Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қызметтік туындыны анықтаудың және пайдаланудың азаматтық-құқықтық аспектілері

Көптеген қызметкерлер өздерінің еңбек қызметтерін атқару барысында, интеллектуалдық  меншік  құқығының  объектісі  болып табылатын – әдеби және өзге де көркем шығармалар, ғылыми жаңалықтар, ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және т.б. өнімдерді жасап шығарады. Егер бұл объектілер қандай да бір пайда әкелетін болса (пайда әкелмесе де), бұларға деген авторлық құқық кімге тиесілі– қызметкерге ме, әлде жұмыс берушіге ме деген заңды сұрақ туындайды. Сұрақтың шешімін тауып көрейік.

Қызметтік туынды дегеніміз не?

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес қызметтік туынды дегеніміз қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын    орындау     тәртiбi     бойынша жасалған туынды болып табылады [1].

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы заңның 7-бабында қызметтік туынды болып табылатын өнімдердің тізбезі көрсетілген:

  • әдеби туындылар;
  • драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
  • сценарий туындылары;
  • хореография және пантомима туындылары;
  • мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
  • дыбыс-бейнежазу туындылары;
  • кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары және т.б. [2].

Қызметтік туындының авторы (тең авторы) ретінде қызметкер табылады, өйткені ол   өзінің шығармашылық еңбегінің нәтижесінде туынды жасап шығарды. Айта кететіні, туындыны жасау барысында (материалдар жинау, графика және схема сызу және т.б.) көмектескен техникалық қызметкерлер автор ретінде танылмайды.

Қызметтік туындының негізгі белгісі ретінде қызметкер (автор) мен жұмыс берушінің арасында пайда болған еңбек қатынасын айтуға болады. Бұл қатынастар қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалған еңбек шартының негізінде пайда болады.

Еңбек қатынастарының тиісті үлгіде рәсімделмеуінің салдарынан дау тууы мүмкін. Дегенмен, ҚР ЕК 38-бабының 3-тармағында жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған немесе тиісті үлгіде рәсімделмеген жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі делінген [3].

Мұндай жағдайларда соттың, дұрыс рәсімделмеген еңбек шартын азаматтық шарт деп тану қауіптілігі бар, бұның салдары тараптар үшін басқаша болуы бек мүмкін. Жұмыс беруші интеллектуалдық объектіні пайдаланудан түскен пайданы иеленуі үшін еңбек шартынан бөлек, яғни автор қызметкердің шынымен де осы мекемеде қызметкер болғанын, оның ішкі еңбек ережелерімен танысып оған бағынғаны туралы, жалақысы және сыйақыларды алғаны туралы қосымша ретінде локальды нормативтік актілермен дәлелдеуі қажет.

Бұлар не үшін қажет? Өйткені туындыға айрықша құқық, тек автор – жеке тұлғаға тиесілі және басқа тұлғаларға бұл құқықты тегін немесе үлкен ақша  сомасына  тек  автор  ғана бере алады. Сондықтан мұндай келеңсіздіктің орын алмауы үшін еңбек шартында алдын ала көрсетілгені жақсы. Ескеретініміз, еңбек шартында қызметкердің туындыларына құқық иеленушілік жұмыс берушіде болады деп арнайы белгілеп жатудың пайдасы шамалы. Қызметтік туындыға айрықша құқық, егер еңбек немесе өзге де шартта өзгеше көзделмесе заңға сәйкес жұмыс берушіде болады.

Еңбек шарты мен қызметтік туынды.

Интеллектуалдық меншік объектісін жасап шығарған қызметкер мен жұмыс берушінің арасында еңбек шарты алдын ала жасалды делік. Оның мазмұнына қарайық. Жасалған туынды қызметтік туынды сипатына ие болуы үшін оның жасалу барысы қызметкердің еңбек бабымен тікелей байланысты болуы қажет. Егер де туынды қызметкердің еңбек бабымен байланысты болмаған жағдайда ол қызметтік туынды болып саналмайды.

Осылайша, еңбек шартында қызметкердің жасалатын туындымен тікелей байланыстыруға болатын еңбек міндеттері көрсетілуі керек. Яғни, ЭЕМ бағдарламасын жасаушы қызметкердің ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны жасауында қызметтік туындының белгілері айқын бар. Егер бұл бағдарламаны сату бөлімінің менеджері жасап шығарған болса, бұл бағдарламаға қатысты барлық айрықша құқықтар мұны жасаған қызметкерде ғана болады. Бұдан бөлек қызметтік туындымен байланысты қызметкердің міндеттері лауазымдық нұсқаулықта, бұйрықта, қызметтік жазбада және басқа да мекеменің локальды құжаттарында көрсетілуі мүмкін.

Біз жоғарыда туындының авторы болған менеджерді айтқан болатынбыз. Оның туындысы, егер ол оны жұмыс орнында, жұмыс уақытында және жұмыс берушінің материалдарынан жасаған болса да, қызметтік туынды болып табылмайды. Мұндай жағдайда тараптар арасында дау тууы мүмкін, бірақ туынды қызметкердің жеке меншігі болып қала береді.

Осытұрғыдасоттардыңавторлыққұқықжәне сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы  №11  Нормативтік қаулысында

«егер туынды қызметкердің қызмет бабындағы міндеттерін орындау, жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібі бойынша жасалса, онда автордың мүліктік емес жеке құқығын қызметкер иеленеді. Егер туынды жұмыс уақытында жасалса немесе жұмыс берушінің мүлкі қолданылып жасалса, бірақ осы тармақта көрсетілген белгілерге сәйкес келмесе, онда ол қызметтік болып саналмайды» делінген [4]. Егер де қызметкер жұмыс орнында үстеме уақытқа жұмыс берушінің тапсырмасымен қалған болса, ол бөлек. Ал егер ол өз еркімен жұмыс орнында қалып жұмыс берушінің жабдықтарын пайдалана отырып, қандай да бір туынды жасап шығарса, онда ол өзінің жеке меншігі болып саналады және қызметтік туынды болып танылмайды.

