Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚР азаматтық сот ісін жүргізу ерекшеліктерінің теориялық мəселелері

2000  жылғы  25   желтоқсанда  қабылданған «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заң сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің өте маңызды тұғыры болды. Атап айтқанда, соттар мен судьялардың мəртебесі конституциялық заңдармен белгіленді, соттар бір  жүйеге  біріктіріліп,  сот  құрылысы  мен сот ісін жүргізудің оңтайлы жəне тиімді негізі қаланды.

Азаматтық сот ісін жүргізу түсінігі азаматтық процестің түсінігімен тығыз байланысты болып келеді жəне де азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында оның тарихы мен дамуының  бүкіл  уақытында  талқыланып  келе жатыр. Кейбір авторлар азаматтық процестің кең,  ауқымды  түсіндірмесін  беріп,  оның негізгі компоненттерінің  құрамын  ашып беруге тырысады. Өзге көзқарастың өкілдері азаматтық процестегі процессуалдық қызмет пен процессуалдық қатынастардың арасындағы байланыстың толық, жан-жақты талдауына негізделген азаматтық процестің күрделі құрамы туралы идеяны қолдайды [1,115 б].

Азаматтар немесе ұйымдардың құқығын басқа тұлғалар тарапынан бұзған жағдайда, сондай-ақ құқықтың алдағы уақытта бұзылу қаупі болғанда қорғаудың белгілі бір шараларын объективті қолдану қажеттігі пайда болады. Ол міндетті тарапқа қатысы бойынша құқықтың қорғалу тəсілін пайдаланады.

Құқықтың қорғалу тəсілі – материалдық құқық категориясы болып табылады. Құқықты қорғау тəсілі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне берілген [2, 9 бап].

Құқықтың қорғау нысаны – процессуалдық сипаттағы категория. Құқықты қорғау нысаны деп құқықты қорғау бойынша тиісті органдардың қызметінің заң жүзінде анықталуы: ол құқық нормаларының қолданылуы іс  жүзіндегі жағдайды анықтау бойынша құқықты қорғау тəсілін жəне шешім шығаруды анықтау. Нарықтық қатынастарды реттейтін материалдық заңнамалардың сапалы өзгерулерінің процессуалдық реттелудегі қоғамның қажеттілігінкөрсетеді. Бұлəлеуметтікқажеттіліктердің пайда болу себептері мен талаптарына терең талдау жасау үшін материалды-құқықтық жəне процессуалдық нормалардың арасындағы объективтік байланысын шығару қажет. Бұл байланыстар тек біржақты құқық-қолдану доктринасының  түтігі  (тетігі,   өзегі)   ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің шынайы механизмінің маңызды бөлігі болып табылады: «Азаматтық процестің жаратылысы (мəнісі) – ол əртүрлі нақты құқықтарды тудырады жəне сол арқылы оларды даусыз етеді». Осыдан келе материалдық жəне процессуалдық нормалардың ара-қатынасы проблемасы, процессуалдық құқық үшін де жəне сот өндірісінің азаматтық істерінің дауларын шешудің неғұрлым тиімді нысанын құру үшін де анық көрінетін əдістемелік маңызы бар.

Ең алдымен, кез келген қызметтің сатысы түсінігінің мағынасын ашып алуымыз қажет. Энциклопедиялық сөздіктерде жүгінсек саты (латынның «stadium» сөзінен) дегеніміз – өзіндік сапалық ерекшеліктері бар кез келген нəрсенің дамуының мезгілі, кезеңі деп берілген [3, 1277-б]. Азаматтық  процесс  кез  келген  қызмет түрі сияқты жүйелі түрде жүзеге  асырылатын белгілі бір іс-əрекеттердің жүйесін білдіреді. Осындай іс-əрекеттерді түрлі негіздер бойынша деңгейлерге, периодтарға, сатыларға, циклдарға біріктіреді. Ал жалпы іс жүргізуге қатысты оның сатылары жөнінде айту  қабылданған.  Алайда, іс жүргізу құқығы теориясында процестің сатылары туралы сұрақ бір жақты шешілген жоқ.

«Саты» сөзінің түрлі түсіндірмелерінің болуына байланысты, оны егжей-тегжейлі, жете қарастыруымыз қажет. Саты процестің бөлшегі ретінде даму кезеңіне қарай өзіндік сапалық ерекшеліктері бар этаптармен айқындалған [4, 202 б.].

Көптеген авторлар саты түсінігінің астарында нақты бір мақсатты көздейтін процессуалдық əрекеттердің жиынтығы түсініледі деген пікірмен келіседі. Сот өндірісі кезеңдерге бөліне отырып жүзеге асырылады. Бұны азаматтық іс жүргізудің сатылары деп атайды.

