Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізу бойынша адвокаттың дəлелдемелер жинауға қатысу мəселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің “Біз Конституциямыздың əлеуетін барынша пайдалануымыз қажет” дей келіп, “Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам: əрбір адамның жеке басы мен бостандығын  құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз”, деген сөздерінен құқықтық, зайырлы мемлекет құруды мақсат еткен кез келген қоғамның əрбір азаматы өзінің құқықтарын жақсы  білумен  қатар  оларды батыл қорғауға талпынуы заңды құбылыс екенін түсінуге болады. Ендеше адамның өз мүддесін, талап-тілегін, қанағаттандыруы үшін тəуелсіз қоғамдық ұйымдардың жəрдеміне жүгінетіні ақылға сыйымды [1]. Ал азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жағдай жасайтын ұйымдардың бірі адвокатура саласына тəн десек қате айтпаған болар едік. Сол адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда сол адвокаттар дəлелдемелерді жинауға қатысуда көптеген келеңсіз жайттарға қалып жатады. Соған байланысты теория жағынан болсын немесе тəжірибе жағынан болсын кішкене тоқталып кетсек:

Жалпы, дəлелдеме жəне дəлелдеу – қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Қылмыстық процесте дəлелдеу мəселелерін зерттеу əр уақытта өзінің актуальдылығын жоғалтпайды, ол өмірмен тығыз байланысты, қоғамды қылмыстан қорғауға бағытталған тəжірибелік қызмет десек болады.

Дəлелдемелерді жинау мəселелеріне байланысты, қазіргі таңда көптеген даулар мен келіспеушіліктер туындап жүр.

Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет деп санау керек. Дəлелдемелерді жинау маңызын анықтау үшін  дəлелдеудегі  оның  орны жəне ішкі құрылымын талдауға салу керек, тану қызметінің жалпы жақтары судьямен, прокурормен,тергеушімен жүзеге асырылады.

Қазіргі əрекет етуші қылмыстық іс жүргізу кодексінің 125-бабында көрсетілгендей, дəлелдемелерді жинау тергеу жəне сот iс-əрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа  дейiнгi  iс  жүргiзу жəне сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дəлелдемелер жинау оларды табуды, бекiтудi жəне алуды қамтиды. Тараптардың өтiнiштерi бойынша немесе  өз  бастамашылығы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзуiндегi қылмыстық iс бойынша кодексте белгiленген тəртiппен  жауап  алу  үшiн  немесе сарапшы ретiнде қорытынды беру үшiн кез келген адамды  шақыруға;  кодексте  көзделген iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуге; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге  қойылатын талаптарды сақтай отырып,ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың iс үшiн маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етудi талап етуге; уəкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi талап етуге құқылы. Кодексте белгiленген тəртiппен iске қатысуға жiберiлген қорғаушы заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi дəлелдердi ұсынуға жəне мəлiметтердi жинауға, оның iшiнде олардың келісімімен адамдардан сұрауға, сондай-ақ он  күн  ішінде ол құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi ұйымдардан анықтамалар, мiнездемелер жəне өзге де құжаттар сұратып алуға;  қорғауындағы  адамның   келiсiмiмен заң көмегiн көрсетуге байланысты туындаған шешудi қажет ететiн мəселелер бойынша арнаулы бiлiмi бар адамдардың пiкiрiн сұрауға құқылы. Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жəбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер жəне олардың өкiлдерi, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дəлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мəлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.

Теориялық тұрғыда дəлелдемелерді жинаудың өз маңызды жақтарын, тану қызметі ретінде байқайды. Дəлелдемелерді құрудың процессуалдық фазаға дейінгі кезеңі, егер оны айналым процесі ретінде қарастырсақ, дұрыс түсінуі мүмкін. Зерттеуші оқиғалар материалдық объектілерді əртүрлі қылып өзгерту ретінде туындауы арқылы қоршаған орта жағдайларымен өзара əсер етпеуі мүмкін емес.

Дəлелдемелерді жинау – ол сот тергеу органдарының белсенді қызметі, дəлелдеу процесінің қажетті элементі. Процессуалдық жəне криминалистік əдебиеттерде, дəлелдемелерді жинау маңызы əртүрлі болып анықталады.

А.С. Жалыбиннің анықтауы бойынша, əртүрлі құжаттарды табу, алу, сақтау, бекіту əрекетінің жиынтығы ретінде дəлелдемелерді жинау түсінігінің мазмұны [2, 158 б.].

Ал С.А. Шейфер болса, дəлелдемелерді жинау түсінігіне оларды табумен бекітуді кіргізбеген, табуды, жинауды, бекітуді жəне дəлелдемелерді зерттеуді бір қатарда қарастырған [3, 38 б.]. М.С. Строговичтің көрсетуі бойынша, дəлелдеу процесі дəлелдемелерді табудан, оларды қараудан  жəне процессуалдық бекітуден, тексеруден жəне бағалаудан құралады деген [4, 470 б]. Біздің ойымызша, осы жоғарыда көрсетілген пікірлердің ішінде А.И. Винбергтің ойы дұрыс сияқты. Дəлелдемелерді жинау – ол кешендік түсінік болып табылады. Ол дəлелдемелерді сақтау  жəне  алу,  табу,  бекіту  əрекеттерін  кіргізеді.

