Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адвокат-қорғаушының білікті заң көмегін көрсетудегі кейбір ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының  Конституциясына  сәйкес,  мемлекетіміздің ең  қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені баршаға мәлім [1]. Осы адам құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылғанда кез келген адам адвокат көмегін қажет етеді.   Өйткені, «Адвокат жоғарғы заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы» [2].

Адвокат сөзі латынның сөздерінен аударғанда «шақырамын», «көмекке шақырылған» деген сөздерді білдіреді.

Адвокатура тарихта ежелгі дәуірден бастап заңгерлік кеңесші ретінде белгілі болған. Алғашқы адвокаттар Ежелгі Римде пайда болған [3, 13 б.].

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде қорғаушының рөлі әсіресе қылмыстық сот ісін жүргізуде аса маңызды болып табылады. Қылмыстық сот ісін жүргізуде қорғаушының қызметі сезіктінің, айыпталушының, сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және оған білікті заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған. Қорғаушы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі қатысушыларының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда қылмыстық істегі қорғау институты реформаны қажет етеді. Қорғаушының жоғары мәртебесі, айыптау жағымен оның тең процессуалдық құқықтары, оның өзіне берілген өкілеттерді толыққанды пайдалануы, қорғаушының қызметіндегі басқа да қиындықтарды шешу туралы айту қажет.

Қазіргі таңда ҚР ҚІЖК 70-бабы қорғаушы ретінде адвокатқа жол берілетіндігін қарастырады. ҚР ҚІЖК 70-бабының бөлігіне  сәйкес:

«Қорғаушы ретінде адвокат қатысады. Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатыөсуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғалушылар ретінде қатысуына, егер бұл ҚР тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі». [4]. Бұл ретте мұндай балама қорғаушыда заңгерлік білімнің, қандай да бір кәсіби білім мен заңгерлік мамандық бойынша тәжірибелік жұмыс өтілінің болуын заң талап етпейді. Бұл іс жүзінде сезіктіге, айыпталушыға, сотталушыға білікті заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз ету мүмкіндігін шүбәлі етеді. Қорғаушы қылмыстықпроцессуалдық құқықты, қылмыстарды алды ала тергеу өндірісінің теориясы мен тәжірибесін жетік білуі, қылмыс жасауда сезікті немесе айыпталушы тұлғаларды қорғау тактикасы мен әдістемесін меңгеруі және көптеген басқа да қасиеттері болуы тиіс. Онсыз ол заңда белгіленген мақсатына сәйкес бола алмайды. ҚР ҚІЖК-де белгіленген сезіктілер немесе айыпталушылардың  құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырып, оларға қылмыстық-процессуалдық заңда берілген өкілеттер, сонымен қатар олар тыйым салмаған құралдар мен тәсілдерді пайдалана отырып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде заңгерлік көмек көрсетеді.

Заңгердің кәсіби білімі қорғаушы біліктілігінің жалғыз белгісі болып табылмайды. Құзыреттіліктің басқа бір көрсеткіші оның кәсіби этикасы болып табылады. А.Д. Бойковтың пікірінше: «Маманның кәсіби толысуы тек белгілі бір білім, дағды мен машықтардың жиынтығымен ғана сипаттала алмайды, ол тұлғаның адамгершілікті дамуының тиісті деңгейіне, оның осы мамандықтың моральдық талаптарын игеруін де қамтиды» [5, 5 б.]. Сот ісін жүргізудің саласында қызметтің адамгершілікті реттегіштері (құқықтық формасы жоқ) құқықтық реттегіштерге қосымша ретінде әрекет етсе де, қорғаушының этикалық нормаларды ұстануы оның кәсіби функциясын дұрыс орындаудың қажетті шарты болып табылады. Қорғаушының қылмыстық істегі дұрыс мінез-құлқы, тергеу жүргізуші тұлға және сот ісін жүргізудің басқа да қатысушыларымен жанжалдасудан жалтара білуі, қорғалушымен өзара сенімді қатынастар орната білу қабілеті көп жағдайда жүзеге асырылатын қорғаудың жалпы жетістілігіне септеседі.

