Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сот бақылауы адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының жүзеге асырылуының құралы ретінде

Қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының    күшеюінің    тенденциясы ескеріле отырып, қылмыстық іс жүргізуде сотқа шағымдану мəселелері сотқа дейінгі өндіріске соттық бақылауды кеңейту мəселелері шеңберінде кең талқыланып жатыр.

Қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының қажетті кепілдіктерінің бірі болып қамауға алудың арнайы «санкцияланған» режимі табылады. 2007 жылдың 21-мамырына дейін ҚР-ның Конституциясының 16-бабының 2-бөлігінде заңда көзделген реттерде ғана тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға жəне қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі деп бекітілген норманы басшылыққа алып келдік. ҚР-ның Конституциясының 16-бабы елеулі өзгеріске ұшырап, қамауға алу соттың санкциясымен жүргізілетін болды [1].

Осы күннен бастап қылмыстық іс жүргізуде адамның  жеке   басына  тиіспеушілік   қағидасы құқықтық мемлекет мақсатына жауап беруге бір қадам жоғарылады деп айтса болады.

ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 жəне 81-баптарын ресми талқылау туралы №13 Қаулысына сəйкес сотпен қамауға алуды жəне тұтқындауды санкциялау, лауазымды адамдардың құқыққа қайшы əрекеттеріне, Конституцияның 76-бабының 2-бөлігінен туындайтын мемлекеттік органдардың заңсыз актілеріне қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының шағымдарын (наразылықтарын) қарауы қылмыстық іс жүргізуде адам  жəне  азаматтың  құқықтары мен  бостандықтарын  сотпен  қорғаудың құралы болып табылады. Соттың көрсетілген өкілеттіктері Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 наурыздағы Конституцияның 76-бабының 2-бөлігін талқылауға  қатысты «сотқа заң негізінде адам жəне азаматтың кейбір конституциялық құқықтарын шектеуді болдырушы шешімдер, үкімдер жəне басқа да  қаулылар шығаруға, лауазымды адамдардың құқықсыз əрекеттеріне шағымдарды қарауға, Конституцияда жəне Республиканың заңдарында бекітілген жағдайларда мемлекеттік органдардың заңсыз актілерін жоюға құқық берілген» деп көрсетілген қаулысымен расталады.

Бұл жерде ҚР-ның Конституциясының нормалары (16-баптың 1-б., 75, 76-бб. жəне  өзге де) сотқа жедел-іздестіру шараларын жəне тергеу əрекеттерін санкциялау бойынша өкілеттік көрсетілмеген. Тергеу əрекеттерін, жеделіздестіру шараларын, ұстауды,  қамауға  алумен тұтқындауды санкциялау Конституциямен бекітілген прокуратураның жедел-іздестіру қызметін, анықтау жəне тергеу, сондай-ақ қылмыстық қудалауды прокуратурамен жүзеге асыруда заңдылықты жоғары қадағалаудың бір нысаны болып табылады. Бұлардың жүзеге асырылуы кезінде де, біздің ойымызша тəуелсіз орган ретінде сот тұруы қажет. Осыған байланысты Конституцияда бекітілген адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуші тергеу əрекеттерінің де,  атап айтқанда тінту; почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау,  оларды  тексеру  мен  алу;  хабарды жол-жөнекей ұстау; сөйлесулерді тыңдау мен жазудың сотпен санкциялануы шынайы құқықтық мемлекет болудың бір кепілі деп пайымдауға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, қылмыстық іс жүргізуде сот шағымдану институтының регламентациясы əркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығын бекітуші ҚР-ның Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне толық сəйкес келеді. Қазақстан Республикасында сот бақылауының проблематикасының пікірталастық бастамасы оның прокурорлық қадағалаумен ара қатынасы туралы мəселеден туындайды. Осыған орай, азаматтардың негізгі құқықтарын шектеуші процессуалдық əрекеттерге санкцияны тек бір ғана орган беруі қажет деп ойлаймыз.