Дəлелдемелерді табу – дəлелдемелік мағынасы бар сол жəне басқа да фактілік мəліметтерге көңіл аудару, олады іздеу жəне шығарып  алу. Тек оларды жинаушы тұлғаға белгілі болған дəлелдемелерді ғана жинауға болады.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 126-бабына сайкес дəлелдемелерді бекіту көрсетілген. Iс жүзiндегi деректер олар, iс жүргiзу iс-əрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дəлелдеме ретiнде пайдаланыла алады [5].

Анықтау жəне алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.

Тергеу жəне сот iс-əрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-əрекеттердiң барысы мен нəтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-əрекеттердi жүргiзудiң тəртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiңнемесесоттыңназарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мəн-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу жəне сот iс-əрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады.

Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiмдер жəне шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады.

Тергеу iс-əрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың əр бетiндегi мəтiннiң соңғы жолының астына жəне оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде əр беттiң аяғына жəне осы бөлiктiң соңына қол қойылады.

Анықтаушы,тергеушi  немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады.

Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-əрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куəландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.

Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-əрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куəландыратын белгi соғылады.

Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы жəне бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.

Егер iс жүргiзу iс-əрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды жəне оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.

Дəлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау жəне ақпаратты бейнелеудiң басқа да əдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-əрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дəлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген əдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс-əрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады.

Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-əрекетiнiң барысы мен нəтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Əрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-əрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi жəне  қажет  болған  жағдайларда,  куəгерлер, ал сотта сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куəландырады. Сонымен қатар жиналған жəне бекітілген дəлелдемелер    зерттелуге    жататыны  белгілі,ҚР ҚІЖК 127-бабында: іс бойынша жиналған дəлелдемелер жан-жақты жəне объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дəлелдемелердi талдауды, оны басқа да дəлелдемелермен салыстыруды, қосымша дəлелдемелер жинауды, дəлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды. Қылмыстық істер бойынша дəлелдемелерді бағалау да аса маңызды мəселе екендігі айтылып жүр. Оның қорытындысы бойынша арнайы нормативтік қаулылар қабылдау ұйғарылды. Өйткені мұның азаматтардың конституциялық құқығы мен мүддесін сотта қорғауды қамтамасыз етуде маңызы жоғары болмақ. Еліміздің Жоғарғы Соты ТМД елдері арасында бірінші болып республикадағы соттардың қылмыстық істер санаты бойынша қылмыстық ізге түсу жəне айыптау органдарының сотқа жіберген дəлелдемелеріне баға беруге байланысты сот тəжірибесін талдап, шолу жасаған еді. Осы орайда, аталған  нормативтік   қаулыда тергеу органдарының күшімен алынған заңдылықтардың сотта міндетті түрде анықталуға байланысты көптеген аспектілері айқындалған. Əсіресе дəлелдемелерді жинау барысында заң талаптары дұрыс сақталған ба, айыпталушыны қорғау құқығын қамтамасыз етуде жəне арызданушы жақтың шағымын тексеру бойынша барлық шаралар қолданылған ба, тергеуде заң талаптары дұрыс жүргізілген бе деген сауалдар  сотта  жан-жақты  қаралуы,  ескерілуі тиіс екендігіне назар аударылды.

Жалпы адвокаттар сот  процесінде  сырттан қараған адамға екінші деңгейдегі адам секілді болып көрінеді, өзінің қорғауындағы адамның санатында бағаланады. Осының өзі адвокатуралық қызметке деген халықтың сенімін жоғалтып, сот ісінің біржақты айыптау бағытымен жүргізілетіндей əсер қалдырып жүр. Сондықтан адвокаттардың мəртебесін əлі де көтеру керек сияқты.

Қорғаушылардың екінші деңгейдегі қызметкер болып көрінуі біздің ойымызша себебі мынада. Қылмыстықістердіжүргізузаңытараптардың бəсекелестігі жəне тең құқылық идеясын қылмыстық сот ісінде бекіткен (ҚР ҚІЖК 23бап). Бəсекелестік ретінде айыпталушының қорғалуға деген құқығын ғана түсінуге болмайды, бұл сонымен бірге ақиқатты іздеу əдісі мен айғақтарды зерттеу тəсілі де болып табылады. Өкінішке қарай, қазақстандық қылмыстық процесте, əсіресе сотқа дейінгі сатыда осы функцияларды не қорғалушы, не айыпталушы жеткілікті түрде жүзеге асыра алмайды, себебі біздің қылмыстық процесте қылмысты дəлелдеуде тергеушінің, анықтаушының жəне прокурордың рөлі басым болатындығы айтылады. Адвокаттың дəлелдеуге қатысу мəселесі нормативті актілерде жеткіліксіз реттелгендіктен, қылмыстық процеске тартылған адамдардың бостандықтары мен құқықтары едəуір бұзылды.

