мәніндегі сипаты анықталатын жаңа дәлелдемелер пайда болғаннан бастап біз болжамнан шынайылыққа өтеміз. Бұл мәселенің зор тәжірибелік мәні де бар: жанама дәлелдемелер арқылы қылмысты тергеуде қателіктердің көпшілігі тергеушінің жекелеген жанама дәлелдемелердің қылмыспен байланысы туралы алғашқы тұжырымның болжамды сипатта болатынын ұмытып, оған қоса басқа дәлелдемелер жиынтығы арқылы мұндай болжамның дұрыстығын тексермей оларды объективті шынайылық ретінде қабылдайтындығымен түсіндіріледі.

Қарастырылып отырған мәселемен жанама дәлелдемелерді қолданудың екінші ерекшелігі тығыз байланысты: іс үшін әрбір дәлелдеменің шынайы маңызы оларды қалғандарымен салыстыру арқылы ғана анықталады. Бұл жағадайда мәселені алдын ала, дұрыс шешу қадамдары өрескел қателіктердің туындауы қауіпіне әкеледі [1, 107 б.].

Әрбір аралық фактінің шынайы мәнін анықтау тұрғысынан дәлелдемелер жиынтығын зерттеу аса маңызды. Өйткені шынайы өмірде қажетті және кездейсоқ фактілер шиеленісіп жатады, диалектикалық өзара байланыста әрекет етеді [2, 99 б.]. Фактілердің кездейсоқ сәйкес келуі мен олардың заңды, қажетті байланысын ажырату тек дәлелдемелердің жиынтығына талдау жасау арқылы ғана мүмкін болады.

Тек өз жиынтығында ғана жанама дәлелдемелер шынайы тікелей дәлелдемелер сияқты істің мәнді жағдайларын анықтай алады.

Бірақ жанама дәлелдемелер арқылы ақиқатқа жету үшін олардың белгілі бір талаптарға сай келетін, тиісті белгілері бар жиынтығы қажет.

Ең алдымен мұндай жиынтықтың тек сандық көрсеткіштермен ғана сипатталмауының және бытыраңқы айғақтардың қосындысы болмауының қажеттігін айтуымыз керек.

Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу барысында алынатын түсініктемелер жөнінде айтып кеткен жөн сияқты. Себебі, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сай түсініктемелер дәлелдемелердің қайнар көзіне жатқызылады. Осы мәселе жөнінде кейбір процессуалистер: «Қылмыстық процесте түсініктемелерді дәлелдеме ретінде қолдану үшін бізге қандай жағдайлар жасалуы тиіс?» деген пікір айтуда. 1) түсініктеме заңды негізде алынуы тиіс; 2) сұралатын адамның құқықтары бұзылмауы тиіс; 3) жауап беру ерікті болуы тиіс, яғни жетелеуші сұрақтар қоюға болмайды; 4) түсініктеменің мазмұнынан оның қайдан алынғандығы жөніндегі мәлімет болуы тиіс» деген көзқарастар да бар [3, 38 б.].

Жанама дәлелдемелер ретінде алуан түрлі фактілер қарастырылуы мүмкін. Сондықтан оны дәлелдемелердің тар шеңберімен шектеу дұрыс емес сияқты. Бірақ тәжірибеде жанама дәлелдемелер ретінде қолданылатын фактілер тізімін келтіруге болады:

  • қылмыстың заттай іздері, яғни қылмыспен әртүрлі заттарда қалдырылған іздер (кісі өлтіру ісі бойынша айыпкердің киімінде табылған қан іздері);
  • қылмыскермен қалдырылған іздер (қылмыс оқиғасы болған жердегі табылған аяқ іздері мен оның айыпкердің аяқ іздеріне сәйкес келуі);
  • қылмыс жасау үшін қажетті қарудың болуы (айыпкерге қарау жүргізгенде одан жәбірленушінің карточкалық есебінен ақша алуға мүмкіндік беретін пластикалық карточкасының табылуы);
  • қылмыстық қол сұғушылық объектісі болып табылған заттардың болуы (айыпкердің үйіне тінту жүргізу барысында жәбірленуші пәтерінен ұрланған музыкалық орталық пен бейне магнитафонның табылуы);
  • қылмыскердің қылмыс жасалған жерде қылмыс жасалған уақытта болуы (куәлардың айыпкерді қылмыс болған жерде тікелей қылмыс жасалған уақыттан кейін көргендігі туралы расталған көрсетулері);
  • қылмыс жасауға ниетінің болуы (айыпкер мен жәбірленушінің арасындағы даудың болуы);
  • қылмыскердің қылмыс жасауға дейінгі қылмысты жасауға дайындықты білдіретін ісәрекеттері (қылмыс жасауға қажетті қару-жарақты сатып алу);
  • қылмыскердің қылмыс жасалғаннан кейінгі қылмыс іздерін жасыру мен қылмыстық істі қозғауға кедергі келтіруге бағытталған ісәрекеттері (куәларды айыпкердің жағына қарай жалған көрсетулер беруіне үгіттеу);
  • қылмыс жасаумен байланысты айыпкердің өмір сүру салтының өзгеруі (дүкенді тонағаннан кейін айыпкердің автокөлік алуы, пәтеріне қымбат техниканы сатып алуы) [4, 377-390 бб.].

Жанама дәлелдемелер арқылы қылмыс құрамының барлық элементтері мен белгілері, іс бо-йынша дәлелдеуге жататын өзге де мән-жайлар анықталады. Жанама дәлелдемелердің жиынтығы дәлелдеуге жататын барлық мән-жайларды көрсете алуы тиіс. Басқаша айтқанда, бұл жиынтық айғақтар қосындысы емес, іс бойынша дәлелдемелердің жүйесі болуы қажет. Мұндай жиынтықты зерттеу жүйелі әдістермен жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелерді қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін анықтадық. Бұл ерекшеліктер жанама дәлелдемелердің дәлелдеу пәнімен байланысы арқылы айқандалады.

Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жиынтығына жүйенің барлық белгілері мен сипаттамалары тән. Сондықтан ол жүйе ретінде қарастырылып, зерттелуі тиіс.

Нақты іс бойынша жанама дәлелдемелердің жиынтығына талдау жасауда жүйелі зерттеу аса маңызды және қажетті болып табылады. Дәл осында жүйенің интегративті қасиеттері қылмыс оқиғасы мен оның барлық мән-жайлары жөнінде шынайы білім алуға мүмкіндік береді. Әрбір жеке алынған жанама дәлелдеме арқылы оның дәлелдеу пәнімен байланысын тек болжауға ғана болады. Белгілі бір тәртіппен ретке келтірілген жанама дәлелдемелердің жиынтығы шынайы тұжырым жасауға негіз бола алады. Бұл қарама-қайшылық жанама дәлелдемелер жүйесінің жаңа, интегративті қасиеттерінің болуымен түсіндіріледі. Бірақ мұндай интегративті қасиеттер пайда болу үшін дәлелдемелер жиынтығы жүйе құрып, оның барлық талаптарына жауап беруі тиіс.

Дәлелдемелер жиынтығы жүйенің интегративті қасиеттеріне ие болуы үшін ең алдымен белгілі бір тәртіппен ретке келтірілуі тиіс. Әрбір жүйенің ішкі қасиеттері жүйелі-компоненттік, жүйелі-құрылымды, жүйелі функционалдық және жүйелі-интегративтік аспектілермен сипатталады. Іс бойынша дәлелдемелердің жиынтығын да осы аспектілердің әрқайсысында қарастыруымыз керек.

Оның компоненттері – әртүрлі белгілері бойынша жіктелетін дәлелдемелер мен аралық фактілер. Олар өзара байланысы жүйеге тән қасиеттік ерекшеліктерін қамтамасыз ететін құрылымдық бірліктер болып табылады.

