Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сезікті мен айыпталушыдан жауап алу тактикасына қатысты либерализация мен гуманизацияның кейбір аспектілерінің мәселелері

Жалпы либерализация дегеніміз бұл мемлекеттік бақылаудағы шектеулерді экономикалық субъектілерге қатысты әлсіздендіру немесе алып тастауды білдіреді.

Гуманизм ұғымына қатысты ғылымда біркелкі ұстанатын ой-пікірлер жоқ. Бірқатар бағыттар бойынша ол моральдың сипаттамасын білдіреді, ал философиялық сөздіктерде ол адамдардың құқықтарына, қадір-қасиеттеріне сыйластылықты білдіреді.

Этика бойынша сөздіктерінде гуманизм адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты ұғымдармен байланыстырады.

Жоғарыдағы мәселелерді қорытындылай отырып, жалпы либерализация мен гуманизацияны құқықтық қоғам құруға бағытталған саясатпен байланыстырамыз. Әрине қылмыстық құқықтық саясат шегінде бұл мәселелер адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және ар намысы мен абыройына қол сұғушылықтың орын алмауына бағытталған.

Аталған тұжырымдар  барлық  жағдайда орын таппайды, әсіресе мұндай кемшіліктер тәжірибиеде жиі орын алды. Қылмыстық істерді тергеу барысында, оның ішінде алуан түрлі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында адамдардың қарапайым Конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылады.

Аталған мәселе бойынша негізгі зерттеу объектісі ретінде сезіктілер мен айыпталушылардан жауап алу тактикасын алып отырмыз, өйткені бұл бірнеше себептер мен жағдайларға байланысты:

  • жауап алу бұл кез келген уақытта орын алатын алғашқы тергеу әрекеттерінің бірі және ең алдымен тергеуші мен сезікті, айыпталушы арасындағы    қарым-қатынас    немесе  басқаша айтқанда тергеуші аталған тұлғалармен тікелей контактіге түсу барысын айтамыз;
  • тергеуші сезіктімен (айыпталушымен) жауап алуы өте жиі қайшылықты жағдайда өтеді (куә, жәбірленушімен салыстырғанда);
  • сезікті мен айыпкер жауап беруден бас тарта алады және жалған жауап бергені үшін немесе мүлдем жауап бермегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды ҚІЖК-нің 214 бап.

Аталған мәселелер тергеуші үшін аталған тұлғалардан жауап алу процесін күрделендіреді. Яғни, тергеліп отырған қылмысқа қатысты ақпараттарды алу мәселесін қиындатады.

Осыған байланысты Кеңес Одағы кезіндегі ҚІЖК-нің тарихына тоқталайық, атап айтсақ 30– 50-жж. ҚІЖКдекінәсіздікпрезумпциятүгел, оған ұқсас нормалардың болмауы, кеңес мемлекетінің адамдардың құқықтарына қысымшылық жасағандығын дәлелдейді, осындай идеологияға қатысты криминалистика ғылымы да дами бастады. Жауап алудың криминалистік тактикасы айыпкердің кінәні мойындауға бағытталған.

1960 жылдары ҚІЖКге «сезікті» деп аталатын процессуалдық тұлға пайда болды, бірақ криминалистика 1923 жылғы ҚІЖК ке ұқсас айыпкер мен сезіктіден жауап алуға қатысты тактикалық тәсілдер қолдана берді. Осы жылғы ҚІЖК-нің алғашқы редакциясында кінәсіздік презумпциясы нормалары орын алмаған. Бұл норма кейіннен пайда болды.

ҚР ҚІЖК-нің 19-бабында кінәсіздік презумпциясы көзделген, яғни «ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес». Бұл айыпталушы органның міндеті. Қазіргі таңда да ҚІЖЗ-ның құрылымын «ретроспективті» бағытта  қабылдайды.  Яғни,  іздер  табылады,  оларға дәлелдемелік мәртебе береді, солардың негізінде айып тағылады. Осыдан соң айыпкерден  жауап  алу  процесі  басталады. Криминалистика да криминалистік қызметтің маңызын «ретроспективті» түрде қабылдайды: ең алдымен қылмыстың нәтижесі ретіндегі іздер, содан соң қылмысты жасаудың әдісі, кейін қылмыс субъектісінің ниеті мен мақсатын анықтай отырып, айыпкерді өз кінәсін мойындауға түрткі етеді.

1960 жылдары қабылдаған ҚІЖК-ке қатысты П. М. Давыдовпен мынадай пікірі өте дұрыс айтылған: «тұлғаны айыпкер ретінде іске тарту барысында тергеу органдары оған қалыптасқан айыпқа қатысты жауап беру құқығын береді».

