Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруде жер құқық қатынастарының маңызы

Қазақстан Республикасы Кеңес дәуірінде аграрлық және шикізат өндіруші мемлекет ретінде танылған еді. Тәуелсіздік алып, егемендікке қол жеткізгеннен кейін пайдалы қазбаларымыз бен кен орындарымызды игеріп, әлемдегі бай мемлекеттердің біріне айналып отырмыз. Дегенмен, еліміздің экономикасының негізі ауыл шаруашылығы екені белгілі. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін Президентіміз өткен 2003-2005 жылдарды ауыл жылы деп жариялады. Ондағы басты мақсат – ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту арқылы ауылдарды көркейту. Халықтың басым бөлігі ауылды жерлерде тұратын болғандықтан және ауыл  ұлттық  мәдениет  пен  дәстүрдің ошағы болғандықтан елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени әл-ауқатын ауылдарды дамыту арқылы жүзеге асыру қажет екенін экономистер де, заңгерлер де қала берді кез-келген саналы азамат жете түсінеді. Елімізде жүргізіліп жатқан көптеген жер реформалары да осы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған еді.

Бүгінгі күні дүниежүзінде өзекті мәселелердің бірі азық-түлік қауіпсіздігі болып отыр. Азық-түлік мәселесі, оған деген сұраныстың артуы мен шарықтаған бағаны құқықтық тұрғыдан реттеу – мемлекеттің басты мақсаты.

Қандай да мемлекет болмасын, оның экономикасының әртүрлі  салаларының  дамуы   бірімен-бірі   тығыз   байланысты болады.

Қазақстанда азық-түлік бағасының көтерілуі мен оған деген сұраныстың артуын энергия көздеріне деген сұраныспен байланыстырады. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне теріс әсер етіп отырған сыртқы факторлар.

Азық-түлік аясында қалыптасып отырған өзекті мәселелерге арқау болып отырған ішкі факторлар да бар екенін ұмытпауымыз керек.

Әрине, кез-келген мемлекеттің экономикасын, әлеуметтік жағдайы мен саясатын жүзеге асырушы құрал заң болып табылады. Қабылданған заң қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, оның дамуына ықпал  етуі тиіс. Егер қабылданған заң сан қырлы қоғамдық қатынастардың дамуына ықпал ете алмаса, мұндай заңдарды жетілдіру қажет.

2003  жылы  қабылданған  Жер  кодексі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жекеменшік құқығын белгілеп берді. Көпшіліктің наразылығына қарамастан қабылданған бұл құжат позитивті нәтиже  күттірген  еді.  Алайда барлығы да біз ойлағандай болған жоқ. Мемлекетіміздің басты саясаты аграрлық салада ірі жер иеленушілерді қалыптастыра отырып, ауылды жерлерде жұмыс орнын ашып, ірі салық төлеушілердің санын көбейту және бәсекеге қабілетті өнім өндіруді көздеген еді. Неге екені белгісіз, бұл идея жүзеге асырылмады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің ұтымды тұстары да бар еді. Жер учаскесі және оған деген құқықтар тауар кейпіне еніп, оларға заттық құқық ережелері қолданылатын болды. Ең бастысы, жер нарығы қалыптасты. Жерге деген 0жаппай сұраныстар артты. Бірақ бұл не қылған сұраныстар? Қазақстанның барлық азаматтары шын мәнісінде ауыл шаруашылығымен айналысуға ниет білдіріп отыр ма? Жоқ, әлде оның артында алып-сатарлық негізінде пайда табуды көздейтін жеке бастың қамы тұр ма? – деген сұрақ туындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы кезекті Жолдауында «Ауылды жерлерде шарттық-контрактілік қатынастарды дамыту қажет» деп еді. Президенттің бұл сөзі ауылды жерлерде құқықтық сананы арттыру қажет екендігін меңзеп тұр. Кез-келген экономикалық қатынастардың мүліктік сипаты мен материалдық негізі болғандықтан, олар азаматтық құқықтық қатынастар қатарына жатады. Ал азаматтардың  өздерінің  азаматтық құқықтары мен міндеттерін білмеуі экономиканы жетік меңгеріп, көздеген табысқа жетуіне кері әсерін тигізеді. Субъектілер арасындағы қатынастар шиеленісіп, құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіріп, экономиканың дамуы тежеледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының  2-тармағында: «меншік  міндет жүктейді және оны пайдалану қоғам игілігіне қызмететуітиіс»,– елінген[1, 5 б.]. Жеручаскесі меншік объектісі болғанымен оның құқықтық жағдайы өзге заттардан анағұрлым күрделі. Себебі жер – материалдық игілік қана емес, сонымен қатар өндіріс құралы, өмір сүру ортасы, тіршілік көзі, мемлекеттің біртұтастығын қамтитын территориялық кеңістік, ұлт байлығы. Жекеменшікке берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тұлғаға құқықтар беріп қана қоймайды, сонымен қатар үлкен міндеттер жүктейді. Жер пайдаланушылардың міндеттері Жер кодексінде де көзделген. Бұл міндеттерді екіге бөліп қарастыруға болады: біріншісі, экологиялық міндеттер, екіншісі, экономикалық міндеттер.