Айтылғандар қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес қорғаушылар ретінде іске жіберілуі мүмкін барлық тұлғалардан заманауи Қазақстан жағдайларында, тек қорғаушы ғана білікті заңгерлік қорғауды нақты жүзеге асыра алады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Оның кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар адвокатура туралы заңнамамен анықталады. Қазақстандағы қорғаушының мәртебесін жоғары заңгерлік білімі бар тұлға ғана иеленуге құқылы. Бірақ азамат қорғаушы болуы үшін бір жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз. Адвокатураға қабылдау үшін қажетті ойлау қабілеттерін құрайтын практикалық дайындықпен қоса, қорғаушыдан талап етілетін теориялық дайындықтың бір бөлігі ғана – аталмыш тұлға, сондайақ кем дегенде үш айлық тәжірибеден өтуі керек. Қорғаушыны таңдаудың тек заңгерлік емес, сонымен қатар этикалық бастауы бар. Бұл түсінікті де: қорғаушы мен оның клиентінің қалыпты қарым-қатынастары туындай алмайды, тіпті өзара сенім болмаған жағдайда қажетті дамуын да ала алмайды. «Сонымен қатар, айыпталушымен психологиялық байланысқа кіру кезеңі  қорғаушының  өз  қорғалушысын қаншалықты білетіндігінде, оның психологиялық ерекшеліктеріне, қылмыстық істің мән-жайына қатысты онда бар пікірлерге едіуір байланысты» [6, 20 б.]. Қорғаушыны алып, сезікті оның сенім білдіруге  тұрарлық  заңгер  болсын деген тілек білдіре алады.  Сондықтан  болашақта қорғаушылар алқасының мүшесі болып табылмайтын тұлғаны қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігі жойылады. Бірақ ҚР ҚІЖК-де мұндай мүмкіндікті таңдалған заңгер өзінің қорғалушысына білікті заңгерлік көмек көрсетуге қабілетті болу шартымен шектеген жөн және бұл лицензияның болуымен расталуы керек.

Адвокат-қорғаушы көрсететін құқықтық көмек, әдетте, түрлі  тікелей  міндеттерді  шешуге бағытталған. Жалпы түрде оның құрылымы келесідей түрде ұсынылуы мүмкін:

а) сезікті немесе айыпталушыға қылмыстық іс жүргізу ісіндегі оның құқықтық мәртебесін түсіндіру;

б) орын алған күдік немесе айыптаудың болмысын түсіндіру;

в) қорғалушы үшін жағымды (оның жауапкершілігін ақтаушы, жұмсартушы немесе жоққа шығарушы) және ол үшін жағымсыз (жазалау мен жауапкершілікті ауырлататын, қылмыс жасауда әшкерелейтін) жағдайлардың мәнін түсіндіру;

г) қорғаушының, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу ісіне басқа да қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

д) қорғалушыларға арыз, шағым және басқа да процессуалдық құжаттар жасаудағы көмек;

е) қылмыстық іс жүргізу ісін жүргізу бойынша мемлекеттік-биліктік өкілеттер берілген лауазымды тұлғалар мен органдардың алдында қорғалушының мүдделерін ұсыну.

Сезікті немесе айыпталушыға оның құқықтарын түсіндіре отырып, қорғаушы қорғалушының оған берілген құқықтық қорғану құралдарын пайдалану тактикасы мен әдістемесіне байланысты мәселелерге назар аударуы керек. Қорғаушының кеңестері мен нұсқаулары сезікті немесе айыпталушыға өзінің құқықтарын өздігінен қамтамасыз етуге және солардың көмегімен алдын ала тергеуде өзінің заңды мүдделерін дербес қорғау мүмкідкітерін қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Сезікті немесе айыпталушы қылмыстық іс жүргізу қатысушысы ретінде тек құқықтарға ие болып қана қоймай, қорғаушы түсіндіруі тиіс процессуалдық міндеттерді көтереді. Осы міндеттерді түсіндіру белгілі бір қиындықты тудыратынын атап кеткен жөн, өйткені заңда олардың шағын тізімі жоқ. Алайда сезіктінің міндеттері заңда тура бекітілмеген және тек қана жағымсыз сипатқа ие, олар заңда тыйым салынбаған белгілі бір әрекеттер жасауына жол берілмеу керек және жағымды форма иелене алмауы керек, яғни сезіктінің позитивтік сипаттағы белгілі бір әрекеттер жасау міндеттерін тудырмауы тиіс екендігімен келісуге болмайды.