Бүгінгі таңда прокурор қылмыстық іс бойынша адамның кінəлілігіне немесе кінəсіздігіне қарамастан, ақтау үкімінің шықпауына мүдделі, өйткені санкция беруден бастап ол өзін осы іспен «байлап» қояды. Прокурордың қылмыстық қудалауды жүргізумен қатар, тағы басқа бағыттары бар, соның бірі сотта мемлекеттік айыптауды жүргізу. Осыған байланысты да, тəуелсіз орган ретінде сотқа жүгіну қажеттігі туындап отыр.

Сот прокуратураға қарағанда айыптауға тəуелді емес. Сот сот билігінің өкілі ретінде тəуелсіз, айыптау функциясын атқармайды, алдын ала тергеуге басшылық жасамайды, оның сапалылығына жауап бермейді, тек сот төрелігін жүзеге асырады. Бірақ адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуші процессуалдық əрекеттерді санкциялауды сотқа берудің де көңіл аударатын мəселелері жоқ емес. Атап айтқанда, бұрынғы тоталитарлық режимнің қалдығы ол бірінші кезекке мемлекет мүддесін қою, судьямен берілген санкцияның дұрыстығына күмəн туғызбай, адамның құқықтары мен бостандықтарын екінші кезекке қою.

Десе де, сот бақылауы институтының қажеттілігі туралы халықаралық практика айтады; осындай түрдегі бақылау адамның құқықтарын жəне  негізгі  бостандықтарын  қорғау  туралы Европалық конвенцияның 6-бабында көрсетілген.

Бұл қазақстандағы құқықтық жүйеге де қайшы келмейді. Сот бақылауы, шын мəнінде, алдын ала тергеуде бəсекелестік негізінің күшеюімен байланысты, жəне  бұл қылмыстық іс жүргізуді тиімдірек, оның қатысушыларының құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Дұрыс қойылған сот бақылауында прокурорлық қадағалау кейбір жағдайларда артық болып қалады. Бір бақылау функциясын əртүрлі органдардың атқаруына қажеттілік жоқ. Сондайақ прокурорлық қадағалауды толығымен алып тастауға дəлелді негіз жоқ – сот шешімінсіз жүргізілетін тергеу əрекеттеріне қатысты ол сақталуы қажет.

Мұндай көрініс Ресей  құқықтық  жүйесінде де қалыптасып отыр. Кейбір ресей ғалымдарының көзқарасынша алдын ала тергеуде қателерден жəне қиянаттардан қосарланған тосқауыл қоюдан еш мағына жоқ. И.Л. Петрухин де соттың қарауына азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуші  кейбір тергеу əрекеттерінің жүргізуіне рұқсат беруді ұсынады [2, 14]. В. Бозров сот бақылауын алдын ала тергеу органдарының бұлтартпау шарасы ретінде тек қамауға алудың қолданылуының заңдылығына ғана емес, сондай-ақ азаматтардың конституциялыққұқықтарыменбостандықтарын елеулі шектеуші өзге де процессуалдық жəне жедел-іздестіру шараларына да кіргізу қажеттігі туындап тұр деп көрсеткен [3, 19].

Бұлтартпау шарасының аса қатал түрі айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуда сот бақылауы бекітілген. Қылмыстық-процессуалдық кодекспен сотқа шағымдану институты жəне бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың заңдылығын жəне негізділігін соттың тексеруі бекітілгені бəрімізге мəлім. Қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының қажетті кепілдіктерінің бірі болып қамауға алудың арнайы «санкцияланған» режимі табылады.

