Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының аграрлық сектор аясындағы халықаралық ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету мəселелері

Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн жəне қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады. 90-жылдардың орта шенiнде əлемде аграрлық секторды қолдауға жыл сайын 350 млрд. АҚШ доллары жұмсалды.

Мұның өзi осы сектордың ел дамуындағы тарихи жəне əлеуметтiк маңызымен, ең алдымен ауылдың кiрiсiн жəне онда жұмыспен қамтуды қолдаумен, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен, ауылдық аумақтарды дамытумен жəне дəстүрлi ауылдық ландшафт пен халықтың санын сақтауға ұмтылумен айқындалады.

Əлеуметтiк сектор мен оның жекелеген бөлшектерiн мемлекеттiк реттеудiң классикалық үлгiсi АҚШ, Канада, Еуропа одағы (ЕО) елдерi. Аграрлық сектордың өнiмдiлiгi, əсiресе жоғары дамыған елдердегi техникалық прогрестің жылдам жүруiне байланысты өнiмдiлiгi өсе түсiп отыр. Тектiк инженерияны одан əрi енгiзуге жəне биотехнологияларды дамытуға байланысты оның неғұрлым тез серпiн алуы мүмкiн. Артық өндiрiстiк қуаттар мен сұраныстың баяу өсуi жағдайында аграрлық өнiмдi ұсынудың жылдам ұлғаюы ішкі нарықтарда бағаның құлдырауына жəне осы елдердің аграрлық секторлары табысының төмендеуiне алып келедi. Мұның өзi ресурстардың экономиканың аграрлық емес секторларына ығысуына жағдай жасайды.

Аграрлық секторда жұмыспен қамтудың қысқаруының тежеусiз үрдiсi өсу, даму үстiндегi кез келген экономикаға тəн құбылыс жəне ол Қазақстан үшiн де аса өзектi болып отыр. Экономикалық, экологиялық жəне əлеуметтiк салдарлардан басқа, аумақтың кеңдiгi мен халықтың сирек қоныстанғандығына орай, ауылдың құлдырауы елдiң ұлттық қауiпсiздiгiне əсер ететiн факторға айналуда.

Аграрлық протекционизммен бұрмаланған қазiргi таңдағы əлемдiк сауда талаптарына бейiмделу, əлемдегi дамыған елдерде қолданылатын аграрлық саясаттың негiздерiн ескеру - өтпелi тұрпатты елдердің аса маңызды мiндеттерi.

Қазақстанның аграрлық секторы əлемдегi орташа еңбек өнiмдiлiгiне қол жеткiзгенге дейiн аграрлық протекционизм шараларын қолдану орта мерзiмдi кезеңде ел үшiн қолайлы.

Аграрлық-индустриялық өнiмдермен сауда жасау мəселелерiнде Қазақстан экономиканы құрылымдық өзгертудi жүзеге асырушы ел ретiнде Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының құқықтық құрылымына кiретiн ережелердi неғұрлым ұзақ мерзiмде iске асырады.

Универсалды экономикалық халықаралық шарттар: Халықаралық сатып алу-сатуларға қолданылатын құқық туралы Конвенция (Гаага, 15 маусым 1955 жыл); Өсімдіктерді қорғау туралы Халықаралық Конвенция (Рим, 6 желтоқсан 1951 жыл); Азық-түліктік көмек көрсету жөніндегі Конвенция (Лондон, 13 сəуір 1999 жыл); Өсімдіктерді қорғау жəне карантин туралы Халықаралық Конвенция.

Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен жəне бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді; Халықаралық саудадағы бəсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бəсекелестігі үшін «əділетсіз» тəсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану; Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау.

Қазақстан ДСҰ-ға кiре отырып, мынадай мiндеттемелердi орындайды: кедендiк тарифтi айтарлықтай мөлшерде төмендету жəне тарифтiк емес өлшемдердi тарифтендiру; ауыл шаруашылық өнiмдерiнен дотация мен субсидияны алып тастау; кедендiк шараларды ДСҰ талаптарына сəйкестендiру; тауар нарығы мен қызметтi, капитал айналымын барынша кеңейту; ДСҰ-ның барлық ережелерi мен қағидаларын орындау. ГАТТ пен ДСҰ-ның төрт негізгі элементтері: ең жағымды ұлт режимі; ұлттық режим; шекарада қорғаудың жалғыз немесе келісілген құрал ретінде тарифті қолдану; ашықтық.

Аграрлық реформалаудың бірінші моделі: Агробизнес саласында əр түрлі жеке-кəсіпкерлік құрылысқа, əр түрлі кооперативті ынталандыруға, жерге жеке меншік құқығын жаңарту мен қалпына келтіруге бейімделген жер иеленудің алдыңғы жүйесін түпкілікті түрде  өзгертуді түсінуге негізделген жəне жерге меншіктің жеке жəне ұйымдық-үлестік  нысанына артықшылықпен жаңа жер меншік иелеріне негізделген Шығыс Еуропа елдерінде қалыптасқан.

Аграрлық реформалаудың екінші моделі: Шаруа шаруашылығына жерді жалға беруді заңдастырған Қытай заңнамаларында бекітілген. Бұл құқықтық тəжірибенің ең құндылығын Въетнам, Лаос жəне Оңтүстік Шығыс Азияның өзге елдері қабылдайды. Мемлекеттік жəне ұжымдық меншікке заң шығарушының тартымдылығына қарамастан, ол аграрлық қатынастарды жария-құқықтық реттеудің сұрақтарында көптеген пайданы қамтиды.

