Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының сот реформасындағы ерекшеліктері

Қазіргі заман құндылығы, сот төрелігі сонау ғасырлардан қазақ билерінің төреліктерімен сабақтасып, үндесіп жатқандығы біздерге көп нəрсені меңзесе керек, яғни оған өткен заманнан бізге өткен «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген бабамыздан қалған аталы сөзі  біздерді,  жаңа  тəуелсіз  соттардың  судьяларын əділ сот төрелігін жүргізуге жетелейтіні шындық.   Құқықтық   мемлекет   белгісінің бірі сот билігінің заң шығарушы жəне атқарушы билік тармақтарына тəуелсіз қызмет атқаруы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы үшінші билік – сот билігі.

Сот билігінің мемлекетіміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін маңызы өте зор. Республикамызда сотбеделіасқақ, мерейіүстем, мемлекеттік жоғарғы  орган    болып  танылады.  Сот   билігі мемлекеттің негізін құрайтын, əлеуметтікэкономикалық, саяси жəне демократиялық даму жолындағы басты тетіктердің бірі. Азаматтардың сот билігіне сенім білдіруі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей əсер етеді. Сондықтан да пəрменді жəне тəуелсіз сот билігі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың кепілі əрі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.

Əлбетте біздің қоғам бір орында тұрмайды, ол əрдайым өсу үстінде. Сот жүйесі де заман талабына сай өзгеріп, даму үстінде. Осыған орай соңғы жылдары сот саласы көптеген реформаларды жүзеге асырды. Сол реформалар сот төрелігінде орын алатын қайшылықтарды жойып, жүйені одан əрі жетілдіруге бағытталды. Сот реформасын жүргізу, ең алдымен, адам құқықтары мен бостандықтарын биік дəрежеге шығаруының бірден-бір кепілі болып табылады. Ел басымыз Н.Ə.Назарбаев əрбір жолдауында құқық қорғау органдарының қызметін, оның ішінде сот төрелігінің жұмысын дұрыстау, жаңарту басымдықтарына елеулі ынта қояды.

Ел  басымыздың  27 қаңтар 2012 жылғы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» деп аталатын Жолдауындағы алтыншы бағыт, сот жəне құқық қорғау жүйелерін жаңғыртуға арналған.

«Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс. Судьялар             жасағын    қалыптастырудың   тəртібін түбегейлітүрдеқайтақарауқажет. Апелляциялық инстанциялардың     істерді             қайта  қарауға төменгі соттарға қайтару жөніндегі негізсіз шешімдерініңмүмкіндігінзаңжүзіндешектеу керек. Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, сөйтіп, өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойылады. Судьялардың заңды бұзуы      жұрттың     бəріне жария  етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс. Арбитраждық жəне аралық соттар жүйесін нығайту керек» [1]. Біздің мемлекетімізде жеделдетілген түрде соттық-құқықтық реформа жүзеге асырылуда, соның ішінде əділсотты дүние жүзілік деңгейге жеткізу міндеті тұр. Қазақстан Республикасы Президентінің  24  тамыз  2009  жылғы  № 858 Жарлығымен   бекітілген   2010-2020  жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында былай делінген:

«Мемлекетіміздегі құқықтық саясаттың ең маңызды бөлігі ол құқықтық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық-атқару құқықтарының, сондай-ақ құқық қолданудың өзара байланысқан кешенді жолымен жүзеге асырылады» [2, 2б.].

Осының барлығытұрақтытүрдеқалыптасқан адам құқықтарын қамтамасыз ету механизмін қайта қарауды талап етеді. Қазақстанның саясиқұқықтық даму тарихындағы саны жағынан үшінші болып табылатын аталмыш жаңа бағдарламалық құжат, мемлекеттің құқықтық жүйесінің болашақтағы онжылдығына негізгі бағыттарды анықтады. Концепцияда қазақстандық мемлекет пен құқықтың болашақ дамуы туралы ғылыми негізделген болжамдардың отандық жəне дүниежүзілік тəжірибеде жинақталған оның дамуының қазіргі тенденцияларына негізделген ұлттық құқықтық жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары баяндалған. Осының негізінде құқық салалары жетілдіріліп жəне еліміздің əрі қарай жаңаруының құқықтық негізі ретінде қазақстандық заңдарының жаңа кезеңі қалыптастырылатын болады. Сот (судья) қылмыстық процестің басты субъектісі болып табылады. Сот қылмыстық істерді сотта қарау жəне шешу жолымен сот əділдігін жүзеге асырады. Сондай-ақ сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық жəне заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы да жүргізіледі. Сот билігін жүргізу алқабилердің қатысуымен де жүзеге асырылуы мүмкін. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық жəне ведомствалық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚРҚІЖК) 7-бабына сəйкес: «сот»-сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот; ал «судья» – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тəртiппен тағайындалған немесе сайланған кəсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы) болып табылады [3, 2 б.].

