Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы бойынша сот билігінің теориялық даму аспектілері

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған кезден бастап жүзеге асырыла бастаған саяси, əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер ұлттық құқықтық жүйенің, соның ішінде сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуына жол ашты. Сол жылдардан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы - сот билігінің қалыптасуына жол салған түбегейлі өзгерістер жүзеге асты.

1995 жылғы 30 тамызда жаппай халықтың дауыс беруімен (референдумда) экономикалық дамудың жаңа қазақстандық моделін дүниеге əкелген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция халық мүддесіне арналған. «Халық» деген ұғым барлық ұлт өкілдері енетін əлеуметтік-саяси бір бүтін қағидат ретінде қабылданады [1].

Конституция – халықтың жалпы еркіндігін білдіретін, ең жоғары заңдық күші бар жəне əлеуметтік-экономикалық,   қоғамдық-саяси   жəне   рухани-адамгершіліктің   маңызды   принциптері бекітілген қоғам мен мемлекеттің негізгі Заңы. Қарапайым тілмен айтқанда, Конституция – қоғамдық-экономикалық, мемлекеттік құрылымның, сайлау жүйесінің, мемлекеттік органдардың қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары жəне оның азаматтарының құқықтық ережелерін анықтап, бекітетін мемлекеттің негізгі Заңы. Бүгінде демократиялық принциптегі құқықтық мемлекетке айналу жолында қарқынмен жоғары өрлеп келе жатқан елімізге саяси дамудың жаңа бір белесіне көтерілу мүмкіндігі туды.

Тəуелсіздік жылдарында сот жүйесінің қалыптасуына жасалған талдау, оның қалыптасу серпіні мемлекеттің құқықтық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжаттардың қабылдануына байланысты болғанын көрсетеді. Əдетте мұндай құжаттарға мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық саясат тұжырымдамалары жатады.

Тұтастай алғанда, егемен Қазақстанның сот жүйесі 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы судьялардың тəуелсіздігін қамтамасыз етудің қажетті кепілдіктерінің болуын қарастырды. Төрелік соттар жүйесі таратылып, олардың функциялары жалпы юрисдикция соттарына берілді.

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мəртебесі туралы” Конституциялық заң күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық жəне əлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді. Бұл Жарлық еліміздегі сот жүйесін реформалау мəселесіндегі көп жылғы  пікірталастың қорытындысы іспеттес болды [2].

Онда: судьяны құрметтемегені үшін жауапкершілік енгізу, судьяларға ешкімнің тиіспеуі, судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұрудың жəне тоқтатудың негіздерін орнықтыру, судьяның тəртіптік жауапкершілікке тартылу жағдайларынан басқа кезде мəні бойынша қаралған немесе өндірісінде тұрған істер бойынша қандай да бір түсініктеме беруге міндетті еместігі, судьяға соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге тыйым салу қарастырылды. Судьялардың заң жүзінде осындай мəртебеге ие болуы олардың тəуелсіздігін нығайтып, беделін бекітті. Азаматтардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды тұлғалардың заңға қайшы шешімдері мен іс-əрекеттерін сотта даулауға бет бұруы – сотқа деген сенімнің өсуін көрсетті. Жергілікті сот судьяларын ел Президентінің тағайындауы, Жоғарғы Соттың судьяларын Парламент Сенатының сайлауы енгізілді. Тарихта алғаш рет судьялар тұрақты мерзімге тағайындалды, бұл олардың тəуелсіздігінің кепілдігін анағұрлым күшейтті. Сонымен қатар, əділетті де бұлжымас сот шешімдерін шығаратын білікті, тəуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру тетігі жасалды.

Сот жүйесінің одан əрі дамуы 2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы” Конституциялық заңның қабылдануына орай жаңа қарқын алды. Конституциялық заң сот-құқықтық реформасының кезекті кезеңіне жол ашты. Заңда республикадағы сот құрылымының принципті жаңа нормалары, соттардың қызметін ұйымдастыру тəртіптері белгіленді [2].

Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың шаруашылық жəне азаматтық істер жөніндегі алқалары біріктіріліп, əскери алқасы таратылды, мұның өзі іс жүргізу заңнамасында қарастырылғандай, сот ісін жүргізуді белгілі бір ізге түсіруге мүмкіндік берді. Судьялардың тек сот төрелігін жүзеге асыруын, сотқа тəн емес қызметтермен соттардың айналыспауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тəуелсіздігін  күшейту жөніндегі шаралар туралы” 2000 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен Жоғарғы Сот жанындағы Сот əкімшілігі жөніндегі комитет (бұдан əрі – Комитет) құрылып, соттардың қызметін жəне атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету функциялары Əділет министрлігінен алынып, осы Комитетке берілді.

Комитет пен облыстардағы соттар əкімшілері ұйымдық, қаржылық жəне материалдық- техникалық функцияларды орындай отырып, жергілікті соттардың жергілікті атқарушы билік органдарынан тəуелсіздігін қамтамасыз етті.

Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тəуелсiз жəне Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi, жəне ол заң бойынша жауапкершiлiкке əкеп соғады. Соттардың Конституциямен баянды  етiлген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға жəне осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тəуелсiздiгi Конституциямен жəне заңмен қорғалады. Оның негізі конституцияда бекітілген заңдылық принципі болып келеді.

Заңдылық. Бұл қағида Конституцияның 78-бабында тұжырымдалған.

Негізінен 1993 жылғы Конституция құқықтық жүйенің қалыптасуына жəне қоғамда демокра- тиялық үрдістердің дамуына маңызды ықпал етті.

1993 жылғы Ата Заңымызға аз-кем толықтырулар мен өзгертулер енгізілген болатын. Бұл өзгерістер күтпеген жерден бір күнде өзгерте салу емес, бұл ең алдымен қоғамымызда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық жəне саяси оң өзгерістерді сындарлы жүргізудің нəтижесі арқылы дүниеге келген межелі ойдың көрінісі. Халықтың құқықтық сауатының артуымен Конституцияны өзгертуді талап ететін демократиялық жаңаруды жүзеге асыру жайлы зиялы қауым өз пікірлерін білдірген болатын. Елдің жарқын болашаққа деген бағдарын көрсетіп берген, мемлекеттік басқару ісі тетіктерін нақтылаған бұл өзгертулер бүгіндері нəтижесін көрсете бастады.

Қоғамдағы өзгерістер соттарды айналып өтпегені ақиқат.

Шынында да Конституцияға енгізілген маңызды өзгерістердің бірі – сот жүйесін əлемдегі озық үлгілерге лайықты жетілдіру болатын. Заман талабына сай соттарды сапалы кадрлармен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін мəселеге айналды. Аталмыш өзгерістерге сəйкес Əділет біліктілік алқасы таратылып, оның міндеті Жоғарғы Сот Кеңесіне берілді.

Конституциялық өзгерістерге дейінгі жылдары аудандық жəне оған теңестірілген соттардың судьяларын тағайындау жөнінде Əділет біліктілік алқасының кепілдемесінің негізінде Əділет министрі, ал облыстық соттардың судьяларын тағайындау жөнінде ұсынысты Жоғарғы Сот Кеңесі жасап келген болса, ендігі жерде барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсынысты Жоғарғы Сот Кеңесі жасап келеді. Бұл барлық деңгейдегі судьялардың бірдей мəртебеге ие болуына жəне сот жүйесін сапалы да білікті кадрлармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізді.