Әлі күнге дейін жауап алудың тактикалық міндеттері айыпкердің айыпталуға қатыстылығын анықтауға бағытталған. Мәселен, криминалистика оқулықтарының көпшілігінде айыпталушыдан жауап алу тек оның өз кінәсін мойындатуға бағытталған.  Ал  шын  мәнінде кез келген тактикалық міндет дәлелдеу базасын ұлғайтуға бағытталуы керек, яғни істің ақиқаттылығын анықтау.

Ендігі кезекте сезікті мен айыпталушыдан жауап алудың кейбір тактикалық мәселелеріне көңіл бөлейік. Жалпы олардан жауап алу тәртібі бірбіріне ұқсас, айырмашылығы тек процессуалдық мәнінде жатыр. Сезіктіден жауап алудың тәртібі ҚІЖК-нің 132-138 бб. көзделген, ал айыпталушыдан жауап алудың процессуалдық жағдайы ҚІЖК ң 206-209, 212,213, 217-219 бб. көзделген.

Сезіктіден жауап алудың келесі тактикалық тәсілдері әдебиеттерде әдетте орын алады, олар: қылмысқа қатысты білетін ақпараттарды қарапайым жай әңгіме ретінде айту (свободный рассказ);

  • психологиялық контакт орнату; көрсетпелерді нақтылау мен детальдау; дәлелдемелерді өсу бағытына қарай ұсыну;
  • өз еркімен кінәсін мойындауға түрткі ету, осы арқылы оның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететіндігін түсіндіру;
  • тергеушінің жауап алушының кінәлігін дәлелдейтін заттар бар екендігін туралы көрсету;
  • кенеттен тікелей сұрақ қою (лобовой вопрос) т.с.с.

Айыпталушыдан  жауап   алудың   тактикасы да осыған ұқсас және тергеу органдарымен көбінесе қайшылық жағдайда өтеді. Тек кейбір ерекшеліктерімен өзгешеленуі әдебиеттерде орын алады, атап айтсақ: жауап  алу   жоспарын дайындауға біршама уақыттың болуы, айыпталушының кінәлігіне қатысты дәлелдемелердің толық болуы, алдын ала тергеу кезінде айыпкермен психологиялық контакт орнатқандығы, алдында берген жауаптарының тексерілуі т.с.с.

Сондықтан сезіктіден алынбаған, қосымша тексерісті қажет ететін, алдын ала тергеу кезінде  алынған  ақпараттарды  мұқият тексеруге қатысты мәселелерді айыпкерден жауап алу кезінде тергеуші анықтау қажет.

Осыған қатысты сезіктіден жауап алудың тактикалық міндеттері айыпкерден жауап алу тактикалық міндеттерінен өзара ерекшеленуі қажет. Осыдан айыпкерден жауап алу тактикасының мазмұны өзара өзгереді.

Жоғарыдағы мәселелерді талқылай  отырып, келесі қорытындыға келуге болады, яғни айыпкерден жауап алу барысында тактикалық тәсілдерді оның кінәсін мойындатуға бағыттамау, ал оның құқықтық белсенділігін арттыру қажет, өйткені кез келген тергеу тактикасының міндеті осыда болу қажет.

Кейбір тактикалық тәсілдерді қолдану кезінде тәжірибиеде мынадай кемшіліктер орын алады, мәселен көрсетпелерді нақтылау мен детальдау тәсілін қолдану барысында тергеушілер сезіктілер мен айыпкердің жауаптарын сұраққа айналдырады (наводящий вопрос). Мысалы, сізге жолды өтіп бара жатқан адамды көруге не кедергі болды? Сезіктінің жолды өтіп бара жатқан адам мас күйінде жолға ойламаған жерден пайда болуы туралы түсіндірмесін тыңдамай, қайтадан сізге жолды өтіп бара жатқан адамды көруге не кедергі болды? деп бірнеше рет сұрақ қойғаннан кейін, сезіктінің еріксізден  жауабы «ештене» деп айтуы хаттамаға түседі. Ал, заңда аталған сұрақтарды қоюға тыйым салынатындығы біз үшін мәлім.