Экологиялық міндеттерге жерді мақсатты пайдалану, оның құнарлылығын арттыру, бүлінуіне, сортаңдануына жол бермеу, жер заңдарында көзделген, т.б. талаптар. Яғни, жердің сапасын төмендетпеуге байланысты экологиялық міндеттер.

Меншік иесінің өзінің меншігіндігі мүлікті күтіп ұстауы жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде де қарастырылған. Кодекстің 189-бабының 1-тармағында меншік иесінің, егер заң  құжаттарында  немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауыртпалықты үшінші жаққа ауыстыра алмайтындығы айтылған [2, 61 б.].

Ал экономикалық міндеттерге  жерді тиімді және ұтымды пайдалануға байланысты міндеттер жатады. Себебі жер учаскесі меншік иесіне ғана емес, сонымен қатар қоғамға қызмет етуі тиіс. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тұлғаларға ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін және нарықты қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін беріледі. Олай дейтініміз, жер учаскесі ауыл шаруашылығын жүргізу үшін шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ғана бөлінеді. Демек, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер аграрлық кәсіпкерлік қызмет болғанымен, оның артында тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мәселесі тұр.

Сондықтан Жер кодексінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жекеменшікке шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларға тауарлы   ауыл   шаруашылығын   жүргізу үшін «кәсіпкерлік мақсатта» ғана берілетіндігінің көрсетілуі дұрыс болар еді. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігімен айналысуға ниеті жоқ тұлғаларға жер бөлуге тыйым салынар еді.

Бұдан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жекеменшікке мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер өнімдеріне деген қажеттігін қанағаттандыру үшін берілетіндігіне көз жеткіземіз.

Жалпы, мемлекеттің экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, аграрлық кәсіпкерлікті, аграрлық секторды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерсіз сөз ету мүмкін емес. Бұл  салада  үлкен  нәтижелерге  жету  үшін жер құқықтық  қатынастарды  жете  зерттеп қана қоймай, оны ұтымды жүзеге асырудың тетіктерін құқықтық қамтамасыз етуіміз қажет.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер халық шаруашылығына толық қызмет етіп келеді деп айта алмаймыз. Себебі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жекеменшікке берілгенімен, мемлекет тарапынан қолдау болмаса оның дамуы екіталай. Кез-келген мемлекетте ауыл шаруашылығы экономиканың   тәуекелді   саласына    жатады. Дұрыс өнім өндіріп, жинау көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Олар нарықтың тұрақсыздығы, өнім өндірудің табиғат жағдайларына тәуелділігі, жыл маусымына тәуелділігі және азық-түлік өнімдерінің тез бұзылуына оны ұқсатуға байланысты тәуекел.

Бірақ ауыл шаруашылығын жүргізуге құлқы жоқ жер иеленушілер де көптеп кездеседі. Кезінде ауыл шаруашылығы өнімдері жайқалып тұрған алқаптардың басым бөлігі бүгінгі таңда қараусыз, бос жатқан жерлерге ұқсайды. Әрине, қазіргі кезде құнарлы бос жатқан жер жоқ. Дегенмен кезінде жекешелендіру, меншіктену деген ұранмен оңды, солды жекешелендірілген жерлердің меншік  иесіне  ғана  емес,  сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуін қамтамасыз етуіміз қажет.  Олай  болмаған кезде мұндай пайдаланусыз жатқан жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану үшін ауыл шаруашылығын жүргізуге мүдделі тұлғаларға қайта бөлу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттігін қамтамасыз ету үшін қайта жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Мемлекет тарапынан мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылуы керек.

Жер кодексінің 92-бабында жер пайдаланушы екі жыл бойы жер учаскесін мақсатты пайдаланбаса одан жер учаскесі алынып қойылады делінген [3, 61б]. Егер жер иеленушілерге олардың құқықтарымен қатар міндеттерін түсіндіретін болсақ, мұндай бейқамдыққа жол берілмес еді.

Жер учаскесін меншігінде сақтап қалу мақсатында ғана көз бояушылық жасап көпжылдық екпелер егіп, бірақ оларды қараусыз қалдырып отырған шаруашылықтар да бар. Мұндай шаруашылықтардың барлығын анықтап, жер заңдарында көзделген  игі  шараларды жүргізуге ынталандыру немесе ынталы шаруашылыққа қайта бөлу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

 

 

Әдебиеттер

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. – Алматы: Юрист, 2007.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: Юрист, – 292 б.
  3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: Юрист, – 104 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.