Іс жүргізу сатысы дегеніміз – белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процессуалдық əрекеттерді біріктіретін сот өндірісінің бөлігі [5, 20 б.]. Азаматтық іс жүргізудің сатылары бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ та салыстырмалы түрде азаматтық іс жүргізудің дербес бөліктері болып табылады. Олар бір-бірінен сəйкесінше жасалатын  процессуалдық  шешіммен ажыратылады. Істің бір сатыдан келесісіне өтуге жағдай жасайтын нақты процессуалдық əрекеттерді жүзеге асыру барысында қойылған мақсатқа қол жеткізіледі [6, 739 б.].

Бұл ретте, азаматтық процесті сатыларға бөлуде бір пікірлестік жоқ. Бірқатар авторлар азаматтық процесс мынадай сатыларға бөлінеді дейді:

  • Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;
  • Екінші сатыдағы сотта іс жүргізу;
  • Сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын қайта қарау бойынша қадағалау тəртібімен іс жүргізу;
  • Жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау;
  • Атқарушылық іс жүргізу [1, 115 б.].

Əрбір саты өзінің алдына қойылған міндеттермен сипатталады: не дауды негізі бойынша шешу (бірінші сатыда), не заңды күшіне енбеген сот актісіне шағымды (наразылықты) қарастыру, жəне т.б.

Бірақ əрбір іс барлық сатыларды өте бермейді. Процесс   бірінші   сатыдағы  сотта  істі бқараумен аяқталуы мүмкін, егер соттың шешімі шағымдалмаса немесе оған наразылық келтірілмесе.

Ал, егерде, шешімгенаразылықнемесешағым келтірілген болса, іс екінші сатыдағы сотқа көшеді (апелляциялық, кассациялық іс жүргізу қозғалады). Сонда атқарушылық іс жүргізу істің екінші сатыдағы сотта қарастырылуы аяқталған соң қозғалуы мүмкін. Заңды күшіне енген шешімдер мен ұйғарымдардың аз бөлігі ғана қадағалау тəртібімен немесе жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта қарастырылады. Осылайша, іс жүргізу кез келген сатыда аяқталуы мүмкін. Бұл белгі азаматтық іс жүргізуді сатыларға бөлуде айқындаушы маңызға ие.

Азаматтық процестің жоғарыда көрсетілген бөлінуімен барлық авторлар келісе бермейді. Теорияда жеке дара саты ретінде бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қозғау мен істі сот талқысына əзірлеу сатыларын бөледі.

Ресейлік процессуалист Ю.К. Осипов жеті сатыны бөліп қарастырған [7, 10 б.].

М.А. Гурвичтің дəлелді атап көрсеткеніндей, процесті осылайша бөлуде, «біріншіден, оның сатылары процессуалдық құқық қатынастарымен ашылады, екіншіден, бөлудің бірегей негізі жоғалады» [8, 720 б.].

Бұл   ретте,   кассациялық жəне     қадағалау тəртібімен істі қайта қарастыру кезінде сотта азаматтық істі қозғау жəне істі сот талқысына əзірлеу сатылары неге бөлініп көрсетілмейді деген сұрақ туындайды. Процестің барлық сатыларында сотта азаматтық істі қозғау жəне істі сот талқысына əзірлеу əрекеттері орын алады. Бұл жақтан алып қарағанда, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді үш бөлікке бөлген жөн: істі қозғау, сот талқысына əзірлеу, істі негізі бойынша қарау. Ал   өзіміздің Отандық  процессуалист О.В.   Арсентьевтің   пікіріне   сүйенетін болсақ,азаматтық іс жүргізудің сатылары мынадай:

  1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу (істі қозғаудан бастап, қаулы немесе шешім шығарылған уақытқа дейін).
  2. Екінші сатыдағы сотта іс жүргізу (апелляциялық немесе кассациялық шағым не наразылық келтіру жəне қаулы мен шешімдерді қайта қарау).
  3. Сот шешімдері мен қаулыларын қадағалау тəртібімен қайта қарау бойынша іс жүргізу.
  4. Жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша сот шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын қайта қарау бойынша іс жүргізу.
  5. Атқарушылық іс жүргізу.

Əрбір іс жүргізу сатысының өзіндік міндеттері бар: бірінші сатыдағы сот үшін – дауды негізі бойынша қарау; екінші сатыдағы  сот үшін – бірінші сатыдағы соттың шешімі не ұйғарымына апелляциялық, кассациялық шағым, наразылықты қарау; қадағалау сатысындағы сот үшін – бірінші жəне екінші сатыдағы соттың шығарған актілеріне лауазымды тұлғаның наразылығын қарау; атқарушылық іс жүргізу үшін – соттың шығарған актілерін орындау [9, 9 б.].

