Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қамауға сотпен санкция беру мәселелері

2008 жылдың 30 тамызынанбастап«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселерін бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы заң күшіне  енді  қызметіне үлкен өзгерістер әкелді. Атап айтар болсақ, аудандық және қалалық бірінші саты соттарында судьялардың кезекшілік кестесі бойынша жауапты кеңсе мамандары тағайындалып, демалыс күндерісенбі мен жексенбіде және мереке күндерітәулікбойыжұмысістеулерінетуракелді. Жеке тұлға қылмыс жасаған кезде санкция алу үшін қылмыскерді ұстаған орган қылмыскерді қай уақытта, қай сағатта ұстағандығы туралы сотқа жазбаша түрде алдын-ала хабарлайды. Прокурор, тергеуші, анықтау органы қылмыс жасаған адамды қамауға алу үшін қамауға алуға санкция беру туралы өтінішпен іс қозғау туралы қаулы шығарады.

Прокурор табыс етілген барлық материалдарды зерделеп, сезіктіні қамауға алу қажет деп тапқан жағдайда заңға сәйкес тергеушінің немесе анықтаушының қылмыс жасаған сезіктіні не болмаса айыпталушыны қамауға алу  туралы санкция беру туралы өтінішін қолдау туралы қаулы шығарғаннан кейін барлық құжаттар сотқа өтеді. Егер прокурор тергеушінің өтінішін қолдаудан бас тартса, қылмыс жасаған адам күзеттен дереу босатылуға тиіс. Тергеушінің өтінішін қолдаған прокурор материалды қылмыс жасаған адамды ұстау мерзімі аяқталғанға дейін 12 сағаттан кешіктірмей сотқа табыс етуі тиіс. Материалды сотқа қабылдаған кеңсе маманы қабылдаған сағаты мен минутын көрсете отырып материалды тіркейді, сол уақыттан  бастап 8 сағат ішінде аудандық сот судьясы жеке дара материалды қарайды. Сот отырысына айыпталушының сезіктінің, оның заңды өкілі, жәбірленуші  мен  оның  заңды  өкілі,  прокурор және қорғаушы қатысуға құқылы. Сотқа қатысушыларға сот отырысы өтетін орны мен уақыты хабарланады. Олардың сотқа келмей қалуы сот отырысын өткізуге кедергі болмайды. Сот отырысы барысында сот мәжілісінің хатшысымен хаттама жүргізіледі. Судья айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарап. Қылмыс жасаған адамды санкция береді, не болмаса беруден бас тартады [1]. Соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыны белгіленген 8 сағаттың ішінде кідіріссіз орындалуға жіберіледі және дереу орындалуға жатады. Қамауға алу мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің аудандық прокурормен келісілген дәлелді өтініші 3 айға дейін, ал тергеушінің облыстық прокурорымен келісілген өтініштерін сот 6 айға дейін ұзартуы мүмкін. Қамауға алу мерзімін 3 айға дейін ұзарту туралы өтінішін сотқа қамауға алу мерзімін аяқталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей, ал үш айдан астам мерзіміге ұзарту 10 тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі.

Бұл өтініштер де сот отырысында келіп түскеннен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімге қаралады, оған міндетті түрде прокурор қатысады. Кезінде бұлтартпау шарасы қамауға алуды санкциялау бойынша сот жүйесін кеңейту қажеттілігін Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын. Десе де ұзақ жылдар бойына үйреншікті прокурор санкциясымен қамауға алудан бас тарту оңайлыққа соққан жоқ. Жылдар бойы қылмыстық ізге түсу органдары сотқа дейін қылмыстық жауапқа тартылған тұлғаны бас бостандығынан айыру туралы мәселені сот пен азаматтық қоғамның осы құқықтық оқиғаға қатысуынсыз өздері бірігіп шешіп отырды.

Сонымен 2008 жылдың 5 шілдесіндегі ҚР заңына сәйкес, қамауға алуды санкциялау сот құзырымен жүзеге асырыла бастады.