Заң актілері тергеушіге айыптау жəне ақтау дəлелдемелерін жинауды жүктейді. Алдын ала тергеудің негізгі міндеті сот үшін материал жинау. Осылайша, тергеуші бір мезгілде бір-біріне мүлдем қарама-қайшы функциялар атқаруға міндетті. Тергеушінің айыптау жағына еліту мүмкіндігі аса  жоғары. Қылмыстық істі қозғаған кезде ол айыпталушыға қарсы бұлтартпайтын шараларды тауып, айыптауды біржақты тұжырымдайды. Сөйтіп, тергеуші өзінің шешімінің тұтқынына айналады. Сондайақ тергеуші өз жұмысының сапасын бағалау жүйесіне орай, дəлелдемелер жинауда  əр  кезде объективті бола бермейді, соған байланысты қылмыстық істі тоқтату, оның тарапынан жіберілген қателік ретінде бағаланады жəне тергеушіге тағылған айып-кінə болып саналады. Сайысудың негізі қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде қалыптасуы керек. Екі жақ та сотқа айыптау жəне ақтау дəлелдемелер жиынтығымен, тең   болып     келуі   керек. Қолданыстағы заңға сəйкес қорғаушы тарапына қарағанда, сотқа дейінгі сатыда дəлелдемелер жинаған айыптаушының қолында көбірек материал болады. Нəтижесінде сотта қорғаушының рөлі көбінесе  тергеушінің    жұмысындағы кемшіліктерді іздеумен ғана   болады. Көп уақытты сол алады. Квалификациялық құқықтық көмек мəселелері бойынша заң жобасында, дəлелдемелер  жинау  жөніндегі адвокаттың өкілеттігіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.

Көбіне адвокаттардың мəлімдеген өтініштері мен шағымдары прокуратура, тергеу органдары, тіпті, сот процестерінде де еленбей қалып жатады. Бұған себеп адвокаттардың жинаған дəлелдемелері мен деректерінің салмақсыздығы ма, жоқ қазіргі кездегі қорғаушылардың кəсіби біліктілігінің төмендігі ме деген сауалдарда туып жатады. Бұған көптеген ғалымдар мен тəжірибеде жүрген біраз қызметкерлерде өз ойларын айтып жүр.

Мысал ретінде Адвокаттар одағының президенті А. Түгелдің айтуынша: адвокаттардың берген өтініштерінің барлығын бірдей қылмыстық қудалау органдары мен сот органдарының қанағаттандыра бермейді. Кейбір кездерде  адвокаттардың  жолдаған  өтініштері мүлде қаралмайды, тіпті,  ешқандай  негізсіз қайта қайтарылып жатады. Бұл олардың салмақсыздығынан немесе сауатсыз құрастырылғандығынан емес. Мəселе адвокаттың кез келген өтініші мен қолдаухаты алдын ала тергеудің де, сол сияқты соттық тергеудің де процесін тежейтіндігінде. Əдетте сотқа қатысушылар процестің тез бітуін қалайды. Қорғалушылардың келтірген дəйекті дəлелдері, сауатты жазылған қолдаухаттары тергеу жұмысына елеулі кедергі келтіреді, сондай-ақ тергеу барысын өзгертіп, бұрынғы пікірлерді  бұзуы  мүмкін.  Осы мəселені шешу мақсатында біз адвокаттардың нақты дəлелдер келтірілген қолдаухаттарын қанағаттандыруды    қамтамасыз    ететін  тиімді процессуалдық механизмін қалыптастыруды ұсынып отырмыз. Мəселен, қорғалушы тараптың барлық қолдаухаттарын қараудың міндеттілігі нормасы туралы Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" заңына өзгерту енгізуді сұрап отырмыз. Қолдаухатты қанағаттандырмай, негізсіз кері қайтарған жағдайда сотқа жəне прокурорға, сондай-ақ алдын ала тергеу органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты қатаң шаралар қолдану мүмкіндігі  де сол ұсынысымызда қарастырылған деп пайымдап жатыр [6].

Жалпы адвокаттардың дəлелдемелер жинауға қатысуының ашылмаған біраз астары мен мəселелері жетерлік. Сондықтан біздің ойымызша осы дəлелдемелер жинауда адвокаттық қызмет туралы заңды қайта қарап, біраз толықтырулар енгізу қажет деп санаймыз.  Яғни,  осы  заң бүгінгі заманның тамыр бүлкілін дөп басып, қорғаушылардың мəртебесін көтеруге келгенде дəрменсіздеу сияқты көрініп жүр.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында (ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 18 ақпан 2005 ж.).
  2. Жалыбин С.М. Защита прав граждан в уголовном судопроизводстве. – Алматы: Жетi Жарғы, 2002. – 304 с.
  3. Шейфер С.А. Собирание доказательств в советском уголовном процессе. – Саратов: Изд-во Саратовского гос. ун-та, 1986. – 172 с.
  4. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М., 1968. Т-1, 470 стр.
  5. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан / Ред. Когамов М.Ч. Алматы: Жеты-Жаргы, 2008 г.
  6. URL: http://www.advokatura.kz/articles/653/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.