Жүйенің негізін дәлелдемелер құрайды. Мұнда фактілер жөніндегі деректер олар алынатын қайнар көздерден бөлінбеген. Сондықтан дәлелдемелер жүйесіне оның бірінші деңгейінде тек фактілер жөніндегі нақты деректер ғана емес, сонымен қатар дерек көздері де, бұл дерек-тер қосылған процессуалдық нысандар да жатқызылуы тиіс. Бұл мәселені ескеру өте қажет. Себебі дәлелдеу процесінің бірінші кезеңінде фактілер жөніндегі деректер ғана емес, сондайақ осы деректер алынған қайнар көздер мен деректерді алу тәсілдері де тексеріледі.

Дәлелдемелердің қатарына пәндік дәлелдемелермен қатар қосымша (бақылаушы) дәлелдемелер де жатқызылады. Қосымша дәлелдемелер пәндік дәлелдемелермен біріге отырып аралық фактінің болуын растайтын немесе жоққа шығаратын кешендер құрады.

Жүйенің екінші деңгейінде аралық фактілер әрекет етеді. Әрбір аралық фактінің шынайылығы дәлелдеудің бірінші кезеңінде бірнеше қайнар көздерден алынатын деректердің жиынтығымен анықталатындықтан, екінші кезеңде бұл фактілер қандай да бір қайнар көздермен байланыстардан тыс қатысады: тергеуші қайнар көздер мен деректерді алу тәсілін қажетті тексеру бірінші кезеңде жүзеге асырылатынын негізге алады және айғақтарды айқын анықталған фактілер ретінде қолданады.

Іс бойынша жанама дәлелдемелердің жүйесі міне осындай – қайнар көздермен бөлінбейтін тұтастықта алынған дәлелдемелер (қосымша дәлелдемелерді қоса алғанда) және аралық фактілер.

Дәлелдемелер жүйесінің құрылымы оны құрайтын компоненттерінің өзара байланысы арқылы анықталады. Ол өзіне дәлелдемелердің өзара байланысы сияқты қылмыс оқиғасымен байланысын да қосады.

Жеке дара аралық фактіні анықтайтын дәлелдемелердің жүйесі дәлелдемелердің жеке жүйесін құрайды. Оған жеке пәндік дәлелдемелермен қатар пәндік дәлелдемелер мен олармен тығыз байланысты қосымша (бақылаушы) дәлелдемелерден тұратын кешендер де кіреді.

Жеке жүйеге кіретін дәлелдемелер дәлелдеу пәнімен қатар өзара да объективті байланыстардың әртүрлі нысандарымен байланысады. Әрбір дәлелдеме дәлелдеу пәнімен аралық фактілер арқылы көп сатылы байланысқан. Қандай да бір дәлелдеме берілген фактіні тікелей дәлелдейтін болса, бұл байланыс өзіне бір аралық буынды қосады: куә айыпкерді ұрлық орнында көргендігін айтады – айыпкер де ол жерде болған – оның ұрлыққа қатысы бар.

Басқа жағдайларда аралық факт жанама жолдармен анықталады, ол жағдайда байланыс ұзағырақ және күрделірек болады: ұрлық орнында саусақ іздері табылған – сараптама қорытындысы бойынша бұл іздердің айыпкермен қалды-рылғаны анықталған – демек, айыпкер қылмыс орнында болған – оның қылмысқа қатысы бар. Мұндай байланыстың негізгі күрделілігі онда бір тұжырым емес (аралық фактіден дәлелдеу пәніне дейін) бірнеше (кем дегенде екі тұжырым: дәлелдемеден аралық фактіге дейін, аралық фактіден дәлелдеу пәніне дейін) тұжырым жасалуында. Бұл, әрине, дәлелдеу процесін күрделілендіреді және тергеушінің мұқият болуын талап етеді.