Азаматтар  үшін  бұлтартпау  шарасын  сотта санкциялаудың көптеген артықшылықтарының бар екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шыңдық. Бұған дейін прокурор қамауға алуды санкциялауды жеке өзі шешіп, оның жай-жапсары жарияланбайтын. Ал сотта санкциялау жариялылық принципі жағдайында яғни, сот отырысы ашық түрде жүргізіледі, оған жұртшылық өкілінің қатысуға  мүмкіндігі  бар.  Сонымен  қатар сотқа дейінгі сатыда сот ісінің аса маңызды принциптерінің бірі жарыссыз принципі жүзеге асырылады. Бұл жерде сот отырысына айыптау жағымен қоса қорғау жағыда қатыса алады. Заң бойынша екі жақта өз ой-пікірлерін айтуға, өтініш  беруге,  бұлтартпау  шарасы  қамауға алу және қамауды ұстауды қолдану бойынша күдіктіге айыпталушыға қатысты дәлелдерін келтіруге құқылы. Осы жағдайлардың бәрі елімізде қамауды сот арқылы санкциялаудың оң нышандары бар екендігін көрсетсе керек [2].

Заң бойынша осы іс шараларды жүргізу бойынша мынандай тәртіп белгіленген. Қмауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану қажет болған жағдайда алдын ала тергеу органдары сотқа прокурормен келісілген өтініш береді. Оны судья айыпталушының, прокурордың және қорғаушының қатысуымен өтініш келіп түскен уақыттан бастап 8 сағат ішінде қарайды.

Сот отырысына айыпталушының заңды өкілі мен жәбірленушінің және оның заңды өкілінің қатысуына құқытары мен бар. Сот отырысы кезінде міндетті түрде хаттама жүргізіледі. Бұл заң нормасы жеке тұлғаны қорғаумен қамтамасыз етуге, оның конституциялық құқығының және еркіндігінің бұзылуына деген кепілдікті күшейтеді. Бұлтартпау шарасы қамауға алу сот қаулысымен тек қана жасаған қылмысы үшін заң бойынша жазалау шарасы екі жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған және абайсызда жасалған қылмыс үшін заң бойынша жазалау шарасы жеңілірек шара қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған айыпталушыға /күдіктенушіге/ қолданылады. Ерекше жағдайларды бұл бұлтарпау шарасы қасақана жасалған қылмысы үшін заң бойынша жазалау шарасы екі жылдан жоғары емес және абайсызда жасалған қылмысы үшін заң бойынша жазалау шарасы бес жылдан жоғары емес  жаза  қарастырылған  айыпталушыға  да  /күдіктенушіге/ қолданылады, егер:

Оның еліміздің аумағында тұрақты мекенжайы болмаған уақытта жеке басы анықталмаған жағдайда ертеректе қолданылған бұлтартпау шарасы бұзылған уақытта егер алдын-ала тергеу органдарынан соттан жасырынуға тырысқан немесе жасырынған уақытта. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, сол сияқты  алпыс бес жасқа толған адамдарға, олар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті немесе айыпталушы болып табылған уақытта ғана қолданылады. Сотпен өтінішті айыпталушының жоқ уақытында қарау тек қана оның іздеуде болуына байланысты және республикадан тыс жерде болған уақытта, алдын ала тергеу органдарынан жалтаруы байқалған жағдайларда болуы мүмкін. Атқаратын қызметіміз, қабылдайтын шешіміз адам тағдырына тікелей байланысты болғандықтан, сезіктіні айыпталушыны қамауға алуға санкция беру кезінде әр судьяға қойылатын басты талап ол – мұқияттылық пен сауаттылық. Өтінішпен бірге келіп түскен материалдарды зерделеу барысында біраз мән-жайларды байқауға болады. Олай дейтінім, судья тек алдын ала тергеу органының берген өтінішіне, ондағы аталған негіздерге назар аударып қана қоймай, сонымен бірге іс материалдарына да өзіндік шолу жүргізу тиіс. Себебі материалдарды зерттеудің маңыздылығы сол, алдын ала тергеу кезінде орын алған кемшіліктер мен заң бұзушылықтар болатын болса, бұл зерттеу олардың одан әрі жалғасын табуына тосқауыл жасау болып табылады [3].