Жай әңгіме ретінде және айыпкерді өзіне тарту үшін оның жан-ұясы, жұмысы басқа да жеке өміріне қатысты сұрақтар қоя бастайды. Мұндай ақпарат кейбір жағдайларда ол адамға психологиялық қысым жасау мақсатында қолданылады. Мысалы, алғашқы жауап беру әрекеті аяқталғаннан кейін туыс тумалары оның ішінде аналары, жұбайлары кінәні мойындау туралы сұрай бастайды, өйткені оларға сезіктінің не айыпкердің жағдайлары кінәні мойындағаннан кейін дұрысталуына тергеушінің уәде беруімен байланысты.  Мұны  да  сезікті  мен айыпкердің құқықтарына нұқсан келтіретін психологиялық маневрге жатқызуға болады.

Тергеушілердің жауап алушыларға қатысты қарапайым тактіні  сақтамауы  криминалистика ғылымы ұсынып отырған психологиялық тактикалық тәсілдерді қолайлы қолдануына кедергі жасайды.

Мәселен, сезікті мен айыпкерден жауап алу кезінде кеңінен қолданылатын алғашқы тактикалық тәсілдердің бірі психологиялық контактіні орнату болып табылады.

Психологиялық контакт дегеніміз адамдардың бір-бірімен сенімге кіру нәтижесіндегі ақпаратпен алмасу процесі орын алатын өзара қарым-қатынас жасауын айтамыз. Бұл контакт бірден пайда болмайды, олар бірнеше процедурадан тұратын ұғым: адамның сөйлеген сөзіне, жасаған қылықтарына эмоционалды баға беру және соның негізінде өзінің іс-әрекеттерінің жолын анықтап алу.

Психологияда әр адам басқа адамды тек өзінің сана-сезімінің дәрежесінің шегінде қабылдайды. Сондықтан ғалымдар тәжірибиелік қызметкерлерге жауап алуды жүргізген кезде асықпай жауап берушінің жауабын мұқият тыңдауы керектігін айтады.

Психологиялық контактіні орнату үшін тергеуші тергеулік тактіні сақтау қажет. Тергеу тактінің мазмұның сөйлесіп отырған адамның арнамысына, қадір-қасиетіне құрметтеушілікпен қарауды айтамыз, іскерлік және эмоционалды қарым-қатынас үзіліссіз орын алу нәтижесінде психологиялық барьер жойылады.

Тергеушінің тәжірибесі барысында оның әңгімелесу стилі де қалыптасады. Мәселен, психологиялық әдебиеттерде бұл мәселе туралы ой-пікірлер көп. Атап айтсақ, Г.Г. Досболдың пікірінше, қарапайым бос стиль бойынша жауап берушіден жауап алу, бұл дегеніміз жауап алу барысында тергеуші жауап берушімен жай әңгімелесу нысанында өтеді. Мұндай стиль қайшылық жағдайда қолайсыз деп есептеледі, өйткені тергеуші қажет жағдайларда шешім шығару үшін өзінің әлсіздігін көрсетеді.

Келесі стиль ол тергеушінің жауап алушыға қатаңдығын көрсетуде жатыр. Мұндай жағдайда тергеуші жауап алушының индивидуалдық ерекшеліктеріне назар аудармайды, оны қайтақайта жауап беру барысында ойын бөліп, өзінің көкіректігін   көрсетеді,   сөйтіп   тергеу қатысушылармен психологиялық контакт орнатуға кедергі жасайды. Аталған стильді кей жағдайда авторитарды стиль деп атайды. Авторитарды стиль жауап алу кезінде қолайлы, қажетті нәтиже бермеуі мүмкін.

Алдын ала тергеу кезінде ең қолайлы стиль психологтардың айтулары бойынша бос-авторитарлы немесе аралас стиль. Бұл тергеушінің кейбір жағдайларда белсенді болуын және бір уақытта сыпайы, өз өзін ұстай білетін, керек болған жағдайда жауап берушіні орнына қоя білетін, салмақты тұлғаны айтамыз.

Жоғарыдағыны қорытындылай келе, тергеуші сезікті, айыпкермен психологиялық контактіні орнату үшін аралас стильді тергеулік такт ретінде қолданғаны дұрысырақ.

Жауап алу кезінде қолданылатын психологиялық тактикалық тәсілдердің өзара қолдану шекаралары болу керек. Мысалы, сезікті мен айыпкерден жауап алу барысында тергеу немесе «психологиялық айла» деген тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер адамдардың заңды құқықтарын бұзбау қажет, ар-намысына, қадірқасиетіне нұқсан келтірмеу керек.

Тергеу этикасына сәйкес, тергеуші психологиялық әдіс-тәсілдерді адамдардың сана-сезімдерін белсендіру, моральдық қасиеттерін арттыру мақсаттарында қолдану қажет. Мәселен, тәжірибиеде тергеуші сезіктілер мен айыпкерлерге психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана тұра олардың теріс қасиеттерін атап айтсақ, эгоизмді, арамдықты белсендіреді.