Алғашында В.М. Шерстюктің айтуы бойынша, азаматтық процесс тек қана екі сатыдан құралады делінген: бірінші сатыдағы соттарда іс жүргізу жəне сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу [10, 10 б.]. Кейіннен автор өзінің бұл көзқарасын өзгертіп, азаматтық процесті сатыларға емес, құқық қолданылатын циклдарға бөлуді ұсынды. Бұл циклдарға мыналарды жатқызды:

  • Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;
  • Екінші сатыдағы сотта іс жүргізу;
  • Қадағалау тəртібімен істі қайта қарастыру;
  • Жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша істі қайта қарастыру;
  • Атқарушылық іс жүргізу.

Көрсетілген циклдардың əрқайсысы өзіне үш сатыны қосады: істі қозғау, сот талқысына дайындау, істі негізі бойынша қарастыру [7, 10 б.].

Жоғарыда аталғандардың барлығы азаматтық процестіңсатыларынтүсінуденегізгіəдістемелер болып табылады.

Жалпы азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық əрекеттердің жиынтығы: талап арызды (шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді əзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару жəне т.б. [11, 12 б.].

Ал азаматтық сот ісін жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығы мен нормаларымен анықталған азаматтық іс бойынша тəртібі деп айтылады, сонымен қатар азаматтық іс жүргізу (азаматтық сот өндірісі) бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары арқылы белгіленген. Біздің пікірімізше, азаматтық процесс сатылары деп азаматтық істер жүргізу кодексінің тəртібіне сай соттың қандай-да болмасын актісімен бітетін сатыларын айту қажет.

Сондықтан, Ю.К. Осиповтің пікірімен келісе отырып, азаматтық процестің  бірінші  сатысын талап арыздардың түскен кезінен бастап, олардың соттылығын анықтау, қабылдау немесе қабылдамау мəселесін шешу мезгілінен бастау қажет. Өйткені бұл сатыда азаматтық процестің аяқталуына əкелетін сот актілері шығарылуы мүмкін.

Азаматтық істерді сотта қарауға əзірлеу азаматтық процестің маңызды сатыларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде заң ғылымдарының кандидаты М. Балкен айтқандай: «Қате шығарылған шешім жоғары тұрған сотпен жөнделеді ғой дегенге сілтемей, даулы құқықтық қатынасты бірінші сатыдағы сотта заңды əрі негізді шешуді қамтамасыз ету – сот жүйесінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады». Осындай бірінші сатыдағы сотта дұрыс əрі негізді шешім шығарудың бірден бір кепілі болып, істі сотта қарауға əзірлікті толық əрі тиянақты жүргізу болып табылады.

Істі сотта қарауға тиянақты əзірлеу – табыстың кілті, өйткені азаматтық іс жүргізудің алдында тұрған міндеттерді жемісті орындау үшін азаматтық істерді əзірлеу ерекше маңызға ие. Əзірліктің сапасына сотта іс қараудың соңғы нəтижелері, сот пен мемлекеттің беделі тəуелді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Гражданский процесс: учебник // под ред. М.К. Треушникова. – Москва, 2003. – 720 с.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 7 бөлім, 62 тарау, 1124 бап.
  3. Советский энциклопедический словарь // под ред. А.М.Прохорова. – Москва: Советская энциклопедия, 1986. – 1884 с.
  4. Гражданский процесс: учебник 5-е изд. перераб. и доп.// под ред. д.ю.н. В.В. Яркова – Москва: Юрист, – 280 с.
  5. Сметанников А.Е. Судебное разбирательство в век высоких технологий // Арбитражный и гражданский процесс. – Москва, – 2005. № 9,– С. 12-15
  6. Осипов П.Н. Практическое содержание процессуальных форм обжалования постановлений суда – апелляция, кассация, надзор: сравнительный анализ // Арбитражный и гражданский процесс. – №3. – Москва, 2005. – С. 66-68.
  7. Арсентьев О.В. Гражданское процессуальное право Казахстана: курс лекций. – Челябинск, 2000. – 168 с.
  8. Улетова Г.Д. Эволюция норм о подготовке дела к судебному разбирательству в гражданском  процессе // Законодательство. – №6.    –Краснодар, 2004. – С. 9-10.
  9. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. – Астана: Фолиант, – 388 б.10.Дождев Д.В. Римское частное право: учебник. – Москва, 2003. – 367 с.
  10. Гражданский процесс: учебник // под ред. А.Ф. Клейнмана. – М., 1940. – 348 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.