Бірақ жеке жүйеде дәлелдемелер өзара да белгілі бір байланыста болуы тиіс. Біріншіден, олар өзара аралық фактілер арқылы байланысады. Екіншіден, дәлелдемелер өзара тікелей байланыста да болуы мүмкін: мысалы, кісі өлтіру қылмысы болған бөлме қабырғасында жәбірленуші қанының тобындағы қан іздерінің болуы мен айыпкердің қабырғаны қайта сырлау арқылы бұл іздерді жоюға ұмтылуы. Екеуі де бір жеке жүйенің жанама дәлелдемелері болғандықтан өзара себеп және салдар ретінде тікелей байланысқан. М.П. Шаламов бұл жөнінде дұрыс пікір айтқан: «Айғақтардың өзара байланысы – бұл іс бойынша ақиқатты анықтаудың міндетті шарты» [5, 89 б.]. Жанама дәлелдемелердің мұндай байланысын көлденең байланыс ретінде сипаттауға болады.

Жеке жүйе ішінде барлық дәлелдемелер, егер олар аралық фактілермен объективті байланысып, ал ол арқылы дәлелдеу пәнімен байланысқан болса, бір біріне сәйкестік қатынастарында болады.

Жеке жүйелердің жиынтығы іс бойынша дәлелдемелердің жалпы жүйесін құрайды. Екінші кезеңде оның негізін жеке жүйелерден кейін-гі ақпарат түріндегі аралық фактілер құрайды. Мұндай ақпараттың міндетті қасиеті – оның шынайылығы, сенімділігі: тек шынайы, сенімді аралық фактілер негізінде ғана дәлелдеуге жататын істің мән-жайларының болуы немесе болмауы жөнінде тұжырым жасауға болады. Аралық фактілердің сенімсіз болуы нәтижесінде соңғы тұжырымдардың сенімсіз болуына әкеліп соқтырады.

Аралық фактілер дәлелдеу пәнінің сәйкес элементтерімен объективті байланыста болуы тиіс, тек осы жағдайда олар өзіне кіретін мәнжайларды анықтаудың құралы қызметін атқара алады. Оған қоса жеке жүйедегі дәлелдемелер сияқты олар да бір бірімен тікелей немесе дәлелдеу пәнімен сәйкестікте болуы тиіс.

Дәлелдемелер жүйесінің атқаратын қызметі (функциясы) – дәлелдеуге жататын барлық мән-жайларының шынайы анықталуы болып табылады. Берілген жүйе шегінде оны құрайтын әрбір жеке жүйе мен дәлелдеме іс бойынша дәлелдеуге жататындардың қатарынан нақты мәнжайларды анықтай отырып белгілі бір қызмет атқарады. Осы функционалдық белгі негізінде іс бойынша дәлелдемелер жүйесі құрылуы тиіс: жеке дәлелдемелер мен олардың жеке жүйелері дәлелдеу пәнінің нақты элементтерімен байланысы белгілері бойынша біріктірілуі тиіс.

Қорыта келе мынадай тұжырымға келдік. Жанама дәлелдемелер жүйесі өзіне ғана тән ерекшеліктері бар және өз жиынтығында бір-бірімен тығыз байланыста болатын құрамдас элементтерден құралады. Тек осы байланыста ғана олар тізбектелген жүйе құрап, тұтастыққа айналады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Фаткулин Ф.Н. Общие проблемы процессуального доказывания. – Казань,
  2. Афанасьев В.Г. О системном подходе в социальном познании // Вопросы философии. – 1973. – №
  3. Новиков С.А. «Использование объяснений опрошенных лиц в доказывании по уголовным делам: «Исключить нельзя допустить» // Правоведение. – 2008. – № 3 (278).
  4. Строгович М.С. Теория доказательств в советском уголовном процессе. – М.: Юридическая литература,
  5. Шаламов М.П. Теория улик. – М.: Госюриздат,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.