Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың ерекшеліктері

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлім беру жүйесiне де әсер етуде.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағытталу, ал оқытуәдістерінтұлғааралыққарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, студент білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта студенттердің белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық  қарым-қатынасқа  негізделе   отырып,

«жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты  көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз оқытушыларға көптеген қиындықтар туғызады.

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық  ынтымақтастықтың   қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, студент білімді төрт түрлі жағдайда алады  екен:  дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және  синтез  арқылы  бұйым  құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері студенттерге рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. «Өзара әрекеттестiк» әдiсiнiңөзектiерекшелiгi– ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – студенттердің оқыту дағдыларын өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.

Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында оқытушы мен студент арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi» деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action – әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң  мақсаты  – тек ақпаратты беру ғана емес, студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын студенттер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды студенттердің есте сақтауы нашар болады, студенттер қолдарындағы көтермелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң «бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз» деген қорытындысын жиi естимiз.

Бiздiң тәжiрибе соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:

  • студентке жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;
  • студенттерге топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;
  • ізденушінің өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;
  • іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

«Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты» дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан студенттердің арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді студенттердің өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу.

Студенттерден, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:

  • өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
  • шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
  • танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);
  • сыни ойлау дағдыларын дамытады;
  • өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
  • пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.

Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу» деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.

Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты студенттердің де екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек студенттің дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.

Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында студент iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Студенттерге дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады.

Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. Өйткені, сыныптағы студенттердің белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.

Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы студенттердің төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:

  • Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);
  • Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
  • Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
  • Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);
  • Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);
  • Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).

Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.

Қазіргі кезде біздің республикамызда барлық оқу жүйесінің өзгеруі маңызды мәселеле болып жатыр. ЖОО-ның білім үлгілері біздің өміріміздің қазіргі аспектілерімен тығыз байланыста, өркендеу үрдістері болып табылады. Алға тартушы тұжырымдамалардың пайда болуы еліміздегі кең таралған тәжірибелер мен білім нарығындағы көшбасшы білім қызметкерімен (АҚШ және Ұлыбритания) танысу; Бұл  базада Қазақстандық ұлттық білім беру үлгісінде болашақ нарық экономикасы шарттарды ЖОО түлегінің  маманына  бағытталады,  маман алған білімінің тиімділігі бұл экономикаға және геополитикалық шарттарды өз мамандығының жаңа талап шарттарымен бейімдеу. Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарымқатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру жүйесін қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Қолданылатын интерактивті әдістер:

  1. көкейкесті – мазмұнды әдіс презентация
  2. дисскуссия кейс – стади
  3. топта жұмыс істеу мимен ойлау әдісі викториналар сыни ойлау әдісі кіші–зерттеулер іскер ойындар ролдік ойындар
  4. Insert әдісі (студенттер 10 минутта ассоциативті эссе жазады).
  5. анкета алу әдісі

Оқытудың интерактивті әдістері – студенттерге белсенді білім беруде жиі қолданыла са, сабақтың сапасын көтерумен қатар студенттердің білімге деген құштарлықтарын да арттыра түсері сөзсіз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.