Тұтқындау санкциясын беру конституциялық талаптар негізінде, соттардың қарауына берілген болатын. Бұл түбегейлі өзгеріс халықаралық стандарттар мен мемлекетіміздің халықаралық шарттар бойынша өзіне алған міндеттемелеріне сəйкес келді. Расында, əлемнің барлық дамыған елдерінде тұтқындауға санкцияны тек соттар ғана береді. Тұтқындау санкциясын прокуратура органынан алып, соттарға берілуінен не ұтамыз деген сауалға келетін болсақ, біз бірінші кезекте бұл мəселенің соттарда ашық жəне жариялы түрде қаралатынын айтуымыз керек. Сонымен қатар, қылмыс жасады деп сезіктелген адамды тұтқынға алу мəселесі сотта қаралған кезде айыптаушы жақ пен қорғаушы жақ сотқа қатысып, өздерінің осы мəселеге қатысты көзқарастарын білдіруге толық мүмкіндік алады. Біздің пікірімізше, бұл өз кезегінде заңсыз тұтқынға алу фактілерін болдырмауды жəне адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын іс жүзінде қамтамасыз етеді. Əрі азаматтардың сотқа деген сенімін одан сайын арттыра түсіп, əділдіктің мейлінше салтанат құруына жол ашады. Судьяның өкiлеттiгiн талқылайтын болсақ тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртiбiмен белгiленетiн əкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағдайда, - Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға  болмайды. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар жəне бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады.

Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн. Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кəсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi жəне ол сот төрелiгiн толық əрi тəуелсiз жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық жəне жалпы сот iсiн жүргiзудiң соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғарғы сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мəселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

Судьяның тəуелсіздігі. Конституцияның 77-бабы 1-бөліміне сəйкес «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға ғана бағынады». Осы ереже ешбір өзгеріссіз ҚР ҚІЖК 22-бабы 1-бөлімінде ұсынылған:

  • Адам мен азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау қағидасы бойынша ҚР ҚІЖК-де салалық құқық бойынша əр түрлі бөлімде бекітілген Конституция ережелерін бекітетін кешенді сипаттама берілген. Осылайша «Адам жəне азамат» деп аталатын ІІ бөлімде келесідей норма: «Əркімнің   өз    құқықтары мен бостандықтарының  сот  арқылы қорғалуына  құқығы  бар» (Конституцияның 13-бабы 2-бөлімі) деген мəтінмен берілген.

Одан əрі «Соттар жəне сот төрелігі» деп аталатын VII бөлімінде (Конституцияның 77-бабы 3- бөлімі 3-тармақшасы) «Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды» деп көрсетілген. Жоғарыда келтірілген екі конституциялық ереже өзгертілмеген күйде ҚР ҚІЖК 12-бабының 1 жəне 2 бөліміне сəйкес өзгеріссіз бекітілген; Меншікке қол сұқпаушылық. Конституцияның 26-бабы 3-бөлімімен көрсетілген: «Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды». Осы ереже мəтіні тұспа-тұс ҚР ҚІЖК 18- бабының 1-бөлімінде бекітілген; Сот төрелігінің заң жəне сот алдында теңдігі бастауында жүзеге асыру.

«Тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деген Конституциялық ереже өзінің мəтіндік көрінісінде ҚР ҚІЖК 21-бабының 2-бөлімімен көрініс тапқан.

Осылайша, сот билігінің кызметі əр кезде де конституциялық реттеудің аса маңызды  саласы жəне құқықтық мемлекетті қалыптастыруға «белсенді» қатысушысы болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөліну қағидасын жүзеге асыруға негізделе отырып, өзін солардың бipi ретінде ізгілік, əділеттілік, заңдылық сияқты адам үшін ең басты болып табылатын сот төрелігі қағидаларын жүзеге асыруды əрқашан да өзіне мақсат етіп қоюы қажет.

Міне, осылайша, жаңа тұрпатты сот жүйесін құру жөніндегі міндет бүгінгі таңда өз шешімін тауып, сот органдары елімізде заңдылық пен тəртіпті нығайту бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда.

 

Әдебиеттер

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, Жеті жарғы, 2005. – 44 б.
  2. Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мəртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2000жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңы "Егемендi Қазақстан" 2000 жылғы 30 желтоқсан №333-334.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.