ҚР-ның ҚІЖК-нің 110-бабына сəйкес айыпталушы,  сезікті, олардың  қорғаушысы, заңды өкілі, жəбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа оның жарияланған кезінен бастап үш тəулік ішінде шағымдануға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы. Соттың қаулысына шағымдануға, наразылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымы, наразылығы бар іс бұл туралы айыпталушыға, сезіктіге, олардың қорғаушысына, заңды өкіліне, жəбірленушіге, оның заңды өкіліне, өкіліне жəне прокурорға хабар беріле отырып, облыстық немесе оған теңестірілген сотқа кідіріссіз жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезден бастап үш тəуліктен кешіктірмей, айыпталушыға, сезіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысының заңдылығын жəне негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

Қамауға алуды қолдануға санкцияның заңдылығы деп қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының қолданылуының жəне оның мерзімін ұзартудың тəртібін регламенттеуші қылмыстықпроцессуалдық заңның барлық нормаларының сақталуын, ал негізділігі деп – қылмыстық іс материалдарында мəліметтердің, соның ішінде осы бұлтартпау шарасының қолданылуының немесе оның мерзімінің ұзартылуының қажеттілігін растаушы қамауға алынғанның тұлғасы туралы мəліметтердің болуын айтады.

Сот тараптардың дəлелдемелерін тыңдап, қылмыстық істің материалдарын қарай келіп, мынадай:

  • аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы;
  • аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына берген санкциясының күшін жоя отырып, оның қаулысының күшін жою туралы;
  • аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою туралы жəне айыпталушыға, сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы;
  • аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою жəне айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту не ұзарту туралы дəлелді қаулылардың бірін шығарады [4].

Осылайша,   сотқа   шағымдану   институты бүгінгі таңда анық ұлғайып,  өзектілікке жəне сұранысқа ие болып келе жатыр. Осыған қарамастан, бұл процесс аса өткір пікір таластық сипатқа ие. Сот бақылауы кеңейтілуі қажет деген көзқарастар негізделеді:

  • қылмыстық іс жүргізуде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері максималды деңгейде қорғалуы қажеттігімен;
  • сот бақылауы қылмыстық іс жүргізуде азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жəне күзетудің қосымша кепілдігі болып табылады деумен.

Бұл позицияның қарсыластары, өздерінің көзқарастарына дəлелдер келтіріп, заң шығарушы сотқа санкциялауды берумен кейбір жерлерде тəуекел етеді деп ойлайды:

  • сотқа айыптау бағытын беруге;
  • соттың алдын ала тергеу органдары қызметінеараласуүшіншарттарқалыптастыруға;
  • судьяларда алдын ала тергеу стадиясында қабылдаған өздерінің шешімдерінде тұрақтылыққа мүдделілікті қалыптастыруға;
  • прокурордың анықтау жəне алдын ала тергеу заңдылығына қадағалау бойынша конституциялық өкілеттігін тарылтуға.

Мұндай аргументтерге көз жұму қиын. Сондықтан, сот бақылауының қылмыстық сот өндірісініңсотқадейінгістадияларындабіртіндеп кеңейтілуі адам жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің   əдісі   ретінде   сот   билігінің   негізгі көрсетулерінің бірі болып табылады. Дегенмен, басқа процессуалдық жүйелерден алынған кірме көзқарастар отандық сот өндірісінің құрылымына əрқашан сай келе бермейді.

Сондықтан заң шығарушының ізденуі өте ұқыпты болуы қажет  жəне  сол  немесе  басқа да заңның моделін таңдауда ҚР-ның құқықтық жүйесінің ерекшеліктерімен қатар көптеген басқа да əлеуметтік, саяси жəне өнегелілік сипаттағы факторларды ескеруі қажет.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: Республикалық референдумда 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. ҚР-ның Парламентінің Жаршысы. – 1996. – № – 217 б.
  2. Петрухин И.Л. Прокурорский надзор и судебный контроль за следствием // Российская юстиция. – 1998. – № – С.12-14.
  3. Бозров В. Контрольная функция суда //Российская юстиция. – 1996. – №11. – С. 18-21.
  4. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексі 1997ж. 13-желтоқсандағы, № 206-1 Қазақстан Республикасының Заңы. – ҚРның Парламентінің Жаршысы. – 1997. – №– 335 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.