Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Соттардың қызметін ұйымдастыруының құқықтық жағынан қамтамасыз етудің кейбір мəселелері

Қазіргі кезде сот билігі барлық қажетті белгілерге ие жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдағы əлеуметтік шиеленістерді қолданыстағы заңдардың шегінде шешуді қамтамасыз ете отырып, оларды болдырмауға қабілетті күш болып табылады.  Құқықтық  мемлекетті   қалыптастыру сот  өндірісін  одан  əрі  демократияландыруды, судьяларды қандай да бір қысымнан жəне олардың қызметіне араласудан қорғауды көздейді. Олар тек заңға бағынады. Алайда, судьялардың өз қызметіне араласпау презумпциясын пайдалана отырып, түрлі деңгейдегі құқықбұзушылықтарды бөгетсіз  жасауына, яғни сот əділетсіздігіне жол беруге болмайды. Судьялардың заңды жауапкершілігінің кейбір аспектілерін қарастырып өтейік.

Бүгінгі күні сот билігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің дербес тармағы ретінде қалыптасты деп сеніммен айтуға болады. Соңғы жылдары сот билігінің органдарында көптеген тиімді қайта құрулар мен реформалар жүргізілді, олар қарқынды дамып келе жатқан қоғамдық қатынастарға жауап береді[1].

Бұл ретте, «заңдар табиғатқа жəне үкімет белгілеген принциптерге сəйкес келуі керек, елдің физикалық қасиеттеріне: оның климатына, халықтарының өмір сүру образына, мемлекет құрылысының жол беретін бостандықтар деңгейіне, сауда-сатыққа, құқықтарға, дəстүрлерге сəйкес келуі керек екендігін» ескеру қажет. Осы мəселе бойынша, экономиканың даму, халықтың құқықты ұғыну деңгейін, соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан  қамтамасыз   ету   мəселелерінің  ерекше орнының қайда екенін ескере отырып, сот жүйесін жетілдіру кезең-кезеңмен жүретін процесс болып табылады.

Соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру ретінде соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық жəне өзге де ресурстармен қамтамасыз ету ұғынылады. Мемлекеттің кез келген органының қызметі сияқты сот органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету міндеті осындай қызметтің негіздерін басшылыққа алатын негізгі идеяларда көрінетін белгілі бір қағидаттардан жасалады. Соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаттары. Бірінші кезекте заңдылық қағидаты сияқты негізгі қағидатты, яғни соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ҚР заңнамасында белгіленген шеңберде жəне тəртіпте қатаң жүзеге асыруда атап өту қажет. Сондай-ақ барлық соттар мен судьялар үшін ортақ жəне біртұтас Конституцияда, сот жүйесі туралы конституциялық  заңда, іс жүргізу жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген сот төрелігі қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс. Р.А. Беленков мынадай 3 қағидатты бөліп көрсетеді:

  • соттардың кадрлық, қаржылық жəне өзге ресурстарда мұқтаждықтарын толық қанағаттандыру;
  • соттардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде араласпау жəне судьялардың тəуелсіздігі қағидаттарын қатаң сақтау;
  • соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар нақты істі қарау кезінде соттарға қандай да бір нұсқаулар беруге құқығы жоқ, ал соттар, егер олар берілсе, осы нұсқаларды орындауға міндетті емес (əрі құқығы жоқ). Осы тұрғыдан келгенде қазіргі таңдағы сот билігі саласы күрделі реформалармен толығып, түлеп-түрленуде. Өзіндік жаңа сипат пен сапаға ие болып отыр.

Соңғы кездері Қазақстан Республикасында билікті бөлу процесінің біршама жақсы жолға қойылғаны айқындалып келеді. Сол себепті биліктің үш тармағының өзара үйлесімді жұмыс істеуін үйлестіру саясаты біршама жақсы жетістіктермен көрініс тапты. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы Соты жанындағы Сот əкімшілігі жөніндегі Комитетінің құрылуын айтуға болады. Бұл жетістіктің ерекшелігі сол судья тəуелсіздігінің əлеуметтік-экономикалық кепілінің сақшысы болуында. Əрине, бұдан судья тəуелсіздігінің басқа да кепілдіктері маңызға ие болмайды деген түсінік қалыптаспауы керек, керісінше олар бірін-бірі толықтырып, біте қайнасып жатқан құбылыс деп бағалағанымыз абзал.

