Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық құқықтағы заңды тұлға кінәсінің түсінігі

Құқықтағы кінә туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, оның жеке тұлғаларға (индивидтерге) тән мінез-құлықтың жай-күйі екендігін аңғаруға болады. Дегенмен, теорияда заңды тұлғаның кінәсі деген түсінік те қалыптасқан. Заңды тұлғаның кінәсі түсінігін дұрыс анықтау, әсіресе, заңды тұлғалар субъектілер болып табылатын құқықбұзушылықтарды саралау кезінде елеулі маңызға ие. Ғылыми зерттеулер барысында келесідей сұрақтар туындайды: «психикалық қатынас түсінігі» заңды тұлғаларға қатысты ма, пайда болған зиянды салдарға заңды тұлғаның теріс ниеті немесе немқұрайлығы бар ма?

Бұл мәселеге қатысты даулар цивилистикада әлгі күнге дейін жалғасуда. Г.К. Матвеев заңды тұлғаның жауапкершілігі туралы былай айтады: «Заңды тұлғаға жауапкершілік жүктей отырып, соттар мен арбитраждар оның кінәсін басшылыққа алады. Оның психологиялық құрамы заңды тұлға қызметкерлерінің теріс ниет немесе немқұрайлығында көрініс тапқан бекем ерік пен сана болып табылады» [1, 241 б.]. Яғни, Г.К. Матвеев қызметкерлерінің қасақана немесе абайсыздағы әрекеттерінің жиынтығынан құралған заңды тұлға кінәсінің «психологиялық» құрамын жоққа шығармаған. Заңды тұлғаның кінәсі оның қызметкерлерінің кінәлі әрекеттерінде көрініс табатыны сөзсіз, себебі қызметкерлер заңды тұлға әрекеттерін жүзеге асырушы субъект, басқаша айтқанда, «құрал» болып табылады. Гипотетикалық тұрғадан, ешбір заңды тұлға нәтижесінде зиян туындайтын кінәлі әрекетті немесе әрекетсіздікті жасай алмайды. Бастапқыда әрекеттер нақты жеке тұлғадан туындап, кейіннен олар заңды тұлғаның әрекеті ретінде сараланады. Бірақ біз Г.К. Матвеевтің заңды тұлғада, оның қызметкерлерінің кінәлі әрекеттері болған жағдайда, кінәнің психологиялық құрамы бар деген ойымен келісе алмаймыз. Біздің ойымызша, заңды тұлға кінәсін анықтаудағы қарама-қайшылықтар да осыдан туындап отыр.

О.С. Иоффе бұл мәселеге қатысты былай деп жазған:

«... ұйым өз жұмысшыларының еңбек және өзге де қызметтік міндеттерін орындау барысында келтірген зияндарын өтеуге міндетті». «Ұйымның жұмысшыны таңдау немесе оған тиісті қадағалау жүргізу кезінде кетірген кемшіліктері есепке алынбайды. Тек жұмысшының еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау процесіндегі кетірген кемшіліктері басшылыққа алынады» [2, 502 б.].

М.И. Брагинский мен В.В. Витрянский заңды тұлға кінәсін анықтаудың объективті теориясының жақтаушылары болып табылады. Бұл таң қаларлық жайт емес, олардың ойынша, кінә түсінігіндегі психикалық құрамнан (кез-келген затқа психикалық қатынастан секілді) бас тарту керек. Ал заңды тұлғаға тән құқықбұзушылық нәтижесінде орын алуы мүмкін түрлі психикалық (психологиялық) жай-күйлер туралы айтудың өзі артық [3, 721-770 б.].

Осылайша, азаматтық-құқықтық ғылым теориясы заңды тұлғаның кінәсін талқылауда өзіндік әдістерді қорытып шығарды. Қазіргі кезде кінә түсінігін екі тұрғыдан қарастыратын объективті және субъективті тәсілдер қалыптасқан. Объективті тұрғыдан кінә құқықбұзушылықтың объективті құрамымен анықталып, құқықбұзушылықтың құқыққақайшылық, зиян, себепті байланыс сияқты белгілерінің болуымен сипатталады, мұнда кінә элементі келтірілген зиянға жеке қатынас ретінде емес, заңды тұлғаның жеке тұлға секілді кінәні иелену қасиеті ретінде қарастырылады. Субъективті тәсілге сәйкес, заңды тұлғаның кінәсі дегеніміз – оның жұмысшыларының (әкімшілігі, қызметкерлерінің және т.б.) кінәлі әрекеттері.

Қылмыстық заңнама қылмыс субъектісі ретінде заңды тұлғаны қарастырмайды. ҚР ҚК-де заңды тұлға қылмыстық жауапкершілігінің қарастырылмауы қылмыс құрамының қажетті элементі кінәнің өзімен негізделеді; кінә теріс ниет немесе немқұрайлық нысандарында көрініс табатын жасалған әрекетке психикалық қатынас болып табылады. Бұл мән-жай нақты жеке тұлғаның мінез-құлқын меңзейді және заңды тұлғаға қатысты қолданылмайды. Қылмыстық жауапкершілік, ең алдымен, қылмыс жасаған жеке тұлғаны анықтайды және келесілерге бағытталған: біріншіден, жеке тұлғаны оның әрекеті үшін айыптау, екіншіден, түзеу. «Жеке жауапкершілік» қағидасы қылмыстық құқықтың классикалық мектебімен қалыптастырылған. «Ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қылмыстық-құқықтық тұрғыдан кінәлі болып табыла алмайды, ал оларға қолданған жаза өз мақсатына жетпейді. Жауапты тек жеке тұлғалар ғана болуы мүмкін...» [4, 125 б.].