Аграрлық реформалаудың үшінші моделі: Жерге ұжымдық меншіктен бас тартқан жəне оған шаруалардың жеке меншікке өтуі жəне агробизнес саласында жеке кəсіпкерлік құрылымды құруды қамтитын Латын Америка елдерінің заңнамаларында бекітілген.

Халықаралық аграрлық саланың құқықтық базасы төмендегі мемлекеттерде мынадай қарқынмен дамуда. Эстония: 1998 жылы қабылданған Жем шөп туралы заң (басқа мемлекетте мұндай заң қабыланбаған). Заңға сəйкес, жем шөптің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылады, мемлекеттік реестрі жүргізіледі, ауылшаруашылық министрлігі құрылған арнайы мекемелері арқылы сапасын тексеріп отырады. Өсімдіктердің сортын құқықтық қорғау туралы заң; Тұқым жəне көбею үшін өсімдік материалдары туралы заң; 11 шілде 1997 жылғы экологиялық таза ауылшаруашылығы туралы заңы; 1999 жылы қабылданған Ветеринарлық қызметті ұйымдастыру туралы заң; 2000 жылы қабылданған эпизоотиямен күрес туралы заң. т.б. Украинада: Тұқым сорттарына құқықтарды қорғау туралы заңы; Пестицидтер жəне улы химикаттар туралы заңы; Тұқым туралы т.б. Молдовада: 25 мамыр 1999 жылғы Мал шаруашылығы туралы заң; Бұл заңда үй жануарлар, жайылым, су қоймалар иелерінің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, тұқымдарын жақсарту т.б. Францияда: Ауылшаруашылық кодексі əрекет етеді. Көпсалалы жəне жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы саласы Франция халқын бидай - 220 %, қант - 233%, көкөніс жəне жеміс жидек - 96%, ет - 102% қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық негізі болып – отбасылық фермерлер танылады, 700 мыңнан асады; Жас фермерлердің құқықтарын қорғайтын 80000 мүшесі бар ауылшаруашылық кəсіподақтар құрылған. АҚШ-та: 1949 жылғы ауылшаруашылық акт; 1966 жылғы ауылшаруашылығын жақсарту мен реформалау туралы федералдық заң; Соттық прецеденттер (үлгілер).

Қазақстан ДСҰ-ға кiру арқылы не ұтады: əлемдiк нарыққа кiруге жол ашылып, қазақстандық тауарлар сатылуы барысында барлық сауда барьерлерi алынып тасталады. Республиканың кең көлемдегi ақпараттық базасына, экономика туралы бiлiмге жол ашылып, сауда режимдерiндегi елдермен тəжiрибе алмасуға мүмкiндiк туады. Сыртқы қатынастарға сауда стратегиясын ашық əрi тең құқылы жағдайда жасау мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi туындайды. Халықаралық нормалар мен ережелерден туындайтын дауларды реттеу. Жалпыға ортақ халықаралық стандарттарға сəйкес құқықтық-нормативтiк базаны қалыптастыру.

Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық жəне ең бастысы əлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды.

Iлгергi жылдарда аграрлық секторда бағаны ырықтандыру жəне жер реформасы жүргiзiлдi, мемлекеттiк жəне ұжымдық меншiк жекешелендiрiлдi жəне ауыл шаруашылығы кəсiпорындары қайта ұйымдастырылды.

Нəтижесiнде, жерде шаруашылық жүргiзудiң көпукладты нысаны құрылды жəне ауылда нарықтық қатынастар дамыды. Өндiрiстiң жаңа нарықтық инфрақұрылымы пайда болып, нығая түстi. Осының бəрi аграрлық өндiрiстi тиiмдi жүргiзуге жағдай туғызады.

Аграрлық сектордың өткен жылдардағы дамуының iшкi жəне сыртқы факторларын жинақтап, қорыта келiп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:

  • аграрлық сектордағы жағдайдың нашарлап кетуiнiң негiзгi себептерiнің бiрi - аграрлық секторды жəне тұтас алғанда ауылдық жерлердi, жаңа нарықтық жағдайларда басқару мен реттеуде мемлекет рөлiнiң ақырына дейiн iске асырылмауы;
  • басқару мен реттеу объектiсi технологиялық байланысты тiзбектердi - өндiрiстi, дайындауды, қайта өңдеудi жəне өткiзудi қамтитын қалыптасып отырған өнiм нарықтары емес, тiкелей ауыл шаруашылығы қызметi болды;
  • азық-түлiктiң əлемдiк нарығы аграрлық протекционизммен қатты бұрмаланған жағдайда, ырықтандырылған сыртқы сауда режимi жағдайында мемлекеттiк қолдау шараларының қысқаруы жəне тұтас алғанда саланы мемлекеттiк реттеу деңгейiнiң төмендеуi жалпы əлемдiк практикаға қайшы келедi.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан əрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығы, Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат.
  2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазанда "Қазақстан - Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуi, қауiпсiздiгi жəне əл-ауқатының артуы" атты Жолдауы.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының «Ауыл аймақтарының жағдайының сараптамасы».
  4. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауының (Жол картасы) Пункт 1.2.
  5. Қазақстан Республикасы Президенті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бəсекеге қабілетті Қазақстанға, бəсекеге қабілетті экономикаға, бəсекеге қабілетті ұлтқа» Жолдауы. (Астана, 19 наурыз 2004 жыл). – Жеке ресми басылым.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.