Заң, жауап берушілерге қатысты қол тигізушілік қысымдармен қатар, психологиялық қысымшылықтар жасауға да жол бермейді. Мысалы, тұлғаны қамауға алғаннан немесе ұстағаннан кейін (оларға әсер етуші шаралар ретінде) оларға қандай да бір жеңілдіктер жасауға уәде беретін тергеушілер кінәні мойындауға бағытталған жауаптарды алуға тырасады. Осындай жолмен алған жауаптарды бекіту мақсатында сезіктілер мен айыпкерлерден куәлардың қатысуымен олардан өз кінәларын мойындауын талап етеді, соған қатысты беттестіру т.с.с. қажеттілігі жоқ тергеу әрекеттерін жүргізеді. Мұның барлығы дәлелдемелік базаның көп екендігіне көз елестеушілік жасау үшін жасалады. Кез келген сезіктілер мен айыпкерлердің берген жауаптары басқа да дәлелдемелермен тексерілуі қажет. Осындай әрекетке тергеушінің қызметі бағытталуы керек.

Тәжірибиеде тергеу айласы алуан-түрлі қолданады, өйткені оны қолданудың нақты ережелері мен шекаралары әдебиеттерде біркелкі белгіленген жоқ. Жалпы аталған ұғымға қатысты әдебиеттерде біркелкі ой-пікірлер жоқ.

А.Н. Васильев пен Л.М. Карнееваның айтуынша: «тактикалық айла жауап берушінің психологиялық түрде қарусыз қалуын білдіреді». А.М. Лариннің пікірінше: «тергеу айласының мазмұны тергеушінің жауап берушілерді алдауында жатқан жоқ, ал дұрыс қолайлы түрде  пайдалануында жатыр».

Аталған көзқарасты көптеген авторлар қолдайды. Шын мәнінде тергеу айласы сезікті мен айыпкерлерді тергеушінің іске қатысты қандай ақпараттары бар екендігін білдірмеу және оларды тергеу үшін қолайлы қолдануын айтамыз.

Мұндай психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану адамдарды алдауға бағытталмаған, ал қылмыстық істі шешуге қолайлығымен ерекшеленеді. Қорытындылай келе, жоғарыда аталған кез келген психологиялық әдіс-тәсілдер жауап алу процесінде кеңінен қолдануы моральдық, этикалық нормаларды бұзбай, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуінде және қылмыстық істі шешу үшін қолайлы   пайдалануында жатыр.

Жауап алу барысында сезіктілер мен айыпкерлерден кінәні мойындауға қатысты заңға тыйым салынатын әдіс-тәсілдері қолдану тәжірибеде орын алады. Мәселен  мұндай  жағдайға «қинау» әрекеттері жатады. ҚР ҚК-нің 347-1-бабына сәйкес «тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе  үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не  оны ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша  қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруін айтамыз». ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметтеріне қатысты 2010 жылы қинауға қатысты 13 қылмыстық із қозғалды. Тәжірибе көрсететіндей тергеуді заңсыз әдістерді қолдану арқылы жүргізуге қатысты қылмыстық істер қинау бабы бойынша емес, лауазымдық құзыреттілігін арттыру бабымен де қозғалады. Аталған жағдайлардың туындауы көптеген себептерге байланысты.

Атап айтсақ, медициналық дәлелдемелердің орын алмауы (сот-медициналық сараптама тағайындау) арыз берушілердің арыздарына тексеру жүргізбеудің салдарынан олардың орын алуын жоққа шығару, тексеру барысында дәлелдемелерді дұрыс бағаламауында, мысалы тек полиция қызметкерлердің жауаптарын басшылыққа алып, ал куәлардың жауаптарына қажетті түрде назар аудармауында жатыр. Аталған кемшіліктер тергеуді тез, объективті және сапалы түрде тергеу қағидаларын әдетте бұзады.

 

Әдебиет

 

  1. ҚР Конституциясы.
  2. ҚР ҚІЖК 2010 ж. толықтырулар мен өзгертулермен.
  3. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 ж. 16 шілде. 01.2011 ж. өзгертулер мен толықтырулар.
  4. Давыдов П.М. Обвинение в советском уголовном процессе: дис. … д-ра юрид. наук. – Свердловск, 1973. – С.
  5. Курс криминалистики: учебник /  под ред Р.С. Белкин. – М.
  6. Криминалистика / под общ. ред. Нургалиева. – Караганда, 2009 .
  7. Досбол Г.Г. Психология предварительного расследования. – Алматы,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.