Тəуелсіз, дана халық судьялары ретінде ерте заманда билер жүзеге асыратын  сот  төрелігі сол дəуірде осындай қатаң талаптарға жауап беретін. Билер соты өзінің пайда болу құрылысы мен нысаны бойынша демократиялық түрде болып, əдет-ғұрыптар мен дəстүрлермен қалыптасқан қоғамның сол кездегі əлеуметтіксаяси құрылысына толығымен жауап беретін. Билер сотының қызметін қамтамасыз етудің регламенттелген жəне егжей-тегжейленген ұйымдастырушылық-құқықтық  негізі  болмаса да, сот құрылысының нақ осындай нысанының пайда болуына сол уақыттағы қазақ қоғамының рулық құрылысы – көшпелі шаруашылық септігін тигізді. Билер сотының қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету мəселесі неғұрлым тереңдетілген жəне арнайы зерттеулерді талап ететініне қарамастан, біз қазақтың мемлекет болып қалыптасуында, сот билігінің қалыптасуы мен жалпы адамзаттық құндылықтардың дамуында билер сотының тарихи рөлін мойындауымыз қажет [2].

Көптеген ғалымдар қазіргі уақытта билер институтын оң жағынан бағалайды, осы институтты қайта қалпына келтіруге қатысты біршама скептиктердің бар екеніне қарамастан, олардың кейбіреуі тіпті оның қандай болсын нысанда қайта пайда болуын жақтайды. Осындай пікірлердің жиынтығына қарамастан, «билердің сот төрелігі халықтың тарихи естелігінде жұлдыздың жарығы болып қана қоймай, сонымен қатар қазақ мемлекетіндегі сот ұйымдарын демократияландыру саясатындағы құнды бағдар болуға ұмтылады».

Ресейге қосылғаннан кейінгі кезең  Қазақстан  сот  жүйесі  дамуының  келесі кезеңі болып табылады, ол жұмыс істейтін екі қосарласқан сот жүйелерімен ұсынылған:

1) Ресей империясы заңдарының негізінде əрекет еткен патшалық мемлекеттік сот мекемелері, олар қазақтардың аса маңызды қылмыстық істерін жəне түрлі халықтың арасында туындайтын істерді қарайтын;

2) ұлттық соттар – билер соты, олар қазақтардың кішігірім қылмыстық жəне азаматтықістеріншариат(мұсылманқұқығы) пен адат (əдеттегі құқық) нормаларының негізінде қарайтын. Осы кезеңде Сібір қырғыздарының жарғысын қабылдау самодержавиенің алғашқы ірі актісі болды, ол іс жүзінде хан билігінің күшін жойып, билікті патша əкімшілігіне берді. 1864 жылғы сот реформасы, патшаның «Сот жарғысы» бекітіліп, Қазақстаннның сот жүйесін өзгертуге алып келді [3].

Реформаның оң сəті сот өндірісіне буржуазиялық-демократиялық қағидаттардың: соттың əкімшіліктен тəуелсіз болуының  жəне судьялар тұрақтылығының, сотта алқа билердің қатысуының жəне бітімгершілік соттардың сайланып құрылуының, сот процесінің жариялылығының, сот алдында тараптардың теңдігінің, айыпталушының қорғануға құқығының енгізілуі болып табылды [4].