ҚР ҚІЖК-нің 68 бабына сәйкес, сезікті ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей өзі таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен қамтамасыз етіле отырып, жауап алынуы тиіс. Сонымен қатар ұсталған сезіктіге телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу өзінің тұрған жеріне немесе жұмыс орына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы хабарлау құқысы қамтамасыз етілуі тиіс. Ұсталынған адам жетпіс сағаттан артық, ал жолын кесі шарасы қолданылған адамды сезіктіге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәуліктен артық сезікті адам жағдайында ұстауға болмауды, бұл мерзімдер аяқталған сәтте сезікті қамаудан босатылуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күші жойылуға, не оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы туралы қаулы шығарылуы тиіс.

Сондай-ақ сезікті ретінде ұсталынған адамға оның осы бапта көзделген құқықтары түсіндірілуі тиіс. ҚР ҚІЖК-нің 136 бабының 1 бөлігінің 3 тармағының талабына сай, ұсталған адам, егер ұстау ҚР ҚІЖК-нің 134 бабының талаптарын бұзу арқылы жүргізілсе, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жататыны, 3 бөлігіне сай, ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағаттың ішінде ұсталушыны ұстау орнының бастығына айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы сот қаулысы келіп түспесе. Ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы ісі жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды. Ұсталған адамды ұстау орны әкімшілігінің бастығы осы баптың үшінші бөлігінің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады. «Жаңа Заң тәртібі бойынша ендігі жерде тұтқындауға санкцияны прокуратура емес, тек сот қана береді. Прокуратура іс барысында заңдылықтың қатаң сақталуын қадағалайды. Сонымен бірге прокурор қылмыстық істі қарау қарау барысында тергеушінің пайымдауларымен келіспесе қамауға алу санкция беруден бойынша айыпталушы қамаудан бірден босатылады. Тергеуші толықтай анықтап, прокурор қолдау берілген іс сотқа жолданып, ол белгілі бір мерзім ішінде қаралуы тиісті. Ендігі жерде бұл іске тергеуші, прокурормен бірге айыпталушының да, жәбірленушінің де өкілдері, қорғаушы қатысуы құқығына ие болды. Соның арқасында прокурордың жеке дара қамауға алуды санкциялануына тосқауыл қойылды. Қудалау органдарының міндеттеріне көп өзгеріс енгізілген жоқ. Олар күдікті деп танылған айыпталушыны 72 сағатқа дейін тергеуде  ұстауға құқылы.  Осы уақыт аралығында айыптауға деректі материалдарды толықтай жинақтай алмаса міндетті түрде прокуратура арқылы соттан санкция алулары керек. Мұндай жағдайда прокуратура істі 72 сағатқа жеткізбей, яғни оның бітуіне 12 сағат қалғанда істі сотқа түсіруі тиісті.

Сонымен бірге Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындалған, айыпталған әрбір адам қамауға алынған сәттен бастап адвокаттың көмегіне жүгінуге құқылы. Ал адвокат іс көтерілген кезден бастап күдіктінің қасында болып, заң талаптары бұзылған жағдайда оны сот отырысында мәселе етіп көтере алады. Осының барлығы еліміздегі сот реформаларының өркениеттіелдердегідей, демократиялықпринциптерге сай жүзеге асырылып жатқандығы көрсетеді.

 

Әдебиет

 

  1. Руднев В.И. Санкционирование ареста судом как гарантия обеспечения права на свободу и личную неприкосновенность.
  2. Насыров Г.Х. Судебный контроль за применением ареста как меры пресечения: автореф… диссертации на соискание уч.ст. к.ю.н.. Специальность 12.00.09; Карагандинский государственный университет     имени Е.А. Букетова. –
  3. Когамов М.Ч. Актуальные вопросы уголовного процесса Казахстана: о суде присяжных и санкционировании ареста судом, проблемы возбуждения, дополнительного расследования, прекращения уголовного дела по нереабилитирующим мотивам//Доклады и сообщения на учредительной конференции международной ассоциации содействия правосудию. Санкт-Петербург, 5-6 октября 2005 г. / под ред. А.В. Смирнова. – СПб., 2005. – 192 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.