Сот өкілеттілігі заңмен нақты айқындалған:

  • адамды қылмыстың жасалуына кінəлі деп тануға жəне оған жаза тағайындауға;
  • адамға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын не мəжбүрлеп тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;
  • төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;
  • тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге жəне олардың мерзімін ұзартуға;
  • сот актілерін жаңадан анықталған мəнжайлар бойынша қайта қарауға;
  • күзетпен ұсталмаған адамды сотпсихиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқықты.

Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіну үшін басқа ешқандай органға емес, тек сотқа ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескеру қажет. Сондықтан адамды айыпты деп тануға жəне оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын не мəжбүрлеп тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға, төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар» [4, 246 б.].

Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жəне ол заң бойынша жауапкершілікке əкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында судьялар басшылыққа алатын нақты қағидалар белгіленген. Сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ жəне бірыңғай болып табылады.

Ата Заңымыздың негізінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары жəне «Алқабилер туралы», «Медиация туралы» жəне тағы басқа да заңдар қабылданды.

Заңдарды жетілдіру мақсатында əділ соттың қол жетімділігін қамтамасыз етуге, тұлғаның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қоғам мен мемлекеттің мүдделерін уақтылы қорғау мен қалпына келтіруге бағытталған көптеген нормативтік актілер қабылданды. Осылайша, республика соттары ортақ автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйе бойынша жұмыс істейді, бұл сот жұмысшыларының еңбектерін біршама жеңілдетті, үрдістер өткізу барысында соттармен аудио-видео таспалар қолданылады, ол сот өндірісінің ашықтығын көрсетеді.

2011 жылғы 5 тамызда заңды  күшіне  енген  «Медиация  туралы»  Заң  қабылданды.  Ол – біздің мемлекетіміздің сот жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мəмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тараптардың ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рəсімі. Медиацияны, қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мəселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады. Аудан, қала, ауыл əкімдері республика аумағында кəсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кəсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Медиацияның мақсаты: дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу.

Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптығы жəне медиация тараптарының тең құқылығы мен оның рəсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тəсілі сот ісіндегі тазалықты, əділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тəсілдерінің бірі. Біздің ата-бабаларымыз бұрын бұл тəсілді тиімді қолданып, түрлі дауды билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келгендіктен, бұл Заң қазаққа жат емес. Жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот  талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі жəне сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.

Медиация – дауларды шешудің балама жолы. Бұл тəсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан жəне заңдастырылған. Медиация тəсілін АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Аустрия сынды əлемнің алпауыт елдері ертеден бері қолданып келеді. Жалпы, медиация əдісі дүниежүзінде XX ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Ең алдымен АҚШ-та, Аустралияда, Ұлыбританияда, ал кейін ол бірте-бірте Еуропада таралды. Медиацияны қолданудың алғашқы əрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды шешу кезінде тəжірибеге енгізілді. Кейін медиация отбасы жанжалдарынан бастап коммерциялық көп жақты жанжалдарға дейінгі даулардың кең шеңберін шешу кезінде қолданылатын болды. Əлемдік тəжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары көп. Тиісті актілер АҚШта, Аустрияда, Германияда қабылданған.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың  14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында:

«Құқықтық саясаттың маңызды мəселесі аза маттардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот  төрелігін  жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рəсімдерден арылту керек. Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес. Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мəселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тəртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет. Сот билігінің беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс» деп тікелей көрсетілген. Сонымен қатар Елбасы Президент əкімшілігіне, Қауіпсіздік Кеңесіне Үкіметпен бірлесіп, ведомствоаралық жұмыс тобын құруды жəне 2013 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін Құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғырту бағдарламасының жобасын əзірлеуді тапсырды  [5, 246 б.].