Мысалы: коммерциялық фирма территориясын   күзететін   күзетші   жұмыс  уақытысында фирманың оргтехникасы мен қағазын пайдалана отырып, фирманың өмірі туралы кітап жазып шықты. Яғни, туындыға деген айрықша құқық кімге тиесілі? Әрине, бұл құқық күзетшіге тиесілі. Мұндай жағдайда жұмыс беруші қызметкерді территорияны күзетуде еңбек міндеттемесін дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартуы мүмкін  немесе мақсатсыз жұмсалған қағаздардың  орнын толтыруға байланысты материалдық жауаптылыққа тартуы мүмкін.

Қызметтік туынды авторының (жұмыс беруші және қызметкердің) құқықтары.

Қызметтік туындының авторы ретінде қызметкер келесідей жеке мүліктік емес құқықтарға ие:

  • авторлық құқық;
  • автордың атқа ие болу құқығы;
  • туындыға қол сұқпаушылыққа құқық;
  • туындыны жариялауға деген құқық.

Туындыға қатысты жеке мүліктік емес құқықтар айрықша құқықтарды үшінші тұлғаларға бергеннің өзінде қызметкерде сақталып қалады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондайақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi. Дау туған жағдайда сот арқылы және шартта белгіленбесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген авторлық сыйақының ең төменгі ставкасына сай шешіледі [1].

Жұмыс берушінің құқықтары келесідей:

  • туындыны өз қалауы бойынша пайдалануға және басқа тұлғаларға оны пайдалануға, яғни туындыны орындауға, таратуға, жариялауға, импорттауға, прокатқа беруге рұқсат беруі не тыйым салу және т.б.;
  • өзіне тиесілі айрықша құқыққа билік етуге (бұл құықты басқа біреуге келісімшарт немесе лицензиялық шарт арқылы пайдалану құқығын беруге болады).

Қызметтiк туынды кез-келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.

Өзге де «шығармашылық» келісімшарттар.

Бұл мақалада біз, негізінен, еңбек шартына байланысты мәселелерді  қарастырдық. Алайда интеллектуалдық меншікті жасауға қатысты шарт жасасудың басқа да, яғни мердігерлік және қызмет көрсету барысындағы шарттар сияқты түрлері кездеседі.

Алғашқысымен жеке тұрғын үйлерді салу барысында соқтығысуға болады. Айталық, айналада ешкімде жоқ болған жеке тұрғын үйдің эскизіне мердігер компанияға тапсырыс беріліп жасалды. Әрине, тәжірибеде еңбек шартымен салыстырғанда құрылыс мердігерлі шартының мазмұнында құрылыстың  эскизі,  жоспары және басқа да құрылысқа қатысты шығындары қарастырылады.

Авторлық құқық кімге тиесілі – тапысырыс берушіге, құрылыс компаниясына немесе компанияның нақты дизайнеріне ме? Осы тұста эскизге деген айрықша құқық кімге тиесілі екенін шартта нақты түрде ескергеніміз абзал.

Осыған ұқсас жағдай қызмет көрсету шарты: кім және қаншаға айрықша құқыққа ие болады – қызметкер-орындаушы, фирма-орындаушы немесе тапсырыс беруші? Осындай келеңсіздіктерге тап болмау үшін қызметкер жұмысқа орналасарда жұмыс берушімін өзінің қызметін нақты айқындап алуы керек және оны шартта белгілеу қажет.

Осы тұрғыда интеллектуалдық меншік аясында туындаған дауларды шешудің ең тиімді тәсілі ретінде медиация институтын атап айтсақ болады.  Тәуелсіз  медиаторларды  қандай  да бір туындаған дауларды тиімді түрде шешуге шақыратын болсақ біршама нәрсені үнемдейміз. Біріншіден – уақыт, екіншіден – нақты жеңіс, үшіншіден  –  достастықпен  тарау, төртіншіден – адамгершілік тұрғыда шешім қабылдау, бесіншіден, қаражатты үнемдеу. Соттасу арқылы осы айтылған тиімділіктен айырыламыз және шешімнің нақты қандай болатынын болжай алмаймыз. Медиация қазіргі таңда елімізде қарқынды түрде дамып келеді және оның дамуына мемлекет тарапынан қолдау білдірілуде.

Қорытындылай келе қызметтік туындыға байланысты кейбір мәселелер заңнамалық тұрғыдан шешімін таппағанын байқадық, мысалы, қызметкер жұмыс берушінің бұйрығы бойынша қызметтік туынды жасап шығарады, бірақ жұмыс беруші бұл туындыға қатысты ешқандай әрекеттер жасамады делік. Арада жылдар өтті қызметтік  туындыны  жұмыс  беруші  сол  күйі пайдаламбады, айрықша құқық кімде пайда болады? Ресей заңнамасында бұл мәселе шешімін тапқан,  яғни  3  жыл  ішінде  жұмыс  берушіні  билігіне берілген қызметтік туындыны пайдаланылмаса туындыға деген айрықша құқық қызметкерге өтеді [5].

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахcтан: вопросы и ответы / Каудыров Т.Е. – Алматы: Жетi жарғы, 1999.
  2. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I Заңы.
  3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексі.
  4. Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №11 Нормативтік қаулысы.
  5. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі // http://www.zakonrf.info/gk/1295/

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.