Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеке тұлғаның рухани қалыптасу жағдайлары

Адамның əрбір қылығында, оның ішінде қылмыста да, оның жеке тұлғасы көрініс табады, оның мəні сол тұлғаның қатысатын барлық қоғамдық қатынастары мен əлеуметтік байланыстарының жиынтығынан құралады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер кінəнің алғышарттары болып табылады. Дегенмен, кінəнің қылмыскердің жеке тұлғасымен байланысы мұнымен шектеліп қоймайды. Кінə жеке тұлғаның, оның əлеуметке қарсы немесе бейəлеуметтік мақсат-бағдарының, оның қоғамға қауіптілігінің көрінісі ретінде қарастырылады.

Бұл жерде екі шектен аулақ ұстану қажет: қылмыскердің кінəсін анықтау барысында, оның жеке тұлғасының мəнін елеусіз қалдыру жəне кінəні тұлға қасиеттеріне теңеп, кінəні қылықтан, қылмыстан ажырату. Мəселен, Б.С.Утевский былай деп көрсетеді: «Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылықтың емес, жасаушы тұлғаның, нақты жағдайда қылмыстың емес, қылмыскердің қасиеті болып табылады». Мұндай байымдауда кінə өзінің объективті ауқымын жоғалтады, адам жасағаны үшін емес, өзінің сондай болып табылатындығы үшін жауап береді.

Кінə, қылмыстың субъективті жағы тұлғаның жасаған қылығын субъект тұлғасымен байланыстырады. Барлық сыртқы əсерлер адамның мінез-құлығына тек оның жеке тұлғасы арқылы əсер ете алады. Сол себепті, тұлғаның жеке қасиеттері, оның қоршаған əлемге деген қатынасы – бұл нақты əрекеттер жасаудың даму бағыты. «Адамның əрбір қасиеті əрқашан нақты жағдайларда нақты əрекеттер жасаудың даму бағыты болып табылады». Сондықтан, егер біз адамды, оның  жеке тұлғасын жақсы білетін болсақ, біз одан не күтуге болатынын да білетін боламыз. «...Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы, сондай-ақ, адамның нақты жағдайларда өзін қалай ұстайтындығының болжамы болып та табылады». Айтылғандар қоғам үшін қауіпті мінез-құлықтың себебі болып табылатын, оның кінəсінде көрініс табатын тұлға қырларына қатысты.

Криминологияда қылмыстың жасалуына септігін тигізген жағдайларды үш топқа бөліп қарастыру қалыптасқан: а) тұлғада қоғамға қарсы мақсат-бағдардың пайда болуына əкелген тұлғаның рухани қалыптасуының жағдайлары, б) өмірде қалыптасқан жағдай немесе қылмыс жасаудың себебі, в) қылмыстық нəтижеге жетуде септігін тигізген жағдайлар. Кінə, қылмыстың субъективті жағы қылмыстық əрекетті тудыра отырып, жағдайлардың осы үш тобын біртұтас түйінге байланыстырады. Жеке тұлғаның рухани қалыптасу жағдайлары субъектіде əлеуметке қарсы жəне бейəлеуметтік мақсат-бағдарды тудырады, олар тұлғаның əлеуметтік позицияларын, оның қоғамға, қоғамдық мүдделер мен талаптарға, қоғамның басқа мүшелеріне деген қатынасын белгілейді. Бірақ, қоғамға қарсы мақсат-бағдар – кінə емес. Ол өздігінен қылмыстық жауапкершіліктің негізі ретінде бола алмайды. Тек қылмыстық заңмен қарастырылған əрекетте ғана, тұлға қылмысты жасауда кінəлі болып саналады. Сөйтіп, кінə қоғамға қарсы (бейəлеуметтік) мақсат-бағдарды қылмыспен байланыстырады, кінə əрекет ішіндегі мақсат-бағдар десе де болады.

Қолайсыз жағдай субъект санасымен бейнеленеді. Субъект өзінің мақсат-бағдары əсерінен, бұл жағдайға қандай да бір еліну танытады. Тұлға санасында көрініс таба отыра, жағдай мінез-құлықтың нақты себептерін тудырады, олардың əсерімен, субъект өз алдына мақсаттар қойып, оларға жетудің құралдарын белгілейді. Сондықтан, кінəда тұлғаның қоғамға қарсы (бейəлеуметтік) мақсат-бағдарлары да, тұлғаның сол сəттегі жағдайы да көрініс табады.

Кінəда қылмыскер жеке тұлғасының қоғамдық қаупі, оның қоғам мүдделеріне зиян келтіру қабілеті орын алады. Қылмыскердің жасаған жəне болашақта жасай алатын зиянымен анықталатын жеке тұлғаның қоғамдық қаупі онда əлеуметке қарсы (бейəлеуметтік) мақсат-бағдардың болуының салдары болып табылады.

Қылмыс пен оның субъективті жағында – кінəда субъектінің əлеуметке қарсы немесе бейəлеуметтік мақсат-бағдары ғана емес, сонымен қатар, белгілі дəрежеде, оның басқа да психикалық ерекшеліктері мен күйлері де бейнеленеді. «Қоғамға қарсы бағытталған, қылмыстық мінез-құлық субъектінің психологиялық ерекшеліктерімен – оның темпераменті, мінезі, сезім мен ерік аяларымен жəне т.б. байланысты, ал кей кезде, тікелей шартталған болады».