Еліміздің бас қаласының зəулім ғимараты Тəуелсіздік сарайында қарашаның 20 жұлдызында Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезі болып өтті. Съезд мемлекеттің жоғарғылауазымдытұлғаларыныңқатысуымен 4 жылда 1 рет өтеді. Осы маңызды қоғамдық-саяси іс-шараға Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, көптеген шетелдік делегациялар, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының жəне Еуразиялық Экономикалық Сотының судьялары, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінен 600-ден аса судья қатысты. Съезде қойылған күн тəртібінде – мемлекет басшысының алдыңғы форумда белгіленген міндеттерін  іске  асыру   барысын  талқылау, сот ісін жүргізудің өзекті мəселелерін қарау, Қазақстан əлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі кезіндегі сот жүйесінің рөлін айқындау мəселелері жайлы ой қозғалды.

Қазақстан судьяларының    съезі  –  сот іс жүргізудің  дамуының  маңызды  белесі болып табылады, өйткені талқылауға реформаның ең  өзекті  мəселелері  мен  Сот  жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Елбасы қойған басымдылы міндеттерді іске асыру сұрақтары қойылады. Тəуелсіздік алғаннан бері, сотқұқықтық реформасы шеңберінде заң қызметі жүйесінің үнемі жетілдіру жолында Сот жүйесінің жұмысы көп өзгерістерге ұшырады. Өзгерістердің бірінші жəне басты нəтижесі, ол Қазақстан тарихында алғашқы рет сот билігі, үш биліктін біреуі болып конституциямен бекітілді. Соның негізінде Қазақстан  сот жүйесі Халықаралық судьялар қауымдастығына қабылданды, бұл Қазақстан Республикасы Сот жүйесін халықаралық судьялар қоғамдастығы мойындағанының белгісі.

Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «ХХІ ғасырда мемлекет дамуының басты өлшемі ұлттық сот төрелігі жүйесі болып табылады. Тəуелсіз жəне əділ сот – құқықтық мемлекеттің тұғыры. Онсыз əлемнің бірде-бір елі, соның ішінде ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалды, азаматтардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан сот реформасы жөніндегі жұмысты  еселеу  қажет.  Мен  судьялардың  VІ съезінің басты міндеті осы деп білемін» деп, жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін əзірлеуді де тапсырды. Сондай-ақ 2014 жылдың бюджетінде судьялар санын 450-ге, яғни 25 пайызға көбейтуге тапсырма беріп, Азаматтық сот өндірісін жаңғырту қажет» , – деп атап өтті [6, 246 б.].

Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мəми Судьяларының VІ съезінен кейін, əр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында берген сұхбаттарында, еліміздегі сот құқықтық реформасы толығымен  іске  асырылды  деуге   болады. Осы реформа аясында ең озық халықаралық тəжірибелерді ескере отырып, егемен Қазақстан дамуының өзіндік, құқықтық жолын айқындап алды  деп тұжырымдады.

Қазақстан Республикасы Судьяларының əр съезінде қабылданған шешімдері нəтижелі орындалып келеді. Елбасы Судьялар одағының 5-съезінде бірқатар нақты міндеттерді алға қойғаны белгілі. Атап айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану арқылы  сот  өндірісін жетілдіру қажет екенін атап өтіп, келесі съезге дейінгі мерзімде қағаз  түріндегі құжат айналымынан бас тарту,электронды технологияларға көшу, мамандандырылған соттар жүйесін кезең-кезеңімен енгізу, дауларды шешудің баламалық əдісі, яғни, медиация институтын  енгізу туралы тапсырма  берілген болатын. Қазіргі күні бұл тапсырманың барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты шешімін тапқанына бəріміз куə болып отырмыз. Қазақстан судьяларының  əрбір съезінде еліміз сот жүйесінің  жұмысын одан əрі жандандырып,құқықтық сот реформасын жүзеге асырудағы судьялар бірлестігінің қоғамдық  рөлі жəне заңнамаларды  жетілдіру,сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мəселелері қарастырылып, судьялар мен сот қызметкерлерінің əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ауқымды бағдарламалар бекітіледі.

Сот беделінің басымдылығына қол жеткізу үшін,сот  билігі, алдымен, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының соттарға деген сенімін қайта жаңғыртып, Конституция мен заңдылықтың орындалуын қамтамасыз етуі керек. Халық сеніміне сот төрелігін атқарудың сапасын жаңғырту жəне заңды сот актілерін шығару жолымен ғана қол жеткізуге болады.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. //akorda.kz/
  2. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығы // Егемен Қазақстан 2009 жыл, 28 тамыз, N 281-283 (25680);
  3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 13 желтоқсан 1997 ж. – Алматы: Юрист, 2008 ж. – 206 б.
  4. Төлубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: оқулық . – Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 416 бет.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. //www.inform.kz//
  6. Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезі өз деңгейінде өтті... //zhambylsot.kz//

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.