Сезікті, айыпталушы сияқты да екі ұшты мағынадағы міндеттер көтереді: олардың бірі заңда көрсетілген белгілі бір әрекеттерге жол бермеуде көрініс табады; басқалары қажеттілік туындаған жағдайда заңда жазылған әрекеттер жасауда болып табылады. Олардың құқықтық регламенттеу сипаты да әртүрлі. Сезікті міндеттерінің кейбіріне заңда тікелей нұсқаулар көрсетілген (мысалы, анықтаушы, тергеуші, прокурордың шақырулары бойынша келу (ҚР ҚІЖК 19-тарау), басқалары осы міндеттерді корреспонденциялайтын тергеуші мен соттың қылмыстық-процессуалдық нормаларында бекітілгендерден туындайды (мысалы, соттың сот талқылауындағы тәртіпке қатысты заңды жарлығын орындау міндеті (ҚР ҚІЖК 327-бабы) және т.б.). Қорғаушының қорғалушыға оның қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық мәртебесін түсіндіру бойынша қызметін қорғалушыға ол соның көмегімен қылмыстық іс жүргізуде өзінің заңды мүдделерін қорғай алатын конституциялық құқықтарының мәні жеткізілмеген болса, қанағаттанарлық деп тануға болмайды. Басқа құқықтарының қатарында қорғаушы айыпталушыға да,  сезіктіге  де  кінәсіздік  принципінің мәнін түсіндіруге міндетті.

Құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін қорғаушы қорғалушыға орын алған күдіктену мен айыптаудың мәнін түсіндіруде құқықтық көмек көрсетуі тиіс. Қызметтің осы бағыты қорғалушы жасады деп айыпталған қылмыстың нақты жағын, заңгерлік түсіндіру мен құқықтық біліктілігін ашуда болып табылады.

Тағылған  айыпты  және оның салдарын дұрыс түсіну айыпталушының өзінің қорғану құқығын мақсатты түрде жүзеге асыруда маңызды мәнге ие болады. Айыптау мәнін біле отырып, азамат, оның ішінде, ол көрсеткен куәлардан жауап алу, оның пікірінше, айыптауды теріске шығарып, бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігін жоққа шығаратын, дәлелдік мәні бар, құжаттар мен басқа да нақты деректер талап ету туралы арыз беруі мүмкін.

Қылмыстардың нақты жағын түсінуде айыпталушы әдетте қиналмайды. Сондықтан қорғаушының міндеті осы іс бойынша қолданылуы мүмкін қылмыстық заң баптарында болатын құқықтық түсініктерді түсіндіруде болып табылады. Бір мезгілде қорғаушы, өзінің қорғаушысымен ашық әңгімеге сүйене отырып, соңғыға оның әрекетінде қылмыс құрамының барлығы немесе жоқтығы туралы ашық айтуы тиіс. Өзінің нақты жағдайын білу айыпталушының іс бойынша дұрыс ұстаным таңдауына септігін тигізеді.

 

Әдебиет

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. (2 ақпан 2011жылғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес).
  2. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5 желтоқсан 1997 жыл. (13 ақпан 2012 жылғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес).
  3. Алауханов Е.О. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. – Алматы, 2010. – 348 бет.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 жыл. (15 ақпан 2012 жылғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес).
  5. Бойков А.Д. Этика профессиональной защиты по уголовным делам. – М., 1978. – 332 с.
  6. Садыков А.Ж. Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі. Заң ғылым., кан., диссерт., авторефераты. Алматы, 2010.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.