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы айтқанда қарама-қайшылықтардың бар екендігін байқауға болады. Мұндағы заңды тұлғаның қылмыстық әрекеттері мен қылмыс нәтижесінің объективті шынайылықта заңды тұлғаның басшылары мен оның атынан әрекет ететін өзге де уәкілетті тұлғаларының субъективті қылмыстық әрекеттерімен келтірілгенін көреміз. Және бұл жерде заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершлігі туралы емес, нақты жауапты тұлғалардың жауапкершілігі туралы айтқан орынды. Айрықша атап өтетін мәселе мұнда ұйымның уәкілетті тұлғаларының субъективті әрекеттері мен орын алған объективті-қылмыстық салдардың арасындағы себепті байланысты анықтап алған орынды. Қалыптасқан жағдайда азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық әдістер заңды тұлғаның әрекеті мен жауапкершілігін толығымен реттейді. Соңғы кездері кейбір авторлардың [5, 50-55 б., 4-6 б.] ұсынып отырған заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін анықтау және оны қылмыстық заңнамада бекіту сияқты пікірлеріқылмыстық-құқықтық ғылым қағидалары, міндеттері мен мақсаттарына жауап бермейді және оның қажеттілігі де жоқ.

Заңды тұлға жауапкершілігінің шарты ретінде, жоғарыда атап көрсетілгендей, құқыққақайшылық, зиян мен себепті байланыспен қатар кінә да қарастырылады. Кінә қашан да өзінің нақты субъектісінің персонасын талап етеді. ҚР АК азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері қатарында заңды тұлғаны да қарастырады. Сондықтан да азаматтық құқықта заңды тұлғаның кінәсі болады ма деген сұрақ орынсыз болып табылады. Ал заңды тұлғаны теріс пиғыл немесе немқұрайлық нысандарындағы психикалық қатынастар арқылы анықтау дұрыс емес, себебі заңды тұлғаның психикалық процестермен ешбір байланысы болмайды [6, 6 б.]. Сонда заңды тұлғаның кінәсі неден көрініс табады? Азаматтық-құқықтық доқтрина тұрғысынан, заңды тұлға кінәсін оның атынан әрекет етуге құзыретті жұмысшылардың кінәсі арқылы анықтайтын субъективті тәсіл мәселенің шешімін табады. Дегенмен, кейбір жағдайларда заңды тұлғаныңәрекеті нәтижесінде зиян, құқыққақайшылық пен себепті байланыс орын алады, ал заңды тұлға жұмысшыларының кінәсі болмайды, себебі олар мұндай қызметке құзыретті болған. Егер құқыққақайшы әрекет орын алып, ал заңды тұлға атынан әрекет еткен жұмысшылардың кінәсі болмаса, онда заңды тұлғаның кінәсін қалай анықтауға болады? Егер олардың кінәсі болса да, онда логикалық тұрғыдан бір құқықбұзушылық үшін екі түрлі кінәнің пайда болғанын байқауға болады: нақты жеке тұлғаның кінәсі және осы кінә арқылы заңды тұлғаның кінәсі. Жеке тұлғаның кінәсін анықтау фактісі жауапкершілікке тартуға жеткілікті негіз болып табылады.

Заңды тұлғаның кінәсі жеке тұлғаның кінәсіне қарағанда оның айрықша құқықтық болмысын куәландыратын ерекше белгілерге ие:

Біріншіден, оның субъектісі тек заңды тұлға болып табылады.

Екіншіден, ол заңды тұлға уәкілетті тұлғаларының немесе органдарының салғырттығында, теріс пиғылдығымен, жауапсыздығында көрініс табады және заңды тұлғаның қызметінде құқықбұзушылықтарға әкеп соғады.

Үшіншіден, заңды тұлға кінәсінің сипаттаушы белгілерінің бірі оның қызметінің бекітілген стандарттардан ауытқуы қарастырылады және соның нәтижесінде жағымсыз мүліктік салдар туындайды.

Төртіншіден, заңды тұлға кінәсінің қасақана немесе абайсызда деген сияқты нысандары болмайды.

Азаматтық-құқықтық қатынастарда заңды және жеке тұлғалар кінәсінің ұқсастықтары да бар – бұл екі түрлі кінә да азаматтық-құқықтық жауапкершілікті туындатады. Заңды және жеке тұлғада кінәнің бар не жоқ екендігі туралы шешім сотпенен ғана шағарылады.

Осылайша, заңды тұлғаның кінәсі – бұл жағымсыз мүліктік немесе жеке мүліктік емес салдардың орын алуына әкеп соқтырған, нәтижесінде, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті туындатқан заңды тұлға әрекеттерінде жеке нақтыланбаған құқықбұзушылықтардың барын анықтайтын азаматтық құқықтық конструкция деп айтуға болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Матвеев Г.К. Основания гражданско-правовой ответственности. – М.,
  2. Иоффе О.С. Избранные труды по граждансому праву. – М.,
  3. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. – М.,
  4. Жуковский В.И. Субъект преступления в уголовном праве России: Дис.к.ю.н. – Ставрополь,
  5. Нникифoров Б.С. Юридическое лицо как субъект преступления// Уголовное право. – 2000. – №2; Голубев В.В. Уголовная ответственность юридического лица// Юридический консультант. – 2000. – №6.
  6. Петров И.Н. Вина как условие ответственности хозорганов за нарушение обязательства// Сов.Юстиция. – 1969. –№24.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.