1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда тəуелсіз Қазақстанның тарихындағы екінші Конституцияның қабылдануына байланысты соттарды ұйымдастыру жəне оның қызметін құқықтық реттеудегі жаңа кезең басталды. Конституция төрелік соттар мен Конституциялық Сотты таратып, заңмен құрылатын Жоғарғы Сот пен жергілікті соттарды енгізетін бірыңғай сот жүйесіне оралды. Бұл ретте, сот жүйесі Конституциямен жəне Конституциялық заңмен анықталды. Жаңа Конституцияның қабылдануы соттар туралы заңнаманың одан əрі жетілдірілуіне алып келді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығына сəйкес, халық заседательдері институты жойылды. Қазақстанда сот төрелігі, тұрақты негізде жұмыс істейтін, тек кəсіби судьялармен жүзеге асырыла бастады. Президенттің 1995 жылы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттар жəне судьялардың мəртебесi туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы шықты. Осы жарлық конституциялық нормаларды бекітетін жəне дамытатын жалпы мəселелермен қатар принципті тұрғыда жаңа сəттерді қамтыды. Бұл сот жүйесін реформалаумен байланысты барлық негізгі мəселелерді реттейтін алғашқы кешенді акт болды жəне Қазақстанда дербес билік тармағы ретінде сот билігінің одан əрі қалыптасуы мен нығаюы үшін үлкен маңызы болды. Осы Жарлық судьялардың тəуелсіздігі принципін бекітті, бұл судьялардың тұрақтылығы жəне қол сұғылмайтындығы, сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік секілді нормаларды бекітуді қамтамасыз етті. Жаңадан құрылған органға Əділет министрлігінен жəне оның аумақтық құрылымдарынан облыстық, аудандық жəне оларға теңестірілген соттардың қызметтерін   материалдық-техникалық   жəне өзге де қамтамасыз ету, сондай-ақ атқарушы құжаттарды дер кезінде орындауды қамтамасыз ететін функциялар мен өкілеттіктер берілді. Осы қадам сот жүйесінің тəуелсіздігін шынайы түрде күшейтуге, сот-құқықтық реформаның қарқынын жылдамдатуға   бағытталды.   Комитет   жəне оның облыстардағы, Астана жəне Судьялардың ауыспаушылығы, олардың тəуелсіздігінің кепілі, оларға қол сұқпаушылық, судьялардың негізгі міндеттері, судья қызметнің басқа қызметпен сыйыспайтындығы, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар, оларды іріктеу тəртібі, судьяларға өкілеттіктер беру тəртібі, судья өкілеттіктерін тоқтата тұру жəне тоқтату, соның ішінде орнынан түсу негіздемесі мен тəртібі, судьяларды тəртіптік жауапкершілікке тартудың негіздері мен тəртібі, тəртіптік жазалардың түрлері, бекітілген, судьяларды материалдық жəне əлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, соттардың қызметін ұйымдастырушылық жəне материалдық-техникалық жағынан   қамтамасыз ету мəселелері регламенттелген. Конституциялық заңда аудандық, облыстық жəне оларға теңестірілген соттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын құру тəртібі, құрамы, құрылымы, өкілеттіктері, олардың қызметін ұйымдастыру мəселелері реттелген [5].

Жоғарғы Сот Аппараты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін ұйымдастыруды жəне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ сот статистикасын жүргізуін жүзеге асырады.  Облыстық соттарда таратылған президиумдардың  орнына  қадағалау  алқасы  жəне   облыстық соттың жалпы  отырысы  түріндегі  жаңа  орган құрылды, оған ұйымдастыру-бақылау сипатындағы өкілеттіктер берілген. Сот жүйесін реформалаудың осы кезеңі үлкен рөл атқарады. Сондықтан заңды қатаң сақтау, əділ материалдық жəне моральдық марапаттау, кəсіби қызметті жан-жақты қамтамасыз ету, сот жүйесінің лауазымды тұлғаларының əлеуметтік жəне құқықтық кепілдігін жетілдіру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппараты қызметінің маңызды басымдықтары болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін ұйымдастырады жəне əдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады.

Сондықтан, қазіргі жағдайда өз қызметін ұйымдастырушылыққұқықтық жағынан  қамтамасыз  ету,  жаңа сапаға жетудің оңтайлы  жолдарын  іздестіру мен негіздеу Жоғарғы Соттың өз функцияларын іске асыруы үшін өте маңызды. Осы бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғаса беретін болады, ол сот төрелігін жүзеге асыру сапасына, біздің еліміздің құқықтық жəне экономикалық негізін дамытуға оң əсерін тигізетін болады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Нарикбаев М.С. Казахстан: судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее усовершенствования. В сб.: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. – Астана,
  2. Зиманов С.З. Казахский суд биев в памяти поколений. – Юрист. №1, 2008. – С.32.
  3. Алимханов Т. Роль биев в жизни Великой степи. – Заңгер №10, 2006. – С.45.
  4. Раззак Н. Правовые основы организации и деятельности областных   судов  Казахстана в дореволюционный и советский периоды // Правовая реформа в Казахстане. – – №2.– С. 23-28.
  5. Толеугалиев С. Для обеспечения эффективной деятельности судов // Заңгер. – 2007. – №– С.26.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.