Адамның психикалық ерекшеліктері тұлға мүмкіндіктерінің шамасын анықтайды. Интеллектуалдық қабілеттер субъектінің жағдайды дұрыс бағалау, өз əрекеттерінің мүмкін салдарын алдын ала болжау жəне олардың қоғамдық мəнін дұрыс бағалау, күрделі жағдайда дұрыс шешім таба білу мүмкіндіктерін анықтайды. Жеке тұлғаның еріктік қасиеттері оның қойылған міндеттерді шешуге тырысу, дұрыс емес қылық жасаудан ұстану, қажет жағдайларда талап етілетін еріктік күш салу мүмкіндіктерін белгілейді. Бұл қабілеттер түрлі адамдарда олардың темпераменттері, мінездері, еліну уақыттары, ықыластылық пен қырағылық шектерінің əртүрлі болғаны сияқты, алуан түрлі болады.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері қылмыстың субъективті жағында əртүрлі көрініс табады.

Біріншіден, олар адам мүмкіндіктерінің шамасын анықтай келе, оның нақты ситуацияда белгілі жағдайларды ұғыну, белгілі салдарды алдын ала болжау, қажетті еріктік күш салуды жүзеге асыру мүмкіндігін анықтайды. Басқаша айтқанда, олар тұлға əрекеттерінде қылмыстың субъективті жағы белгілерінің болуын немесе болмауын, оның кінəсінің болуын немесе болмауын анықтайды.

Екіншіден, тұлғаның кейбір психологиялық қасиеттері (тым қозғыштық, тым  иланушылық жəне т.б.) ақылының дұрыс болмау күйін тудырмастан, қылмыстың жасалуын жеңілдетіп, тіпті шарттай алады. «Кейбір психикалық тұрғыдан қарағанда, сындарсыз тұлғалардағы (ақылы дұрыс) қызбалық-еріктік ауытқулар мен ойлау қызметінің ерекшелігі əзəзілдікке қарсы тұруды төмендетіп, мінез-құлықтың бақылау механизмдерін əлсірете алатындығы, қайсыбір жағдайларда жасалатын əрекетті таңдау мен шешім қабылдаудың балама мүмкіндіктерін біршама тарылтып, шектейтіндігі жөніндегі айқын фактіні елеусіз қалдыруға болмайды. Психиканың оңай қозу, сезім толыспауы, тым илану, күдіктілік, интеллектуалды сындарсыздық, бұрмаланған жеңсіктік жəне т.б. сияқты ерекшеліктері жиі кездерде криминалдық актінің жүзеге асырылуын «жеңілдетеді», психикалық тұрғыдан қарағанда, сындарлы адам дұрыс, заң талаптарына сəйкес əрекет ететін жағдайларда, тұлғаны заңмен қайшылыққа əкеледі».

Үшіншіден, техниканы қолданумен, айтарлықтай тəуекелмен, зор сезім ширығуымен жəне адам өміріне жауапкершілікпен байланысты қызметтің кейбір түрлері адамға, оның психикасына қалыпты талаптармен салыстырғанда, көбірек талап қояды. Субъектіде бұл қасиеттердің болуын немесе болмауын анықтау оның кінəсінің болуы мен оның мазмұнын анықтау үшін өте маңызды болып табылады.

Айтылғандар адамның тек психикалық қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ, оның басынан кешірілуі мүмкін болатын ерекше психикалық күйлерге де қатысты. Қызбалық, мастық, шалдығу, ауыршаңдық күй, жабырқаңқылық күйі жəне т.б. сияқты күйлер қылмыстың субъективті жағы үшін маңызы зор болуы мүмкін. Олар адамның өз психикалық қабілеттерін пайдалану мүмкіндігіне айтарлықтай əсер етіп, жасалған қылмысқа өз ықпалын көрсетуі мүмкін.

Тұлғаның аталған психикалық ерекшеліктері мен күйлері келесілерге əсер ете алады: а) кінəнің болуына немесе болмауына, б) кінəнің түріне, в) кінəнің мазмұнына, жəне г) оның дəрежесіне, демек, қылмыстық жауапкершіліктің болу мүмкіндігіне, қылмыс жіктемесіне жəне жауапкершілік шамасына. Бұдан басқа, олар белгілі қылмыстың нақты себептері мен талаптарын анықтауда аса зор мəнге ие.

 

 

Әдебиеттер

  1. Утевский Б.С. Некоторые вопросы дальнейшего развития теории уголовного права. Советское государство и право. 1963, №6, 45б.
  2. Рубинштейн С.Л. Теоретические вопросы психологии и проблема личности. Вопросы психологии, 1957, №3, 36б.
  3. Мерлин В.С. Очерк психологии личности. Пермь, 1959, 13б.
  4. Кудрявцев В.Н. К вопросу об изучении причин преступности. «Советское государство и право», 1964, №5; А.С.Шляпочников. О классификации обстоятельств, способствующих совершению преступлений. «Советское государство и право», 1964, №10.
  5. Сахаров А.Б. О личности преступника и причинах преступности в СССР. М., Госюриздат, 1961, 25б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.